«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының нумизматикалық жәдігерлер қорындағы бір алтын тиын жайында


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының нумизматикалық жәдігерлер қорындағы бір алтын тиын жайында.

Моңғол әскерінің жаулап алу кезеңдерінде, айналымға жіберген алғашқы ақша түрлерінде жаулап алған елдің тілі мен ол елдің қолданысындағы жазба түрін пайдалану кең етек алған. Тіпті сол елдің діни нанымындағы басты принциптерді де сол ел аумағында айналымда жүретін тиындар бетіне түсіріп отырудан қашпаған. Моңғол үстемдігінің алғашқы жылдарында моңғол әскері де олармен бірге келген түркі тайпалары да әлі де исламды қабылдамай, өздерінің негізгі діни сенімі - Тәңірлік дінді ұстанатын.

Бұл жағдай жалпы шығыстан келген моңғол-түркі дінінінің өздері жаулап алған территорияны мекендейтін халықтардың діни сеніміне деген толеранттылық көзқарастың нәтижесінде туындаған саяси ахуал. Олай дейтін себебіміз бұрынғы-соңғы тарихта Көк тәңір дінін ұстанушы Алтайдың өр халқы өздері жаулап алған жерлердің тұрғылықты халықына өздерінің діни наным - сенімдерін күштеп енгізген факт тіркелмеген. Керісінше, сол елдің наным сенімдеріндегі негізгі принциптерді өздерінің сол елдің тұрғылықты халқымен саяси байланысты нығайту мақсатында пайдаланып отырған. Бұл үрдіс сонау Атилланың батысқа бастаған ұлы көші кезінде де тіркелген. Одан кейінгі кезеңдерде де бұл саяси үрдіс жалғасып, Ұлы Шынғысхан мен оның ұрпақтары билік жүргізген тұста да жауланған елдермен саяси - экономикалық қарым-қатынас жасауда ерекше орын алып отырған.

Біздің баяндамамыздың өзегі болғалы тұрған «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының нумизматикалық жәдігерлер коллекциясындағы Шыңғысхан атауы басылған алтын ақшада да Ислам дінінің негізгі қағидаларының бірі Калима-и-таухидтің осы тиындағы ең көрнекті жер - дөнгелек сызықпен берілген ортадағы картушта жазылуы осыған дәлел бола алады. Себебі бұл тиын соғылған жылдары (хижри жыл санағы бойынша 660-680 жылдар аралығы) Ортаазияны жаулап алған моңғол әскері де, олармен бірге келген басқа түркі тайпалары да ислам дінін қабылдап үлгермей, әлі де өздерінің негізгі діни сенімі - тәңірлік дінін ұстанатын. Моңғолдардың жаулап алу кезеңінде Ортаазия мен Қазақстан территориясында соғылған тиындардың барлығындағы жазбаларда Араб графикасы қолданылған.

Бұл тиынды баяндаманың өзегі етуіміздің себебі - тиынның негізгі бетінде Шынғысхан жазбасының бөліктерінің сақталуы болып отыр. Әлемде Самарқанда соғылған Шынғысхан лауазымы жазылған екі тиын ғана белгілі. Олардың екеуі де Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитажда сақтаулы. Бұл тиындар жайында кезінде Тизенгаузенның жазып қалдырған еңбектері бар. Бірақ біздің қорымызда сақтаулы тиынның типі ол тиындардан өзгешерек.

Жалпы Моңғол үстемдігінің алғашқы кезеңдерінде алтын ақшалар Орта Азия, солтүстік Ауғанстан, Синьцзянь аумақтарында соғылған. Бұл аумақтардағы ақша сарайлары арасында Шаш, Бұхара, Самарқан, Отырар сынды бұл кезеңге дейін қалыптасқан ақша сарайлары бар қалалар да болатын. Алайда Шыңғыс хан лауазым атауымен соғылған тиындар көп емес. Негізінен бұл лауазым атауымен соғылған тиындар Газна, Бұхара, Самарқан ақша сарайларына тән. Бұл сирек тиындардың бірі біздің қорда сақтаулы.

К. К 2933 инвентарлы номерімен тіркелген бұл тиынды 2006 жылдың 5 қаңтарында Түркістан қаласының тұрғыны Н. Таңатаров деген азамат мұражай қорына өткізген. Тиынның салмағы 5. 90 грамм, диаметрі 22. 2 х 21 мм. Тиын жиектері бірнеше жерде кертілген. Сақталу жағдайы нашар. Шеңбер түріндегі сызықпен жүргізілген сыртқы және ішкі екі картуш іздерінің бөліктері сақталған. Формасы шеңбер пішінді тиынның бір жағындағы жазбалар мен өрнектер тиынды соғу кезіндегі жіберілген техникалық ақауларға байланысты тиын бетіне толық түспеген. Тиын бетіндегі кіші картушты айналдыра жазылған тиынның соғылу тарихы туралы мәлімет беретін жазбадан тек ? ﴿ . . . ﻀﺮﺏ деген сөздерді ғана байқауға болады. Ол дәуір тиындарының соғылу жылын көрсететін тиын жиегін айналдыра жазылған жазбалар ﮬﺫﺍ ﺍﻠﺩﺮﮪﻡ ﻀﺮﺏ ﺑﺴﻡ деп басталатындығын ескере отырып, сақталып қалған сөзінің алдында ﺑﺴﻤ сөзі келіп, бұл айнала жазылған жазбаның алғашқы сөздер тіркесі болуы керек деген тоқтамға келдік. Келесі бетіндегі картушты айналдыра жазылған жазба түгелдей өшіп кеткен.

Тиынның негізгі бетіндегі картуш ішінде араб графикасымен төрт қатарды бойлай жазылған жазба бар. Ең жоғарғыдағы жазбаның . . . ﯿﺭ деген соңғы әріптері ғана сақталған. Бұл әріптер қай сөздің бөлігі екенін анықтау бұл типтегі тиындардың сиректігіне байланысты мүмкін болмай отыр. Екінші қатарда бір сөзден тұратын ?[ ] ﺑﮏ [ ] әріптері ғана сақталған. Үшінші қатарда ﺣﺍﮞ [ ] ﺍﻠﻌﺍﺪ сөздері және соңғы қатарда [ ] ﺍﻠﺍﻋﺿ сөзі жазылған. Екінші беттегі картуш ішінде де төрт қатардан тұратын араб графикасымен жазылған жазбалар бар.

Ең жоғарыда кішірек шрифтпен жазылған ﺴﻡرﻘﺑﺪ ( Самарқан) деген жазба бар. Бұл беттегі жазбаларды бір қатар бойында ﺴﻭﻝ [ ] / ﻤﺣﻤﺪ . . . // ﻠﺍﺍﻠﻨﮫ﴿!﴾ﺍﻠﻠ / деген түрде оқылады. Және жазбаның төменгі жағында өсімдік тектес орнамент бар.

Бұл тиындағы Шыңғысхан атауы баяндамаға өзек болып отыр. Жалпы ақшаларға Шынғысхан сөзінің жазылуы басқа ақша сарайларында соғылған алтын дирхемдерде де кездеседі. Мысалы Бұхара мен Газнада соғылған дирхемдер арасынан аз да болса кездестіруге болады. Бірақ Самарқанда соғылған ақшалар арасында жоғарыда айтып өткеніміздей бұған дейін тек екі нұсқа ғана белгілі болып келген. Ол нұсқалардың типтері де біз ұсынып отырған нұсқадан өзгешерек. Тиындағы ﺟﻨﻜﺯ сөзінің тек ортанғы екі әрпінің сақталып, алғашқы және сонғы әріптерінің жойылып кетуі, бұл сөздің ﻤﻨﮑﻭ атауы болуы да мүмкін деген ойға жетелейді. Бірақ Менгу қаған атымен басылған тиындарда Менгу атауы тек ﻘﺍﺍﻦ (қаған) лауазымымен ғана беріліп отырған. Ал біз ұсынып отырған тиындағы ﺟﻨﻜﺯ атауы ﺤﺎﻦ (хан) сөзімен берілген.

Тарихта Шынғысхан өлімінен кейін де алтын дирхемдер Шынғысхан атымен біраз уақыт соғылып отырғаны белгілі. Шынғысхан меншіктік есім емес билеушінің атақ-лауазымы екені де белгілі. Сондықтан Шынғысханның тікелей ұрпақтары өздерінің жаулау әрекеттерінің алғашқы жылдарында, яғни моңғол мемлекеті түрлі мемлекеттерге бөлінбей тұрып, бір орталықтан басқарылып отырған тұста моңғол мемлекетіне қарасты барлық жерлердің ортақ ұлы хандарының атақ лауазым атауы болуы керек.

Дегенмен жоғарыда айтып кеткеніміздей тиындағы жазба Менгу болуы да мүмкін. Өйткені сол кезеңде Менгу атымен соғылған дирхемдер белгілі. Мен Менгу атынан соғылған тиындар арасында қаған емес хан лауазымен соғылған бір тиынды ғана кездестірдім. Алайда ол тиын да Самарқанда соғылмаған. Ол жерде соғылмауы да заңды. Себебі Самарқанның ешқашан Менгу қағанның қол астында болмағандығы тарихтан белгілі.

Сондықтан бұл дирхемде көрсетілген атау Шынғысхан болуы керек деген тұжырымға келдік. Бұл дирхемнің моңғол қолы әлі түгелдей Исламды қабылдамай тұрып соғылғандығына тиынның калима- и- таухид жазылған бетінде Алладан басқа тәңір жоқ сөйлемінде ﺍﻠﻨﻪ сөзінің нун ( ) әріпімен қате жазылуы да, ол кезеңде мемлекет басшысының исламның бас негізінің қате жазылуының жол беруі де кіріспеде айтып өткен сөзімізді растай түсетіндей.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қ.А.Ясауи кесенесі
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
Түркі пәлсапасы
Сауран қаласы
Балалар мұражайлары
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz