Дислалия және оның себептері



1. Механикалық дислалия, оның себептері.Кемиек,опырауыз.Функционалды дислалия оның шығу себептері.
2. Сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, каппатизм, гамматизм, хитизм, иотацизм.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзетудің жолдары, әдістері
Дислалия-(грекше dіs-бұзылыс, латынша lalіa-тіл) - сөйлеу аппаратының иннервациясы мен естудің толық сақталғандағы дыбысталудың бұзылуы.
Бұл дыбыстарды дұрыс айтпағанда, дыбыстарды ауыстырып немесе шатастырып айтқанда көрінеді және баланың артикуляциясындағы жұмыстың дұрыс қалыптаспауының әсерінен болады. (Мысалы, қандай да бір дыбысты айту үшін біздің артикуляция аппаратымыз сол дыбыстың дұрыс дыбысталуы үшін белгілі бір позицияға келеді).Артикуляция аппаратының анатомиялық кемістігімен байланысты дислалияны механикалық дислалия дейміз. Фонематикалық естудің ақаулығымен байланысты дислалияны функциональды дислалия дейміз.
Дислалия гректің dis –бұзылу, logos сөйлеу деген сөздерінен құралған. Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық /органикалық/ және функционалдық болып екі түрге бөлінеді.
Механикалық /органикалық/ дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады. Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып түйіскенде тістену дұрыс болып шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады. Кемиек /прогнатия/ – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді. Опырауыз /прогения/ – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады. Тістердің қабыспауы – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің қабыспауы – сол жақтың, оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стомотолог – дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.
1. .Дефектологический словарь.-М.1980
2. . Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1996 ж.
3. . Филичева Т.Б., Чевелева Н.А., Чиркина Г.В. Основы логопедии. М., Просвещение. 1989 г.

4. Қосымша: 4.5.6.
5. Выготский Л.С. собр.соч.-М. 1983- т.5
6. Основы теории и практики логопедии. Под ред. Р.Е.Левиной. М., 1988 г.
7. .Логопедия. /под ред. Л.С.Волковой. М., 1989 г.

8. Электронды басылымдар тізімі: 1.4.
9. .Боброва В.В. Основы методики звукопроизношения: Учебно-методическое пособие. – Караганда: Изд-во Print Shop, 2005. – 150 с.
10. Китик Е.С. Применение информационных технологий в процессе подготовки логопедов: обучение компьютерной программе «Артикуляционный уклад звуков в норме» // Дефектология. – 2007. – № 3. – С. 73-82.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дислалия және оның себептері.
жоспары:
7.1. Механикалық дислалия, оның себептері.Кемиек,опырауыз.Функциона лды
дислалия оның шығу себептері.
7.2. Сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, каппатизм, гамматизм, хитизм,
иотацизм.
7.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзетудің
жолдары, әдістері.

Дислалия-(грекше dіs-бұзылыс, латынша lalіa-тіл) - сөйлеу
аппаратының иннервациясы мен естудің толық сақталғандағы дыбысталудың
бұзылуы.
Бұл дыбыстарды дұрыс айтпағанда, дыбыстарды ауыстырып немесе шатастырып
айтқанда көрінеді және баланың артикуляциясындағы жұмыстың дұрыс
қалыптаспауының әсерінен болады. (Мысалы, қандай да бір дыбысты айту үшін
біздің артикуляция аппаратымыз сол дыбыстың дұрыс дыбысталуы үшін
белгілі бір позицияға келеді).Артикуляция аппаратының анатомиялық
кемістігімен байланысты дислалияны механикалық дислалия дейміз.
Фонематикалық естудің ақаулығымен байланысты дислалияны функциональды
дислалия дейміз.
Дислалия гректің dis –бұзылу, logos сөйлеу деген сөздерінен
құралған. Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және
сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі
дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Этиологиялық себептері бойынша дислалия
механикалық органикалық және функционалдық болып екі түрге бөлінеді. 
Механикалық органикалық дислалия дегеніміз сөйлеу тілі
аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы
ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстарының дұрыс
айтылмауы. Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның
біршама жиі кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты
деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның
жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға
сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, дыбыс
шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады. Жақ сүйектері
құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп
болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып
түйіскенде тістену дұрыс болып шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше
түрлері болады. Кемиек прогнатия – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып
тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен
тістенбейді. Опырауыз прогения – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып
кетеді де, қабысқанда үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп
тұрады. Тістердің қабыспауы – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі
тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда
тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің қабыспауы –
сол жақтың, оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін. Тістердің орналасу
құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы,
тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы
сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стомотолог – дәрігерлер
арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі
қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай
құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс
таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі
келтіреді. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа
әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық
айтылуына кедергі келтіреді.
Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай
кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа
сөзбен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалияның
көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден.
Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа
дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып сөйлесетін болады. Қортындысында
көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының
дамуы кешеуілдеп калады. Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін.
Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған
жас баламен әрдайым қатысып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі
ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді,
балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін
адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудың да ерекше зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр
тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу
ерекшелігіне жиі ауысып отырады. Балалардың дыбыс айту кемшіліктері
өнегесіз тәрбиенің себебінен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу
тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде
көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен
түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың
сөйлеуге дағдылануның дұрыс ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы
мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың
қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке
және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қортындысында,
дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа
кешігеді. Сонымен бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері,
әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық
есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін., ал егер олай болса,
қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және
жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз. Сақаулық сонымен
қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ
сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала
тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті
қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды. Дислалия сонымен бірге есту
қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10% -не
дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай
жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Тіл мүкістіктері бар балалардың сөйлеуі
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым – дефектология
Тіл мүкістігі бар балалар
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Аффект
Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Пәндер