Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы


Бесінші лекция: Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы.
Лекцияның жоспары:
1. Ш. Уалиханов - қазақтың салт дәстүрлері туралы,
2. Ы. Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
3. А. Құнанбаевтың педагогикалық мұралары
I. Ш. Уалиханов қазақтың салт дәстурлері туралы
Мақсаты: Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы туралы талдау жүргізу, мән мағнысын ұғындыру.
1. Ш. Уалиханов - қазақтың салт дәстүрлері туралы,
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде ХҮП-ХҮШ ғасырлардан бастап қолға алынған бояса, қазақ этнопедагогикасыныц зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, эхнограф ғалымдарынын /Э. С. Вульфсон, П. С. Баллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Радлов, А. Януяжевич, Н. Г. ГТотанин, Н. Л. Зеланд, т. б. / жазбалары десек,
Екінші. ХХ ғасырдың алғашқы 20-30, жылдарында бұл істі арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құайбердиев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатұлы, Н. Құлжанова, М. Әуезов т. б. болды. Яғныи бұл кезенді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып қалыптасу кезеңі деп қараймыз.
Үшінші_кезең -35-40 жылдық үрдістен кейін /1970-1995 жж/ қазақ этнопедагогикасының кайта Жанданып даму дәуірі деп аламыз.
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген оқымысты демократ-ағартушылары: ШІ. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Кұнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланыста болғандықтан қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-тікірлеріне арнайы тоқталуымыз қажет демекпіз.
Ш. Уалиханов - қазақ халқының мәдениеті өлең әдебиетін жан-жақты зерттеп, ұлттык ағарту ісінің негіздеріне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан дарынды ғалым, Әль-Фараби, Ж. Баласағұннан соң жеті ғасырдан кейінгі қазақтың XIX ғасырдын тұңғыш ғалымы. ІІІығыстану ғылымына елеулі үлес қосқаны үшін Шоқан 22 жасында орыс География коғамының толық мүшесі болды.
Данышпан ғалым қазақ халқының жаттап алу қабілетің, шешендігін жоғары бағалады да, сондай қабілеті бар халыққа сауаттылык пен ғылым -үйренудің қажет екенін дәлелдеп берді.
"Халықтың мұңы мен сырын, арманын жалғайтын жыраулардың жырлары өнегелік бір-ден-бір құнды кұбылыс", дейді Шоқан. Сөйтіп ол жыршылардың ерекшеліктерін айқындайды.
"Тәңір" туралы тәлімдік еңбегінде Шоқан атты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садака беру, айға қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу, т. б. сол сияқты имандық дінге байланысты халықтың салт-санасына айналған ырымдар мен тыйымдардың зор тәрбиелік мәні бар екенін дәлелдеп, ол тәрбиелік мақсаттардың орындалғанын өмірден көріп, оның жақсы жақтарын қуаттай сөз етеді де, тәрбиенің өзекті мәселесі етіп көрсетеді.
Ол Шығыс халықтарының, оның қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін, фольклорлық шығармалардың шығу тарихы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге арнап "Сібір қарамағындағы Қазақтардың сот реформасы туралы запискасы", "Жоңғария очерктері", "Қырғыздың манас жыры туралы", "Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы" т. б. деген еңбектерін жазды.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қастерлейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып, қатты қастерлейтініне сүйене қарап ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының "сілекейін сүртіп алып қалуы" малды сүю ғана емес, оны киелі деп есептеп мал күту шаруашылығына келешек ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп көрсетеді.
Сондай-ақ, "аққуды атпа", "үкіні үркітпе", "көк қарғаның ұясын бұзба", "құстың жұмыртқасын жарма" деген тыйымдардың зор экологиялык-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі-өнеге тұтады.
Дарынды ғалым қазақ даласындағы тәлім-тәрбиенің басты құралы -жыр өлең, терме, тақпақ, т. б. / деп, жырдың түрлеріне талдау жасап, жоқтау, қайым өлең, қара өлең, терме, эпостык жырлары, ғашықтық жырлар олардың дүниетанымдық тәрбиелік мәнін жоғары бағалады.
Шоқан баланы ерте үйлендіру, оны оқытпау ұлкен қателік деп, қазақ халқының отбасылы тәрбиесіндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынады. Қазақ халқының ғарыштық ұстамдарын Шоқан дүниетанымдық үрдістер деп бағалады "жұлдызды адам", "темірқазық", "жеті қарақшы", "үркер", "шолпан", "құс жолы", "ай" туралы халықтық ұғымдардың астрономиялық мәні зор екенін айта келіп, халық мектебінің дүниетанымдык мәнін ашып көрсетті, Шешен, өнерпаз, меймандос, ырым-тыйымы мол халыққа білім беретін мектептер, академиялар керек екенін армандаған Шоқан өз ұсынысымен Қостанайда бірнеше мектептің ашылуына себепші болды.
Шоқанның "Алты шаһардың шежіресі", "Қазақтың көші қоны", "Даладағы мұсылмандық", "Шаман дінінің сарқыншақгары", т. б. ғылыми еңбектері қазақ халқының мәдениет тарихын айқындап, ағарту жөне ұлттық тәлім-тәрбие ісіне себебін тигізетін бағалы еңбектер болды.
Ұлы ғалымның данышпандық ой-мақсаттары қазақ халқының ұлттық педагогикасына бір арна болып қосылған асыл мұра болып табылады. Ұлт жанды Шоқан өз құлағымен Орынбай, Жанар, Шөже, Нысапбай сияқты айтыс ақын-дарарын жырларын тындап, Біржан, Ақан, Үкім Ыбырай т. б. әнші ақындардың жырлары мен әндерін бағалап, Тәттімбет, Тоқа, Қожа т. б. күйшілердің күйін тыңдап, қазақтың ақындық, өнерпаздық ерекшеліктерін жоғары бағалады. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық дарын ол ұлттық мәдениетіміздің негізі деп түсінді.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің кұндылығы мынада:
Бірінщіден., ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түседі. Ол ХҮІІ-ХІХ ғ. ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікір айтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейидорф, А. Левшин, Д. Банзаров т. б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра тарихи шындықтың бетін ашуға тырысқан.
Екінші, Шоқан қазақ мәдениетін көріп өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, маңғол қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақгы сөз еткен қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән салт- дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұкият ескерген.
Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларга сын көзімен көріп бағалаған, салт-дәстүрлердің озық үлгілерін бөліп қараған.
Төртіншіден , Шоқан салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, оны халыққа оқу-білім беру ісімен байланыстыра зерттеген.
Қорыта айтқанда, Шоқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерді мәдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа қарсы күрес жүргізді. "Құйрықгы жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген" қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлтының ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар аркылы дәлелдеп берді.
Ы. Алтынсаринпің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әль-Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын, жазушы Ы. Алтынсарин 1 8 50- 1857 жылдарында Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан~жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды.
ЬІбырай Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды армандады. Ол үшін ұстаз кирилица нұсқасын алып, оған қазақ дыбыстардың әріптерін белгілеп қосуды ойлады. Сөйтіп, алғашқы хрестоматиясын Казақ хрестоматиясы"- "Киргизская хрестоматия", 1979/ шығарды. Өйткені мың жылдан астам қазақ жазуында қолданылып келе жатқан араб әліппесі Казақтың ұлттық формасына сәйкес ендірілмеді. Бұл жайды белгілі ғалым Ахмет Байтұрсыновта кейіннен кеңінен зерттеп, төте оқу жазуын түзген болатын. Қазақ мектептерінде 940 жылдан қолданыла бастаған қазіргі әліппе арқылы қазақтың ұлттық жазуы дамып, қалыптасты.
Ұстаз ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастыратын балалар әдебиетінің негізін қалады. Жаңаша мектептер ашып жаңаша білім беру жүйесін құруға көп еңбек сіңірді.
"Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш журалы" /1879/ деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді. Оқушыларға сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу-дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді дайындау, ал ана тілін оқуда жеке сөздерді оқи білуге, сз мәнерімен айтуға үйрету, өрбір сөздің мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының, сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір Ұстаздың әдістемелік жаңа нұсқалары еді.
Оқыту әдістемесінде Ыбырай Алтынсарин тіл дамыту ісіне көп көңіл бөліп, тіл дамытуда ең әуелі сөзді дұрыс айта білуге үйретуді уағыздады. "Әрбір оқушы айта білген сөзін жаза да білу керек" дейді ұстаз.
"Мұсылмандықтың тұтқасы" деген еңбегінде Ыбырай Алтынсарин діннің тәрбиелік мәнін жоғары, "түсінбей жаттау күнә" деп діни уағыздарды түсінбей босқа жаттап алып, "молда" болу ел мәдениетіне, тәрбие ісіне жат екенін ашына айтады.
Ол қазақ тарихында отқа табыну, пұтқа табыну, аллаға сыйыну-бәрі де тәрбие құралы болғанын, ал ұрпақты " сенім" деген кұдіретті күшпен қаруландыру үшін оның сенетін нәрсесіне көзін жеткізу керек екенін дәлелдеді.
Ы. Алтынсариннің "Мұсылмандықтың тұтқасы" кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды. '
Біріншіден, сол замандарда қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар /"Иманшарт", "Кәлем шариф", "Әптиек"/ араб тілінде жазылғандықдан, оның мазмұнын ие молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен болды. Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүние молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін. Ыбырай Ислам дінінің аяттарындағы адмгершіліқ, иманжүзділік, қайырымдылық, қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді.
„Екіншіден, XIX ғасырдың екініні жартысында қазақ даласында тараған әдеби кітаптардың бәрі дерлік Қазан, Уфа қалаларында басылып шығарылғандықтан, қазақ әдебиеті үлгілеріне татар тілдерін араластырып, тіл шұбарлана бастады. Ал, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты қазақтың ойшыл оқығандары ұлт тілінің тазалығы үшін күресті.
Ы. Алтынсариннің "Мұсылмандықгың тұгқасы" атты еңбегінің құндылығы мынада:
Біріншіден, мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беруі. Екіншіден , діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуында.
Үшіншіден шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдауында болып отыр.
Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне басты мәселе деп қарады. Адамның мінез-кұлқьшың, жеке басының қалыптасуы тәрбиеге байланысты деп қараған Ыбырай Алтынсарин ӨЗІНІҢ осы пікірін "Бакша ағаштары" деген әңгімесінде өте орынды келтірген.
"Бағып-қағуда көп мағына барында шеқ шырағым, мұнан сен де өсіп ғибарат алғайсың, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Ол сенің қате істерінді түзеп, пайдалы іске үйретсем, ол сен менің айтқанымды ұғып, орныиа келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсесің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаш сияқты қисық өсесің", - дейді.
Біз бұл әңгіме арқылы автордың педагогикалық көзқарасын айқын аңғарамыз. Ыбырай "адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен мінез, сүйекпен бірге кетеді" дейтін теріс көзқарасқа қарсы адамның жақсы, я жаман болуы тәрбиеге өскен ортасының игі әсеріне байланысты деген қағиданы қуаттап отыр.
Ақын педагог "Қазақ хрестоматиясы" 1/1879/, "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш кұралы" /1879/, "Мәктубат" /1896/ сияқты кітаптармен қатар балдырғандар жаттап алатын "Кел балалар, оқылық!" сияқты өлендер, балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейтін "Бай баласы мен жарлысы баласы", "Қыпшақ Сейіткүл", "Таза бұлақ" т. б. әңгімелер.
"Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі" - дейді Ы. Алтынсарин. Ол оқытуда жүйелілікті, көрнекілік пен түсініліктілікті уағыздады.
Жазушы үстаз "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулығында дүние жүзі әдебиетінен уытты өңгімелерді аударып, оны Қазақ балаларын тәрбиелеуге пайдаланды. Мысалы: " Силиншін ханым" дегең әңгімесінде бұдан бес мың жыл бұрын жібек құртының қасиетін таньш жүзеге асырған қытай елінің ханына Силиншіні "Қанағат атты әңгімесінде канағаттылықты дәріптеуші араб батыры Әзірет Әліні жастарға үлгі өнеге етіп көрсетеді. Бұл этнопедагогиканың ұлтаралық байланысы екеніне дәлел.
Сондай-ақ ғұлама ұстаз халықгың салт-дәстүріндегі кейбір қолдануға зиянды рәсімдер мен жөн-жоралғьшарды қатаң сынап, ондай мәдениетке кесірін тигізетін, ескірген рәсімдерден аулақ болуды уағыздайды.
Қорыта айтканда, халқы үшін жар құлағы жастықка тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.
III. А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқрастары
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай іііығыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетгі үйреңуді уағыздады. Абай өлендерінің естетикалық, тәрбиелік мәні зор.
Абай шығармаларындағы табиғат пен адам бейнесі, іс-қылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тындаушыны қызықтырады, әрі сол кездегі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре әсерлендіре тәрбиелейді.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды:
Соқыр, мылқау - танымас тірі жанды.
Жазғұтырым қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жазды күн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда.
Сұр бұлт ~ түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, Қыстың басы бірі-ерте, біреуі~жай.
Абай өдеңдері еңбекке, ғылым, өнерге, адамгершілікке тәрбиелейді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында.
Оған қайғы жесеңіз.
Абай өлендері мінез-құлықты тәрбиелейді:
Қыздар жақсы болмайды, көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме.
Бойы - бұлғаң,
Сөзі ~ жылмаң,
Кімді көрсем, мен содан
Бетті бастым,
Катты састым,
Тура қаштым жалма-жан!-дейді. Абай оқып, үйрену, білім алу үшін үш нөрсені білу керек:
1. "Ықылас қоя тындау керек.
2. Тыңдағанды бірнеше рет оқуда кайталау керек.
3. Ой кеселдерінен сақ болу керек" - дейді. Абай жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz