Ләззат Асанова: 1986 жылғы Желтоқсан құрбанының өлімі, соттық ақтау және қоғамдық танылуы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ләззат Асанова-Халық қаһарманы-Желтоқсан құрбаны

3 Aralık 2009 Perşembe, 14:56 · tarihinde Казақ батырлары - Казахские батыры - Kazak kahramanları tarafından eklendi

Алтынай Асанова: Ләззат өлімінің құпиясы тым көп

2008 жыл 15. 12. 2008/azattyq. org
Талғат ДҮЙСЕНБЕК

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен бері 22 жыл өтсе де ананың жүрегінде күдік басым: 16 жасында қыршын кеткен Ләззат «өзін-өзі өлтірді» дегенге Алтынай Асанова әлі күнге дейін сенбейді.
Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түседі. Оның анасы Алтынай Асанованың айтуынша, 16 жастағы Ләззат 1986 жылы училищенің екінші курсында оқып жатқан еді. Ал желтоқсанның 25-і күні тұңғышының өлімі туралы суық хабар Айдарлы ауылына жеткен. Азалы күнді ана қинала еске алады:

- Түскі кез болатын. Есіктің алды «қызыл жағалы» адамдарға толып кетті. Қолдарында екі қағаз бар: бірінде «қыздарыңыз нашар» делінген; екіншісінде «қыздарыңыз қайтыс болды» деп жазылған.

Бұл хабарды естіген жергілікті халық дүрлігіп кетіпті. Бір күн бұрын ғана көрші ауылға Желтоқсан көтерілісінің салдарынан қыршын кеткен Ербол Сыпатаевтың денесі Алматыдан жеткізілген екен. Оны «нашақор, алаңда бұзақылық жасап таяқ жеп өлді» деп әкелсе, Ләззатты «мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып ұшып өлді» деп кінәлап алып келген. Шын мәнінде не болғанын іштей сезгенімен сол кезде жұртшылықтың ауыз ашуға шамасы келмепті.

- Бәрінің артында бір-бір адам. Менің де аузымды қақпайлап, сүйекті аштырғысы келмеді. Бірақ мен оған көнбедім, денесін аштырып көрдім. Байқағаным, төрт мүшесі түгел сау, тек шүйдесі ғана ойылған. Менің ойымда бесінші қабаттан құлаған адамның денесі мұндай болмайды деген алғашқы күдік пайда болды. Сол күні ұйықтамай таңға дейін Ләззатыммен қоштастым, - деді Алтынай Асанова.

Оның айтуынша, «қызыл жейделі» адамдар жерлеу рәсімін асықтырыпты. Содан тез тарқаған жұртшылық бұл үйдің табалдырығын аттауға қорқатын болған.

- Ләззатқа деп жайылған дастарханнан дәм татуға халық қорыққан болуы керек. Келіп дәм татса ол адам кінәлі. Менің келген-кеткенім аңдуда болды. 91-ші жылға дейін өмір осылай өтіп жатты.

Қазақстан тәуелсіздік алатын жылы Алтынай Асанова Желтоқсан көтерілісінің 5 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуге шақырылады. Сол шарадан ауылына қайтып келген ол халықтың Ләззатқа деген көзқарасы күрт өзгергенін байқайды.

- Бес жыл бұрын нәзірден ауыз тиюге қорыққан халқым Ләззатқа өздері нәзір беріп, құрмет көрсетіп жатыр екен. Тағы бес жыл өтті - Желтоқсанның 10 жылдығы да келді. Бірақ Ләззат ақталмады. Мен Алматыға көшіп келдім, баламды ақтап алуға тырыстым.

Сегіз айға созылған сот процесінен кейін ғана барып «Ләззат Асанова ақталды» деген сот шешімі шығады. Сот процесі барысында тығулы құжаттар жарыққа шығып, Ләззаттың құрбы-құрдастары Желтоқсан көтерілісінен кейін оның үш күн бойы жоғалып кеткендігін, тергеу қызметкерлері одан көтеріліске шыққан адамдар туралы мәлімет талап еткендігін, бірақ ол достарын сатпағандығын баяндайды. Осылайша он жыл бойы тұншыққан шындықтың беті ашылады.

Бірақ ананың бұл жеңісі көпке созылмай Алтынай Асанова тағы бір мәрте сотқа шағымдануға мәжбүр болады. 2004 жылы «Ана тілі» газеті негізгі мазмұны «Л. Асанова Желтоқсан көтерілісіне қатыспаған» дегенге саятын мақала жариялайды. Алтынай Асанова осы мақаланың авторы, кезінде музыкалық училищеде Ләззатқа сабақ берген ұстаз Күлсара Ізтілеуованы және газеттің сол кездегі редакторы М. Құлкеновты сотқа беріп, ұзаққа созылған сот процесін тағы да жеңіп шығады. Яғни, Ләззат Асанова екінші мәрте ақталады. Солай бола тұрса да ананың көңілінде күдік басым.

- Бірақ Ләззаттың өлімінде үлкен құпия бар. Мен мұны 22 жыл бойы шырылдап айтып келе жатырмын. Алайда оның өлімі туралы дәлел әлі таба алған жоқпын, - дейді ана.

Ләззат Асанова екі мәрте, 1997 жылы және 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағына ұсынылды. Бірақ зиялы қауымның атынан жазылған өтінішті атақ тағайындайтын комиссия қанағаттандырмады. Биылғы жылдың қарашасында Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асанова Ләззат Алтынайқызы (1970-1986): 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: Ляззат Асанова мен Қайрат Рысқұлбековтің тағдыры және тарихи мәні
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының хронологиясы, себептері және құрбандары: Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының тарихи рөлі мен қоғамдық-саяси салдары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи және саяси маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және Қарағанды облысының қоғамдық өміріне әсері
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: тәуелсіздік бастауы
Қайта құру кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өзгерістері және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себептері, өрбуі және тарихи маңызы
Қайта құру және 1986 жылғы Желтоқсан: Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістер мен КСРО ыдырауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz