МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 тарау МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ . . . 10

1. 1 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен қөзқарастарының қалыптасу жолы . . . 10

1. 2 Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы ел тарихы . . . 13

2 тарау МАШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ . . . 42

2. 1 М. Ж. Көпеев дерек жинастырушы . . . 42

2. 2 М. Ж. Көпеев дерек зерттеуші . . . 52

2. 3 Мәшһүр Жүсіп және қазақтың мақал-мәтелдері . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарих ғылымы үздіксіз дамуы жаңа деректер таным арнасына тартылып, үнемі зерттелуі қажет екені баршамызға белгілі. Деректанушы ғалымдар жергілікті халықтағы ауызша, жазбаша деректерді сол елдің тарихи, рухани дамуының бірден-бір кепілі ретінде қарастырылды. Ел тарихының обьективті зерттелуі деректану ғылымының дамуымен тікелей байлынысты. Ғылыми ортаға беймәлім қолжазба мәтіндер жарияланып, зерделене түссе, тарихымыздағы ақтаңдық мәселелердің де ашыла түсері анық.

Кешегі ХХ ғасырда жетпіс төрт жыл ғана өмір сүрген Советтік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын мемлекетте, түрі ұлттық, мазмұны социалистік деп аталғанымен ұлы орыстық шовинизммен ұштасқан коммунистік идея басым тоталитарлық жүйеде іс-әрекеті мен шығармашылығында діни көзқарас, ұлттық мақсат тәуелсіздікке ұмтылу идеясы бар тұлғалардың есімін ел есінен шығарып, ұмыттыру мақсатында саясат бұғауында ұстап, оқытбай жасырып келгені белгілі. Қазақ халқының осындай перзенттерінің қатарындағы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт білімпаздары мен зиялы топ өкілдерінің бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Осы орайда халқымыздың тарихы, мәдениеті туралы мол мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1831) қазақ ғылымына қосқан үлесін ерекше атауымызға болады.

Әрине, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерін жіктей қарастырсақ, фольклортану, медицина, астрономия, философия, космология, этнография, теология т. т. ғылым салалары үшін де құнды зерттеулер, деректік мәтіндер бар.

М. Ж. Көпейұлының тарихы мұрасы хақында сөз болғанда, ғалым жазбаларын мазмұны жағынан екі жақты сипатта қарастыруымызға тура келеді. Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмір бойы (1917 ж. дейін) салт атпен Қазақстанның көп жерін аралап жүріп, мол мағлұмат шоғырын жазып алған. Екіншіден, көп жылдық зерттеу жұмысын қолжазбалық кітап түрінде жинақтаған. Бұл жағынан алғанда Мәшһүр қолжазба кітаптарының бірқатары әрі деректанушылық, әрі тарихшылық мазмұнда жазылғанын шамалаймыз.

Мәшһүр-Жүсіптің тарихи мағлұматтарды шежіре түрінде баяндап жазғаны белгілі. Белгілі шығыстанушы ғалым В. П. Юдин өз зерттеуінде фольклордағы тарихи әңгімелер топтамасын далалық ауызша тарихнаманың тарихи білімді жеткізудің негізгі формасы деп көрсетеді: “Ол - далалық ауызша тарихнама. Тарихи атқарушының (субьектінің) өзінің өткені жөніндегі жады. Қазақстан тарихын қалпына келтіру тек осы екі тарихнамалық дәстүрді пайдалану арқылы ғана іске аспақ. Бірі - кәдімгі жазбаша, яғни отырықшы елдердің мәдениетінің нәтижесі, екіншісі - далалықтардың ауызшасы.

Далалық ауызша тарихнама - Дәшті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі. Біз үшін Дәшті Қыпшақтың шығыс бөлігі моңғол заманынан бері көшпелілердің ортақ тарихы зердесінен бөлектене бастаған ерекше өлке. Осы себептен тарихи білімді не “ауызша дәстүр” деп, не “аңыз”, “хикая” деп анықтауға болмайды. Далалық ауызша тарихнама не мифология, не фольклор, мысалы, батырлық эпос түрінде ұтылмауға керек, себебі фольклордың өзі далалық ауызша тарихнамадан нәр алған.

Осыны көрсететін шығармаларды далалық ауызша тарихнаманың деректері, қайнар көзі деп белгілесе болар еді. Олар Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімдерінің тарауларына құрылған тарихи әңгімелердің жинағы сияқты. Бұл әңгіме тараулар “қария сөз”, яғни ескіден қалған көне сөз деп ерекше аталған. Осы белгісімен бұл деректер шығыстың кәдімгі сарай тарихнамасынан бөлектенбеді. Оларда далалық ауызша және шығыстың жазбаша тарихнамасының элементтері аралас” \1\.

В. П. Юдин атап көрсеткен екі тарихнамалық (далалық ауызша және жазбаша шығыс) дәстүр Мәшһүр мұрасында өзара байланыста берілген. Оның үстіне ғалымның қазақ елі тарихына қатысты барлық мәлімет көздерін қамтуға тырысуы және бұл тарихи білімді ғылыми жүйелілік тұрғысынан баяндауға ұмтылуы қолжазбалар құндылығын арттыра түседі.

Отандық тарих ғылымы жазба жәдігерлердің жүйелі түрде зерттелуін қажет етеді. Арабтанушы А. Б. Халидов дүние жүзінде 63 шамалы қолжазба кітап (түпнұсқа) сақталғанын анықтады \2\. Қазақ қолжазбаларын зерттеген М. Бөжеев пен М. Ғұмарова Алматыдағы Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қорында көлемі әртүрлі 4 қолжазба (түпнұсқасы мен көшірмесі аралас) 3000 папкаға сидырылып салынғанын мәлімдейді \3\. Ал бұл қорларда сақталынған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасын жете зерттеген ғалым М. Бөжеев қолжазбалары көлемі 30 томдай болады деп көрсетті \4\. Мұндай мол қазынаны игеру көп жылдық ізденісті қажетсінеді.

Мәшһүртану тарихына шолу жасасақ, Кеңестік дәуірде, көбінесе, әдебиетші ғалымдар: М. О. Әуезов, М. Бөжеев, З. Сейітжанов, Д. Әбілев, Ж. Шалғымбаева, С. Дәуітов т. т. зерттеулерінде ғалымның әдеби мұрасы, фольклоршылдық қызметі басым айтылды. Академик Ә. Х. Марғұлан мен Е. Бек- маханов еңбектерінде ғана оның тарихи мұрасына баға берілген. Түпнұсқамен жұмыс жүргізген ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ғана 1940 ж. басылып шыққан мақаласында: “Мәшһүр - Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы”, - деген тұжырым жасады \5\.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларында Кенесарытану саласы бойынша сақталынған мәліметтерді (кейіннен жинақ ретінде құрастырылған №1330 папка) Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қорынан іздеп тауып, аударып, жан-жақты пайдалана білген ғалым Е. Б. Бекмаханов М. Ж. Көпеев мәліметтерінің географиялық нақтылығына, тарихи шынайлығына жоғары баға берді \6\. Алайда 1952 ж. орын алған “Е. Бекмаханов ісі” Мәшһүртануға да көп қиындық келтірді. 1984-1986 ж. жарияланған Ә. Х. Марғұлан зерттеулерінен \7\ басқа ешбір ғылыми еңбектерде Мәшһүр-Жүсіптің тарихшылық көзқарасы мен қызметі мүлде қарастырылмады. Кеңес өкіметі жүргізген саяси қуғындау шаралары және ғылыми шығармаларының ескі араб жазуында жазылуы 1952-1991 ж. тарихшы ғалымдарымыздың Мәшһүртану бағытына үлес қоса алмауына себеп болды.

Ескі хадим жазуымен жазылғандықтан әдебиетші, фолклортанушы ғалымдар МЖ. Көпеев қолжазбаларын толық емес, шағын үзік фрагмент- терін ғана тәржімалап отырды. Толық тәржімалау мүмкіндігі болмаған себепті біртіңге дейін көптеген ғылыми жинақтарда М. Ж. Көпеев көбінесе әдебиетші, фольклор үлгілерін жинаушы деп көрсетіліп келеді.

Өткен ғасырдың 90-жылдары Мәшһүртануда зор өзгеріс жүзеге асып, шежіресі (1993 ж. ) мен екі томдық жинағы (1990, 1992 жж. ) жарияланып, тарихшы ғалымдар еңбектерінде Мәшһүр мәліметтері пайдаланылып, оң бағалана бастады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасымен таныс болған ғалым М. Қ. Әбусеитова ғылыми еңбегінде жазбаларындағы мәліметтерінің тарихи- лығын жоғары бағалап, терең зерттеудің қажет екенін жазды \8\. Мәшһүртану бағытында тарих ғылымы саласы бойынша Алпысбесұлы М. (1999 ж. Қарағанды) мен Жүсіпов Е. Қ. (2000 ж. Астана) кандидаттық диссертация- ларын қорғады. М. Алпысбесұлы қазақ шежіресіне арнаған еңбегінің бір тарауын тікелей Мәшһүр-Жүсіптің “Қазақ шежіресі” туындысын зерттеуге арнады. Е. Жүсіпов ғалым жазбаларындағы тарихи тұлғалар туралы мәліметтерге сүйеніп, сол тұрғыдан оның тарихтану, деректану көзқарасын қарастырды.

Кейбір даулы мәселелер бойынша, салыстыратындай басқа мәлімет кездесе қоймағандықтан Мәшһүр мәтіндерін сол қалпында өзгеріссіз келтірілген. Билеушілердің өмір сүрген жылдарын, ата-тегін, мекендеген жерлерін т. т. баяндайтын Мәшһүр мәтіндері осы басылым арқылы шығыс- танушы, өлкетанушы, тарихшы, деректанушы ғалымдар назарына ілініп, алдыңғы болашақта М. Ж. Көпеев пайдаланған дерек көзі иелерінің есімдері ашыла түседі деп сенеміз. Алда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әр қолжазба үлгісін толық аударып, қажетті түсініктер беріп, жеке кітап ретінде жариялау міндеті тұрғаны түсінікті.

Мәселенің тарихнамасы. Қазақ тарихына қатысты мол деректердің бір шоғыры Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931 жж. ) қолжазбаларында жинақталған. Бұл арада бір назар аударарлық мәселе, М. Ж. Көпеев тек ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алумен шектелмей, кейбір қолжазба кітаптарын да тарихи фольклор нұсқаларын (тарихи әңгіме, дастан т. б. ) жазба-шежіре варианттарымен, баспа бетінде жарияланған тарихшылардың шежіре кітаптарымен, ғалымдардың зерттеу еңбектерімен өзара байланыстыра отырып, кейбір оқиғаларға, тұлғаларға т. т өз пікірлерін білдіре отырып, біртұтас хронологиялық жүйеге келтіріп баяндауға ұмтылған. Бұған қарағанда Мәшһүр мұрасы деректанушылық және тарихнамалық жағынан құнды материал болып табылады.

Өмір сүрген заманының тарихты айту дәстүріне сай Мәшһүр Жүсіптің тарихи мағлұматтар сақталынған мәтіндерді шежіре түрінде баяндап жазғаны белгілі. Академик М. Қ. Қозыбаев өз зерттеуінде шежіре сөзін халықтың тарихи танымын көрсететін, әрі тарихи сана-сезімді қалыптастыратын мағлұмат көзі деп қарастырады: “Айтарлықтай тарихи жазбасы (хроникалары) болмаған халықтардың тарихи танымын түсінуде ұжымдық зерде (ата дәстүр, халықтың аңыз-жыр айтушылары, генеологиялық үлгі т. б. ) өзектілігі арқасында отбасы, ру, тайпа, жалпы алғандағы халықтың шығу тегін жадында сақтап келген аңыз, әңгімелер маңызды орын алады” / 1, 167/.

Белгілі шығыстанушы ғалым В. П. Юдин өз зерттеуінде фольклордағы тарихи әңгімелер топтамасын далалық ауызша тарихнаманың тарихи білімді жеткізудің негізгі формасы деп көрсетеді: “Ол-далалық ауызша тарихнама. Тарихи атқарушының (субьектінің) өзінің өткені жөніндегі жазды. Қазақстан тарихын қалпына келтіру тек осы екі тарихнамалық дәстүрді пайдалану арқылы ғана іске аспақ. Бірі - кәдімгі жазбаша, яғни отырықшы елдердің мәдениетінің нәтижесі, екіншісі далалықтардың ауызшасы.

Далалық ауызша тарихнама-Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи бөлімі. Біз үшін Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігі мұңғол заманынан бері көшпелілердің ортақ тарихи зердесінен бөлектен бастаған ерекше өлке. Осы себептен тарихи білімді не “ауызша дәстүр” деп, не “аңыз”, “хикая” деп анықтауға болмайды. Далалық ауызша тарихнама не мифология, не фольклор, мысалы, батырлық эпос түрінде ұтылмауы керек, себебі фольклордың өзі даналық ауызша тарихнамадан нәр алған.

Осыны көрсететін шығармаларды далалық ауызша тарихнаманың деректері, қайнар көзі деп белгілесе болар еді. Олар Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімдерінің тарауларынан құралған тарихи әңгімелердің жинағы сияқты. Бұл әңгіме тараулар “қария сөз”, яғни ескіден қалған көне сөз деп ерекше аталған. Осы белгісімен бұл деректер шығыстың кәдімгі сарай тарихнамасынан бөлектенбейді. Оларға далалық ауызша және шығыстың жазбаша тарихнамасының элементтері аралас” 1, 64-65; 3, 18-19\. Ал В. П. Юдин атап көрсеткен екі тарихнама (далалық ауызша және жазбаша шығыс) дәстүрлері Мәшһүр мұрасында өзара байланыста берілген. Оның үстіне ғалымның қазақ елі тарихына қатысты барлық мәлімет көздерін қамтуға тырысуы және бұл тарихи білімді ғылыми жүйелілік тұрғысынан баяндауға ұмтылуы қолжазбалар құндылығын арттыра түседі. Отандық тарих ғылымы жазба жәдігерлердің жүйелі түрде зертелуін қажет етеді. Біздіңше, бұл бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижелі болуы үшін тарих ғылымының деректану саласында Мәшһүр Жүсіп, Н. Наушабайұлы, Қ. Халид, М. Шорманұлы т. б. жазбаларының әрқайсысы жеке-жеке зерттеліп, біртіндеп енгізілуі керек деп санаймыз.

Арабтанушы А. Б. Халидов дүние жүзінде 630 000 шамалы қолжазба кітап (түпнұсқа) сақталынған деп анықтайды /4, 255/. Қазақ қолжазбаларын зерттеген М. Бөжеев пен М. Ғұмарова Алматыдағы Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қорында және Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорында көлемі әртүрлі 40 000 қолжазба (түпнұсқасы мен көшірмесі аралас) 3000 папкаға сидырылып салынғанын мәлімдейді /3, 4/. Ал бұл қорларда сақталынған Мәшһүр мұрасын жете зерттеген М. Бөжеев ғалым қолжазбалары көлемі 30 томдай болады деп көрсетеді /4, 127/. Мұндай мол қазынаны игеру ісі көп жылдық ізденісті қажетсінеді. Ақын шығармалыры әртүрлі себептермен Қазан, Ташкент, Омбы, Санкт-Петербург, Томск, Орынбор т. б. қалаларына тарап кеткен. Тіпті, Париж қаласынан (2000 ж. мамырында) вице-премьер министр Иманғали Тасмағамбетовтың Мәшһүр жазбасының бір түпнұсқасын тауып әкелгені де баршамызға мәлім болып отыр. Дәл мұндай іздестіру, арабша нұсқаларды тәржімалау (транслитерациялау), жариялау жұмыстарының өзі келешек ұрпаққа жалғасып, іргелі ғылыми ізденістер бағытын тудыруы мүмкін.

Мәшһүр Жүсіп мұрасының зерттелу тарихына шолу жасасақ, көбінесе әдебиетші ғалымдар зерттеген әдеби мұрасы ғана ғылыми ортаға мәлім болғанын аңдаймыз. Тек түпнұсқасымен жұмыс жүргізген ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ғана 1940 ж. басылып шыққан мақаласында: “Мәшһүр Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы”, - деген тұжырым жасайды /5, 4; 10, 91; /. Мәшһүр қолжазбаларында Кенесарытану саласы бойынша сақталынған мәліметтерді (кейінен жинақ ретінде құрастырылған №1330 папка) Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қорынан іздеп тауып, аударып, жан-жақты пайдалана білген ғалым Е. Б. Бекмаханов та М. Ж. Көпеев мәліметтерінің географиялық нақтылығына, тарихи шынайлығына жоғары баға береді / 6, 52/. Алайда 1952 жылы орын алған « Е. Бекмаханов ісін Мәшһүртануға да көп қиындық келтірді. 1984-1986 ж. жарияланған Ә. Х. Марғұлан зерттеулерінен /5, 171-175; 11, 353; 12, 174-181/ басқа ешбір ғылыми еңбектерде Мәшһүр Жүсіптің деректанушылық көзқарасы мен қызметі мүлде қарастырылмады. Кеңес өкіметі жүргізген саяси қуғындау шаралары және ғалым шығармаларының ескі араб жазуында жазылуы 1952-1991 жылдар аралығындағы тарихшы ғалымдарымыздың Мәшһүртану бағытына қосыла алмауына себеп болды. Бұл орайда сөз ортасынада дауысты дыбыстары көрсетілмейтін оқылуы қиын ескі хадим жазу дәстүріне Мәшһүрдің өз жазу ерекшеліктері қосылғанын ескеріп, қолжазба мәтініндегі кейбір сөздер сол текістегі контекстік мазмұнына сай өзгертіліп тәржімаланатынына ден қоямыз /13, 108-121; 14, 6-60; 15, 12-19, 48, 49/. Мысалы, “Мұхаммед” сөзі кейде “Махмұд”, не “Мехмед” деп те оқыла береді.

Республикамыздың тәуелсіздік алуына ғана байланысты Мәшһүр жазбалары жеке-жеке кітаптар болып басылып, мерзімді басылым беттерінде шағын қолжазба мәтіндері жарияланып келеді / 16; 17; 18, 60-67; 19; 20; /. Мәшһүр-Жүсіп мұрасының басылған шағын бөлігімен ғана таныс болғанның өзінде-ақ ғалымдар: М. Қ. Әбусеиітова, Ж. О. Артықбаев, М. Алпысбесұлы т. т. қолжазба мәліметтерінің тарихилығын жоғары бағалап, ғалым жазбалары негізінде ғылыми жинақтар мен оқулықтар даярлап, М. Ж. Көпейұлына арналған ғылыми-теориялық конференцияларға белсене қатысып отырды / 21, 369; 22, 70; 23, 266; 3, 260; 24, 209; 25, 11, 63-69, 71-74, 82, 146, 247, 699-701, 714; 8, 368; 20; 21; /.

Соңғы жылдары Мәшһүртану бағытында тарих ғылымы саласы бойынша Алпысбесұлы М. (1999 ж. Қарағанды) мен Жүсіпов Е. Қ. (2000 ж. Астана) кандидаттық диссертацияларын қорғады. М. Алпысбесұлы қазақ шежіресіне арналған еңбегінің бір тарауын тікелей Мәшһүр-Жүсіптің “Қазақ шежіресі” туындысын зерттеуге арнайды. Жүсіпов Е. Ғалым жазбаларындағы тарихи тұлғалар туралы мәліметтерге сүйеніп, сол тұрғыдан оның тарихтану, тұлғатану көзқарасын қарастырған. Алайда бұл екі іргелі зерттеу иелері де Мәшһүр-Жүсіптің қолжазба мәтіндерін жеке тарихи зерттеу нысаны ретінде зерделей алмаған. Бұл жұмыста да Мәшһүр мағлұматтары толық қамтылмай тек жинақталып, шолу түрінде ғана берілген. Сол себепті Мәшһүр мәтіндеріне арналған арнайы ғылыми еңбектің жоқтығы біздің зерттеуіміздің тақырыбының өзектілігін күшейте түседі. Қорыта айтқанда, Мәшһүрдің “Қазақ түбі” тақрыбында жинақталған мәтіндердің кімнен, қашан алынғаны т. с. с. мәселелері Отандық тарих ғылымында қарастырылатын болса, Мәшһүр-Жүсіптің деректану, тарихнама салаларына қосқан үлесін, ұлттық тарихнамадағы “Қазақ түбі” үлгілерінің алар орнын межелей аламыз деген ой түйіндейміз.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттер і. Жұмыстың басты мақсаты Машһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерін - Қазақстан тарихы дерек көзі ретінде қарастырып, тарихи мұрасын саралай келе, оның Отан тарихындағы үлесін жан-жақты көрсету. Машһүр Жүсіп еңбектерін деректану тұрғысынан зерделей отырып, қолжазба мәтіндеріндегі тарихи мағлұматтарды ғылыми таным арнасына тарту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысы төмендегідей міндеттерді шешуді көздеді:

- М. Ж. Көпеев жазбаларын зерттеу барысында салыстырмалы анализ, тарихи обьективтік тұрғысынан деректерінің тарихи мәнін ашу, тарихилығы мен шынайлығын анықтау;

- М. Ж. Көпейұлының еңбектеріндегі Отан тарихына қатысты деректерге талдау жасау;

- Мәшһүр-Жүсіп өмір сүрген заманын таныту, тарихшылық көзқарасы қалыптасуына әсер еткен жазбаша шығыс тарихнама (шежіре), далалық ауызша тарихнама (тарихи фольклор), батыстық тарихнама дәстүрлері ықпалын көрсету;

- Ғалымның қолжазба кітаптарының жазылу тарихына назар аударып, 1907 ж. Қазанда басылған және т. б. кітаптарында берілген мәтіндердің алғашқы түпнұсқасын табу, Мәшһүрдің кітап жазудағы өз ерекшілектерін айғақтау;

- Қолжазба материалдарының деректемелік құндылығына назар аудара отырып, ұлттық тарихнамада алар орнын айқындау.

Зерттеудің мерзімдік шегі Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы түркілік кезеңнен (ҮІІІ ғ. ) бастап, Қазанда тұңғыш рет кітабы жарияланған мерзімге (1907 ж. ) дейінгі кезеңді қамтиді.

Диплом жұмысының деректік негізін М. Ж. Көпеев қолжазбалары мен көшірмелері құрайды. Ғылым Академиясының Орталық Ғылыми Кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы көшірмелері: Сондай-ақ М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорындағы №65, 380, 950 . . . папкалар ғылымы таным арнасына тартылды. Бұған қоса Павлодар қаласындағы ғалымның немересі Қ. Ф. Жүсіповтар жанұясының әулеттік қолжазба архиві: Мәшһүрдің №1, 9 томдары, Мәшһүр Жүсіптің ұлы Мұхаммед Фазылдың №3, 5, 7, 8 томдары, Жүсіпұлы Жолмұраттың №1-4, 6, 9 топтама бумалары сарқа пайдаланылды. Мәшһүр-Жүсіп мағлұматтары қосымша дерек көзі ретінде әл-Фараби атындағы Орталық Республикалық кітапхана сирек кездесетін кітаптар қорындағы Щербина А., Кононов Н., Гуляев еңбектеріндегі деректемелерімен салыстырылып қарастырылды. Бұл қолжазбаларға жұмысымызда қорғалған кандидаттық диссертациялардағы деректер арқылы қол жеткіздік.

Зерттеу нысанасына белгілі ғалымдар: Ә. Х. Марғұлан, Е. Бекмаханов, В. П. Юдин, С. Г. Кляшторный, Т. К. Бейсембиев, М. Қ. Әбусейітова, М. Қ. Қойгелдиев, Б. Көмеков, Қ. М. Атабаев т. б. еңбектері негіз болды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен қөзқарастарының қалыптасу жолы

Отанымыз тәуелсіздігін алғалы бері бұрын тарихта есімі біржақты аталып, мұрасы мұрағатта шаң басып жатқан қайраткерлердің ел, ұлт мәселесін көтерген рухани құндылықтары қайта жарыққа шығып жатыр. Бұл маңызды іске еліміздің халық ісіне сергек қарайтын озық ойлы ғалымдары шамашарқынша өз үлестерін қосуда. Солардың ішінде “атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі” деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931) ұрпағының ыждаһатты еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық.

Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан өнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Мәшһүр Жүсіптің:

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен, - деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.

1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. 1907 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады.

Ақын «Дала уәлаяты» газеті мен «Айқап» журналында заман ағымына байланысты публицистикалық мақалалар да жариялап тұрды. Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Шара батыр» жырларын, Баяты ақын Шөже, Шөже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Ұлбике мен Жанкелді, Шортанбай мен Орынбай, тағы басқа айтыстарын, Бұқар, Шортанбай, Шөже, Орынбай тәрізді ақындардың, қазақ ру-тайпаларының шежіресін қағазға түсірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz