Диабет



• Кіріспе
• Негізгі бөлім
1. Этиологиясы
2. Патогенезі
3. Клиникалақ көріністері
4. Жіктелуі
5. Диагностикасы
6. Диффиринциалды дгностикасы
7. Емі
• Қорытынды
Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып ке-леді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
1 Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері
2 Өршіп бара жатқан диабет белгілері
3 Диабетпен ауыратындардың диетасы
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
Қант диабеті - ұйқы безі қызыметінің бұзылуы ,инсулин атты гормонның жетіспеушілігінен пайда болады.Қант диабеті инсулинге тәуелді( инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз ( инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.
Қант диабетінің пайда болу себептері
Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.
1. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
1. Этиологиясы
2. Патогенезі
3. Клиникалақ көріністері
4. Жіктелуі
5. Диагностикасы
6. Диффиринциалды дгностикасы
7. Емі
• Қорытынды

Қант диабеті
Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп
кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі
де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста
диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де
бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға
тән болып ке-леді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының
созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып
табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде
бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей
алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
1 Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері
2 Өршіп бара жатқан диабет белгілері
3 Диабетпен ауыратындардың диетасы
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
Қант диабеті - ұйқы безі қызыметінің бұзылуы ,инсулин атты гормонның
жетіспеушілігінен пайда болады.Қант диабеті инсулинге тәуелді( инсулин
зависимый), инсулинге тәуелсіз ( инсулин не зависимый) болып 2 түрге
бөлінеді.
Қант диабетінің пайда болу себептері
Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда
қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып
табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен
шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу
себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып
өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте
көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық
өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе
бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді
қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың
қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің
қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.
Ұйқы безінің қызыметі
Ұйқы безі асқазанның жоғарғы жағына орналасқан.Сыртқы турі тапанша
тәрізді болғанымен өте нәзік клеткалардан тұрады.Бұл өзі аралас бөліп
шығару безі болып табылады.Өйткені сыртқа ас қорту ферментттерін және ішке,
қанға гормондар бөліп шығарады.Ұйқы безінің аралшалы бөліп шығару
клеткалары бар.Олар А, В, Д, Е, РР. Осы клеткалар бірігіп Ленгерганс
аралшаларын құрайды. Жоғарыда аталған клеткалар организмге керекті
гормондарды түзеді.
А клеткалары жалпы ұйқы безі аралшаларының 20-25 пайызын құрайды да,
өзі глюкогон деген горомонды қанға бөліп шығарады. Аралшаның негізгі
бөлігі (75-80 пайызы) В клеткадан тұрады. Бұл клетка инсулин атты гормонды
түзеді. Негізгі қызмет аткаратын инсулин мен глюкогон гормондары. Әсіресе
инсулин гормоны адам ағзасында өте маңызды қызметке, яғни тканьдардың көмір
сутегін жақсы қортуына көмектеседі.Солар арқылы белок пен майдан түзілетіп
қант құрамын азайтады.Сонымен қатар инсулин ағзадағы артық қантты
(глюкозаны) бауырдағы көмір сутегі қорына ( гликогенге) айналдырып отырады.
Ал глюкогон осы құбылыстарға қарама қарсы әсер етеді.Сондықтан осы екі
гормоннның ұйқы безі қызметіне ықпалы зор.Мысалы инсулин ағзадағы қант
деңгейін төмендетеді, ал глюкогон қант деңгейін керек кезінде қалыпты
деңгейге көтереді.Сондықтан организмдегі зат алмасу құбылысы осы екі
гормонға тығыз байланысты дамып бір-біріне ықпал жасайды.Адам өмірі үшін ең
бастысы - зат алмасу екені мәлім. Белок пен майлар,көмір сутегі т.б.
тағамның құрамындағы негізгі қоректік заттар болып табылады.Оның ішінде
қантқа тоқталсақ ол организмдегі зат алмасудың барлық түрінде энергияның
көзі. Асқазанға түскен тағамдық заттар – қорту сөлдерінің ферменттердің
әсері арқылы көміртегіне айналады.Ал қант осы көміртегі мен белок және
майлардан түзіледі. Қарын мен ішек жолдарына жиналған қант( глюкоза)
ішектің кілегей қабығы арқылы сорылып канға араласады да бауырға тусіп
қорға айналады.Дені сау адамның қанында қант деңгейі 3,3-5,5 ммольл
мөлшерін ұстап тұрады. Міне осы көрсетілген деңгейден қанттың мөлшері көп
ауытқыса, яки төмендесе адам организмінің өмірлік қызметіне айтарлықтай
нұқсан келеді. Яғни орталық нерв жүйесіне, мидың жұмысына, жүректің,
көздің, бүйректің қан тамырларының қызметіне салмақ түседі.
Диабет негізінде болатын функционалды бұзылыстар тек диагноз қою
барысында жиі кездеседі. Дегенмен, уақыт өте келе мұндай науқастарға
инсулин жетіспеуші­лігінің өсу деңгейіне байланысты, қажет жағдайда зат
айналымын ретке келтіру үшін инсулин тағайындалады. Бірақ кейбір жағдайда
“жасөспірім диабеті ересектер диабеті басында” және “ересектер диабеті
балалық шақта басталуы” кез­деседі.
Қант диабетінде қан құрамындағы глюкозаның мөлшері (нормалық жағдайда
3,5-5,5 ммольл) көтеріледі. Қан құрамындағы глюкоза кез келген адамда
кездеседі – ол көптеген ағзамызға қажет, ең алдымен орталық жүйке
жүйемізге, қан жасушаларымызға, май жасушаларымызға, бауыр мен бүйрекке
қуат көзі ретінде қажет. Инсулиннің көмегімен өте күрделі үдеріс – қан
құрамындағы глюко­заның деңгейін ретке келтіру жүзеге асады, ал глюкозаның
деңгейі тағам қабылдауға тікелей тәуелді. Нормалық жағдайда дені сау
адамның 1 литр қанында шамамен 1 грамм глюкоза болады. Ағза өзінің глюкоза
атты “биоло­гиялық отынын” өте ұқыпты пайдаланады. Дені сау адамда тағам
қабылдағаннан кейін глюкозаның деңгейі көтеріледі, ал 2 сағаттан кейін
инсулиннің көмегімен нор­малық қалыпқа келеді.
Диабетпен науқас адамда инсулин тапшылығынан немесе оның аздығынан
мұндай процесс болмайды. Көптеген науқастарға өз ауруларын біле тұра онымен
күресу өте қиынға соғады. Уақытында эндокринолог-дәрігерге қаралмау немесе
өз ауруын мүлде елемеушілік жиі кездеседі, кейбіреулері өздерін жақсы
сезінетіндерін айтса, енді біреулері қолдары бос болмайтындарын
сылтауратады. Өз денсаулықтарына деген осындай жүрдім-бардым қараушылық
зағибтыққа, инфаркт миокардаға, бүйрек жетіспеушілігіне әкеліп соқтыруы
мүмкін. Мұндайды болдырмау үшін не істеу керек? Ең алдымен:
* диабет өтелімі (қан құрамындағы глюкоза көрсеткішін қалыпты деңгейге
жеткізу);
* дұрыс тамақтану – дието-терапия;
* мөлшерлі физикалық жаттығулар;
* еңбек және демалыс режімі;
* қалыпты салмақты сақтау;
* АД, холестерин деңгейін қалыпты жағдайға келтіру.
Әрдайым зат айналымын өзіндік бақылау, өз еркімен дәрігерге қаралу –
қан тамырлары ауруларының өршімеуіне кепіл бола алады. Диабеттің өзі – оның
сал­дарына қарағанда, қорқынышты емес екенін есте сақтағанымыз жөн.
Адамадардың көбісі диабет емделе ме деген сұрақ қояды? Әрине, жоқ.
Дегенмен, дибетпен көптеген жылдар бойы толыққанды өмір сүруге болады. Бұл
дәрігер және науқас жағынан да қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан да
біз науқастарды аурудың салдарын алдын алу үшін қаралуға жиі шақырып
тұрамыз. Науқасқа да күн сайынғы өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге
бар күшін салу талабы қойылады.
Диабетшілер үшін “шартты денсаулық” түсінігі қалыптасқан – оған өз
ағзамыздағы зат айналымын ретке келтіре отырып, қол жеткізуге болады. Мұны
көптеген емхана негізінде ашылған “Диабет мектебінде” оқып үйренуге болады.
Қант диабеті ауруы әлем бойынша жүрек-қан тамыр аурулары және
онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орынды иемденеді.
Қант диабеті бүгінгі күнде басты медициналық-қоғамдық проблемалардың
бірі болып табылады. Әлемнің барлық елдерінде миллиондаған адамдар осы
аурумен ауырады. Қарқынды зерттеулерге қарамастан, қант диабеті созылмалы
ауру болып қалып отыр және де асқынулар мен ерте мүгедектіктің алдын алу
мақ­сатында тұрақты түрде бақылауды қажет етеді. Қант диабетінің барлық
асқы­нулары қандағы қант мөлшерінің көп болуына байланысты болады. Егер
қант диабетімен ауыратын науқастар қандағы қантты қадағалап отырса, диабет
аурудан өмір салтына айналады да, осылайша аурудың алдын алуға болады. Бұл
өмір салты науқас диабеттің қандай түрімен ауыратынына байланысты
ажыра­тылады.
Қант диабетінің белгілері қандай дегенге келетін болсақ, мынадай
жәйттерді айтуға болады. Қандағы қант мөлшерінің жоғарылауынан шөлдеу,
ауыздың құр­ғауы, жиі дәретке шығу, тері құрғауы, терінің және кілегей
қабаттың қышуы, дене­­дегі жаралардың жазылып болмауы, әлсіздік, делсалдық
болады. Егер қандағы қант өте жоғарылап кетсе, диабеттік кома болуы мүмкін,
яғни адам естен танып қалады. Сондықтан қандағы қант мөлшерін қадағалап
отыру керек.
Қант диабетімен ауыру мүмкіндігі жоғары қауіпті топтарға тұқым
қуалаушылық, семіздігі бар науқастар, құяң ауруы, жүрек-қан тамыр ауруы бар
науқастар, пан­креатит (ұйқы безінің қабынуы), шарана салмағы 4000 гр.
жоғары болса, босанған әйел адамдар және басқа да адамдар жатады. Сонымен
бірге жасы 40-50 жастан жоғары адамдар, балаларда қызылша, қызамық, шошқа
мойын, т.б. инфекциялық аурулардан кейін пайда болуы мүмкін.
Әртүрлі жүйке жүйесі аурулары, стресстер, уайым-қайғы жасырын диабеттің
айқын диабетке ауысуына әкеледі.
Сондықтан жоғарыда аталған қауіпті топтағы адамдар кезеңді түрде
қандағы қант мөлшерін анықтап тұрғаны жөн.
Мейлінше диабетті ерте анықтау асқынулардың және ерте мүгедектіктің
алдын алуға көмектеседі. Осы мақсатта қала тұрғындарын жылына 1 рет қандағы
қанттың мөлшерін анықтап тұруға шақырамыз.
Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері
үнемі сусап тұру
кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.
үнемі шаршаулы сезіну,
қол-аяқтың үйып, жансыздануы
үнемі қарын аштығынан арылмау
салмақ азаюы
Өршіп бара жатқан диабет белгілері
терінің қышуы
көздің көру қабілетінің айырылуы (тұман көлегейлегендей)
жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
естен тану (қысылтаяң жағдайларда)
Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға
көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын
тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз
тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не
сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам
басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне
көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны.
Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ
міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз.
40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою
арқылы емде-уге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы
керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

Диабеттің жүктілік кезеңіндегі диагностикасы
"Қауіп-қатерлі" топтарды зерттеу: мәлімет алу – қант диабетімен жақын
туыстарының ауырғанын, әйелдің ірі нәресте туғанын, бүйрек ауруларымен
ауырғанын, өзіндік түсік, мезгілінен бұрын босану және ұрықтың "кем-
тарлығы" болғанын әйелден анықтау қажет.
2. Глюкозурияны анықтау
Бір сағаттық сынау - глюкозаның қандағы деңгейін глюкоза енгізбей және
енгізгеннен кейін анықтайды (50 г).
Әдеттегі жағдайда глюкозаның плазмадағы ауытқуы: аш қарынға - 5.83
ммольл, бір сағаттан кейін - 7.78 ммольл.
Екі-үш рет анықтағанда плазмадағы глюкозаның деңгейі төмендегідей болса,
жасырын қант диабетінің диагнозы қойылады.
1. 5,83 ммольл - ашқарынға.
2. 10,56 ммольл (1 сағ. кейін).
3. 9,17 ммольл (2 сағ. кейін).
4. 8.06 ммольл (3 сағ. кейін).
Қант диабетінің жіктелуі
1. Жасырынды диабет
2. Диабеттің басталуы 20 жастан кейін, ұзақтығы 10 жылдан кем.
3. Диабеттің басталуы 10-19 жас аралығында, ұзақтығы 10-19 жыл.
4. Диабеттің басталуы 10 жасқа дейін, ұзақтығы 20 жылдан астам. Бұл
диабетте:
а) қауіпсіз ретинопатия; б) аяқ қан-тамырларының кальцификациясы дамиды;
в) гипертензия байқалады.
Жүктіліктің диабет ағымына әсері:
Жүктілік кезінде 2-3%-ға дейін глюкозаға толеранттық төмендейді,
босанғаннан кейін өзінің қалыпты орнына келеді. Жүктілік барысында қант
диабетінің дамуын бақылау өте қиын.
Диабеттің жүктілікке әсері
1. Жүктіліктің ағымы гестозбен жиі асқынады, көбінесе ауыр түрлерімен,
емдеу нәтижесіз болады. Сонымен қатар, қуық-жыныс мүшелері індеттенеді.
2 Ұрық макросомиямен туылады (босану қиындайды).
3. Жүктілік көп сулы болып асқынады және мезгілінен бұрын үзіледі.
4. Босанғаннан кейін патологиялық қан шығыны артады.
Қант диабетінің жедел және созылмалы асқынулары.
Жедел асқынуларының ішінде ең жиі кездесетіні: Бұл науқас ұйқы безінің
В-клеткалары бөліп шығаратын сөл, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қантсыз диабет
Қантты диабет кезіндегі тамақтану
Қантты диабет
Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру
Ішкі секреция бездері. Гормондар
Қарттардағы қантты диабет. Дәрі –дәрмекпен емдеу. Диабеттік табан синдромы, аяқты күту принциптері
Тәттіні көп пайдалану неге алып келеді?
Қант диабетінің бұзылусының себептері
Көмірсу алмасуының бұзылыстары
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Пәндер