Кіндік жарығы


Жарық
Жарық (hernіa) - іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы. Ж. кезінде Ж. қақпасы, Ж. қабы (іш пердесі), Ж. қабаттары пайда болады. Ж. шыққан (орналасқан) жеріне қарай шап Ж-ғы, сан Ж-ғы, кіндік Ж-ғы және кіндік тұсы Ж-ғы, т. б. деп ажыратылады. Ж., көбінесе, жүдегенде, қатты күш түскенде, күшенгенде, әйелдің жүкті кезінде, т. б. пайда болады. Сонымен қатар Ж. туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Жас балалар мен орта жастағы адамдарда, көбінесе, ер адамдарда жиі кездеседі. Ішкі органдардың жарақаты асқынып ұзаққа созылса, тыртықтанып бітіп, кейіннен сол жер Ж-қа айналады. Ж-тың салынатын, салынбайтын, қысылған түрлері бар. Салынатын Ж. шыққан тінді қолмен сипап түзеткенде орнына түседі. Егер тін қабаттары бір-бірімен жабысып, бұратылып, түйінге айналса, салынбайтын Ж. деп аталады. Ж. кезінде әр түрлі асқынулар болады (мыс., органдардың қан айналымы бұзылып, тіннің қоректенуі нашарлайды), олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ж-тың қысылуы. Бұл қысылған органның біртіндеп өз тіршілігін жоюына әкелуі мүмкін. Ж-тың негізгі белгісі: теріні көтеріп, томпайып шығады. Сол томпайған жерді саусақпен басқанда, Ж. қақпасын анықтауға болады. Томпайған жер іш қуысына түскен қысым күшейгенде ұлғаяды да, адам жатқанда жоғалып кетеді не оның көлемі кішірейеді. Ж-ты емдеудің негізгі жолы - хирургиялық операция жасау. Оны жасауға болмайтын жағдайда әр түрлі бандаждар қолданылады. Салынатын Ж-ты дәрігер қолмен сипап орнына түсіреді. Ж. жануарларда да болады. Әсіресе, кіндік Ж-ғы, іш Ж-ғы, ұма Ж-ғы, шап Ж-ғы жиі кездеседі. Іштен туа пайда болған Ж. жас төлдерде кіндігінің дұрыс бітпеуінен, ал жүре пайда болатын Ж. мал ауыр туғанда, арықтағанда, жарақаттанғанда болады. Малдағы Ж-ты емдеу үшін Ж. тесігін бітеп, Ж. қабы мен салбырап қалған теріні сылып тастайды.
Кіндік жарығы
Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу - дүние есігін жаңадан ашқан кішкентайға жасалатын алғашқы күтімдердің бірі. Кіндікті қашан және қалай кесу керек екендігі жайлы сантүрлі пікірлер бар. Соларға тоқталып өтейік.
Кіндік жарығы
Жаңадан туылған сәбилерден бастап емшектегі балалар арасында кіндік сақинасы (кіндік грижасы) деген ауру кездеседі. Кіндік жарығы кезінде жылаған баланың кіндігі сыртқа қарай шығып кетеді. Бұл ауру айтарлықтай қауіпті емес және сәбиді көп мазалай бермейді.
Кіндік жарығы кезінде кіндік сақинасы ішектің бір бөлігімен толып қалады. Бір рет көтерілген ішек аз уақыттың ішінде қалпына келе қоймайды. Мысалы, сәби шыңғырып жылап, кіндігі 0, 5 см-ге дейін көтерілсе, бірнеше аптадан соң қалпына келеді. Ал 1 см-ге дейін көтерілсе, бірнеше ай уақыт, тіпті бір жыл уақыт керек болады.
Кіндік жарығынан қалай құтылуға болады?
Кіндік жарығы көп жағдайда, сәбидің құрсағындағы көкшандыр (қарынның көк еті) қатайған кезде кетеді деуге болады. Оған дейін сәбидің қатты жыламауына баса назар аударуға тура келеді. Егер сәби көп әрі қатты күшеніп жылайтын болса, жарық кішіреймей, керсінше, үлкенірек болады.
Қарынның көк етін қатайтуға арналған жаттығулар кіндік жарығынан ертерек құтылуға көмектеседі. Ол үшін сәбиді күніне бір сәт үсті қаттылау келген заттың үстіне қарнымен жатқызуға болады. Егер жасаған жаттығуларыңызға қарамастан, кіндік жарығы кетпесе, дәргердің көмегіне жүгіну керексіз.
Кіндік жарығы асқынған жағдайда, қарапайым әдістермен емделмеген жағдайда, хирургиялық әдіспен емделеді.
ОМЫРТҚА АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ЖАС БАЛАЛАРДА ДА
Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады. Бұл - омыртқаның ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» - сүйек, aл «hondrа» - шеміршек деген мағына береді екен. Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады. Омыртқа ауруының түрлері жайлы Шымкент қалалық №5 емхананың балалар невропотолог дәрігері Ақманар Қасымбекқызы МАМЫТБЕКОВА сұхбат берген болатын.
Омыртқа сырқаты неден пайда болады?
Омыртқа - адам денесін тік ұстап тұрған тірегі, ішкі ағзаларды сыртқы әсерлерден қорғап тұрған қалқаны десе де болады. Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Бұны емдеудің екі жолы бар: біріншісі ота жасау болса, екіншісі мануалды терапия жолымен омыртқаны қолмен жайлап бұрап босатып, қысылып тұрған шеміршекті орнына түсіру. Көбінесе, омыртқадан остеохондроз ауруына ұшырайды.
Остеохондроз - адамның анатомиясына байланысты ауру. Біз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі. Мәселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені, адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, панкреотит, простатит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады. Сондықтан, адамның дені сау болуы үшін, омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет.
Омыртқа арасындағы жарық (грыжа)
- Омыртқа арасындағы жарыққа келетін болсақ, бұл көбіне остеохондроз ауруынан кейін туындайды. Яғни, омыртқалардың арасында қуыс пайда болып, ол іші толған сұйықтық, сырты қапталған бір қуыс құрайды. Остеохондроз ауруы көбіне 20 жастан кейіні, ал жастарда өте сирек кездеседі. Омыртқааралық жарық ұзақ уақыт, күні бойы бір орында отыратын адамдарда көп кездеседі. Яғни, офис қызметкерлерінде, менеджерлерде, банкирлерде, жүргізушілерде. Бір орында 4-5 сағаттай ұзақ уақыт отырмау керек. Адам бір қалыпта ұзақ отырғандықтан, омыртқасы қисаяды, қисайғаннан кейін сол жерде бұлшық еттердің тонусы күшейіп, омыртқааралық дискілердің тамақтану процесі бұзылады. Бұл сұйықтықтардың мөлшері азаюына әкеліп соқтырады. Осы кезеңде тамақтану процесі бұзылғаннан кейін, дискі құрғай бастайды да, біртіндеп мүжіледі, оның соңынан жарық пайда болады.
- Омыртқа арасындағы жарық (грыжа) көбіне ер адамдарда кездеседі. Ерлер мен әйелдер арасындағы кеселге шалдығу жолдарында айырмашылық бар ма?
- Әйелдерде көбінесе ауыр салмақ, бірден семіргендіктен, семіздіктен, кейде тұқым қуалайтын ауру болып та кездеседі. Аурудың ерлер арасында көп кездесуінің себебі, омыртқа арасындағы ет оларда көп кездеседі. Мұның негізгі себептерінің бірі - жарақат алғаннан кейін пайда болу мүмкіндігі. Мұндай кезде дискілері бұзылады, ығысу орын алады. Сондай-ақ, ауыр салмақты бірден көтеру де омыртқааралық жарықтың пайда болу қаупін тудырады. Бірден семіздікке ұшырау да грыжаға себепші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz