Қалаубек Тұрсынқұлов
Кіріспе
І тарау
ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
ІІ тарау
ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВ.ДЕРКТІ ПРОЗА ШЕБЕРІ
ІІІ тарау
ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДОСТЫҚ ТАҚЫРЫБЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Біз тәуелсіздіктің он төртінші жылында өмір кешіп отырмыз. Қалай десек те Қазақстанның бүгінгі тәуелсіздігі бізге өзінен-өзі көктен түсе қалған жоқ. Небір иір-қиыр тарих көштерінің, талай-талай ұрпақтар күрестерінің, армандарының өткен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында заңды жеміс беруінде тарихи әділеттіліктің көп мәні жатыр.Өмір мен қоғам, заман мен адам, тарих пен уақыт диалектикасының түптің түбінде сыйға тартар құдіреті мен қолға ұстатар сыйы осы болса керек!
Ешбір халық өз тарихынан ешқашан бас тарта алмайды. Өйткені күні кешегі социалистік дәуірдің де жалпыадамзаттық құнарлар мен қайнарлардан нәр алған, соны жүзеге асырған, талай ұрпақтар көкірегінде арман болып қалатын тарихи шындықтары мен тарихи жеңістерін, әрине, ешкім ешуақытта жоққа шығара алмайды.
Заман мен қоғамның терең тамырластығы оның әлеуметтік құрылысынан, идеологиялық мұраттары мен мақсаттарынан ұдайы нақты көрініс тауып жатады. Көркем әдебиет пен өнер соның негізгі бір тұрлаулы айнасы, рухани-әлеуметтік айнасы.
Жаңа заман мен жаңа қоғам да өз әдебиетін тудырмай тұра алмайды. Тәуелсіз Қазақстан да қазіргі өзінің жаңа әдебиеті мен жаңа өнерін дүниеге әкелу үстінде. Ал әдебиет, әрине, жаңа қоғам мен жаңа заманның, тәуелсіз мемлекеттің сөзін сөйлейтіні, соның сан алуан тынысын көркем түрде бедерлеп кейінгі ұрпаққа қалдыратыны мәлім. Заманалардың көш керуенінде небір қыруар көркемдік құндылықтарымыз да қоғам мен уақыттың сұранысына, талай-тілегіне сай сұрыпталудан, екшелуден өтеді. Өмір заңы да, өнер заңы да мұны жоққа шығармайды. Мәселен, күні кешегі кеңес заманындағы өскелең, әдебиетіміздің өзі де міне, бүгін тарих фактісіне, тарих шындығына, тарих ақиқатына айналып отыр.
Шынайы қаламнан туған шығармалар өзінің көркем шындығымен қоғам мен уақыт, заман мен адам талаптарына кезінде қандай зор қызмет етсе, кейінгі дәуірлерде де сол өткен күндердің әлеуметтік-рухани шежіресі ретінде сонау алыс жылдарды жақындату үшін жемісті түрде қызмет ете берді. Сондықтан шынайы да шыншыл, дәйекті суреттеген туындылардың барлығы біз үшін қымбат.
Кешегі кемелденген социолизмнің кемелденген әдебиетін тарих та, уақыт та, жаңа қоғам, сол көркем дүниелерді тарих тағылымы ретінде құрметтей де, бағалай да түседі. Сол шынайы әдебиеттің де гуманисттік қуаттарынан, көркемдік құдыретінен үлгі-өнеге алып, жаңа үрдіс, жаңа мазмұнмен байыта отырып, жаңа буынның әрі жаңа қоғамның рухани кәдесіне жарата береді.
Демек, қайсы бір дәуір болса да бұрынғы өткен кезеңдерде сол өз тұсының әбден ашым-айырық танылған биігінен зер салады. Бұл бүгінгінің сырын тереңірек танып-білу үшін қажет. Яғни, адамзат жасаған жақсылықтың бәрін игеру үшін де өткенді білу қажет.Бұдан туатын маңызды талап-тарихи деректі осы заман игілігі үшін, болашақ сәулеті үшін зерттеу керек десек, онда күні кеше ғана осындай туындылар берген қаламгерлеріміздің бірі–Қалаубек Тұрсынқұлов екендігі дау тудырмайды.Өйткені бұған белгілі жазушы әрі қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың қырық жылға жуық шығармашылық жолы мен еңбектері нақты дәлел. Жазушының қазақ, өзбек, орыс, якут, татар, башқұрт, тәжік, украин және т.б. тілдерде шыққан кітаптары осы автордың өзіне ғана тән көркемдік әлемін құрайтыны, түзетіні анық. Сондықтан белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың шығармашылық тұлғасын нақты әрі толық көрсету барысында, оның еңбектерін деректі проза тұрғысынан қарастыруды осы дипломдық жұмысымның мақсаты еттім. Қаламгердің өзіне тән көркемдік әлемі байыпты қарастыру мен талдаудың объектісі бола алады деген пікірдеміз.
Диплом жұмысының өзектілігі. Деректі проза жанры өз дәуірінің қоғамдық, рухани қырларын суреттеумен қатар, іргелі тарихи тақырыптарды да игере отырып, ұлт өмірінің шежірелі болмысын танытып келеді. Деректі шығармалар халқымыздың өткен шежірелі күндерін тарихи тұрғыда зерделеп, бүгінгі уақыт ағысына, әсіресе, өткенді тану, ұлтымыздың өткен жолын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Осы тұста Қалаубек Тұрсынқұлов қаламына тән еңбектер деректілігімен, келешек күндерге қасиеттілігімен құнды болмақ. Жазушының деректі дүниелерін бүгінгімен сабақтастыра, тірілте зерттеу, деректілігіне көз жеткізу дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылмақ.
Елбасының осы жылдың 1-наурыз күні “Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында негізгі басымдық ретінде білім саласына тоқтала отырып: “Бізге еліміздің экономикалық және қоғамның жаңару талаптарына жауап бере алатын қазіргі заманғы білім жүйесі қажет”–дейді. Яғни тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосу үшін қарқынды еңбек етіп қана қоймай, оның сапасын арттыруға да үлес қосуымыздың қажеттігін ескертті.
Міне, осы талаптарды дипломдық жұмысымда басшылыққа алдым. Осы міндеттердің үдесінен шығу біздің ең басты парызымыз деп білемін.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақ деректі прозасының дамуы барысында Қалаубек Тұрсынқұлов шығармаларының әдеби құндылығын табу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылмақ. Жазушы еңбектерінің деректі прозаның жанрлық талаптарына сай екенін анықтау, тарихи шыншылдығына көз жеткізу, эстетикалық мәнін айқындау жұмыстың міндеті болмақ.
Диплом жұмысының нысаны. Қалаубек Тұрсынқұловтың әр жылдары жарық көрген еңбектерімен қоса, ол жөнінде жазылған О.Бөкеев, Қ. Ергөбек,
Қ.Найманбаев, Т.Рамбердиев, К.Сыздықов, Д.Исабеков, З.Серікқалиев, С.Жұмабектің мақалалары зерттеудің нысаны етіп алынды.

1. Қ.Ергөбек. “Алысты жақындатқан”// Арыстар мен ағыстар: -Астана: “Таным” баспасы, 2003.-360 бет.
2. К.Смайылов. “Деректі прозаға ден қойғанда” // “Қазақ әдебиеті” 1991 жыл. 12 сәір.
3. “Қазақ әдебиеті энциклопедиясы”-Алматы, 1999 ж.
4. С.Жұмабек. Қазығұрт перзенті.-Алматы: “Жібек Жолы”, 1998.-168 бет.
5. Қ.Ергөбек. Арыстар мен ағыстар: -Астана: “Таным” баспасы. 2003.-360бет.
6. Т.Жұртбаев. “Деректі проза” //Әдеби өмір шежіресі. Құрастырған-Ә.Нарымбетов, Алматы; “Ана тілі” баспасы, ЖШС. 2005ж-488 бет.
7. Әдеби өмір шежіресі. Құрастырған-Ә.Нарымбетов, Алматы; “Ана тілі” баспасы, ЖШС. 2005ж-488 бет.
8. З.Серікқалиев. “Ерлік ізімен” //Тағдыр және біз.-Алматы: Ана тілі, 1996.-320 бет.
9. Қ.Ергөбек. “Баянғұмыр:( Сын мақалалар).-Алматы: Жазушы, 1991.-332 бет.
10. О.Бөкеев. “Қарапайымдылық логикасы”. “Жұлдыз”, 1983 жыл, №4.
11. Қ.Тұрсынқұлов 50 жаста. “Қазақ әдебиеті”, 1984 жыл, 16март.
12. Қ.Найманбаев. “Қарымды қаламгер”. “Қазақ әдебиеті”, 1984 жыл,
16 март.
13.Т.Рамбердиев. “Өміршеңдік өрісі”. “Оңтүстік Қазақстан” 1984 жыл,
31 март.
14.Әдебиеттіің қазіргі жағдайы. “Қазақ әдебиеті” 1994 жыл, 18 наурыз.
15.Ә.Бейсебаев. “Кемел шақ”. “Қазақстан пионарі” 1984 жыл, 24 матр.
16.Т.Жұртбаев. “Алысқа тартқан жол”. “Жетісу” 1984 жыл, 24матр.
17.М.Байғұтов. “Қаламгер әрі қайраткер”. “Оңтүстік Қазақстан” 1994 жыл,
19 наурыз.
18.С.Жұмабек. “Қазығұт перзенті”. “Қазақстан Заман” 2004 жыл.
28 мамыр.
19.Д.Исабеков. “Қазақ арасындағы Саха”. “Қазақ әдебиеті” 2004 жыл,
21 май.
20.К.Сыздықов. “Қазығұрттың төл перзенті”. “Оңтүстік Қазақстан”. 2004
жыл, 25 наурыз.
21.Ш.Бектай. “Халқының қазынасын қастерлеген”. “Оңтүстік Қазақстан”
2004 жыл, 25 наурыз.
22. Қ.Тұрсынқұлов. Алысқа тартқан жол. Повесть және әңгімелер.
“Жазушы” баспасы, Алматы, 1969 жыл.
23. Қ.Тұрсынқұлов. Алыста қалған ағалар. Әңгімелер. “Жазушы” баспасы,
Алматы, 1970 жыл.
24. Қ.Тұрсынқұлов. Есіңде ме, сол бір кез? Повестер. “Жазушы” баспасы,
Алматы, 1973 жыл.
25. Қ.Тұрсынқұлов. Олар оралған жоқ. Повестер мен сапарнамалар.
“Жазушы” баспасы, Алматы, 1976 жыл.
26. Қ.Тұрсынқұлов. Есіңде ме, сол бір кез? Таңдамалы. “Жазушы” баспасы,
Алматы, 1980 жыл.
27. Қ.Тұрсынқұлов. Анды-Қарақыз. Повестер мен әңгімелер. “Жалын”
баспасы, Алматы, 1982 жыл.
28. Қ.Тұрсынқұлов. Поляр шеңберінің маңында. Якутия туралы жазбалар.
“Жазушы” баспасы, Алматы 1986 жыл.
29.Қ.Тұрсынқұлов. Қазығұрт: аңыз бен ақиқат.-Алматы: “Тоғанай Т”
баспасы, 1998 жыл-336 бет.
30.Қ.Тұрсынқұлов. “Алматыдан келді де Қалдаяқов, Оңтүстігін әнімен
алды оятып”. “Шымкет келбеті” 1998 жыл. 16 қазан.
31.Қазығұрт энциклопедиясы. “Тоғанай Т” баспасы, 2002 жыл. 538 бет.
32. Қ.Тұрсынқұлов. Қазығұрттың баурайында.-“Ана тілі” баспасы, 2004-378 бет.

ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВ-ДЕРКТІ ПРОЗА ШЕБЕРІ
ІІІ тарау
ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДОСТЫҚ ТАҚЫРЫБЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біз тәуелсіздіктің он төртінші жылында өмір кешіп отырмыз.
Қалай десек те Қазақстанның бүгінгі тәуелсіздігі бізге өзінен-өзі көктен
түсе қалған жоқ. Небір иір-қиыр тарих көштерінің, талай-талай ұрпақтар
күрестерінің, армандарының өткен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында заңды жеміс
беруінде тарихи әділеттіліктің көп мәні жатыр.Өмір мен қоғам, заман мен
адам, тарих пен уақыт диалектикасының түптің түбінде сыйға тартар құдіреті
мен қолға ұстатар сыйы осы болса керек!
Ешбір халық өз тарихынан ешқашан бас тарта алмайды. Өйткені күні
кешегі социалистік дәуірдің де жалпыадамзаттық құнарлар мен қайнарлардан
нәр алған, соны жүзеге асырған, талай ұрпақтар көкірегінде арман болып
қалатын тарихи шындықтары мен тарихи жеңістерін, әрине, ешкім ешуақытта
жоққа шығара алмайды.
Заман мен қоғамның терең тамырластығы оның әлеуметтік құрылысынан,
идеологиялық мұраттары мен мақсаттарынан ұдайы нақты көрініс тауып жатады.
Көркем әдебиет пен өнер соның негізгі бір тұрлаулы айнасы, рухани-
әлеуметтік айнасы.
Жаңа заман мен жаңа қоғам да өз әдебиетін тудырмай тұра алмайды.
Тәуелсіз Қазақстан да қазіргі өзінің жаңа әдебиеті мен жаңа өнерін дүниеге
әкелу үстінде. Ал әдебиет, әрине, жаңа қоғам мен жаңа заманның, тәуелсіз
мемлекеттің сөзін сөйлейтіні, соның сан алуан тынысын көркем түрде бедерлеп
кейінгі ұрпаққа қалдыратыны мәлім. Заманалардың көш керуенінде небір
қыруар көркемдік құндылықтарымыз да қоғам мен уақыттың сұранысына, талай-
тілегіне сай сұрыпталудан, екшелуден өтеді. Өмір заңы да, өнер заңы да мұны
жоққа шығармайды. Мәселен, күні кешегі кеңес заманындағы өскелең,
әдебиетіміздің өзі де міне, бүгін тарих фактісіне, тарих шындығына, тарих
ақиқатына айналып отыр.
Шынайы қаламнан туған шығармалар өзінің көркем шындығымен қоғам
мен уақыт, заман мен адам талаптарына кезінде қандай зор қызмет етсе,
кейінгі дәуірлерде де сол өткен күндердің әлеуметтік-рухани шежіресі
ретінде сонау алыс жылдарды жақындату үшін жемісті түрде қызмет ете берді.
Сондықтан шынайы да шыншыл, дәйекті суреттеген туындылардың барлығы біз
үшін қымбат.
Кешегі кемелденген социолизмнің кемелденген әдебиетін тарих та,
уақыт та, жаңа қоғам, сол көркем дүниелерді тарих тағылымы ретінде
құрметтей де, бағалай да түседі. Сол шынайы әдебиеттің де гуманисттік
қуаттарынан, көркемдік құдыретінен үлгі-өнеге алып, жаңа үрдіс, жаңа
мазмұнмен байыта отырып, жаңа буынның әрі жаңа қоғамның рухани кәдесіне
жарата береді.
Демек, қайсы бір дәуір болса да бұрынғы өткен кезеңдерде сол өз
тұсының әбден ашым-айырық танылған биігінен зер салады. Бұл бүгінгінің
сырын тереңірек танып-білу үшін қажет. Яғни, адамзат жасаған жақсылықтың
бәрін игеру үшін де өткенді білу қажет.Бұдан туатын маңызды талап-тарихи
деректі осы заман игілігі үшін, болашақ сәулеті үшін зерттеу керек десек,
онда күні кеше ғана осындай туындылар берген қаламгерлеріміздің
бірі–Қалаубек Тұрсынқұлов екендігі дау тудырмайды.Өйткені бұған белгілі
жазушы әрі қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың қырық жылға жуық
шығармашылық жолы мен еңбектері нақты дәлел. Жазушының қазақ, өзбек, орыс,
якут, татар, башқұрт, тәжік, украин және т.б. тілдерде шыққан кітаптары осы
автордың өзіне ғана тән көркемдік әлемін құрайтыны, түзетіні анық.
Сондықтан белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың шығармашылық тұлғасын
нақты әрі толық көрсету барысында, оның еңбектерін деректі проза
тұрғысынан қарастыруды осы дипломдық жұмысымның мақсаты еттім. Қаламгердің
өзіне тән көркемдік әлемі байыпты қарастыру мен талдаудың объектісі бола
алады деген пікірдеміз.
Диплом жұмысының өзектілігі. Деректі проза жанры өз дәуірінің қоғамдық,
рухани қырларын суреттеумен қатар, іргелі тарихи тақырыптарды да игере
отырып, ұлт өмірінің шежірелі болмысын танытып келеді. Деректі шығармалар
халқымыздың өткен шежірелі күндерін тарихи тұрғыда зерделеп, бүгінгі уақыт
ағысына, әсіресе, өткенді тану, ұлтымыздың өткен жолын бүгінгі ұрпаққа
жеткізіп келеді. Осы тұста Қалаубек Тұрсынқұлов қаламына тән еңбектер
деректілігімен, келешек күндерге қасиеттілігімен құнды болмақ. Жазушының
деректі дүниелерін бүгінгімен сабақтастыра, тірілте зерттеу, деректілігіне
көз жеткізу дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылмақ.
Елбасының осы жылдың 1-наурыз күні “Қазақстан әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты халыққа арнаған
кезекті Жолдауында негізгі басымдық ретінде білім саласына тоқтала отырып:
“Бізге еліміздің экономикалық және қоғамның жаңару талаптарына жауап бере
алатын қазіргі заманғы білім жүйесі қажет”–дейді. Яғни тәуелсіз елімізді
әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосу үшін қарқынды еңбек етіп қана
қоймай, оның сапасын арттыруға да үлес қосуымыздың қажеттігін ескертті.
Міне, осы талаптарды дипломдық жұмысымда басшылыққа алдым. Осы
міндеттердің үдесінен шығу біздің ең басты парызымыз деп білемін.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақ деректі прозасының дамуы
барысында Қалаубек Тұрсынқұлов шығармаларының әдеби құндылығын табу
дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылмақ. Жазушы еңбектерінің
деректі прозаның жанрлық талаптарына сай екенін анықтау, тарихи
шыншылдығына көз жеткізу, эстетикалық мәнін айқындау жұмыстың міндеті
болмақ.
Диплом жұмысының нысаны. Қалаубек Тұрсынқұловтың әр жылдары жарық
көрген еңбектерімен қоса, ол жөнінде жазылған О.Бөкеев, Қ. Ергөбек,
Қ.Найманбаев, Т.Рамбердиев, К.Сыздықов, Д.Исабеков, З.Серікқалиев,
С.Жұмабектің мақалалары зерттеудің нысаны етіп алынды.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу барысында негізінен тарихи
салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау, хронотоп әдістері
тиісінше пайдаланылды.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының теориялық және
әдіснамалық негіздеріне ғалым, жазушылардың ғылыми және сыни ой-
тұжырымдары, қағидалары мен көзқарастары алынды. Атап айтқанда,
З.Қабдоловтың, Қ.Жұмалиевтің, Т.Жұртбайдың т.б. қазақ әдебиеттанушы
ғалымдарының, сол сияқты Қ.Ергөбектің, З.Серікқалиевтің, С.Жұмабектің
еңбектері.
Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш
тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
І тарау
ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұл (Қалкен Шарболатұлы) 1935 жылдың 25
наурыз күні қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Қазығұрт
ауданындағы Шарболат ауылында колхозшының отбасында туған. Қаратас
ауданындағы Ленин атындағы орта мектепте оқи жүріп, аудандық оқу бөлімінде
статист, мектепте аға пионервожатый қызметтерін қоса атқарған. 1953-1957
жылдары Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педогогикалық
институтында оқып, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алды. 1957-
1959 жылдары өзі оқыған Ленин атындағы орта мектепке қайта оралып, мұғалім,
оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1959-1961 жылдары Қазақстан ЛКСМ Қаратас аудандық комитетінің бірінші
секретары, 1961-1962 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық, 1962-1963 жылдары
Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің секретары, 1963-1966
жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінің бірінші секретары, 1966-1969
жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің секретары қызметтерін атқарады.
1969-1972 жылдары Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері
жөніндегі Мемлекеттік комитеті председателінің орынбасары, 1972 жылдан
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі
секретары.
Қалаубек Тұрсынқұл алғашқы шығармаларын елуінші жылдардың екінші
жартысында жазды. Қалкен Шарболатұлы деген атпен “Кәпірзада” драмалық
туындысы мен әңгіме, повестері мерзімді баспасөзде жарық көрді.
Қ.Тұрсынқұл аударма саласында да еңбек етіп келеді. Ол К. Яшен
пъесаларымен қатар Рахмат Файзидің “Айналайын атыңнан” романын, Хамит
Гулямның “Ташкенттіктер” романын, И.С.Тургенивтің “Бейбақ”, С.Даниловтың
“Мангары” повестерін, Л.Н.Толстойдың әңгімелерін және басқа да туысқан
республика жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Жазушының жекелеген өз повестері орыс, украин, белорус, чех, өзбек,
тәжік, якут, татар, башқұрт, армян және тағы басқа тілдерге аударылған.
Қ.Тұрсынқұл 1959 жылдан КПСС мүшесі. Шымкент облыстық, Алматы қалалық
Советтерінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Компартиясы ХІ съезінің
делегаты болды. Жас жазушылардың Бүкілодақтық V кеңесіне делегат болып
сайланды.
Екі “Құрмет белгісі” орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен,
Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет Грамотасымен екі рет награтталған. Якут
АССР-нің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер.
Жазушы Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұл әдеби қиял-армандарын,
тырнақалды талпыныстарын 1950 жылдардың екінші жартысында жаза бастаған. Ол
бұл кезде әлі студент, әлі жас маман. (1957-1959 жж) Жазушының ол тек
мерзімдік басылымдарда жарық көрген туындыларының датасын ғана мегзеп
отырған сияқты.
Ал арманшыл жүректің, бозбала жігіт шақтың алғашқы әректтері, әрине,
ертерек болуы керек. Өйткені мерзімдік басылымдарда Қалкен Шарболатұлы
деген әдеби псевдониммен, лақап атпен шыға білу едәуір біліктілік пен
сенімділікті көрсеткен болар. Мұның өзі болашақ жазушыға бір жағынан қанат
бітірсе, екінші жағынан әдеби сауаттылықты танытып, қажыр қосып, мүмкіндік
те тудырады.
1950 жылдардың екінші жартысында болашақ қаламгер Қалаубек Тұрсынқұл-
Қызылорда педогогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен
әдебиеті бойынша бітіріп, өзінің туған мектебінде мұғалімдік етіп жүреді.
Мектепте екі жыл мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып жүрген жас маман
1959 жылы Қаратас аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары болып
сайланады.
Асылы, ұстаздық пен жастар ұйымының жетекшісі болу түптің түбінде
тамырлас болғанмен, ішінара өзіндік ерекшеліктері, өзгешеліктері,
қиындықтары мол болатын жауапты жұмыстар. Енді Қалаубек Тұрсынқұл жас
коммунист әрі жастар жетекшісі ретінде аудан өмірімен, аудан
комсомолдарының тіршілік-тынысымен, көкейкесті проблемаларымен тікелей қоян-
қолтық араласуына тура келді. Жастар жетекшісінің қайраткерлік жолда өсуі
енді осылайша жалғаса берді. Мұның бәрі қазіргі қоғам қайраткерінің алғашқы
өсу баспалдақтары болса, кейіннен оқырмандарына ұсынатын болашақ көркем
туындыларының өмірлік мазмұны да еді.
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында премъера
болды. Сахнада Қалкен Шарболатұлының “Кәпірзада оқиғасы” атты екі бөлімді
трагедияның алғашқы қойылымы болды.
Трагедиялық спектакль кезінде сахнада табыспен жүрді. Театр бұл
қойылымды гастрольде де алып шықты.
Драматургия-әдебиеттің ең қиын жанры. Бұл салаға қаламы төселген,
таланты қуатты деген авторлардың да жүрегі көп дауалай бермейді.
Нағыз әрі шынайы драматург болуы үшін театр мен сахналық қойылым
мүддесіне сай әрқашан шығармашылық құрбандыққа саналы түрде бара білу
шарт. Ал мұның өзі екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан да
драматургия өнері- шығармашылық азаптың азабы... қиынның қиыны...
Бұған “Кәпірзада оқиғасы” трагедиясы арқылы Қалаубек Тұрсынқұл өзі де
автор ретінде мейлінше тез көзін жеткізді.
“Кәпірзада оқиғасы” атты екі бөлімді трагедия болашақ жазушы
Қалаубек Тұрсынқұлға өзін-өзі іздеп табудың кілтін көрсеткендей болды.
Аңызды өмірдің өзінен, өзінің замандастарының бойынан табу керектігін зайыр
аңғартты. Ең бастысы, өзің мен өз замандастарыңның басынан кешкен өмірлік
жайіттерге баса назар аударып, сол тұрғыда қалам тарту керек екендігін
болашақ жазушы Қалаубек Тұрсынқұл жақсы түсінді.
Автордың әдебиеттегі ендігі қадамы қандай болмақ? Оны алдан білетін
боламыз. Тек қана мақсат-белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұлдың өмірбаянына
сәйкес жүрсек жеткілікті.
Драматургияның өзіне қол еместігін мейлінше жақсы түсінген Қалаубек
Тұрсынқұл , енді прозаға түбегейлі бет бұру қажеттігін анық білді.
Қаламының қуаты бар екеніне нық сенім орнады. Қолы қалт еткенде әңгімелерін
жазуға отырды. Жұмысбастылық еріксіз илеп алады. Мұнан соң ол Қазақстан
ЛКСМ Орталық комитетінің әуелі бөлім меңгерушісі, кейіннен секретары (1966-
1969 жж) қызметін атқарады. Солай бола тұра Қалаубек Тұрсынқұл қаламнан қол
үзген жоқ. Ат басын түбі әдебиетке бұратынын ол сонау 1962 жылы –ақ анық
сезінген. Тек соның соғылар сәтін күту ғана қалды...
1969 жылы жас қаламгер Қалаубек Тұрсынқұлдың “Алысқа тартқан жол”
атты тұңғыш прозалық кітабы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Партия мен
үкімет Қалаубек Тұрсынқұлдың іскер қабілетіне зор сенім көрсетіп,
идеологиялық қызметінде жақсы абыройда жүрген оны тұңғыш прозалық кітабы
шыққан соң, 1969 жылы Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері
жөніндегі Мемлекттік комитеті председателінің орынбасары қызметіне
жібереді. Мұның өзі ол кезде отыз бес жастағы жігіт үшін үлкен сенім әрі
үлкен жауапкершілік еді.
Сонымен, оқырман қалың қауым Қалаубек Тұрсынқұлдың “Алысқа тартқан
жол” атты кітабымен жүздесті. Кітап тек сыншылар, жазушылар, әдебиетшілер
үшін жазылмайды. Қалың оқырман қауым үшін жазылады. Қажет болып жатса әркім
өзіне керегін іліп-теріп алар. Талғамда талас жоқ қой. Ұнатып жатса оқыр,
ұнатпаса бір жерде шаң басып қалар. Бірақ мұның бәрін бәрібір уақыт өзі
көрсете жатар. Сенім де осы. Мұрат та осы. Тек ұмтылысты тоқтатпау қажет.
Отыз бес жаста прозаға келу кештік етпейді. Дегенмен енді қаламды өндірте
түсу керек “Алысқа тартқан жол” тек кітаптың аты ғана емес. Яғни жазу
керек, жазу керек тағы да жазу керек!
Басты мақсат өмірлік шындыққа, өмірлік ақиқатқа қызмет ету. Әрине,
қаламмен қызмет ету. Шынайы қаламгерлік бақыт сонда қолға қонады. Мұндайда
өзгенің емес, өзіңнің шындығыңды, ақиқатыңды жазып үлгірсең де жеткілікті.
Тақырыпты алыстан іздеп жатудың қажеті шамалы екен. Мақсат атақ шығару
емес, өзіңнің көрігеңнен жарып щыққан шындығыңды, ақиқатыңды қағаз бетіне
түсіру, қағаз бетіне қалдыру. Соның шынайы сәулесінен өзіңнен басқа ешкім
толық түсініп, толық сезініп көрмейтін ғажайып асқақ сезімге шомылу,
пендешілік ғажайып бір рахатқа бөлену. Өзіңнің тағдырың жазылған, бұйырған
қаламгерлік парызың мен міндетіңді, рухани мүмкіндігің мен бойыңа жинаған
қазына-қорыңды мейлінше шыншыл жеткізе білуден, мейлінше сарқа ақтарудан
асқан бақыт барма? Оның үстіне соны мейлінше адал, мейлінше нақты орындап
шығу бақытынан асқан ләззат бола қояр ма екен?!
Сонымен, оқырман қауым Қалаубек Тұрсынқұлдың “Алысқа тартқан жол”
атты прозалық кітабымен жүздесті. Жинақы “Арман азабы” атты бір повесть пен
“Қайдасың, қайран Зүбіш?”, “Елеусіз қалған бір ерлік” , “Жұмақтың төте
жолы”, “Сайтанның салқыны”, “Түлен түрткен Түзел”, “Алысқа тартқан жол”
атты алты әңгіме еніпті.
“Алысқа тартқан жол” тұңғыш прозалық кітабы оның келешек
шығармашылық жолын айқындап та бергендей болды. Жазушы Қалаубек
Тұрсынқұлдың қаламгерлік эстетикасы-өзі нақты әрі терең білетін тақырыпты
қаузаса ғана жеңіске жетеді екен. Бүкіл қаламгерлердің баршасына ортақ
эстетикалық принципті жеке жазушының еншісі етіп те қарастыруға тиіспіз.
Өйткені ғұмырлы да іргелі эстетикалық принциптер мен конондар әрқашан
жекелеген қаламгерлердің қосқан үлесіне негізделеді. Әдебиеттің,
көркемдіктің эстетикасына тән ұлы құдіреттер де осындай сипаттардан
құралады.
Комсомол жастар жетекшісі болып жүргенде Қалаубек Тұрсынқұл өмір
сабақтары мен өнеге тағлымдарынан көп үйренді. Бұған оның қызмет аясы
итермелесін, мәжбүр етсін, еркімен ұмтылсын, белгілібір есептер мен
ақпарлар үшін істесін, өмірдің сан алуан жайіттері, тіршіліктің небір
түйіткілері мен түрткілері қозғау салғандықтан орындасын, әйтеуір, мұның
бәрі бекерге кетпепті. Ал кейіннен келе-келе оң жемісін бергенде
қаламгердің қуанышы өз алдына, оқырмандардың алғысы мен ризашылығы мүлде
бөлек еді.
1960-1965 жылдар. Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының
біткеніне де біраз жылдар болған. Жаңа бесжылдықтардың ғаламат әлеуметтік
қарқын алып, елдің еңсесін көтерткен жылдар. Ендігі бір мақсат жетіжылдық
жоспарды орындау. Кешегі совет заманының бүгін тарихқа айналған беттері.
Әлеуметтік белсенділіктің зор қарқынымен жүріп жатқан шағы. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің жиырма жылдығын зор табыстармен қарсы алу науқанының
қолға алына бастаған кезі. Ұлы Жеңістің осындай айтулы 20-жылдық мерекесіне
орай бүкіл халықтық алуан-алуан бастамалар қолға алынды. Осындай әлеуметтік
әрі рухани ірі шаралар партия мен комсомолдың, бүкіл совет халқының саяси
зор өрлеу үстіндегі тарихи да ғажайып акцияларына айналды. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің әуелде жиырма жылдығы, жиырма бес жылдағы, кейіннен
отыз жылдығы, қырық жылдығы өз тұстарындағы небір ғажап мемориалдар мен
небір тарихи ескерткіштерді, небір көркем шығармаларды, небір көркем
полотноларды, небір көркем фильмдерді, небір деректі туындыларды, небір
деректі фильмдерді, небір деректі спектакльдерді тудыруға зор қозғаушы күш
болды. Қазақ әдебиетінде “Жоқ ұмытуға болмайды! ” 1965 жыл атты классикалық
поэма дүниеге келді.Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығына ие болған бұл
шығарманы авторы – қазақтың ХХ ғасырдағы ұлы ақындарының бірі Жұмекен
Нәжімеденов еді. Қалаубек Тұрсұнқұлға тетелес әрі бір жас кіші Жұмекен
Нәжімеденовтың осы поэмасындағы өмірлік шындық барлық қазақ ауылына тән
еді. Ақын бұған дастандық жолмен келді. Ал Қалаубек Тұрсынқұл болса, өзінің
қаламына етене жақын тәсілмен-деректер шындығын қаз-қалпында беру жолымен
келді.
Ұлы Отан соғысы жылдарының ызбарын да, ызғарын да, шер-шеменге толы
азаптарын да автор жалаң аяқ жар кешіп жүріп көрген. Ол сонау болашақ
шағында-ақ майданның тылдағы зобалаңына, трагедиясына түгелдей кәу болған.
Жетімдік пен жесірліктің зарын, қайғы мен қасіреттің тақсіреттерін, кейбір
эпизодын “Арман азабы” атты повесінде жазып та шықты. “Иә, сол ұлы жорық
жолында, бауырластар елін жаудан азат етерде талай ағаларымыз от пен оқ
кешіп жүрмеді ме. Сол от пен оқтан аман қайтып келгендері жеңіс үшін бізбен
бірге қуанса, енді бір қатары қартая алмай, мәңгі жас болып жер жастанып
қалған жоқ па? Олар өмірін біз үшін қиды ғой, біздің бақытымыз үшін
алыспады ма жалмауыз жаумен. Солардың көпшілігінің ерлігі еліне белгісіз
болып та қалды ғой. Соны неге паш етпеске жастарға. Білсін, естісін!
Осы бір ойды шет елге шыққанда мен әркез есімде ұстап жүретінмін.
Жолдастырыммен бірге совет солдаттарының басына барып, ізет етіп, гул
қоятынбыз. Солардың арасынан қазақстандықтарды да іздей жүретінбіз. Осы
бір жайды қызметтес болған бірқатар жолдастар да білетін”. (“Алыста қалған
ағалар”, 1970жыл, “Жазушы”) деген деректер қаламгердің бұл тақырыпқа келу
жолының сонау 1960 жылдары басталғанын мегзеп отыр. Өйткені Қалаубек
Тұрсынқұл 1959-1969 жылдар аралығында аттай он жыл бойы аудандық комсомол
комитеті мен Республика комсомол комитетінде басшылық жетекшілік
қызметтерде жүрген еді. Ол бұл жылдары, әрине, әртүрлі делегациялар
құрамында талай шет елдерде болды ғой. Міне, сол жылдары қойын дәптерге
тірнектеп түсірген деректер, әрқилы сұрау салулар, хат жазысып, хат
алысулар, әралуан тарихи, әскери құжаттарға назар аударулар, өзара
сырласулар күндердің күнінде өзінің тамаша жемісін берді емес пе?!
Осы тұста Қалдарбек Найманбаевтың “Қарымды қаламгер” атты мақаласына
тоқталып кетсек.
“Қалаубек Тұрсынқұл әдебиетке кешеуілдеңкірлеп келген жазушы. Бірақ,
сол жас кезінен-ақ оның әдебиет ауылына қайта-қайта көз салып, алаңдап
жүргені анық. Көп жылдар комсомол қызметінде болғанда да оның әдебиетті
бір сәт есінен шығармағаны анық. Сөйтіп жүріп, қолы кейде қалт еткенде
көңіліндегі көп сырды қағазға түсіріп те қойғаны анық. Бірақ, онысын
ешкімге көрсетпегені де анық. Жеті қат тереңдегі құпиядай сақтағаны анық.
Сол жазғанының бәрі құпия сақтайтын кезде ол әр жанрға қалам тартып
көрді. Әңгіме де жазды, повесть те жазды, пъеса да жазды. Сөйтіп жүріп ол
бірде Чехословакияға барып қайтты. Туысқан елдің талай қаласын аралады.
Талай қызық көрді.
Сол сапарында ол Ұлы Отан соғысында бауырлас елдің бостандығы жолында
құрбан болған боздақтар жерленген талай бейітті көрді. Мәрмәр тасқа
қашалған талай есімді оқыды. Қай қалға бармасын үлкенді-кішілі ондай
бейіттер кездесе берді. Кездескен сайын ол қатты тебіреніп жүрді. Талай
есімді қойын дәптеріне жазып алды.
Жол жөнекей де, Алматыға келгесін де әлгі боздақтардың мәрмәр тасқа
қашалған есімдері оған тыншым бермеді. Көп күндер ылғи толқумен жүрді. Сол
толқу қолына қалам алмасына қоймады. Алғашында ол жүрексіне жазды.
Жазғандарын жүрексіне жариялап жүрді. Келе-келе сол боздақтардың тым ерте
үзілген өмірі оған ауыр жүк арқалатқандай болды. Енді ол алыста қалған
ағалардың соғыстан бұрынғы өмірін зерттей бастады. Бұл бір инемен құдық
қазғандай хикая болды. Өйткені, олар кешкен ізбен жүру оңай емес-ті. Жан-
жаққа жүздеген хат жазды. Іздеу салды. Талай ауылға барыпта қайтты. Соғыста
жақынынан айырылған талай жандардың қайғысына ортақтасты, олардың көңілін
жұбатты.
Сөйтіп бір қиын шаруа басталып кетті. Өзі де жан-жақтан жүздеген
хаттар алды. Әр хаттың әр жағында соғыстан қайтпай қалған ағалардың өмірі
тұрды. Міне, осындай тебіреніс үстінде, толқу үстінде “Алыста қалған
ағалар” деп аталатын жақсы шығарма дүниеге келді. Оны біз қызыға оқыдық.
Өйткені, ол шығарма талай үйдің өлгенін тірілтіп, өшкенін жандырды. Талай
әкені отыз жыл бойы күткен хабарына қанықтырды. Талай ананың көз жасын
тыйды.
Ол шығарма шын мәнінде Қалаубек Тұрсынқұловты жазушы ретінде туған
әдебиетімізге алып келді. Бұл жолы ол әдебиетке именбей келді. Өз үнімен
келді.”[12.3]
Яғни Қалаубек Тұрсынқұлдың профессионал қаламгер ретіндегі шынайы
танылуы, шынайы мойындалуы “Алыста қалған ағалар” атты деректі повесінен,
яғни 1970 жылдан басталады. Сондықтан шығар,ол 1972 жылы Қазақстан
жазушылар одағының мүшелігіне қабылданады. Профессионал жазушы деген
мүшелік билет алады. Әуелдегі Қалкен Шарболатұлы деген фамилиясы енді ресми
түрде лақап есімге, псевдонимге айналады. Арада оттай он жыл өткенін осыдан-
ақ біліңіз. Жазушының әдебиетке өз тұрғыластарынан кеш келдім дейтін бір
себебіне жауапты осы арада табамыз-ау, аламыз-ау дегіміз келеді.
Сонымен жазушы Қалаубек Тұрсынқұлдың 1980 жылы “Жазушы” баспасынан
“Есіңде ме, сол бір кез?” атты таңдамалысы шыққан еді. Міне, осында
қаламгердің “Алыста қалған ағалар” атты деректі циклы орын алған. Бұл циклы
негізінен “Алыста қалған ағалар” (1970) және “Олар оралған жоқ” (1976) атты
кітаптарына енген деректі туындылардан құралған.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1972 жылғы кезекті бір
пленумында жазушы Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұлдың шығармашылық одақ
басқармасының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі хатшысы болып сайланды.
Қазақстан Жазушылар одағы басшылығының Қалаубек Тұрсынқұлды осы
хатшылыққа тартуы, шын мәнінде, Одақтың аппараты үшін құт болды. Өйткені,
ол міне сонау 1972 жылдан бері осы қызметті абыройлы атқарып келеді.
Шығармашылық одақтың басшылық құрамы әлде неше рет өзгергенімен,
ұйымдастыру мәселелері жөніндегі хатшы, белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұл
әлі табан аудармай еңбектену үстінде. Қазақстан Жазушылар одағының 1972-
1998 жылдар аралығындағы өткізген көптеген қоғамдық- әлеуметтік, алуан-
алуан шығармашылық шаралары: әдебиет күндері, конференсиялар, симпозиумдар,
конгрестер коллеквиумдар, дөңгелек столдар және тағы басқа да жұмыстардың
жоғары деңгейде өткізілгенін қалың жұртшылық жақсы біледі.Мұның бәрінде де
ұйымдастыру мәселелері жөніндегі хатшы Қалаубек Құдайбергенұлы Тұрсынқұлдың
сөз жоқ, қомақты үлесі бар.
Алпыстан асқан ғұмырының қырық жылдай уақытын хатшылықпен өткізіп
келе жатқанына әрі таң қаласың, әрі қайраткерлік қажырының тұрақтылығына
риза боласың.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып жүрген алғашқы
жылдарында, яғни 1973 жылы, “Жазушы” баспасы оқырмандарға жазушы Қалаубек
Тұрсынқұлдың “Есіңде ме, сол бір кез ?”атты повестер жинағын ұсынды.
Автордың осынау үшінші жинағына үш повесть еніпті. Үш повестің үшеуі
де негізінен жастық шақтың әр мезеттерін –албырт та думаншыл, арманшыл да
әсершіл, жігерлі де қайсар мезеттерін кәдімгі өмірдің өзінен ойып алған
қалпында жеткізумен көзге түседі. Атап айтсақ, “Кешіккен хат”, “Хал қалай,
хатшы жолдас?”, және “Есіңде ме, сол бір кез”.
Повестер өте жинақы шыққан. Шығарманың оқиға желісі оқырманды
жалықтырмай, жетелеп отырады. Өзара ұшырасу, өзара танысу, өзара табысу
сәттері мейлінше нанымды шыққан. Әсерлі диологтардағы жастыққа тән
батылдық, жарасымды юморға негізделген әзіл-қалжың, аңсарлы сезімдер буына
елтіген масаң көңілдер мен армандар ұшқыны әрі қарапайымдылығымен, әрі
көркемдігімен оқырман назарын бірден тартып, баурап алады.
Шығармашылықтың одақтың басқарма хатшылығына келгелі бері жазу столына
отыруға мүмкіндігі болмаған Қалаубек Тұрсынқұл екі жылғы үзілістің орнын
толтыруға шұғыл кірісті. Әсіресе сонау 1970 жылғы “Алыста қалған ағалар”
атты деректі прозасы, аяқталмаған осы тақырыпты жалғастыруды заңды түрде
талап етті. Бұған енді таяп қалған Ұлы Жеңістің 30 жылдығы онан сайын қамшы
салды. Автор көкіректе қордаланған, ойда пісіп –жетілген нәрселерін қағазға
түсіруге отырды. Соның нәтижесінде дүниеге “Олар оралған жоқ” атты кітап
келді (1976 жылы). Мысқалдап, тірнектеп жиналған әралуан құжаттар,
материалдар, деректер ақыры өзінің лайықты көркемдік бітіміне ие болды.
Дегенмен “Алысқа тартқан жол” (1969), “Алыста қалған ағалар” (1970),
“Есіңде ме, сол бір кез?” (1973), “Олар оралған жоқ” (1976) атты қарапайым
кітаптар –жазушы Қалаубек Тұрсынқұлдың қаламын кәсіптік шеберлік биігіне
біртіндеп жетелеген әралуан туындылар еді. Міне, осы жолдағы қаламгерлік
ізденістер жазушылық айдау жолға, ал жазушылық жол қаламгерлік дербес
қолтаңбаны айқындауға ұласып жатты. Ысылған, төселген қалам профессионалдық
шеберлік кәмелетіне ұмтылды. Шеберліктің соңына шам алып түсуден артық
сөкеттік жоқ. Шеберлік шыңына тек талғам мен талант мінажатынан шыңдалған
қаламгер ғана көтеріледі. Шеберлікте, әрине шек жоқ. Әрбір шығарманың
көркемдік мазмұны өзіне сай шырайлы түрге ие болғанда ғана, шеберліктің
бір сипаты көрініс табады. Қалам шыңдала түскен сайын, жазу машығы, жазу
өнері мейлінше қиындай береді екен. Қалаубек Тұрсынқұл бұған іс жүзінде қол
жеткізді. Қаламгер ретінде өз басынан кешті. Шығарманы жазып тастау және
оны кітап етіп шығара салу авторға енді қиындық тудырып отырған жоқ.
Қырықтан асты. Елуде енді иек астында. Қаламгерлік шеберлік шабыт
шақыратын сияқты. Жауапкершілікті терең сезінген қаламгер енді шабыт отын
неғұрлым таразылап барып әрі тікелей көркемдік мақсатқа сәйкес неғұрлым
тиімді лаулату мәселесіне назар аударды.Профессионалдарға қойылар талап
жоғары. Жастық, балаңдық, тәжірибесіздік және тағы басқа критерийлермен
ақталуға жол жоқ. Қалаубек Тұрсынқұл енді профессионал қаламгер ғана емес,
шығармашылық одақ хатшыларының бірі. Мұның өзі де сын көзбен қарауды,
сыншыл көзбен қабылдауды күшейтті. Ысылған қаламгерлік тәжірибе мен заман,
қоғам, өмір туралы парасатты пайымдау қаламгердің жаңа туындыларында өзгеше
нақышта, өзгеше сапада көрініс табуы қажет.
Көркем шығарманың әлеуметтік-адамгершілік проблемалары өзіне лайық
философиялық жүк көтеруі тиіс. Азамматтық парасат пен суреткерлік
шеберліктің өрімі бір болғаны дұрыс. Профессионал қаламның қуаты мен қажыры
осы арнадан өріс табуы тиіс. Қалаубек Тұрсынқұл жазушы ретінде мақсатын
осылайша белгілеп, осылайша биіктете түсті. Енді соны өзінің көркем
туындыларымен нақты дәлелдеуі керек. Көкейде жүрген, ойда піскен, түйген-
тоқығандар жеткілікті. Онсыз да асықпауға, аптықпауға әрі әу бастан ақырын
жүріп, анық басатын сабырлылық қаламгерге мейлінше шыдамдылық пен
төзімділікті дарытқан үстіне дарыта түскен сияқты. Өйткені бұл кезде
қаламгер туындылары орыс тіліне және өзге тілдерге аударылып, кітап болып
шығып жатты. Әсіресе Сәтімжан Санбаев аударған орысша кітаптары Алматыдан
да, Москвадан да қатар-қабат, іле-шала жедел шығып жатты.
Сонымен, 1975-1981 жылдар беделінде жазған жаңа дуниелері арқылы
профессионал қаламгер Қалаубек Тұрсынқұл өзінің көркемдік өрісінде
шеберліктің жаңа биігіне көтерілгендігін айрықша мықтап дәлелдеді.
Өйткені, күні бүгінге дейін бізге деректі прозаны қабылдау мәдениеті өз
деңгейінде емес. Бұл саладағы еңбектерді бәз-баяғы оперативті
журналистиканың сәтті бір жемісі деп қарайтындар әлі де жеткілікті.
1982 жылы Қалаубек Тұрсынқұлдың “Жалын” баспасынан “Анды-Қарақыз”
атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Алғашқы кітаптар барысында
қоғам қайраткері болып жүрген авторға кейбір сенімсіздік пен дудәмал
күдіктер енді сейіліп, әсіресе “Есіңде ме, сол бір кез?” (1973) кітабы
тұсында мейлінше мықтап арылғанын жақсы білеміз. Арадағы екі-үш жыл
үзілістен соң автор өз оқырмандарымен “Олар оралған жоқ” (1976) атты
деректі кітабымен қайта жүздесіп еді. Жазушы Қалаубек Тұрсынқұл қайтадан
журналист Қалаубек Тұрсынқұлға айналғандай күдік туды. Бұл, әрине, ұшқоры
ұғым болғанмен, алып-қашпа пікірлердің тұздығына айналғанына күмән жоқ.
Ал енді мына “Анды-Қарақыз жинағы қаламгер Қалаубек Тұрсынқұлдың
суреткерлік рейтингін қалпына келтіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге зиялы
жұртшылық, әдеби қауым орталарында, оқырмандар алдында шынайы өз биігіне
көтеріп жіберді. Документалист Қалаубек Тұрсынқұлды енді суреткер деп
қабылдау мықтап орнықты. Мұның да өз заңдылығы бар еді. Өйткені, “Анды-
Қарақыз” кітабы парасат өрісі-шеберлік кепілі екендігін дәлелдеді.
Сонымен “Анды-Қарақыз” жинағына жазушының “Қызғалдақ”, “Жалғыз долана”,
“Бүйрек”, “Каштан жанғағы”, “Төбелес” атты әңгімелері; “Қазығұрт хикаялары”
деген циклмен “Анды-Қарақыз” повесть-аңызы және “Кәпірзада оқиғасы”
драмалық повесі; “Бір қиырдан-бір қиырға” (Якутия жазбалары) атты
сапарнамасы енген.
Қалаубек Тұрсынқұлдың 1986 жылы “Жазушы” баспасынан “Поляр
шеңберінің маңында” атты әссе кітабы жарық көрді.Бұл -әссені Қиыр
Солтүстіктен Якутия еліне әр жылдар беделіндегі сапарлардың собығы десек те
болады. Бір кітаптың он үш жыл жазылуының да терең мәні бар. Жазушының
жауапкершілік пен жазушылық махаббат көрінісіне бір дәлел осы әссе кітабы
болып табылады. Әуелде “Бауырластарға барғандар” (1976), “Мәңгі тоңмен
қайта кездесу” (1980), “Бір қиырдан-бір қиырға”(1982), “Сәлем, саған, саха
елі” (1983) және тағы басқа осындай сапарнамалар, қолжазбалар күйінде
кезінде республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген. Оқырмандар
өздеріне таныс-бейтаныс Якутияны, якут халқының өткені мен бүгінінен бір
қатар жаңалық тауып, бұл туындыларды жатырқамағаны белгілі. Дегенмен,
солардың бәрі-баршасы дәндері іп-ірі, сап-сары, жұп-жұмыр жүрегінің
собығындай-әссе кітап болып оқырмандар қолына тиер алдында түбегейлі
толықтырулардан, сүзгілеулерден, мүлдем жаңа акценттер мен жаңаша сипаттар
алуында күмән жоқ. Жыл сайынғы тікелей байланыстар, сол уақыттар
аралығындағы түбірлі өзгерістер, шұқшия зерттеулер “Поляр шеңберінің
маңында” атты әссе кітапта өзінің тамаша жемісін берген.
Қалаубек Тұрсынқұл аудармашы ретінде өзбек тілінен Камиль Яшеннің
пьесаларын; Рахмат Файзидің “Айналайын атыңнан” , Хамит Гулямның
“Ташкенттіктер” атты романдарын; Сафрон Даниловтың “Мангарлар”, Иван
Тургеневтің “Бейбақ” туындыларын орыс тілінен аударған.
1998 жылы Қалаубек Тұрсынқұлдың “Тоғанай Т” баспасынан Оңтүстік
Қазақстанның көне дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарихына талдау жасайтын
“Қазығұрт: аңыз бен ақиқат” атты танымдық көркем шығармасы жарық көрді.
Автор “Қазығұрт: аңыз бен ақиқат” атты әдеби-ғылыми танымдық еңбегінде
этимологиялық, тарихи шолу жасай отырып, “Қорқыт ата”, “Оғызнама”, тағы
басқа түркі тайпаларына байланысты жырларды, Геродоттың, Бартольдтың,
Ә.Марғұланның ғылыми еңбектерін де қарастырған. Кітап “Қазығұрттың басында
кеме тұрса”, “Басында Қазығұрттың кеме қалған”, “Ел мен жер” атты үш
бөлімнен тұрады. Бұл үш бөлімнің өзі Қазығұрт өңірінің ұзынырға тарихын
белгілейтін бірнеше тарауларға бөлінеді. Соңғы тарауында “Анды-Қарақыз”
повесть-аңызымен қатар бір топ әңгімелері қоса берілген.
2002 жылы “Тоғатай Т” баспасынан Қалаубек Тұрсынқұлдың тікелей
бастамасымен, және З. Әбдірасыл, Б.Шетенов ағаларымыздың ат салысуымен “
Қазығұрт энциклопедиясы” атты кітап жарық көреді. Бұл “Энциклопедия” деп
аталатын кітапта Қазығұрт өңірінің өткен-кеткен тарихы, табиғаты мен
тарихи орындарын, осы өңірді қасиетті санап, қызғыштай қорғаған хандары,
билері мен батырларының өмір жолдарын, кейінгі дәуірде осы өңірде өмірге
келіп, елі үшін еңбек еткен және етіп жүрген азаматтары түгел қамтылып,
алфавит бойынша жүйеленіп берілген. Кітаптың соңғы тарауы “Қазығұрт: аңыз
бен ақиқат” кітабының (1998) екінші бөлімі, яғни “Қазығұрттың басында кеме
калған” тарауы толығымен енгізілген.
2004 жылы “Ана тілі” баспасынан Қалаубек Тұрсынқұлдың “Қазығұрттың
баурайында” атты кітабы жарық көрді. Автордың бұл жинағында әр жылдары
жазылған повестерімен әңгімелері іріктеліп берілген.
Міне, белгілі жазушы, қоғам қайраткері, Якутия (Саха) республикасы
мемлекеттік сыйлығының лаурияты, Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен
Сейфуллин атындағы “Алаш” сыйлығының иегері Қалаубек Тұрсынқұлдың өмірі мен
шығармашылық жолы, осыған саяды.
“Шымкент келбеті” газетінің 16 қазан 1998 жылғы шыққан номерінде,
Қалаубек Тұрсынқұловтың “Алматыдан келді де Қалдаяқов, оңтүстігін әнімен
алды оятып” атты тақырыпта мақаласы жарияланды. Бұл мақала компазитор Шәмші
Қалдаяқовтың Оңтүстік аудандарына жасаған сапары жөнінде жазылған.
Ал, “Қазақ әдебиеті” газетінің 20 ақпан 2004 жылғы шыққан номерінің
“Мөлтек мәліметтер” атты тарауында былай деп жарияланған: “Қаламгер
Қалаубек Тұрсынқұлов Шәмші Қалдаяқов жөнінде кітап жазу үстінде. “Бұл
кітап,-дейді автор,-Шәмшінің өмірбаяны немесе шығармашылығы туралы емес,
ұлы сазгердің адамдық қасиеттері жөнінде сөз қозғайды”. Кітаптың жартысы
жазылып бітіпті, толық нұсқасы алдағы уақытта дайын болатын көрінеді”.
Бұдан біз автордың қазіргі кезде тікелей шұғылданып, бет бұрған
еңбегінің бірі- компазитор Шәмші Қалдаяқов туралы екенін аңғарамыз.
Міне, Қалаубек Тұрсынқұлдың еліне сыйлаған еңбектері осылай жалғасын
тауып келеді. Елеулі еңбектерімен ел ықыласына бөленген Қалаубек
Тұрсынқұлдың елі үшін жақсы істерді жалғастыра берері даусыз.

Әдебиет-кешегі мен бүгінгінің айғағы. Әдебиетте халқымыздың тарихы
мен тағдыры, дарасы мен данасы, шыны мен шыңы жатыр. Әдебиет өз оқырманын
ел өмірінен хабардар етіп, тарихқа жетелейді. Тарих шындыққа апарып
тірейді.
Тарихқа үңілу, оны осы заман тұрғысынан танып, ой елегінен өткізу
енді осы күнгі толғақты мәселелердің табиғатын тануға мүмкіндік береді.
Қазақ әдебиетінің сыршылдығынан шыншылдығы басым келетін саласы-
деректі әдебиет . “Әттең сыншысы кездеспей, насихаты келіспей келеді
әдебиетіміздің бұл саласының. Әйтпесе, қазақта да тәп-тәуір деректі әдебиет
бар. Ол керекті әдебиет. Тарихымыз үшін, жастарымызды тарих сабағына
шұғылдандыра тәрбиелеу үшін керек”. [1.122б]
“Болашақтың әдебиетін болжай келе, Лев Толстой былай деп жазған:
“Меніңше, болашақта жалпы көркем туындыларды ойдан шығармайтын болады.
Жазушылар, ештеңені ойдан шығармай, тек өмірден көріп, байқаған маңызды,
мәнді, нақты деректі жайлар туралы баяндап беріп отырытын болады”.
Көрдіңіз бе, ұлы суреткер жазушылардың қиялынан шындықтың күшті де
әсерлі болатынын айтып отыр. Соңғы жылдары бүгінгі заман туралы деректі
оқиғаларға құрылған шығармалар туды. Бұл әдебиет зерделілігін көрсетеді.
Документті, деректі фактылар көп шығармаларға тақырып қана емес, сюжеттік
арқау, конфликт желісі, характерлерді сомдау құралы болып отыр. Өмірде
сирек ұшырасатын ғажайып тағдырлар мен ойламаған оқиғалар негізінде қаншама
көркем шығармалар туған. Әрине, мұнда деректі факты, документтік оқиға
көркем шығарманың шындықты топшылау, типтеп бейнелеу табиғатына бағынуы,
көнуі тиіс. Өйткені көркем шығарма бір ғана (қанша ғажап, тамаша болса да )
өмірбаянды, не бір оқиғаны көшіре салмайды. Мақсат-шындықты жіті көре де
көрсете білу, өмірдің өзі берген дайын материалды пайдалану. Демек, мұнда
жазушы деректі өмірдің әсерінен, ықпалынан шыға алмай, соның қарамағында
қалады. Ал, әдебиеттің мақсаты мен қызметі-өмірді өзгерту, өмірдің
фактылары мен құбылыстарын сұрыптап, іріктеп барып, оның даму, өркендеу
бағыттарын, ағымдарын өрнектей білу. Мақсат –жеке адамдардың өмірбаяндарын
сол болған қалпында көшіріп алу емес. Мәселе- деректі документті материал
құшағында қалмай, соған сүйене отырып, көркемдік, типтік бейне жасауда.”
[2.8б]
Яғни, “деректі жанр-өмірде болған нақтылы жайларды анық мәлімет,
айқын деректерге сүйеніп бейнелеу тәсілі қолданылатын көркем туындылар.
Деректі жанрға өмір баяндық (автобиографиялық), естелік түріндегі
(мемуарлық), публицистикалық шығармалар, көркем очеркті жатқызуға болады.
Деректі жанрда әдеби шығармаға тән көркемдік сипаттар өмірдегі нақтылы
шындық баяндалып отырған жай-жағдайлар автордың ой-елегінен өткізіліп, оның
сезім-әсерлерімен нәрленіп шығуы арқылы танылады. Яғни, нақтылы жайлар жеке
фактілер жинақталып, қорытылып, типтік дәрежеге көтеріледі.Әрине, кез
келген дерек шығармаға арқау бола алмайды. Маңызды өмір құбылысын, адам
мінезінің елеулі өзгешелігін танытатын жайлар, деректер ғана жазушы назарын
өзіне аудара алады.Деректі жанрда жазушы шеберлігі нақты фактілер мен
деректердің шеңберінен шықпай отырып-ақ, шығармаға үлкен танымдық,
көркемдік сипат дарыта білуден байқалады. Бұл жанрдың өзгешелігі де міне
осында. Мұнда деректілік-негізгі көркемдік тәсіл” [3.197б]
Деректі әдебиеттің тарихы тым көне дәуірлерден бастау алады. Ал
көркем әдебиет көркем процестің еншілес бір бөлігі, елеулі де жанды, өткір
де өміршең бөлшегі ретінде ХІХ ғасырдың бері, әсіресе ХХ ғасырдың екінші
жартысынан бері бұл жанрдағы әрқилы туындыларға мейлінше лайықты әрі
мейлінше жете мән беріле бастады.
Мәселен, әралуан сипаттағы публицистикалық толғаныстар, очерктер,
хроникалық-репортаждық немесе танымдық жазбалар, сапарнамалар, күнделіктер,
хаттар және тағысын-тағы туындылардың ең басты сипаттары неде? Міне, осы
төңіректе әрқилы пікірталастар бар. Өйткені деректі әдебиеттің, әсіресе,
деректі прозаның жанрлық басты белгілері мен ерекшеліктерін
әдебиеттанушылардың, сыншылардың, гуманитарлық саладағы көптеген
мамандардың қызу пікірталасын әлі күнге дейін тудырумен, жалғастырумен
келеді.
“Әлемдік өркениеттің қазынасына елеулі үлес қосқан небір классикалық
мұраларды-деректі дүниелерді атап кетуге болады. Мысалы, француздар-
ағайынды Гонкурлардың жиырма екі томдық “Күнделігі” (орысша екі том 1964
жыл); Анри Стендальдің “Гайдн, Моцарт және Метастазионың ғұмыры”,
“Россинидің ғұмыры”; Ромен Ролланның “бетховеннің ғұмыры”; ағылшын Томас
Карлейльдің “Француз революциясының тарихы”; американдық Джон Ридтің
“Дүниені дүр сілкіндірген он күн”; неміс Гетенің “Поэзия және шындық”;
австриялық Стефан Цвейктің “Бальзак”, “Жозеф Фуше”, “Мария Стюарт”,
“Магеллан”; орыстар-Александр Пушкиннің “Пугачевтің тарихы”, Петр Чаадевтің
“Философиялық хаттары”, Александр Герценнің “Өткендер мен ойлар” , Евгений
Тарленнің “Напалеон”, “Кутузов”, “Талейран”, Виктор Шкловскийдің “Лев
Толстой”, Сергей Смирновтың “Брест қамалы”, Илья Эренбургтың “Адамдар,
жылдар, өмір”, Александр Бектің “Волоколам тас жолы”, “Арпалыс”, Данил
Гранин мен Александр Адамовичтің “Құрсаудағы Ленинград”, Юрий Тыняновтың
“Пушкин”, Ольга Берггольцтің “Күндізгі жұлдыздар”, Михайл Шатровтың
“Алтыншы ибль”, “1918 жыл”, Виктор Богомоловтың “Ақиқат сәті”; қазақтар-
Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”, Бауыржан Момышұлының
“Жонарқамызда Москва”, Әбу Сәрсенбаевтың “Жауынгер монологы”, Қасым
Қайсенов пен Әди Шәріповтың партизандық жазбалары және тағы басқалар.
Демек, қазіргі деректі шығармалар қазақ әдебиетінде бар дәстүрді
жалғастырып келеді”. [4.39-40б]
“Деректі проза соңғы жылдары қазақ әдебиетінде дендеп өсті. Жанрлық
шарты, өсіп-өркендеу процесі көңіл толарлықтай. Жанрда талмай жазып,
әдебиетке абырой әкеліп жүрген дарындарда бірсыпыра. Шын дарын деректі
прозаға да ауадай қажет. Шын таланттық белгілі бір жанрға ат басын бұруы-
әдебиеттің сол саласы үшін ырыс, құт-береке болмақ”.[5.86б]
Белгілі қаламгер Тұрсын Жұтбай деректі проза туралы мынадай өзіндік
пікір білдіреді: “Біз құлдықтың құрығына үйреніп қақпайлаған жаққа жүріп
дағдыланған халықпыз. Құлбұрау басып, өз бетінше ел болуға мүмкіндік туып
отырған “Шақпалы кезеңде де” (М.Әуезов) басымызды бодандықтың мойынтырығына
одан әрі тереңдете сұғып, өңмеңдей түсеміз. Партиялық диктатура құлады,
бірақ империялық диктат құлаған жоқ. Дүние-дүние болғалы, түркі-түркі,
қазақ-қазақ болғалы, “Жеке ел болмас” деп шүршітпен де, сартпен де,
сартауылмен де, жоңғармен де қан төгісіп келеді емес пе. Біз сол ата-
бабамыздың, күні кеше ғана тепкіде өлген, кеше қарғап, бүгін мақтап жүрген
Әлтханның, Ахметтің, Міржақыптың, Мағжанның, Жүсіпбектің әруағын сатып
кеттік.
Әйтпесе, “Жеке ел боласың ба?” деп сұрағанда қазақтың 90 пайызы
“Құлдықтан құтылмаймыз, Одақсыз, орыссыз күніміз жоқ” –деп жауап бере ме?
Ұлттың санасын оятатын шақ туса да өзімізді-өзіміз сыйлауға үйренбей
келеміз. Демократияның туын ұстағандардың аяқ астына империя шаңырағы
шайқалған кезде олардың қалай диктат болып шыға келгенін көріп отырмыз.
Шекараны қайта қараймыз, салып берген сарайымыздың құнын төлеттіреміз,
әскерімізді әкетпейміз, бізсіз күніңді көре алмайсың деп сес те көрсетіп
тастады. Халық сескеніп қалды. Енді не істейді? Амалдап жанымызды амал алып
қалармыз-ау, бірақ, ішіне шөп толтырған тұлыпқа мөңіреп отырған жоқпыз ба,
осы біз?
Сіздер бұл пікірдің деректі прозаға қандай қатысы бар деп отырған
шығарсыздар. Меніңше, тікелей қатысы бар. Халықты оятатын, өткенін,
өшкенін, өлгенін, өнгенін таразыға салатын осы жанр”. [6.308б]

деректі осы заман игілігі үшін, болашақ сәулеті үшін зерттеу керек.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Нұрлан
Оразалиннің Қазақстан Жазушыларының ХІІ құрылтайындағы “Әдебиеттің иесі-
халық, киесі-елдің рухы” атты баяндамасында әдебиеттің деректі саласына
ерекше тоқталып, деректі прозаның кемелденуін мына есімдермен
байланыстырады.
“Қаламгерлеріміздің соңғы кезде ел өмірінің өткені мен бүгінгісіне
қатысты деректі шығармаларға ден қоюы молырақ байқалады. Деректі прозада
тегеурін көрсеткен Қасым Қайсенов, Камал Смайлов, Әзілхан Нұршайықов,
Бақытжан Момышұлы, Жаппар Өмірбеков, Әмен Әзмев, Қалаубек ТҰрсынқұлов,
Сейдәлім Тәнекейев, Сұлтан Оразалинов, Медеу Сәрсекеев, Герольд Бельгер,
Ахат Жақсыбаев, Адам Мекебай, Ілия Жақанов, Мұрат Әуезов, Әбілмәжін
Жұмабаев, Шәрбану Бейсенова, Кәрібай Ахметбеков, Төкен Ибрагимов, Қажығали
Мұқамбетқалиев, Тұрсын Жұтбай, Файзулла Оразаев, Мереке Құлкенов, Аян
Нысаналин, Жанат Елшібеков, Әбсәттар Дербісалиев, Жақау Дәуренбеков,
Жанболат Аупбаев, Қуаныш Жиенбайев шығармалары өз оқырмандарын тауып
келеді”.[7.447б]
Қазақ деректі әдебиетіне өміріміздің шежіресінен сыр шертетін
деректі туындаларымен зор үлес қосқан жазушының бірі–Қалаубек
Тұрсынқұлов”. “Анды-Қарақыз”, “Есіңде ме, сол бір кез”, “Кәпірзада”,
“Поляр шеңберінің маңында”, “Олар оралған жоқ”, “Қазығұрт: аңыз бен ақиқат”
атты туындылары жазушының өмірлік материалдарға сүене отырып,
замандастарлдың бейнесін суреттеу арқылы, тың тақырыптарға батып барғанын
байқатады.
Жазушы шығармашылығында өзара өзектесіп, тілдесіп жататын өміршеңде
өрісті ерекшеліктер бар. Шынайы мөлдір махаббат, туған елге жерге деген
сүйіспеншілік, адамдар арасындағы достық, бауырмалдық, ар тазалығы секілді
асыл сезімдер шығармадан шығармаға, кітаптан-кітапқа желі болып, алтын
арқаға айналады.
Жазушының қаламгерлік мүмкіндігін танытар деректі көркем-
публицистикалық хикая, әңгімелері, сапарнама-жолжазбаларын тұтас бір шолып
қарасақ, ең алдымен, автор ешқашан жаза баспайтын, күретамыр, қасиетті
тақырыбын-кешегі сұрапыл соғыста ел намысын, жер намысын қорғап; қыршын
қиылған боздақтар өмірін, толғандырар тағдырлар шындығын табар едік. Бұл
тақырыпта жазылған шығармаларының өзі бір қырынан көрінеді. Сондықтан бұл
туындылардың өзін бір сала деп қарастыру керек.
Қ.Тұрсынқұлов творчествасындағы бір сала–потриоттық және
интернационалдық тәрбие саласында үлкен роль атқаратын деректі дүниелері.
Жазушы Отан үшін от кешендер жүріп өткен жолды зерттеуге, олардың ерлік
істерін бүгінгі ұрпаққа паш етуге зор еңбек сіңіріп, осы жолда ерінбей
–жалықпай ізденген. “Партизан Көшіков және оның достары”, “Олар оралған
жоқ”, “Алыста қалған ағалар”, “Қияда қалған қыран” сияқты деректі
повестерінде, отан үшін от кешкен ағаларымыздың тағдыры жайлы баяндалады.
Онда, ұрпаққа бақытты болашақты қасық қанымен сыйлап кеткен, ұмытылмас
есімдер, тағдырлар шындығын деректі әңгімелермен сомдап береді. Бұл
туындыларының мән-маңызы олардың тек докуметтерге, табандылықпен іздеудің
нәтижелеріне майдангерлер әңгімелеріне сүйеніп жазылғандығында емес.
Автордың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz