Иман



1. Кәлимә Таухид.
2. Кәлимә Шәһәдәт жән Иманның негіздері.
3. Ижмали иман.
4. Тафсили иман.
5. Сенім тұрғысынан адамдар.
6. Иманның адамға беретін бақыты.
7. Иман мен амал арасындағы байланыс.
8. Иманның шынайылығы мен қабыл болуының шарттары.
Кәлимә шәһәдәт деп аталатын куәлік сөзі - адамның Ислам дініне кіруіндегі ең алғашқы кезең. Осы сөз Аллаһтың бар және бір екендігін, мұнымен қатар ақырзаман пайғамбарының да пайғамбар екендігін қабылдап бекіту жөнінде өз нәпсісін (жанын) куә қылу мағынасындағы мүбарак бір сенімді білдірген сөйлем. Сондықтан осы куәлік сөзі діннің тегі және тіреуі болып табылады.
Кәлимә шәһәдәт өте ұлы сөз болғаны соншалық бүкіл адамзаттың құтылуы және бақыты соның шексіз мағынасы мен сырында сақтаулы.
Бұл сөз Құран Кәрім мен хадис шәрифтерде:
Кәлимә тайиба (ең жақсы сөз),
Кәлимә тақуа (тақуа сөзі),
Қаулу сәбит (тура сөз),
Мәқалидус-сәмәуәти уәл-ард (көктердің және жердің кілті),
Кәлимә Ихлас (ықылас сөзі),
Ируәтул-уусқа (мықты тұтқа),
Дағуәтул-Хақ (Хаққа шақыру),
Сәмәнаһул-жәннәти (жәннаттың ақысы) сияқты баяндамалармен түсіндірілген.
Өйткені бұл сөз негіздердің негізі сияқты бір негіз. Исламның басқа негіздері де, егжей-тегжейлі түрдегі бөлімдері де осы негізге байланысты. Сондықтан куәлік сөзімен иман келтіру бүкіл ғибадаттардан артық. Өйткені ғибадаттар сонымен ғана бар, әрі мәні бар болады. Ғибадаттар белгілі уақыттарда орындалады. Белгіленген уақыттарынан басқа уақыттарда орындалса дұрыс болмайды. Ғибадаттардың ішінде ең ерекше әрі артық болған намаз да күніне бес уақыт орындалуға тиісті. Ал иман үнемі парыз. Яғни, үздіксіз иман ету әркімнің мойынында. Көңілді әр түрлі масиуадан (құлдың Аллаһқа құлшылық етіп, Оған жетуіне кедергі болатын барлық нәрсе. Дүние, мал-мүлкіне деген бітпес ой сияқты...) үнемі сақтау және иманды әр түрлі жағдайда тірі яғни күшті ұстау қажет. Иман келтіру ешбір міннің себебінен парыз болудан түспейді. Үнемі қорғалуы шарт болып кешіктірілуіне рұқсат жоқ.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ИМАН
Тақырыптар:
— Кәлимә Таухид.
— Кәлимә Шәһәдәт жән Иманның негіздері.
— Ижмали иман.
— Тафсили иман.
— Сенім тұрғысынан адамдар.
— Иманның адамға беретін бақыты.
— Иман мен амал арасындағы байланыс.
— Иманның шынайылығы мен қабыл болуының шарттары.

КӘЛИМӘ ТАУХИД:

Оқылуы: Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммәдур расулуллаһ.
Мағынасы: Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Аллаһтың елшісі.

кӘлимӘ шӘҺӘдӘт

Кәлимә шәһәдәт деп аталатын куәлік сөзі - адамның Ислам дініне
кіруіндегі ең алғашқы кезең. Осы сөз Аллаһтың бар және бір екендігін,
мұнымен қатар ақырзаман пайғамбарының да пайғамбар екендігін қабылдап
бекіту жөнінде өз нәпсісін (жанын) куә қылу мағынасындағы мүбарак бір
сенімді білдірген сөйлем. Сондықтан осы куәлік сөзі діннің тегі және тіреуі
болып табылады.
Кәлимә шәһәдәт өте ұлы сөз болғаны соншалық бүкіл адамзаттың құтылуы
және бақыты соның шексіз мағынасы мен сырында сақтаулы.
Бұл сөз Құран Кәрім мен хадис шәрифтерде:
Кәлимә тайиба (ең жақсы сөз),
Кәлимә тақуа (тақуа сөзі),
Қаулу сәбит (тура сөз),
Мәқалидус-сәмәуәти уәл-ард (көктердің және жердің кілті),
Кәлимә Ихлас (ықылас сөзі),
Ируәтул-уусқа (мықты тұтқа),
Дағуәтул-Хақ (Хаққа шақыру),
Сәмәнаһул-жәннәти (жәннаттың ақысы) сияқты баяндамалармен
түсіндірілген.
Өйткені бұл сөз негіздердің негізі сияқты бір негіз. Исламның басқа
негіздері де, егжей-тегжейлі түрдегі бөлімдері де осы негізге байланысты.
Сондықтан куәлік сөзімен иман келтіру бүкіл ғибадаттардан артық. Өйткені
ғибадаттар сонымен ғана бар, әрі мәні бар болады. Ғибадаттар белгілі
уақыттарда орындалады. Белгіленген уақыттарынан басқа уақыттарда орындалса
дұрыс болмайды. Ғибадаттардың ішінде ең ерекше әрі артық болған намаз да
күніне бес уақыт орындалуға тиісті. Ал иман үнемі парыз. Яғни, үздіксіз
иман ету әркімнің мойынында. Көңілді әр түрлі масиуадан (құлдың Аллаһқа
құлшылық етіп, Оған жетуіне кедергі болатын барлық нәрсе. Дүние, мал-
мүлкіне деген бітпес ой сияқты...) үнемі сақтау және иманды әр түрлі
жағдайда тірі яғни күшті ұстау қажет. Иман келтіру ешбір міннің
себебінен парыз болудан түспейді. Үнемі қорғалуы шарт болып
кешіктірілуіне рұқсат жоқ.
Куәлік сөзі ең жалпы түрімен төмендегі сөйлемді жүрекпен бекітіп,
тілмен айтудан тұрады:
Оқылуы: Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә
Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу.
Мағынасы: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне куәлік етемін, Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне де куәлік
етемін.
Ал терең мағынасы бойынша Исламға қарасты ақиқаттар тізбегін қамтиды.
Құран Кәрім басынан аяғына дейін куәлік сөзінің не екендігінің
түсініктемесі деп айтылса да болады. Өйткені Құран Кәрім дін мен таухидтен
(Аллаһты бірлеу жүйесі) тұрады. Бұл шындықты баяндау ретінде көркем аятта
былай айтылады:
Бұл Құран, (адамдар) ескерту алсын, Аллаһтың жалғыз бір екендігін
білсін әрі ақыл иелері жақсылап ойлап, үгіт алсын деп адамзатқа тәблиғ
(білдірілген) етілген. (Ибраһим сүресі 52-аят)
Дүниеде де ақыретте де Аллаһ разы болатын барлық жақсы істер (амал
салих) кәлимә тайиба яғни ең жақсы сөз болған таухидтің жемісі. Ғибадаттар
иманның жүректегі әсері бойынша ләззатқа, сыпайылық пен жақсы мінез-құлыққа
жеткізеді. Бұған қарсылық Хақ Тағаланың ашуын келтіретін барлық жаман іс-
әрекеттер де жаман сөздің, яғни күпіршіліктің нәтижесі болып, әр түрлі
пәлекет пен жамандықтың, бүліктің және бұзықшылықтың бұлағы болып табылады.
Аллаһ Тағала айтады:
Аллаһтың қалай мысал келтіргенін көрмедің бе? Көркем сөз (болған
таухид және куәлік сөзінің) тамыры мықты, бұтағы көкте болған бір көркем
ағаш тәрізді.
(Сол ағаш) Раббысының бұйрығы бойынша әр уақыт жемісін береді. Үгіт
болсын деп Аллаһ адам баласына мысал келтіреді.
Ал жаман сөздің (күпіршілік пен имансыздың) мысалы, жерден қопарылып
тасталған, сондықтан діңінде тұра алмайтын (шірік) ағаш сияқты. (Ибраһим
сүресі 24-26 аяттар)
Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтады:
Сол ағаштың әр уақыт жеміс беруі — зәкір құлдың күні-түні Аллаһты
еске алып зікір етуі. (Фәдаили Амал, 462)
Ибн Аббас (радиаллаһу анһу) осы аяттар туралы былай дейді:
Осы аяттарда Кәлимә шәһәдәтқа (куәлік сөзіне) ишарат етілген. Тамыры
мүмин құлдың сөзінде және жүрегінде, ал бұтақтары көкте. Сондықтан
мүминдердің амалдары яғни іс-әрекеттері аспанға көтеріледі. Ал жаман сөз
Аллаһқа серік қосу, күпіршілік пен имансыздықты көрсететін сөздер. Осындай
сөздермен ешбір іс-әрекет қабылданбайды.
Сондықтан:

(Күпірден және күнәдан) тазарған (ағарған) кісі сөзсіз құтылған
(Ағлә сүресі 14-аят) аяттың түсініктемесінде Хазреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
Бұл аяттағы тазару сөзінің келтірілуіндегі мақсат:

деп куәлік беру және Аллаһқа құл болуға бөгет болатын қандай нәрсе
болса да барлығынан пұт деп бет бұрылуын қамтамасыз ету. (Фәдаили Амал, 4)
Расында нәпсілерді ағартуға және жүректерді сафтандыруға міндетті
болған сопылардың негізгі міндеттері осы хадистің мағынасы, сыры бойынша
қызмет істеу. Төмендегі аят Аллаһ Тағаланың жүректе пайда болған пұттарға
деген ашуын білдіреді:
Ей, Пайғамбар! Нәпсі бейімдерін тәңір халіне келтіргендерді көрдің
бе?. (Жасиә сүресі 23-аят)
Көптеген аяттарда баяндалғандай пайғамбарлардың міндеттерінің бірі -
адамзаттың көңіл әлемін ағартып кәміл түрде таухидтің тереңдіктерінен
несібесін ала білулерін қамтамасыз ету.
Шәһәдәт, яғни куәлік сөзі бөлек бір иләһи сырлар мен хикметтер
қазынасы. Сондықтан жер, көк, бүкіл мақлұқат, періштелер және шын білім
иелері кәлимә таухид пен кәлимә шәһәдәтті, яғни Аллаһтың бар және бір
екендігін бекіту әрі айту күйінде. Бұдан басқа олардан бұл бекіту мен
айтуды талап еткен Аллаһ Тағаланың өзі де куәлік беруде. Аятта айтылады:
Аллаһ осы шындықтарға куәлік береді: Ешбір тәңір жоқ тек қана Ол бар.
Бүкіл періштелер және білім иелері де тұп-тура осы жөнінде куәгер: Ешбір
тәңір жоқ тек қана әзиз және үстем болған
Ол бар. (Әли Имран сүресі 18-аят)
Кәлимә шәһәдәт деп аталатын куәлік сөзінде төрт негіз бар:
1. Исбат затуллаһ (Аллаһтың затының бар екендігінің белгіленуі)
2. Исбат сифатуллаһ (Аллаһтың сипаттарының белгіленуі)
3. Исбат әфғалуллаһ (Аллаһтың істерінің белгіленуі)
4. Исбат сыдқи Расулуллаһ (берген әрбір хабарда Аллаһтың пайғамбарының
туралығының белгіленуі)

ИМ АН НЕГІЗДЕРІ

Сөздік мағынасы жағынан Иман - бір нәрсеге сену деген сөз.
Діни термин ретінде Иман - Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһ тарапынан әкелген нәрселеріне күдіксіз
рас деп шын жүректен сену және бұл сенімін тілмен жеткізу.
Иман екіге бөлінеді:
а) Ижмали иман
ә) Тафсили иман
а) Ижмали иман: Аллаһқа және Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) Аллаһтың пайғамбары екендігіне сену.
Дінімізде сенуге тиіс нәрселердің тобықтай түйіні болғандықтан мұны
ижмали иман деп атаймыз.
Иман негіздері жалпы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде
Кәлимә Таухид пен Кәлимә Шәһәдәтта берілген. Бір адам Кәлимә Таухид
немесе Кәлимә Шәһәдәттің біреуін тілмен жеткізсе, яғни айтса және оған
жүрегімен сенсе мұсылман болып саналады. Бірақ мұсылман адам мұнымен
шектелмейді. Иман негіздерін нақты және түбегейлі үйреніп жеке-жеке сену
керек.
ә) Тафсили иман: Иман негіздеріне жеке-жеке сену тафсили деп аталады.
Нақты иман негіздері - Иманның шарттары деп те аталады. Иманның
шарттары алтау:
1. Аллаһқа сену
2. Аллаһтың періштелеріне сену;
3. Аллаһтың кітаптарына сену;
4. Аллаһтың пайғамбарларына сену;
5. Ақырет күніне сену;
6. Тағдырға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иманның сөздік және терминдік мағынасы
Иман негіздері, Кітаптарға иман
Абайдың дінге көзқарасы
Исламның сенім негіздері
Қазіргі кездегі діндер және ислам дінінің пайдасы
Имандылық туралы
Фикх-ул-әкбардан үзінді
Имандылық – бақыттың шыңы
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері туралы
Пәндер