Қазақ атауының этимологиясы



1 «Қазақ» этнонимінің пайда болуы
2 Орхон мұраларынан келтірген жазба деректер
3 Қазақ этнонимінің мәні
«Қазақ» этнонимінің пайда болуы туралы айтылған пікірлермен қатар, оның этимологиясы туралы аңыздар мен ғалымдардың жазған және айтқан пікірлері аз емес. Аңыздар мен шежірелерде бұл сөздің мәнін қаз, аққу сияқты құстардың аттарымен байланыстырады. «Аққу, қаздың кейпіне қарап, аспаннан ұшып келіп, айдын көлге шомылған перизат аруларға ғашық болып үйлену» қазақ ертегілерінде көптеп кездесетін оқиғалар. Қазақтар ақ қазды, аққуды киелі құс деп санап, оны атуға тыйым салған. Осы құстарды дәріптеу, құрметтеу - қазақ халқының болмысында сақталып келе жатқан қасиет. Солай болса да, қазақ терминінің мазмұнын осы құстармен байланыстыру тек аңыздарға ғана тән екенін естен шығаруға болмайды.
«Қазақ» сөзінің мәнін осы құстарға байланысты деушілер ертедегі Тұран жұртының патшасы Афрасиабтың қызы Қаздың есімін тілге тиек етіп, осы атауды қыздың атымен жалғастырғылары келеді[1]. М. Қашқаридің «Түрік сөздігі» атты еңбегінде осындай қаланың болғандығы туралы айтылған. «Қаз: Қаз: Афрасиабтың қызының аты. «Қазвын» қаласын сол жасатқан. Бұл сөздің әуелгі мәні: қаз ойыны болады. Өйткені, қызы сол жерде тұратын, сол жерде ойнайтын. Сол үшін де кейбір түріктер «Қазвын» шаһарын түрік елі шекараларының бірі деп санайды»[2]. Сол кездегі деректерге қарағанда бұл қала Іле өзенінің орта ағысында, осы күнгі қолдан салынған Қапшағай су қоймасының астында қалды. Оны тек су астынан жүргізілетін археологиялық зерттеулер ғана табуы мүмкін. Бірақ «қазақ» сөзінің мәнін Қазханымның атымен байланыстырудың реті келмейді.
Халқымыздың арасына кең тараған тарихи аңыздар: «қазақ», «алаш» және «үш жүз». Бұл әпсаналардың төркіні ертеде Сырдарияны жайлаған, 32 рулы елді билеген Қызыларыстан атты ханмен байланысты. Ханнан «ала» бала туған соң, оны Сырдарияның суына ағызып жіберген екен. Бір балықшы баланы құтқарып, өзіне бала етіп асырап алады. Бала ер жетеді. Ол әрі ақылды, әрі батыр азамат болған соң, оны «Алаш» деп атайды. Содан кейін қазақ ауыз әдебиетінде айтылатын Қотанбай мен Майқы билер Алаштың қасына жүз жігіт қосып, оны өз еркіне жібереді. Оған Қотанбайдың үш баласы: Үйсін, Болат және Алшын да барып қосылған.
[1] Қашқари М. Түрік сөздігі. 3-т. - Алматы, 1998. - 208-209 бб.
[2] Сонда. 208 б.
[3] Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы, 1994. – 26-б.
[4] Сонда. – 27-б.
[5] Сонда.
[6] Сартқожа Қ. Орхон мұралары. - Астана, 2003. - 269-270 бб.
[7] Тоған З.У. Түгінгі Түркістанның таяудағы тарихы. - Стамбул, 1998. – 37-б.

[8] Қазақстан тарихы. 2-т. - Алматы, 1998. – 305-б.
[9] Ғабжалилов Х., Арепова А. //Алаш. - № 3(3). - 2005. – 44-б.
[10] Сонда.
[11] Қайдар Ә. Қазақ қандай халық? – Алматы, 2009.
[12] Шәлекенов У.Х. Шынында да ... біз кімбіз, Қазақ қандай халық? //Айқын, 17 маусым 2009.
[13] Арғынбаев К., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. - Алматы, 2000. – 7-б.
[14] Мырзахметов М. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі туралы // Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Алматы, 1991. – 4-б.
[15] Сонда. 73-б.

[16] Жұмабаев М. Шығармалары. - Алматы, 1989. – 175-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ атауының этимологиясы
Posted ср, 10122011 - 21:06 by Администратор

Қазақ этнонимінің пайда болуы туралы айтылған пікірлермен қатар, оның
этимологиясы туралы аңыздар мен ғалымдардың жазған және айтқан пікірлері аз
емес. Аңыздар мен шежірелерде бұл сөздің мәнін қаз, аққу сияқты құстардың
аттарымен байланыстырады. Аққу, қаздың кейпіне қарап, аспаннан ұшып келіп,
айдын көлге шомылған перизат аруларға ғашық болып үйлену қазақ
ертегілерінде көптеп кездесетін оқиғалар. Қазақтар ақ қазды, аққуды киелі
құс деп санап, оны атуға тыйым салған. Осы құстарды дәріптеу, құрметтеу -
қазақ халқының болмысында сақталып келе жатқан қасиет. Солай болса да,
қазақ терминінің мазмұнын осы құстармен байланыстыру тек аңыздарға ғана тән
екенін естен шығаруға болмайды.

Қазақ сөзінің мәнін осы құстарға байланысты деушілер ертедегі Тұран
жұртының патшасы Афрасиабтың қызы Қаздың есімін тілге тиек етіп, осы атауды
қыздың атымен жалғастырғылары келеді[1]. М. Қашқаридің Түрік сөздігі атты
еңбегінде осындай қаланың болғандығы туралы айтылған. Қаз: Қаз:
Афрасиабтың қызының аты. Қазвын қаласын сол жасатқан. Бұл сөздің әуелгі
мәні: қаз ойыны болады. Өйткені, қызы сол жерде тұратын, сол жерде
ойнайтын. Сол үшін де кейбір түріктер Қазвын шаһарын түрік елі
шекараларының бірі деп санайды[2]. Сол кездегі деректерге қарағанда бұл
қала Іле өзенінің орта ағысында, осы күнгі қолдан салынған Қапшағай су
қоймасының астында қалды. Оны тек су астынан жүргізілетін археологиялық
зерттеулер ғана табуы мүмкін. Бірақ қазақ сөзінің мәнін Қазханымның
атымен байланыстырудың реті келмейді.    
Халқымыздың арасына кең тараған тарихи аңыздар: қазақ, алаш және үш
жүз. Бұл әпсаналардың төркіні ертеде Сырдарияны жайлаған, 32 рулы елді
билеген Қызыларыстан атты ханмен байланысты. Ханнан ала бала туған соң,
оны Сырдарияның суына ағызып жіберген екен. Бір балықшы баланы құтқарып,
өзіне бала етіп асырап алады. Бала ер жетеді. Ол әрі ақылды, әрі батыр
азамат болған соң, оны Алаш деп атайды. Содан кейін қазақ ауыз
әдебиетінде айтылатын Қотанбай мен Майқы билер Алаштың қасына жүз жігіт
қосып, оны өз еркіне жібереді. Оған Қотанбайдың үш баласы: Үйсін, Болат
және Алшын да барып қосылған. Бәрі біріккеннен кейін жігітті ақ киізге
отырғызып, хан етіп көтеріп, оны Алаша хан деп атаған деген аңыз бар. Бұл
жерде Алаша хан үш жүзді құрайтын Қотанбайдың балаларын біріктірген, осыдан
қазақ деп аталатын халық пайда болды деп баяндалған[3]. Бұндай әпсаналар
баршылық. Біз бұл жерде тек біреуінен мысал келтірдік.

Әлбетте, Қызыларыстан ханның болғанын, одан алапес баланың дүниеге
келгенін және оның Алаш болғанын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу қиын. Сондықтан
осы айтылған әңгімені нағыз аңыз деп түсінеміз. Тек бұл әпсананың ішінде
алаш этнонимінің мәніне қатысты сыр жатқаны аңғарылады. Себебі, Алаш
сөзі түрік тілдес халықтардың арасында Атамыз Алаш, атымыз қазақ, үш
жүздің ұрпағымыз; Алты алаш; Алаш ұран, түріктер алаштың балалары деген
сияқты тіркес сөздері жиі кездеседі. Мысал ретінде келесі жолдарды
келтірейік:

 

 Алаш алаш болғанда,

 Ала тай ат болғанда,

 Таңбасыз тай,

 Енсіз қой болғанда

 Алаша хан болғанда...,[4] –

 

дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға
таңба басылмаған, қойға ен салынбаған) заманнан келе жатқанынан хабар
береді[5]. Соған қарағанда, алаш сөзі ертеректе, яғни антикалық дәуірде
пайда болып, барлық түрік тілдес тайпалардың басын қосатын алаш деген
этникалық ұғымның болғанын меңзейді. Алты алаш, яғни алты алаштың
ұлымыз, алты алаштан тараймыз деген сөздер бүгінгі күндері де жиі
кездесетін ұғымдар. Алайда алаш сөзінің мәні көпшілік қауымға беймәлім
болып келген. Тек, түріктанушы ғалым Қ.Сартқожа Орхон мұраларын зерттеп,
Білге қаған мәтінін оқығанда Алаш атамасы туралы өте құнды деректерді
кездестірген: Б. з. V-VІІІ ғғ. аралығында тарих сахнасында көрініп бізге
жеткен түрік текті тайпалық үлкен бірлестіктер: қыпшақ, тоғыз-оғуз, басмыл,
қарлуқ, түргеш, отыз-оғуз. Осы алтауы ғана. Осы алтауы Түрік төрінің
(өкіметінің) алтын бағанасы. Бұл алтауы бірлік ынтымақта болса қағанат
айбарлы, қаһарлы. Алтауы араз болса қағанат әлсіз. Олар Түрік қағанатының
көк туының астына жиналғанға дейін өз-өзінің қағанаты болған.
Сондықтан да, алты тақ иегерлері деп Білге қаған ерекше атап отыр. Осы
алты кіші хандықтың ордасын не деп атағанын іздестірдік. Таңқаларлығы
соншалық, кіші ордаларды М. Қашқари алачу (alaču) деп атапты. ХІ ғасырға
дейін халық санасында қалыптасып, ХІ ғасырдың басында жазылып хатқа түскен
атау. Alaču - кіші орда. Бұл тарихи дерек. Аты үлкен тайпалар одағы алты
кіші хандық құрып тұрған. Түріктер қағанат орталығын Орда атаса,
хандықтардың орталығын alaču деп атағаны бізге осылайша белгілі
болды[6].

Орхон мұраларынан келтірген жазба деректер баршаның санасындағы Алаш
сөзінің шығу тегі мен мағынасын айқындайтын құнды мәлімет. Жоғарыда аттары
аталған Алты алашты құрайтын мемлекеттің орталығын Алаш (алачу) деген
атамалардан шыққандығын байқаймыз. Алты алаштың бірлескен орталығын
Алаш астанасы деп атаған. Осы бірлестікті құраған алты тайпаның орталығы
болған Алаш деген сөз барлық түріктердің бірлестігін көрсететін этникалық
ұғымға айналып, Орталық Азия түріктерін Алты алаш, Алты алаштың ұлдары
болып бірігуін айғақтайды. Бұл пікірдің қай жағынан қарағанда да шындыққа
сай екені байқалады. Түріктер бірлесіп алты алашты құрайтын аттары
аталған тайпалардың бір орталық астанасын белгілеп, оған Алаш деген ат
қойып, ол түріктердің саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналған –
деген ұғымға келуге блатын сияқты.

Алты алаш бірлесіп империя құрған дәуірлерде түріктер Алаш астанасының
төңірегіне шоғырланып, оның даңқын асқақтатып, Алаш сөзін түріктердің
мемлекеттік символына айналдырған. Түріктің аспан бейнелі көк байрағын
Алаштың көк туы деген түсінік қазірге дейін айтылып жүр. Егеменді
Қазақстан Республикасының биік тұтатын туы да осыған негізделіп алынған.
Үлкен-кішілі жиындарға, немесе соғысқа жиналғанда Алаш деп жар салса,
ертедегі түрік дәуірлерінде, қазірде де Астананың атқаратын, оның басқарушы
қызметінің үлкен екендігіне айрықша мән берген.

Осы келтірілген мәліметтерге қарағанда, Алаш атауы Орда (астана) мәніне
ие болып, ертедегі түріктердің бөлінбеген (енші алыспаған) кезінде пайда
болып, Орталық Азияны шығыс және батыс көршілерінен қорғауда алаштың көк
туының астына біріктіруде үлкен саяси күшке айналған. Сол бірлестік күшті
ұйымдастыруда орданың атқарған қызметі айтарлықтай қасиетке ие болған.
Түріктер енші алысқаннан кейін, оларды біріктіріп, түрік империясын құруда
осы алаш атамасын пайдаланып отырған.

Қазақ сөзінің этимологиясы туралы түрік ғалымдары жазған. Солардың бірі
Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: Қазақ деген ат алғашында сұлтандарға
ғана тән еді, кейін оларға қарасты тайпалардың және олар құрған мемлекеттің
атына айналды[7]. Бұндай жайттың түрік халықтарының тарихында орын алғаны
ертеден белгілі. Солай болса да, бұл пікірді аксиома ретінде қабылдау қиын.

Келтірілген үзіндінің мәні орасан зор. Осы кез біздің қазақ атанғандық
деп, Моңғол-түрік империясы ыдырағаннан кейін, 1450 жылы Әбілқайыр
басқарған хандықтың құрамында қазақ деген осы атпен біздің халықтың өз
алдына бөлініп шықты деудің қисыны келіп тұр. Бұл тарихи кезеңде түріктер
өз алдарына бөлініп, енші алысқаны тарихи оқиға. Қазақ халқы ежелден бір-
бірімен араласып, қандас (анда) болған бірнеше рулардан құрылғанын бекер
деуге болмайды. Енді қазақ этнонимінің мәні туралы айтылған ұғымды,
ғұлама барлық өзінің қолы жеткен деректерге сүйеніп, шынайы, әділ тұжырымға
келгенін байқау қиын емес. Сондықтан келтірілген З.У. Тоғанның жазғанына
қарағанда, қазақ атамы алғашқы уақытта түрік сұлтандарына берілген
құрметті атау болып, кейін кейбір тайпалардың және мемлекеттердің
атамаларына айналдырды деген пікірдің қисыны келіңкіремейді. Жоғарыдағы біз
келтірген деректерге қарағанда, Орталық Азияның шығысы Қытайдан, батысы
Қара теңіздің солтүстік далаларын мекендеген Дешті қыпшақ деп аталған көп
санды тайпалардың үлкен бір бөліктері тарихта қазақ атамасымен аталған.
Олай болса, бұл термин ежелден этникалық мәнді білдіргеніне күмәндануға
негіз жоқ.

Қазақ сөзінің этимологиясын нақты, оның шынайы мазмұнын ашып қараған Ш.
Уәлиханов. Ол қазақ сөзін әскери термин ретінде қолданып, ержүрек,
батыл деген мәнді білдіретінін жазған. Осы мағынаны кеңейте келе В.В.
Радлов қазақ деген атауды тәуелсіз, еркін, ерікті адам десе,     А.Н.
Самойлович бұл сөздің әлеуметтік мәніне қарап, ... батыл, ержүрек, еркін
адам деген мәнді беретінін жазған. Қазақ сөзінің осы этимологиясын
ертедегі және орта ғасырдағы жазба деректерде жазылғанын жаңа заманның
шығыстанушылары босқа шығара алмаған. Солай болса, қазақ атауы
еркіндіктің қасиетін ерте иеленген, өздерінің жерін (отанын) көздерінің
қарашығындай қорғай білген батыл, ержүрек түрік тайпаларын қазақ деп
атаған. Олардың айрықша жауынгер болуының негізгі себептерінің бірі кең-
байтақ Отанын қорғаудың нәтижесінде батыл ұлдары мен қыздарын тәрбиелеген.
Қазірге дейін қазақтар ұрпақтарын патриотизмге тәрбиелеуде, мынандай
қанатты сөзді қолданады: Жалаңаш барда жауға шап, ажал жетпей өлмейсің
деумен бірқатарда, батырлар жырларында бұл мақсатта кең пайдаланған.
Қазақтардың осы ерекшеліктері қазақ атамасына сай келеді.

Солай болса да, кейбір орыс зерттеушілері Қазақ атамасын зерттеп, оны
мейлінше бұрмалап жазып қалдырғандары баршылық. Шығыстанушы А.Н. Самойлович
қазақ терминінің келіп шығуын ХІ ғасырға жатқызып, оған еркін, кезбе
деген мән берген. В.П. Юдин қазғақ түріндегі қазақ терминін кейіннен
этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас
түрік тілдерінің тарихи фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі
себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады[8]. Патшалық Ресей
империясының Орталық Азияны отарластыруда белсенді қатысқан әскери
қолбасшыларының бірі                         Н.И. Гродековтің Қазақ қайдан
шықты: Н.И. Гродековтің топшалауы атты мақала таяудағы Алаш тарихи-
этнологиялық журналда басылып шықты. Сонда: Негізінен отарлық мақсатта
болса да, ұлтымыздың тарихы мен этнографиясы туралы маңызды деректер
жинаған Н.И. Гродеков еңбегінің деректік құндылығын бағаламасқа
болмайды[9]. Осы аталған мақалада: Слово қазақ, по словарю Будагова,
значить: вольный, бродяга, разбойник, так же холостой[10].

Келтірілген үзіндінің айтарлықтай ғылымға қажетті құндылығы шамалы екені
байқалады. Отарлаушы әскери қолбасшының жүргізіп отырған саясатына сәйкес
келетін қазақ халқы туралы айтылған жағымсыз мәндегі сөз. Оған қосымша, бұл
терминнің мәнін түсіну үшін сол халықтың тілін жетік білмек түгілі, ол
тілде сөйлей алмайтын болуы керек. Оның келтірген сөзінен ерікті (вольный)
деген мағына беретін сөздің шындыққа бірқанша жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” лиро - эпостық жыры
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Алаш хан туралы
Үржар топонимінің қалыптасу тарихы – лингво-мәдени аспектіде
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері
Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау
Пәндер