Қазақ ою - өрнегі мәдениеті


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы

Қазақ ою-өрнегіңнің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетіне басталады. Андронов мәдениеті-б. з. б екі мыңжылдықтың соңғы жартсы мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мен мәдениеті. Ал б. з. б VIII-III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары ( массагет, яксарт, дай немесе даха, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып сармат, каспий және т. б ) туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қолжазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды “азиялық скифтер” деп ал парсы тарихшылары “сақ” деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдап жүргізілген археологиялық зерттеудің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар ықпаләсерімен сан ғасырлар бойы қалып тасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Бұған дәлел-қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біразы геометриялық ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және “лотос қауызы” тәріздес етіп жасалған өрнектер (б. з. б III-II ғ. ) Теңдік қорғанынан табылған.

Әдетте, өрнек ыдыстың мойнына, иініне немесе түбіне жақын жерге салынған. Құмырағы тең бүйірлі шимақталған үшбұрыш, сынық сызықтар, меондар, ойық үшбұрыштар немесе ыдыстың мойнынан бүйіріне қарай кеннелюр түріндегі ою-өрнек салу қола дәуірінде кең тараған.

“Төртқұлақ” ою-өрнегінің кілемге түсірілген нұсқасы бүгінгі күнге дейін барлық киіз бұйымдарында пайдаланып келеді. Киізде бейнеленген “құдай әйелдің ” киімі, өрнегі, бас киімі қазақтың ұлттық киіміне келеді, ал басындағы шаштың алынып тасталуы сол дәуірдің салты бойынша жерленетің әйелдің шашы тақырлап алынатын дәстүрден қалса керек. Киізде бейнеленген “құдай әйел” тақ үстінде тіп-тік отырған қалпында бейнеленген, тақтың арқа тұсы мен тіреп тұрған төрт аяғы оюланған “Құдай әйел” қолына жан жаққа оюланып тармақталған өмір ағашын ұстап отыр. Бұл әйелдің маңдайы биік, қыр мұрынды, көзі қысық, қасы тік сызық, құлағы оюланған, ал желке тұсы тік біткен. «Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына аемесе шет бұрыштарына салынады.

Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архетектурадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою - өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.

Өнердің басқа да түрлері секілді, ою - өрнекте оқушылардың ой - өрісі мен білімдерін жан - жақта дамытуда әсері мол. Оқушы тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де танысады. Сондай-ақ, киіз бұйымдарына немесе ағаш ою кезінде қандай оюлар қолдану керектігінен хабарлар болуы үшін «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» атты оқу құралында қолөнер бұйымдарының түрлі нұсқалары берілген.

Қазақ этно мәдениетінің үлкен бір саласы қолөнерді, оқушыларға 1-сыныптан бастап оқыту қажет. Ою - өрнекті тек сурет, еңбектану сабақтарымен байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ тарих сабақтарына да қатысты оқытылуы тиіс.

Көне дәуірден ақпарат беретін археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қолөнер бұйымдары қазір мұражайларда сақталған. Ертеде жазу, сызу болмағандықтан көшпенділер өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігін тастар мен қолөнер бұйымдарына бейнелеп отырған. Ежелден қалған қолөнер туындылары ата-бабаларымыздың өткен өмірінен оқушыларға көп мағлұмат береді. Елімізде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне қолөнер туындыларының барлығында дерлік ою-өрнек бейнеленген. Әр кезең даму процесіне орай, шеберлердің қолөнер бұйымдарына бейнелеуде стильдік ерекшеліктері өзгеріп отырған. Ою-өрнек тілімен айтқанда әлі де ашылмай жатқан құпия сырлар көп, яғни оюдың тотемдік және магиялық мағынасы әлі де ғылыми түрде толық дәлелденбеген. Қазір ою-өрнектер символдық мәнін жоғалтып көбінесе тұрмыс-тіршілікте эстетикалық тұрғыдан ғана пайдаланылып келеді.

Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Елімізде әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған қарамастан барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі - «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының тұрмысчында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз

«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған.

Мысалы: ”қошқармүйіз’’, ”арқармүйіз”, ”бұғымүйіз”, ”қырықмүйіз”, ”қосмүйіз”, ”сыңармүйіз”, ”сынықмүйіз”, ”төртқұлақ”, ”түйетабан”, ”сыңарөкше”, ”қосалқа”, ”құсқанаты”, ”қазтабан”. Қолөнері шеберлері осы элементтердің сан түрлі компазициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланылып келеді.

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолшданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатын «мүйіз» тектес ою-өрнектер.

Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.

Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырыды да, құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың,, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін тұспалдаудан пайда болған.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыстіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді. Мысалы: хал қымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл әрі берік болуын қарастырған.

Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материялдық және игіліне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болады. Халқымыздың мәдени-тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті. Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде. Ою-өрнек үлгілерін жасаушылар ойлап тапқан сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме - дәлділігінен гөрі көркемдігіне баса назар аударады. Сондықтан қазіргі ою-өрнектерден композициялық жағынан нақты әрі мейлінше жетілдірілген «шаршыою», «араласөрнек» сияқты жаңа түрлерді жиі көреміз. Оның үстіне бұйымды көркемдеуде әрбір жануар мен аңның, құстың бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалуы тиіс.

Композиция - латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы: ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек, сол себепті қолөнер шебері салынатын бұйымның бетіндегі жазықтықтың мөлшерін өлшеп алу керек.

Ою үшін симметрияның маңызы зор. Оюдың екі жағы бірдей болуы үшін симметриялық заңдылықтарын берік сақтауымыз керек. Белгілі бір бұйымға ою қию үшін ең алдымен қағаздан үлгі қиылады, ал екінші ою-өрнекті әрлендіре түсетін бояу түрлері талғаммен қолданылады. Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар. Көк түс - аспанның символы, ақ түс - ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс - ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс - жастықтың, көктемнің символы, с. с. т. б. Оюлардағы бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит - көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі. Оюды қиғанда симметрия заңдылықтырынан басқа, ырғақ сақталуы керек. Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм (ырғақ) дейді. Мысалы: «қошқармүйіз» элементтің бірнеше рет қайталанып отыруын - ритм дейді. Ал «қошқармүйіз» өрнегі 5, 6, 7, 8 рет қайталанып шексіздікке ұласқан «шетою» жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ оюларының сырлары
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Пән атауы
Корпустық жиһаз
Қазақ халқының өрнектерының өзге ұлт өрнектерінен ерекшелігі
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатырған ұлттық оюлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz