Карталардың жіктемесі. Географиялық картадағы жазулар


КАРТАЛАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАДАҒЫ ЖАЗУЛАР
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Нивелир
- Нивелирмен белгілеу
- Гипсометрия
- Триангуляция әдісі
- Трилатерация әдістер
- Полигонометрия әдісі
- Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі
Пайдаланған әдебиет
Географиялық карталардың жіктелуі
1. Карта - белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні.
Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.
Бейнеленуіне байланысты карталар Жердегі болып жатқан табиғи және қоғамдық құбылыстарды бейнелейтін географиялық карталар және аспан, оның бөліктері мен планеталарды бейнелейтін астрономиялық карталар деп ажыратылады.
Карталар қажетті масштабына сәйкес шартты түрде:
- ірі масштабты 1:1000 - 1:100 000 аралығында
- орта масштабыты 1:200 000 - 1:1 000 000 аралығында
- ұсақ масштабты 1:1 000 000 деп бөлінеді.
Территориясы бойынша дүниежүзі картасын, материктер, мұхиттар, материктердің бөліктері мен жеке мемлекеттер, әкімшілік облыстар, аудандар, қалаларды бөледі.
Мақсатына қарай карталар:
- ғылыми-анықтамалық - ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және толық ақпарат алуға арналған.
- оқулықтар - география, тарих, геология және т. б. зерттеуде қолданылады, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына арналған.
- техникалық - қандай да бір техникалық есептеулерді жүргізуге арналған, объектілер мен шарттар кескіндейді.
- туристтік, навигациялық, әскери және т. б.
Мазмұны бойынша карталар екіге бөлінеді:
- Жалпыгеографиялық
- Тақырыптық
Жалпыгеографиялық карталар - барлық географиялық құбылыстарды бейнелейді, жер бетін және оның бөліктерін, гидрография, елді мекендер, шаруашылық объектілер, коммуникация, шекаралар, жер бедерін, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемін т. б. көрсетеді. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды - топографиялық карталар , орта масштабты жалпы географиялық карталарды - жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды - жалпы карталар деп атайды.
Нивелир - екі нүктенің биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; горизонталь нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде вертикаль орнатылған рейкалар арқылы қолданылады. Конструкцияларының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 - оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0, 5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері - дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар.
Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері - 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістердебиіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады
Нивелирлік белгілер
Нивелирлік белгілер - геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық реперлер, қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т. б. болып бөлінеді.
Гипсометрия
жер бетінің нақты және салыстырмалы биіктіктерін өлшеумен, анықталған деректерді карталар мен сызбалар бетінде геодезия тарауы;
нақтылы аймақтың биіктік көрсеткіштерін салыстыра саралау. Мемлекеттік геодезиялық тораптар
Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т. б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялык тораптарды құрудың дәлдігің қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті Мемлекеттік геодезиялык тораптарга мыналар жатады: а) 1, 2, 3, 4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. ө) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен кұрылады. Геодезиялык жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни 1-кластан төменге карай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа карай кұрылады. 1-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялык жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз кызметін атқарады.
Триангуляция әдісі
Триангуляция әдісі . Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. I және II, III класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км2-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:1 масштабтағы қамтамасыз етеді.
Трилатерация әдістер
Трилатерация әдістер і. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядагыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының үзындыгы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: III класс үшін-1:1, IV класс үшін- 1:4.
Полигонометрия әдісі
Полигонометрия әдісі . Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық , яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия , яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz