Зайырлылық түсінігі


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім.
I -тарау. Зайырлылық түсінігінің мазмұны мен тарихы.
1. 1 . Лаицизм.
1. 2 . Секуляризацияның пайда болу тарихы.
II-тарау. Батыс пен Шығыстағы зайырлылық принцпі.
2. 1. Батыс пен Шығыс ғалымдарының көзқарастары.
2. 2. Қазақстан мен басқа елдердің зайырлылық ұстанымдағы өзгешеліктері мен ұқсастықтары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
I -тарау. Зайырлылық түсінігінің мазмұны мен тарихы.
1. 1. Лаицизм .
Лаицизм-(грек. халықтық, лат. дінге жатпайтын және фр. «зайырлы», діни емес, «зайырлылық») франсуз қоғамынан қалыптасқан секуляризация. Бұл процесс бойынша діни догмалар мен институттардың қоғамда ролі әлсіреуі. Бұл қозғалыстың ең басты талабы: қоғамның әртүрлі ұйымдарынан діннің ықпалын жою. Кең мағынада лаицизм-қоғамды діннің ықпалынан босату. Лаицизм түсінігінің секуляризация түсінігінен айырмасы жоқ деуге болады. Лаицизм түсінігі Францияда және франсуз тілді елдерде және аудандарда ( Бельгия, Швейцария, Канада) да қолданылады. Бұл жерлерде кез-келген мекемелерде жарқын діни ғибадаттарды орындауға қарсы. Мысалы: Христиан крестінің мемлекеттік мекемелерде тұруына, хиджаб киюге т. б Лаицизм идеясы Франция мемлекетіндегі әр ғасырлардағы революциялық идеяның туындауына ықпал етті. XX ғасырдың I жартысындағы Мустафа Кемал өзінің мақсаты ретінде Туркияны зайырлы мемлекет жасау болды. Солтүстік Европа мен Американың неміс мемлекеттерінде консервативті діни символдарды қолдануға тыйым салмайды, керісінше дұрыс қарайды. Себебі, ол мемлекеттерде дәстүрлі, этникалық, діни топтардың көп екендігіне байланысты. Бұл елдерде халықтардың 90%-нен астамын құрайды. Сондықтан символдарды қолдану сол қауымның өзінің ішкі жұмысы болып табылады және басқа қауымның келіспеушілігін тудырмайды.
Зайырлы мемлекет-шіркеу мен мемлекеттің бөлінуінен пайда болған. Діни нормаларды емес азаматтық нормаларды басшылыққа алады. Мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері діни негізделмеуі керек. Иран мен Сауд Арабия теократиялық мемлекет болып есептеледі. Араб елдерінің көбісінің конститутциялық заңы Құран мен Шариғатқа негізделген, некелесудің де діни формасы ғана мүмкін.
Зайырлы мемлекет- «зайырлы мемлекет» түсінігі қандай да болсын бір мемлекеттің дінге қатынасын түсіндіреді. Зайырлы мемлекет-бұл мемлекетте шіркеу, діни бірлестіктер бөлек және мемлекеттік қызметкерлердің, органдардың, жұмысына араласпайды. Тарихтан белгілі әсіресе ежелгі мемлекеттерде бүкіл мемлееттік билік шіркеудің қолында болып, соған орай мемлекеттік билік діни догмаларға сай құрылған. Бұндай мемлекет зайырлы мемлекетке тікелей қарама-қарсы теократиялық ( грек. Theos-құдай, kratos-билік) . Тарих бойынша бұндай мемлекет-Монғолия 1921 жылға дейін және Тибет Қытаймен біріккенге дейін 1951 жылы. Қазіргі таңда Ватикан мемлекеті оның басшысы-Рим Папасы. Теократиялық мемлекеттен клерикальды мемлекетті ажырата білуіміз керек. Клерикальды мемлекет- мемлекет пен дін бірікпеген, соған қарамастан дін мемлекеттің қоғамдық жұмыстарының барлығына дерлік арласады. Саясаттан бастап, сот жүйесіне, білім жүйесіне т. б. Бұндай мемлекеттің жарқын мысалы-Иран. Зайырлы мемлекет шіркеуді, діни бірлестіктеріді мемлекеттік инситут ретінде есептемейді. Оларды азаматтық қоғамның, қоғамдық организацияларының инситуты деп есептейді. Осыған байланысты зайырлы мемлекеттерде әртүрлі конфессиялардың тең құқығы сақталады. Кез-келген мемлекетте дін мен мемлекеттің қарым-қатынасын Конситутцияның «дін» бөлімінде баяндайды. Зайырлы мемлекет ұғымы әр елдің конститутциясында әртүрлі қарастырылған. Солардың бірі (мысалы: Франция мен Ресейде) Мемлекет тікелей және анық түрде зайырлы болып есептеледі. Басқа бір мемлекеттерде мемлекет шіркуден бөлек деген бір принцпті ғана ұстанады. Мысалы: Партугалия. Әрине, Зайырлы мемлекеттің шынайы түрінде ешқандай дінді мемлекеттің арнайы діні деп жариялауға болмайды. Бірақ шындығында көп демократиялық мемлекеттерде арнайы бір дінді мойындау жиі кездеседі. Бірақ бұдан кейін олар зайырлы мемлекет болмай қалады деген сөз емес. Мысалы: Данияның конситутциясында мемлекеттің арнайы шіркеуі болып евангалистік-лютерандық шіркеу есептеледі.
Зайырлы мемлекет-арнайы мемлекеттік дінді ұстанбайтын мемлекет. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан діндер, олардың канондары, догмалары осы мемлекетте өмір сүретін заңды тұлғалар мен мемлекеттің жұмысына араласуға құқығы болмайды. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлек болуы керек. Олай болмаған жағыдайда мемлекет теократиялық болып есептеледі. Зайырлы мемлекетте- мемлекет өзінің азаматтарының дінге деген көзқарасына араласпайды. Лаицизм (англ. laicism) -секуляризацияға байланысы бар қозғалыс (процесс барысында діни ойлау, инситуттар және тәжербие өзінің қоғамдағы мағынасын жоғалтады ) . Бұл қозғалыстың басты талабы-діннің қоғамның әртүрлі бөлімдеріндегі ықпал етуін тоқтату. Бұл сөздің кең мағынасында лпицизм -қоғамды діннің ықпалынан босату. М. М. Шейнманның пікірінше, Лаицизм (франсуз. lai’que- зайырлы) -мемлекеттік және қоғамдық орындарды, кітаптардың басылымын, өнерді, публисистикалық шығармаларды және қарапайым өмірдегі адамдарды діннің ықпалыннан босатуға арналған іс-шаралардың системасы. «Лаицизм» термині католицизм жайылған Европада көп қолдалынады. Лаицизм орындалуындағы басты принцп- шіркеудің мемлекеттен және және мектептің шіркеуден, дінді адамның жеке ісіне айналдыру. Батыста мемлекет пен қоғамнық өмірдің зайырлы мінез-құлықына қарсылықты буржуазиялық революция көрсетті. Бірақ ешқандай буржуазиялық мемлекетте бұл қарсылық соңына дейін бармады: социолистік жұмысшы қозғалыстардың жетістіктеріне байланысты буржуазия клерикализмге мән бере бастады, Біртіндеп зайырлы мемлекеттің және қоғамдық өмірдің принцптері орындала бастады, принцптері социалистік мемлекеттердегі азаматтардың бостандығы мен ар-ұяты. Лаицизмнің басында коммунистер отыр. Лаицизмді жақтаушылар буржуазиялық қоғамда да, интеллигенцияның ішінде де бар. Мағынасы мынаған да келеді буржуазиялық Атеизм, Антиклерикализм, Секуляризация.
Шет елдердің зайырлы мемлекет үшін өздерінің бөлек аспекттері бар, мемлекеттік қызметтерде, мемлекеттік білім беру орындарында, сонымен қоса француз авторларының жұмыстарын зерттеу барысында, бүкіл әлемде орныққан «зайырлы мемлекет» моделі ең бірінші рет Францияда пайда болған дейді. Франсуздық 6 жұмыстың ішінде ең бірінші зайырлылық жөніндегі президенттік коммиссияның қарамағындағы Бернар Стазидің баяндамасн айтуға болады: II бөлім, « Зайырлылық ғасыры ( зайырлылық туралы ойлардың) » Францияның мемлекеттік кеңесінің ресми баяндамасын 5 ақпан 2004 жыл (Эдвиж Бельяр) және Франция Халықтық Ассамблеясы Ақпараттық комиссияның баяндамасын « Зайырлылық мектепте. Қолдау табуы тиіс - Республикалық принцп» (Жан-Луи Дебре) 4 желтоқсаннан 2003 ж. Зайырлы мемлекеттің тарихы мен бөлімдеріне байланысты жеке сұрақтар, мемлекеттік және муниципальды білім беру, мемлекеттік қызметтің зайырлылығы, секуляризациялар, зайырлылықтың және идеологияның қарым-қатынасы, мемлекет пен діннің қарым-қатынасы жайлы франсуз авторлары өз еңбектерінде жазған. Заманауи ресей авторлары тарапынан зайырлы мемлекеттің комплекстік конситутционды-құқықтық жағын көрсететін зерттеулер жүргізілмеген, мемлекеттік және муниципальді білім беру орталықтарын және мемлекеттік қызметтің зайырлылығы туралы. Тек мына мақаланы ғана айтуға болады Дозорцева П. Н, бұл жерде, зайырлы мемлекеттің тарихи-құқықтық аспектлері қарастырылған. Зайырлы мемлекетке қарама-қарсы құрылым көп дамыған мемлекеттерге тән ( АҚШ, Франция және т. б), зайырлы болғанымен кейбір мемлекеттерде бір дінге «мемлекеттік дін» дәрежесін ресми түрде берген ( Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі, Израилдегі иудаизм діні, Скандинавия елдеріндегі лютерандық шіркеуі, Шығыстағы Ислам мемлекеттеріндегі мұсылмандық ) . Тіпті діндердің барлығын тең ұстайтын мемлекеттердің өзінде де ( ГРФ, Жапония, Италия ), бәрі -бір бір дін басымдылыққа ие болып келеді. Бұндай жағдай бұл мемлекеттерде тарихи түрде қалаыптасқан, бұл діндердің халыққа саяси және моралдық жағынан жақсы әсерінің болғандығымен түсіндіріледі.
1. 2 . Секуляризация ның пайда болу тарихы.
Көлемі жағынан үлкен екі процесс қазіргі заманның келбетін көрсетеді. Оны әртүрлі атайды «посиндустриалды», «ақпараттық» және т. б. Қазіргі уақытта қоғамды түгелімен жаулап бара жатқан жахандану процесінің кезіңде діннің ролі қандай? деген сұраққа жауап іздегенде секуляризацияны еске алмау мүмкін емес. Секуляризация ( лат. saecularis-зайырлы) діннің қоғамдағы ролінің төмендеуі. Секуляризация- бұл діни түсініктен әлемді босату және әлемді діни қабылдауды жою. Секуляризация өзін ашық түрде дінге қарсы шығушылық етіп көрсетпейді, бірақ оны қысымға алып, сол арқылы дінді қарусыздандырады. Секуляризация терминін ең бірінші 1646 жылы франсуз дипломаты Лонгвиль шіркеулердің иеліктерін конфискациялау туралы келіссөзде қолданды. Соңында бұл термин кең мағынаға ие болды. Секуляризация процесі XVII ғасырда ғылымға еніп, оның діннен бөлінуіне алып келді. Сорокиннің «Қоғамдық және мәдени динамика» еңбегіндегі есептеуі бойынша діни көріністерге XI ғасырда 94, 7 % көркемөнер туындылары, XV ғасырда -64%, ал XX ғасырда тек 3, 9% ғана болған. Көп елдер конститутцияларында өздерін зайырлы мемлекет деп жариялады. Кезінде шіркеудің қолында болған оқу системасы да қазіргі таңда зайырлылық сипатты алды. Құқық, саясат, мораль барлығы секулярлы болды. Әлеуметтік статистика және қоғамдық пікірді сұрау кезінде қоғамда діни сенімнің төмендегенін байқалған. « Ресейдегі дехристианизацияны айтуға болады, ашық түрде сенімді аяққа таптаған. Шіркеуге халықтың 5% қа жуығы ғана барады», - деп Францияда тұратын христиан философы Никита Струве өз еңбегінде атап көрсетеді. Мәселе сенбейтін адамдардың көбейгенінде емес, сенушілердің санасындағы, іс-әрекеттеріндегі, ғибадаттарындағы сенімнің ролінің төмендеуінде. Өздерін сенушіміз деп есептейтін біраз адамдар діни ғибадаттарды әдетке айналдырған. Күнделікті болмасада, кейде кейбір діни ритуалдарды орындап тұрады. Ал көбісі кейде ғана өз дінилілігін еске түсіреді. Зерттеу жұмыстарға қарағанда діншілдік білімді адамдардың арасында кездесе бермейтіндігін байқауға болады. Секуляризацияның қоғамдағы әртүрлі көріністерін қарастыра отырып, ғалымдар бұның соның «десакрализацияға» алып баратынын айтады яғни «қасиеттіліктің бұзылуы». Р. Беллдің айтуынша « Секуляризацияда ой еркіндігі өсуде. Діни салттарда монополизм қирауда» деп түсініктеме берген. Секуляризация адамға діннен маңызды басқа бір нәрсе бар деген көзқарасты қалыптастырады. Адамдар діни нормаларға барған сайын аз көңіл бөледі. Дін қызығушылық пен пән ретінде орын ала бастайды. Гараджа секуляризация туралы ойын былай жеткізеді: « Секуляризацияның себебінен болып жатқан адамдардың санасынан діни түсінікті қысудан, діни вакуум қалыптасады». Әр дін секуляризацияға әртүрлі көзқараста қарайды . Біреулер Секуляризацияны қоғамдағы өзгерістер мен әртүрлі ойлардың негізінде пайда болған модернизация деп есептейді. Басқалары консерватизмнің позициясында қалу үшін бар күштерін салады. Христиан діні мұсылман әлеміне қарағанда, секуляризация бұрыннан тұрақтаған елдерде модернизацияға түсуге бейім болып келеді. Христиан шіркеулерінде таза діни ғибадаттардан кейінгі орындарда қайырымдылық қоры, жастар ұйымдары, патриотизм, балалардың тәрбие ісі, отбасын сақтау т. б жұмыстар болып табылады. Исламда модернизация айтарлықтай байқалмауда. Танымал мұсылман діни қызметкерлері мүлдем болмайды деп болжам жасауда. Муфти Др. Сирадж Ислам : «Секуляризация тек қана батыстық концепция» деп айтқан. Сенімнің ролін дунияуи қызметтерден алып тастау, мұсылман әлемінде заттардың дәрежесіне сәйкес келмейді. Батыс мұсылмандарға өз құндылықтарын жақпауы керек және мұсылмандарға өз әдет ғұрыптары мен идеалдары арқылы өмір сүруге мүмкіндік жасауы тиіс. Бірақ та секуляризацияның тенденциялары ислам әлеміне енуде. Исламға жауып отырған фундаментализм мен террористік ұйымдардың қызметі бұл да модернизациялық құбылыс. Буддизмге қатысты айтатын болсақ ол үшін секуляризация үлкен мәселе тудырмайды. Буддизм өзі секуляризацияға бетпе-бет жүріп бара жатыр. Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жағдайлардан тәуелсіз. Секуляризацияның соңы әртүрлі бағалануда. Бір авторлар секуляризацияны негативті деп есептейді. Олардың айтуынша, секуляризация діни құлшылықтардың орнына дунияуи қағидаларды қалыптастырады: заң және адамдардың бостандығы, олардың өзін-өзі тануы, камфорт, жағдайларының жақсаруы және көңіл көтеру және т. б нәтежиесінде катастрофалық түрде мәдениеттің дәрежесі төмендейді, қоғамда тұрақтылық бұзылады дейді. Ал басқа бір топ, секуляризацияны позитивті көзқараста қабылдауда. Олардың ойынша: ғылым, білім, толеранттылық, дүниеге деген махаббат пайда болады. Сенімнің күші кетсе соғыста болмайды деп есептейді. Меніңше бұл көзқарасты таза дінге қарсылық деп есептесек болады. Себебі: дінсіз ғылым, білім дамуы мүмкін емес. Қай қоғамды алып қарасақ та ғылым діннің негізінде дамыған. Осыған байланысты қоғамда «Ғылымсыз дін соқыр, дінсіз ғылым ақсақ» деген ұғым қалыптасқан. Секуляризацияның соңы туралы көзөқарастар қандай болса да, бір нәрсе анық: діннің қоғамға, мәдениетке әсері заманауи цивилизациялы қоғамда төмен және бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда барған сайын төмендеуде. Сондықтан секуляризациямен күресудің орнына, діни ғұрыптарды жаңашалап, оны зайырлы мемлекеттің принцпіне сәкестендіруіміз қажет. Яғни ішкі мәнін сол күйінде қалдырып, сыртқы формасын ғана өзгерту. Мысалы: Христостың Раждество мерекесі және некелесу мейрамы т. б сияқты. Олай болмаған жағдайда өткенге біңрден қайта оралу қиын. Заманауи діни кітаптарда секуляризациямен күресу жайлы емес, керісінше «секуляризацияның талаптарының ішінде діннің, шіркеудің орны қалай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысады. Дін қоғамда жақсы болсын, жаман болсын өз функциясын атқаруда, діннің орнын алатын қоғамда ешнәрсе жоқ. Солай екен онда қоғам оның өмір сүруіне күш салуы қажет. Вольтер: «Егер Құдай болмаса, Оны ойдан шығаруға тура келетін еді»-деп айтқан. Қоғамдағы әртүрлі діндердің Құдай туралы түсініктері шындыққа жанассын, жанаспасын дін қоғамның мәдениетінде өмір сүреді. Өткен ғасырларда да. келешекте де, қазір де дінсіз өмір сүру мүмкін емес әрі солай болып қала береді. Секуляризация дінді құртпай, қоғамда атеистік көзқарастың өсуіне жағдай жасайды. дінмен салыстырғанда атеизм қиын әрі жауапты позиция. Атеист өзінің моралдық проблемаларының шешімін құдайға аспай, ненің жаман, нені дұрыс екенін шешеді. Бірақ қоғамдағы көп адамдарға Құдай алдындағы қорқыныш пен моралдық көмек ауадай қажет [2; 53-56 б. б] .
Замаеауи әлемнің тенденцияларының бірі-діннің мәдени, қоғамдық, құқықтық, саяси өмірдегі орнының өзгеруі. Бұл жердегі маңызды процесс секуляризация болып табылады. Егер басында секуляризация тек қана қоғамда діннің ықпалының төмендеуі мен зайырлылықтың қоғамда орнының жоғарылауы болса, кейін 18 ғасырдан бастап ұғымы өзінің ауқымын кеңейтті. Бұл процестің басы Еуропада Венеция Республикасынан бастау алады. XVIII ғасырдың басында зайырлы басшылар шіркеуге азаматтардың баруын қысқартып, шіркеу құрылыстарының жүргізілуін өз басшылығына алды, діни қызметкерлерді барлық діни қызметтерден аластатты. Бұндай тенденциялар кейінннен бүкіл әлемде орын алды. ХХ ғасырдан бастап секуляризациялық тенденция бүкіл әлемдік қауымдастықта орын алды десек қателеспейміз. Секуляризация заманауи қоғам мен мәдениетті бір формаға түсірді. Дін мен сенім, шіркеудің қоғамдағы орнын түбегейлі өзгерту арқылы зайырлы мәдениеттің негізі- адамдар мен дін арасындағы қарым-қатынас жойылады. Дін мен бүкіл түрлі келбеттегі діни қоғам адамның күнделікті тәжербиесіне байланысты қысымға түседі. Адамдардың жеке өмірін де де діни құндылықтардың рөлі төмендейді. Бұның барлығы шіркеуді геттоизациялау феноменіне алып барады, шіркеуді қоғамдық өмірдің шеңберінен шығару және күнделікті тәжербиенің сферасы. Егер XIX ғасырға дейін дін дүниетануды формалауда айқындаушы фактор болса, ал заманауи қоғамда оның орнын ғылым мен басқа дінге қатысты емес қоғамдық инситуттар иемденуде. Мәселе мынада, ғылым-ол жоғары абстакциялардың сферасы, ғылыми дүниетанымды қабылдау біраз біліми цензаны талап етеді, онда қоғамды құрап отқан біраз индивиттерде біліми ценза жоқ. Бұл жағдайда дүниетаным мен этикалық лакундар пайда болады. Олар дінді геттоизациялау кезінде квази діни, оккульттік және басқа идеалармен ғылымның мүмкіндіктері мен жетістіктері арқылы толтырылады. Девис бұл жайында «Техногнозис» деп атап кеткен. Біраз ғалымдардың көзқарасы бойынша ғылыми техникалық прогрестің тез қарқын алуын осы секуляризациямен байланыстырады. Оның салалары қазіргі өмірге бірқатар мәселелер алып келді. Осыған байланысты қоғамда «діннің қайта жаңаруы» туралы мәселе шығарды. Заманауи ғылымда табиғатты түсінудің бірнеше жолдары қарастырылады және секуляризацияның соңы неге алып келетіндігіне байланысты бірнеше көзқарастар бар. Біріншісі, секуляризация мән беретіндей процес емес, ол әрдайым діннің рөлінің азаюына алып барып, соңында дінді жоқ етеді десе. Екіншілері, секуляризация бұл қоғамдағы діннің метоморфозасы, дінді түгелдей жоюға апармайды. Секуляризация дін мен қоғамның табиғи өсу процесі, соңында діннің рөлі қоғамда күшейеді дейді.
Негізгі секуляризацияның теориясына П. Бергердің « қасиеттілікті жоғалту» теориясын айтуға болады. Секуляризацияның пайда болуы экономикалық қызметтермен оларды діннің ықпалынан босатып, қоғамдық мірдің басқа сферасына өткенімен байланыстырады. Дін жеке өмірге қарай ығысады, яғни «қалау» мен «таңдауға» тіреледі. Бірақ күнделікті өмірде дінге қажеттілік тудырмаса, онда жеке өмірден де дін құысқарады. Жеке адамның таңдауына түсіп, дін өзінің дүниетанымдық функциясын жоғалтады. Секуляризация соң жағында діни құндылықтарды демонополизациялауға және діни плюрализмге алып барады. Соңында дін әлсірейді. Дін секуляризация процесінде «ғарыштық қасиеттілік» функциясын атқаруды тоқтатты. ( М. Вебер) Секуляризация процесі моралдық және рухани кризиске түсіреді, қасиеттіліктің жоғалуы, дезориентация, мағынаның жоғалуына апарады.
Конттық позитивизмді көрсететін жұмыстарда секуляризация ғылымның дінді ығыстыруы ретінде қарастырылады. Секуляризациялау яғни ғылымның өсуімен рационализациялық ойлау арқылы әлемді ғылымның мүмкіндіктері арқылы түсіндіріп, трансценденттілікке деген қажеттілік болмай қалады. Т. Парсонс айтады: «Дін қоғамның соңынан дифференция жолында келе жатыр, өзінің позицияларының бірқатарын жоғалту арқылы, бірақ жаңасын қабылдауда ол индивидке көбірек түсінікті болып келе жатыр. Индивид енді өзінің сенімін ақылымен таңдауға мүмкіндігі бар. Р. Беллдің пікірі бойынша, дін социуммен бірігіп эволюциялық жағдайға түсуде. Дін қоғамда қалыптасқан нормаларды, құндылықтарды өзгертуде. Басқа қоғамға заманға лайықтысымен ауыстыруда. ХХ ғасырдың ортасына таман секуляризация процессінің аяқталғаны туралы айтуға болады. Ол кезде секуляризациядан кейінгі ғасыр туралы айтылады. Ол уақытты секуляризацияның барлық ойлаған ойына жеткен, енді жаңа өмір мен жаңа заңдылықтарда, жаңа танымда қалай өмір сүру керектігін анықтап алу қалды [3 ; 440-441б] .
II-тарау. Батыс пен Шығыстағы зайырлылық принцпі.
2. 1. Батыс пен Шығыс ғалымдарының көзқарастары.
З. Бауманудың пікірінше ( туылған жылы 1925) секуляризация Құдайға деген сенім мен сенімсіздік арасындағы мағынасы ерекше бір мәнді бермейтін дистанциямен байланысты, бұл сұрақтың өмірде мәні болмай қалады, сондықтан да секуляризацияның механизмі туындайды [8; 303б] . Ал, Э. Гидденсудың айтуы бойынша, (1938 жылы туылған) секуляризацияның үш белгісі бар:
-сенушілердің саны,
-діннің қоғамдағы орны,
- руханилықтың төмендеуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz