Жетес би


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жетес би

Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институтының ХVІІІ ғасырдағы ірі тұлғалары Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің тұсындағы дәстүр замана ағымына сай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Бұл өзгерістердің түп себебі, әрине қазақ жеріне дендей еніп, отаршылдықтың ойранын салған патша үкіметінің іс-әрекеттерімен тікелей байланысты болды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп келетін халық мәтелі осындай қиын заманда туса керек. Дегенмен ұлтымыздың өзіндік ерекшелігі болып табылатын билер институтын патша үкіметі де толық жоя алған жоқ. Кешегі «дала Демосфендерінің» дәстүрілі жолы ХІХ ғасырда да өз жалғасын тапты.

Ш. Уәлиханов қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен орны туралы былай деп жазғаны белгілі: «Возведение в звание бия не обусловливалось у киргиз каким-либо формальным выбором со стороны народа и утверждением со стороны правящей народом власти: только глубокие познания в судебных обычаях, соединенные с ораторским искусством, давали киргизам это почетное звание. Чтобы приобресть имя бия, нужно было киргизу не раз показать народом свои юридические знания и свою ораторскую способность. Молва о таких людях быстро распространялась по всей степи, и имя их делалось известным всему и каждому. Таким образом, звание бия было как бы патентом на судебную и адвокатскую практику»1.

Сондықтан өзінің дарынымен, әділ, ұтымды шешімдерімен, шешендігімен, ел басқару ісіндегі көрегендігімен көзге түскен тұлғалар ХІХ ғасырда да билер дәстүрін одан әрі жалғастырды. Солардың бірі Жақайым Жетес би еді. Ел ішінде «Жетес би айтыпты» деп басталатын әңгімелер әлі күнге дейін айтылады.

Жетес би шығу тегі жағынан алты ата Әлімнің үлкені Шектінің Жақайымынан тарайды. Жаманақ - Шыңғыс - Жақайым - Ақбура - Асан батыр - Асан - Кілен - Пұсырман - Бекетай - Тоқабай - Қыстаубай - Жетес би.

Осы жерде айта кетерлік бір жағдай бар. Жетес бидің өмірі, оның мұрасы жайлы зерттеулер соңғы жылдары, елімізде орын алған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерден кейін қолға алынып, көптеп жариялана бастағаны белгілі. Міне, осындай зерттеулердің көпшілігінде Жетес бидің шығу тегі бұрмаланып берілген. Осы орайда ұзақ жылдар бойы Сыр елінен шыққан пірлер, ахундар, билер мен батырлар және ақын-жыраулар жайлы тынымсыз зерттеу еңбегін жүргізіп келе жатқан белгілі журналист, этнограф Т. Дайрабайдың есімін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші: «Бұрыннан да Жетес би есіміне көзім қанық, құлағым таныс болғандықтан, оның әкесінің аты мен туған жылын анықтауды мақсат тұттым, - дей келе, - Бұған дейін менде Арал, Қазалы елінде тұратын көзі қарақты қариялардың жазып жіберген Жетес бидің өмір жолы мен билік, шешендік сөздері де бар болатын. Ғалым ағамыз Н. Төреқұловты, Жетес бидің туған баласы Алғазыны, бидің көмекшісі болған Жұбаназарды көріп, олармен әңгімелескен ұстаз Айтбазар Жаналиевтың және өзім қараған мұрағат (архив) құжаттарын (шежіре көздерімен) салыстырып тағы бір сүзгіден өткізіп қарағанымда Жетес бидің 1828 жылы Райым бекінісіне жақын жерде, Қыстаубайдың отбасында дүниеге келгенін және оның 1914 жылдары қайтыс болғанын шамаладым. Өйткені, 1865 жылы билік басында болса, ұрпақтар ауысуын 27-29 жас аралығында есептесек те сол ауызша деректер шамамен тура келеді.

Н. Төреқұлдың аталған кітабынан басқа 1999 жылы «Ұлт тағылымы» журналында Жетес би атты мақаласында да Жетесті Жақайым би дей отырып, оны Айттан тарқатады. Осы тұста Әлімұлының шежіресін талдап көрелік. Әлімнен алты бала өрбіген. Сондықтан да олар Алты ата - Әлім деп аталған. Әлімнің бір баласының Жаманақ (Шекті), лақап аты Шекті және орналасуына байланысты «Қыр шектісі», Сыр шектісі» болып аталады. Дін қандай нәзік болса, шежіре де өте нәзік зат. Мүлт кетсең біреуді жаралап аласың.

Жаманақтан: Шыңғыс, Өріс, Баубек, Мәку (Бөлек) туады. Шыңғыстан Жақайым аталығы бөлек сала болып тарқатылса, Бөлектен Айт пен Бұжыр туған. Осындағы Айттан Тілеу, Қабақ тараған. Сонда Айт Жақайымның әкесімен туыстас Бөлек ұрпағы. Олай болса Жақайымнан тараған Жетес биді Айт бұтағындағы Жетеспен әсте шатастыруға болмайды. Өйткені, қазақта қасиеті мол, жақсы адамдардың аттарын өздерінің балаларына қою, болмаса сол замандағы Жетес аттының біреуі болар. Қазақта Жетес атты көп те, Жақайым Жетес би біреу. Енді «Билер сөзі - ақылдың көзі» кітабындағы шежіре деректерде Жаманақтан - Шыңғыс, Өріс, Баубек, Мәку. Мәкуден - Айт, Бұжыр. Айттан - Тілеу, Қабақ. Тілеуден - Әлдеберді, Есіркеміс, Мөңке, Әтембек, Жақсымбет. Әлдебердіден - Жалтума, Құлтума. Жалтумадан Тәңірбертен, Қозыбай. Қозыбайдан - Қырмаңдай, Бейіс, Сүйіндік, Сәдібек. Сәдібектен Жоңлыбай, Қуат, Қуаныш, Дәкен. Дәкеннен - Жүзбай, Мыңбай. Мыңбайдан - Жетес. Жетестен - Сүлеймен. Сүлейменнен Мәнтайды тудырады, ал біздегі шежіре-дерек көздері бойынша Жаманақтан (Шекті) Шыңғыс, Өріс, Баубек, Мәку (Бөлек) болып тарқатылып, Шыңғыстан Жақайым аталығы кеп шығады. Жақайымның Ақбура атты ұлынан Асан. Асаннан Кілең туады. Кілеңнің (Дәулет атадан) бір баласы Пұсырман, одан Бекетай. Бекетайдан Тоқабай, одан Қыстаубай. Қыстаубайдан Құрманәлі, Жетес би, Сабырбай. Біз сөз етіп отырған «Жақайым Жетес» осы жерден шығады. Жетестен (би) Нағымет, Жүсіп, Ахмет, Алғазы, Еділ, Тоған. Жүсіптен Жаналы, одан біз әңгіме еткен Айтбазар» - деп жазады2.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих қойнауынан сыр тартқан
Жақайымның даңқты перзенттері
Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына би- шешендердің қосқан үлесі
Билер жөнінде бірер сөз
Төле би және оның заманы
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары
Мөрлердің пайда болуы және олардың түрлері
Әйтеке Байбекұлы (Әйтеке би)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz