Химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР. ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ 6
1.1 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру 6
1.2 Элективті курстардың . өзіндік жұмыстарды
арттырудағы ролі 16
2 ХИМИЯ ПӘНІН ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДА
ЭКОЛОГИЯМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ 22
2.1 Биогенді элементтердің табиғатта таралуы және рөлі 22
3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 32
3.1 Биогенді (IV . VI топ) элементтерді оқытудағы
элективтік курстарды ұйымдастыру 32
3.2 Химиялық .экологиялық ұғымдарды қалыптастыру 44
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54

КІРІСПЕ
ХХІ-ші ғасырдағы алдыңғы қатарлы бәсекеге талас, өркениетті елдер қатарына қосылу мақсатында Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі жәнеел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылған.
Қазақстан Республикасы және ғылым минстрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.
«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1].
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы - оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын,ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
Тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.
Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңыздыда күрделі.
Орта мектептердегі факультативті сабақтар барысында химияны оқытудың дәстүрлі әдістемесі, өзіндік жұмыстары мен сабақтар барысында инновациялық мазмұн мен дәстүрлі емес әдістер формасын жүзеге асыру қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу химияны оқушылардың білімін жоғарлату әдістемесін ұсынуға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстарға баулуға арналған химия курстарына дидактикалық тапсырмалар жүйесін жасап шығару; зерттеу мәселесі бойынша ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: философиялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді және зерттеу мәселесі бойынша нормативті құжаттарды синтездеу және сараптау; теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін сараптау; бақылау, салыстыру, жалпылау, педагогикалық тәжірибе, тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы химияны оқытуға арналған факультативті сабақтардың мүмкіндіктерін қолданудың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дәлелденген әдіс-тәсілдерінің жасап шығарылуы болып табылады.
Дәстүрлі және ұйымдастырушы инновациялық формалар мен тәсілдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін химияны оқытудың теориялық моделін ойлап шығару диплом жұмысының теориялық мәні болып табылады.
Химияны оқыту процесі барысында факультативті сабақтарды жүргізудің әдістемесін ұсыну, факультативті сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған және жалпы орта білім беруші, кәсіптік мектептердің мұғалімдері мен болашақ химия пәнінің оқытушылары – студенттерге арналып бағытталған химия пәнін оқытудың моделін ұсыну жұмыстың тәжірибелік мәні болып табылады.
Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты- оқушылардың таным белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Зерттеудің мақсаты –«Химияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбын факультативті сабақта тапсырма беру арқылы оқыту барысында 8-ші сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы химия пәніне деген қызығушылығын және ынтасы мен бейімділіктерін, білімін арттыру.
Зерттеудің нысаны -орта мектептердегі 8-сыныпта химияны оқытуда факультативті сабақтарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні - химия пәні 8-сыныпта өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі мен мазмұны.
Зерттеу пәні өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденімпаздығын, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу орыны – № 3 орта мектебі, зерттеу нысаны 8 сынып.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 57 беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекттік бағдарламасы: ҚР 2. Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 жарлығы / Егеменді Қазақстан. - 2004. - 16 қазан № 258
2. Рысбекова А. Танымдық қабілетті арттыру шарттары / А. Рысбекова //Қазақстан мектебі: 2004. № 7 - 38 б.
1. Гущина Л. Студенттердің өздік жұмысы / Л. Гущина. // Қазақстан мектебі: 2004. № 1 - 15 б.
2. Едігенова А. Танымдық қызығу ерекшеліктері / А. Едігенова. // Қазақстан мектебі: 2003. № 10 – 48 б.
3. Пидкасистый П. И. Самостоятельная деятельность школьника в обучении. / П. И. Пидкасистый. - М.: 1980. – 52 б
4. Ерастов Н. Г. Методика самостоятельной работы. / Н. И. Ерастов. - М.: 1985. - 75 б.
5. Подласый И.П. Педагогика. / И.П. Подласый. - М.: 1999. - 576 б.
6. Қоянбаев Б. Ж. Педагогика. – Оқу құралы. / Б. Ж. Қоянбаев. -Алматы.: Рауан,1992. - 240 б.
7. Жарықбаев Қ.Ұстаздық еткен жалықпас. / Қ. Жарықбаев. -Алматы.: Мектеп, 1987. – 87б .
8. Джемс У. Психология в беседах с учителями. / У. Джемс. – Санкт-Петербург.: 2001. - 160 б.
9. Петровский А. В. Новое педагогическое мышление. / А. Б. Петровский. – М.: 1989.
10. Зинченко В.П.Оцелях и ценностьях образования. / В. П. Зинченко. Педагогика.1997. №5.
11. Занков Л. В. Дидактика и жизнь Избр. труды. / Л. В. Занков. - М.: 1990. - 45 б.
12. 14. Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология. / М. М. Мұқанов – Алматы.: 1981.-247 б.
13. Әбілқасымова А. Студенттердің анымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. – Алматы . 1994.
14. Бірімжанов Б. А. Жалпы химия. – Оқу құралы. / Б. А. Бірімжанов. – Алматы.: Білім, 2001.182-183 б.
15. Химическая энциклопедия.: том.2. 151-154 б.
16. 21. Фельдман Ф. Г, Рудзитис Г.Е. Жалпы химия негіздері. / Ф. Г. Фельдман, Г. Е. Рудзитис. - Алматы.: Рауан, 1990. - 42- 47 б.
17. С. Жайлау. - Алматы.: 2004.-159-170 б.
18. 24. Котлерова О. С. Учет знании по химии - Пособия. - / О. С. Котлерова. - М.: Просвещение, 1977. 5 б.
19. 25. Ситкевич Л. И. Химический эксперимент в школе / Л. И. Ситкевич. – Минск.: Народная асвета, 1969. 46 б.
20. 26. Кузнецов В. В. Физическая и коллоидная химия - Учебное пособие для вузов / В. В. Кузнецов, В. Ф. Усть – Качгинцев. - М.: Высшая школа, 1976 220 б.
21. Таубаев Ш. Исследовательская культура учителя: методология. Теория и практика формирования. - Алматы, 2000.
22. Зверев М.Д. Экология в школьном обучении. / М.Д. Зверев - М.: Просвещение, 1980, 83 б
23. Дьяченко В.К. Групповое обучение. - М., 1985.
24. .Фирсов В.В. Дифференсация обучения на основе обязательных результатов обучения./ В.В Фирсов - М., 1984.
25. Зверев М.Д., Суровегина Т.И Экологическое образование школьников / М.Д. Зверев, Т.И. Суровегина. М.: Педагогика, 1983, 9 б
26. Сатынская А. Болашақ мұғалімдердің экологиялық тәрбиесін қалыптастыру // Қазақстан жоғарғы мектебі 1998, №4, 132 б
27. Қосанов О. Экология және адам экологиясы// Қазақстан мектебі. 1992. 144 б
28. МамбетказиевЕ.А., Сыбанбеков Ж. Табиғатты қорғау/ Е.А.Мамбетказиев., Ж Сыбанбеков Алматы.: Қайнар. 355 б

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
Химия-биология мамандығы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: ХИМИЯДАН өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР- ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ
6
1.1 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
6
1.2 Элективті курстардың - өзіндік жұмыстарды
арттырудағы ролі
16
2 химия пәнін Элективті курстардА
экологиямен тығыз байланыстыра оқыту 22
2.1 Биогенді элементтердің табиғатта таралуы және рөлі
22
3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
32
3.1 Биогенді (IV – VI топ) элементтерді оқытудағы
элективтік курстарды ұйымдастыру
32
3.2 Химиялық –экологиялық ұғымдарды қалыптастыру
44
ҚОРЫТЫНДЫ
52
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
54
КІРІСПЕ
ХХІ-ші ғасырдағы алдыңғы қатарлы бәсекеге талас, өркениетті елдер
қатарына қосылу мақсатында Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге,
ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның
болашақ дамуына арналған Қазақстан – 2030 бағдарламасында тәуелсіз
мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын
саналы түсінуі жәнеел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын
тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылған.
Қазақстан Республикасы және ғылым минстрлігі дайындаған
бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті
маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.
Қазақстан-2030 бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы
нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай
мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың
дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап
көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық
мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске
асады [1].
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге
асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы
- оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын,ізденімпаздығын, пәнге деген
қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным
белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
Тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда іргелі пәндік білім
жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.
Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы
түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану
дағдысын бойына сіңіру маңыздыда күрделі.
Орта мектептердегі факультативті сабақтар барысында химияны оқытудың
дәстүрлі әдістемесі, өзіндік жұмыстары мен сабақтар барысында инновациялық
мазмұн мен дәстүрлі емес әдістер формасын жүзеге асыру қажеттілігінің
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу химияны оқушылардың білімін жоғарлату
әдістемесін ұсынуға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстарға баулуға арналған химия курстарына дидактикалық
тапсырмалар жүйесін жасап шығару; зерттеу мәселесі бойынша ұсынылып
отырылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу тәсілдері
қолданылды: философиялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және
әдістемелік әдебиеттерді және зерттеу мәселесі бойынша нормативті
құжаттарды синтездеу және сараптау; теориялық және тәжірибелік
зерттеулердің нәтижелерін сараптау; бақылау, салыстыру, жалпылау,
педагогикалық тәжірибе, тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы химияны оқытуға арналған факультативті
сабақтардың мүмкіндіктерін қолданудың теориялық және әдістемелік тұрғыдан
дәлелденген әдіс-тәсілдерінің жасап шығарылуы болып табылады.
Дәстүрлі және ұйымдастырушы инновациялық формалар мен тәсілдерді
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін химияны оқытудың теориялық моделін ойлап
шығару диплом жұмысының теориялық мәні болып табылады.
Химияны оқыту процесі барысында факультативті сабақтарды жүргізудің
әдістемесін ұсыну, факультативті сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге
бағытталған және жалпы орта білім беруші, кәсіптік мектептердің мұғалімдері
мен болашақ химия пәнінің оқытушылары – студенттерге арналып бағытталған
химия пәнін оқытудың моделін ұсыну жұмыстың тәжірибелік мәні болып
табылады.
Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты- оқушылардың таным
белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан
тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Зерттеудің мақсаты –Химияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыру тақырыбын факультативті сабақта тапсырма беру арқылы оқыту
барысында 8-ші сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы
химия пәніне деген қызығушылығын және ынтасы мен бейімділіктерін, білімін
арттыру.
Зерттеудің нысаны -орта мектептердегі 8-сыныпта химияны оқытуда
факультативті сабақтарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқытушы
мен оқушылардың іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні - химия пәні 8-сыныпта өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру әдістемесі мен мазмұны.
Зерттеу пәні өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың
танымдық ізденімпаздығын, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен
білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу орыны – № 3 орта мектебі, зерттеу нысаны 8 сынып.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 57 беттен; мазмұны,
кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды,
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ.
1. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Негізгі алға қойған міндеттерге сәйкес химия курсын оқытқанда оның
жетекші идеяларына жете назар аударған жөн. Бұлар - заттар қасиетінің
құрлысына тәуелділігі, қолданудың олардың қасиетіне байланыстылығы,
химиялық реакцияларды олардың жүру заңдылықтарына сүйене басқару
мүмкіндіктері, органикалық және бейорганикалық заттардың материалдық
бірлігі, танымның құрлыстан біртіндеп тереңдеу мәнге қарай қозғалуы,
елімізде халық шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі қоршаған ортаны
қорғаудың қажеттілігі туралы идеялар. Жетекші идеяларға назар аудару арқылы
негізгі ұғымдарды меңгеруге және оқушыларға политехникалық бағдар беруге
болады. Сондықтан химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке
қабілетті, өз білімін ұдай толтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу
керек.
Қазіргі кезде химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын
одан әрі жетілдіру керек. Сабақ, оқу таным жорықтары (экскурсиялар)
факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар химияны оқытудың негізгі
формасы.
Оқытудың барлық формалары өзара байланысты. Ол ең алдымен жалпы
педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мақсаттардың ортақтығы негізінде
іске асырылады.
Оқушыларға химиядан жүйелі түрде білім беруде сабақ басты орын алады.
Сабақ - өте күрделі, көп жақты және көп қызмет атқаратын педагогикалық
құбылыс
Бұл сабақтардың барлығы мақсаты, мазмұны, өткізу әдістері жағынан
өзара тікелей байланысты.
Оқу таным жорықтары
сыныптан тыс
Факультативтік сабақтар
көпшілік жұмыс САБАҚТАР
сыныптан тыс
сыныптан тыс
топтық жұмыс
жеке жұмыс
Сурет 1 Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларының жүйесі:
Сабақ мақсат қоюдан басталады. Сабаққа қойылатын талаптардын
мақсаттар туындайды. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес сабақта оқу үрдісінің
белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:
1. Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау.
2. Жаңа білім қабылдау.
3. Жаңа материалдарды жалпыға қорытындылау.
4. Білімді жетілдіріп, жаттығулар орындау.
5. Білім мен біліктерді қолдау.
6. Білім мен біліктерді меңгеру нәтижесін тексеріп,
оқушылардың жетістіктерін талдау.
Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының
негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:
1. Жаңа материалды оқып - үйрену.
2. Білім мен біліктерді жетілдіру.
3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.
Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні
мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік
мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін
ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.
Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге
болады. 1. Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату. 2.
Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы. 3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.
Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік
дидактикалық мақсат іске асады.
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін
өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
Кесте 1 Өздік жұмыстардың түрлері
№ Өздік жұмысты жіктеу Өздік жұмыстар
1 Дидактикалық мақсаты Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа
материалды қабылдау. Жаңа материалды
ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу
арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды
қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.
Тексеру, бақылау.
2 Оқушылардың танымдық Берген үлгілер бойынша көшіру. Жартылай
белсен-ділігінің сипаты. іздену сипатында. Зерттеу.
3. Оқушылардың өздік жұмысын Фронтальды. Топпен. Жеке – саралап.
ұйымдастыру формалары.
4. Білімнің қайнар көзі. Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу.
Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау,
баяндама жазу. Үлестірмелі материалмен
жұмыс істеу. Химиялық тәжірибелер жасау.
Химиялық диктант жазу. Ауызша, жазбаша
сандық және сапалық есептер шығару.
Графиктік жұмыс.
Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының
қалыптасуы – олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.
Өздігінен орындайтын жұмыстардың ішінде оқулықпен жұмыстың орны
ерекше. Олардың маңызы кейінгі еңбек жолында өздігінен білімін толықтыру
кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен
қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау элективті
курстарды элективті курстарды Өзіндік жұмыстардың маңызы, міндеттері мен
мақсаттары
Оқушылар шығармашылығын дамытуда өзіндік жұмыстар үлкен рөл атқарады.
Ол үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен
әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға
үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,
мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке
мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай батбұрыс жасалып жатқан
қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Химия пәні бойынша өзіндік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері
қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен
кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді
мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына
сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді
бірақтары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете
меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да
байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір
мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де
жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп,
сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі
қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, ойлан-тап ойындарын өткізумен
ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке
белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығуын арттыру үшін,
химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері,
т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына
қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да
оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай
қатыстыратын элективті курстар,: мектепішілік химиялық олимпиадалар,
өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған
алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы
саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға
мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды
сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды
сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек.
Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді.
Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз
беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы
керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара
байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге
деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке
неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге
әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғамнің оқу материалын
түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі
көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге
деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс
жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды
қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді
меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезенде сабақтың мазмұны
мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-
әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей
етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке
басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды,
оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің
еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым
алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың
жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық
жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар фвкультативтік
сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық
пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым
құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі
жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен
қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар
қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл
істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос
уақыт ұғымы – күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос
болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс екемелердің бақылауындағы
уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде
пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл
мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру
мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай
жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп,
мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың
негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін
көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не
бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі
үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың
жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік
жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі
оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы –
оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен
жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде
болуы.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу
үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі
өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан
әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын
жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.
Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын
өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін
дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр.
Біз баспасөзден сабақтан тыс, мектептен тыс, сыныптан тыс деген
термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен
қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың
оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен,
зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды
орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік
жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды
орындауы да жатады, т.б.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас
натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық
мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда
өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы
бағдарламасы болады.
Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз
еріктері бойынша түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі.
Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар
қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын
көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас
ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр
түрлі болады.
Факультативтік сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді: оқушылармен
жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік сабақтар.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар
санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Топтық жұмыстардың негізгі түрі – факультативтік сабақтар.
Факультативтік сабақтар оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы
бағдарламаға сәйкес құрылады.
Элективті курстар жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға
еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың
талаптілектерін ескеру. элективті курстар уақыт жағынан да, бағдарлама
жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін
қанааттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын
көздейді.
60-70 жылдары факультативті курстардың пайда болуы білім саласын
жаңарту қажеттілігінен туындады, мектептердің біркелекілік сипаттылығы мен
тұрақты бағдарламалар жағдайында білім саласына өзгертулер енгізуден өзге
жол болмады. Факультатив термині француздық facultative сөзі мен латындық
facultatis сөздерінен пайда болып, мүмкін, міндетті емес, қосымша таңдауға
берілетін деп аударылады. Осыған орай, факультативті сабақтар оқушылардың
ерікті таңдауы арқылы міндетті пәндермен қатар өткізіледі.
Элективті курстар арқылы мектеп келесі төмендегі міндеттерді шешеді:
оқушылардың белгілі бір пәнді неғұрлым тереңдете оқуға деген сұранысын
қанағаттандыру; оқу-танымдық мүдделерді дамыту; оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту; элективті курстардың негізгі педагогикалық мәні осы
болып табылады. Элективті курстарға сонымен қатар белгілі бір талаптар
қойылады. Мұндай сабақтарда теория мен практика бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Элективті курстардың дәрежесі мен мәнісі әдеттегі
сабақтардан жоғары, себебі, ол оқушылардың еңбекке деген қабілеттігін
арттырады, олардың тәжірибе мен алға қойылған міндеттерді шешу барысында
тәжірибелік іскерлікпен қамтамасыз етеді.
Орта мектепте элективті курстар химияны оқытудағы сабақтың негізгі
түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған элективті курстар мектептің
алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне
көмектеседі. Ашып айтқанда, элективті курстар оқушыларды ғылымды сүюге,
білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей
білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа, т.б.
көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Көптеген мектептерде элективті курстар жұмысын оқушылар мен
мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен
көмекші оқу құралдары өте аз. Факультативтік сабақтар жұмысы жөніндегі
әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері
жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде оқушылардың шығармашылық
белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу
мәселесіне баса назар аударылуда.
Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық
іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын элективті курстардың әрбір
мектепте болғаны жөн.
Ауылдық жердегі элективті курстар ауыл шаруашылығын химияландыруға
байланысты жұмыстарды үйымдастырады. Факультативтік сабақтар азотты,
фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін
есептей білуі тиіс.
Химиялық элективті курстар жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай
әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және
оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын факультативтік
сабақтардың болашағы бар
Элективті курстар мүшелері өздері тандап алған химия сыныптан тыс
өздік сабақтарының мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік
мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған
танымжорықтан алған әсерлері жайында элективті курстар отырыстарында және
істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде
баяндап отырады. Факультативтік сабақтардың бағдарламасы қазіргі оқу
бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.
Химия элективті курстардың мүшелері өздері орындаған жұмыстарының
мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға
немесе күнделіктеріне жазады. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып,
бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Факультативтік сабақтар мүшелерінің
жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты
орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.
Шығармашылықпен жұмыс істейтн көптеген мектептердің мұғалімдері
сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында элективті
курстардың санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. элективті
курстардың өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Оларға мұғалім басшылық
жасайды.
Элективті курстың жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының
мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана
білуге бағыт сілтейді. Оқушыларға жоспар құруға жәрдемеседі. Онда мынадай
мәселелер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны
жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.?
Әрбір элективті курстардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да
бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық элективті курстарға
ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады. Химия сабақтары барысында
бағдарламадан тыс ауқымды алатын оқушылардың қызғушылықтарын қанағаттандыру
мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, сабақтар барысында химияның өмірмен тығыз
байланыстылығын толық түрде қарасытыру мүмкін емес, ал бұл пәнді оқу
барысында бірден-бір қажет нәрсе болып табылады. элективті курстар
оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың
шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс істеуге және тәжірибе
алуға үйретеді.
Оқушылардың жеке оқу пәндеріне деген қызығушылықтары олардың оқу
материалын толық белсенді түрде игеріп және қызығушылықтар мен
қабілеттердің тығыз байланысы негізінде пайда болады. Сол үшін, оқу
процесіне элективті курстарды енгізу керек.
Дәл осы элективті курстардың көмегімен химияға аса қызығушылық
танытатын топты анықтап, олардың арнайы білімдерін одан әрі кеңейтуге,
оларды химияның жеке әдіс-тәсілдерімен таныстыруға, химик кәсібін игеруде
ерікті тағдауға ие болуларына көмектеседі.
Элективті курстар бағдарламаларының вариативтілігіне ерекше назар
аударып өту қажет.
2. Элективті курстардың - өзіндік жұмыстарды арттырудағы ролі
Химиядан өткізілетін элективті курстар оқу - тәрбиелік пәні.
Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландыруда жеке
пәндер бойынша жүргізілетін элективті курстардың мәні өте зор. Жеке
пәндерден жүргізілетін элективті курстардың жалпы білім беретін орта мектеп
оқушыларына арнайы қабілеттіліктерді қалыптастырудағы маңызын ерекше атап
кеткен жөн. Қабілеттік проблемасы - теориялық және іс-жүзіндегі маңызы зор,
ең көкейкесті психологиялық және педогогикалық проблемалардың бірі.
Қабілеттіліктер адамның іс-әрекеті барысында дамып, білінеді.
Оқушылардың жеке оқу пәндері бойынша қабілеттіліктердің дамуы оқу
материалын игеру барысында сол пәндерге деген ынтасы мен бейімділіктерінің
қалыптасуымен тығыз байланыста жүреді. Бұл үшін қазіргі мектептерде оқу
бағдарламаларына элективті курстар, еңбек практикуымдарының енгізілуі мен
оқу пәндерін тыңғылықты оқытатын сыныптардың құрылуы негізінде зор
мүмкіндіктер болып отыр.
Егер оқушылардың сабаққа ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде
дамытып, олардың білімді, іскерлікті және дағдыны пайдалануына жағдай
туғызылса, әр оқушылардың олардың әрқайсысының өзіндік психологиялық
ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргіссе, онда жалпы қабілеттілікті де, арнайы
қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады. Бұл жағдайда пәннің
мазмұны мен оны оқытуды жолға қоюдың шешуші маңызы бар. Осы салада
элективті курстар да елеулі үлес қоса алады.
Элективті курстар - оқушылардың өздері таңдап алған ғылым саласында
білімдерін арттырудың бірден-бір жолы. Қазіргі мектептерде жүргізіліп келе
жатқан факультатив сабақтар бұрынғы КПСС Орталық Комитеті мен КСРО
Министерлер Кеңесінің 1967- 1968 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді.
Қазақ орта мектептері факультатив сабақтарын 1972-1973 оқу жылынан бастап
жүргізуде, факультативтерге қатысатын оқушы мектепті бітіріп, аттестат
алғаннан кейін өзі тандаған ғылым саласында кем дегенде 350 сағат көлемде
терендетілген білім алады.
Элективті курстарды әдетте күндізгі сабақтардың соңында немесе кешкі
уақытга өткізіледі. элективті курстардың мазмұны алуан түрлі, оқыту
материалдары да саналуан; дәріс, рефераттарды талқылау, сарамандық жұмыс,
кинофильмдер көру, танымжорыққа бару қарастырады.
Элективті курстар жалпы оқушылардың білімін көтеру мақсатын
көздеумен бірге, әрбір оқушының ерекшелігін, өзінің талғамына, бейім
қабілетіне қарай белгілі пән курсын таңдап алуына шек қоймайды.
Элективті курстарды оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Бұл сабақтардың үлкен тәрбиелік мәні
осында.
Қазіргі ғылыми-техниканың алға басып, даму қарқының еске алсақ,
элективті курстарын өмір талабына сай жоспарлы өткізудің маңызы одан сайын
арта түспек.
Элективті курстар 3 топқа бөлінеді;
Жоғары деңгейдегі элективті курстар негізгі және міндетті курстардың
мазмұнын терендету бағытында жүргізіледі.
Қолданбалы элективті курстар (Химия ауыл шаруашылығында, Химия өндірісте,
Химиялық талдау негіздері)
3. Арнаулы курстар элективті курсы. Ол химия ғылымының негіздеріне сәйкес
кейбір бағыттарды (бөлімдерді) тереңдетіп қарастыру мақсатын көздейді.
Арнайы курстар мен элективті курстар республикамыздың белгілі
аудандарының жағдайына сәйкестендірілуі керек.
Кесте 2 Химия элективті курсының сызба-нұсқасы.
Рс Элективті курстарды аттары. Сыныптар
1 Жоғары деңгей элективті курс.
1 8-сынып химиясының элективті курсы 8
2 39-сынып химиясының элективті курсы 9
10-11-сынып элективті курсы 10-11
2 Қолданбалы элективті курсы.
1 Ауылшаруашылық химиясы. 9-11
2 3 Химия негіздерінің талдауы. Өндірістегі 9-10
химия. 10-11
Химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің мәні - осы саладағы жұмыстардың
жемісті болуы сынақ тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой
жүгірте талдай білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ қажеттігін талап
етеді.
Химикке тән осы сияқты және бұдан да басқа да, мысалға, тәртіптілік,
зейіндік, жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер тек оқушылар сынақ-
тәжірибе жасауды сынақ-тәжірибелік теория негізінде оқып үйренумен
ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай қалыптаса алады.
Осының нәтижесінде әрбір оқушыда ақыл-ой және сарамандық іс-әрекеттің
дараланған сипаты қалыптасады, бірте-бірте ақыл мен естің химиктің
қызметіне тән арнаулы қасиеттер дамиды, әдеттегі ғана емес, сонымен бірге
теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі
пайда болады.
Элективті курстарды оқып, зерттеуді ұйымдастырудың формаларын,
мазмұнын және әдістемесін анықтауда пайдаланылған кейбір негізгі қағидалар
осылар. Химияның қолданылуы салаларының өте көп түрлігіне қарамастан, ең
алдымен факультативтік пәндердің санын шектеудің тиімділігі жайлы қорытынды
осыдан келіп туады. Оқыту ісінде теория мен сарамандық жұмыс өзара
байланыста болуы тиіс. Жалпы білім беретін пәндерге тығыз байланысты іс
жүзінде қолданылатын пәндер химиялық өндірістің жалпы проблемаларын
түсінуге жәрдем етуі керек. Оқушылардың өнімді еңбекке тартқан олардың
оқыған кездегі даярлығын негізінде алған жөн.
Оқушыларға химияға байланысты кез келген сарамандық саласындағы
қызметке қажетті білім және дағдыларымен қаруландыра алатын химиядан
жүргізілетін факультативтік курстер жүргізіледі.
Бейорганикалық және органикалық химия бойынша тараулар, химиялық
талдау негіздері, химиялық технология негіздері, агрохимия, т.б. жатады.
Химияның кейбір жарты теориялық мәселелері егжей-тегжейлі оқытылады да,
олар химиялық реакциялар жүрісін оқушылардың жақсы түсінуіне септігін
тигізеді.
Химияның жалпы курсын өткенде әдетте оқушылардың меңгеруіне қиын
кейбір негізгі химиялық ұғымдарды жеке танып білуіне химиялық талдау
негіздері пәні жәрдемдеседі.
Егеменді еліміздің халық шаруашылығының барлық саласында химияландыру
іске асырылуда. Көптеген қуатты зауыттар қайта жабдықталып жатыр.
Өндірістің түрлі салаларында химиялық әдістар барған сайын кеңінен
қолданылуда: ауыл шаруашылығын химияландыру жүзеге асырылуда. Бұл үрдістер
жеке дамып бара жатқан химия ғылымына сүйенеді де, өз тарапынан теориялық
химияның, сонымен қатар бірсыпыра техникалық ғылымдардың, химиялық
технологиялардың және т.б. даму қарқынын тездетуге себепші болады.
Өнеркәсіпте барған сайын күрделі химиялық үрдістер іске асырылуда,
қысқа мерзімде өндірістің жаңа салалары жасалып, бұрыннан келе жатқандары
түбегейлі өзгеруде.
Оқушылардың химияға деген құштарлығы химиямен жеке танысуға талпыну
кезінде айқындалады. Оқушы элективті курстарда оқу бағдарламасымен шектеліп
қоймайды, ол химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды
оқиды, сабақтан тыс уақытта химия кабинетінде, зертханасында сынақ
тәжірибемен айналысады.
Оқушылардың химиядан жоғары үлгерімі – пәнге көбірек қызығудың басты
көрсеткіштерінің бірі. Оқушылар зертханалық және сарамандық жұмыстарды
әзірлеп, өткізуге жәрдем береді, үйірме жүмыстарына, химиялық кештер мен
олимпиадаларға және т.б. жұмыстарға белсене қатысады.
Мұндай оқушылар үшін химиядан элективті курстарды ұйымдастыра отырып,
біз олардың белгілі бір салада еңбек ету даярлығына жан-жақты дамуына
қажетті алғы шарттар жасаймыз. Химияны оқып үйрену кезіндегі оқушылардың
жоғарғы белсенділігі арнаулы қабілеттіліктерді қалыптастыру мен дамыту
факторы болып табылады. Химияны тыңғылықты оқып-үйренгенде оған деген
құштарлық тиянақты болады да, мектеп бітіргеннен кейін химиялық кәсіптерді
біршама тез игерумен химия мамандықтарын оқып меңгеруді жалғастыруда беру
мүмкіндіктері пайда болады.
Оқыту ісі оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге, политехникалық
ой-өрісін кеңейтуге жәрдем етіп және олардың химия саласындағы еңбекке
деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу үшін оқу үрдісінде теорияны, өмір мен
ғылымды еңбекпен тығыз байланыстыру қажет.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше
оқушылардың өзіне көбірек ерік беріп, оларға химиялық проблемаларды
шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет.
Химия курсын оқып - үйрену барысында танысуға болатын көптеген
дәлелді материалдар нәтижесінде оқушылардың химиялық ұғымдарды түсінуі
жеңілдей береді. Химия ғылымын одан әрі оқып-үйренуде, сондай-ақ сарамандық
дағдылар да пән бойынша жүргізілетін сабақтарға қалыптасады. Ол - талдау
жасаудың арнаулы әдістерін тез меңгерудің негізі. Оқушылар зертханалық
жұмыстың техникасын оқып-үйренуге көп қызығады. Химиялық білімді кеңейтіп,
әрі тереңдетуде сапалық талдау жүйесі курсының рөлі зор. Сандық талдаудан
оқушылар кейбір шеберліктер мен дағдыға ие болады.
2 химия пәнін ЭЛЕКТИВТІ КУРС сабақтарда
экологиямен тығыз байланыстыра оқыту
2.1 IV-VI топ (биогенді элементтер) элементтерідің табиғатта таралуы
және рөлі
Жаңа ғасырда дүниежүзілік бірлестік алдында тұрған басты мәселелердің
бірі – адам тіршілік ететін ортаның ластануы. Бұл мәселе дүние жүзін қамтып
отыр. ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы басты экологиялық мәселелер, озон
қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарындағы климаттың жылына
бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде
жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары қопарылды. Осы жер қойнауынан алынатын
шикізаттың 10% ғана бөлігі дайын заттар жасауға жұмсалды да, қалған 90%-ы
жарамсыз қалдықтарға айналды. ХХ ғасырдың соңғы 30 жыл ішінде түрлі
қажеттіктер үшін жағылған отын түрлерінен ғаламшардағы атмосфера
құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері 25% артқан. Жер шарындағы осындай
отындарды жаққан кезде атмосферадағы 20 млрд. тонна көміртегі (IV) оксиді
бөлінген. Мұның бәрі де ауаның ластануына әсер етеді. Бұларға қоса
көліктерден, өндіріс орындарынан бөлінетін улы заттар мен газдардың мөлшері
де жылдан-жылға арта түсуде. Сонамен қатар озон қабатындағы ойықтар ұлғая
түсуде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлтінетін N, Cu, Fe, Mn,
Cl, F оксидері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке
зиянды әсер етеді. Адамдардың зиянды әрекеттерінен, минералды
тыңайтқыштарды, пестицидтерді, гербицидтерді қолданудан су қорлары
ластанып, тартыла түсуде. Сондықтан оқушылады мектеп табалдырығынан бастап
қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек. Адамзаттың бұл басты мәселесін –
экологиялық жағдайды жақсартуда химия пәнін экологияландыру басты роль
атқарады. Мектептегі химия пәнін факультатив сабақтарда экологиямен тығыз
байланыстыра оқыту керек. Күнделікті тұрмыста әрбір адам организміне зиянды
әсер тигізетін заттарды жиі пайдаланады. Мысалы, дәрі-дәрмектер, бояғыш
заттар, әр түрлі отындар, тыңайтқыштар, т.б. Бірақ барлық тұтынушылар
олардың зиянды әсерін біле бердейді. Сондықтан ХХI ғасырдың оқушылары әрбір
химиялық заттың пайдалы, зиянды жақтарын, әсіресе, қоршаған ортаға
тигізетін әсерін білу керек. Бұл материалды химия пәнін оқытқанда игерту
керек. Атмосфералық жаңбырдың қышқылдығының артуы немесе осы қышқылды
жаңбырдың пайда болу көзі негізінде жатқан химиялық реакциялармен
таныстырған жөн.
Қышқылды жаңбырға түсінік беру үшін ерітінді ортасының қышқылдық
немесе негіздік болатынын, оны сутек ионының немесе гидроксид ионының
мольдік концентрациясы арқылы белгілейтіні түсіндіріледі. Сутектік
көрсеткіш рН шкаласын пайдалана отырып, табиғи суқойма мен атмосфералық
жаңбырдың қышқылдылығын анықтауға болады, егер жаңбыр суында рН ≥ 5,6
болса, қышқылдығы орташа, ал жер бетіндегі суларда рН 6,5-8,5 болады, яғни
су ортасы сілтілі. Ал қышқылды жаңбырларда сутектік көрсеткіші қалыпты
жағдайдан жоғары болады.
Оқушылардың назарын әсіресе мынадай негізгі аспектілерге аудару
керек:
1. Фотосинтез үрдісі кезінде продуценттер көміртегі (VI) оксидін
органикалық заттарға айналдырады, ал редуценттер көміртегі (VI)
оксидін (СО2) атмосфераға қайтадан қайтарады.
2. Құрлық және биомассасы әлі де болса артық мөлшердегі көміртегі
(VI) оксидін (СО2) сіңіре алады.
3. Табиғатты қазіргідей пайдалана берсек, табиғи байлықтардың
мөлшері жылдан-жылға кеми береді.
Барлық органикалық заттар жанғанда көміртегі (VI) оксиді түзілетінін
көрсететін экологиялық мазмұнды есептер шығаруға болады. Мысалы, мына
берілген газдардың (қ.ж.) 1 литрі жанғанда бөлінетін жылуды анықтаңыз. Қай
газды отын ретінде қолдану тиімді?
Метан мен ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеулері:
СН4 + О2 → СО2 + 2H2O + 880 кДж
2СН + 5 О2 → 4СО2 + 2H2O + 2610 кДж
Осы типтес есептерді шығару оқушылардың шикізатты экономикалық та,
экологиялық жағынан да тиімділігін анықтауға үйретеді. Химиялық
өндірістерді қарастырғанда экологиялық мазмұнды есептерді өнім шығымының
теориялық мүмкіндігімен салыстыра отырып шығартуға болады. Мысалы, аммиак
өндіру зауытында жоспарланған аммиак өндіру – 17% құрайды. Әр түрлі
кемшіліктерге байланысты 1% аммиак ысырап болады. Егер 60 кг сутек
реакцияға пайдаланылса, ысырап болған аммиактың массасын анықтаңыз. Аммиак
ауаға таралып, қандай зиянды әсер туғызады? Су қоймасын, көлді ластаса ше?
Осы типтес есептерді оқушылар күнделікті ақпарат құралдарын
пайдаланып, өздері құрастыра алады.
Химиялық эксперимент – химияны оқытудың негізгі тірегі. Химия
сабақтарында экологиялық зерттеулер мүмкіндігін де пайдалану керек. Тағам
өнімдеріндегі, әсіресе көкөністердің құрамындағы нитраттарды анықтау немесе
судың құрамын, атмосфералық ауаның құрамын анықтап, қорытынды шығарту
оқушылардың химиялық білік-дағдысын, икемділігін шыңдаумен қатар, химияның
тұрмыстағы пайда-зиянын ажырата білуге баулиды.
Химиялық экспериментті екі бағытта жүргізу керек: аналитикалық
әдістерді пайдаланып, қоршаған ортаны зерттеу, химиялық реакциялар кезінде
түзілетін қалдықтарды өңдеу (заттарды залалсыздандыру). Осы мүмкіндіктерді
пайдаланып, тірі және өлі табиғаттың арасындағы байланыс, қоршаған
ортадағы адамдардың әрекеттері, тіршілік ортасын химиялық ластанудан қорғау
әдістері таныстырылады.
Химиялық эксперимент арқылы табиғи құбылыс және үрдістердің тірі
организмдерге және экожүйеге әсерін көрсетіп, экологиялық тиімді әдістер
үйретілді.
Химиялық экспериментті факультативтік сабақта пайдалану теориялық
материалдарды толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды химияға
қызықтырады.
Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген
күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері - дүниежүзілік деңгейде
биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту,
энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. Ауаның, судың
және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп
саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты, әрі
өнеркәсіп орындарына қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе
бойынша жұмыс істеуге көшуді талап етеді. Жанармайлардың ауаны ластамайтын
түрлерін пайдалану, атап айтқанда, күн энергиясын, жел, теңіз толқындарын
пайдалану. Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның
ластануын азайтып, қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан орта мектепте химия пәнінде, факультатив сабақтарда әрбір
тақырыпты экологиямен тығыз байланыстыра оқыту болашақ қоғам иелерінің
экологиялық сауатты болуына септігін тигізеді.
Жер бетінде химиялық элементтердің таралуы әр түрлі. Жердің
массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз
элемент – оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний,
сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий –
жер массасының 99,8%-ын құрайды. Ал қалған 0,2%-ы барлық басқа
элементтердің үлесіне тиесілі.
Биомолекулалардың органикалық бөлімімен ковалентті байланысқан
элементтердің ядро заряды өскен сайын төмендеп отырады. Мысалы, ((О)(
(S)((Se)(Te). Ағзада ион түрінде болатын элементтердің (ІА-ІІА топтарының
s-элементтері, VII тобының р-элменттері) мөлшері – топтағы элементтің атом
ядросының заряды өскен оптималды ионды радиусы бар элементке дейін
жоғарылайды, одан кейін төмендейді. Мысалы, ІІА тобында берилийден
кальцийге дейін элементтің ағзадағы мөлшері жоғарылайды, ал әрі қарай
барийден радийге қарай төмендейді. Дәл осылайша, VIIA тобында фтордың
хлорға дейін ағзадағы элементтің мөлшері жоғарылайды да одан кейін
төмендейді.
Бейорганикалық заттардан биоорганикалық заттарға эволюция үрдісінде
химиялық элементтердің биожүйелер жасалуына қолданылу негізі - табиғи
таңдау.
Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың
сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты.
Кремнийдің SiO₂, алюминийдің Al₂O3 табиғи қосылыстары суда ерімейді,
сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Бұған қарама-қарсы көміртек, ол
жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. (0,35%), ал тірі ағзадағы мөлшері
бойынша 2-орынға ие (21%).
Элементтің қоршаған ортамен салыстырғанда ағзадағы мөлшерінің
жоғарылауын элементтің биологиялық концентрленуі деп атайды.
Табиғи таңдау нәтижесінде тірі жүйелер негізін тек алты элемент
құрайды. Олар – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт. Бұларды
органогендер деп атайды. Бұл элементтер ағзаның 97,4%-ын құрайды.
Негізгі органоген – көміртек. Ол мықты ковалентті байланыс түзе
алады.
Оттек пен сутегі көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және
тотықсыздану қасиеттерін алып жүруші ретінде қарастыруға болады.
Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт және де ферменттердің
белсенді ортасын құрайтын кейбір басқа элементтер – темір, магний. Өте
құбылмалы органогендерге суда еритін қосылыстардың түзілуі тән, ол осы
элементтердің тірі ағзаларда концентрленуіне жағдай туғызады.
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:
1. Макроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-²%-дан жоғары. Олар –
оттек, көмітек, сутек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және
хлор.
2. Микроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-³% бен 10-5%
аралығында. Оларға йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт
жатады.
3. Ультрамикроэлемент. Олардың ағзадағы мөлшері 105 %-дан төмен.
Оларға сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. жатады.
Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге
бөлуге болады:
1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам
ағзасында үнемі болады, ферменттер, гормондар, және витаминдер құрамына
кіреді: H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V.
Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында үнемі
болады. Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Gl, As, Rb, Pb,
Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы толық
зерттелмеген немесе белгісіз.
3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr, Sm, W, Re, Tb және т.б.).
Адам және жануар ағзаларында табылған, мөлшері және биологиялық маңызы
белгісіз.
Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті
элементтерді биогенді элементтер деп атайды.
Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни
микро және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады.
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшықет ұлпаларында
жиналады. Бұл ұлпалар-көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер
кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады.
Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс
кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден –
бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек
ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром –
гипофизде және т.б. жиналады.
Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де
кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында
нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек
және оттек – макроэлементтер, осы екі элемент судың құрамына кіреді. Су
ересек адам ағзасының шамамен 65%-ын құрайды. Су – адамның мүшелерінде,
ұлпаларында және биологиялық сұйықтарда әркелкі таралған, ол асқазан
сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5%-ға дейінгі аралығын
құрайды. Су несептің, бас миының ақ затының, бауырдың, терінің, жұлынның,
бұлшықеттердің, өкпенің, жүректің – 70-80%-ын, сүйектің 40%-ын құрайды.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор –
нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді
қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51-55%,
оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен
0,5%-ды құрайды.
Көміртек, сутек және оттек көмірсуларының және липидтердің (майлар)
де құрамына кіреді. Және де фосфор, фосфолипидтердің құрамына фосфатты
топтар түріне кіреді. Көп мөлшерде липидтербас миында (12%), бауырда (5%),
сүтте (2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі
бөлімі сүйек ұлпасында -600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын
құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді және кальциймен,
хлормен, фтормен, гидроксил, хлор, фторопатиттер (жалпы формуласы
Ca5(PO4)3X, мұндағы Х = OH, Cl, F) түрінде кездеседі.
Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий
және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасушаішілік сұйықтықтарда
кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында
болады. Магний фосфат түрінде Mg3(PO4)3 тістің қатты ұлпаларында кездеседі.
Тірі ағзаға қажетті он металл тіршілік металдары деп аталады. Шамамен
салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей
болады: кальций – 1700 г, калий – 250 г, натрий – 250 г, магний – 42 г,
темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт –
барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 кг-ға дейін минералды
тұздар бар, бұл мөлшердің 56 бөлігі (2,5 кг) сүйек ұлпаларына тиесілі.
Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген
микроэлементтер ағзада биолиганд-аминқышқылдармен, нәруаздармен, нуклеин
қышқылдарымен, гормондармен, витаминдермен және т.б. – мен комплекс түрінде
кездеседі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz