Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихы



1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық.саяси әрекеттері
3 Алаш Орда төрағасы
4 Ғылыми әрекеттері
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті
1 «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
2 Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
3 Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан
Дүниеге келгені: 1866 5-ші наурыз
Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі
Қайтыс болғаны: 1937 27-ші қыркүйек
Мәскеу, Ресей КФСР

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы
қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса
ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және
Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы,
публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25
наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7-
ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі:
Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен
Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға
береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты
бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары
Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890
жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник"
мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-
Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде
оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың
босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы
туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай
түсті.[1]Мазмұны [жасыр]
1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық-саяси әрекеттері
2.1 Алаш Орда төрағасы
3 Ғылыми әрекеттері
4 Пайдаланған әдебиет
5 Түсініктемелер
6 Тағы қараңыз
7 Фильмдер
8 Сыртқы сілтемелер
9 Пайдаланған әдебиет

[өңдеу]
Өмірбаяны

1866[2] ж. наурыздың 5[3] бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын
болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай
ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай
аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы
атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан
Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі
Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына
оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы
мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте
жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888
жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған
алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен
қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясының
елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика
факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің
жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға
жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты
толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына
білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін
көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
[өңдеу]
Қоғамдық-саяси әрекеттері

Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ
даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси
астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан
біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың
саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ
зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын
ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі
саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының
ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде
шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер)
мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар
өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен
қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын
ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына
қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала
өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай
Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде,
Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін
қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді.
Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол
үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің
шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи, Омич және Иртыш
газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік
Товарищ, кадеттік Речь, Слово гәзеттерінде редакторлық қызмет
атқарды.

1909-17 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі
Әлихан Бөкейхан туралы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Әлихан тұңғышы
Пәндер