Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 бөлім Қиын мінез.құлық түсінігі
1.1 Қиын мінез.құлық түсінігі мен теріс мінез.құлықтың даму классификациясы, қиын мінез.құлықтың пайда болуына себепші негізгі факторлар. ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қиын бала оқушылармен жұмыс жүргізуде басшылыққа алынатын негізгі нормативтік.құқықтық құжаттар ... ...13

2 бөлім Қиын мінез . құлықты бала ғылыми категория және педагогикалық.психологиялық зерттеу объектісі ретінде

2.1 Қиын баланың ғылыми категория және педагогикалық.психологиялық зерттеу объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2 Қиын мінез . құлықы бар балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу жолдары ... ... ...22

Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... .29
Жастардың арасындағы қиын бала бүкіл дүние жүзінде басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің дамушы елімізде де осы мәселе орын алуда. Ауытқушылық мінез-құлық жастарымыздың тәрбие, білім алуына кедергі болғандықтан осы мәселені қарастыру маңызды.
Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі жастарымыздың үлесі мол, ол халықтың басқа да топтарының арасынан салыстырғанда, екінші жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді. Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы-зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.
Жұмыстың өзектілігі. Жастардың арасындағы қиын баланың көбеюі мен жастардың теріс қылықтарға баруы әр елдің басты мәселелерінің бірі. Өйткені, жас жеткіншектер ертеңгі еліміздің болашағы болғандықтан әр мемлекеттің осы мәселені басты орынға қоюы маңызды.
Қазіргі Қазақстан қоғамында жастардың көп бөлігі батыс елдеріне еліктеп отырғаны және сол батыс елдерінің жақсы жағын емес жаман жақтарын өз бойларына сіңіруі осындай теріс қылықтарды жасауға итермелеп отыр. Жастардың батыс елдеріне еліктеуіне де біздің қателіктеріміз бар, яғни бұқаралық ақпарат құралдары және тағыда басқа жастар көп еліктейтін жарнамалар арқылы өз бойына сіңіріп алады. Жас жеткіншектердің басқа елдерге еліктеуі мен еліміздегі басты құндылықтарды жоғалтуымыз, яғни салт-дәстүр мен мәдениетімізге балта шаппақ. Қазақстандағы жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушылардың әлеуметтік жағдайы мынаны көрсетеді. Олардың жарты пайызының отбасында келіспеушіліктер мен жайсыз отбасылар болып отыр.
1.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.-Алматы, 1973.
2. Баласұғын Ж. Құтты білік Ауд.А.Егеубаев.-Алматы: Жазушы,1986.
3.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы: Ғылым, 1994.
4. Құнанбаев А.Шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы,1991.
5.Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы: Рауан, 1993.
6.Жұмабаев М. Педагогика. .-Алматы: Ана тілі,1992.
7. Куфаев В.И. Юные нарушители.-М,1925.
8.Невский И.А. Предупреждение и преодоление педагогической
запущенности школьников Автореф.дис.докт.пед.наук.-М., 1982.
9.Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу
мәселелері.-Алматы,1991.
10.Джаманбалаева.Ш.Е. "Особенности социолизации подростающего поколения". Алматы. 2002. [1] 18-21 стр.
11.Козымбетова.Д.К. "Девиантное поведения моложежи как обьект социологического исследования". Алматы. 1999. [2] 3-5 стр.
12.Әбсаттаров.Р. Аженов.М. "Әлеуметтану". Алматы. 2003.
13.Оданова Роза. Социология теориялары және тарихы. Шымкент.
2004. [3] 30-31 бет.
14.Э.Дюргейм. "Норма и потология". Москва. 1992. [4] 10-15 стр.
15.Джаманбалаева. Ш.Е. "Общество и подросток", социлогически аспект девиантного поведения. Алматы. 2001.
16.Коэп А. "Исследования проблем социальной дезорганизции и отклоншегосия поведения". Москва. 1985
17.Жастар – қоғамның белсенді күші. «Егемен Қазақстан». 16 сәуір 2005
18. Молдағалиев Б. Студент жастар және нарықтық экономика. «Қазақстан мектебі». 2003. №8
19. Әйтімбет. Жастардың ойында не барын біз қаншалықты білеміз. «Қазақстан заман». 1.12.2001ж
20.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология // Жалпы ред. Басқ. – А.Қ.Құсайынов- Алматы: Мектеп, 2002.
21. Керимов Л.К. Қиын жасөспірімдерді жеке дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы: Пед.ғыл.докт. ...дисс. авторев.- Алматы, 1992.
22. Қазақстан мектебі 2002ж. №1
23. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары. 2007ж. №5
24. М.Жұмабаев “Педагогика”
25. Ахметжанов Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова / Ұлағат №1 2001
26. Агафонов А.Н. “Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс”
27. Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, 2002ж.
28. Б.Ғ.Шынтемірова, Т.Т.Шайхиев. Құқық теориясының негіздері. Алматы, 1999ж.
29. Кітапхана және құқық тәрбиесі. Алматы, 2001ж.
30. С.Өзбекұлы. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері.-
Алматы, 2004ж.
31. Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы (хрестоматия). 1 кітап.
Құраст.:З.Ж.Кенжалиев, Б.Ж Қуандықов, Алматы, 2004ж.
32. Ж. О. Артықбаев. «Жеті жарғы». Оқу құралы, Алматы, 2006ж.
33. ҚР мемлекеті мен құқық негіздері. Оқулық.Құрастырған Е. Баянов,Алматы 2003ж.
34. М.Нығметоллаев Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Алматы, 2003ж.
35. С. Ахмет. Қазақтың ата заңдары. Қазақ дәстүрлік құқықтарының түп-төркіні. «Жоғарғы
сот жаршысы. Вестник Верховного суда, Алматы, 1995ж.
36. Ғ.Сапарғали, Қ.Жүкешев. Қазақ мемлекетінің құқықтық тарихынан.Алматы, 2003ж.
37. Қ.Б.Кемелбеков. Қазақтың әдептік- құқықтық мәдениеті және оның тарихи қалыптасу
кезеңдері. Алматы, 2002ж.
38. Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалар.Алматы, Жеті жарғы,1997ж.
39. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы,«Нұрлы әлем», 2003ж.
40. Садвакасова З.М. В помощь социальному педагогу или как работать с трудными детьми. Уч.-метод.пособие.Алматы, 2008ж.
41. Б.А. Жетписбаев, А.К. Айтпаева. Концептуально-теоретические проблемы девиантного поведения и правовой социализации несовершенннолетних в Республике Казахстан.Алматы, 2002ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 бөлім Қиын мінез-құлық түсінігі
1.1 Қиын мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың даму
классификациясы, қиын мінез-құлықтың пайда болуына себепші негізгі
факторлар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қиын бала оқушылармен жұмыс жүргізуде басшылыққа алынатын негізгі
нормативтік-құқықтық құжаттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 бөлім Қиын мінез - құлықты бала ғылыми категория және педагогикалық-
психологиялық зерттеу объектісі ретінде

2.1 Қиын баланың ғылыми категория және педагогикалық-психологиялық зерттеу
объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.2 Қиын мінез – құлықы бар балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жастардың арасындағы қиын бала бүкіл
дүние жүзінде басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің дамушы елімізде де
осы мәселе орын алуда. Ауытқушылық мінез-құлық жастарымыздың тәрбие, білім
алуына кедергі болғандықтан осы мәселені қарастыру маңызды.
Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық
зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда
қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі
кездегі жастарымыздың үлесі мол, ол халықтың басқа да топтарының арасынан
салыстырғанда, екінші жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы
(қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың)
осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты
бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен
байланысты болып келеді. Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген
салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы
асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы-зорлау мен дүниеқорлық арқылы
жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік,
аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі
түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.
Жұмыстың өзектілігі. Жастардың арасындағы қиын баланың көбеюі мен
жастардың теріс қылықтарға баруы әр елдің басты мәселелерінің бірі.
Өйткені, жас жеткіншектер ертеңгі еліміздің болашағы болғандықтан әр
мемлекеттің осы мәселені басты орынға қоюы маңызды.
Қазіргі Қазақстан қоғамында жастардың көп бөлігі батыс елдеріне
еліктеп отырғаны және сол батыс елдерінің жақсы жағын емес жаман жақтарын
өз бойларына сіңіруі осындай теріс қылықтарды жасауға итермелеп отыр.
Жастардың батыс елдеріне еліктеуіне де біздің қателіктеріміз бар, яғни
бұқаралық ақпарат құралдары және тағыда басқа жастар көп еліктейтін
жарнамалар арқылы өз бойына сіңіріп алады. Жас жеткіншектердің басқа
елдерге еліктеуі мен еліміздегі басты құндылықтарды жоғалтуымыз, яғни салт-
дәстүр мен мәдениетімізге балта шаппақ. Қазақстандағы жасы кәмілетке
толмаған құқық бұзушылардың әлеуметтік жағдайы мынаны көрсетеді. Олардың
жарты пайызының отбасында келіспеушіліктер мен жайсыз отбасылар болып отыр.

Қиын мінез-құлықтың күшеюунің маңызды факторларының біріне құқықтық
нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне селсоқ қарау
жатады.
Жастар – болашақтың іргесін қалайтын тұлғалар болғандықтан, жастардың
әлеуметтенуіне жағдай мен мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Жастар көптеген:
социология, психология, педагогика, юриспруденция және тағы басқа
ғылымдардың танымдық объектісіне айналып отыр. Олардың әрқайсысы жастарға
қатысты өз пікірі мен көзқарастары бар. Жастармен жұмыс жасағанда
әлеуметтік қызметкердің атқаратын қызметтері де маңызды.
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ
болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен
бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдерді
қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту мәселелері белгілі белгілі
болып отыр. Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына
жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып
отыр.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көтеген салалары дағдарыс
жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және
антисоциалдық сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын
қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм
сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай
теріс құбылыстар жастар ортасында кең таралған.
Қиын бала ұғымына педагогикалық тұрғыдан сипаттама тақырыбы жастар
ортасында қарқын алып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе тек
біздің елімізді ғана емес, сонымен қоса дүние жүзін алаңдатып отырған
мәселелердің бірі деп білеміз. Теріс мінез-құлықты жастардың көбеюі мен
дамуы мемлекеттің құлдырауына алып келеді. Жастардың арасында девианттық
мінез-құлықтың алдын алу мақсатында көптеген шет ел мемлекеттері бірқатар
жұмыстар атқаруда. Бұл тек мемлекеттімізде туындап жатқан мәселе емес,
бүкіл дүниежүзіндегі басты мәселердің бірі. Мен сол себепті жастардың
ортасындағы өзекті мәселе ретінде девианттық мінез-құлық деп есептеймін.
Жастардың ортасындағы қиын баланың алдын алу мен азайту мақсатында
шет елдерде көптеген орталықтар мен бірлестіктер ашылған. Жапонияда теріс
мінез-құлықты жастармен жұмыс жасайтын мыңға жуық бірлестік жұмыс жасайды
екен. Бірлестіктер әртүрлі бағытта жұмыс жасап жатыр. Бүкіл елді алаңдатып
отырған мәселе болып отырғандықтан, біз де осы мәселеге көңіл бөліп, шешу
жолдарын қарастыруымыз қажет деп есептеймін.
Теріс мінез-құлықты көрсеткен жас жеткіншек өсе келе, басқа да заң
жүзінде айыпталатын қылмыстарды жасауы мүмкін. Жасалынып жатқан жұмыстар да
аз емес, сол жасалынып жатқан жұмыстарды жүйелендіру арқылы тағы да жастар
арасында жаңа саясаттар мен жаңа ойлар керек.
Жұмыстың мақсаты – Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және
педагогикалық тұрғыдан анықтау. Қиын мінез-құлықты жастармен әлеуметтік
жұмыс жүргізу технологияларына талдау жасау және де қоғамдық бейімделу
жолдарын айқындау.

Жұмыстың міндеттері:
-қиын бала түсінігі мен теріс мінез-құлық мәселесін теориялық-әдістемелік
зерттеу негіздерін көрсету;
- жастардың арасында кеңінен таралған мәселелерді анықтау мен қиын бала
өзекті мәселе ретінде көрсету;
- қиын баланың пайда болуына себепші негізгі факторларды көрсету мен
әлеуметтенуді негізгі фактор ретінде қарастыру;
- Қазақстандағы жастардың ортасындағы қиын бала деңгейін анықтау;
- жастардың арасындағы қиын бала деңгейін азайту мақсатында жасалынып
жатқан әрекеттерге талдау жасау;
- қиын жастармен әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан технологияларын көрсету;
- теріс мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жасаудағы технологиялардың
орнына жаңа әдістерді ұсыну;

1 бөлім Қиын мінез-құлық түсінігі

1.1 Қиын бала түсінігі мен теріс мінез-құлықтың даму классификациясы.
Қиын баланың пайда болуына себепші негізгі факторлар
Әлеуметтанудағы қиын бала тұжырымдамасын қалыптастырған француз
әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін
аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда
ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының
себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған
жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Қиын бала сыртқы
физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды
енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей
туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір
себебі болады. Сонымен бірге, әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын
тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат,
салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше түрден тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық.
• Қиын бала - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-
құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір
әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Қиын бала көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет
бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық
жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
• Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде
көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
• Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу
факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі
және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше
қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын
физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар
жатады:
• ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі
тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын
генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру
кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі
кемшіліктер.
• психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал,
келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін,
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық
ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
• физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық
кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз
қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық
деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне
алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-
психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді.
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму
сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі
ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік
ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-
анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған
ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар
сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік,
қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге
бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық
тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген
оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың
оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
• оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы
жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап
болуынан;
• мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен
қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-
қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп
қол үзе бастайды;
• әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген
қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге,
нашақорлыққа қызыға бастайды;
• криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен
болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал
мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып
олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы -
ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы
қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
• дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті
жағдайларға баланы итермелейді;
• тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі,
ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік
кемшіліктерден туындайды;
• асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы,
криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық
қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада,
мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-
әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп
сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық
ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан
басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың
мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз,
ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-
зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның
кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция,
әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Қиын
балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп
шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік,
педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде,
бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы
білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-
әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар
құру;

1.2 Қиын бала оқушылармен жұмыс жүргізуде басшылыққа алынатын негізгі
нормативтік-құқықтық құжаттар

• Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
N319 Білім туралы Заңы.
• Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі
N581 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы.

• Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында 2006-2011 жж. арналған
тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы.
• Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N34 Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы.
• Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы
N176-XIII ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы Заңы.
• Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі
N591 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу туралы Заңы.
• Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N155 Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы Кодексi.
• Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N16 Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексi.
• Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N1678
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы Жарлығы.

Қиын баланың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы
ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер басын қатырды.
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар
аударылды: таптық қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз құрылысынан
туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға
арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі.
Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық,
жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып
берді. Бүгінде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез-
келген саналы мінез-құлыққа басым болатынына,оның жеке тұлға құрылымындағы
биологиялық элементтермен терең өріліп жатқанына келіседі.
Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік,
жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес. Мысалы,
қылмыстың сондай әлеуметтік факторына кедейшілік жатады. БҰҰ-ың
эксперттерінің 1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада
миллиардтан астам өте кедейшілікте,1,3 миллиард адам суға жарымай, 1
миллиард адам тұрғын үйсіз,880 миллион адам тиісті медициналық көмек ала
алмай, сонша адам сауатсыз өмір сүріп жатыр. Африка мен Оңтүстік Азияның
көптеген елдері кедейшіліктен шыға алмай отыр. Тұтынудағы
айырмашылық та өсіп келеді:ең бай деген елдерде тұратын халықтың 20
проценті ең кедей деген елдегі 20 процент халықпен салыстырғанда 16 есе
көп.
Мысалы, Индияда халықтың 19 проценті жұмыссыз.
ТМД елдерінде қылмысқа нарықтық қатынастарға өтуі және бәсекелестік,
инфляция, жұмыссыздық сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді. Статистика
1996 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы ресми тіркелген еңбекте жарамды
халықтың деңгейін-4,2 процент деп белгілейді, бірақ ресми емес мәліметтер
еңбекке жарамды халықтың 10 процентін құрады.
Қылмыс жасаған он адамның жетеуі-жұмыссыздар.
Қазақстан нашамен жабдықтанушы елге айналды. Сондықтан Интерполдың
мүшесі ретінде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік жарнаға үш бірлік төлейді.
Әр бірлік 17 мың 100 швейцар франкі мен нашамен жабдықтаушы ел ретінде
қара базарға тағы соманың 20 процентін төлейді.
Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла
төлейді.
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елемізде тек батыстық өмірге жататын
құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде қалыптасқанын
ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға
қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері
нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті
сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті:
сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 проценті оған
қарсы қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық көрмеймін деп
есептейтіндер,негізінен, гашишті жаңадан бастаушылар. Наша қабылдағаннан
кейін болатын қозуды, көніл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және
надандықтан бұл зат өз денсаулығына игілікті әсер етті деп қабыдайды.Бірақ
белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген
нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен, бұл
әдеттен бас тартуға күші жетпейді.
Нашақорлықпен күреске әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы
шаралар, соның ішінде маскүнемдікке қарсы шаралар қолданылады. Бірақ
нашақорлықтың даму ерекшелігін ескере отырып, бұл мінез-құлықтың ауытқуына
байланысты әр түрлі шаралар қолданылады: медициналық, құқықтық,т.б ҚР-да
нашақорлықпен күресуге байланысты 2000 жылдың 17 ақпанында Президент
жарлығымен Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес агенттігі құрылды. ҚР
Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен коррупцияға қарсы күрес
мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрсетілгендей, елде
қылмыстың өсуін тоқтатып, криминалды жағдайды тұрақтандыруға қол
жеткізілді. Ең бастысы,- деп атап көрсетті елбасы,-біздің еліміз діни
негіздегі кикілжіңдер мен ұлттық қақтығыстарға жол бермедіЕлдегі жағдай
қылмыстық әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл белсенділігін
арттырып,қатал да тегеурінді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді. Қылмыс
деңгейі әлі де жоғары: Тәулік сайын республикада 400 шамалы қылмыс
жасалады. 1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20процент),873 қарақшылық шабуыл
жасаушы, 4250 тонаушылар мен 22 мыңға жуық ұры жазалаусыз қалды. Барлық
жерде қылмыстық дәстүр мен салт,қылмыс әлемінің шеберлігін арттыру мен
мамандануы жандана түсті.
Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі көзі қылмыстық бизнеске айналды.
Қазақстанда заңды ұрылар деген ұғым пайда болыд, олар қылмыстық топтар
арасындағы қарым-қатынастарды реттейді, Наркобизнес, спирт контрабандасы,
ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды.
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика
көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 проценті, басқа
қылмыстардың 40 проценті маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі
өлтіру,ұрлық,қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 процентін
адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 процентке жуығы маскүнемдікке
байланысты.
Жеке тұлға аймағына жататын қиын баланың себептеріне, оны
қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл
бөлініп отырған жоқ.
Заң бұзушының ішкі әлемі қандай? Қылмыскердің ішкі әлемінде қажеттілік
қысым сипатындағы өзіндік психологиялық жүйе іске асады. Осы қажеттілік
қылмыскердің белгілі бір мақсатқа бағытталған мінезің қалыптастырады.
Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін
анықтайды:
• Доминанттық(басқаларға баұылау жасауға және олардың мінез құлығын
басқаруға ұмтылу)
• Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету құрту үрдісі)
• Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу
• Автономия (барлық шектеуден қашу)
• Бейімделу ырыққа көну
• Ойын қажеттілігі (шындықтан бас тарту)
• Эгоизм, нарциссизм ( өзін өзі жақсы көру,өз мүддесін басқалардан
жоғары қою)
• Қамқоршы іздеу
• Жазадан қашу( қоғамды, үлкендерді айыптау)
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:
1. жүйелі қылмыскер тип
2. кездейсоқ типтер
3. жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа дейінгі адамгершілігінің
бұзылуы)
Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер (75) ал екіншісіне –ұзақ
уақыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер жатады.
Ғалымдар қылмыстық-құқықтық жауапкершілік неғұрлым тиімді болып есептелетін
жағдайларды көрсетеді:
1) жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын, оның мәні қарқындырақ;
2) субъект жазадан құтылмайтындай болған сайын,жазалаудың ескерту ролі
күштірек;
3)жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге оны қолданғанда, көп
нәрседен айырылса, жоғарырақ болады ;
4) Жазалаудың превентивті себебінің табысты болуы мінез-құлықтың
жасырын формаларының таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста болады;
5)превентивті себептердің бабыстылығы тыйым салынған жазалау
санкциясының сыйымдылығына байланысты болады;
6)жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі субъектінің тиым салынған,
әрекеті мен қаншалықты өзіне сай, қалаулы және қажетті деп есептеуіне
байланысты болады.
Соңында, мінез-құлыққа құқықтық бақылау жасау
жүйесінің мәні әлеуметтік ауытқуды бейтараптауға не жоюға байланысты.
Бірақ, әлеуметтік ауытқулардың алдын алудың әлеуметтік мүмкіндігі көп
жағдайларға байланысты. Жекелей алғанда, девиантты мінез-құлыққа не
жататыны, не жатпайтындығы сан рет өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әр
түрлі бағаланып келеді.

2 бөлім Қиын мінез - құлықты бала ғылыми категория және
педагогикалық-психологиялық зерттеу объектісі ретінде

2.1 Қиын баланың ғылыми категория және педагогикалық-психологиялық
зерттеу объектісі ретінде

Қиын балаларды зерттеушілер көне заманнан бастау алып қазіргі кезеңге
дейін зерттеліп келеді. Қиын баланы зерттеушілердің қатары батыс елдерінен
бастау алды – Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Ч. Ламброзо, П. Брока, У. Шелдон, Г.
Беккер, К. Эриксон. Ресей зерттеушілері ары қарай дамуына өз үлестерін
қосты. Олардың қатарында – М. Попов, И. Гилинский, В. Афанасьев, В.
Кудрявцев. Біздің елімізде социология ғылымдары кейінен бастап дами
бастағандықтан зерттеушілердің қатары да біршама аз. Отандық
зерттеушілердің қатарынан – Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін
қарастыруға болады. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілердің қатары
өсіп келуде. Алғаш рет Аномия түсінігін қолданған социолог – Э. Дюркгейм
болды, кейінен Р. Мертон Аномия теориясын қолдана отырып, девианттық
мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-
ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған
келіспеушіліктер деп түсіндіреді.
Социологиялық зерттеулер ХІХ-ғасырдың екінші жартысында Я.И.
Гилинскийдің, В.С. Афанасьевтің және тағы басқалардың еңбектерінен көруге
болады. Қазақстанда осы мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады.
Девианттық социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен
еңбекті академик В.Н. Кудрявцевке тиеселі.
Қиын балалардың пайда болуы биологиялық әсерден деген теорияға қарсы
келген – Ресей зерттеушісі, Томск университетінің профессоры – М.Ф. Попов.
Қазақстан Республикасында теріс мінез-құлықтыларды зерттеушілердің қатары
кейінгі жылдары ғана бастау алды. Олардың қатарында – Д.К. Қазымбетова, Ш.
Жаманбалаева. Қазіргі кезеңде, отандық девианттық мінез-құлық
социологиясында Д.К. Қазымбетованың девианттық мінез-құлық тақырыбындағы
көптеген жұмыстарын көрсетуге болады.
Оқушының қалыпты мінез-құлқы оның адамдармен өзара қарым-қатынасы,
дамуы мен әлеуметтенуінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін білдіреді. Егер
баланы қоршаған адамдар жасөспірімнің кейбір ерекшеліктеріне дер кезінде
және дұрыс назар аудара білсе, оның мінез-құлқы қалыпты болады.
Қазіргі таңда елімізде практикалық психология ғылымы қарқынды даму
үстінде. Психологтардың ең маңызды жұмыстарының бірі-тәртібі нашар қиын
балаларды анықтау, қиындықтың себебін білу және олармен түзету жұмыстарын
жүргізу, оны болдырмаудың жолдары мен бейімдеу жұмыстары болып табылады.
Қиын бала, қиын оқушы деген атаулар қазіргі кезде өте жиі кездесуде
және олармен жүргізілетін жұмыстар күрделене түсуде.
Қиын бала ұғымы бүгінгі таңда тек ата-ана мен ұстаздар қауымын ғана
емес, сонымен қатар, социолог, психолог, юрист, дәрігер мамандарының
назарын аударып, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселе.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады.
Оның осы ортада өзін нық сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген
факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші
жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін
тигізеді.
Қиын бала күнделікті педагогикалық, психологиялық әсерге көне
бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-
жігерін, күшін, педагогикалық еңбегін қажет ететін оқушы.
Психологияда қиын балалар туралы бірдей, біркелкі түсінік
қалыптаспаған. Қиын балалардың қатарына әртүрлі себептермен ілініп
жатады, яғни үлгерімі нашар, тәртібі нашар, психикалық ауытқулары бар,
тұрмысы төмен отбасының балалары, т.б. Ондай көптүрлі себептер қиын
балалармен жұмысты одан әрі күрделендіреді.
Қиын бала екенін анықтаудың мынандай белгілері бар:
1. Ол баланың тәрбие жұмысына қарсылық білдіруі, педагогикалық іс-
әрекетті қабыл алмауы.
2. Баланың қиындығын анықтаудың ең маңызды белгілерінің бірі ол – жанұя
мүшелерімен, достарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасының мүлдем
өзгеруі. Яғни, тәртібінің нашарлауы, тәртіптіліктің қарапайым
ережелерін орындамауы, мұғалімдермен, оқушылармен үнемі қақтығыстың
болуы, ата-аналарының беделін мойындамауы, тыңдамауы. Мұның бәрі
баланың қоршаған дүниемен арақатынасының бұзылғандығын көрсетеді.
3. Бала психикасының біркелкі дамымауы. Мысалы, баланың физикалық
жағынан күрт дамып, ойлау қабілетінің артта қалуы.
4. Бала бойындағы жағымсыз, керексіз қасиеттердің пайда болуы. Олар:
ешкімді тыңдамау, өтірік айту, өзімшілдік, сенімсіздік, қиқарлық,
сотқарлық, дөрекілік, ұрлық жасау, сабақ үлгерімінің нашарлауы,
сабаққа көп қатыспау, жалқаулық.
Қиын бала әлеуметтану, қриминалды, психологиялық және
педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар басқа
бірқатар да ұқсас түсініктер кездеседі: ауытқыған мінез-құлық,
делинквентті мінез-құлық, дезадаптивті, импульсивті, тұрақсыз, аномальді,
аморальді, асоциалды, мәселелеі, аффективті, психопатиялы және т.б.
Аталған ғылымдар мамандары өз зерттеулерінде өз пәнінің түсініктер
аппараттарын ұстанбай, қиын бала сипатына оны көбейіп келе жатқан жаңа
дифиницилер сипаты белгілеріне қатыстыра отырып, осы түсініктер белгілерін
белсенді түрде арттыруда. Бір құбылысты анықтау үшін осындай көптеген
синонимдерді қолдану қиын бала түсінігін түсініксіз етуі заңдылықты және
зерттеуде осы тұрақты дефиницияның нақтылануын талап етеді.
Соңғы уақытта ауытқыған мінез-құлық түсінігі кеңінен тарады (В.А.
Попов, С.И. Плаксий, В.Н. Кудрявцев, Я.И. Гилинский, Н.Н. Рыжкин және т.б).
Ауытқыған мінез-құлық философиялық, әлеуметтану және педагогикалық
әдебиеттерде әлеуметтік қабылданған нормалармен сәйкес келмейтін индивидтер
іс-әрекеттерін сипаттауда кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл осы дефиницияға
делинквенттілік, қиын тәрбиелену, педагогикалық назардан тыс қалған,
асоциалдылық, дезадаптивтілік құбылыстарды енгізуге мүмкіндік береді .
Бізді басым деңгейде ауытқыған мінез-құлық анықтамасының
педагогикалық-психологиялық тәсілдері анализі қазықтырады. Сонымен, А.С.
Бедкин оқушылардың ауытқыған мінез-құлқы деп мектеп ережесі мен
нормаларынан ауытқыған оқушыларды айтады. И.В. Акинфиев пайымдауынша, мінез-
құлықтағы ауықыған мінез-құлық бала тәрбиесінде негізделген даму жағдайы,
олардың жекелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне толығымен немесе қанайда
бір деңгейде қарама-қайшы келетін әрекет түрінде болады.
В.М.Обухов зерттеулерінде өнегелі дамудағы ауытқу анықтамасын автор
тұлғаның жағымсыз қалыптасуының бастапқы деңгейі деп түсіндіреді.
Психологиялық-педагогикалық білімдер тұрғысынан ауытқыған мінез-құлық
түсінігіне нақтырақ түсінікті З.А. Раевская берді, ол девиантты мінез-
құлықты мектептік және өнегелі нормаларған сәйкес келмейтін деп анықтады.
Зерттеушінің пайымдауынша, мұндай трактовкадағы девиантты мінез-құлық
криминогендіден, аномальдіге қарағанда, құқық нормаларын бұзуды
қарастырмайды, ол тек психикалық сау балаларға ғана тән болуымен
ерекшеленеді: жағымды қызығушылықтар мен ұмтылыстардың жоқтығы, жоғары
қажеттіліктер, бірбеткейлік, тәртіпсіздік, қоғам қарсылығы, қақтығысшылдық,
ашушаңдық.
Педагогикалық практика мен тәжірибеде осы құбылыстың мәнін бейнелейтін,
ауытқыған мінез-құлыққа ең адеквадты дефиниция беру ұмтылысы қиын, қиын
тәрбиеленетін, педагогикалық назардан тыс қалған түсініктер
дифференциациясына әкеліп соқты.
Көптеген зерттеушілер қиын тәрбиеленетінді педагогикалық назардан тыс
қалу салдарынан дамитыны заңдылық деп пайымдаулары негізсіз емес (И.А.
Невский, Г.П. Медведев, Э.Г. Костяшкин, В.А. Крутецкий және т.б). В.А.
Крутецкий көрсеткендей, қиын балалар әрқашанда педагогикалық назардан тыс
қалғандар, олардың қандай да бір қарым-қатынасында үзіліс, педагогикалық
қателік болған,... оларға өз уақытында көңіл бөлініп, түзету жұмыстары
жүргізілмеген
Қиын және педагогикалық назардан тыс қалған түсініктерін
теңестіруге Л.М. Зюбин қарсылық білдірді. Оның пайымдауыша, оқушылармен
тәрбие жұмысы барысында қиындықтар әртүрлі себептер бойынша пайда болады:
психикалық бұзылыстар, ақыл-ой дамуындағы уақытша тежеулер, психикалық
жүйке процесстерінің жылдам шаршауы және т.б
Қиын тәрбиеленуді негіздейтін көптеген факторлардың болуы, әлеуметтік-
педагогикалық назардан тыс қалу сөз тіркестерін қолдануды қажет етеді.

Көбінесе біздің қиын бала терминін таңдауымыз қоғамдық дамуыдың
қазіргі жағымсыз тенденцияларымен бағдарланады. Қоғамда жеткіншектер
санасының қарқынды примитивизациясы орын алған. Жеткіншектік
жасерекшелігіне байланысты делинквентті ретінде қарастрылуы мүмкін ауытқушы
мінез-құлық құбылыстарының өшпенділік, дөрекелік, ашушаңдық формалары
көрініс табуда. Қиын бала сипатындағы асоциалды істер жасаған 13 жастағы
жеткіншектерге кәмелеттік жасқа толмағандар инспекциясына есепке алу,
қолайсыз балалар мен жеткіншектер үшін арнайы мектеп- интернаттарына бөлу
сияқты күштеу іс-шаралары жүргізіледі.
Осылайша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жеке оқушымен жұмыс. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Баланың психологиялық диагнозы
Әрбір қиын баланы
Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
Қиын балалар ұғымының мәні
Пәндер