Ана – нәресте функциялық жүйесі



I . Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

2.1. Ұрықтан тыс мүшелер.

2.2. Ана . нәресте функциялық жүйесі.

2.3. Дамудың қауіп . қатерлі (кризистік) кезеңдер.

III. Қортынды.
Гаструляциямен қатар өтетін процестердің бірі- ұрықтан тыс , немесе провизорлық ( лат.provizor- алдын ала уақытша) мүшелердің қалыптасуы.Ұрықтан тыс мүшнлер деп эмбриогенезді ұрық денесңнен тысқары қалыптасып, оны, өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қана пренатальді ( лат.prae-алдында, na-tuz-дүниеге келу) кезеңінде болатын құрылымдарды атайды.Провизорлық мүшелерге амнион, сары уыз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады.Ұрықты қоршағандықтан ,олардың біреулерін (амнион, хорион, аллантоис) ұрық қабықтары деп атайды. Плацента ұрық қабықтары жәнекіндік бау ана организмі мен ұрық ( кейін нәресте) арасындағы екі жақты қатынастарды қамтамасыз етіп, босану кезінде нәрестеден кейін шығатын бала жолдасыын ( орысша- послед) құрайды.
Амнион ( синонимдері; амниондық қабық, амниондық қап, қағанақ)- ұрық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет сулы ортаны қамтамасыз ететін уақытша мүше.Адам эмбриогенезі гаструляның екінші фазасында амнион эпибласт жасушалары арасындағы кішкене қуыс – амниондық көбікше түрде қалыптасады. Оның қабырғасын ұрықтан тыс эктодерма (амниондық эпителийге дамиды) және ұрықтан тыс мезодерманың париеталъді жапырақшасынан (дәнекер тініне айналады) тұратын жартылай мөлдір жұқа амниондық қабық құрайды. Қуысқа қараған амниондық эпителий қағанақ суын өндіруге және оны резорбциялауға (лат.resorbeo-кері сіңіру, сору, жұтып әкету) ерте маманданады. Сондықтан, ұрық өскен сайын қағанақ суының (0,5 – 1,5 л) да, амниондық қуыстың да көлемі ұлғайып, қабырғасы үлкейіп, амниондық қап қалыптасады.
Амнионның атқаратын қызметтері:қағанақ суып өндіру, ана мен ұрық организмдерінің арасында заттар алмасуына және де плацента құрылуына қатысты. Қағанақ суы ұрықтың өмір сүру ортасы болып табылады.Ол ұрықты қолайсыз әсерлерден (соққы, шайқалу ) сақтайды, қалыптасушы ұрықтын (нәрестенін) қимылдық белсенділігіне жағдай жасайды, заттар алмасуына қатысады және босанудың бірінші кезеңінің физиологиялық өтуін (жатыр мойнынын кенеюін) қамтамасыз етеді. Биохимиялық құрамы күрделі коллоидты ерітінді болып табылатын қағанақ суына ұрықтың жасушалары, май бездерінің өнімдері, бөлініп тұрады.
1.С.А.Ажаев « Гистология» Цитология және адам эмбриологиясы. Кентас 2005ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

I . Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

2.1. Ұрықтан тыс мүшелер.

2.2. Ана – нәресте функциялық жүйесі.

2.3. Дамудың қауіп – қатерлі (кризистік) кезеңдер.

III. Қортынды.

1.Ұрықтан тыс мүшелер.

Гаструляциямен қатар өтетін процестердің бірі- ұрықтан тыс , немесе
провизорлық ( лат.provizor- алдын ала уақытша) мүшелердің
қалыптасуы.Ұрықтан тыс мүшнлер деп эмбриогенезді ұрық денесңнен тысқары
қалыптасып, оны, өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды
атқаратын және онтогенездің тек қана пренатальді ( лат.prae-алдында, na-tuz-
дүниеге келу) кезеңінде болатын құрылымдарды атайды.Провизорлық мүшелерге
амнион, сары уыз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады.Ұрықты
қоршағандықтан ,олардың біреулерін (амнион, хорион, аллантоис) ұрық
қабықтары деп атайды. Плацента ұрық қабықтары жәнекіндік бау ана организмі
мен ұрық ( кейін нәресте) арасындағы екі жақты қатынастарды қамтамасыз
етіп, босану кезінде нәрестеден кейін шығатын бала жолдасыын ( орысша-
послед) құрайды.
Амнион ( синонимдері; амниондық қабық, амниондық қап, қағанақ)- ұрық
қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет сулы ортаны қамтамасыз ететін
уақытша мүше.Адам эмбриогенезі гаструляның екінші фазасында амнион эпибласт
жасушалары арасындағы кішкене қуыс – амниондық көбікше түрде қалыптасады.
Оның қабырғасын ұрықтан тыс эктодерма (амниондық эпителийге дамиды) және
ұрықтан тыс мезодерманың париеталъді жапырақшасынан (дәнекер тініне
айналады) тұратын жартылай мөлдір жұқа амниондық қабық құрайды. Қуысқа
қараған амниондық эпителий қағанақ суын өндіруге және оны резорбциялауға
(лат.resorbeo-кері сіңіру, сору, жұтып әкету) ерте маманданады. Сондықтан,
ұрық өскен сайын қағанақ суының (0,5 – 1,5 л) да, амниондық қуыстың да
көлемі ұлғайып, қабырғасы үлкейіп, амниондық қап қалыптасады.
Амнионның атқаратын қызметтері:қағанақ суып өндіру, ана мен ұрық
организмдерінің арасында заттар алмасуына және де плацента құрылуына
қатысты. Қағанақ суы ұрықтың өмір сүру ортасы болып табылады.Ол ұрықты
қолайсыз әсерлерден (соққы, шайқалу ) сақтайды, қалыптасушы ұрықтын
(нәрестенін) қимылдық белсенділігіне жағдай жасайды, заттар алмасуына
қатысады және босанудың бірінші кезеңінің физиологиялық өтуін (жатыр
мойнынын кенеюін) қамтамасыз етеді. Биохимиялық құрамы күрделі коллоидты
ерітінді болып табылатын қағанақ суына ұрықтың жасушалары, май бездерінің
өнімдері, бөлініп тұрады. Медицинада амниоцентез (гр.amnion – амнион,
kentesis – тесу) әдісі бойынша, эмбриогенездің аптасынан бастап, амниондық
қуысқа ендірілген арнайы инемен қағанақ суы алынып, туа біткен ақаулар мен
тұқым қуалаушылық аурулардың пренаталъді (дүниеге келгенге дейін) диагнозын
қою үшін түрлі зерттемелер жасайды. Хромосомаларды талдау – хромосомдық
ауруларды, ұрықтың жынысын; ферменттерді зерттеу – тұқым қуалаушылық зат
алмасу ауруларын; ДНҚ – ны талдау – моногендік ауруларды анықтауға
мүмкіндік береді.
Сары уыз қап –эволюция кезінде ұрық дамуына қажет қоректік заттарды
(сары уызды) жинақтайтын мүше ретінде пайда болған, ең ежелгі ұрықтан тыс
мүше. Адам ұрығы дамуының 2-аптасында қалыптасып, ол ұрық қоректенуін аз
ғана мезгіл қамтамасыз етеді. Себебі, 3-аптадан бастап, ұрық пен ана
организмі арасында байланыс құрылып, гематотрофты қоректену өтеді. Сары уыз
қаптың қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты – ұрықтан тыс энтодерма,
ал, сыртқысы – ұрықтан тыс мезодерманың висцералъді жапырақшасы. Жоғарыда
қарастырғандай, ол – біріншілік ішектің ұрықтың сыртына шығарылған
бөлігі.Сары уыз қаптың функциясы:3 –аптадан бастап, мұндағы ұрықтан тыс
мезодермада (мезенхима) эмбриондық гемопоэз – қанның алғашқы жасушалары
және алғашқы қан тамырлар дамуы өтеді. Оның ұрықтан тыс энтодермасы
біріншілік жыныстық жасушалар – гоноциттердің даму көзі болып табылады.
Соңғылар жыныс бездеріне миграциялап, мұнда гаметаларға
дифференцияланады.Сары уыз қаптың ұрық ішегімен байланысы сары уыз
сабақшасы деп аталатын қуысты жіп түрде сақталады. Қан жасаушы мүше ретінде
сары уыз қабы дамудың 7-8 аптасына дейін қызмет атқарып, 3 – айдың соңында
кері дамиды да, қан тамырларын плацентаға өткізетін тар түтікше түрде
кіндік бау құрамына кіреді.
Аллантоис. Жатырдағы дамудың 16 – тәулігінде адам ұрығында сары уыз
көбікшесінің артқы қабырғасынан ұрық сабақшасына қарай саусақ тәрізді
кішкентай өсінді – аллантоис өсіп шығады. Сары уыз қапшасы сияқты ол да
ұрықтан тыс энтодермадан және ұрықтан тыс мезодерманың висцералъді
жапырақшасынан тұрады. Аллантоис хорионнын дәнекертінді табақшасына жетпей,
бітеу аяқталады.Ұрық денесінен шыққан кіндік қан тамырлары аллантоисты
бойлай болашақ плацентаға қарай бағыттайды да, плацентаның тамырлы торын
құруға қатысады. Эмбриогенездің 2 – айында аллантоис редукцияға (жойылу)
ұшырап, сары уыз қаптың дәл сондай қалдығымен бірге жасушалық тартпа түрде
кіндік бау құрамына кіреді.
Кіндік бау – адам ұрығының денесі амниондық және сары уыз көбікшесінен
жекешеленген кезде қалыптасатын, ұрық (нәрестені) плаценамен байланстыратын
серпімді бау (тартпа).Ол нәресте денесінің вентралъді қабырғасының кіндік
деп аталатын сақина тәрізді бөлігіне бекітілген. Кіндік бау сыртынан
эктодермалъді туынды эпителиймен қапталған. Бір жағынан, бұл эпителий
нәресте денесінің жабынды эпителийіне, ал, екінші жағынан, амнионның
плаценталық және плацентадан тыс бөлігінің эпителийіне ауысады. Кіндік
баудың стромасын (ортасындағы қанқасын) ұрықтан тыс дәнекер тінінің ерекше
түрі – кілегейлі немесе сілікпе тәрізді дәнекер тін (вартон сілікпесі)
құрайды. Бұл тін мөлшері аз ірі жұлдыз пішінді фибробласттардан,
талшықтардан және гиалурон қышқылы (вартон сілікпесі) мол негізгі заттан
тұрады. Мұнда екі кіндік артериялары, бір кіндік венасы, сары уыз қаптың
түтігі, аллантоис түтігі өтеді. Кілегейлі дәнекер тін кіндік баудың
серпімділігін қамтамасыз етеді, кіндік гамырларын сығылысудан сақтайды.
Нәтижесінде, эмбрион қоректік заттармен, оттекпен үздіксіз жабдықталып
тұрады. Сонымен бірге, ол зиянды агенттердің плацента тамырларынан тыс
жолдармен ұрыққа өтуіне тосқауыл жасап , қорғаныс қызметін атқарады.
Хорион- ұрықты қоршайтын және планцентаның нәрестелік бөлігін құрайтын
ең сыртқы ұрықтан тыс қабық. Бетінде жатыр қабырғасына кіре өсетін көптеген
бүрлер болуына байланысты,оны бүрлі қабық деп те атайды.Жоғарыда
қарастырылғандай, хорион трофобластан және ұрықтан тыс мезоднрмадан
құрылған.
Хорион қалыптасуының үш кезеңдерін ажыратады.
1 ) бүрлер алды дамудың 7-8 тәуліктері.
2 ) бүрлердің қалыптасуы.
3) котоледондар кезеңі-проферацияға ұшырап, цитотрофобласт пен
симпластотрофостқа ажырайды.Бүрлер қалыптасу кезеңде бір ізді түрлі
біріншілік , екіншілік және үшіншілік бүрлер дамиды.
Біріншілік бүрлер- симпластотрофостпен қоршалған цитотрофобласт
жасушаларының жиынтығы12-13 тәуліктерден бастап , біріншілік бүрдің ішіне
ұрықтан тыс мезодерма кіре өскендіктен, екіншілік бүр құрылады.Дамудың 3-
аптасынан бастап ,құрамынада қан тамырлары бар үшіншілік бүрлер
қалыптасады.Бұл кезеңде плацентация деп те аталады.Хорион бүрлерінің
васкулярзациясы әдетте жүктіліктің 10- аптасында аяқталып, плацента
қалыптасады. Дамудың 8- аптасына дейін бүрлер хорионның бүкіл бетін
қаптайды. Кейін, құықтың өлшемі үлкейген сайын жатырдың децидуа қабатының
бөлігіне қараған бүрлер бұдан былай дамымай, қанмен жабдықталуы төмендеп,
редукцияға ұшырайды. Сондықтан, хорионның бұл жұқа бөлігі тегіс хорион деп
аталады. Бүрлер ең көп тармақталған және зндометрийдің қабатының бөлігіне
тығыз жанасқан бүрлі хорион планцетаның нәрестелік бөлігін құрайды. Тегіс
хорион нанлық нәресте организмдері арасында плацентадан тыс заттар алмасуын
(ақуыздар, сұйықтықтар, стероидты және басқа да гормондар) атқарады.
Плацента ( бала орны) – эмбриогенездің 3-айында түзіліп, ана мен
нәресте организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша мүше.ол мүше
дамуын қамтамасыз ететін бірнеше аса маңызды қызметтерді атқарады.
1) тыныс алу;
2) транпорттық ( қоректік заттар, су, элнкторлиттер және қорғаныс заттар-
иммуноглобулиндерді тасымалдау);
3) экскреторлық ) зат алмасудың ақырғы уытты өнімдерін шығару).
4) миометрий ( жатырдың бұлшық еті қабығы) қысқарылуын реттеу
5) иммундық қорғаныс –(а) нәресте бактериалардан қорғайтын қорғаныс
ақуыздар – иммуноглобулиндермен жабдықтау, (б) нәресте ана организмнің
иммундық жүйесін қорғау
6) эндокриндік ( қалыпты жүктілікті және нәресте дамуын қамтамасыз ететін
бірқатар гормондар өндіру
7) барьерлік ( нәресте организміне кейбір заттардың өтуіне белгілі дәрежеде
тосқауыл болу).
Плацента екі бөліктен тұрады: ұрықтық немесе нәрестелік – pars foctals ;
және аналық - pars materna.Нәрестелік бөлігі хорион бүрлерінен
құрылған.Жоғарыда қарастырылғандай 3- аптада жатыр қабырғасының тереңдігіне
қараған хорион бөлігінің бүрлері гипертрофияға ( саны көбеюі және қатты
тармақталуы) ұшырап , васкуляризациясы нығайып, үшіншілік бүрге айналады.
Дамудың 3- айының соңында бүрлердің тамырлары эмбрион денесінің қан
айналым жүйесімен байланыс құрып , бұдан былай эмбриондық қан бүрлерінің
капиллярлары арқылы ағады.
Сонымен бүрлер құрылысының қабаттылық тән: жабынды
симпластотрофобласт, астына- цитоторфобласт, дифференцияланған дәнекертінді
стромасы ( қаңқа) және қан тамырлары.
Плацентаның аналық бөлігі- жатырдың түрі қатты өзгерілген шырышты
(кілегейлі) қабығының ( эндометрийдің) децидуальді, яғни босағаннан кейін
түсіп қалатын қабатының ұрық пен миометрий арасында decidua basalis
бөлігі.Эндрометрийдің бұл бөлігі ісінген, мұнда қан тамырлары және
өнімдерін белсенді бөлігін бездері көп.Жасушалры қоректік заттарға-
гликоген және липидтерге бай. Бүрлер ұштарының симпластотрофобласт қабаты
эндрометрийдің дицуальді тініне қарай кіре өсіп, оның барлық қабаттарын
ерітіп, жатырдың спиральді артерияларының қабырғасын бұзады. Нәтижесінде,
бүрлерді қоршаған лакуналар аналық қанға толып, бүрлерді қан тікелей шайып
тұрады. Плаценталардың мұндай типін гемохориальді деп атайды. Бірақ қалырты
жағдайды аналық қан мен нәресте қаны араласпайды. Өйткені, олардың арасында
нәресте тамырының эндотелийлі қабырғасына, тамырларды қоршаған
дәнекертіннін , хорион
бүрлерінің эпителий- цитотфобластан, оның базальді мембранасынан және
симпласттрофобласттан тұратын гемотохориальді барьер бар.
Қалыптасқан плацентаның құрылымдық-фуекциялық бірлігі болып
котиледондар табылады. Ол бағана бүрден және ішінде нәрестенің қан
тамырлары бар оның тармақтарынан тұрады.Жүктіліктің соңында плацента
диамерті 15-18см, орталық бөлігінің қалыңдығы 2-4см, массасы 500-600см
жұмсақ диск түрге ие болады.Хориальді бүрлер бетінің жалпы ауданы -16м2
жуық, ал капилярларының көлемі- 12м2. Плацентаның екі бетін
ажыратады.Нәрестеге қараған беті нәрестелік деп аталады. Ол, астында ірі
тамырлар көрінетін, амниониен қапталған.Патология кезінде плацентаның бұл
бетінің түсі өзгеріледі. Плацентаның аналық бетінде 15-20 үлесшелері-
котиледондар көрінеді.ал, сыртқы шекаралық беті жұқа базальді табақшадан
тұрады.
Клиникалық маңызды көрсеткіштер ретінде плацентаның пішіні массасы,
локолизациясы есепке алынады.Босану кезінде болатын бірнеше патология
түрлерін алдын алу үшін, плацентаны ультра дыбыс арқылы зерттеу.(
УДЗ:орысша –УЗИ) кең қолданылады.

2. Ана- нәресте функциялық жүйесі.

Нәрестенің қалыпты дамуының шарты – ана организмімен жан-жақты тығыз
қатынаста болуы.Эмбрион ( кейін-нәресте) өсуіне және дамуына қажет қоректік
заттарды, оттекті анасынан алып зат алмасудың қажет, қажет емес өнімдерін
ана организмі арқылы шығарады. Жүктілік кезінде плацента арқылы байланысқан
екі организм, қызмет және құрылымдық тұрғыдан біртұтас ерекше биологиялық
достастық- ана-нәресте жүйесін құрайды. Жүйенің әрбір элементінде –ана және
нәресте организмдері –үш механизмдер дамыған: рецепторлық ( ақпараттықа
қабылдайтын), механизмдер арқылы ана және нәресте организмдері бір-бірі
жайлы алынған ақпараттарға сәйкес өзгерістерге ұшырап , жүктіліктің қалыпты
өтуін қамтамасыз етіп отырады.
Ана организмнің рецепторлық механизмдері сезімтал нерв ұштары ( хемо,
механо, термо, барорецепторлар) түрінде жатырдың эндометрийінде әсіресе,
оның плацента бекітілген бөлігінде және қан тамырларында орналасып дамушы
нәрестеніңжағдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері. Ақыл-ойының және психоэмоционалды дамуындағы негізгі ауытқуларының семиотикасы
Психикалық даму
Ұрықтың даму сатылары
Баланың дамуының ерекшелігі
Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері
Анасының соматикалық аурулары
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Ерте сәбилік балалық шақ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері
Пәндер