Ислам дінінің пайда болуы


1 лекция
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай;
2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай;
3. Пұтқа табынушылық
Лекция маќсаты: Білім алушыларға исламға дейінгі азғындық, надандық дәуіріндегі бүкіл әлем мен арабтардың саяси, әлеуметтік және діни жағдайы турасында мәлімет беріледі.
Лекция мєтіні
1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай
Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Византия арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген. Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да, исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы басталып, бір-бірімен алауыз ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан тұратын. Жәй халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.
Иранның саяси бәсекелесі Византияға келер болсақ, исламның дүниеге келуі жылдарында ыдырау үстінде тұрған. Осы сәтте императордың бас қолбасшыларының бірі Гераклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру дәрежесінде емес болатын.
Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі тұсында мұнда Византияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау, азғындық, әділетсіздік белең алған.
2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай
Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына орай халықтың саяси, діни тұтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.
Исламнан бұрын надан арабтар Алладан өзге пұтқа табынатын, оны құдай мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Күштілердің әлсіздерді қанау, құлдыққа айналдыру қалыпты жағдайдағы әдет саналған. Әйел затының қоғамда хұқығы болмады, қыз балалар дүниеге келсе оны тірідей жерге көму дәстүрі де етек алды. Қысқаша қайырар болсақ исламнан бұрын арабтар әбден рухани түрде азғындаған болатын.
Араб түбегі (Жазирату-л-араб) немесе Арабстан атауының шығу тегі зерттеушілер арасында шешімін таппаған тақырып. Кейбір филологтардың пікірінше осы атауды тапқан - арабтар.
Арабтардың ата жұрты және исламның бесігі болып табылатын Араб түбегі Азия континентінің оңтүстік батысында орналасқан. Шығысында Парсы шығанағы, Оман шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак, Сирия, оңтүстігінде Аден шығанағы мен Араб теңізі орналасқан түбек. Кейбір географтардың пікірінше, кең мағынада, Сирия мен Ирак та Араб түбегіне жатады. Шығыс арабтарының мекені жоғарыда аталған аймақ. Арабтардың түп отаны, семит тобының бесігі бүгінгі Сауд Арабстаны мен Иеменнің біршама аймағы деп саналады.
Үш жақтан теңізбен қоршалған Араб түбегі - маңызды географиялық аймақ. Ежелгі дүние дәуірінде аталған түбек материктер мен континеттер арасындағы орталық нүкте болып есептелген. Түбектің осы ірі географиялық орнығуы жергілікті халықтың әлеуметтік, экономикалық құрылымына елеулі әсер етті, яғни сауда-саттық, туризм, диқаншылық пен малшылық Арабстан экономикасының күре тамыры саналған. Мекке мен Қағба - экономикалық ахуалдың басты тірегі, ал тау аңғарлары, көгалдар, жайылым жерлер мен аз мөлшердегі су көздері негізінде қалыптасқан диқаншылық пен малшылық та маңызды орынды иеленді.
Араб түбегінің маңызды орындарының бірі болған Мекке - арабтар үшін қасиетті мекен болған. Әуелден бері қала болуын қамтамасыз еткен Қағба Меккенің сауда орталығы және зиярат орны болуына көп септігін тигізді. Риуаяттарға қарағанда ежелгі дәуірде аталған Қағбаны Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар Аллаға құлшылық жасау үшін тұрғызған. Десек те заман өте келе Қағбаның ішіне пұттар толтырылған.
Қаланың басқармасы ақсақалдар алқасының қолында болды. Әйтсе де қаладағы елеулі қызметтердің бірі Құсай әулетінің қолында болған. Аднанилердің бір тармағы - Құрайштар осы қалада мекендеді. Хазіреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) осы тайпаның өкілі еді.
3. Пұтқа табынушылық
Жоғарыда баяндағанымыз сияқты Аллаға ғибадат жасау үшін Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар тарапынан тұрғызылған Меккедегі Қағба Араб түбегінің қасиетті орны болған. Исламнан бұрын да арабтар оған қажылыққа келетін. Десек те оның ішіне заман өте келе қолдан жасалған пұттармен толтырылды. Қағбаға зиярат жасайтын алыстан келген зияратшыларға Мекке халқы қызмет көрсететін. Осы қызметтің көпшілігі Құсайдан тараған ұрпақтардың үлесінде еді. Бұл қызметтер сол заманғы арабтар үшін өте абыройлы іс саналатын. Осы қызметтердің қатарына мыналарды жатқызуға болады.
Араб пұттарының үш түрлі аты болды: Санем, Уасан және нусуб. Десек те пұттардың ең үлкені Хубал болатын. Адам пішіміндегі қызыл түсті асыл тастан жасалған оның кейіннен бір қолы сынып, кейіннен алтыннан бір қол жасатылған. Пұттардың үлкені саналатын ол Меккеде, қағбада сақталатын.
Арабтарда пұтқа табынудың жайылғаны соншалық, сыйынатын жерлердегі пұтқа қанағаттанбай, үйінде де табынатын.
Араб тайпаларының пұттары түрліше болған. Мәселен, Лат пұты Тайфта орналасқан, оған Сақыф тайпасы табынатын. Ал Ұзза пұтына келер болсақ, Меккеде орналасқан және оған көбінесе Қинана мен Құрайш тайпалары табынған. Әус, Хазреж және Ғассан тайпалары табынатын Манат пұты Ясрибде орналасқан.
Бақылау сұрақтары:
- Исламға дейінгі Византия және оның діні мен мәдениеті
- Ислам діні дүниеге келгенге дейінгі Иран мемлекеті және оның діні мен мәдениеті
- Исламға дейінгі арабтардың саяси және экономикалық жағдайы
- Исламға дейінгі арабтардың діні мен мінез құлқы және әдет ғұрпы
- Исламға дейінгі арабтар табынған пұттар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі :
1. Грюнебаум Г. Классический ислам М., 1986
2. Ислам: историографичесий очерки. М., М., 1991
3. Конрад Н. Н. Запад и восток. М., 1966
4. Крывелев И. История религии в 2-х томах. М., 1988т. 2.
5. Мец А. Мусульманский ренессанс М., 1993
6. Панова В. Ф., Вахтин Ю. Б. Жизнь Мухаммеда. М., 1991
7. Саидбаев Т. Ислам и общество. М., 1984
Қосымша:
- Джебран Халиль. Пророк. М. 1989
- Бартольд В. В. Ислам и культура мусульманство. М., 1992
- Жданов Н. В., Игнатенко А. А. Ислам на пороге ХХІ века. М., 1989
- Ислам: образ жизни и стиль мышления. Н., 1990
- Мюллер А. История ислама от основания до новейшей времени. С-Петербург., 1985
- Шах И. Суфизм. М., 1994
2 лекция
Исламның негізін қалаушы - Хазіреті Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) өмірі мен қызметі
1. Хазіреті Мұхаммедтің (с. ғ. с) дүниеге келуі;
2. Алғашқы уахи;
3. Пайғамбарлықтың Меккедегі кезеңі;
4. Пайғамбарлықтың Мединедегі кезеңі.
Лекция маќсаты: Білім алушыларға ислам дінінің ардақты пайғамбары - Хазіреті Мұхаммедтің өмірі мен өміріндегі қызметі турасында мәліметтер беріледі.
Лекция мәтіні (қысқаша)
1. Хазіреті Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) дүниеге келуі
Хазiретi Мұхаммед (с. ғ. с. ) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді. Әлем Хазіреті Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) дүниеге келуімен адамзат еш көрмеген және көре алмайтын зор төңкеріс пен надандықтан құтылу дәуіріне кірді. Адам баласының рухын қарайтып кірлеткен ахлақсыздық, зұлымдық пен надандық тәрізді адамды хайуаннан да төмен түсіретін жамандықтар ортадан айыға бастады. Сонымен қатар Хазiретi Мұхаммед (с. ғ. с. ) туылғанда Кисра сарайының 24 діңгегі құлағанын, Мәжусилердің оттары сөнгенiн және Сәуә көлі құрғап кеткенiн тарихи жазбалардан бiлемiз.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдулла, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдулла, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед (с. ғ. с. ) 8 жасына дейін атасы Әбдiмүттәлiптiң қолында қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади1 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (с. ғ. с. ) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандық өмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. Өмірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді.
- Хазiретi Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) 3 ұлы, 4 қызы болған. Ұлдары: Қасым, Абдулла, Ибраһим, ал қыздары: Зейнеп, Руқия, Үммі Гүлсім және Фатима.
Балаларынан Ибраһимнен басқалары осы Хадиша анадан туылған. Алайда балаларының Фатимадан басқалары Хазiретi Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) тірі кезінде қайтыс болған.
2. Алғашқы уахи
Бiздiң эрамыздың 610 жылы Хазiретi Мұхаммед (с. ғ. с. ) 40-қа толған тұста Хира үңгірінде Ұлы Алла тарапынан алғашқы уахи келдi. Жәбiрейіл хазiретi Мұхаммедке (с. ғ. с. ) көрініп;
- «Оқы!» - деді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) қатты үрейленiп,
- «Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін!», - деді.
Періште әмірді қайталады. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) тағы да:
- «Оқу білмеймін!», -деп жауап берді. Періште қатты құшағына қысты. Сонда Хазіреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) :
- «Нені оқиын?» - деп сұрады. Сол кезде періште алыстан естілген дауыстың ең тәтті ырғағымен мыналарды оқыды:
"Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен" (Алақ 1-5) .
Алақ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазiретi Мұхаммедке (с. ғ. с. ) алғаш уахи болған аят. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) уахи келгеннен бастап алғашқы 3 жыл бойы ислам дінін құпия түрде жайды. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға, бейбітшілікке, ислам дініне ашықтан-ашық шақыра бастады.
3 . Пайғамбарлықтың Мекке кезеңі
Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазiретi Мұхаммедтiң жан жары - Хадиша, азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы немере інісі - Әли және жан досы - Әбу Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Абдурахман бин Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальха бин Үбейдулла т. б. -лар мұсылман болды.
Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған қастандығы жоқ-тын. Мүшріктер2 Әбу Бәкір, Осман сияқты мықты, дәулеттi адамдарға еш нәрсе дей алмай, Бiләл Хабаши, Аммар бин Ясир (әкесі Ясир мен анасы Сүмеййе), Сүһейб бин Руми, Хаббаб бин Ерат, Әбу Фүкейһа т. б. сияқты жоқ-жітік, әлсіз мұсылмандарға жан түршігерлік қорлықтар көрсетті. Оларды аш, сусыз қалдырды, ұрып-соқты, ыстық құмның үстіне жатқызды, кеуделерiне тас бастырып, қатты азапқа салды. Осыған байланысты алғашқы мұсылмандардан біршамасы Хабашстанға (Эфиопия), христиан еліне көшуге мәжбүр болды.
Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы 83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан патшасы Нажжаши барған мқсылмандарды жақсы қарсы алған.
Тіпті Меккеде мүшіріктер Хазiретi Мұхаммедтiң руы Хашим ұлдарымен қарым-қатынас жасауды үзу туралы бір-бірімен анттасты. Бірақ олар Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) пайғамбардың Құдайдың мiндетiн орындауына кедергi бола алмады. Ол Меккеге келген рулармен кездесіп, оларды исламға шақырып отырды. Указ, Мәжәннә және Зүлмежаз атты жәрмеңкелерге барып тұрды, сол жерде кездескен адамдарға Құран оқып беріп, исламды таратуға тырысты. Құранның өрескел кереметi, адамға тартымдылығы көптеген адамдарды мұсылман еттi. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) өзіне жүктелген міндетті атқару үшін, тынбай адамдарға исламды түсіндірді. Тіпті шөл далаға шығып, ондағы тайпаларды исламға шақыратын. Ал Мекке мүшріктері де, Хазiретi Мұхаммедтi жамандап, Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуға тырысты.
Миғраж. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеде болғанда Алланың бұйрығымен Меккеден Құдысқа көтерілдi. Одан Жебiрейл періштенің бастауымен, Ақса мешiтiнен Миғражға көтерілген.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) бірінші қат көкте Хазіреті Адаммен, екінші қат көкте Хазіреті Яхия және Хазіреті Исамен, үшінші қат көкте Хазіреті Жүсіппен, төртінші қат көкте Хазіреті Ыдырыспен, бесінші қат көкте Хазіреті Һарунмен, алтыншы қат көкте Хазіреті Мұсамен, жетінші қат көкте Хазіреті Ибраһиммен кездесті. Сол арадан Сыдырату-л-Мұнтаһаға жетті. Миғражда Ұлы Алла, Хазiретi Мұхаммедке үш нәрсе сыйлаған:
- Бақара сүресінің соңғы екі аяты;
- Үммбеттеріне Аллаһу Тағаланың жәннатға кіруін сүйіншілеу;
- Күніне бес уақыт намаз оқу.
Миғражда Хазіреті Мұхаммедке он екі бұйрық берілді. Құран Кәрімде бұл бұйрықтар Исра сүресінің 22-38-ші аяттары аралығында қамтылған. Олар:
1. Алладан басқаға құлшылық жасамау;
2. Ата-ананы құрметтеу және оларға бағыну;
- 3. Туыс-туғанға, жоқ-жітікке, жолаушыларға және қорғансыздарға көмектесу; 4. Ысырап жасап мал-мүлкті орынсыз жерге жұмсамау; 5. Балаларды өлтірмеу; 6. Зинақорлық жасамау;
7. Жазықсыз адам өлтірмеу;
- 8. Жетімдерге, қорғансыздарға қорған болу; 9. Уәдеде тұру; 10. Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу; 11. Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспеу; 12. Жер бетінде тым асқақ кетпеу.
4 . Пайғамбарлықтың Медине кезеңі
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) пен меккелік мұсылмандар 622-ші жылы Құдайдың жазуымен Меккеден Мединеге (Ясриб) көшті. Мединеліктердің көбі ислам дінін қабылдады. Осы берекелi қала алғаш ислам қоғамы болып қалыптасқан қала болып, тарихта өшпес атын қалдырған. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) осы бiр мекенде 10 жыл пайғамбарлығын жалғастырды. Алайда Медине қаласында да Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) пен Мұхажир (қоныс аударушы), Ансар (көмектесуші) мұсылмандардың көретiн тауқыметi мен қиыншылығы әлi алда болатын. Мұсылмандарға меккелік мүшіріктер, көршілес араб тайпалары мен мединелiк яһудилер қысымшылық, кемсітушілік, зорлық көрсете бастады. Мұсылмандарға тыныш, бейбітшілікте өмір сүру арманға айналып бара жатты. Сонда да Хазiретi Мұхаммед: «бізге соғысуға рұқсат берген жоқ»- деп, сабырлықпен соғысқа тыйым салды. Дегенмен Құдайдың рұқсатымен қысым көрсеткендерге қарсы тойтарыс беруге ғана рұқсат етілді. Сонымен мұсылмандар ішкі (мұнафықтар мен яһудилер) және сыртқы (мүшіріктер) жауларымен қандай қиыншылық болса да күресiп бақты. Мұсылмандар Мединедегi ішкі жауларының бірі Қайнұқа, Бәни Нәзір, Құрайза яһудилерімен соғысты, оларды жеңді және сыртқы жаулары меккелік Құрайш мүшіріктеріне, Бәни Хауазин, Бәни Сақыф рулары мен сириялық христиан арабтарға өздерінің аман қалулары үшін қарсы тұрды. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) пен оның сахабалары (Алла олардың барлығына разы болсын) қаншама қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, өздеріне қауіп төндірген жауларымен күрестi, барлығын да Құдайдың қолдауымен сәттілік және үлкен абыроймен жеңіп отырды, Бәдiр, Ұхұд, Хайбар, Хандек, Мұте, Хұнайн соғыстары тарихтан белгілі.
Мұсылмандық найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен, яғни соғыс арқылы таралған жоқ, жоғарыдағы баяндалған соғыстар шарасыздықтан туған оқиғалар. Керiсiнше ислам дiнi уағыз-насихат, бейбiтшiлiк пен келiсiм, түсiнiстiк, көркем мiнез бен жоғары адамгершiлiк, қайрымдылық пен мейрiмдiлiк және бауырмалдық арқылы таралған. Мүшіріктермен жасалған Хұдайбие келісімінен кейін, сол аралықтағы бейбiтшiлiк уақытты пайдаланып, Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ. с. ) исламды шартарапқа шеберлікпен тарата білуi соның айғағы. Тіпті ардақты пайғамбар Византия, Мысыр, Хабашстан, сасаниттік Иран және алыстағы араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес тайпаларға исламды түсіндіретін ұстаздар жібердi. Хазiретi Мұхаммедтiң асыл мiнезi мен ибалы әдебiнен үлгi алған ұстаздар (мүршид) және әз. Мұхаммед жүрiс-тұрыстарымен, жылы сөздерiмен мұсылмандықты қалың араб халқына мойындатты. Олар надан халықтың жүрегіне адамгершiлiктiң, көркем мiнездiң, бейбiтшiлiктiң және кешiрiмдiлiктiң ұрығын септi. Исламды оңайлатты, қиындатпады, сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік қатынаста болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін көрсеткен Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ. с. ) осындай уағызы арқасында Меккені соғыссыз алды. Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тұрпайылықты күшінен қалдырды, дүниені білімге, әділетке, ақиатқа және бақытқа қауыштырды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне қоштасу құтпасын оқыды. Осы қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына енген пайғамбардың үндеуi барша мұсылмандарға, күллi адамзатқа мәңгi өшпейтiн өмiр өлшемi секiлдi.
«Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим.
Ей адамдар!
Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкiм биылдан соң сендермен бұл жерде жүздеспейтiн шығармын.
Халайық!
Бүгiнгi күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиеттi болса, мал-жандарың, ар-намыстарыңыз да да соншалықты қасиетті, зорлық атаулыдан қорғалған.
Сахабаларым!
Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және осы дүниедегi бүкiл амал-әрекеттерiңiз үшiн жауап беретiнiңдерiң де бiлiңдер. Мен орталарыңнан кеткеннен кейiн баяғы бiтпейтiн ұрыс-керiске, дау-дамайға қайта бой алдырып, бiр-бiрiңнiң қандарыңды жүктеушi болмаңдар. Осы өсиетiмдi естiгендер естiмегендерге жеткiзсiн. Бәлкiм естiмеген адам бұл жерде менiң осы сөздерiме куә болып естiген адамнан да жақсы түсiнiп, жадында сақтауы мүмкiн.
Сахабаларым!
Қолдарыңды әлдебiреудiң аманат болса, қылдай қиянат жасамай, басы бүтiн иесiне табыстасын. Пайыздық, өсiмнiң барлық түрiне тиым салынды. Тек нақты қарызды қайтарған жағдайда, басқаға зұлымдық жасамайсыңдар, әрi өздерiң де зұлымдық көрмейсiңдер. Алланың әмiрiмен бұдан былай өсiммен пайда табуға тиым салынды. Надандық жайлаған қараңғы кезеңiнен қалған бұл әдет мұнан былай жойылуға тиiс.
Ей халқым!
Қараңғылық кезеңiнен қалған қан дауына да осы жерде нүкте қойылды. Бiрiншi болып атам Әбдiмүтәлiптiң немересi, немере ағайыным Рабияның қан дауын жойдым.
Ей жарандар!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz