Дін этнологиясы


Жоспар
- Дін
- Діннің пайдалары
- Діннің пайда болуы туралы теориялар
4. Дінтану ғылымы
- Дін түрлері (Діндердің классификациялануы)
Әдебиеттер тiзiмi
1. Дін
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жаќындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпаќтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпаќтан-ұрпаќќа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын ќоғамдар да, адамдар да кездеседі, біраќ адам баласы діннен мүлдем ќол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз (храм) не халыќ, не ќауым, тіпті ќоғам болмаған. Сондыќтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Ќазіргі кездегі әлем халыќтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің сенімдері, алға ќойған маќсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандыќтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені ќасиетті күш деп сенуі" деп аныќтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т. б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыќќан десек те артық етпес. Өйткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатќа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлыќ нәрсе діннен шыќќан" деп осы пікірімізді ќуаттайды.
Дiн - “жаза”, “сый”, “үкiм”, “есеп”, “бас ию”, “ғибадат”, “заң” және “жол” т. б. мағыналарға сәйкес келетiн араб тiлiнен енген сөз. Ал дiн ұғымына келер болсақ бүгiнгi күнге дейiн адам баласы бір тоќтамға келмеген. Өйткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан түрлі ғылым иелері түрліше аныќтама беріп келеді және дін жайлы аныќтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортаќ аныќтама жасау үшін діннің ќарастыратын аумағын аныќтап алу керек. Оған тарих, философия, діндер тарихы сияќты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен ќатар діни өмірдің күнделікті тұрмыстағы рөлі де дінге наќты аныќтама жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта кездесетін ќұдай сеніміне сүйенеді. Яғни, адамның бір дін бойынша өмір сүруі, оның ќорќынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз ќұдірет иесі болған абсалютке, яғни ќұдайға байлануынан туындайды. Ал ќұдайға байлану - адамның рухани дүниесі мен жаратушысына бет бұруына, жаратушысына шексіз мойын ұсынуына және оған мән беруіне байланысты.
Дегенмен бүгінгі заманымыздағы батыстыќ дін зерттеушілерінің көпшілігі жеке адамды, оның діни дүниетанымын, діни сезімін, дiни әрекетiн немесе ќоғамдағы діннің рөлін негізге ала отырып, діндерге былай аныќтамалар берген:
Дін - ќасиеттінің тәжірибесі. (Рудольф Отто)
Діннің негізі шексіз сенім арту сезімінен тұрады. (Шлейермахер)
Ал мұсылман оќымыстылары дінге Ќұран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне сүйене отырып көптеген аныќтамалар жасаған. Солардан мысал ретінде Сайд Шәриф Жүржанидің: " Дін аќыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған аќиќаттарын ќабылдауға шаќыратын илаћи заң ", - деген аныќтамасы мен Имам Ғазалидің: "Дін - Аллаћ пен адам арасындағы байланыс " - деген танымын айтуға болады.
Бүкіл діндерде бар ортаќ элементтер: табиғат заңдылығынан тыс, адам ќұдіреті жетпейтін бір күшке сену (ќұдай, періште, жын, т. б. ), ќасиетті мен ќасиеті жоќты ажырата білу (ғибадат, рәсім-ырымдар), ќағазға түсірілген немесе ауызша тараған мәтіндер (ќасиетті кітаптар, ахлаќи (моральдық) ќағидалар), сезімдер (ќорќу, сенім арту, т. б. ), адамзаттан тыс дүниемен байланыс жасау (уаһи, пайғамбар, дұға, жалбарыну, т. б. ) өмір мен о дүние сенімі, ұйым ќұру (бауырластыќ, тариќат, т. б. ) .
2. Діннің пайдалары
Адам "дене " (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тұрады. Егер адам денесіне керек ќажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-кешек, ауа) ќамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоќтайды. Сондыќтан әрбір адам денесін денеге ќажет нәрселермен ќамтамасыз ету керек екендігін біледі.
Ал дін - рух, көңіл азығы. Сондыќтан бір адамның толыќ бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатќа ќажеті жоќ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі ќылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген ќылмысќа баруына тосќауыл болады, рухына моральдыќ азыќ болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр ќылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. Өйткені дүние жүзіндегі діндердің ќайсы бірін алып ќарасаќ, оның ешбірі жеке адамға, ќоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі ќұралы.
Дін адам психикасындағы үрей, ќорќыныш, ќайғы, үмітсіздік сияќты кейде адамның басына келетін ќиыншылыќ жағдайда көмек береді. Яғни, адам осындай ќиын жағдайларда өз сеніміндегі ќұдіретті ќұбылысќа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, руханият дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін ќоғамның тәртіпті, баќытты болуын ќамтамасыз етеді. Өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыќќа бармайтыны сияќты, дін мыќты ќалыптасќан ќоғамда да ќылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол ќоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы әлсіреген ќоғамдардың ұзаќ өмір сүруі өте сирек. Өйткені ол ќоғамда діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімсіздігіне, олардың түрлі ќылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және ќоғамды дінсіз, ќоғамдыќ тәртіп ќұралдарымен жөнге келтіру өте ќиын. Ал дін адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арќылы ќоғамдағы адамдарды тәртіпке келтіру соншалыќты ќиыншылыќ туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай, дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді. Өйткені ќоғамдыќ тәртіп ќұралдары адамның сыртќы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртќы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Сол діндердің бірі ислам діні адамның аќылын, ұрпағын, намысын, дінін және мүлкін ќорғауға бағытталған. Ислам діні бойынша адамға немесе ќоғамға пайдалы нәрселер «халал» немесе «парыз», ал керісінше зиянды нәрселерге тыйым (харам) салынған.
3. Діннің пайда болуы туралы конценциялар
Ислам сенімі бойынша діннің ќұрушысы - Аллаћ. Алғашќы адам адамзаттың атасы, әрі алғашќы пайғамбар - Хазіреті1 Адам. Оған білдірілген дін - бір Аллаћќа мойын ұсынатын тәухид (бір Аллаћ сеніміне негізделген) діні. Аллаћтың барлығы, бірлігі, заты мен сипаттары тұрғысынан оның кемелдігі мен пайғамбарлыќ, ахирет сенімі тәрізді негізгі итиќади (сенім) шарттары бүкіл илаћи (ќұдайдан келген) діндерде өзгермейтін принциптер ретінде орын алады. Осыған байланысты ислам сенімі бойынша Хазіреті Адамнан Хазіреті Мұхаммедке дейінгі бүкіл пайғамбарлардың уағыздаған хаќ (шын) діндердің ортаќ аты - ислам. Біраќ, тарих бойындағы заманның түрлі ағымынан адамдар хаќ діннен алыстап, өз аќыл-ойларынан жаңа бір сенім ќалыптастыра бастаған. Аллаћ та оларға Адам пайғамбардан ќалған негізгі сенімге сендіру немесе жаңа бір шариғат түсіру үшін пайғамбарлар жіберіп отырған.
Дегенмен батыстыќ дін зерттеушілері ХІІ ғасырдан бастап алғашќы ќауымдыќ ќұрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал Х ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында жоғарыда баяндалған ќасиетті кітаптардағы мәліметтерден тыс археологиялыќ, антропологиялыќ және палеонтологиялыќ зерттеулердегі ќол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О. Конт пен Л. Бачнер негізін ќалаған позитивистік-материалистік тұжырыммен ќатар, Ч. Дарвиннің 1859 жылы жарыќќа шыќќан «табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегіндегі «адамның тегі маймыл тектес» деген көзќарасы, діннің пайда болуы жайындағы ќасиетті кітаптардағы “адамды ќұдай жаратты” деген пікірге ќарсы жаңа ой туғызды.
Э. Б. Тайлор 1861 жылы «алғашќы мәдениет» атты еңбегінде дін анимизмнен (рухќа табыну) шыќќан деген пікірді жаќтады. Оның көзқарасы бойынша алғашќы адамдар әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашќы ќауымдағы адамдар арасында өлген адамның рухы - түс, елес сияќты жағдайларда адамның көзіне көрініп, адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды ќорғап-ќолдайды деген сенім ќалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни “анимизм” сенімінің тууына жол ашќан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от, бұлаќ жел т. б. табиғат күштерін басќаратын ќұдайларға айналып, политеистік (көп ќұдайшылдыќ) сенім пайда болған. Бұл да ќоғамдағы адам сенімі дамуының нәтижесінде бір ќұдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашќан, - дейді.
Х. Спенсер де алғашќы адамдар ата рухтарына табынды деген көзќарасты ќолдаса, Ж. Фрэзер дінді сиќырдан шыќќан деген пікірді ортаға тастады. Фрэзердің пікірі бойынша алғашќы адамдар сиќыр арќылы басќа нәрселерді өз пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді ќорғаушысы В. Р. Смиттің көзќарасы бойынша алғашќы ќауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс санаған (тотем) және тотемдеріне ќұрмет ретінде туындаған табыну немесе ќұрбан шалу сияќты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің бірі З. Фрейд «Тотем және табу» атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан психоаналитикалыќ түсінік беруге тырысты.
Социолог Э. Дюркгеймнің «Діни өмірдің ќарапайым формалары (1912ж. ) » атты кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзќарасына ќарағанда діннің негізі - бір нәрсені ќасиетті санау, бұл да ќоғамдыќ ортаға байланысты. Ќасиеттілік - ќоғамдағы адамдардың ќасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір ќазіргі кездегі ќоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының көпшілігі ќолдайтын көзќарас болып табылады.
М. Мюллердің пікірі бойынша дін адамның табиғат ќұбылыстарынан ќорќуынан шыќќан. Бұл көзќарас «натуризм» деп аталады. Натуризм - адамның ќоршаған ортаға табынуы немесе табиғат ќұбылыстарын ќұдай ретінде санауы деген сөз. Осы көзќарасты ќолдаған М. Мюллер индуизмнің ќасиетті кітаптары Ведаларды дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы ќұдай есімдері «агни» - от, «диаус» - аспан табиғат ќұбылыстарының аттарына ұќсас келеді. Демек, М. Мюллердің пікірі бойынша алғашќы ќауымдыќ ќұрылыста адамдар табиғат ќұбылыстарынан ќорыќќан, сосын оған табына бастаған.
Діннің пайда болуы жайында жоғарыда баяндалған көзќарастарға ќарсы алғашќы ќауымдыќ монотеизм (прамонотеизм) теориясы да бар. Бұл теорияға ќарағанда адамзаттың ең ескі діні - тек тәңіршілік сенімге негiзделген дін.
Тайлордың анимизм теориясына алғаш ќарсы шыќќан шәкірті - А. Ланг оңтүстік-шығыс Австралияның алғашќы ќауымдары діндері жайындағы соңғы мәліметтерге сүйеніп, оларда ешќандай анимизм сенімі кездеспейтіндігін, керісінше бір ќұдай сенімі екендiгiн дәлел ретінде келтіреді.
4. Дінтану ғылымы
Ќазіргі кездегі ғылымдар өздерінің зерттеу объектісіне байланысты бөлінеді. Дінтану ғылымы да діндер дарихы, дін феноменологиясы, дін социологиясы, дін психологиясы сияќты ғылым салаларын ќамти, жеке бір ғылым саласы ретінде ќалыптасќан. Кейбір ғылым иелері бұған дін философиясын да ќосады, тіпті дін этнологиясын да дінтану ғылымының бір саласы ретінде ќарастырады.
Дінтану ғылымы ХІІІ ғасырдан бастап Англия, Франция және Алманияда діндерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде жеке бір ғылым ретінде ќалыптасты. Әсіресе, ХІХ ғасырда діннің мәнін рационалды түрде түсіндірудің нәтижесінде дінтану ғылымы ерекше даму жолына түсті.
Діндердің принциптерін, олардың пайда болуы мен дамуын, дұға оқу, ќұрбандық шалу, ќұдай түсінігі, ғибадат, діни рәсімдер сияќты діннің ќұрылысын, діннің ќоғамдағы рөлін, маңызын, жеке адамның психикасына әсерін, діннің дәстүрмен, мәдениетпен байланысын т. б. зерттеу - дінтану ғылымының үлесінде.
Дінтану ғылымы жоғарыдағы мәліметтерді зерттегенде психология, социология, мифология, этнология немесе этнография, археология, өнер тарихы, фольклор, философия, мәдениеттану, филология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дін - жеке адамның әрекетімен, ќоғаммен, мәдениетпен т. б. байланысты ауќымды бір ќұбылыс. Сондыќтан оны ғылыми тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымы өз ішінен бірнеше ғылым салаларына бөлінеді:
Діндер тарихы . Тарих және филология ғылымдарының зерттеу әдісі арќылы діндердің пайда болуы мен дамуындағы сенім, ғибадат, ахлаќ т. б. негіздерін ќамти тарихи тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымының бір саласы - діндер тарихы. Сондай-аќ діндер тарихы діндер арасындағы байланыстарды, олардың ұќсастыќтары мен айырмашылыќтарын салыстыра отырып зерттейді.
Өлі немесе күнімізде өмір сүріп жатќан діндердің тарихи дамуын, атаќты тұлғаларын, принциптерін, ғибадаттарын, ахлаќтарын және рәсімдерін, ағымдарын, діни топтарын зерттеу - діндер тарихының негізгі таќырыбы болып табылады. Ал маќсаты - діннің пайда болу себептерін, тарихтағы немесе ќоғамдағы орны мен пішімін объективті түрде түсіндіру. Бұл ғылым саласы дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы сияќты ғылым салаларымен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz