Қазақ-түркі эпостарының мәселелері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 312 бет
Таңдаулыға:   


Р. Бердібай

Қазақ-түркі эпостарының мәселелері

Ғылыми-көпшілік басылым

Түркістан-2010
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркология ғылыми-зерттеу институты

Редакциялық алқа : Л. Ташимов, Қ. Ергөбек, Т. Райымбердиев, Д. Кенжетай, Т. Ағдарбеков, Б. Мырзалиев, Ж. Шалхарова, К. Беркімбаев, Р. Тәукебаева

Жауапты редакторы : ф. ғ. к. Т. Қыдыр

Бердібай Р. Қазақ-түркі эпостарының мәселелері . Ғылыми-көпшілік басылым. Түркістан, «Тұран» баспаха-насы, 2010 ж. 350 бет.

Түркі тілдерінде сөйлейтін отызға жуық ұлттар мен ұлыстардың тарихи-этникалық және мәдени байланыстарының тамырластығы кеңінен сөз болатын бұл кітап 1996 жылы жарық көрген. Бұл басылымның басты ерекшелігі - алғашқы басылымда қамтылмаған қазақ тілі мен мәдениетінің бүгінгі мәселесін қозғайтын үшінші бөлім енгізіліп, оқырман назарына ұсынылып отыр.

Кітап түркі халықтарының тарихы, этногенезі, мәдениеті мәселелеріне құмар қалың оқырман қауымға арналған.

Ғылыми-көпшілік басылым.

ISBN
Бірінші бөлім

ТҮБІ БІРГЕ ТУЫСҚАН

САХА ДЕГЕН ХАЛЫҚ БАР

Соңғы жылдарға дейін жер бетінде саха деген халық бар екенін білгендер кем де кем. Мұның себебі осындай халықтың жоқтығынан емес, оның атының танымастай болып өзгертіліп айтылып, жазылып келуіне байланысты еді. Азия құрлығының солтүстік-шығыс аймағындағы ұлан-ғайыр алқапты алып жат-қан елдің аты Якутия аталып келген. Бұл өлкені Ресейден қоныс аударушылар XVII ғасырдың бірінші жартысынан бері қарай иемдене бастаған, жергілікті халықтың шын есімі қандай екен деп тексеріп жатпай, «якут» деп атап кеткен. Сонымен Ресей құжаттарында қазақтың - қырғыз, қырғыздың - қарақырғыз, но-ғайдың - татар, алтайлықтардың - қалмақ деп аталғаны тәрізді саханың да лақап аты тараған. Рас, қазіргі кезде бұл халық ресми құжаттарда өзін саха деп жазады. Бірақ ғасырлар бойында қалыптасқан бөгде атаудан құтылу да оңай болмайтын көрінеді. Ресейдің де, басқа елдердің де тілдерінде «якут» деген атау әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Сахалар өздеріне тілі мен этникалық тегі жағынан жақын халықтарға енді-енді ғана мәлім болып келеді. Жерінің шалғайлығы, қатынас жолдарының қиындығы бұл елді өзгелер-ден бөліп тастағандай еді. Әсіресе, сахалардың XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында жаппай шоқындырылуы, аты-жөндерінің орысша жазылуы, елдің дағдысына христиан салттарының ене бастауы оларды түрік, мұсылман әлемінен, тіпті, алыстатып жіберген. Оның үстіне сахалардың ғасырлар бойында монғол, бурят, эвен, эвенкі, чукчи, юкагир секілді халықтармен аралас-құралас өмір кешкендігі сөздік құрамының да күшті өзгеруіне әсер еткен. Ал, соңғы үш ғасыр бойында саха тіліне орыс сөздерінің орасан мол қабаты ауысқан. Осының салдарынан саха тілі өзге түрік тілдерінен оқшау өзгеленген. Зерттеушілер бұл тілді қандай топқа қосу керектігі жөнінде бірсыпыра дағдарып барып, ақырында, оның құры-лысы, байырғы лексикалық қоры түрікше екенін мойындаған. Тұтас бір планета сынды атырапты алып жатқан, жерінің асты тұнған байлық, ежелгі дәстүрлі мәдениеті бар саха халқы өзінің түрік әлеміне қатыстылығын қайтадан сезіп, кейінгі кезде ғана ежелгі туыстармен барыс-келіс жасай бастады.

* * *

Саха (якут) халқы ауыз әдебиетінде батырлар жыры «Олонхо» деп аталады. «Олонхо» деген сөздің қазақтың «өлеңімен» тектестігі үстірт қарағанда да сезілгендей. Сахалардың тілінде бізбен ұқсас көп сөздер кездесуі бұл ұғымдардың туысында белгілі бір заңдылық жатқандығын аңғартады. Әсіресе мал шаруашылығына, көшпенді өмірге байланысты, көне түркі тілінің ортақ қорына жататын сөздер мен тіркестер бізде де, сахаларда да бірыңғай келе береді. Мәселен, ат, бие, құлын, қазы, қарта, қымыз, қан, аттан, от, шөп деген сөздер сахаларда да осылай аталады. Қымыз құятын тостағанды шарон (біздің шара дегенімізге келеді) дейді екен. Якут тілінің ғасырлар бойында монғол, эвенкі тілдерінің әсерімен өзге сапаға ауысқанына қарамастан тілінің ең әуелгі түп негізі байқалып отырады. Енді бір қатар сөздердің айтылуы өзгеріңкіреген. «Шолпанның» - «чол-бон», «жұлдыздың» - «сұ-лұс» болғаны секілді. Әсіресе, саха тілінің дыбысталу жүйесіндегі ерекшеліктер түбірі тектес сөздерді де өзгертіп жібергендей. Біздегі «ж» әрпі орнына сахаларда «с» әрпі келіп отыратынының өзі көп сөздердің тосын естілуіне себепші. Жүректі - сүрек, жоқты - сох деп айтудан бұл айырым аңға-рылса керек. Дегенмен, сахалардың сөйлеген сөзін, әнін, жырын естіп, жазуын оқи келе анық үйренемін деген кісі бұл тілді бірнеше айда меңгере алады деген ойға келдік.

«Олонхо» деген сөзді сахалар ерекше мақтаныш сезіммен айтады. Ал эпосты жатқа айтушы жыршы - олонхосут (олонхо-шы) халықтың жанды шежіресі тәрізді. Саха халқы батырлар жырына бай. Бірақ сол көп олонхоның ішінен ерекше шоқтық-танып көрінетін, көлемі де, көркемдігі де өзгеше бір халықтық дастан бар. Ол - «Нұрғын батыр» (Дьулуруйар Ньургун боо-тур) . Бұл жырдың ең үлкен нұсқасы отыз мың жолдан асады екен. Саха халқының есте жоқ ескі замандағы өмір шындығы-ның мол суреті жырда кең сақталып қалғандығын зерттеуші-лер бір ауыздан мойындайды. Якуттардың бір заманда оңтүс-тікте өмір кешкендігіне қосалқы дәлелдер осы олонходан табы-лады. Жырда оты мол, шуағы мол, жыл он екі ай суық түс-пейтін өлкенің өсімдігі, жан-жануары, тұрмыс-тіршілігі бейнеленеді.

Сахалар қазіргі отырған жеріне XI ғасырдан бері қоныс тебе бастаған. Бірақ якуттардың одан бұрынғы мекені туралы түсінік бұлдыр. Олар солтүстікке соңғы рет көшкен өлке Алтай, Байқал тұстары екенін айтумен ғана шектелу, әрине, мәселенің ақиқатына жетіп болмағандық белгісі. XI ғасырға дейін якуттар қай жерді мекендеді? Осы сауалды шешуге азды-көпті саңлау беретін Олонхо көркем жыр ғана емес, әрі көне тарихи шежіре. Сонымен қатар бұл жырлар жалпы түрік эпосының ең көне үлгілері болып саналады. Олонхоны халықтың қадірлейтіні соншалық - әлі күнге дейін той-тамашада жырдың жеке тараулары айтылып отырады. Пластинкаға түсірілген олонхо бір күн емес, бірнеше күн тыңдауға жетеді. Біз олонхоның бірер тармағын Якутияның көрнекті ақыны, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Күннік Ұрастыровтың орындауынан естіген едік. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз, тақпақтап айтылатын олонхо шынында да өзгеше құбылыс. Бұл ретте олонхошы мен қырғыздың манасшысы бір-біріне жақын.

Якуттың жыр-өлеңінде аллитерация - дыбыс үндестігі жиі кездеседі. Бұның маңыздылығы соншалық - өлең жолының аяғындағы берік ұйқастың болмауын жоқтата бермеген. Ұйқас-ты өлеңдерді кейінгі ақындар ғана енгізе бастаған. Олонхо-лардың негізінде пьесалар да, либереттолар да жазылған. Қыс-қасы, олонхо якуттың өткен заман өмірінен есепсіз мағлұмат беретін энциклопедия іспетті. Якутстанды бейнелі түрде олонхо елі деп атаудың себебі осыдан көрінсе керек. Музыкалық-саздық аспаптар аттарында да үндестік, ежелгі орайластық аңғарылады. Қобызға ұқсас аспап сахаларда қырымпа делінеді. Ал, біздегі дабыл, шыңдауылдардың дүңгір аталуы құлаққа бірден сіңімді естіледі. Ерте кезде сахаларда жаздың орта тұсында қымыз мейрамы - ысаақ өткізілген. Қыстың қақаған суығынан өтіп, елдің арқасы жазылған, жер көктеп, тойыншы-лық болған кезде өтетін бұл дәстүр кейінгі кезде қайта жаңғырып келеді. Қазақтың қымыз мұрындық мерекесіне ұқсас.

Сахалар елінде әрбір мерекені өлеңмен ашу дәстүрі бүгін-ге дейін бар. Қазақ ұғымындағы тойбастарды еске салатын бұл жанр «тойук» деп аталады. Тойбастар өлеңі дайын текске емес, табанда шығарылған суырып салма сөздерге құрылады.

Әдебиет жанрларынан бізге және бір жақынырақ көрінгені тақпақтап әрі шапшаң шұбыртып, үстемелеп айтатын терме тектес - чабырғақ. Бұл шұбыртпалы өлеңнің өзге қасиетін былай қойғанда, тіл ұстарту, тіл ширатуға өте пайдалы. Жаңылтпаш сынды бір-біріне үндес, үйлес тіркестерді әрі тез, әрі таза айтып шығу - тілдің сырын жетік білуге таптырмайтын тәсіл. Якут фольклорының тағы бір түрі «алғыс» деп аталады. Бұл белгілі оқиғаларға арналған тілек, бата мағыналас шы-ғармалар. «Алғыс» терминін М. Әуезов өзінің ауыз әдебиетіне арнаған бір мақаласында алғаш қолданғанын еске сала кетейік.

Саха жұртының ең көп тараған музыкалық аспабы - ко-мус. Бұл біздің шаңқобызымыз секілді. Комуста тартылған күй ырғақтары құлаққа соншалық жылы тиеді. Бір-бірінен сан мың шақырым алыста жатқан, жүздеген жылдар бойында ешбір барыс-келіс, ауыс-түйісі болмаған қазақ пен сахада осы бір ортақ музыкалық аспаптың бірдей сақталуы да таңқаларлық (шаңқобыз үні қазіргі кезде Қазақстанда қайта жаңғыра бастады) .

Тағы бір көңіл бөлерлік нәрсе - би. Кейбір мамандар көш-пелі халықтарда ертеде би болмаған деп дәлелдегісі келеді. Ғасырлар бойында көшіп-қонып жүрген сахаларда би бұрыннан бар екен. Жеке билер ырғағы қазақтың дауылпазы тәрізді қағып ойнайтын «табық» деген аспапта орындалады. Көпшілік қосылып, билей жүріп ән айтатын жанр «Осуақай» делінеді. Мұнда айтылатын өлең сөз де әрдайым тыңнан шығарылады. «Осуақай» айту - ел көңілінің аса бір көтеріңкі, шадыман тұсын бейнелейтін «жүрек жарды» көрініс белгісі.

Якут билері өнер тарихын зерттеудің кейбір мәселесіне анықтық енгізуге жарайтын жарқын мысал. Ерте заманда патша отаршылары өзіне бағынышты елдерде халықтың жауынгерлік рухын өсіретін шыңдауыл, дауылпаз, дабыл секіл-ді соқпалы аспаптарды құртып жіберуге жасырын жарлықтар берген ғой. Бұрынғы патшалы Ресей қарауындағы бірсыпыра елдердің кейбір музыкалық аспаптарының жойылып кетуіне себептің бірі осы болса керек. Бірақ жырақ тайгада жатқан якуттарда мұндай аспап сақталыпты.

Бүгінгі саха халқы - өткен тарихына зерде қоя бастаған, ке-лешегіне сеніммен қарайтын ұлттардың бірі. Якутстанда өнер мен әдебиет, ғылым мен техника, ауыл шаруашылығы мен өнді-ріс өркендеп келеді. Республиканың ұлан-байтақ жерінде жаңа, жас қалалар бой түзей бастаған. Соның бірі - алмас өндіруші-лердің астанасы Мирный қаласы. Мирныйдан жүз шақырым жердегі Вилюй су электр станциясы - мәңгілік тоң тұнған өлкеде тұңғыш тәжірибе, ғылым кереметінің тәжірибесі. Еңбек адамдарының жасампаз қолы мен ойы тайганың қақ ортасында, ең суық аймақта сәнді, мәнді тіршілік ошақтарын орнатқан. Вилюй су электр станциясы тұрған жер Чернышевский кенті аталыпты. Ал кенттің орталығында, электростанция әкімшілігі үйінің алдында алмаз шығатын тұтас кимберлит тастан Черны-шевскийге ескерткіш орнатылған. Кемеңгер ғалым Чернышев-скийдің мүсін бейнесін қалың тайга тұтасқан өлкеде көру ойға қалдырады. Сонау патша заманында әлеуметтік ақиқаттарды батыл айтып, еліне білім сәулесін таратқаны үшін жазаланып, жәбір көріп, Вилюй бойында он екі жыл айдауда болған адал азаматтың еңбегін ұрпақтары ұмытпапты. Мұның өзі «жақсы іс пен өнеге өшпейді» деген көне қағиданың сипаттамасы секілді.

Жер астының мұз тоңы бір жарым километр тереңдікке дейін жететін суық та сұсты өңірде орнаған жаңа шаһар Мирныйдың қайталанбас өзгешелігі бар. Тоң жібіп кетпесін деп үйдің бірінші қабатын қуыс, ашық қалдырып кетеді екен. Міне, осындай ашық алаңның үстінде неше қабат әсем үйлер сап түзеп тұр. Бұл атыраптың өзге өлкелерден табиғат ерекшелігі - жазы қысқа (екі ай), қысы ұзақ (сегіз ай) .

Саха халқының мәдениеті, әдебиеті, өнері дамып келеді. Жазба нұсқалары XX ғасырдың басынан басталған якут әдебие-тінің елеулі табыстары бар. Сахалар өз тілінде жазба әдебиеттің негізін салған А. Е. Кулаковскийдің, А. И. Сафронов-тың шығар-маларын жоғары бағалайды. Атап өтерлік бір мәселе - саха халқының драматургиясы үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-ақ едәуір дамып, жетілгендігі. Бұл жағынан алып қарағанда, якут жазба әдебиеті аз ұлттардың біразының әдебиетінен «көне».

Якуттың қазіргі заманғы әдебиетінің бастаушысы П. А. Ойунский өмірі мен өнер сапары күрделі. П. А. Ойунский - жаңа дәуірді якут тілінде тұңғыш жырлаған күрескер ақын, прозашы, драмашы, өз елінде болған күллі жаңалық атаулының басы-қасында жүрген қайраткер. Халық бостандығы мен бақыты үшін барлық саналы өмірін сарп еткен Ойунский есімін якут халқы өз тарихындағы ең таңдаулы ұлдары қатарына қояды. Республика астанасы - Якутск қаласында П. А. Ойунский атында әдеби музей ашылуы да мұның айғағы.

Саха жазушыларының аға буынына жататын қаламгердің бірі - Эрилик Эристин артына мол мұра қалдырған. Оның кейбір туындыларында Қазақстанда болған оқиғалар суретте-леді. Якут әдебиетінің үлкен өкілі - С. Г. Кулачиков-Элляйдың қаламгерлік жолы да қызғылықты. Ол 20-жылдарда Қазақстанда қызмет істеген, қазақ халқының тұрмысымен танысқан. Элляй бұдан кейін де біздің республикамызда бірнеше рет болған. «Алатау», «Аманкелді» секілді татымды өлеңдерді жазған.

Қазіргі якут әдебиетінде ең көрнекті прозашы болып саналатын Н. Е. Мординовтың шығармалары көп елдерге таныс. Оның күрделі туындысы - «Көктем шағы» атты роман. Орыс тіліне аударылып басылған бұл шығарма якут прозасының биік дәрежесін әйгілейді. Бұл романда якут халқының 1910-1930 жылдар арасындағы өмірі жан-жақты суреттеледі. Якутиядағы халық өмірінің ақиқат көріністері, тұрмыстық-салттық ерекше-ліктер, халықтың психологиясы нағыз реалистік тәсілде ашыл-ған. Якут әдебиетінің Д. К. Сивцев (Суорун Омоллон), В. М. Но-виков (Күннік Ұрастыров) секілді танымал қайраткерлері хақында да көп қызықты мағлұмат келтіруге болады. Д. К. Сивцев өзінің драматургиялық шығармаларымен әйгілі, ал В. М. Новиков - якуттың үлкен ақындарының бірі.

Бұл аталған тарлан жазушылардың ізін басып, дәстүрін дамытып, әдебиетті түрлі жанрда көркейтіп келе жатқан қаламгер шоғыры мол. Белгілі ақындар Семен Данилов пен Моисей Ефимовтың поэзиялық шығармалары елімізге жақсы мәлім. Бұл ақындар өздеріне ғана тән мәнерде туған өлкесінің табиғаты мен еңбек адамдарын шабыттана жырлайды. С. Даниловтың «Солтүстік өлеңдері», «Суық өлкенің таңы», «Бүркіттің бақыты», «Тайга торғайы», «Менің Солтүстігім» секілді өлең кітаптары бірнеше тілге аударылған.

Сонымен, қазіргі якут әдебиеті өскелең, жетілген әдебиеттер қатарында. Якутия жазушыларының құрамы қомақты. Жазушылар саны жағынан Якут әдебиеті Ресей құрамындағы республикалар ішінде алдына татар, чувашты ғана салады. Якут әдебиетінің жасағында дарынды күштер мол. Туысқан саха халқының әдебиеті үздіксіз кемелдену, реалистік мүмкіндіктерін арттыру үстінде екенін көреміз. Ол әдебиетте қазақ оқушысын қызықтырар шығармалар жоқ емес. Саха ақын, жазушыларының таңдаулы туындылары қазақ тілінде жарық көрді. Өз тарапынан якут қаламгерлері де қазақ әдебиетінің озық үлгілерін тәржімалағанын айтуымыз керек. Бұл ретте Абай шығармаларын саха тілінде тұңғыш рет сөйлеткен ақын Семен Руфовтың еңбегін ілтипатпен айтамыз. «Абай жолы» роман-эпопеясын аударып, жеке кітап етіп бастырған саха бауырларымызға қанша алғыс айтсақ та жарасады.

Якут тілі мен қазақ тілінің заңдылықтарын салыстыра зерттеу көптеген көнерген сөздердің түп төркінін тануға, тілдер дамуының жолдары мен дәуірлерін түсінуге, түрік, монғол тілдерінің өзара байланысын тереңдеп зерттеуге көмектесетіні кәміл. Көптеген якут зерттеушілері Қазақстанда диссертация қорғап, ғылыми дәреже алып жүргені - ұнамды құбылыс.

Сан ғасырлар бойында бір-бірінен жырақ жатқан, тек соңғы жылдары ғана қарым-қатынасы басталған қазақ және саха ха-лықтары әдебиетінің байланысы күшейе түссе, нұр үстіне нұр. Екі халықтың рухани туыстығын жақындастыру жолында еңбек сіңіріп жүрген Қ. Тұрсынқұлов, Т. Оразбаева сынды қаламгерле-ріміздің игі бастамасы жалғасын таба берер деп сенеміз. Түрік халықтары бірлігін дамытуға бағытталған сан тарау істердің жеміс берер шағы алда.

АЛТАЙДЫ АРАЛАП ҚАЙТҚАНДА

І

Тілі, тегі тарихи жағынан қазаққа жақын халықтың бірі - Алтай өңірінің Таулы Алтай республикасында тұратын алтай халқы. Тарихшылардың дәлелдеуінше, қазіргі алтай халқы бір заманда Сібір, Алтай және Қазақстанды жайлаған түркі рулары-ның түрлі тармағынан құралған. Неше алуан қиыншылық заман-да Алтайдың биік тауларын паналап, аңшылық кәсіппен айна-лысқан рулар кейіннен бірте-бірте тілдік дербестік тапқан. Бұл халықтың атын соңғы кезге дейін дұрыс атамай келушіліктің де түрлі себептері бар. Алтайлықтар құрамына кіреді деп санала-тын рулардың кейбіреулері өздерін әлі күнге дейін бөлек нәсіл деп біледі. Мұның өзі алтай халқының ұлттық қалыптасу кезеңі-нің кенжелігін көрсетеді. Алтай рулары (сүйектері) Қазан төңке-рісіне дейін өздерінің көне атымен аталып келген. Айта берсе-ңіз, бұл халықтың аты 1948 жылға дейін қалыптасып болмаған еді. Ресей патшалығы кезінде алтайлықтарды «Би өзені бойындағы қалмақтар» (бийские калмыки) деп атаған. Ал Кеңес өкіметі орнаған кезде пайда болған Ойрат автономиялық облысы деген ат та дәл емес еді. Алтайлықтар бір заманда Ойрат (қалмақ) мемлекетінің құрамында болғанымен, тегі жағынан мүлде бөлек ел болатын. Осыны ескере отырып, бұрынғы ССРО Жоғарғы Советі 1948 жылы Ойрат автономиялық облысын Таулы Алтай автономиялы облысы деп атауға шешім қабылдап, облыс орталығы Ойрат-Тураны Горно-Алтайск деп өзгерткен. Қазіргі аты - Алтай республикасы.

Көптеген түркі тілдес рулар бірлестігінің жинақтық атқа ие болу дәстүрі бұрыннан бар. Солтүстік Кавказды, Дағыстанды мекендеп отырған ноғай халқы да көп рулардың бірлестігінен пайда болған. Біздің халқымыздың аты да нақ осы тәрізді кейіннен сіңіскен ат еді ғой. Алтайлықтарда да осылай болып отыр. Ең ғажабы - бұл процестің бұдан жүздеген жылдар бұрын болмай, қазіргі кезде жүзеге асуы. Әлбетте, алтай халқының кәсіп, салт-сана, тіл бірлігі дәл бүгін емес, ертеде қалыптасқан. Бірақ бұлар белгілі бір мемлекет, не хандық құрып, дербес ел ретінде мәлім болмаған.

Қазіргі алтай халқының құрамында көптеген түркі руларының аттары кездеседі. Олар бүгінде түркі халықтары құрамында жүрген рулармен ерте кезде туыс болған. Дәл осы жағдайды аңғартатын аңыз алтайлықтар арасында да сақталып-ты. Алтайлық (сүйегі қыпшақ) Көшербай деген кісі бір аңызды айтып берді. Бір заманда қазақ пен алтайлық бірге туған ағайын екен. Күндердің күнінде олар көк биенің сүтіне өкпелесіп, бір-бірінен ажырасыпты, содан қазақ биесін жетелеп далаға кетіпті, алтайлық мылтығын алып, аңшылық құрып тауда қалып қойыпты. Бұл аңызда көп ақиқат жатқанын қазіргі алтайлық ішінде сақталған ру аттары сипаттайды. Бұл рудың біразы қазақ, өзбек, ноғай, қарақалпақ, қырғыз құрамында осы күнге дейін кездесіп отырады. Біз кітап мәліметіне сүйенбей, жеке адам-дардың өз аузынан сұрап отырып, бірталай ру (сүйек) аттарын анықтаған едік. Олар: қыпшақ, найман, жетісары, далмат, мұңдыз, көбек, жүз, меркіт, төлеңгіт, тассақал, мерет, тоңжан, еркіт, күзен, ара, ошы, төлес, алмат, тодош, кергіл, үйліп, чапты, ұранғай, төлеуіт, сағал, қомдош, баят, орғоншы, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Батырлар эпосы
Қорқыт жырлары және оның қазақ эпостарымен байланысы
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Қорқыт ата туралы
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Айман - шолпан жырының типологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz