Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі



І. Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай ... 3
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі ... .4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері...6
2.2 «Қырғи.қабақ» соғысының басталуы ... ..9
2.3 «Қырғи.қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс ... 15
2.4 БҰҰ.ның халықаралық өмірдегі рөлі ... .20
2.5 «Қырғи.қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы ... 21
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті әлем ... ..23
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.
80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
  
    Referatkaz.kz - Тегін қазақша рефератар сайты. Барлық пәндерден үлкен
база жинағы.

Жоспар
І. Кіріспе
1.1  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай ... 3
1.2  Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі ... .4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері...6
2.2 Қырғи-қабақ соғысының басталуы ... ..9
2.3 Қырғи-қабақ соғысының ыстық ошақтары Кореядағы соғыс ... 15
2.4  БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі ... .20
2.5 Қырғи-қабақ соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы ... 21
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем ... ..23
Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция
елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс
аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды.
Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және
экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің
тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да
соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің
әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм
құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда
халықаралық қатынас жүйесінде екі полюсті әлем жағдайы билік етті.
80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып
өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі
соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы
ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем
өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің
үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста бір
полюсті жүйенің құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер
тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық
жүйесін құруда қызығушылық білдірді.
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі. 
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қанды соғыс
болды. Бұл соғыста 60 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 27
млн. азаматтары және 6 млн. Польша азаматтары. Екінші дүниежүзілік соғыста
адамзат шығыны бірінші дүниежүзілік соғыстан 6 есе көп болды, ал
материалдық шығыны 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол фашизмнің күйреуі. Фашистік
және милитаристік агрессорлы мемлекеттері Германия,Италия,Япония және
олардың одақтастары толық күйреді. Олардың экономикасы, саясаты,
идеологиясы күйреді, қарулы күштері тізе бүкті, территориялары антифашистік
коалиция әскерімен оккупацияланды. Оккупациондық өкімет жергілікті
антифашистердің көмегімен фашистік режимдерді, фашистік партияларды жойды
және де фашистік басшыларды соттады. Тек қана Испания мен Португалияда
фашистік режимнің диктаторлық түрі сақталды.Соғыс кезінде оккупацияланған
мемлекеттерде оккупанттарға қарсы Қарсыласу қозғалысы пайда
болды.Соғыстан кейін Қарсыласу қозғалысының қатысушылары қоғамдық-саяси
өмірде маңызды рөл атқарды.Көптеген мемлекеттерде олар билік басына
келіп,мемлекеттердің саясатын анықтап отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып
көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және
Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін,
олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің
басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік,
демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті.
Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда
осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық
соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді.
1949ж. 1 қазанында Қытай Халық Республикасы құрылды. Оның басшылары
мемлекеттің социализм жолына түсетіндігін жариялады.Халықтық-демократиялық
және социалистік мемлекеттердің тұтас қоғамдастығы пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижесі-отарлық жүйенің
ыдырауының басталуы. Азат ету мақсатымен және соғыстың антифашистік
мінездемесі, Жапониямен соғыстағы отарлық елдердің жеңілісі содан соң
фашистік агрессорлардың күйреуі ұлт-азаттық қозғалыстың көтерілуіне ықпал
етті. Жапониямен оккупацияланған Азия және Тынық мұхиты елдері (Индокитай,
Индонезия, Малайя, Бирма, Филиппины) метрополистік мемлекеттердің
бақылауынан шықты. Халықтың елеулі бөлігі Жапон оккупанттарына қарсы
партизандық күреске қатысты; ұлттық, саяси және әскери ұйымдарын құрып
жатты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін ол оккупациялаған мемлекеттер өзінің
тәуелсіздігін жариялап, бұрынғы  билігін танудан бас тартты. Басқа отар
мемлекеттерде әсіресе Үндістанда, Сирияда, Ливанда, Трансиорданияда,
Палестинада соғыс бұқара халықтың саяси белсенділігін оятты, олар өзінің
тәуелсіздігін талап етті. Отарлардың билігі әлсіреді. Енді отарлық жүейнің
күйреуі басталды.
2.Негізгі бөлім.
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
 Шығыс Еуропа мемлекеттері.
       Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа мемлекеттеріне алып
экономикалық және демографиялық шығын алып келді. Өндірістік және көлік
инфрақұрылымының бүлінуі,инфляцияның өсуі,дәстүрлі сауда байланыстарының
бұзылуы және тұтынушылық тауардың жетіспеушілігі аймақ мемлекеттерінің
басты мәселесі болды. Соғыстан кейін көптеген шығындарға тап болған елдерге
тән соғыс алдында бұл елдер әлеуметтік-экономикалық даму жағынан биік
сатыда болған-Польша, нацистік оккупация жылдарында толық күйзеліске
ұшырады, Венгрия Германия одақтастары арасындағы соғыстың аяқталу
қарсаңында және кеңес оккупациясының алғашқы жылдарында ең көп зардап
шекті, Чехословакия бірнеше территориялық бөліністі басынан кешірді. Шығыс
Еуропаның әлемдік өнеркәсіп пен өндірістегі үлесі екі есе төмендеді.
Сонымен соғыс Шығыс Еуропа елдерінің тек қана экономикалық жетілдіру
жағынан артта қалдырған жоқ сонымен қатар оның даму сатысы да артта қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Шығыс Еуропада болған
территориялық бөліністер 1918-1920ж.ж. сияқты ірі масштабты болған жоқ,
бірақ аймақтың саяси картасы өзгерді. Оларға құқықтық негізді бірнеше
келісімдер құраған еді. Олар Потсдам және Крым(Ялта) конференцияларындағы
келісімдер, герман блогына қатысқан мемлекеттермен бейбітшілік келісімдері,
сонымен қатар КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы 1944-1946ж.ж.
шарт жасасқан бірнеше екі жақты келісімдер. Венгрия,Румыния және
Болгариямен бейбітшілік келісімдерді сыртқы істер кеңесінің министлері
(Совет Министров Иностранных дел СМИД) әзірледі. Ол 1945ж. Соғыстан кейінгі
мәселелерді    реттеу үшін құрылды. Бұл шаралар 1946ж. желтоқсанында
аяқталды, ал шешуші әрі нақты бейбітшілік келісімдердің мәтініне 1947ж.10
ақпанында Парижде қол қойылды. Болгария территориясы 1941ж. 1 қаңтарындағы
шекарасымен қалды.Венгрия шекарасы 1938ж. 1 қаңтары кезіндегі территория
қалпына оралды. 1938 және 1940ж.ж. Вена төрелік сот шеңберінде алынған
территориялардан Венгрия айрылды (Словакияның оңтүстік аймақтары Чехословак
мемлекетінің құрамына қайтарылды, Закарпаттық Украина КСРО құрамына өтті,
солтүстік-батыс Трансильвания Румыния құрамына қайтарылды). Румыния
территориясы 1941ж.1 қаңтар жағдайында қайта құрылды, яғни Бесарабия және
солтүстік Буковина  КСРО пайдасына төлемнің мөлшері мен ретін орнатты.
Шыңыс Еуропа мемлекеттері гитлерлік блокқа қарсы күреске қатысушылар-
Польша, Чехословакия, Югославия ұтымды жағдайда болды.Польшаның жаңа
шекарасы Қырым конференциясы және совет-польша арасындағы 1945ж. келісіммен
орнатылған. Польша Одер және Батыс Нейсенің шығысындағы немістің бұрынғы
территорияларын иеленді, сонымен қатар Данцинг коридорын қайтарып алды.
Батыс Украина және Батыс Белорусия КСРО құрамында қалды. Өз кезегінде кеңес
өкіметі Польша пайдасына Польша территориясында орналасқан барлық германия
иеліктерінен және герман төлемінен бас тартты. 1945ж. Кеңес-Чехословак
маңызды келісімі Чехословакияның Закарпаттық Украинадан бас тартқанын
нақтылады. Чехословакияның қалған территориясы 1938ж. басындағы шекарасы
жағдайында қайта құрылды. Кеңес және Югославия дипломаттарының Истрия жарты
аралындағы даулы территорияға Югославия құқығын орнату әрекеті сәтсіз
аяқталды.1947ж. Париж конференциясының келісімі бойынша бұл жерде Триест
еркін территориясы құрылды, 1954ж.бұл территорияны Италия мен Югославия
бөліп алады.
Қысқа мерзім ішінде соғыстан кейінгі ауыр мәселелердің бірі-халық қозғалысы
шешілді. Потсдам конференциясының шешімімен Чехословакияның Судет облысы
территориясынан, Польшаның жаңа жерлерінен, сонымен қатар Венгриядан және
де КСРО құрамына кірген бұрынғы Шығыс Пруссиядан Германияға неміс халқын
депортациялады. Екі мемлекет арасындағы халықтың айырбасын реттеген
1945ж. кеңес-польша келісімі болатын. Нацизмге қарсы күреске қатысушылардың
отбасылары және де мүшелері КСРО территориясында тұрып жатқан поляк және
еврей ұлт өкілдері оптацияға құқық алды, яғни олар кеңес немесе польша
азаматтығын таңдау құқығына ие болды. Оптация тәртібінде КСРО мен
Чехословакияның шекаралық аймағынан халықтың айырбасы жүзеге асырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі
қалыптасқан ішкі саяси жағдай күрделі еді. Авторитарлық фашистік
режимдердің күйреуі, халықтың кең түрде қарсыласу қозғалысына қатысуы,
мемлекеттік саяси жүйенің терең өзгеруінің салдарын тудырып жатты. Бірақ та
шын мәнінде демократиялық қайта құруларға дайындық үстіртін сипатта болды.
Авторитарлық саяси психология соғыс жылдарында сақталып қана қоймай сонымен
қатар нығайып та үлгерген. Көпшіліктің сана сезімінде бұрынғыдай
мемлекеттен әлеуметтік тұрақтылықты және өсуді көру тән еді.
Шығыс Еуропа мемлекеттерінде билік басына келген жаңа мемлекеттік элитаның
басым бөлігі авторитарлық саяси мәдениетінде қалыптасқан болатын. Көптеген
осы адамдар өз өмірін бұрынғы режимдермен күресуге арнады. Бастарынан
түрмені, каторганы,эмиграцияны кешірді. Соғыстан кейін Шығыс Еуропаның
саяси өмірінде күрес рухы заңы орнады. Бұған ықпал еткен қоғамдық
үлгілердің идеологиялық жүйенің қарама қайшылығына толы соғыс мұрасы,
национал-социализмнің жеңілісі басқа қарсыластарды коммунизм мен либералды
демократияны бетпе-бет қалдырды. Соғыста жеңіп шыққан осы идеялардың
жақтастары Шығыс Еуропа мемлекеттерінің саяси элитасында кең қолданды.
Бірақ бұл болашақта идеологиялық қарама-қайшылықтың жаңа орамын уәде етті.
Ұлттық идеяның ықпалының өсуімен де жағдай қиындатылып отырды.
2.2 Қырғи-қабақ соғысының басталуы
         Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан
кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және
халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі
алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-
бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы.
Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа
Қырғи-қабақ  соғысы деген атпен енді.
Қырғи-қабақ  соғысының алғашқы  насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-
министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында
сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген
сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО темір шымылдырықпен бөліп, өз билік
аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің доктриналарын және
билігін шексіз жүргізгісі келеді деді.
Черчиль КСРО-ның өктемдік саясатын шектеуге ағылшын тілінде сөйлейтін
барлық мемлекеттерді көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде
сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген
сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды.  Америка өкіметі
өзінің комунизмді шектеу ресми доктринасын жариялады және де атом
дипломатиясын, яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді.
Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан
АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл
сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар
бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын
атом бомбаларымен атқылау көзделді.
Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ соғыс
жандандырушыларына қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді.
Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын
тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында
Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.
1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық
қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан
өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан
өткізді.
1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955
жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының
әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл
артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен
бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО
территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта
жете алатын еді.
Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты,
бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы
күшейіп жалғасып жатты.
Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен
халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің
орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы
азаматтық соғыс.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық
партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып
жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа
шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына
қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз
талабын білдірген еді.
Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан
және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді.
Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ
компартия оның кеңесін қабылдамады.  1946 жылы Грецияда партизандық соғыс
басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен
аяқталды.
Қырғи-қабақ  соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси
коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен
басқарылды.
Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен
достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын.
Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара
көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген
бейтарап капиталистік ел болды.
Кеңес Одағы Корей  Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және
мәдени ынтымақтастық  туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында
екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және  Қытай Халық Республикасы
арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.
Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты.
1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы
америкааралық өзара көмек келісім шартын  жасады. 1948 жылы тұрақты
Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.
Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары  болып Англия
мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен
Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды.  Іс-жүзінде ол
Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын,
ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын
қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия
және Люксенбург  өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада
агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.
Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің
әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта
ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа
мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды.
Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді
жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.
Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы жаугершілік мемлекеттерге қарым-
қатынасын түбегейлі өзгертті. Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан
мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді деп АҚШ-тың
мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен
Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта
қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына
келтіруге бағыт алды.
1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің оккупацияланған аймақтарын Бизонияға
(екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы оларға Францияның аймағы қосылды-үштік
аймақ-Тризония құрылды.
Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен
басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп
бере бастады.  1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция,
Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке
мемлекет құру шешіміне келді.  Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ,  Англия
және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.
1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7
қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің –
Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания
және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының
территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы Оккупациялық заңмен
реттелді.
Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы
басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының
негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы
оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты.
Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері
пайда болды.
Қырғи-қабақ  соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың
жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Қырғи қабақ соғыс жағдайындағы АҚШ пен Совет одағы және Францияның қарым - қатынастары
1974-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
Кариб дағдарысы – «қырғи қабақ соғысының» шырқау билігі
Солтүстік-атлант Альянс
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы
Ақш және халықаралық қатынастар
Пәндер