Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қорықтар
Қорықтар - бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы болып табылады. Қорық территориясы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң- құс атып, балык, аулау, шөп шабу мен мал жаю, ағаш дайындау сияқты нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. Сонымен қатар қорық территориясына ұлы химикаттарды шашуға және басқа жердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы - географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі болып қана табылады.
Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз "Табиғат лабораториясы" деп те атап жұр. Өйткені мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда терен, ғылыми зерттеу, "табиғат жылнамаларын" жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады.
Қорықтарда тек саны азайып, жойылыл кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады.
Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре, көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Шындығында да кең - байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Егер ТМД- да 10 млн. шаршы км- ден астам жерді алып жатқан 135 қорық бар болса, соның тек 7- еуі ғана Қазақстанның үлесіне тиеді. Олар әр жылдары ұйымдастырылған: Ақсу- Жабағылы (1926)
Алматы (1931)
Наурызым (1934)
Барса - Келмес (1939)
Қорғалжын (1958)
Марқакөл (1976)
Үстірт (1984) (Маңғыстау облысы)
Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан үлес қосып отырғандығын айтпай кетпеске болмайды.
Ақсу- Жабағылы қорығы .
Талас Алатауының солтүстік батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылдың. 14 шілдесінде ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат Батыс Тянь - Шаньның өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтылардың, табиғат комплекстерінің даму зандылығын жан- жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді.
Жер көлемі 74416 га. Оңтүстік Қазақстан облысының Онтүстік Шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысының көршілес Қырғыз және Өзбек республикаларының түйісетін жерінде орналасқан.
Ақсу - Жабағылы қорығының территориясында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі өседі. Оның ішінде бұтаның 62 түрі ағаштың 16 түрі кездеседі. Жасыл желекке оранаған бүл өлкеде хайуанаттар дүниесінде де өте бай болып келеді. Мысалы, менизбир суыры дүние жүзінде тек Ақсу-Жабағылы корығында кездеседі. Сол секілді
мұнда қанаттылардың- 238 түрі,
сүт қоректілердің- 42 түрі,
бауырмен жорғалаушылардың- 9 түрі,
қос мекенділердің- 2 түрі,
балықтың- 2 түрі тіршілік етеді.
барыс және ілбіс, аю, түлкі, борсықтар да жайлы қоныс тапқан.
Алматы қорығы.
Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы Оңтүстік астанамыздан небары 25 км. қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда құрылған.
Жер көлемі- 71681 га. Қорық территориясыңда жоғары сатыдағы өсімдіктердің- 590 түрі тіршілік етеді. Ормандағы негізгі ағаш түрі - Тянь-Шань шыршасы мен Шренк шыршасы. Бұл өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Сондықтан да қорық территориясында шыршаны көбірек өсіріп, оның өсу, қалыптасу процестерін зерттеу, оны басқа тау
аймақтарына жерсіндіруге жол ашады. Сондай - ақ
мүктің- 107 түрі,
қынаның- 77 түрі,
саңырауқұлақтың - 190 түрі өседі. Ал, құстардың- 170 түрі, сүт қоректілердің - 60 түрі, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділердің - 10 шақты түрі, омыртқасыздардың-1000- ға жуық түрлері қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды. Сонымен қатар елік, қабан, қызыл түлкі, қарсақ, арқар, борсық, марал, таутеке қоңыр аю, ақ тиін және аз мелшерде қасқыр бар.
"Қызыл кітапқа" енген - барыс, . қарақұйрық, ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар, күзен, сақалта, бүркіт т. б. аң құстар тіршілік етеді.
Наурызым қорығы.
1934 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі- 87694 га.
Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандары территориясында орналасқан.
құстың 200- ден астам түрі,
сүт қоректілердің- 30,
қос мекенділердің- 10,
бауырымен жорғалаушылардың- 70,
балықтың- 10 шақты түрі тіршілік етеді.
Барса- келмес қорығы.
1939 жылы ұйымдастырылған бұл қорық Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барса- келмес аралында орналасқан. Жер келемі- 18500 га.
Бұл қорық ақбөкенді сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған еді.
Мұнда: құлан- 200- ден асады.
қарақұйрық- 400- ге жуық.
Қорықта өсімдіктердің 260- қа жуық түрі, андардың- 12, құстардың- 200- ге жуық, бауырымен жорғалаушылар- 8, қос мекенділердің- 1 түрі тіршілік етеді.
Қасқыр жоқ, қарсақ, түлкі кездеседі:
Қорғалжың қорығы.
1958 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі қазір-235661 га. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда құстардың- 225 түрі, сүт қоректілердің- 30, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10 шақты түрін кездестіруге болады. Қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер- жетпес.
Марқакөл қорығы .
1976 жылдың 4 тамызында ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан обылысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Марқа тұщы көлі теңіз деңгейінен 1500 м. биіктікте орналасқан.
Жер көлемі- 71369 га. Аққайың, тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады.
Сүт қоректілердің - 40, құстардың - 200- ден аса түрлері тіршілік етеді.
Үстірт қорығы
1984 жылы Маңғышлақ облысының Ералиев ауданында ұйымдастырылған. Жері қыратты, сай-жыралармен тілімделген шөлді аймақ болып келеді. Мұнда өзен, көл жоқ. Қорық территориясында тіршілік ететін тұяқты жануарлар - үстірттің жабайы қойы мен қарақұйрық Үстірттің шөлді даласында өсетін жусан, баялыш, бұйрығын, сора, қараған, теріскен сияқты өсімдіктерді негізінен қорек етеді. Мұнда қорғауды қажет ететін, қоры аз саналатын реликті бұта - ұсақ жемісті түйетабан, майда қатыран, үстірт астрагалы, берік сүттіген секідді өсімдіктер де кездеседі. Сондай-ақ осы аймақта әндемді хиуа сораңы, Үстірт баялышы, Зайсан сексеуіддерінің тіршілік "құпияларын " ашу-қорық қызметкерлерінің алдағы міндеті болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz