Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені



Тақырып 1 Әлеуметтану ғылым ретінде
Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
Тақырып 7 Девиантты мінез.құлық әлеуметтануы
Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.
«Әлеуметтік» дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс - әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
1.Негізгі әдебиеттер
1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004
2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009
3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011
4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998
7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001
8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997
9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992
10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994
11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004
12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004
13.Большой социологический словарь. М: 1999
2. Қосымша әдебиеттер:
1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002
2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997
3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997
4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002
5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003
6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004
7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004
8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008
9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана, 2010
10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы, 2005
11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005
12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического исследования. Москва, 1994
13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992
14. Штомпка П. Социология социальных изменений. М: 1996
15. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.А.. Этносоциология. М: 1998

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 134 бет
Таңдаулыға:   
1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1.Негізгі әдебиеттер
1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004
2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009
3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011
4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998
7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001
8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997
9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992
10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994
11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004
12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004
13.Большой социологический словарь. М: 1999

6.2. Қосымша әдебиеттер:
1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002
2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997
3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997
4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002
5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003
6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы,
2004
7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004
8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008
9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана,
2010
10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы,
2005
11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005
12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического
исследования. Москва, 1994
13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992
14. Штомпка П. Социология социальных изменений. М: 1996
15. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.А.. Этносоциология. М: 1998

2. Білімді бақылау және бағалау:
Пәнді оқыту барысында ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды
бақылау өткізіледі. Аралық бақылау 1семестрде 2 рет өткізіледі. Сондай-
ақ бақылау әдістері бар. Студенттер сабаққа белсенді қатысып отыруы
тиіс. Оқытушының студенттерге ескертпей бақылаудың әртүрлі түрлерін
қолдану құқы бар. Студент материалды сапалы игеру үшін аптасына 30-50
беттік материалды оқуға уақыт бөлуі керек.
Уақытында орындалмаған тапсырманы оқытушының қабылдамауға құқығы
бар.
Төмендегідей көрсеткіштерге белгіленген:
Ағымдағы бақылау – 20%
Аралық бақылау– 20%
СӨЖ, СОӨЖ– 20%
Емтихан– 40%
Барлығы– 100%

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік Баллдық сандық Оқу пәнін игерудің Дәстүрлі баға
баға баламасы %-дық мазмұны жүйесі
4,0 95-100 өте жақсы
А
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89
жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74

қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

Қорытынды баға төмендегі формула арқылы анықталады:

N%=P1+P2 x 0,6 + Э х 0,4
2

да: Р1-1 рейтингтің пайыздық мазмұны, Р2-2 рейтингтің пайыздық мазмұны,
Э – емтихан бағасының (тест-емтихан) пайыздық мазмұны.

Оқу пәнінің саясаты

Сабаққа және оқу процесіне міндетті болып табылады. Студент сабаққа
кешікпеуі, сабақтан себепсіз қалмауы, ауырған кезде анықтама қағаз әкелуі,
қалған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру, барлық сабаққа
белсенді қатысуы керек. Сабақ үстінде ұялы телефонды қолдануға тыйым
салынады. Ғадет нормалары мен әдебі университет талаптарына сай болуы тиіс.

ГЛОССАРИЙ
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы,
қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік
жүйе болып табылады.
Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен
салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің “axia” құндылық, “logos” ілім деген сөзінен
шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін
социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени
негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл
шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты
әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтік – (социальное– латынның socialis – бірге, жолдастық,
қауымдық деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1)
адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3)
адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер
құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат
арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын,
қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың,
таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-
қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе
топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын
бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген
болатын.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың,
мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар
мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік
ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың
өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен
және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті
мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің
нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің
негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық,
демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым
– қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге
асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері,
көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе
ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының
мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.
Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині
латынның “statum” жік, қабат және “facere”-“жасау” деген сөздердің
қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.
Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген,
жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ
болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын
қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.
Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда
ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар - әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы
жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас,
қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-
қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі
байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру
нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ
адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері:
ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.
Әлеуметтік құбылыс - әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар
әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден
аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне,
өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты
болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік
жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік
құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.
Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі
тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың
әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.
Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік
құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір
әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.
Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және
қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік
әлем.
Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің,
мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті
бағытпен дамуы.
Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам
ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус - әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы,
әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді.
Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші
әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды,
келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Әлеуметтік эксперимент - әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген
басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және
сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.
Бақылау - әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі.
Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде
үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.
Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің
жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып
тасталған құмарлықтар жатады.
Билингвизм – қостілділік.
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік
топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен
идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге
асатын механизм.
Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын,
психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-
әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін
қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің
иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және
эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және
қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.
Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі.
Еңбек арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның қалыптасуына,
оынң қоршаған ортаға бейімделуіне шешуші әсер етеді.
Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі.
Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі.
Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың
біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.
Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-
дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.
Қоғамдық пікір - әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан
оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық
сананың жағдайы.
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды
және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ
екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе
әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар
мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.
Моногамия – бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке.
Монотеизм – бір ғана құдайды мойындайтын дін.
Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
Полигамия - бірнеше адамдардың арасындағы неке.
Респондент – социологиялық зерттеу барысында сауалдарға жауап беруші.
Референтті топ – әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін
тобы, сол топтың қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік.
Социеталдық – күрделі әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік қарым-қатынастар
мен процестерді белгілейтін ұғым.
Социометриялық әдіс – социология ғылымы шешуге тиісті көптеген
міндеттерді шағын топтарда болып жатқан процестерді зерттеу арқылы
орындайтын әдіс.
Сұхбат – (интервью) респонденттен ауызша қойылған сұраққа тікелей
жауап алу арқылы жүргізілетін социологиялық зерттеу әдісі.
Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты
тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі
аумақта тарихи қалыптасқан топ.
Элита – (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың
ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.

Тақырып 1
Әлеуметтану ғылым ретінде
1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Негізгі ұғымдар: қоғам, объект, пән, субъкт, категория, функция,
әлеуметтік, жүйе, байланыс,әлеуметтік заңдар және т.б.

1. Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да
осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы қоғам болып
табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан
адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік
қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен
айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше,
өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан,
тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет –
ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас,
ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.
Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір
тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс -
әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен
бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа,
зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар,
немістер және т.с.с.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын
жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен
айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда
өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның Заңдар, Мемлекет туралы
еңбектері мен Аристотельдің Саясат, т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды,
салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды
қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған
практикалық ұсыныстар жасады.
Әлеуметтану ұғымы латын тілінің Societas қоғам және гректің logos –
ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында
атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану ғылымының
негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық Позитивтік философия курсы атты
еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар
жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге
тиіспін деген болатын. Ол термин Әлеуметтану еді.
Конт әлеуметтануда алғашқылардың бірі болып, қоғамды жүйе ретінде
қарастырды. Биологиялы организмді оның алғашқы бейнесі ретінде көрсетеді.
Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара
бағыныштылығын атап көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан
бөліктерінің бір-біріне үздіксіз ықпал ететінін және кері ықпал ететінін
айтады.
Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі
элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік
құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан,
өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының
арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым – қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын
салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз
өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен,
туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық,
жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси
қатынас орнатады.
Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік
нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ,
тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның
өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал,
әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп,
еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы
алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты,
терең танып білуді айтамыз.
2. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы
жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы
шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы
қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен
үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән
қасиеттердің бәрі кіреді: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс,
әлеуметтік қатынас, әлеуметтік процесс, әлеуметтік тұлға, әлеуметтік
бірлік, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік институт, әлеуметтік
стратификация, әлеуметтік рөл, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік мүдде,
әлеуметтік белсенділік, т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің
үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады. Категориялардың негізінде
әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен
үдерістердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір
сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың
халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала
халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен
қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.
3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын)
анықтайтын заң.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты
анықтайтын заң.
5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал
байланыстарды білдіретін заңдар.
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен
қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Әлеуметтану да
басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану
қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін
кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік
даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен
әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым,
әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын,
бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық
қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен
ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.
Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында
әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті
еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден
алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен
пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану
адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп,
олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп
ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да
атқарады.
3. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу
объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде
зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы
анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын экономикалық
жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық
құбылыстарды, құқықтану заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану
қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып
береді.
Қоғамды біртұтас жүйе ретінде алып қарайтын жалпы ғылымдар деп
аталады ( оған тарих пен әлеуметтану жатады), ал қалғандары жеке қоғамдық
ғылымдарғы жатады, себебі олар олар жеке қоғамдық құбылыстар мен
үдерістердің зерттеуін жүргізеді.

Тақырып 2
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.
2. Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:
А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;
ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі, қазіргі заманғы
ілімдер, теологиялық саты, метофизикалық саты, эволюция, позитивизм,
объективті әдіс,әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика.

1. Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге,
өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым
туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның
шығу, пайда болу тарихын білу қажет.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан
мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен
айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда
өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның Заңдар, Мемлекет туралы
еңбектері мен Аристотельдің Саясат, т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды,
салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды
қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған
практикалық ұсыныстар жасады.
Платонның Мемлекет туралы еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік
мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған
саяси ұсыныстар жасау болып табылады. Қоғам басшысынан бастап бұзылады
деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. Қоғамды билеудің
негізгі құралы билік жасау емес, бедел. Платонның ойынша, мемлекеттің
ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер,
әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің
бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады.
Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік
мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл
мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір
тұжырымдалған.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен
өтті:
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30
жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл
кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы
мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын
іздестіре бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл
кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау
басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң
өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады.
Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының
қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге
айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар,
көптеген теориялар пайда болды.
2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым
болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол
1839 жылы 6 томдық Позитивтік философия курсы атты еңбектің ескертпесінде
мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге
қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол
термин Әлеуметтану болатын.
О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында
міндетті түрде үш сатыдан өтеді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан
бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың
бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол абсолюттік білімге
ұмтылады. Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді:
фетишизм, политеизм, монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам
санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының
басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын
тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының
ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан
бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға
қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым
зерттеуге, яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға
жүгінеді.
О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде
адамзаттың ақыл – ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы
керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір
кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын
қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау
әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді.
Оның еңбектерінде бақылау сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады.
Кең мағынада, (жалпы бақылау өнері) бақылау позитивті әдіснаманы
сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар
мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің
(таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады.
О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың салыстырмалы әдісі салыстырудың
бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі – адамдар мен
жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік
ынтымақтастықтың неғұрлым қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға
мүмкіндік береді. Екіншісі – жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат
қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс
ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым
өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, адамзаттың іргелі
дамуының қажетті және тұрақты тепе – теңдігін негіздейді. Зерттудің
үшінші объективті әдісі – тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты
құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп
есептеген.
О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және
әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің
объектісі – тыныштық қалпындағы қоғам болса, екіншісінің объектісі –
қозғалыс қалпындағы қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік
организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік
серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік
динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын
әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық
теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің
биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:
1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар
тән. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес
салаға бөлуге әкеледі. Олар:
1. Қолдаушы.
2. Материалдық игілікті қндіру көзіне негізделу.
3. Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастрады
анықтау.
Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді.
Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз
әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар
интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік,
біртекті күйінен шығарыпғ әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан
басталады.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік
институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім, саяси,
шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен
ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік
институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.

Тақырып 3
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
1. Қоғам және оның мәні.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
3. Қоғамдардың жіктелуі.
Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып
табылады.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты
кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-
философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің социология үшін басты,
әдістемелік маңызы бар.
Біз әдетте адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және
оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық
шынайылықтың (органикалық және бейорганикалық дүниенің, адамның, қоғамның)
табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам -
табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек
қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен
ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік
иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам
табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады
және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да
алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады
және т.с.с.
Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп
оның адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі
тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана айтылады. Адам - мейлі ол
өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи)
тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін
тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар сапалық тұрғыдан
жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай
және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер
әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшылдығы жоғары жануарлар - адамға
ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік
өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы
бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде
анықтаған кезде ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін
атап өтуге тырысқан.
Социологияда “қоғам” категориясына әр түрлі тұжырымдамалық көзқарастар
жасалған. Мысалы, “атомистік” теория бар, оған сәйкес қоғам әрекет етуші
адамдардың немесе олардың арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы болып
шығады. Бұл тұжырымдаманы шегіне жеткізген Г.Зиммель теориясы болды, ол
“қоғам” жеке адамдардың өзара іс-қимылын білдіреді деп ұйғарды.
Г.Зиммельдің пікірінше, өзара іс-қимыл әрқашан белгілі бір нәрсеге берілу
немесе белгілі бір мақсат үшін қалыптасады. Эротикалық инстинкттер,
іскерлік мүдде, діни импульстер, қорғаныс немесе шабуыл, ойын немесе
кәсіпкерлік, көмектесуге, үйренуге ұмтылу, сондай-ақ көптеген өзге де
уәждер адамды басқа адамдар үшін, басқа адамдармен бірге, басқа адамдарға
қарсы әрекет етуге, ішкі жан дүниесін үйлестіруге және келістіруге, яғни
ықпал етуге және өз кезегінде ықпалына көнуге итермелейді. Бұл өзара ықпал
ету жеке қозғаушы импульстер мен мақсаттарды таратушылардан бірлестік,
“қоғам” құралады.
“Әлеуметтік топтар” теорияларында қоғам - бір басым топтың сан алуан
түрі болып табылатын адамдардың түрлі топтарының жиынтығы ретінде
түсіндіріліп келді. Қоғамды адамдардың неғұрлым жалпылама жиынтығы ретінде
қарастыра отырып, бұл тұжырымдаманың авторлары “қоғам” ұғымын “адамзат”
ұғымымен теңестіреді.
“Қоғам” категориясының анықтамалар тобы әлеуметтік институттар мен
ұйымдар жүйесін білдіреді. Қоғам - тұтас бір институттар мен ұйымдар
шегінде бірлесе отырып, әлеуметтік өмір құрайтын адамдардың үлкен тобы.
Функционалдық тұжырымдама қоғамды іс-әрекеттердің өзін-өзі қамтамасыз
етуші жүйесін білдіретін адамдар тобы ретінде сипаттайды.
Әр түрлі тұжырымдамалық анықтамалар негізінде социологияда сондай-ақ
ішкі ұйымдастырылуымен, аумақтығымен, мәдени алуандығымен және табиғи
өсуімен сипатталатын салыстырмалы дербес немесе өзін-өзі қамтамасыз ететін
халық ретінде талдамалық анықтама қалыптасқан.
Түрлі социологиялық мектептердің өкілдері қоғам анықтамасына қосатын
әлеуметтік категориялар қоғамның табиғаты мен сипатын түсіну үшін өте
маңызды.
Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстардың, өзара іс-әрекеттер мен қарым-
қатынастардың тығыз бірігуін, шоғырын білдіреді. Бірақ қоғамды жеке
адамдардың, олардың байланыстарының, өзара іс-әрекеттері мен қарым-
қатынастарының қарапайым қосындысы деп қарауға бола ма? Қоғамды жүйелілік
тұрғысынан талдайтын болсақ, ол - қосынды емес, тұтас жүйе. Жүйе - өзара
байланыстар мен қарым-қатынастарда болатын, бірыңғай тұтастықты білдіретін
және тіршілік етуінің сыртқы жағдайларына қарай құрылымын өзгерте алатын
элементтердің сапалық анықталған жиынтығынан тұратын пән, құбылыс немесе
процесс. Кез келген жүйенің маңызды сипаты тұтастығы мен бүтіндігі болып
табылады. Қоғам деңгейінде жеке әрекеттер, байланыстар және қарым-
қатынастар жаңа жүйелі сапаны - элементтердің қарапайым қосындысы деп
қарауға болмайтын ерекше сапалық күйді білдіреді. Қоғам өзіне кіретін
элементтердің жеке алғанда ешқайсысында жоқ сапалардың тұтас жүйесі болып
табылады. Өзінің интегралдық сапаларының салдарынан социологиялық жүйе оны
құрайтын элементтерге қарағанда белгілі бір дербестікке, өзінің дамуының
салыстырмалы дербес тәсіліне ие болады.
Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық,
әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын өз кезегінде жүйе
ретінде қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің өзінен
ажыратып қарау үшін оларды социетальді деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы
өзара қарым-қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рөл атқарады. Мұның
өзі осы жүйелердің әрқайсысы өз бетінше өмір сүрмей, басқа жүйелерге себеп-
салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы
иеарархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен
субординация, бағыныстылық арақатынаста болады. Сөйтіп, бұл жүйелердің
алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар өз кезегінде
алдыңғысына кері ықпал жасайды.
Әлеуметтік байланыстардың сипаты мен түрі алдыңғы қатарға шыққан
жағдайда қоғам әлеуметтік жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерді қамтиды:
әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар мен
ұйымдар, әлеуметтік рөлдер, нормалар және құндылықтар. Олардың әрқайсысы
бұл жерде де өзінің ішкі жүйелері бар айтарлықтай күрделі әлеуметтік
жүйелерді білдіреді.
Материалды қорыту деңгейі бойынша қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде
зерттеудің өзара байланысты үш қыры бар:
а) “жалпы қоғамды” зерттеу, яғни қоғамның жалпылама, әмбебап
қасиеттерін, байланыстары мен ахуалдарын (әлеуметтік философиямен тығыз
байланыста және оның жетекші рөлімен бірге) бөліп көрсету;
ә) қоғамдардың нақты-тарихи түрлерін, өркениеттің даму сатыларын
зерттеу;
б) жеке нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүретін елдер мен халықтар
қоғамдарын зерттеу.
Сонымен социология ғылымы қоғамды:тұтастығымен, орнықтылығымен және
біріктірушілігімен; өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп
отыруымен; мәдениет дамуының әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын
нормалар мен құндылықтар жүйесін жасауда көрініс табатын деңгейімен
сипатталатын адамдардың бірлестігі деп қарастырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, социологтар қоғамның мынадай
жалпы социологиялық анықтамасын береді: “Қоғам - адамдардың өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыстары мен өзара іс-
әрекетінің тарихи қалыптасқан нысандарымен біріккен әрі тұрақтылығымен және
тұтастығымен, өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен
және өздігінен дамуымен, мәдени дамуының өзара байланыстары мен өзара іс-
әрекетінің негізін құрайтын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар
көрініс табатын деңгейімен сипатталатын жиынтық” .
Қоғам - өзінің жүйесін құраушы элементтері мен ерекше интегралдық
қасиеттері бар сапасы жағынан әр түрлі әлеуметтік ішкі жүйелер жиынын
қамтитын төтенше күрделі құрылым. Олардың негізгілері әлеуметтік қарым-
қатынастар негізін құрайтын әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар,
институционалдық және ұйымдық байланыстарды құрайтын әлеуметтік
институттар, әлеуметтік бақылау негізін құрайтын әлеуметтік нормалар мен
құндылықтар болып табылады.
Қоғамды зерттей отырып, социология ғылымы әлеуметтік байланыстар мен
қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Социология
заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір қауымдастықтың қоғаммен,
жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың
бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Социология
заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Социология
заңдарының неғұрлым елеулі белгілері :
Бірінші маңызды белгісі - қоғамның әлеуметтік жүйелерінің, оның
қауымдастықтарының, институттарының, ұйымдарының жасампаздық күшін
көрсететіндігі. Солар арқылы қоғамның және оның құрамдас бөліктерінің оң
және теріс қызметі, әлеуметтік белсенділігі көрсетіледі. Кез келген
әлеуметтік объект осындай іс-әрекет арқылы қоғамдағы қайшылықтарды, ескі
ұғымдарды жеңіп, жаңаны нығайта отырып, болашаққа жол ашады.
Екінші белгісі - социология заңдарының бір-бірімен өзара
байланыстылығы, тәуелділігі. Қоғамдар арасында немесе қоғамның ішінде
қандай деңгейде, қоғамның қандай бөлігінде қолданыста болатындығына
қарамастан социология заңдары бірін бірі өмірге келтіреді, бірін бірі
толықтырады, олардың қолданылу және көріну механизмдерін жасайды.
Үшінші белгісі - жеке социология заңдары арасындағы тұрақты өзара
шарттылық пен бір-бірін толықтырып отыру. Олардың бірде-бірі екіншісінен
оқшау бола алмайды. Қоғамның барлық құрамдас бөліктері, әсіресе әлеуметтік
ішкі жүйелер, процестер, қауымдастықтар, институттар, ұйымдар өзара
байланыста, өзара шарттылықпен дамиды. Бұл олардың мән-мағыналы
байланыстарының бір-біріне тәуелділігін айқындайды, олардың барлық қарым-
қатынастарына жағдай туғызады. Қандай да бір социология заңын басқаларынан
оқшау қарастыруға тырысу тұтас әлеуметтік организмді біржақты қарауға әкеп
соғады.
Төртінші белгісі - социология заңдарының әлеуметтік табиғаты. Ол -
әлеуметтік организмнің қозғаушы күші, ол қоғамдағы байланыстардың
әлеуметтік ерекше сипат көрсетеді. Бұл оларға басқа ғылымдардың заңы бола
алмайтын ерекшелік береді. Оларды тарихшылар, экономистер, заңгерлер өз
ғылымдарының заңдарын зерттеу үшін әдістемелік алғышарттар ретінде
пайдалана алады, бірақ өздерінің заң жүйесіне қоса алмайды. Социология
заңдары - социология ғылымының теориялық негізі.
Бесінші белгісі - бұл социология заңдарының субъективті жағы.
Социология заңдары субъективті қасиетке адамдар қызметінің нәтижесінде
пайда болатындығы және дамитындығы үшін ие болады.
Социология заңдары жалпы социологиялық және жеке социологиялық болып
бөлінеді. Бөлу белгілері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі
алынады: қоғам тұтас жүйе ретінде немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның
құрамдас бөлігі ретінде және күші аз топтарға, белгілі бір әлеуметтік
стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын
заңдар бар. Жалпы социология заңдары - өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе
ретінде жалпы қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке
социология заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын,
олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметтік организм
ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады.
Сонымен қатар социологияда әлеуметтік заңдардың бес категориясы бөліп
қаралады:
. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
. Әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.

. Даму тенденцияларын белгілейтін заңдар.
Әлеуметтік құбылыстар арасындағы себеп-салдарды белгілейтін заңдар.
Әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың мүмкіндігін немесе
ықтималдығын бекітетін заңдар.
Әлеуметтік заңдардың қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік
процестерді басқаруда маңызы зор. Әлеуметтік заңдардың болуы және пәрменді
болуы социологияда ғылыми тәсілді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын ала болжауға болмайтындығын, оның
ретсіз және ала-құла екенін ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу мүмкін
емес; керісінше адамның мінез-құлқын алдын ала болжауға болатындығы, оның
қайталанып отыратындығы, көптеген қырларының кездесетіндігі адамзат қоғамын
зерттеумен шұғылданатын ғалымдарға әлеуметтік заңдар ашуға, олардың
қолданылу шарттарын анықтауға және әлеуметтік топтар мен қоғамдағы
адамдардың мінез-құлқын алдын ала көре білуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар

және қарым-қатынастар

“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің
бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және
ғылыми негіздеген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-
әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы
түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет.
Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес,
материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер
деп атауға болмайды. М.Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің
кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты
болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды
бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Алайда әлеуметтік және
әлеуметтік емес іс-әрекеттер арасында айқын шекара жүргізу өте қиын.
Әлеуметтік іс-әрекеттің ажырамас белгісін құрайтын мінез-құлықтың
саналылығын, оңтайлылығын анықтау одан да қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттер
азды-көпті айқын мақсатты көздейтін ішінара саналы іс-әрекеттер болып
табылатыны көрініп тұр.
Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-
функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар
әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет өтетін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға
қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне
бағыт ұстауы.
Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті
тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-
әрекетті ескеруді көздейді.
Адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігі мен сәйкестігін
көрсететін әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік байланыс болады. Ол мынадай
негізгі элементтерді қамтиды: осы байланыстың субъектілері; байланыстардың
мазмұнын сипаттайтын байланыс заты; байланысты жүзеге асыру механизмі және
оны саналы түрде реттеу. Әлеуметтік байланыстың әлеуметтік байланысу
түріндегі және әлеуметтік өзара іс-әрекет түріндегі әр түрлі нысандары
көрсетілуі мүмкін.
Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін
жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші
байланыстар. Кеңістіктік байланыстың, мүдделі және алмасу байланыстарының
ерекшелігі болады.
Кеңістіктік байланыстар: 1) жеке адамдардың қандай да бір іс-әрекетке
қатысуы туралы ұйғарымның күшімен адамның мінез-құлқының өзгеруі мүмкін
кеңістіктік байланысты; 2) жеке адамның мінез-құлқы басқа адамдардың жай
бақылауының әсерінен өзгеретін кеңістіктік байланысты қамтиды.
Кеңістіктік байланыс - әлеуметтік өзара байланыстарды қалыптастырудың
бастапқы және қажетті буыны. Адамдардың қай жерде және қанша екенін біле
тұра, оның үстіне оларды жай бақылай отырып, адам өз қажеттіліктеріне қарай
өзара байланыстарын дамытуға арналған объектіні таңдай алады.
Мүдделілік байланыстың мәні сол жеке адамның қажеттіліктеріне сәйкес
келетін белгілі бір құндылықтары немесе белгілері болатын әлеуметтік
объектіні таңдап алуында. Мүдделілік байланыстың пайда болу механизмін С.С.
Фролов былайша сипаттайды. Әрбір тұлғада өзін қоршаған болмыстың әр түрлі
жақтарына қатысты уәждер жиыны болады. Бұл уәждер өткен тәжірибенің және
қазіргі қажеттіліктің нәтижесі болып табылады. Және де бұл жағдайда уәж
қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты қызметке түрткі болу ретінде
айтылады. Тұлғаның қажеттілігін қоршаған ортаның қандай да бір объектісімен
қосқан сәтте уәж өзекті болады және мүдде - тұлғаның қызмет мақсатын
ұғынуға бағытталуын қамтамасыз ететін қажеттіліктің көріну нысаны пайда
болады. Мұндай байланыстар бұдан да күрделі өзара байланыстардың пайда
болуына жағдай жасайды.
Алмасу байланыстары әлеуметтік байланыстардың жеке адамдар басқа бір
жеке адамдардың мінез-құлқын өзгертуге тырыспай-ақ құндылықтар алмасатын
ерекшеліктің түрі болып табылады. Алмасудың қайталанатын байланыстары
әлеуметтік байланыстардың алмасу затына емес, адамға байланысты неғұрлым
күрделі түрінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Әлеуметтік байланыстардың әрбір жеке адамның әлеуметтік байланыстар
жүйесіндегі орнын, топтық мәртебесін, оның топтағы әлеуметтік рөл
атқаруының ерекшеліктерін зерделеуде үлкен маңызы бар. Әлеуметтік
байланыстардың саны мен бағыттылығын өлшеу әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы
мен әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әлеуметтік байланыстар топ құрайтын процестердің негізі,
әлеуметтік топтар құрудағы алғашқы қадам болып табылады.
Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-
әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер
жүйесі . Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары
болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ
олардың өзара іс-әрекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы кестелердің түрлері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Музейлердің қор жұмысы
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Пәндер