Нотариаттың пайда болуы



1 НОТАРИАТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НОТАРИАТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.
Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру .
Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін тудырады.
Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған .
Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның пайда болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет етті.Олар жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша нотариалдық қызметке ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес міндетеммелердің мазмұнын есте сақтап, керекті кезде оны қайталап келтіріп отыруы тиіс болды. Жазбаша мәміле пайда болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын емес, тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып отырды. Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы сақталу үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық айналымның дамуы иеленген құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз ететін құжаттарды құрастыратын арнайы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды .
Бірінші дерек көздерінде берілген нотариус мамандығы туралы ескерме Хамурапи ханының кодексімен байланысты. Бұл кодекстің мәтіні мемлекеттің көптеген елді мекендерінің негізгі алаңдарына орналастырылған бекем тастың бетіне жазылған. Оның мазмұнында бүгінгі біздің «нотариаттық құқық» деп айтып жүргеніміз болды: азаматтық хал актілері, құрылтай келісімдері, мұрагерлікті құрастыру, неке тіркеу туралы келісімдер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
НОТАРИАТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Қазіргі кездегі нотариатттың
күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар.
Отандық заң терминдеріне кірген
басқа да көптеген заң терминдері
сияқты нотариус сөзі латын
тілінен енді. Латын тілінен
аударғанда, бұл сөз белгі
дегенді білдіреді, ал белгілік
нышандар мысалы музыкада (ноталық
сауаттылықта) қолданылады, бұл
салада олардың бастапқы жазылуы
мен мазмұны сақталды.
Роман-германдық тілдер
тобында, мысалы қазіргі ағылшын
тілінде бұл сөздің латын
тіліндегі түбірі, әрі туындылары
сақталған: notary-нотариус,
notaryal-нотариаттық, notarise-
растау, нотариаттық
куәландыру[1].
Тарихи тұрғыдан нотариатқа
деген қажеттілік меншіктік
қатынастардың белгілі бір даму
деңгейінде объективті түрде пайда
болды. Меншіктік қатынастардың
дамығандығы және құқықпен
реттелгендігі нотариустармен
немесе мемлекетпен нотариалды
өкілеттіліктер берілген
тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс
нақты заңды (формальді)
процедуралардың қажеттілігін
тудырады.
Қоғамдық формацияның
дамуының басынан бастап, құқықтың
керектігі көріне бастайды. Әрине,
жеке адамдардың арасында ғана
емес, сондай-ақ топтардың
арасында да жанжалдар шыға
бастады. Мүмкін, осындай
жағдайлардың пайда болуы
адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі
бейбіт құра алатындай ережелерді
қалыптастыруға итермелеген шығар.
Сөйтіп біртіндеп бірінші қол
жазба жүріс-тұрыс қағидалары,
нақтырақ айтқанда, құқық пайда
болған[2].
Ежелгі Вавилонда жеке
меншіктің және жай азаматтық
айналымның пайда болуынан бастап
иемденген құқықтырды растауға
куәгерлер қызмет етті.Олар
жазбаша келісім мәмілелер жасасу
әдеті орнатылғанша нотариалдық
қызметке ұқсас жұмысты атқарып
отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес
міндетеммелердің мазмұнын есте
сақтап, керекті кезде оны
қайталап келтіріп отыруы тиіс
болды. Жазбаша мәміле пайда
болғаннан соң куәгердің рөлі
өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын
емес, тек оның жасалғандығын ғана
растау үшін қолданылып отырды.
Мәмілелер мазмұны саз балшықтан
жасалған арнайы тақтайшаларға
жазылып, өз иесінде сақталды
немесе иелерінің қалауы бойынша
жақсы сақталу үшін шіркеу
мұрағатына енгізіліп отырды.
Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы
үшін сәйкес білімі бар хатшы
толтырды. Азаматтық айналымның
дамуы иеленген құқықтырдың
даусыздығын қаматамасыз ететін
құжаттарды құрастыратын арнайы
жеке тұлғаларға немесе
мемлекеттік шенеуніктерге деген
мұқтаждықты тудырды[3].
Бірінші дерек көздерінде
берілген нотариус мамандығы
туралы ескерме Хамурапи ханының
кодексімен байланысты. Бұл
кодекстің мәтіні мемлекеттің
көптеген елді мекендерінің
негізгі алаңдарына
орналастырылған бекем тастың
бетіне жазылған. Оның мазмұнында
бүгінгі біздің нотариаттық
құқық деп айтып жүргеніміз
болды: азаматтық хал актілері,
құрылтай келісімдері,
мұрагерлікті құрастыру, неке
тіркеу туралы келісімдер.
Мұндай сазды
актілер негізінде шіркеулерде
сақталды, ал нотариалды
функцияларды атқарып жүрген
тұлғалар өте қадірлі, абыройлы
әрі ел ішінде беделі бар адамдар
болды[4]. Бұл тарихи дерек
көздері бойынша нотариус қызметі
қаншалықты көне екенін аңғаруға
болады. Хатшы (хатшылар), шіркеу
қызметкерлері және т.б. қағаз
ойлап шырағылғанға дейін де
нотариалды қызмет атқарып отырды.
Айтып кетуіміз керек,
нотариус болып өте қадірлі
адамдар жұмыс істеді. Жұртшылық
олардың айтқанын тыңдап,
қадірлеп, сенім артты.
Нотариалдық хаттауды керек ететін
кейбір мәмілелерді жасасу
кезінде жеке адамдардың қатысуы
қажет болды, олар кейде қызық
жағдайларға да куә болып отырды.
Мысалы, адам қарызды қайтару
кепілі ретінде отбасын бірнеше
жылға құлдыққа аманат ретінде
беретін болды.
Адам ойының дамуымен бірге
нотариалдық өнер де дамыды.
Келесі кезең ұлағаттылығын
Аристотель, Платон және Диоген
айқындаған Ежелгі Грециямен
байланысты. Дәл осы кезде
нотариустар мемлекеттік және
жеке құқыққа сүйене отырып
келісім-шарттарды хатау мен
тіркеуді жүзеге асыра бастады.
Рим империясында алғашқы рет
нотариус жөнінде Юлий Цезарьдың
хатшысының жазуларында айтылған.
Жоғарыда айтылғандай, “нотариус”
сөзінің Римдік тегі бар, оның
пайда болуы б.з.д. 103 жылға
қатысты. Цезарьдың басқаруы
кезінде нотариустар ерекше
өкілеттіліктерге ие болды,
өйткені екі жақ қол қойып,
қолдары анықталған әр түрлі
актілерді тіркеу мүмкіндігі пайда
болды.
Ежелгі Римде құқықтық
материалды жазбаша түрде
құрастырумен айналасатын
адамдардың 2 тобы болды: мемлекет
қызметінде тұрған хатшылар
(олардың қызметтеріне
магистраторлар беретін өкімдерді
және претораторлар шығарған сот
формулаларын жазбаша құрастыру
кірді) және жеке тұлғалардың
қызметінде болған хатшылар (әр
түрлі заң мәмілелерін ресімдейтін
үйдегі хатшылар). Тағы бір
адамдар тобы –табеллиондар (олар
да заңды материяны құжат түріне
енгізді, бірақ олар не мемлекет,
не жеке тұлға қызметінде тұрмады,
дегенмен олардың іс-әрекеттері
мемлекеттің бақылауында болды)
болды. Табеллиондар мемлекеттік
қызмет атқармайтындарына
қарамастан, заңмен бекітілген
сыйақы үшін және мемлекеттік
бақылау негізінде заңдық
актілерді және сот қағаздарын
құрастырумен еркін кәсіп ретінде
айналысты. Құқықтық білімі бар әр
адам табеллион болуға мүмкіндігі
болды.
Византия императоры
Теодос Екінші екі сот бағытының
пайда болуының көшбасшысы болды.
Оның басқаруы кезінде басып
шығарылған Грегориан және
Гермогениан кодекстері (324 ж.)
императорлық конституциялық
кодекстерінің пайда болуына
әкелді.
438 ж. жарияланған Теодос
кодексі конституцияның арғы
тұрпаты болды және 312 жылдан
бері қабылданған императорлардың
түгел кодекстерінің негізгі
қағидаларына негізделді. Лион
императорының айтуынша, тек қана
ішкі мәдениеттері бар, хат танып,
дұрыс сөйлейтін және де құқық
саласында кәсіпқой адам ғана
нотариус бола алады. VI ғ.
император Юстиниан нотариустарды
топ пен алқаларға бөліп, толық
заң актілер жинағын шығарған
дәуірдің алғашқы қайраткері
болды. Ол Юстиниан заңнамасы
бойынша нотариустарға нотариалдық
әрекеттерді орындайтын жерді,
әрекет ету өкілеттіліктерін,
нотариустардың жұмыс істеу
тәртібі мен жауапкершілігін,
нотариус лауазымына тағайындалу
үшін қажет заңды дайындылық
дәрежесін, әкімшілік ауданда
нотариустар санын анықтады.
Юстиниан заңнамасы Византия
империясының өмір сүруінің соңына
дейін қолданыста болады.
Рим құқығында қазіргі
кездегі Еуропалық құқық
негізделеді, оның көптеген
қағидалары қазірге кезде де
өзекті және сұранысқа ие боып
отыр. Еуропалық (латын)
типтегі нотариаттың тарихи даму
кезеңдері заң әдебиетінде мынадай
түрде көрсетілген[5]:
* б.д.д IIIғ. Египет,
Александрия. Жалпымемлекеттік
нотариат жүйесінің пайда болуы.
* 316 жыл. Император
Константинның екі
конституциясында декуриондарға
табеллион міндеттерін атқаруға
және оған ең төменгі деңгейдегі
кәсіп ретінде қарауға тиым
салатын бөлім бөліп көрсетілген.

*478 жыл. Император Зенон
конституциясында сыйлау актілерін
табеллион ғана емес, басқа да
тұлғалар құрастыра алады деп
жазылған. Бірінші кезекте, ол
табулярий болуы мүмкін.
*531 жыл. Юстиниан
конституциясы бойынша, мирасқор
мұра мүлігінде қол қоюы тиіс
болды.
*803 жыл. Арнайы заңнама
Капитулярийге сәйкес Италияда
нотариус қызметі мемлекеттік
лауазымға дейін көтерілген .
*843 жыл. Бүкіл нотариалдық
қызметті реттейтін Лотария I
заңы қабылданды.
Адамзат өркениетінің
тарихында кейін ерекше орын алған
жағдайлар мен оқиғалардың
нотариалдық амалдармен бекітілген
жағдайлар белгілі. 1492 жылы
Христофор Колумбтың жүзуіне
патшалық нотариус Эсковедо
қатысты. Ол Американың ашылуы
жөнінде актіні құрастырып, бұл
тарихи оқиғаны ресми түрде
куәландырды[6].
Тұлғалардың қалай
аталғандығына, олар қандай
таптық, білімдік немесе басқа да
ерекшеліктермен айқындалғанына
қарамастан, барлық кезеңдерде
оларға қойылатын талаптар
өзгермеді: заңды сауаттылық,
қоғамдағы беделділік, нотариалды
амалдарды жүзеге асыруға құқықтың
болуы.
Түрлі даму кезеңдердегі әр
түрлі мемлекеттерде нотариалдық
қызметтерді әр түрлі адамдар
орындап отырды. Бұл жай ғана
заңды түрде дайындалған және
ақысын өтеу негізінде қызмет
көрсететін адамдар, нотариалдық
амалдар шіркеу маңындағы
міндеттерінің бір түрі болған
шіркеу қызметкерлері, мемлекеттік
қызметтегі шенеуніктер немесе өз
жұмыстарын арнайы рұқсат
негізінде атқаратын еркін адамдар
болуы мүмкін еді.
Нотариат тарихы жөніндегі
мәліметтер заң әдебиеттерінде
сипаты жағынан әр түрлі, ол,
негізінде, объективті себептерге
байланысты. Тарихи, этникалық,
діни және де басқа
ерекшекліктерге байланысты әр
түрлі уақыт аралығында әр түрлі
мемлекеттерде өзіндік нотариат
қалыптасты, осы заң қызмет
түрімен айналысатын адамдар да әр
түрлі аталып жүрді.
Нотариаттың әрі қарай дамуы
туралы айтқанда, сауда
операцияларының ақиқаттылығын,
құқықтар мен мүлік айналымының
тұрақтылығын кепілдендіру
қажеттілігі туындағанда нотариат
институты жетілдірілгенін атап
өткен жөн. Керісінше, мүліктік
айналымның шектелуі нотариат
қызметінің шектелуіне әкеліп
отырды[7].
Орта ғасырларда нотариус
кәсібі ең сыйлы әрі мәртебелі
қызметтің бірі болып саналды. XI
ғасырдағы Рим құқығының өрлеуінің
басталуымен Болонье қаласында
дүниедегі бірінші нотариус
мектебінің негізі қаланды. Бұл
мектептер соңыра құқық
мектептеріне, ал содан кейін
университеттерге айналды. Мұнда
сол кезеңдегі ең жақсы нотариус-
заңгерлер сабақ берді, айта
кетсек Раниери,
Салатиел,Роландино және т.б.
Өрлеу кезеңі XVIII ғасырға дейін
созылды. Бұл кезеңде құқық және
нотариат саласындағы көптеген
еңбектер басылып шығарылды.
XVIII ғасырдың соңында
Францияда саяси және экономикалық
өмір азаматтар күтіміне сай
болмады, мемлекет ірі
революциялық реформалар, соның
ішінде заң саласындағы реформалар
алдында тұрды. Нотариустар
қоғамның саяси өміріне қатыса
бастады. Олар Бас штаттар
мүшелері етіп сайланды. Бұл кезде
Адам және азамат құқығы туралы
декларация қабылданғанын айтып
өткен маңызды. Мәтінді өңдеу
жұмысына Францияның сыйлы
нотариустары Бевьер, Демозе,
Гупилло қатысты.
Наполеонның нотариат
жөніндегі сұрақтарды кәсіби түрде
білгенін тарихтан білеміз. Оның
Жозефина атты әйелімен байланысты
бұл дәуірдің мұрағаттық құжаттары
неке қию келісім шартының пайда
болуын куәландырады. Келешектегі
Еуропа басқыншысы заңнаманы –
азаматтық, қылмыстық-
процессуалдық және сауда
кодекстер– шығару арқылы
заңнаманы тәртіпке келтірді.
Азаматтық кодексте – нотариалдық
құқық атты жеке тарау болды, ол
біздің заманымызға дейін өзгермей
сол күйінде дамып жетті.
XIX ғасырда Франция және
басқа Еуропа мемлекеттердегі
нотариат құрылымы күшейіп
бекінді. XIX ғасырдың соңында
нотариат қызметкерлері телефон
жүйесін және жазу машиналарын
қолдана бастады. 1920 жылы
нотариус бірлестігі пайда болды.
Одан кейінгі жылдары нотариалдық
қызметті кепілдендіретін бірқатар
халықаралық актілер пайда болады.
Ресейдегі нотариаттың
қалыптасуын (17-19 ғғ)
зерттеушілер мемлекет бақылауында
құрылып, өз қызметін жүзеге
асырған әр түрлі нотариалдық
мекемелердің жүйесіз құрылу
кезеңі деп атайды[8].
Отандық зерттеушілерге бұл
кезең Қазақстанның Ресейдің
құрамында болуы тұрғысынан
қызығын тудырады. Бұл кезең XIX
ғасырдың екінші жартысына дейін
созылды, 1866 жылдың 14 ақпанында
шығарылған Нотариалдық бөлім
туралы Ережеге сәйкес 1917 жылға
дейін қызмет еткен нотариалдық
органдардың біртұтас жүйесінің
құрылуы басталды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НОТАРИАТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстанның Ресей
империясының құрамында болу
кезеңі айтарлықтай тарихи уақыт
бөлігін алды. А.С. Ибраева өзінің
жұмыстарында бұл кезеңді әдет-
ғұрыптық құқықтық қалыптардың
жоғалып, би соттарының біртіндеп
таратылып, жаңа басқару жүйесінің
пайда болу кезеңі деп
сипаттайды[9].
XIX ғасырдың 70 жылдары
Түркістан өлкесінде азаматтық
айналымдағы пайда болған
қатынастарды реттеу қажеттілігі
туды[10]. Империяның өлкелерінде
азаматтық-құқықтық мәмілелердің
қатысушыларын құқықтық жағынан
қорғау үшін қажет бірыңғай
қағидалар пайда болуы аталған
қажеттіліктің себебі болды. Бұл
процесстерге жергілікті халық
өкілдері қатыса бастады. Бұған
өнеркәсіптің дамуы, көші-қон
процесстері, айтарлықтай
шаруалардың қоныс аударуы,
сауданың дамуы, т.б ықпал етті.
Нотариустарды Түркістан
генерал-губернаторлығымен
Сырдария облыстық басқармасынан
нотариалды бөлім туралы ережені
қанағаттанарлық дәрежеде білетіні
жөнінде куәлік алған тұлғалар
арасынан анықталды, олар ант
бергеннен кейін қызметке
қабылданады. Олар мемлекеттік
қызметкерлер деп есептелді,
оларға лауазым бойынша VІІІ
дәреже берілді, бірақ оларға
шендер берілмеді және олардың бұл
атақ бойынша зейнетке шығуға
құқықтары болмады.
Нотариустардың берілетін
актілерге басу үшін облыстық
елтаңбаның суреті мен жағалай
жазуы: нотариустың (аты-жөні,
қаланың аты) бар мөрі болды. Әр
нотариустың мөрінің көшірмесі
және қолтаңбасының үлгісі
жергілікті облыстық басқармның
сот бөлімінде сақталып отырды.
Облыстық басқарманың сот бөлімі
қызметкерлері нотариустарды
ауыстыра алды. Нотариус қызметіне
тек Ресей азаматтары ғана жұмыс
істеуге жіберілді.
1880 жылдың 20 қыркүйек
айында Түркістан генерал-
губернаторы К.П.фон Кауфман
өлкенің барлық әскери
губернаторларына хат жолдады,
мұнда жергілікті халықтың
(қазақтардың) басқармалардың
шенеуніктері оларға қолтаңбаларын
қою үшін беретін құжаттардың
мазмұны орыс тілінде жазылып,
мазмұнын түсіндіріп бермей,
құжаттарға қол қоюды міндеттейді
деген шағымы туралы айтылды.
Бұған байланысты өлкенің
шенеуніктері соттық, оның ішінде
нотариалдық іс жүргізуде келесі
тәртіпті қатал орындауға тиіс
болды: қағаздың мазмұнын аудару;
таңба басуды ұсыну; орыс тілінде
сауаттылығы бар жергілікті халық
өкілдеріне (қазақтарға) қолтаңба
алдында өзінің қолымен қағаздағы
бар мәліметті білгені туралы жазу
жасауды міндеттеу.
1883 жылдың 30 желтоқсанда
Сардария облыстық басқармасы
Шиелі уезінің судьясына
жергілікті халықтың арыздары,
өтініштері, шағымдары мен үй
актілері нақты аты-жөнісіз
жіберіледі және жасалады деп
мазмұндап хат жіберді. Осыған
байланысты заңдағы жеке адамның
қолтаңбасын, есімін және тегін
актілердің астында, өтініштер мен
шағымдардан кейін астына қою
туралы нұсқауларды толық
орындауды ұсынады.
Сот, соның ішінде
нотариалдық бөлім мәселелері
бойынша үнемі болып отыратын
жанжалдар мен шағымдар әуелде
болған нотариат жүйесіне тиісті
жаңа қағидалардың енгізілуіне
әкеп соқты.
1898 жылдың 2 маусымында
император Николай II бекіткен
Түркістан өлкесінде және Дала
облыстарында сот бөлімнің
құрылымы туралы Мемлекеттік
Кеңестің пайымдауына сәйкес
белгіленген жерлерде сот
мекемелері Сырдария, Ферғана,
Самарқанд, Ақмола, Семей, Жетісу,
Орал және Торғай облыстарына сот
жарғыларын қолдану туралы бір
уақытта енгізілген арнайы
ережелер негізінде құрылды және
қызмет етті.
Бұл ережелерге сәйкес
аталған облыстарда учаскелік және
бітістіруші судьялар, бітістіруші
судья мен сот тергеушісінің
міндеттерін атқарды, сондай-ақ
нотариусы жоқ жерде басшылық
етті.
Нотариалдық бөлім туралы
ережеге сәйкес бас нотариустың
міндеттерін атқару аймақтық
соттың бір мүшесіне тапсырылды.
Нотариустарға, олардың орнындағы
бітістіруші судьяларға бас
нотариуспен бекітілуге тиіс
актілерден көшірме жасауға және
оларды нотариалдық мұрағатқа
пошта арқылы жіберуге рұқсат
етілді. Жыл сайын нотариустар
саны өсті. 1894 жылғы
мәліметтерге қарағанда олардың
саны қалалардың және өлкенің дала
облыстарында төмендегідей болды:
Верныйда және Оралда екі-екіден;
уездік қалаларда :
-Орал облысында: Гурьевте,
Калмыковта, Темірде және Илецк
станицасында;
-Ақмола облысында :
Ақмолада, Көкшетауда және
Атбасарда;
-Семей облысында:
Павлодарда, Қарқаралыда,
Өскеменде және Зайсанда;
-Жетісу облысында: Қапалда,
Лепсіде, Пржевальскіде, Пішпекте;

-Торғай обысында: Ақтөбе,
Ырғыз, Қостанай және Торғайда
бір-бірден.
Сот, нотариалдық және қамқор
ету басқарулары мен облыстардағы
халықтық сот Түркістан өлкесінде
сот құрылымы жөніндегі ережелер
негізінде құрылды және жұмыс
атқарды, оған төмендегідей
толықтырулар мен өзгерістер
енгізілді:
-нотариустар қолтаңбалардың
шынайылығын куәландыру кезінде
актінің мазмұнымен алдын-ала
таныстырып, ол бекітілген
талаптарға сай болмаса,
куәландыруды жүзеге асырудан бас
тартуға міндетті болды;
-қалалық қоғамдық
басқарманың депутатары
алмастырушы ретінде уездік
бастықтармен жариялық сату
кезінде емес, жеке келісім
бойынша сатылатын қала жерлерінің
учаскелеріне сатып алу-сату
құжатары нотариуспен жасалуы тиіс
болды;
Нотариустарды анықтау мен
жұмыстан босату, сондай-ақ
олардың үстінен тәртіптік билікті
жүргізу бойынша Сот палатасының
бас төрағасының құқықары облыстық
соттың төрағасына берілді.

Нотариустар, олардың
орнындағы бітістіруші судьялар
мен бас нотариустың міндеттерін
атқаратын облыстық сот мүшелері
дұрыс емес әрекеттеріне түскен
шағымдар облыстық сотқа берілді,
ал сот қаулылары Үкімет етуші
Сенаттың отырысында қаралуы тиіс
еді. Түркістан өлкесінде мүлікті
сатып алуға құқығы жоқ адамдар
атына жылжымайтын мүлік туралы әр
түрлі актілер жасауға тиым
салынды.

1895ж қаңтар айы үшін
берілген Ақмола облыстықсотының
нотариалдық мұрағаты бойынша
нотариустармен атқарылған
төмендегідей жұмыстар көрсетілді
:

-сомасы 4020 сомды құрайтын
қамалды сатып алу- сатудың 2
актісі бекітілді;

-сомасы 27сом 15 тиын
болатын 1 акт бекітілді ;

-есептен шығару,көшірме және
басқа да 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттың, мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы
Нотариат қызметі
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
Нотариаттың пайда болу негіздері.нотариаттың даму кезеңдері: нотариат туралы заңдардың реформасы. нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметтік реттейтін заңнама. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нотариаттық заңнама негізінде жүзеге асыру
Мәміле
Мәміленің нысаны және түрлері
Мәмiленiң жазбаша түрi
Пәндер