МҮСЛИХИДДИН САҒДИ


МҮСЛИХИДДИН САҒДИ
(1184-1292)
Сағди Шираз қаласында туып шамамен, 1184-1292 жылдар аралығьшда өмір сүреді. Шираз - Иран жерінде XIII ғасырда мәдениет орталығы болған қалалардың бірі. Сағдидің балалық шағы осы қалада өтеді, алғашқы бастауыш білімді де осында алады. Әкесі жалақысымен ғана күн көрген, тіршілікке жетерлік табысы бар адам болады. Сағди 11-12 жастар шамасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады. Өмірінің осы кезеңі ақьін өлеңдерінде, былай бейнеленді:
Патшадан да бақытты едім бір кезде,
Патшаны да білмеуші еді жұрт өзге.
Шыбын батып қона алмайтын басыма
Әкем байғұс отырғанда қасымда.
Жалғызбын мен жау келсе егер елге бұл.
Маған құлдық еріксіздік келгені.
Ата-анамды жоғалтып мен жасымнан,
Талай қырсық өтқен-ді бұл басымнан.
Сағди Бағдад қаласындағы НизаМи медресесінде оқиды. Бұл, шамамен, Шыңғыс ханның "Иран жерін басып алған кезіне тура келеді. Онда ақын діни оқумен шұғылдана ды, Оқу араб тілінде жүреді,, ; Араб тілі ақының екінші ана тіліне айналады. Сағди Бағдадтаң медресені бітірмей кетеді. Одан кейік бірнеше жылға. созылған кезбелік. өмірі бағытталады. Бірнеше рет Меккеге барады, Дәмаск, Триполь, Баальбек, Алеппо және Аравияныд басқа да бірнеше қалаларында болады, Иерусалим даласында жүріп Күесшілердің қолына түсіп қалып, олар Трнпольде терек ор қаздырады, Үндістанда. болады, ! Қиын тұр -, мыстың ащы дәмін тата жүріп, қартайған шағында еліне келіп, онда өзінің - атақты «Бустан» (1257) мен «Гүлстак» (1258) даетандарын. жазады, Бұл дастандарында ақынның кезбелік өмірі шынайы суреттеледі.
Сағди творчествосы ғазалдар жазудан басталады. Ол - парсы әдебиетінде Хафизгё дейінгі нағыз ғазал үлгісінің негізін салушы ақын, Өлең жинақтарында хасида фррмасы да кездесіп отырады. Сағди ұсақ елеңдерінен бастап, көлемді дастандарына дейін өмір керінісінің, оның, ащысы мен түщысын көркем сөзбен ашып керсетуден бір талмайды. .
Алмастай өткір сенің, Сағди, сөзің,
Мұратқа жетемін деп ұмтыл өзің.
Тәрбие туралы
Болат қанжар қынсыз жатса, қауіпті,
Батыр ғана киер болат сауытты,
Кім қабағын қатты шытса долдана,
Үндемеуге шыдайды тек сол ғана.
Түк талғаусыз жатса ағылып сөздерің,
Асылынан не ұғасың өзгенің?
Ешкімнің де сөзін бөлме әсте сен,
Ал өз басым дәл осыған бәстесем!
Сөз дегенің - дүниедегі ең, асыл,
Көп сөплесең - қорлағандай боласың.
Нәзік гүлдер шыдай алмас салқынға,
Аз болған соң ардақты ғой алтын да.
Мылжыңдарға назарыңды жорта бер,
Бірақ оның ықпалынан қорқа гөр.
Дарыта алмай жүргеніңді жүз атып,
Жалғыз атып, саласың ғой құлатып.
Тілін сенің айтады ылғи бір есім,
Тек сонымен сөйлесіп кеп жүресің.
Көрер көзді әрнені бір елес қып,
Қояды ғой айтпасаң да елестіп.
Құпияңа- жүрек қамал бір берік,
Берік пе өзі? - әр күн сайын жүр көріп.
Кім ақылды, тек сол ұстар сөзді нық,
Айтар болсаң, айтпашы тек тоздырып .
Ей ақылдым, құлағың сал, қои деймін,
Сөйлер балсаң Сағди кұсап сөйлей біл!
Білемін мен адамдардын үш түрін,
Дәл соларды жамандауға күштімін:
Бірі - патша. оның аты - зұлымдық.
Патша десең, тартады ішке қанын жұрт,
Патша есімі әлдеқашан сызылған,
Жуған оны жылап аққан қызыл қан.
Енді - бірі ұятсыздар не түрлі,
Олар жайлы сөйлеу де ұят секілді . . .
Тағы бірі - өтірікші, . өсекші -
Соларды ақыр өлген адам десекші!
Өтірік бұл кез - мамандыққа айналған.
Қор болдың ғой, қор болды ғой қайран жан!
А м а н - с а у л ы қ ү ш і н а л ғ ы с а й т у
тур а л ы ә ңг і м е
... жалғасыСыйламапты біреу туған анасын,
Ана байғұс жабығыпты жаны асыл.
Депті бір күн: «Бола ма екен, жаным-ау,
Белін шыққан бесігіңді танымау?
Арасында шүберек пен мақтаның
Көз алдымда тырбың қағып жатқаның!
Дәрменсіз ең сен ол күні, әлсіз ең,
Шыбын қонса, қуып жүріп жаншып ем.
Ештеңеге жетер шаман жоқ еді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz