Жалпы жансыздандыру


Жоспары:
1. Жалпы жансыздандыру терминінің түсінігі.
2. Ингаляциондық жансыздандыру терминінің түсінігі.
3. Ингаляциондық наркозда қолданылытың препараттар түрі
4. Ингаляциондық наркоздың түрлері.
5. Ингаляциондық наркоздың сатысы.
6. Ингаляциондық наркоздың асқынулары.
Жалпы жансыздандыру.
Анестезия - ан - жоқ, естезия - сезім, сондықтан, анестезия - жансыздандыру, сезімсіздендіру немесе ауырсынуды жою.
Анестезия - жалпы жансыздандыру жолымен көбінесе орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жасалған фармакологиялық жансыздандырғыш дәрілер әсері арқылы туындайды және естің әлсіреуі, жергілікті ауырсынудың тежелуі мен сезімнің толығымен жоғалуы болып табылады. Ол жергілікті және орнықты әсер етуші фармакологиялық құрылымдардың көмегімен туындайды.
Қазіргі уақыттағы анестезиологияда жиі және кең қолданылатын жансыздандырғыштар - эфир, фтортан, пентран, трихлорэтилен (сұйықтар), азоттың шала тотығы, (закись), циклопропан (газ тәрізділер) .
Эфир - түссіз, тұнық, жеңіл тұтанғыш, ұшқыш, өзіндік иісі бар сүйықтық. Бір құрамды наркозда ауырсыздану кезеңі - 2-4 көлем % басталады. Қазіргі кездегі жансыздандыруда қолданылатын заттардың саналуан молшылық және таңдамалы жағдайында немесе наркозды жүргізу тәсілінің шеберлену шағында эфирдің жағымсыз жақтары анықтала бастады. Оларға жататыны: ұзақ мерзімді есірткілікке қанығу; есірткі заттардың ұзақ уақыт бөлініп шығуы; тыныс алу жолдарын қоздыру қасиеті; симпат - адреналдық жүйесіне көрсетер әсері; жарылғыштығы, т. б.
Эфирді хирургиялық тәжрибедегі маңызын, өз қасиетін жоғалтты, - деп санауымыз қателік болар еді. Ол басқа жансыздандырғыштармен қоса - қабат әліде кең қолданылып жүр. Эфирдің үлкен емдік мәніне байланысты тәжірибесі аз анестезиологтардың өздері де оны қолдануда өз көзқарастарын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ.
Фторотан - тұнық, түссіз, тәтті, алма иісті сұйықтық, жарылғыш, күшті есірткі есебінде саналады, эфирден 3-4 есе күшті. Соған қарамастан оның қолданылуына лайықты көрсеткіштер көбеюде. Қоспа түрінде басқа есірткілік заттармен қатар қолданылады. Оның азотың шала тотығымен араластырылып қолданылуы кең етек жаюда. Бұл жағдайларда фторотаның мөлшері азайып, шамадан тыс артық берілу қауіпі едәуір төмендейді.
Сонымен, наркоз газ айналымынан тыс орналасқан арнайы булатқыш (испаритель) арқылы жүргізіледі. Наркозды бірқалыпты ұстап тұру үшін 1, 2 -1, 3 көлем % сақталады. Ал жартылай жабық әдісте 0, 7-1 көлем % жеткілікті. Ол қан тамырларын кеңейтіп, жүрек соғысының қабілеттігін төмендетеді.
Трихлорэтилен, трилен - тұнық, түссіз, өзіне тән тәтті иісі бар сұйықтық. Ол жартылай ашық әдіспен қолданылады. Шағын және қысқа уақытта жүргізілетін операцияларда сезімді тежеу үшін қолданылады. Оның мұндай операцияларда қолданылу мақсаты күшті ауырсыздандыру әсері мен құнарлылығына, ал қолдану аралығының кеңдігі 0, 4-0, 7 көлем %-да ауырсыздандыру (аналгезия) мен 2-3 көлем %- да жансыздану сияқты әсерлік артықшылығына байланысты болды. Оны үлкен операцияларды жүргізуде шамалы қолданады, өйткені оның есірткілік құрамында ерекше улы қасиеті байқалады.
Пентран, ингалан, метоксифлюран - тұнық, түссіз, жеміс иісті сұйықтық. Оның арнайы ерекшелігі - буларының төменгі деңгейдегі қысымы, соның арқасында демалатын қоспада улы мөлшері мүлдем болмайды. Бастапқы кіріспе (вводный) наркозда өте сирек қолданылады. Өйткені сырқатты ұйықтату 8-10 минутқа созылады. Пентранның 0, 5-1 көлем % берілгеннен соң - ақ сезімсіздену жағдайы қалыптасады.
Азоттың шала тотығы (закись) - ауадан салмақты, өзіне тән иісі бар, түссіз газ, әсіресе эфир мен циклопропаннан құралған қоспалары жануды жақсы қалайды. Азоттың шала тотығы әлсіз, сезім жойғыш, тәжрибеде оның басқа есірткісіз және ет босаңсытқыштарсыз қолданылуы шектеулі болады.
Тұмылдырық (маска) арқылы таза азоттың шала тотығы қысқа мерзімді операцияларда, байлап - құрсаулауда (шинирование, иммобилизация), операциядан соңғы кезеңде жергілікті ауыру сезімін азайту мақсатында қолданылады, өйткені оның ауырсыздандыру әсері өте күшті.
Демалатын қоспадағы азоттың шала тотығының мөлшерінің 80 % - дан аса жоғарлауы оттегіне тапшылықтың (гипоксия) қауіптілігімен байланысты болады.
Циклопропан - түссіз, өзіне тән иісі бар, жанғыш, жарылғыш келетін газ. Циклопропанды наркоз жүргізу үшін жансыздандырғыш және оттегіне арналған өлшеуіші (дозиметр) бар арнайы наркоз аспабы қажет. Сезім жойғыштық артықшылығы: есірткілік әсері тез басталады және демалатын қоспадағы оттегінің қысымы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Сезім жойғыштық иісі мен қоздырғышты қасиеттерінің жоқтығы және денеден тез шығарылуы циклопранды тәжрибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: жарылғыштығы мен қымбаттылығы.
Трихлорэтилен, трилен - тұнық, түссіз, өзіне тән тәтті иісі бар сұйықтық. Ол жартылай ашық әдіспен қолданылады. Кішкене және қысқа уақытты операцияларда сезім жойдыру үшін қолданылады. Оның мұндай операцияларда қолданылу мақсаты күшті ауырсыздандыру әсері мен құнарлылығында. Қолдану аралығының кеңдігі 0, 4-0, 7 көлем % -те - ауырсыздандыру (анальгезия), ал 2-3 көлем % -те жансыздану сияқты әсерлік артықшылығында. Оны үлкен операцияларды жүргізуде шамалы қолданады, өйткені есірткілік құнарлылығында ерекше улы қасиеті байқалады.
Буланып, ұшпайтын наркотикалық заттарды денеге еңгізудің арқасында жүргізілетін жалпы жансыздандыру тыныс алу жолдарынсыз берілетін (не ингаляционный) наркоз, - деп аталады.
Көмекейге орналасатын (интубационная) түтікше мұрын арқылы, ауыз - кеңірдек (назотрахеальное) және кеңірдек тесігі (трахеостома) арқылы да еңгізілуі мүмкін.
Наркоздың көмекейге қойылған түтікше арқылы (интубационный) әдісінің ерекшеліктері - тілдің көмекейге қарай түсуіне, жұтқыншақтың қысылуына, танау мен ауыз қуысынан тыныс алу жолына сөлдің жиналуына, құсықпен тыныс жолдарының бітелуі (регургитация) мен құсу кезінде асқазан - ішек сөлдерінің ағуы сияқты жағдайларға жол бермейді және де өкпенің жасанды тыныс алуын сапалы өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен, наркоз газ айналымынан тыс орналасқан арнайы бұлатқыш (испаритель) арқылы жүргізіледі. Наркозды бірқалыпты ұстап тұру үшін 1, 2-1, 3 көлем % сақталады. Ал жартылай жабық әдісте 0, 7-1 көлем % жеткілікті. Ол қан тамырларын кеңейтіп, жүрек соғысының қабілеттігін төмендетеді.
Жалпы жансыздандырудың ішінде тыныс алу жолдарынсыз берілетін наркоз әдістерінің бірі ретінде көп таралған тәсілдің түрі көк тамыр (венаға) арқылы жүргізілетін жансыздандыруды айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытта клиникада сезім жойғыш дәрілердің тік ішек, артерия, тері асты арқылы еңгізілу әдістері хирургиялық тәжірбиеде мүлдем қолданылмайды. Көк тамыр арқылы берілетін наркозды тыныс алу жолдары бойымен жүргізілетін наркозбен салыстырып қарағанда көптеген айырмашылығы бар: жылдам және ыңғайлы жүргізілуі, күрделі аспапсыз қалаған жағдайда қолданылу мүмкіндігі, қозу сатысының байқалмайтындығы немесе жоқтығы, қоршаған ортаға, операцияға қатысушы адамдардың денсаулығына қауіпсізділігі болып саналады. Осыған байланысты келешекте жансыздандырудың болашағы тыныс алу жолдарынсыз берілетін наркозда екенінде сөз жоқ.
Фармакологтар мен химиктердің ізденістері табысты болып, тыныс алу жолдарынсыз қолданылатын сезім жойғыштардың тұтас бір тобын ашты: фентанил, виадрил, калипсол, ардуан, риланиум, сомбревин, кетамин, натрий оксибутираты, тиопентал мен гексенал натрий, т. б. нейролептикалық жансыздандыру мен ауырсыздандыру дәрілері.
Соңғы жылдары жансыздандырудың нейролептанальгезия (НЛА) атты әдісі кең қанат жайып отыр (1959) . Жансыздандырудың бұл тәсілі фентанильді вена арқылы еңгізумен жүргізіледі. Оның жансыздандыру дәрежесінің жоғарылығы әр түрлі уақыттағы, әр түрлі көлемдегі хирургиялық операцияларды жүргізуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге нейролептикалық дәрі - дегидробенсперидол беріледі. Ол адамның психикалық қабілетін жойдырады, ауырсынуды, сезгізштікті азайтып, өзіндік психикалық тыныштық қалпын орнатады, ал ақыл - есі сақталған қалпында болады.
НЛА - ның жалпы жансыздандырудың бір тәсілі ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Операциядан кейінгі кезеңге дейін созылатын күшті сезім жойғыштығы.
2. НЛА тыс әсерін фармакологиялық қарсылас заттардың көмегімен оңай түзету;
3. НЛА кезінде қан айналымының қалыпты деңгейде болуы;
4. Өте аз мөлшердегі улы әсері;
5. Сырқаттардың наркоздан тез шығуы,
6. Сырқаттардың наркоздан соңғы кезеңде жүрегі айнып қусуының жоқтығы;
7. Операциядан соңғы кезеңде ауруда өзіндік психологиялық тыныштық қалыптасады.
Қазіргі анестезиологияның міндеттеріне мыналар кіреді:
- Толық жетілдірілген жалпы жансыздандыру;
2. Хирургиялық озбырлықтың қалаусыз зардаптарын ескерту;
- Толық психикалық және физикалық тыныштыққа жету;
4. Зат алмасудың қажетті мөлшерін, бірінші кезекте газ алмасуды қамтамасыз ету;
5. Операция әдістерін ойластыру және тәжрибеде қолданылуы;
Былайша айтқанда, операция кезінде хирург жұмыс істеу үшін ыңғайлы жағдай жасалуы қажет. Сондықтан, жансыздандыру жұмысы мақсатының орындалуы жалпы және арнайы құрамдардың көмегімен шешіледі.
Анестезияның жұмыс құрамы, - деп кез келген операцияны жасау кезінде туған патфизиологиялық өзгерістер жиынтығын айтамыз. Бұл өзгерістер:
1. Психологиялық жайсыздық, ауырсыну дамиды.
2. Ет қозғыштығы, нейро - вегетативті және нейроэндокриндік ауытқулар, қан айналысындағы, тыныс алудағы, зат алмасудағы өзгерістер, аурудың операция жасалған жеріне байланысты өзіне тән өзгерістер әсіресе мида, жүректе, өкпеде, іш - құрсақ ағзаларында, т. б. қалыптасады.
Анестезияның жұмыс құрамдары мыналарға бөлінеді:
1. Наркоздың көмегімен есінен айыру. Алғашқыда наркозды тек есінен айыру үшін ғана емес, ауыруды сездірмеу үшін, нейровегетативті, нейроэндокринді ауытқуларда да қолданады.
Наркоздың озбырлық әсерінің өзіндік бір түрі ол өкпе мен жүрек қызметінде қалыптасатын айтарлықтай өзгерістер. Зат алмасу үрдістерін бұзып, эндокриндік жүйеде күрделі ауытқуларға жеткізеді. Неғұрлым наркоз терең, ұзақ болса соншалықты байқалатын өзгерістер де айқынырақ болады.
Сондықтан, қазірде жеңіл наркозды жиірек қолданады, ал қалған сәттерде фармакологиялық заттардың көмегімен толықтырып, жетілдіреді - (барбитураттар, транквилизаторлар, т. б. ) .
- Ауырсыздандыру (анальгезия) - бұл кезеңде жартылай естен айырылудың белгілері байқалады, ауруда ойлану - сезіну, нейро - вегетативтік, нейроэндокриндік сезім әсерлері сақталып қалады.
Эфир мен пентранның көмегімен жүргізілген наркоздар айқын ауырсыздандырғыш әсерлерімен белгілі, бірақ фторотан науқастың ауырсыну сезімін мүлдем баса алмайды, ал гексенал болса ауырсыну сезімін күшейтіп жібереді.
Ауырсыну сезімін анағұрлым және арнайы тек жергілікті жансыздандыру ғана басады немесе жоя алады. Бұл жағдайда ол ең бір ұтымды әдіс болып саналады.
3. Нейро - вегетативті тежеу (блокада) не болмаса шеттен тыс жағымсыз өзгерістердің алдын алу алғашқы екі құрамның көмегімен қаматамасыз етіледі және тек жансыздандыру мен ауырсыздандыру арқылы қалыптасады. Бірақ, қиын жарақатты операцияларда немесе өте сезімтал аймақтарға операция жасауда қалыптасқан, асқынған өзгерістерді қосымша жою қажет. Олар қосымша фармакологиялық дәрілерді (холиномиметикалық, адреномиметикалық заттар) қолдануға байланысты болады.
4. Қозғалыстың тежелуі мен бұлшық ет салдануы (миоплегия) - наркоз арқылы жергілікті сезімсіздендіру мен шартсыз қозғалыс әрекеттерін және аурудың қозуынан жоғарғы деңгейдегі ет қатаюын болдырмайды (перидуральды, жұлынды жансыздандырулар) .
Наркоз кезінде еттің босаңсуы тек наркоздың едәуір терең деңгейінде болады, ал перидуральды және жұлын бойын сезімсіздендіруді жүргізу көптеген әдістемелік қиындықтар мен күрделі қауіптерге байланысты болады. Осы мақсатпен қазіргі уақытта жалпы жансыздандыру мен жеңіл наркоз жүргізгенде бұлшық еттерді босаңсыту үшін ет босаңсытқыштарды (миорелаксант) қолданады.
5. Жеткілікті газ алмасуды қолдану - сезімсіздендірудің негізгі құрамы. Ет босаңсытқыштарды қолдану өкпеде жасанды ауа алмастыруды (ӨЖАА) жүргізуді қажет етеді. Бірақ, тыныс алудың бұзылуы тек ет босаңсытқыштарын пайдаланғандықтан ғана емес, сол сияқты операция кезінде науқастың стол үстінде физиологиялық қалыпта жатпағандығынан немесе тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуынан да болуы ықтимал.
Бұл өзгерістер төменгі деңгейдегі ауа алмасуы (гиповентиляция) мен жоғарғы деңгейдегі ауа алмасуына (гипервентиляция) және көмір қышқылды газдың көбеюіне (гиперкапния) немесе оның азаюына (гипокапния), ұлпаларда оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) әкеліп соғады.
Газ алмасудың осы ауытқуларының алдын алу мен болдырмау анестезиологтың жауапты жұмысы болып саналады. Осы мақсатта ол бірқатар әдістерді қолданады:
а) сыртқы тыныс алуды басқару;
б) қандағы оттегі мөлшерін жасанды түрде көбейту (оттегімен емдеу, жоғарғы қысым деңгейінде оттегін қолдану - (ЖҚО - ГБО) ) :
в) ұлпаларда оттегіне қажеттілікті төмендету (төменгі деңгейде суыту (гипотермия) ;
г) Тыныстық аналептик заттардың көмегімен өзіндік тыныс алуды өрбіту, бірақ олар сирек қолданылады, өйткені әлсіреген дененің қабілетін тежейді;
д) Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, тілдің көмейге қарай төмен түсуін болдырмау үшін түтікті орнату (интубация), кеңірдекке түтікше қою (трахеостомия) әдістерін қолдану;
6. Жеткілікті қан айналысын қалыптастырып қолдану да жансыздандырудың негізгі құрамына кіреді. Қан айналысының негізгі үш өлшемінен айналымдағы қанның көлемі - АҚК (ОЦК), қанның меншікті салмағы (УВК) және тамырдың шеткергі қарсыластығынан АҚК көп өзгерістерге ұшырайды. Ал ол болса өз тарапынан операциялық шоққа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан анестезиологтың негізгі міндеті: қан кетудің алдын алу және АҚК-нің жетіспеушілігін толықтыру.
Бұл үшін ол мынадай әдістерді қолданады:
а) Қан мен қан алмастырғыштарды операция кезінде өз уақытында құю.
б) Операция алдында қан алмастырғыштарды АҚК алдын ала жоғарылату мақсатында құю (гемодилюция) .
в) Жасанды төмеңгі деңгейдегі қан қысымының (гипотония) көмегімен қан кетуді азайту. Бәрінен де екпінді көлеммен шеткергі қарсыластықты басқару қиын. Бұл бұзылыстардың және жүрекке деген адренэргиялық әсердің алдын алу тек жүрекке келер қанның көлемін қамтамасыз ету арқылы қалыптастырылады. Бірақ, жүрек тоқтап қалған кезде жүрекке жанама немесе тікелей қарқынды жандандыру (массаж) жасау әдісінің, жүректің жүйке жүйесіндегі сезімталдықтың көлденең тежелуінде электртоғымен тез арада жетілдіру сияқты толық серпіліс сипатында тамырдың соғуына қарсы әдістерді қолдана отырып басқара аламыз.
7. Зат алмасу үрдістерін қалыптастыру - сезім жоюдың ең күрделі құрылымы. Жоғарыда аталған алты құрылымының барлығы да әр түрлі зат алмасудың бұзылуының алдын алуға жұмсалған. Кейбір операцияларда, мысалы - «құрғақ жүрек» кезінде қан айналысынан бөліп тастағанда, бірінші кезекте ұлпалар мен тіндердегі оттегі тапшылығының алдын алу қажет. Бұл мақсатта тіндердің оттегіне тапшылығын төмендету және соның арқасында қан айналысын тоқтату немесе қауіпсіздік уақытын созу үшін жасанды төменгі деңгейдегі суыту тәсілін (гипотермия) қолдану қажет.
Зат алмасу үрдістерін басқару дегеніміз - бұл су мен электролиттік тепе - теңдікті жеткілікті мөлшерде қолдау, дененің қуаттылыққа қажеттігін қамтамасыз ету және жылу алмасудың бұзылуын болдырмау керек. Әсіресе, бұл операциядан кейінгі кезеңде өте қажет. Жансыздандыруды жүргізгенде сезімжоюдың барлық құрамдарының қосылуы көптеген себептермен анықталады - хирургиялық операцияның көлемі мен сипатына, сырқаттың орналасуына, науқастың жасына және де көптеген талаптарға байланысты болады. Өмірлік маңызы бар мүшелерге ерекше күрделі операциялар жасалғанда әдістемелік айырықша анестезиологиялық жүйелі құралдар мен асаптар және дәрілер кіргізіледі.
Мысалы: миға операция жасаған кезде бас сүйегіішілік қысымды басқару мәселесі алға қойылады. Бұл үшін сусыздандырғыштарды, салуретиктерді, ми қарыншаларынан сұйықтықты ағызу сияқты әдістерді қолданады. Жоғарыда айтылған әдістердің арнайылығы мен күрделілігі сонша, оларды тек ерекше қалыптасқан нейрохирург мамандар ғана қолданады.
Қазіргі жалпы жансыздандыруды бірнеше бөлімге бөледі: наркоз алдындағы дайындық кезеңі, наркоздан 30-40 мин. бұрын науқастың тітіркену, ауырсыну, қорқыныш сезімін тежеу, негізгі (базис) дайындау (премидикация), кіріспе, түпкілікті толық наркоз. Қазіргі уақытта наркоз операция бөлмесінде басталмайды, оған бірнеше күн бұрын дайындалады.
Анестезиолог сырқатпен танысып, оның жағдайының ерекшеліктерін тексеріп, жансыздандыру кезінде қауіп төндіретін өзгеріс, жетіспеушілік, т. б. болса онда дәрі арқылы дайындық жүргізеді. Ол операция алдындағы жүйелі түрде жүргізілетін жалпы дайындықтың бөлінбестей бір бөлігі болып саналады.
Наркоз алдындағы дайындау кезеңінің (премедикация) міндеттері: орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) рефлекторлы қабылетін төмендету, денедегі зат алмасу үрдістерін тежеу, жансыздандырғыштардың ауырсыздандыру мен жансыздандыру қабілетін арттырып, оларды қолдануды азайту, тыныс алу жолдарының сұйық шығару (секреция) қабылетін төмендету (Г. П. Зайцев, В. А. Гологорский, 1973) .
Кіріспе наркоз - наркоз басталғаннан операция жасау сатысына дейінгі аралық. Кіріспе наркозға тыныс алу жолдарымен қолданылатын сезімжойғыштар (циклопропан, фторотан, азоттың шала тотығы) немесе тыныс алу жолдарынсыз берілетін сезімжойғыштар (гексенал, тиопентал, калипсол, ардуан, риланиум, сомбревин) жатады.
Кіріспе наркоз - жансыздандырудың ең қысқа және ең жауапты кезеңдерінің бірі.
Келесі үшінші кезең - бұл толық наркоз. Қазіргі кезде толық наркозды күрделі операция жасауға себепші наркоз аспабынсыз қолдану мүмкін емес. Күнделікті қолданылатын наркоз аспабтарының көбісі ОЖЖ тежеуге және наркоз жүргізуге де есептелген.
Наркоздың даму сатылары.
Әрбір жансыздандырғыш зат өзінің тигізетін әсеріне байланысты арнайы көріністерімен былайша айтқанда наркоз ағымымен сипатталады. Бірақ олардың арасында ұқсастықтар көп, бірінші кезекте наркоздың даму сатыларына байланысты. Сырқаттың тыныс алу жолдары арқылы жансыздандырғыш затпен қанығуы шамасында ОЖЖ -інде жауапты жерлер, жүрек - тамыр, тыныс алу жүйелерінің өзгерулері әсерінен наркоздың даму сатылары қалыптасады. Тәжрибелік анестезиологияда көбіне Гведела жіктелуін қолданады, онда наркоз төрт кезеңге бөлінген:
І кезең - сезімсіздену, ауырсыну сезімінің жартылай жоғалуы.
ІІ кезең - қозу
ІІІ кезең - хирургиялық ұйықтау
ІV кезең - наркоздан ояну.
Бірінші кезең - сезімсіздену кезеңі, ауырсыну сезімінің жартылай жоғалуы. Бұл кезең эфир буымен дем алғаннан бастап есті жоғалтуға дейінгі мерзімді қамтиды. Орташа ұзақтығы 3-8 мин. созылады. Дененің эфир буымен қанығу үрдісі өзіне тән клиникалық көрініспен сипатталады.
Эфир буының тітіркендіруші әсерінің арқасында жансыздандырғыш қоспадағы оның жоғарғы мөлшердегі үлесі тыныстың тарылуына әкеліп соғады. Сондықтан наркоз кезінде эфир мөлшерін шамалап және біркелкі жоғарылатады. Дене эфир буымен қаныққан сайын оның сезгіштік қасиеті төмендеп, бірінші кезеңнің соңында мұлдем жойылады.
Артузио бойынша І кезең үш деңгейге бөлінеді: І деңгей - толық емес жансыздандыру және толық естен айырылудың (амнезия) жоқтығы.
ІІ деңгей - толық жансыздандыру және есінен түгелдей айырылмайды.
ІІІ деңгей - толық жансыздандыру мен есінен айырылу.
Наркозды бірінші кезеңде түрақтандыру мүлдем қиын екендігін айта кеткен жөн, өйткені ІІ -ші кезеңге тез өтіп кетеді. Естен айырылу І кезеңнің сонында байқалады. Сондықтан І кезеңнің 2-3-ші деңгейлерінде тек қысқа мерзімді операциялар немесе шағын хирургиялық жұмыстар жасауға болады.
Екінші кезең - қозу кезеңі. Бұл ми астылық бөлімдердің тежелу әсерінің ықпалынан шыққанының арқасында болады. Клиникалық көрінісі көп түрлі. Бастың, дененің жүйесіз - ретсіз қимылдары, тілдесудің байланыссыздығы, айғайлау, даурығұ байқалады. Сырқаттар көбінесе орындарынан тұруға, бетіндегі тұмылдырық (маска) ноқтаны жұлып тастауға тырысады. Көзінің қарашығы кеңейіп, жас ағып, көз қарашығының қалқыған, бақылаусыз қозғалысы байқалады. АҚ жоғарылап, тамыр соғысы жиілейді. Жөтелу, жұтыну, құсу рефлекстері жоғарылайды. Бұл қауіпті кезеңде жүректің, тыныс алудың тоқтауымен, АҚ жоғарылап, қан тасқыны (гипертонический криз) сияқты қиындықтармен аяқталуы мүмкін. Қозу кезеңінің айырмашылықтары науқастағы көптеген себептерге байланысты: жасына, жүйке жүйесінің түріне, зиянды әдеттеріне, наркоз алдындағы дайындықтардың (премедикация) әсеріне, немесе анестезиологтың наркоз кезіндегі жұмыс әрекетіне қарай дамиды. Бұл кезеңде дененің эфирмен қанығуын одан әрі жалғастыру қажет екенін ұмытпау керек. Қазіргі кездегі анестезиологияда сырқатқа наркоз беруде қозу кезеңінің клиникалық белгілерін болдырмайтын, білдірмейтін дәрілерді қолданады (барбитураттар, сомбревин, катамин, седуксен, ардуан, калипсол, риланиум, т. б. ) .
ІІІ кезең - хирургиялық ұйқы кезеңінің белгілері сырқатта наркозбен қаныққан сайын қалыптасып, операция жасауға болатын деңгейге жетеді. Наркоздың хирургиялық ұйқы кезеңі өте кең. Бұл кезең анестезиологтың шеберлігіне байланысты наркозды ІІІ 1 - ІІІ 2 деңгейлерінде ұстап туруына сәйкес қалыптасады. Өйткені, наркоздың ІІІ 3 -ІІІ 4 деңгейіне өтуі сырқат үшін өте қауіпті. ІІІ 1 - деңгей - көз алмасының қозғалу деңгейі. Бұл деңгейде тыныс алу мен тыныс шығару бірқалыпты - жасанды аспап арқылы қалыптасады. Көз қарашығы тарылған, жарыққа анық әсерленеді. Көз алмасы доға бойымен жай, баяу қозғалыста болады. Мүйіз қабық, көмей, жүтқыншақ рефлекстері және АҚ, тамыр соғысы, бұлшық ет күші қалыпты деңгейде сақталған. Сондықтан, ет босаңсытқыштарсыз (миорелаксант) операция жасау қиын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz