Әл – Фараби мен Абай дүниетанымы ұқсастығы



1 Әл . Фараби философиясының бір қыры
2 Әл . Фараби философияның мақсаты
3 Абай қарасөзі
Әл – Фараби философиясының бір қыры перипатетиктердің грек философтарының еңбектерін терең танып білуімен айқындаалды. Өзі ұстаз тұтқан Аристотель еңбектері жайлы, герменевтикалық (тылсымдық) тұрғыдан түсіндіріп, талдап жазған еңбектерінен, оның ұстаздары жеткен рухани биіктігін айқын бағамдағанын аңғарамыз. «Мұсылман жамағатында әл – Фараби көтерілген биікке шыға алған фәлсафашы болған жоқ» дейді араб тарихшысы Әл ибн Сайд әл – Қифти (1167 - 1248).
Аристотель мен Платон өздеріне мағлұм болған хақиқи сырлы білімді бейнелеп, тұспалдап астарлы тілмен жеткізген. Ол ілімді олардың рухани дәрежесін бағамдап, өзінің жан – дүниесін тазартқан, рухани көзі ашылған ыждаһатты шәкірт қана иеленер еді. Ұлағатты философтардың еңбектеріндегі сезімтал жанның көзімен бағамдайтын ақиқат сыр тұспалданған сөздерді бас көзімен қармаған саяз зерттеушілер ішкі мәніне жете алмай, осыған байланысты бұрмалауға ұрынған.
Адамға жаратушы тарапынан берілген ең абзал қасиет – ақылды, иманнан таймай, ақиқатқа бағыттай білген, жоғары рухани дәрежеге жетіп, ақиқат мәні бар асыл білімді иеленген ғұламалар өздері қол жеткізген ілкі ілімдерін сырлы пердемен бүркеп, тұспалдап жеткізетін болған. Олардың ілімі хақиқат білім болғандықтан да, бірнеше деңгейдегі қатпарлы, астарлы мән – мағынасы болатын, әр деңгейдегі мән – мағынасын әрбір шәкірт өз білім дәрежесіне қарай меңгеретін, тылсымына бойлап, сырына қанығатын.
Иманның шарттары – о бастан бар, бүкіл діни білімдердің негізі болған, мұсылман дінінде жүйелі белгіленіп, әрбір хақтытанимын деген адамға оның білім деңгейі мен қоғамдағы дәрежесіне қарамастан зәру көкейкесті қағидалар. Бұл қағидалар сан ғасырдан бергі адамзат тарихындағы негізгі діндерде айтылған, пайғамбарлар, әулиелер, ғұламалар үшін, әрбір адам үшін хақ тәңіріні танудағы адастырмас негізгі шарттар. Сондықтан әл – Фарабидің мұсылмандығын зерттеушілердің баса айтуы оның мұсылман қоғамының адамы екенін әйгілеу және идеологиялық талаптан тумаған. Мұсылман деген сөз – имандылықтың мағынасын берер шартты атау. Иманның ішкі мәні – Ақиқат.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби мен Абай дүниетанымы ұқсастығының зерттелуі
Әл – Фараби философиясының бір қыры перипатетиктердің грек
философтарының еңбектерін терең танып білуімен айқындаалды. Өзі ұстаз
тұтқан Аристотель еңбектері жайлы, герменевтикалық (тылсымдық) тұрғыдан
түсіндіріп, талдап жазған еңбектерінен, оның ұстаздары жеткен рухани
биіктігін айқын бағамдағанын аңғарамыз. Мұсылман жамағатында әл – Фараби
көтерілген биікке шыға алған фәлсафашы болған жоқ дейді араб тарихшысы Әл
ибн Сайд әл – Қифти (1167 - 1248).
Аристотель мен Платон өздеріне мағлұм болған хақиқи сырлы білімді
бейнелеп, тұспалдап астарлы тілмен жеткізген. Ол ілімді олардың рухани
дәрежесін бағамдап, өзінің жан – дүниесін тазартқан, рухани көзі ашылған
ыждаһатты шәкірт қана иеленер еді. Ұлағатты философтардың еңбектеріндегі
сезімтал жанның көзімен бағамдайтын ақиқат сыр тұспалданған сөздерді бас
көзімен қармаған саяз зерттеушілер ішкі мәніне жете алмай, осыған
байланысты бұрмалауға ұрынған.
Адамға жаратушы тарапынан берілген ең абзал қасиет – ақылды, иманнан
таймай, ақиқатқа бағыттай білген, жоғары рухани дәрежеге жетіп, ақиқат мәні
бар асыл білімді иеленген ғұламалар өздері қол жеткізген ілкі ілімдерін
сырлы пердемен бүркеп, тұспалдап жеткізетін болған. Олардың ілімі хақиқат
білім болғандықтан да, бірнеше деңгейдегі қатпарлы, астарлы мән – мағынасы
болатын, әр деңгейдегі мән – мағынасын әрбір шәкірт өз білім дәрежесіне
қарай меңгеретін, тылсымына бойлап, сырына қанығатын.
Иманның шарттары – о бастан бар, бүкіл діни білімдердің негізі
болған, мұсылман дінінде жүйелі белгіленіп, әрбір хақтытанимын деген адамға
оның білім деңгейі мен қоғамдағы дәрежесіне қарамастан зәру көкейкесті
қағидалар. Бұл қағидалар сан ғасырдан бергі адамзат тарихындағы негізгі
діндерде айтылған, пайғамбарлар, әулиелер, ғұламалар үшін, әрбір адам үшін
хақ тәңіріні танудағы адастырмас негізгі шарттар. Сондықтан әл – Фарабидің
мұсылмандығын зерттеушілердің баса айтуы оның мұсылман қоғамының адамы
екенін әйгілеу және идеологиялық талаптан тумаған. Мұсылман деген сөз –
имандылықтың мағынасын берер шартты атау. Иманның ішкі мәні – Ақиқат.
Ақиқатты талап қылған әрбір ғылым иесі - өз қазынасы – иманын
байытады. Ақиқат адамның тануына мұқтаж емес. Адам ақиқатты тануға мұқтаж.
Кәміл мұсылман – иманның шарттарын біліп, мұсылман парызын парызын
орындайды.
Әл – Фарабиді одан соң екі – үш ғасыр кейін өмір сүрген ғалымдар
ғылым дүниесіндегі тілді, категориялар мен терминологияны қалыптастырып
жүйелеуші деп білген, сонымен қатар оның ғылыми шығармаларындағы тілінің
аса жатық, түсінікті тереңдігімен қатар тұнықтығын атап айтқан.
Ал Абай қазақ тілін рухани жаңғыртып, тазалығы мен тұнықтығын паш
еткен. Фарабимен аралықтаға уақыт кеңістігін еңбекетрін аудармадан
пайдалануымызға байланысты белгілі бір қиындықтар туары анық. Себебі
аудармалар жасалған уақыттың қоғамдық – саяси, идеологиялық ой –
пікірлеріне, аудармашылардың дүниетанымдық көзқарастары сияқты көптеген
сыртқы факторлардың аудармаға өз табын түсірері анық.
Әл – Фараби философияның мақсатын былай белгілейді: Философияның
зерттеу мақсатына келетін болсақ, мұның өзі барлық нәрсенің қозғаушысы,
себебі болып табылатын, өзгермейтін және бірегей бәрінен жоғары жаратушыны
тану. Ал, мұның осылай болатын себебі, ол – Алла өзінің рақымымен,
даналығымен, ғылымы мен әділеттілігімен осы дүниені аса келісіммен
жаратушы. Ал философтың әрекеті адамға тән күш – жігермен, мүмкіндігінше,
сол жаратушының әрекетіне ұқсас болуға тиісті.
Абайға жүгінсек былай дейді: Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа,
растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен
табылады. О баста ол – Алланың ғылымы емес, һәммесі білетұғын ғылымға
ынтықтықтың өзі де адамға ғылым береді. Оның үшін де ол Алланың өзіне
ғашықтық. Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – ақиқат, оған ғашықтықтың өзі де
хақтық һәм адамдық дүр.
Әл – Фараби де ақиқат мақсаты – түп иені жаратушыны тану екенін нақты
белгілеп, философияны хақтыққа жетудің бірден – бір құралы деп біледі. Ол
ұстаздарынан мұра болып қалған ғылыми әдіснамалық жүйеге сүйенеді. Сол
ұстаздарының көзқарасын дәлелдеуде де, айшықтап түсіндіруде де, өзінің
ғылыми ой – түйіндері мен пайымдауларында да иманның шарттарын негіз
қылады. Иман – мұсылман әлеміндегі ғұламалардың барлығы үшін табан тірер
ортақ негіз.
Әл – Фараби Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы
атты еңбегінде философияны зерттеудің алғы шарттарын сөз қылады. Ілгерідегі
ғұламалардың философияны зерттекден бұрын шәкіртке логика, физика,
геометрия сияқты жекелеген ғылымдарды терең меңгеру, сондай – ақ жаны мен
тәнді тазарту сықылды талаптар қойғанын айтады. Осы көзқарастардың бірде –
бірін жоққа шығаруға болмайды деп түйеді, себебі осының бәрі философияны
оқып – үйрену алдындағы дайындық, сезімтал жанның қасиетін негізгі талапқа
сай тәрбиелеу жолы дейді.
Философияны жерттеуден бұрын сезімтал жанның қасиеттерін, мысалы,
рахатқа бату мен мансапқорлық сияқты алдамшы шындыққа емес, ізгілікті
ақиқатқа талпынатындай етіп тәрбиелеу керек. Бұл мінез – құлықты сөз
жүзінде емес, іс жүзінде тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Қателіктер мен
адасудан сақтарлықтай таза жолды түсінетін парасатты жанды осылайша ғана
тәрбиелеуге болады, - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Балалар ойынын жіктеудің тарихы
Ортағасырлық мәдени туындылары
Орта ғасырлар философиясы
Абай дүниетанымының экзистенциалдық сипаты
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Абайдың бала бейнесі мен қазіргі замандағы бала тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Пәндер