Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ филологиясы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы Ұ. ЕСДӘУЛЕТОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҮН
Мазмұны
Кіріспе 3
- Қазақ әдебиеті тарихындағы азаматтық әуен,
ол туралы ғалымдар зерттеулері 6
- Азаматтық лирика және ұлттық рух 12
- Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық сарын 20
- Ұ. Есдәулетов поэзиясының ұлттық болмысы 26Ауыл, туған жер, ондағы адамдар - Ұлықбек шығармашылығының
асыл қайнарлары 40
- Тарихи дүмпулер Ұлықбек поэзиясында 44
- «Заман-ай» - замана зары 49
- Экологиялық проблеманың ақын жырларындағы көрінісі 51
- «Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып…»
(Тіл, оның өзекті мәселелері Ұлықбек жырларында) 55
- «Қара пима» және өмір шындығы 57
- Жергілікті ақындар жырларындағы Есдәулетов үні 62
Қорытынды 67
Әдебиеттер тізімі 70
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Әдебиеттану ғылымында азаматтық лирика мәселесі ертеден қозғалып келе жатқаны мәлім. Әдебиеттегі азаматтық лирика мәселесі туралы көптеген зерттеу еңбектері бар. «Жалпы, қай дәуір ақындарын алсақ та, негізінен өлеңіне өміршең қуат, сөнбес от беріп тұратын тағы да осы азаматтық әуен, ақынның дүниетанымдық позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан табыстырып, жалғастырып жататын дәстүр өзектері де сол төңіректен туындайды» [1, 143 б] .
Азаматтық үн бірлігі ақынның даралығына нұқсан келтірмейді. Азаматтық жырлар саяси тақырыпқа да, махаббат, табиғат тақырыбына да жазылатынын көріп жүрміз. Бұл күмәнсіз. Кей-кейде айтылып жүретін азаматтық әуенге тек күн талабына, болмаса, саяси тақырыпқа публицистикалық леппен жазылып жүрген жырларды еншілеп айдар тағып қоятынымыз өрескел. Тіпті, әрі-беріден соң, азаматтық әуен мен публицистикалық өлең дегендердің теориялық, түрлік ұғымдары, сипаттары екі басқа.
Азаматтық әуен жөнінде сәл де болса, бөле-жара пікір білдіруге талпынғандағы мақсатымыз - ол тек поэзия ғана емес, жалпы өнер атаулысының ең бір өміршең, әрі қасиеттісі екенін айта кету.
Біз ендігі әңгіме етсек деген ақын жырларына да осы тұрғыдан келдік. Әрі азаматтық әуен, әлеуметтік тереңдік бүгінгі поэзияның да жарқын бояу - нәрі ғой. Бұл бояу қазіргі ақындардың жырларында шама шарқынша өз реңімен көрініп жүр.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты талантты ақын Ұлықбек Есдәулетов шығармашылығы туралы аракідік мақалалардан басқа іргелі зерттеулер жоқ. Мақалалардың басты көпшілігі ақын шығармашылығына жалпылама сипаттаулар жасаудан аса қоймаған. Әсіресе оның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген шығармашылығы арнайы зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты ашуға бағытталған.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері .
Жұмыстың негізгі мақсаты Ұ. Есдәулетов шығармашылығындағы азаматтық лириканың тақырыптық-идеялық көрінісін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
- Осы ақынның өлеңдерінің негізінде азаматтық лириканың поэзиялық шығарманың бейнелілігі арқылы танылатынын дәлелдеу.
- Бүгінгі поэзиямыздағы азаматтық сарынның ашылуына жанрлар мүмкіндігінің ықпал ететінін көрсету.
- Ұ. Есдәулетов шығармашылығы арқылы азаматтық әуен мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын айқындау.
- Азаматтық лириканы бейнелеу жүйесі аясында қазіргі қазақ поэзиясының негізгі жетістіктерін, көркемдік ізденістерін саралау.
Зерттеудің объектісі .
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ұ. Есдәулетовтың «Жұлдыз жарығы», «Жүректегі жарылыстар», «Ұлыстың ұлы күні», «Заман-ай», «Киіз кітап» атты өлең жинақтарын алдық.
Жұмыстың теориялық негіздері .
Аталған мәселелердің шешімін табу үшін көптеген ғалымдардың, әсіресе поэзиялық шығармалардың стильдік, жанрлық мәселелеріне арналған бірқыдыру еңбектерді басшылыққа ала отырып, олардың ой-тұжырымдарына сүйендік. Атап айтсақ: З. Ахметов «Өлең сөздің теориясы», «Поэзия шыңы-даналық», Б. Кәрібаева «Қара өлең және лирика», А. Егеубаев «Сыр мен сымбат», Қ. Мырзалиев «Сөз сиқыры», Қ. Бекхожин «Өлең өткелдері», С. Негимов «Өлең өрімі», Қ. Мәшһүр-Жүсіпов «Өлең-сөздің патшасы», Ә. Жөмішев «Жыр жанры».
Жұмыстың жаңашылдығы .
Ұ. Есдәулетовтің поэзиясындағы азаматтық лирикасына жан-жақты талдау жасалуы.
Азаматтық лирика ақындық тұлға арқылы танылатыны мәлім. Ұ. Есдәулетовтің шығармашылығын талдай отырып, қазіргі қазақ поэзиясындағы азаматтық сарында ашу жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы .
Зерттеу жұмысын орта мектептердің, педагогикалық колледждердің әдебиет пәнінде қазіргі қазақ поэзиясы туралы сөз қозғағанда пайдалануға болады. Әсіресе, Ұ. Есдәулетов шығармашылығы туралы ғылыми жоба қорғау, реферат жазу, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін атқара алады.
Жұмыстың құрылымы .
Бітіру жұмысымыз кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған.
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕН, ОЛ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Поэзия - қасиетті де киелі сөз. Поэзияны үлкен құлып десек, оны ашатын алтын кілт - ақын жүрегі. Ақын халықтың сүйікті де ардақты азаматтарының қатарында тұрады. Халық қалаулысы болу ақынның тілге шешен болуы ғана емес, сонымен бірге халық тұрмысының шындығын суреттеуі, оның қуанышына бірге қуанып, қайғысына бірге қайғыруы.
Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский поэзияға мынадай анықтама береді: «Поэзия - сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Поэзия - көрікті қыздың жүзіндей ұялшақ, албырт қызғылт, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі. Әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғақ сымбатының мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры… Поэзия - қайраты қайнардай балғын жігіттің отты көзі, өрен ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ болған тойымсыз талабы… Поэзия - ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін әбден билеген, өмір үшін жетіккен, тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңескен көңіл көзі көреген, ойға батыл, майданға батыр ер қуаты. Бүкіл әлем, гүл. Бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір - поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар - поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні» [2, 126 б] .
Поэзия Фариза ақынша айтқанда:
«Поэзия - әйелдей жұмбақ әлем,
Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем
Жаны - тұнған тұңғиық тереңдікте
Қимылы - ырғақ, әуен
Поэзия - арудай
құпиясын
Ұқтырар жылдап әрең…» [1, 38 б]
«Шетсіз де шексіз кең далада тыңдаушысы ашық аспан, толағай таулар мен жазира жайлау болған қазақ халқы әу бастан өлең мен жырды еншілеп өскен небір төкпе, суырып салма сұңғыла ақындар өз елін өнер құдіретімен тамсанта білген. Бауыры жазыла түскен бәйге атындай арқалы ақындар алқалы топта жыр төккенде, бойында қаны қызып, бала қырандай шаңқ етіп, сілкінбей қалған дала перзенті болмаған. Сол ақын халық, батыр халық елдің дәстүрінен нәр алып, оны қастерлеп, уақыт елегімен елеп-екшеп, барған сайын жаңарта, құлпырта беру болашақтың міндеті» [3, 3 б] .
Қазіргі қазақ поэзиясы ақынға да, өзіне лайықты бояуға да кенде емес.
«Бүгінгі қазақ өлеңдеріндегі ең қымбат, ең қызықты проблемалардың қатарында өзекті екі желіні атап едік. Олар - поэзиямыздағы халықтық рух пен азаматтық әуен, дауыс» [1, 197 б] .
«Азаматтық үн… Жалпы, қай дәуір ақындарын оқысақ та, негізінен өлеңіне өміршең қуат, сөнбес от беріп тұратын тағы да осы азаматтық әуен, ақынның дүниетанымдық позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан тыбыстырып, жалғастырып жататын дәстүр өзектері де сол төңіректен туындайды» [1, 143 б] .
Азаматтық лирикаға ғалым З. Ахметов былайша анықтама береді:
«Азаматтық лирика - лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. Адамның белгілі бір дәуірге байланысты ой-арманын, мақсатын жырлайды, жалпы әлеуметтік мәселелерді толғайды. Сондықтан азаматтық лириканы кейде саяси-әлеуметтік лирикаға қосады. Әлеуметтік тақырып, саяси сарындар, әрине лириканың барлық түрінде кезедеседі. Халық қамын, оның қоғамдық халін шығармасына арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық сарын басым болмақ. Тақырыпты көтеру арқылы ақын заман сырын ашады. Әсіресе оның қайшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, алға, болашаққа жол сілтегендей ой қозғайды» [4, 32 б] .
«Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді» [5, 239 б] .
«Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жағдайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да лирикада сол кезеңнің шындығы мен сыры жатады» [6, 310 б] .
В. Г. Белинскийдің сөзімен айтсақ: «Ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттердің бәрі бар». [2, 135 б] .
«Поэзиядағы азаматтық үн әрқашан оның өнерлік күшін де, қоғамдық қызметін де айқындайтыны белгілі. Бүгін азаматтық дегеннің де мазмұны өзгерді. Бір кезде ұран үлгісінде жазылған өлеңдерді, риторика мен жалаң социологиялық үгітке толы жырларды ғана азаматтықтың үлгісі есебінде қараған кездеріміз де болған. Бүгін соның бәріне қарсы күресе отырып, қоғамдық құбылысқа, адамның жан дүниесіне тән сипаттарға терең талдау бере білетін жырлардың бәрінен де азаматтық үн табамыз. Шын ақын өз дәуірінің, өз замандасының сырына үңілмей тұра алмайды. Содан тапқаны мен көргенін айтады, сол негізде халық өмірі, оны толғантқан мәселелер жайлы ойланады, соның бәрін оқушысымен бөліседі. Поэзия - өзіңді, өз құпияңды ашу, жария ету, Абай тілмен айтқанда, «сырыңды жұртқа жаю». Поэзиядағы азаматтық әуен де сондықтан ақынның азаматтық кейпінен тұрады. Өз заманының алдыңғы қатарлы идеясымен қаруланған, әрқашан жаңалық пен жақсылықтың жаршысы, биік мұраты бар ақын - өз елінің азаматы да. Ендеше, оның бойындағы ақындық пафос пен рух та, оның адамзатпен, уақытпен сырласуы да, өзімен-өзі кеңесетін шақтары да қоғам, ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті арманымен ұштасып жатады», - дейді С. Қирабаев [7, 40 б] .
«Азаматтық - идеялық-эстетикалық категория. Ол ақынның творчестволық позициясын, дүниетанымын белгілейді, сөйте тұра, өлең сөзге өлмес өмір сыйлайды» [1, 143 б] .
«Ақын мен уақыт - егіз. Ақынды уақыт туғызады, ал ақын өз творчествосында сол уақыттың жанды бейнесін жасайды, заман шындығын, өмір сырын уақыт тезімен өлшеп, оны көркем образға айналдырады. Уақыттың үш мезгілі де ақын еңбегіне өлшем бола алады, оның ойына ой қосады, түсінігін байытады, сезімін толықтырады. Осы үшеуінің бірлігін сақтай отырып, ақын жалпы уақыт атынан сөйлеуге өкілдік алады. Шындыққа, тарихи фактілер жүйесіне өз дәуірінің көзімен қарап, уақыттың заманға әсерін таниды. Бүгінгі өмір материалын кешегімен салыстыру оған ертеңгі болашақты барларлық мүмкіндік туғызады. Мезгілдің осы бірлігін, тұтастығын танығанда ғана ақын ойы толысады, көзқарасы жетіледі. Егер ақын тек көргенін тіркеуші ғана болса, ол өмірде аңдағанын тарих сабағымен жинақтап қорыта да алмайды, ілгері тіршілікке тіреу ете алмайды.
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл - ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.
Поэзиядағы азаматтық әуен де ең алдымен ақынның азаматтық тұлғасына байланысты. Әдебиеттің халық алдындағы биік мақсат-мұратын дұрыс түсініп бағалаған, сөз өнерінің күнін ардақтай сыйлаған, өмір шындығын, қат-қабат құбылыстарын оның терең мазмұнына үңіле отырып суреттей алған ақын жыры әрқашан қоғамдық, азаматтық мәселелерді көтереді. Ақынның азаматтық тұлғасын оның шығармаларының азаматтық үні ғана таныта алады» [7, 159-160 б] .
Жазба әдебиетте азаматтық сарын Абай шығармаларынан бастау алады. «20-ғасырдың бас кезінде бұл сарындағы лирика Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды. Қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелері халықтың тағдырына, мүдделеріне кемшілігіне байланысты сарындар азаматтық лирикаға арқау болды. Азаматтық лириканың тамаша үлгілерін С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Т. Жароков, Қ. Аманжолов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжімеденов шығармаларынан табамыз» [4, 33 б] .
«Қай заманда да қазақ өлеңінің бағы тайып, сағы сынған жері жоқ. Заман сырын, замандас келбетін, яғни өмірдің өзін жырлау жөнінде қазақ ақындарының монында қарыз жоқ сияқты. Атам заманғы Кет-Бұға, Асан-Қайғыдан Абайға, кешегі Мағжаннан Мұқағалиға дейінгі аралықтағы ақындардың шығармаларын оқи отырып осындай ойға қалып, түйін түйесің және бұл пікірдің талассыз екенін мойындайсың» [8, 410 б] .
Тіл тұсалып, ой тұтқындалған тұста, шындық шырғалаңға түсіп, сөздің саудаға салынған, саясаттың қақпайына бағынған кешегі тоқырау жылдары да қазақ жыры ақиқат жолын ұстады. Орағытып өтіп, орайын тауып, қиын жағдайда қисынын келтіріп, кемел ойлы, келісті, кестелі жыр маржандарын тізген ақиық ақындардың көркемдігін шығармаларын оқи, біле жүріп те осындай ой түйіп, тұжырым жасайсың.
Әлбетте, әр заманның өз жыршысы болуға тиіс. Рас, ұлы ақындар ұлт өмірінде өшпес із қалдырып, жырлары мәңгі жасайды. Солай бола тұра әр заманның сыры бөлек, ендеше жыры да бөлек қой.
Қазір заман да, қоғам да, соған орай өмір де, адам да өзгерген шақ. Жалғыз қазақ елі емес, жер жүзінде ғажайып жаңалықтар, ғаламат өзгерістер бар. Ендеше, сол уақыт көшінің-алмағайып заманның аңсысын аңсап, ақиқатын аңғартып өлеңде өрнектейтін өзгеше сипаттағы жаңа ақындар керек. Бұл орайда қазіргі қазақ әдебиетінің орға жығылып, орта жолда қалып қоймайтындығы көңілге медет, ойға азық. Ескі және жаңа замандардың арасындағы өлара мезгілдің өзінде-ақ қазақ поэзиясына сыры да, жыры да бөлек жаңа ақындар толқыны келіп қосылып, ұлтымыздың көркем ойының көшін түзуде.
Жаңарған заман, өзгерген қоғам сияқты жаңа ақындар да көктен түскен, ғажайыптан пайда болған жоқ. Абай, Махамбет, Мағжан, Ілияс дәстүрін дәріптеп, қазақ өлеңінің жұлдызын жарқыратып, көкке көтерген Қасым, Ғафу, Жұмекен, Мұқағали, Фариза, Тұманбай, Қадыр сынды саңлақтардан қара үзіп кетпесе да жаңа ақындарға із салған кешегі Кеңшілік, Жұматай, Жарасқан, ортамызда жүрген Темірхан, Мұхтар, Иранбек, Исраил, Ұлықбек, Есенғали. Осынау кешегі жас, бүгінгі бас ақындардың тынымсыз ізденістері, құдай берген құдірет дарындары нәтижесінде қазақ поэзиясына жаңа ақындардың тегеуірінді легі келіп қосылғаны анық. Олар біреу-екеу емес, бір топ. Атап айтсақ, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, Жанат Әскербекқызы, Нұрлан Мәукенұлы, Маралтай Райымбекұлы. «Толқыннан толқын туады» дегендей, осы ақындарымыздың ізін басып келе жатқан жас толқынның бар екенін айтпай кету мүмкін емес.
Шын ақын - қашанда өзгеріс, қашанда жаңару мен жаңғыру. Әрине, ол өзгерістер, ол жаңару мен жаңғыру өзінен-өзі пайда болып, өзінен өзі түзіліп жатпайды. Олар ақын жанының қоршаған орта әсерімен, ең бастысы уақыт пен заман лебімен жанды байланысынан пайда болары белгілі.
Ақын толысып, кемелденген сайын оның бойындағы құбылыстардың ошағы кеңіп, отыны молая түседі. Заманмен байланысты о баста басталғандай әлсіз бір талшықтармен емес, білем-білем күре тамырлармен жалғасып кетеді. Мұнан да дәлірек айтсақ, ақын бара-бара өмірдің, уақыт пен заманның қызығы мен мұңын төбе үстінде отырып қадағалап, бақылаушыдан сол өмірдің, сол заман мен уақыттың қызығымен гүлдеп, мұңымен өртенушіге айналады. Бұл - енді ақынның уақыт пен заманмен тағдырлас болып кетуі.
1. 1 Азаматтық лирика және ұлттық рух
«80-90 жылдардағы қазақ поэзиясы жайлы сөз қозғағанда, осы жылдардағы тарихи жағдайды айтпай кету мүмкін емес. Бұл кезең халқымыздың өмірінде аса үлкен тарихи маңызы бар уақыт болғаны мәлім. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық сананың ұлы төңкерісі болды. Орыс империясының шырмауындағы қазақ халқы бодандық бұғауын үзіп шықты. Желтоқсан оқиғасы жаңа тарихи кезеңге жол ашты. Қазақ халқы егемендігін жариялап, Ата Заңын қабылдап, өзін әлемге танытты. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы поэзиямыздың көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Дамыған сайын, ондағы ұлттық белгілер ашық бедерлене түсті. 80-90 жылдардағы қазақ ақындарының өлеңдері осы ойымызды айғақтайды» [9, 79 б] .
Ең алдымен, ұлттық рух деген не? Соған тоқтала кетсек.
Ұлттық рухқа «Төрт ана» атты кітапта былайша анықтама берілген.
«Ұлттық рух дегеніміз - өте киелі ұғым. Ол өзге халықтан бөлектену, оқшаулану, өз артықшылығыңды көрсету, өзгеге менсінбей қарау дегенді білдірмейді, оның беті аулақ болсын, оны шовинизм дейді. Біздің халық ешқашан да оның дертіне шалдығып көрген емес, алдағы уақытта да сол кесепатты ауруға ұшырамас та. Ұлттық рух дегеніміз - өз ұлтыңның озық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, таңғажайып тілін бала кезіңнен бастап, қашан жер құшағына енгенше төбеңе ту етіп көтеру, тілін, тәрбиесін берген халықтың лайықты азаматы бола білу деген сөз» [10, 30 б] .
80-90 жылдары қазақ поэзиясына жаңа леп алып келген жас ақындар, қазіргі аға буын ақындар Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенұлы, М. Ақдәулетов еді.
Тыныштықбек Әбдікәкімовтың мына бір сыры мен арм анына құлақ түріп тыңдайықшы:
… Мен бейшара Даламның айтқан сырын,
пенделердің тіліне аударамын!
Ей, Уақыт, сөз берме,
Берсең маған
Ұлып шыққан ойлардың кезегін бер! [2, 20 б] .
Ақын ұлы Даланың сырын ұғып, тереңнен ой толғап, соны өлең түріне көшіруге өлердей ынтық, құштар. Пайымдауымызша, Тыныштықбек өлеңін өзі жазып отырмағандай, тек Даланың сырлы жырын жүрегімен тыңдап, жанарына көшіріп, қағаз бетіне түсіргендей.
«Жалпы, Т. Әбдікәкімов нені айтып, нені жазса да тыңнан жол салуға шебер. Оған айсыз түнде даласы мен дарыны адастырмайтын, жалғызсыратпайтын жансерік. Ақын арманы - табиғаттың қаз қалпында сақталуын аңсау» [8, 417 б] .
Көлдерімді, шіркін-ай, сақтап қалсам,
Көдерімнің мөлдірін берсем де мен! [2, 22 б] .
Көзін берсе көлін сақтап қалуды армандаған ақын сөзінің ақиқаттығына сенесің.
Қайдасың сен, бауырым - қоңыр тауым?!
Қайдасың, самал жел - қарындасым?!
Қайнамайды мендегі қалайша қан:
(Қаңтарда да көрмедім балауса қар!)
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
Көде мұртты Далам-ай, селеу сақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым,
Түйсіктердің сайраған тілі қане?
Көрсетпеші, бұралқы итке айналып,
Ағысы жоқ арнаның ұлығанын!…
Тонауменен, Далам-ай, күн кештің-ау
Тоғайлардан томарлар ғана қалған!…
…Жарасынан жанымның дірдек қағып,
Дірдек қағып, қып-қызыл жыр ағады… [2, 23 б] .
Тоналған табиғат, күйкі тірлік құрбаны болып кеткен адамдарды көрген ақын сан қилы ой жетегіне ілеседі:
Тағдырыңа тақсырет тап болды ма,
Сыртыңда - шөл, жұртым-ай, ішіңде - шер?!
…Неге, неге, мына жұрт салғырт, керең?
Ойлай білер ұлдары мәңгүрттенген… [2, 27 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz