Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ түрлерінде оқушылардың тілін дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... 3

I Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы ... ... ... ... ... ... 4

1.1. Әдіс туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ...5.9
1.2. Оқыту әдісінің жалпы түрлері ... ... ..10.11

II Негізгі бөлім
2.1. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу . әдістемелік топтама ... ...11.12
2.2. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістері ... ... ... ... ... .12.20
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..25.26

IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ..27
Қазақ тілін оқу, білу не үшін керек? Себебі қазақ тілі – қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен сипатталады.
Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары және арнаулы орындарда арнайы пән ретінде оқытылуда.
Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді,ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз, 2006.
2. Парамонова Л.А., Протасова Е.Ю. Дошкольное и начальное образование за рубежом: история и современность. - Москва, Издательский центр "Академия", 2001.
3. Сакенова Е.Н. Современные тенденции совершенствования образовательного процесса в начальном звене. - Открытая школа, №2, 2005.
4. Жұмашева Т.С. Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында қолданудың ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.
5. Жұмабаева Ә. Қазақ тілін дамыта оқытуда әңгіме әдісін қолдану. «Бастауыш мектеп»№11-12. 2006ж.
6. Құдабаева Қ. Білім берудің бағыттары. «Бастауыш мектеп»№7. 2006ж.
7. Аймағамбетова Қ. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.
8. Ералиева М. Ауыл мектебінің бастауыш сатысында оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру. «Бастауыш мектеп»№10. 2006ж.
9. Тойбазарова Н. Грамматикалық ұғымдарды дамыта оқыту технологиясын педагогикалық психология тұрғысынан тану негіздері. «Бастауыш мектеп» №7. 2006ж.
10. Ауесхан А. Бейіндік оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы. «Бастауыш мектеп» №. 2006ж.
11. Қараев Ж. Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе. Алматы. Рауан. 1992. 90-101
12. Жүнісжанова А. Оқыту әдістері туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы. «Бастауыш мектеп»
13. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: 2006.-170 бет
14. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Дидактические основы обучения в высшей школе: Учебное пособие. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина. – Алматы,2000 г., 178 с.
15. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: ғылым, 2006.-280 бет.
16. Қалиев ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., О.Төлегенов. Қазіргі қазақ тілі: Жаттығулар жинағы (Көмекші оқу құралы). - Алматы: «Ана тілі», 1997-328 бет
17. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2001. – 192 бет, суретті.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақ тілін оқу, білу не үшін керек? Себебі қазақ тілі – қазақ
республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен
мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін
бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік
тармақтарымен сипатталады.
Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары және арнаулы орындарда
арнайы пән ретінде оқытылуда.
Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді,ойын анық, дәл
жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және
оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты,
адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде
К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен
басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы
қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі
— барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп
көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі
пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа
пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д.
Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану
ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен
айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің
бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті
пән екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа
тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да
дәл түсінеді.
Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту
сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні,
үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік
бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және
оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:
1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды. Шәкірт ұғымына
сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп
алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;
2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде. үнемі
дағдыландыру;
3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне
әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер. адамгершілік мінез-
құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызу. Үздіксіз білім беру бастапқы
процестен басталып, мемлекеттік жүйе және қоғамдық мекемелермен жалпы
біліммен адамды мамандыққа даярлау нәтижесімен көрінісін беруі қажет.
Үздіксіз білім беру жүйесі - бір жағынан ыңғайлы, екіншіден, әлеуметтік
педагогикалық принцип XXI ғасырдағы тұтас жүйе болып табылады. Үздіксіз
білім беру жүйесі адамның өмір бойы жалпы жүйеден, жүйелеп білім алуына
бағытталған, білім беру мекемелерінен тұрады. Осы жүйеде мемлекеттік,
мемлекеттік емес, жалпы қоғамдық базалы және қосымша білім беретін
мекемелердің өзара байланысынан құрылған. Білім беруді тұтас басқару
жүйесі: білім беру министрлігі, академиясы, мемлекеттік және мемлекеттік
емес жоғары мектеп-университеттер, институттар (магистратура,
докторантура), департаменті, қосымша білім беру мәдени-тәрбие ұйымдары,
білімді жетілдіру иституттары, білім беру департаменті-аймақтық, облыстық,
қалалық, аудандық, ауылдық- орта білім лицей, гимназия, колледж, толық және
толық емес білім беру-қалалық политехникалық колледж және ауылдық
политехникалық колледждер;
Жалпы вертикал бойынша, мектепке дейінгі, жалпы орта мектеп, кәсіби білім
беру, жоғары мектеп, мамандықты көтеру іс-әрекетінің өзгеруіне байланысты
қайта даярлау, жалпы білімдік деңгейін және мәдени көзқарасын байыту. Бұл
жүйенің компоненттерінің бәрі горизонталды түрғыдан өзара байланысты.
Мысалы, мектеп, мектептен тыс, мектепке дейін және отбасы тәрбиесін
жатқызуға болады. Байланыс оқыту формасында да мемлекеттік, мемлекеттік
емес, қоғамдық мекемелерде байқалады. Үздіксіз білім беру негізі мектепке
дейінгі және базалық, жалпы орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде және
кәсіби білім берудегі түрлі типтік мекемелерде іске асырылады. Білімнің
негізі мен танымдық білік осы мекемелерде қалыптастырылады. Бұндай жағдай
жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік рөлін қамтамасыз ететін және
гуманистік, гуманитарлық бағытының мазмүнын. сонымен қатар педагогикалық іс-
әрекеттің әдістері мен формасына ықпал етеді.
Бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін
оқыту мұғалімнен қажырлы еңбекті талап ететіндігі сөзсіз. Бұл тұрғыда,
педагогикалық менеджмент ұғымына тоқталып өтудің маңызы зор. Менеджмент
ұғымы ауда-саттық пен бизнеске қатысты көптеп қолданылып жүргендігі анық.
Ал педагогикаға, бастауыш мектепте оқытуға қатысты бұл ұғымды қалай түсіну
керек?
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруден және
оларды дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа, алынады:
1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына
сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды
іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті;
2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі
дағдыландырады;
3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне
әсер етіп, совет адамына қажетті моралъдық қасиеттер, адамгершілік
мінез – құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.

Курстық жұмыстың объектісі: Қазақ тілінде жүргізілетін
сабақтарда оқушылардың тілін дамыту мәселелері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныпта қазақ тілінен
жүргізілетін қазіргі сабақ түрлерінде оқушылардың тілін дамыту және
сөз қорын арттыруға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс –
тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Бастауыш мектепте оқушылардың қазақ тілі кезінде тілін дамыту және
сөздік қорын молайту жұмыстарының негіздерін анықтау.
2. Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ
түрлерінен әдіс – тәсілдерін талдап көрсету.
Зерттеудің әдісі: Зерттеудің алға қойған мақсат
міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық ғылыми әдістемелік теориялық
әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды
іріктеу, педагогикалық озық іс – тәжірибелерді жинақтау және талдау
әдістері қолданылады.

2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді.
Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына,
ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты
қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын
мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды
тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша
тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және
орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс
меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады.
Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып,
ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Қазақ тілі біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттеледі. Мұның
мектепке қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ
тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз
тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының
баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруіне жағдай жасады.
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай
дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте
оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап
айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы,
орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің
сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің
жалпы заңдылықтарымен таныстыру-қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі
объектісі болып табылады және оның әшқайсысы әдістемелік амал – тәсілдерсіз
оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша
белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту
әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе,
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-
санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми
зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын
орны ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай
меңгеретінін, оны күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да, қазақ тілінің бағдарламасы мен
оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшелігі
мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Оқу–тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе – мұғалімнің психологиялық
жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тіліг оқытуда мынадай психологиялық
ерекшеліәктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі
ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуі
тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай
психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың
әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан
неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл –
мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте
тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай –
сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер
шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы,
мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы келбет-
пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге, олардысыйлай
да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т.б. Мұғалімнің
сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып ұжымын тегіс
меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі тактілермен
дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардың
логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады.
‡шінші жағдай – сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің
материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында, дидактикалық заңды
принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар мен тәжірибе
жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты.

1.1. Әдіс туралы ұғым.
Әдіс – грекше зерттеу жолы деген сөз.Басқаша айтқанда адамның ақыл-
ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Әдіс
мынадай түрлерге бөлінеді: 1-әдіс, 2-оқу әдісі, 3-мұлалімнің оқыту әдісі, 4-
оқушылардың білімді үйрену әдісі.
Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту,
оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың
өзара біліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Оқу – екі жақты процесс, оған бір жағынан – мұғалім, екніші жағынан –
оқушылар қатысады. Мұғалім оқу жұмысын ұйымдастырып, оған тікелей басшылық
етеді. Ол оқушыларға жаңа білімді түсіндіреді, танымдық қызметін
жандандырады, тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. Оқушы еңбегінің
қаншалықты тиімді болып отырғанын ескеріп, білімін бағалайды. Оқу
процесінің табысты болуында мұғалімнің теориялық дайындығы, методикалық
шеберлігі, педагогикалық әдептілігі шешуші роль атқарады.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір қадамды бөлігі және оның мақсаты,
мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып
табылады. Әдіс деген сөз гректің "методос" деген сөзінен шыққан. Метод
деген ұғым - белгіт ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жол-дары деген
мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын
береді.
Педаготкалық энциклопедияда "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жүмысы-
ның тәсіпдері, солардың көмепмен оқушы білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді; оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды" - деп
жазылған. "Әдіс - дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты
ретке келтіру тәсілдері".
сөздік "Әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке
салынған іс-әрекет" - деген анықтама береді.
"Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім
оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым - қатынасының тәсіл
-амалдары", - деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында
білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дуние танымдылығы мен
қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушыпар-дың өзара әрекетінің барысында білім
алу жолдары.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар-дың өзара әрекетінің негізінде білім,
тәр-бие және таным процесін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты аныктамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты
көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-
әрекет".
Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын
оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен
қуралдарының жиынтығы болып табы-лады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен
оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін уйымдастыруда өзінің
іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру -үнемі айтыс туғызып келе жатқан педаго-
гикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да
бар.
ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков,
К.П.Ягодовсжий, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек,
эвристикалық, зертгеу, лабораториялық әдістерін жасады. 30-шы жылдары
М.М.Пистрак, П.Н.Шим-бирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа адістврін ұсынды.
Бұларға әңгіме, әңпмелеу, көрсету, демонстрация, лекция.кітаппен жұмыс,
лабораториялық жұмыс жатады.
1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша
көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лард-Кипанидзе оқыту әдістерін
топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері,
оқыту тәжірибелік сабақтар адістері.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары
Е.Я.Голант, СХ.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып,
оқыту әдісінің жаңа классификациясын усынып, оларды үш топқа бөлді:
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;
2. Көрнекілік әдістер тобы демонстра-ция, иллюстрация, бақылау;
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдютөр тобы лабораториялық, практикалық,
графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
Ғылыми педагогикалық әдістерде топ-тастырудың жиырмадан астам түрі бар
екен.
1. Оқушылардың таным белсемділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктив әдіс; - проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов,
Т.А.Ильина):
- жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;
- техникалық қуралдармен жұмыс істеу әдісі,
• өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру әдісі;
- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тутас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
- ой-танымдыл ық әрекеттерді уйымдас-тыру;
- - оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі ба-қылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психология-лық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг);
• ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай
(В.Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
- керкем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең кәл тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес
(ИХОгородни-ков, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда
білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Осы айтылған мәселерді пайдалана отырып, қазақ тіліндегі зат
есімдерді оқыту туралы біршама кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз.
Мектепте зат есімді оқыту аса қиындық келтірмейді, өйткені зат есім туралы
түсінік балаларға бастауыш сыныптардан белгілі. Зат есімді оқыта отырып,
тіл дамыту жұмысын мьнадай бағытта ұйымдастыруға болады. Ең алдымен мұғалім
зат есімнің не екенін түсіндіруі тиіс. Зат есімнің жалқы және жалпы
түрін,заттың аты, заттық ұғымды білдіретін белгілердің аты, т.б. зат
есімдерді түсіндіруі қажет. Ол үшін мұғалім мынадай мәтіндерді магнитофон
арқылы оқушыларға тыңдатып, қандай зат есімдерді байқағандарын айтқызады.
Мәтінді мұғалім күні бұрын магнитофонға түсіріп, дайындауы қажет. Әрбір зат
есімді балаларға сөйлем ішінен ерекше үнмен, екпінмен аңғарту мақсат
етіледі. Оқушылар мынадай мәтінді тындауы қажет:

Балақай-ау, балақай.
Жаз келді жайнап, алақай!
Қызғалдағын қызартып,
Шақырады қыр мен сай.
Көк ала қанат көбелек,
Селтең етіп жөнеледі,
Қызықсьн деп сендерді,
Айналады дөңгелеп
Алақай-ау, алақай,
Қара-қара балақай.
Құйрықтарьн тістесіп,
Ойнақтайды құльн, тай.
Ботақандар иіліп,
Бұзау мұрнын шүйіріп,
Қошақандар құржыңдар,
Лақ сеқіреді сүйініп—
(М.Хакімжанов, Ақ қала)

Балалар мынадай зат есімдсрді атауы тиіс: балақай, жаз, қызғалдақ,
қыр, сай, көбелек, құлын, тай, ботақан, бұзау. қошақан, лақ. Бұдан кейін
мұғалім осы зат есімдердің қандай заттық атауларды білдіріп тұрғанын сұрауы
қажет. Олар гүд, төрт түлік мал, жыл мезгілі деген заттық белгілерді,
атауларды айтуы тиіс.
Мұғалім зат есімді оқыту тұсында жер, су, қала, т.б. заттық ұғымдардың
этимологиясымен таныстырғаны жөн. Мұғалім сабақтың ыңғайына қарай мынадай
географиялық атаулардың нені білдіретінін, қалай шыққанын және үйренген
сөздсрін сөздік дәптерлеріне жаздырьп отыру қажет. Мысалы: Тынық мұхит
–біріші рет жер шарын айналып шыққан саяхатшы Магеллан мұхиттың өте тынық
екенін байқағандықтан-, оны Тынық мұхит деп атаған. Енисей— эвенкі тілінде
Йоанеси - үлкен өзен деген сөз, ненец тілінде Енасе- кең өзен деген
мағынада. Амур эвенкі тілінде – Та-Тур -өте үлкен өзен деген сөз. Зеравшан
өзенінен алтын алынған екен. Сондықтан осылай аталыпты. Ялта – грек сөзі,
грекше ялос- жаға деген сөз : теңіз жағасы мағынасында аңғарылуы қажет.
Аңғара – бурят тілінде аңғар, таудағы шатқал деген сөз. Батуми –латынша
батус- терең қойнау деген сөз.
Оқушьлардың вокзал деген сөзді білмейтіндері жоқ. Оны темір жол
станциясыньң үйі дейді. Міне осы вокзал сөзінің аталу тарихы бар. Лондонға
жақын жерде француз қызы Жанна Вокстің серуендейтін үлкен бағы болыпты. Сол
бақты қыздың атымен Вокс (вокзал) деп атапты. Ресейде темір жол бойында
үлкен жиындар болып, халық топтанып ойын-сауық жасайтын болған. Халық оны
вокзал деп атаған. Сонда вокзал деген ұғым халықтың көңіл көтеріп, қыдырып,
ойын-сауық жасайтын орны болғаньн аңғартады. Мұндай сөздердің, шығу тарихын
түсіндіру балалардың сөздік қорының дамуына әсерін тигізеді.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой
процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал, оқушылардың
үйрену методы дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру
тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рольді мұғалім атқарады.
Сол себепті мұғалімнен білімділік және методикаға төселген шеберлік талап
теіледі. Ал, оқушылар болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу
дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты
белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық
мақсаттарға жете алады.
Оқыту әдісінің негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
методологиялық негізі дүниетаным теориясы болып табылады.
Оқыту әдісінің педагогикалық және психологиялық негіздері де бар.
Біріншіден, оқыту әдісіоқудың мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді. Оның
өзі оқушыларды тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды.
Екіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі дидактика принциптерін өз
табиғатына лайықтап қолданады. Мәселен, теория мен практиканың
байланыстылық принципі қазақ тілін оқытуда кеңінен орын алады.
Үшіншіден, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдісі психология
ғылымына сүйенеді, оның жаңалықтарын негізге алады. Осыған орай балалардың
абстракциялы ойлау қызметінің даму деңгейіне сәйкестіріліп, грамматикалық,
абстракция элементтері енгізіліп келеді. Бұл ретте оқыту методы оқушылардың
жас ерекшелігіне, ақыл-ой дамуына, қабілеті мен талғамына сәйкес
қолданылады.
Төртіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі оқу мазмұнына шарттас құралыдаы.
Оқу мазмұнының өзгеруіне байланысты оқыту әдісі де өзгеріп отырады. Мысалы,
сынып сайын оқу материалының бірте-бірте күрделене түсетіндігіне сәйкес
оқыту әдісі де оқушылардың бақылау, ойлау қабілетін дамыта түсетін өздік
жұмыс әдістеріне көбірек орын беріледі.
Бесіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі тіл білімі ғылымының зерттеу
әдістеріне тығыз байланысты әрі біршама оған бағынышты келеді. Бірақ ғылыми-
зерттеу әдістері мен оқыту әдісі бірдей емес. Оқыту негізінде, ғылымда анық
танылған білімді баяндау, түсіндіру логикасын көрсетеді, оқушылар ондай
білімді ұғынып меңгереді. Дегенмен оқыту әдісі зерттеу жолын да қолданады.
1.2.Оқыту әдісінің жалпы түрлері.
Мектептегі оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат – тәрбиемен қатар
саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді өздігінен
меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті
дарыту. Бұл игі мақсат оқыту тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде
оқушының өздігінен жұмыс жасауына себін тигізетін тиімді әдістерді қолдану
жолымен жүзеге асады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарда қазақ тілін
оқыту ісінде өзін практикада ақтаған – жинақтау, индукция-дедукция, бақылау
және эврикалық әдістер пайдаланылып келеді. Мұғалім сабақта белгілі бір
әдіске жетекшелік роль бергенімен, оны мыңда бір дауа әдіске айналдырып
алмауды ойластырады, демек бір сабақта бірнеше әдістің элементін ендіріп,
оқу жүйесін тиімді, тартымды ұйымдастыру тәсілін іздестіреді.
Талдау-жинақтау – оқытудың жалпы әдісі. Ал оның жеке бөліктері –
салыстыру, таптау, саралау, абстракциялау, тұжырымдау, нақтылау, жүйелеу.
Талдау (анализ) әдісі қазақ тілінің табиғатына лайық келеді.
Оқыту әдісінің индукция және дедукция түрлері оқу материалдарын өту
кезіндегі оқушының ойлау жолдарына қарай қолданылады. Индукция – жеке
оқиғадан, нақты заттардан жалпы ережеге келетін ойлау формасы.
Дедукция – әдісін қолданғанда, жалпы ұғым анықтама заңдылықтарды
танудан жеке ережеге келетін ойлау қызметі орын алады. Бастауыш сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне қарай жаңа материал көбіне и н
ду к ц и я әдісімен түсіндіріледі.
Эврикалық немесе сұрақ-жауап әдісі. Дидактиктер бұл әдістің өзін үш
түрге бөліп қарастырады. Олар: проблемалық әдіс, ізденісті немесе ішінара
ізденісті әдіс және зерттеу әдісі.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда тіл дамыту әдісі кеңінен
қолданылады. Бұл әдіс оқушыларға ана тілінің сөздік қорын, сөз құрамын,
орфоэпиялық, орфографиялық ерекшеліктерін меңгертуді мақсат етіп қояды.
Сонымен бірге баланы дұрыс сөйлеуге, жазуға, өз ойын айтып беруге үйрету
жолын қарастырады.

2.1. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік
топтама.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен мынадай оқу-әдістемелік топтамалар
жасақталған:
Әліппе оқулығы - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі
бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық. “Әліппе” оқулығы Ш.Әуелбаевтың
жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р.Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А.
Құлжановалар жазып, 1997 жылы “Атамұра” корпорациясынан басылып шықты.
“Әліппеде” психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін
басшылыққа алады.
“Әліппені” оқыту мынадай кезеңдерден тұрады.
1-кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2-кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшеліктеріне қарай орналасқанласқан

Ана тілі оқулығы – 1-сынып Ана тілі - интеграциялық оқулық. Оқулықта
оқу материалдардың мазмұны маусымдық-тақырыптық принципке құрылған. Жалпы
сағат саны 126, аптасына 7 сағаттан оқытылады. Оқу-жазу – тіл дамыту
жұмыстарын өзара байланыстыра күнбе-күн ретіне қарай орнын ауыстыра отырып
жүргізу қажет. Оқулықтағы ақын-жазушылардың туындылары соңғы талаптарға
сәйкес, педагогика-психология және әдістемелік ғылымдардың соңғы
жетістіктеріне қарай іріктелген. Оқулықты негізінен 3 топқа бөліп
қарастырамыз, тақырыптары мынадай;
1. Біздің Отанымыз
2. Адам және табиғат
3. Отбасы және балалар
2-сынып Ана тілі 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 2- сыныптқа арналған
оқулыққа іріктеліп алынған материалдар негізінен халық ауыз әдебиеті
үлгілері, көрнекті ақын-жазушыларымыздың шығармалары мен үзінділері,
сонымен бірге танымдық маңызы жоғары кейбір ғылыми очерктер мен үзінділер,
мақалалар болып табылады. Оқулыққа енген материалдар құрылымы жағынан
тақырыптық принципке сәйкес орналастырылған.
3-сынып Ана тілінен 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. Әр бөлім сайын
сұрақтар мен тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар берілген.
Әңгімелер 400-500 сөзден тұрады. Әңгіменің соңында жоспар берілген. Тарих,
ауыз әдебиеті, халық педагогикасымен тәлім-тәрбие, адамгершілік, табиғат
атақты адамдар туралыәңгімелер Абай жолынан үзінділер бар. Сөздік
жұмыстары да қамтылған Жыл аяғында 7-8 мыңдай сөзді меңгеріп, 10-15 өлең
жаттау талап етіледі.
4-сынып Ана тілінен 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 4-сынып
оқулығының материалдар көлемі жағынан күрделірек. Жоғары сыныпта әдебиеттік
оқу курсына үлкен дайындық жасалады.
2–сынып қазақ тілі оқулықтарының мазмұны мен құрылымы. Еліміз егеменді
мемлекет болып танылғаннан бері мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа
талаптарға сай жетілдіру оқушыларлың ана тілінде сөйлеп өз ойын жеткізу
дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді
ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады. Соған орай Жалпы
білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамалары жасалып,
білім берудің ұлттық – этнопсихологиялық мәселелері зерттелуде. Қазіргі
заман талабына лайық жаңа бағдарламалар әзірленіп, соның алғашқы
нәтижесі – бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың жарық көруі. Солардың
бірі – 2 сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығы.
Қазақ тілі (2- сынып) бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда мүлде
жаңа. Оның жаңалығы – біріншіден, бағдарлама талабына орай оқулықта
материалдардың орналасу тәртібі өзгерді. Екінішіден, тілден
берілетін пәндік білім мазмұны жаңартылып, толықтырылды. Ең бастысы,
тілді қоғамдағы қарым-қатынас жасау құралы, қоршаған ортаны танып – білу
құралы ретінде үйрету көзделді. Бұрын балалардың орфографиялық
білім дағдысын қалыптастыру, грамматикалық ұғымдарды меңгертуге
байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз
жүргізілсе немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық
және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді осының бәрі де
мақсатқа–оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан
сауатты, стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және
жаза білу дағдыларына бағындырылады. Үшіншіден, оқушылардың
сөздік қорын молайту, сөз мағыналарын дұрыс ұғынып,
сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыруға айрықша
назар аударылады. Басқаша айтқанда, Сөз тарауы жаңа мазмұнда
оқушыларды алғашқы лексикалық ұғымдармен таныстыру мақсатында
қарастырылады. Сөз мағынасына қатысты жүргізілетін жұмыс оқулықтың ол
бойында үздіксіз беріліп отырды.
Төртіншіден, байланыстырып сөйлеуді дамытуға, ойлау қабілетін
жетілдіруге бағытталған Мәтін тарауы оқулыққа жаңадан қосылды. Мәтінмен
жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі
бола отырып, өтілген тілдік объектінің лексикалық және
грамматикалық жақтарын тереңірек түсіндіріп , талдай, жинақтай
білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын аңғартуға мүмкіндік
береді.
Оқулықтың құрылымы мынадай: 1- сыныпта өтілген білім негіздері
еске түсіріліп, жаңғыртылғаннан кейін, 2- сыныпта оқытылатын Тіл
және сөйлеу тақырыбы басталады. Одан әрі Дыбыс пен әріп,
Мәтін, Сөйлем, Сөз және оның құрамы , Сөз таптары тараулары
бағдарламада көрсетілген ретпен орналасқан. Ең соңында Жыл
бойы өткенді қайталау тақырыбы берілген.

2.2.Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістері.

Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама
бойынша оқулықтар жасалады.
Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі? Белгелі бір пәнді
үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз.
Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын
білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы
заңдылықтарын көрсетеді.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды:
1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру
әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету
әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа
сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте
сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға
негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері
(қиялға, ерікке негізделеді). Ал ІІ топқа баллардың қызығу мүддесін туғызу,
зейініні жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; ІІІ
топқа ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру
және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді
екенін мұғалімнің өзі айқындап, іріктеп қолданады.
Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісі -тілдік фактілерді
бақылату және талдау. Бұл оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушыдардан
ереже мен анықтамаларды саналы түрде түсіну, өрі есте саңтау талап етіледі.
Мысалы, салыстыру әдісі жаңа тілдік құбылыстар бүрын өтілген тілдік
құбылыстармен салыстырылып, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
белгілері айқындатылады.
Қазақ тілі сабағында түрлі жаттығулар орындау арқылы тиісті ережені
дәлелдеу, тұжырымдау жұмысы жүргізіледі.
Сөйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны өздігінен мысал келтіріп
дәлелдеуге үйренеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілетін дамытып, өтілген тақырыптан өздіктерінен қорытынды шығара
алатындай етіп қалыптастыру керек. Бұл жөніндегі К.Д.Ушинскийдің "Оқушы
тілдік құбылыстарды мұғалімнің басшылығымен өзі байқасын, грамматикалық
ережені немесе ұғымды, мүмкін болғанынша өздері қорытсын, балалардың ой-
өрісін жетілдіру үшін грамматиканық басты мәні де осында", - деген пікірі
өз маңызын жойған жоқ.
Сөйтіп, тіл сабақтарында оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа
ажыратуды үйренеді, сөйлем құрамындағы сөздерді синтаксистік қызметіне
қарай сөйлем мүшелеріне, лексикалық мағыналарына қарай сөз таптарына
ажырата алатын болады: сөз құрамы жайында түсінік алады; өз бетімен сөйлем
құрап жазуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да дұрыс айтып жеткізуге
дағдыланады
1-сыныптың әліппе оқулығы – көпдеңейлік, дамыта оқытылатын, ұлттың
ерекшелігі бар, дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулық.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйтені
тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету,
әріптердің барда және жазба түрлерін салыстыра отырып меңгерту, сөздерді,
жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге
асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі.
Сауат ашудың негізгі объектісі – сөз. Балаларға сөздің дыбыстық
құрылысы туралы түсінік беріп, әріп танытамыз, әуелі буындап, содан сөзді,
тұтас сөйлемді дұрыс оқуға үйретеміз, сауатты жазу негізін қалыптастырып,
балалрға сөзді айтып, оны оқып, оны жазуға баулимыз. Жазуды ауада жазып
үйретіп, дыбыстық талдау жасаймыз. Буын оқумен қатар меңгеріледі. Буындап
оқи отырып, буындап жазуға үйренеді. Сауат ашу кезеңінде талдау-жинақтау
кең қолданылады. Талдау және жинақтау- сөз ішіндегі дыбысты танудың бірден-
бір жолы. Сауат ашу тарихындағы дыбыстық талдау-жинақтау әдісін ағартушы
педагог Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский тәжірибесінен алып,
өзінен кейінгі мектептерге тиімді әдіс ретінде ұсынған болатын.
Әліппе оқулығын аяқтаған әрбір бала дыбыстық талдау жасай білуі керек.
Мысалы Н дыбысы мен әрпін таныту үшін алдымен талдау әдісін қолданамыз.
Сол төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі.
Ана бейнеленген суреті көрсетіп, атын атау. Мұғалімшң ана деген сөзді
анық буындай айтуы. Оқушылардын, алақанын иек астына қойғызып, мұғаліммен
бірге қосылып, ана сөзін айтқызу. 3-4 балаға жеке-жеке осы сөзді созып
айтқызу; неше бөліктен, яғни буыннан тұратынын және әр буынды жеке атату.

Таныс емес дыбыс қай буында екенін таңғызып, сол буынды мұғалімнің,
содан кейін оқушылардың созып айтуы: на.. на..
Жаңа дыбысты бөліп атау нн, нн, нн.
Артекуляциялық жаттығу жасату (тіл алдының таңдайға жабысуынан)
Неліктен дауыссыз дыбыс болып тұрғанын айтқызу. Себебі ауа мұрыннан
шығады, тіл таңдайға жабысып, ауанық етуіне кедергі жасайды, ауа ауыз
қуысынан кедергіге ұшырап, өте алмайды. Н дыбысының таңбасын көрсету, қима
әріптерден баспа түрін тапқызу, қалта-шыңтарына салғызу.
Дыбыс пен әріпті анық танытып, толық меңгеру үшін тек талдау ғана
емес, артынша жинақтау әдісін жүргізу керек. Жинақтау әдісі оқушы білімін
онан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Көрнекі құралдар
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Пәндер