Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениеті


Жоспар
1. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік дін
2. Шаманизм
3. Зароостризм
Пайдаланылған әдебиеттер
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік дін мен шаманизм айрықша орын алады.
Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір протоқазақтардың кұдайлар пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Қазақтардың ежелгі ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып оларға табынады. Өмірі табиғат аясында өткен көшпелілердің тұрмыс-тіршілігі оған тікелей тәуелді болды, өзін қоршаған дүние құбылыстарының тылсым сырларын түсінбеген адам олардың себебін басқа құбылыстар мен заттардан, күштерден іздейді. Ол құбылыс пен мәнді, себеп пен салдарды толық
ажырата алмағандықтан, алғашқыны соңғыға әкеп саяды. Соның нәтижесінде табиғат рухтандырылып, адамда діндарлық сезім мен сенім қалыптаса бастайды. Тәңірлік діннің бір тамыры осында, яғни табиғат дінінде жатыр. "Тәңір, - дейді С. Н. Ақатаев синкретті құбылыс. Ол натурфилософиялық субстанция ретінде болмыстағы барлық және барлықтың себебі (Бір Тәңір) . Теистік субстанция ретінде құдайлық, ілкі тек, жақсылық пен зұлымдықтың негізі ("Тәңір жарылқасын!" "Көксоққыр!")
1 Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі, ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рол атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, " . . . оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол
ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап су мен жерге де құдай деп табынады", - дейді В. В. Бартольд "Ежелгі түркілер үшін дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға, иер-су) сиыну болды", - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы "объектива идея" ретінде қарастырса, Жер-су - тіршіліктің тірегі. Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел - құдай - Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай - отбасымен бала-шағаны қорғаушы болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!", - делінеді.
Тамыры бір түрік тілдес халықтардың ежелгі діни жүйелерін зерттеу олардың наным- сенімдерінің де тамыры бір екендігін көрсетеді. Түркімен халқының діни наным- сенімдерін зерттеген ғалым С. М. Демидов Жейтун мәдениетінің тайпалары туралы айта келіп: "соңғылардың (Жейтун тайпаларының - 3. Қ. ) өмірде егін шаруашылығына негізделген олардың экономикасында су - бұлақ, бастаулар маңында рөл атқарады. Ежелгі
диқан сиқырлы іс-қимылдарымен өз өміріне қажетті заттарды рәміздік бейнелеу арқылы, озін қамтамасыз етуге талпынады", - дейді. Орталық Азия халықтарының діни нанымдарында су стихиясында табынудың маңыздылығын Г. П. Снесарев те атап көрсетеді. Қазақ халқының аталған халықтармен генетикалық жақындығы күмән туғызбайды, сондықтан қазақтардың исламға дейінгі діни нанымдарын қайта құрастырғанда, бұл халықтардың наным-сенімдері туралы деректерді де қарастырып
өткен жон. Орталық Азияда түркі тілдес халықтарда әйел құдай сумен және жермен байланыстырылады.
Хорезмдік Амбар-ана өзінің функциялары жағынан Ұмайға ұқсайды. Осы тәріздес әйел-құдай Түркіменстанда да болғанын, археологиялық қазбалар барысында табылған әйел мүсіндері дәлелдейді, бұлардың бәрінің де негізінде скиф-сақтардың Табитиі жатуы мүмкін. Табитиді зерттеушілер матриархат кезеңіндегі діни нанымдардың сарқыншағы ма деп тұжырымдайды. Табити образы отпен тығыз байланысты қарастырылады, ол
ошақтың, яғни отбасының қамқоршысы, ал отты сақтар киелі стихия деп түсінген.
Мифологияға сәйкес от - болмысты ұйымдастырушы бастау!, . . . от аспан мен жердің бөлінуі барысында пайда болған . . . олар барлық нәрселерге және өмірдің әр түрлі бітімдеріне бастау береді. Ол ғарыштың үш бөлігін біріктіріп, оған тұтастық сипат беріп тұрған стихия, Жер-су сияқты от та тіршілік көзі, болмыстағы барлықты жандандырушы бастау. Гераклиттің "жанды - от" деп түсінуі де кездейсоқ емес, ол - мәңгілік оттың
модусы. Осыған үндес идеяны Қожа Ахмет Иасауидің сопылық дүниетанымынан да кездестіреміз. Иасауидің: "Ғашық болдым, қанатымды күйдірдім, ұштым отты жан болып", - деген өлең жолдарында адам мен жаратушының тұтасуы аллегориялық - рәміздік образды түрде бейнеленеді. Қайратты, жігерлі, ер жүрек адамдарды қазақтар "көзінде оты бар адам", - дейді. Бұл түсініктер дүние торт элементтен - су, ауа, жер және оттан бастау алады деген ежелгі натурфилософиялық тұжырымдармен ұштасады. От микрокосмос пен макрокосмосты, адам мен құдайылық ретінде қабылданған, ғарышты жалғастырушы күш, ол әлемдік "абсолютті рухтың" корінісі рәмізі.
Соңғы мағынасында отты ерекше қадірлеу - діни жүйелердің ішінде зороастризмде жан-жақты, көлемді негізделген және көне дүниетаным қатпарларынан бастау алады. Алайда, зороастризмдегі отты қадірлеуді мидиялық, парсылық магтар абсолюттеніріп, оған догмалық сипат береді.
Заратуштра іліміндегі от стихиясын түсіну Қожа Ахмет Иасауидің түсінігімен астарлас, оны соңғы зороастризмдік немесе кіші авесталық көзқараспен шатастыру дұрыс емес.
От - болмысты зұлымдықтан тазартушы күш, зороастризм эсхатологиясына сәйкес ақыретте от құдайы Атар барлық темірді балқытып, өзен қылып ағызады, отты өзен барлық күнәкарларды, соңында Ахриманың өзін өртеп құртады. Оттың тазарту қасиеті туралы көзқарас адамдарда оның күнделікті тұрмыс барысында ертеде-ақ қалыптасқан, олар жыртқыш аңдардың оттан қорқатынын көрген, табиғат адам үшін тек мекенжай ғана емес, сонымен қатар беймәлім, қауіпті, түсініксіз, қауіп-қатерге толы болған дәуірлерде от туралы осындай көзқарастың қалыптасуы кейіннен отты, киелі-қасиетті, оның табиғаты құдайлық деген сенімнің пайда болуына әкеледі. Матриархаттық қоғамда әйел адамның басты міндеттерінің бірі ошақтағы отты өшірмей ұстау болса керек, бұл отты әйел - құдай образында бейнелеумен ұштасады. Әйел адам босанарда: "От ана, май ана, жарылқай гөр, түйіншегімді шеше гөр", - деп жалбарынуы осыған меңзейді, ал отпен аластау рәсімі оның тазартулық қасиетімен байланысты, "от барлық зұлым күштер мен рухтардан тазартады".
Түркілердің шетелдік елшілерді отпен аластағаны туралы Византиялық тарихшы Менандр жазған. Аластаудың мәні - адамды арам ойдан, пиғылдан тазарту. Қазақтар көшті де екі оттың арасынан өткізіп аластайтын болған, бұл рәсімді жоғарыда айтылған түркілер рәсімімен салыстырсақ, от - түркі халықтарының түсінігінде тек тәндік қана емес (отпен ұшықтайтын емдік тәсілдер), сонымен қатар рухани тазарту бастауы.
Жер-Су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда "Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып оған жер мен аспанды жаатуды үйретеді. Бүл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Аңыздағы Ақ ана, түркілердің Жер-суы зороастризмдік Анахитаға ұқсас. Олардың бәрі - жемістілік пен өніп-өсу-құдайлығын білдіретіндігі күмән туғызбайды.
Матриархаттық- рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында Жер-Су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын, С. Ақатаев "Таң"
және "ер" сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын "таң" автордың пікірінше күннің шығуымен байланысты болса, "ер" - түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғы да Тәңір "Күн адам", "Аспан адам", яғни құдай дегенді білдіреді. Сақтар мифологиясында "Күн адам" - Митра, өзінің жүйрік аттарына мініп, әлемді аралап шығады, яғни әлемді қорып, қорғап жүреді, Авестада Митра құрбандық шалуды құрушы, ал мифологиялық дүниетанымда құрбандық әлемінің бірлігін, тұтастығын сақтап отыру үшін шалынады. Екінші жағынан, Митра әскер бастығы,
тайпалар одақтастығының көсемі, бүл қоғамдағы идеологиялық және саяси әскери билік дінбасылары емес, әскер қолбасшыларының қолына шоғырланғанын көрсетеді. Л. Я. Штернберг: "Аспанға табынудың астарында күнге табыну түр", - десе, С. Ақатаев:
" . . . Тәңірге табынудың нақты алғы бастауы күнге табыну, олар бір-бірімен генетикалық өзара байланыста", - дейді. Айтылғандарды ескере отырып, Тәңірлік дін табиғатқа табынудан, оны жандандырудан, рухтандырудан бастау алады деп айтамыз. Көне дәуірлерде Орталық Азия далаларында Бон мен митраизмнің үстемдік еткенін ескерсек, бүл діни жүйелердің Тәңірліктің қалыптасуында айтарлықтай маңызды орын алғанын атап өткен жөн. "Митраизм көшпенді сарбаздардың әдеттегі діни доктринасы болды, ол өмірі жаңа кеңестіктерді игеру барысындағы тынымсыз еңбекте, әскери қақтығыста өткен малшылар қажеттілігіне сай икемі болды. Барлық далалық халықтар сияқты Қазақстан тұрғындары үшін митраизм, оның құдайы сертті сақтап, сөзден тойғандарды жазалаумен құнды болды", - деп жазады М. Орынбеков. J1. H. Гумилев: "Митраизмнің негізгі тезисі бойынша Аспан өзінің жұбайы Жермен бірге осы екі ұдай бірлескен құдай тудырған
барлық басқа құдайларды басқарады", - дейді, Гумилевтің бұл айтқандарын түркілердің құдайлар пантеонымен - Тәңір, Ұмай, Жер-Сумен салыстырсақ митраизм мен Тәңірлік дін арасындағы ұқсастық байқалады.
Заратуштраның дінді реформалауы барысында Митраға табынуды айыптағаны белгілі, Зороастризмді арийлік немесе үндіирандық құбылыс деп қарастыратын ғалымдар оны дінбасылары мен әскер басылар, көсем арасындағы қақтығыспен, қарама-қарсы тұруымен түсіндіреді, алайда, біздің түсінуімізде Заратуштра Митраға табынуды емес, құдайды табиғи - тәндік деп түсінуді айыптаған тәрізді, Заратуштраның пікірінше бұлай ойлау -
адасушылық. Оның құдайы таза руханилық, басқаша айтсақ, Гегельдің "абсолютті рухына" жақын. Ғ. Есімов: "Тәңірді объективті идея ретінде қабылдау ғажап кемеңгерлік, бұл идеяға Анахарсис сияқты ғұламалар келуі ықтимал" десе, меніңше Анахарсис дүниетанымның қалыптасуына Заратуштраның (қазақша Зердеш, сақша Зарат болуы мүмкін) құдай туралы идеясы зор ықпал етсе керек.
Тәңірлік дін өзінің дамуында табиғи-тәндіктен (Көк Тәңірі) таза руханилыққа айналу сатыларынан өтеді. Түркілер "Бір Тәңір" дегенде, оны ең алдымен жаратушы рухани субстанция ретінде түсінген. Плано Карпини түркілердің құдайды құрметтеуін былай деп жазады: "Олар көзге көрінетін және көзге көрінбейтіннің бәрін жаратушы, бір құдайға сенеді, сонымен қатар оны осы дүниедегі шаттықтың да, азаптың да себебі деп біледі, алайда оны намаз оқып дұға жасау немесе мақтап-мадақтау, болмаса басқа ырым, жора жолымен құрметтемейді", - дейді
1. Вильгельм Рубрук: "Сендер құдайға қалай иланасыңдар? - деген сұрағыма олар: "Біз тек бір құдайға сенеміз", - деді. "Сіздер оған рух немесе тәндік нәрсе ретінде сенесіздер ме?" - дегеніме, олар: "Біз оны Рух деп сенеміз", - деді. Сонда мен "Сіздер оның адам табиғатында (кейпінде - З. Қ. ) болмағанына сенесіздер ме?" - деп сұрадым. Олар: "Ешқашан", - деп жауап берді, - деп жазады.
Тәңірлік діндегі өмірге деген көзқарас, өмірден қашып тақуа күй кешпей, дүниеге қуанышпен қарау, оны жалған демей, жарық дүние деп қабылдау, жаратушы мен адам арақатынасын басқа тұрғыдан түсіну, оның өмір орнықтырушы принциптері Еуразиялық далада әр түрлі тарихи дәуірлерде үстемдік еткен митраизм, бон, зороастризм сияқты діндердің өзекті мәселелерімен үндес. Кейін ислам дінінің таралып, ислам өркениетінің
қалыптасуы барысында Тәңір Алланың синониміне айналады.
Заратуштраның жер мен аспан арасындағы делдалдығы, зұлымдық пен жақсылықтың қарама-қайшылығы, оның рухтарға шағымдануы, қауымға қорған болуды өтінуі, шамандық аян алу мотивтері, зороастизм эсхатологиясындағы оттың әлемді тазартуы тәрізді сәйкестіктер, аталған екі діни жүйе жақындығының нышандары деп білеміз.
Заратуштра образын сипаттауда шамандық белгілер көптен кездеседі. Тарихи аңызға сай Виштаспа патшаның тұлпарын емдеп жазғаннан соң патша Заратуштра ілімін қабылдайды. Ал Заратуштраның балгерлік қасиеті болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Платонның оны магтардың ұстазы деп атауында да коп мон жатыр. Гректерге Заратуштра жұлдызшы, яғни жұлдызға қарап бал ашатын, болашақты болжайтын сәуегей ретінде де
белгілі болған. Зороастр деген есімдегі "астрон" жұлдыз дегенді білдіреді.
Зороастризм барлық әдет-ғүрыптарын, дүниетанымдық негіздерін шамандық діннен қабылдаған деп шамандық пен зороастризмның қарым-қатынасын бір жақты түсіну дұрыс болмас. Бүл жерде екі діни жүйенің өзара әрекеттесуі, бір-біріне ықпалы орын алған. Орталық Азия халықтарында Хормуста мен Ата-Ұлан арасындағы күрес туралы аңыз сақталған. Ал Оңтүстік Сібір түркілеріне, дәлірек айтсақ, алтайлықтарға Хормуста жоғары әлем тәңірі - Құрбұстан ретінде белгілі болған.
1. Манас эпосындағы Дағалақ қаласының өмірі Қырмұста С. М. Абрамзонның пікірінше "Хормуста Тәңірдің есімі". Л. H. Гумилев моңғолдардың Хормуста деп аталатын құдайға сенгендігін айтады. Шыңғысханды бірде Аспанның ұлы деп, бірде Хормустаның ұлы, енді бірде қытайша Тянь-цзы деп атаған. Осының бәрі Орталық Азия халықтарға зороастризм діні жақсы таныс болғанын көрсетеді. Ал аталған діни жүйе жергілікті наным-сенімдермен араласып, оларға ықпал етіп немесе олардың ықпалына ұшырамай қалуы мүмкін емес.
Шамандық діндегі төменгі әлемді суреттеу зороастризмдық тозақты еске түсіреді. Алтайлық мифологияда жер асты (төменгі әлем - З. Қ. ) зұлым рухтар мен өліктер мекендейтін тұрақ деп қарастырылады. Адамдардың көз жасы көл болып ағып жататын, тоғыз өзен тоғысатын Тоймадым өзені де сонда, ал оның ар жағында Ерліктің ордасы орналасқан. Ерлік төменгі әлем әміршісі, ол өлген адамдарды жалшыларына айналдырып, әлсін-әлі жер бетіндегі тіршілік иелеріне кесір жасауға жібереді. Төменгі әлемге зұлымдардың, күнәкарлардың жаны түседі. Оларды Ерлік жан төзгісіз азапқа салады.
Оның өзі адам қанымен қоректенетін құбыжық ретінде суреттеледі. Оның тамақтанатын ыдыстары адамның бас сүйектерінен істелген, денесін жылан шырмап жатыр, ол өзі тоғыз мүйізді өгіз мініп жүреді. Бұл суреттеу грек мифологиясындағы титандарды, христиан, ислам дініндегі шайтанды еске түсіреді. Алайда, біздің пікірімізше, төменгі әлем мен Ерлікті суреттеуде зороастризмдік тозақ пен зұлым рух - Ангро-Майнью образы кейіннен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz