Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру


А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
А. С. ҚАСЫМБЕКОВ
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
А. Ясауи атындағы ХҚТУ
ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫҚ ІЗДЕНІС ҮДЕРІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
В статье рассмотрены методы организации самостоятельного информационно-поискового процесса научно-образовательных ресурсов в источниках.
The author of the article presents some methods of organization of independent information retrieval process of scientific and educational resources.
Жоғары білікті педагог-мамандарды даярлау мәселесі бүгінгі таңда үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі қоғам ЖОО бітірушіге ерекше талаптар қоюда, олардың арасында әсіресе, белсенділік және дербестік ерекше орын алады. Бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы педагог-мамандардың дайындығын жетілдіру үдерісі көптеген себептерге байланысты жеткілікті дәрежеде күрделі болып, білім беру саласындағы ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. ЖОО-ын бітірушінің кәсіптік біліктілігін қалыптастыру нақты білімнің көлемі мен ауқымының қаншалықты екендігіне емес, қаншалықты өз бетінше білімін толықтырғанына, әр түрлі міндеттерді қойғандығына және шешкендігіне, баламалы шешімдерді ендіру қабілеттілігіне бағытталуы тиіс. Бұл мақсаттардың жетістіктері айтарлықтай деңгейде болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденіс дағдыларын меңгеруіне байланысты болады. Бұл өз кезегінде, оның ЖОО-дағы кәсіптік дайындығы контексіндегі қызметтің аталмыш түрін ұйымдастыру мәселесін бірінші орынға шығарады.
Сонымен бірге студенттің жаңа білімдер мен ақпараттарды өз бетінше алу қабілетін дамыту, олардың кәсіптік тұрақты өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін үздіксіз ақпараттандырумен және қазіргі мамандықты интеграциялаумен байланыстыру маңызды рөл атқарады.
Педагог-мамандардың кәсіптік портреті құрылымдары компоненттеріне біз жүргізген талдау ЖОО-да кәсіптік дайындықтың жетекші міндеттерінің бірі студенттің бойында дербес ақпараттық ізденісі дағдыларын қалыптастыру болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Кәсіптік маңызды ақпараттарды, ақпараттық мәдениет элементтерін талдау оның кәсіптік құзіреттілігі мен кәсіптік дүниетанымын құрайтындардың бірі іспеттес. Кәсіптік дайындық үдерісінде педагог-мамандардың ақпараттық біліктілік шешімдерді қабылдау үшін және өзінің кәсіптік қызметі үдерісінде пайдалануға үйрету қажет. Кәсіптік дайындық табысының негізгі шарты студенттің міндеттерді шешу және нақты ғылыми жұмысты жасау үдерісінде, мәселен, реферат, курстық немесе дипломдық жұмыс жазуға дайындық кезінде студенттің бірнеше сатылардан: жасалынып жатқан мәселелер бойынша ақпараттарды іздестіруді, іріктеуді жүзеге асыру және бұл
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
ақпараттарды өзінің ғылыми жұмысында қолданудан өтуіне мүмкіндік беретін ғылыми-оқу ақпараттарын пайдалануы болып табылады.
Кез келген ғылыми негізделген талдау жүргізу кезінде міндетті түрде ақпараттарды тиімді өңдеу құрылысы мәселелерін шешіп алу керек. Ақпараттарды іздестіруге және өңдеуге қатысты мұндай талаптар болашақ педагог-мамандардың ғылыми-педагогикалық қызметке негізделген меңгеру шеңберінде де жүзеге асырылады. Аталмыш тектес міндеттерді ойдағыдай орындау үшін жүзеге асырылуы ақырғы қорытындысында олардың табысты шешілуіне алып келетін қызметтің басымдық түрлерін, шарттары мен факторларын бөліп алу қажет. Қызметтің мұндай түрлерінің бірі, біздің ойымызша, қазіргі таңда нақты теориялық негіздемесі жоқ және практикалық жоспарда белгілі бір қиындықтарға байланысты оның кәсіптік дайындығы үдерісінде педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мазмұнында дербес ақпараттық ізденіс мәселелері қарастырылатын жекелеген оқу пәні қарастырылмаған. Алайда, оқыту тәжірибесі көрсеткеніндей, мәселенің кейбір аспектілері «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» және т. б. пәндерді оқыту үдерісінде талқыланады.
Бұл сұрақтар талап етілген нәтижелерді табумен байланысты оқу пәндері бөлімдеріне кіріктірілген және болашақ педагог-мамандардың кәсіптік дайындығының қажетті элементтері болып табылады. Зерттеулер ЖОО оқу жоспарының таңдау компоненттеріне ақпараттық іздестіру пәні бағдарламасын енгізу есебінен педагог-мамандардың өз бетінше ақпараттық ізденісін жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетті. Педагог-мамандардың және оның кәсіптік қызметі үшін қажетті негізгі білімдер, шеберліктер мен дағдылар жиынтығы талаптарын құрайтын «Информатика» мамандықтарының біліктілік сипаттамалары талданды. Соның негізінде болашақ педагог-мамандардың дербес ізденісін болжамдайтын бірқатар өзгеше функционалды міндеттерді айқындауымызға мүмкіндігіміз болды. Олардың арасында - тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық ақпараттарды жинауды, өңдеуді, талдау мен жүйелендіруді жүзеге асыруға қабілеттілік; арнайы әдебиеттер мен басқа да ғылыми-педагогикалық ақпараттарды зерттеу негізінде ақпараттық шолулар, рецензиялар, есептер және тағы сол сияқтыларды дайындауды үйрену; қазіргі заманауи есептеу техникаларын, коммуникация мен байланыс құралдарын меңгеру; жобалау және зерттеу әдістерін білу, эксперименттер жүргізу, жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғары білім алудың қажеттілігін сезіну бар. Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, ЖОО-да болашақ маманды даярлаудың жекелеген аспектілері жеткілікті дәрежеде тиімді түрде ұйымдастырылмаған. Мұндай
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
аспектілердің бірі оқытушымен ұйымдастырылатын болашақ педагог-мамандарды дербес ақпараттық ізденіске дайындау болып табылады.
«Болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру» ұғымын талдау «ұйымдастыру» терминінің мағыналық маңызына сүйенеді. Ұйымдастыру (орысша - организация) сөзі гректің «эргон» - «жұмыс» және латынның organ дегенінен шыққан, бастапқыда «музыкалық аспап», кейіннен «ұйымдастыру» (организация) - функционалдық жүйедегі, немесе жүйенің өзіндегі элементтер жиынтығына айналу үдерісі дегенді білдіреді .
Бізді қызықтырған термин педагогика мен психологияда «оқытуды ұйымдастыру», «өзіндік жұмысты ұйымдастыру», «педагогикалық қызметті ұйымдастыру» және сол сияқты ұғымдарды жеке анықтаушы ретінде қолданылады [2] .
«Ұйымдастыру» терминінің тұтас семантикалық екі мағынасы оны екі позиция (ұстаным) тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді: басқару позициясы және мақсатты болжамдау мен дамудың ішкі процестері позициясы. Осыдан келіп, біріншіден, ұйымдастыру бұл жоспарлау, үйлестіру, мотивация және бақылау функцияларының өзара байланысы үдерісі, және екіншіден, субъектілер тұлғасының қалыптасуы бағыттарында ұйымдық дамуы үшін және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау және талдау шығатынын көруге болады [2] .
Ұйымдастырудың анықтамаларын ескере отырып, жұмысшы ұғым ретінде мыналарды қабылдаймыз: ұйымдастыру - субъектілер (студент пен оқытушы) тұлғасының мақсатқа лайық дамуы үшін жағдай жасау мен талдауды және олардың жоспарлау, үйлестіру, мотивациялау мен бақылау функцияларының өзара байланысы арқылы жүзеге асырылатын қызметінің тиімділігін жоғарылатуды болжамдайтын қызметтің ерекше тегі.
Ұйымдастыру - бұл екі жақты процесс. Педагогикалық мағынасында ұйымдастыру, бір жағынан, өзінің ішкі педагогикалық жағдайына, субъект ретіндегі жеке әрекет мүмкіндіктеріне, талдауына, сәйкестіктегі әрекеттерін жоспарлауға, педагогикалық қызметін бақылауға және түзетуге, мақсаттың ойдағыдай жетістіктеріне бағытталған педагогтың әрекеті ретінде түсіндіріледі. Ал екінші жағынан, ұйымдастыру өзіне педагогтың басқа субъект ретіндегі педагогикалық жағдайларының, педагогикалық қызметтерінің студентке бағытталған әрекетін кіріктіреді.
Н. Щуркованың жұмыстарын талдау негізінде келіп шыққан ұйымдастыру үдерісі құрылымының негізгі компоненттерін, дербес ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыру үшін қабылдаймыз. Бұл ұстаным бойынша - дербес ақпараттық ізденісті ұйымдастыру - өзіне үш негізгі компоненттер жиынтығын кіріктіруі тиіс: білім - шеберлік - қарым-қатынас.
- білім- болашақ мұғалім алдында оқыту-білім беру қызметтері
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
шеңберіндегі ақпараттық ізденіс объектілерінің пайда болуын, мағынасын, мәнін, олардың мазмұнын, функцияларын ашады.
- шеберлік -студенттің оқыту-білім беру қызметіндегі басқа да объект-субъектілермен өзара әрекеттесуде белсенді болу мүмкіндіктерін кеңейтеді, одан әрі қарай дамуына және ақиқатты қайта жасауға көмектеседі. Өзінің білімі мен шеберлігі жиынтығында ізденіс объектісін қабылдауға, онымен өзара әрекеттесуге және оны бағалауға мүмкіндік жасайды.
- қарым-қатынас -ақпараттық ізденіс әрекеттеріне тұлғалық мағына береді.
Жоғарыдағы «ұйымдастыру» ұғымын қарастырған теориялық ойлар нәтижесінде төмендегі құрылымдық бірліктің педагогикалық мазмұнын анықтау мүмкіндігі арта түседі. Зерттеу - «болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру» ұғымының кәсіптік дайындық контексіндегі оқытушы мен болашақ педагог-мамандардың кәсіптік білімдерді үздіксіз жаңалау және толықтырып отыру, аталмыш қызметті тәжірибелермен байыту, ақпараттық ізденісті өзі ұйымдастыруды сезіну құндылығы қарым-қатынастарын қалыптастыру жөніндегі бірлескен әрекеттерін үйлестіруді көрсетеді. Сонымен бірге аталмыш ұғымның педагогикалық мәнін тұтас талдау педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
П. Пидкасистый мен Ж. Хайдаров зерттеулеріндегі тұжырымдалған дербес қызметті ұйымдастыру талаптарын, біз, педагог-мамандардың дербес ақпараттық іздестіру үдерісін ұйымдастыру әдістемесінің талаптарына төмендегідей етіп сәйкестендірдік:
- ақпараттық ізденіс мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі; студенттің дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асырудың қолдан келетіндігі; студентті қызмет мақсаттары мен міндеттері хабарламасын кіріктіретін дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асыруға дайындау; жұмыстарды орындау үшін қажетті тәсілдер мен дағдыларды түсіндіру; ақпараттық ізденісті жүзеге асыру барысын қадағалау және көмек көрсету; дербес ақпараттық ізденістің жүзеге асырылған нәтижесін тексеру; студенттің өзін-өзі бақылау тәсілдерін қалыптастыру.
Сонымен қатар, оқып-машықтанушылардың өзіндік қызметтерінің жаңадан өндіруші және өнімділік сипаттағы критерийлері болып қызмет жасайтын екі негізгі белгісін бөліп қарастырамыз:
- қызмет нәтижесі (өнімі) және қызмет барысының (процесс) тәсілі.
Бұл жағдайда, студенттердің өзіндік дербестік деңгейі, шешілуі тиіс мәселелердің сипатына және оларды шешудің тәсілдеріне байланысты болып, үйрену құралы білімді, шеберлікті және дағдыны меңгеру ғана емес,
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
сонымен бірге қызмет үдерісінің өзі де болып табылатындығын атап көрсетуге болады.
Зерттелінудегі педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру үдерісі - қолданыстағы бар ұйымдастыру мақсаттарын, педагогикалық шарттарын, әдістерін, тәсілдерін, жетістік құралдарын және сатыларын қарастырады.
Мақсат, біздіңше, болашақ педагог-мамандардың дамуы мен қалыптасуын, кәсіптік қызметіне қабілеттілігі ретінде анықталады. Мақсат жетістіктерінің практикалық міндеттері болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру біртіндеп, сатылы түрде жүзеге асырылады.
Дербес ақпараттық-ізденіс үдерісін ұйымдастыру әдістерін ғылыми-педагогикалық оқыту әдістерімен салыстыра отырып, оқыту әдісіне (И. Лернер, М. Скаткин) сәйкес келетін бірнеше циклдарға бөлдік. Өйткені, осы жіктеу негізінде білім беру мазмұнын меңгеру жөніндегі оқытушы мен студенттер қызметінің сипаттары - белсенділігі мен дербестігінің өсу деңгейлерінің мәндері бейнеленген [3] .
Аталмыш тәсілді негізге ала отырып, біз педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыруды шартты түрде төрт циклге бөлдік.
Бірінші цикл - бұл үлгі (репродуктивті әдіс) бойынша жұмыс. Ол студенттерді дербес ақпараттық ізденісі туралы білімдерді алуға қатысты сұрақтарды жариялаған әдістемелік нұсқаулармен таныстыруды өзіне жүктеуі тиіс. Бұл циклдің жұмысын орындау кезінде студенттердің танымдық қызметі келесі дербес жұмыстың неғұрлым күрделі сатыларын орындау үшін қажетті білім негіздерін меңгеруге бағытталған жеке практикалық қызметі негізінде еске түсіру деңгейі келіп шығады. Бұл цикл жұмысының басты сипаттамасы бойынша әрекеттің белгілі жалғасушылығы түрінде ұсынылған тапсырманы орындау үдерісі болып табылады. Бұл жұмыстар студенттердің дербес ақпараттық ізденісін неғұрлым жоғары деңгейде жүзеге асыруға өту үшін жағдайды қамтамасыз ететін білімнің, шеберліктің, дағдының қажетті қорларын жасайды.
Екінші цикл - бұл реконструктивті-вариативті жұмыстар (мәселені баяндау), студенттер орындау кезінде бірінші цикл сабақтарында алған білімі мен шеберлігін жаңадан жасауды, талдап қорытуды, қатыстыруды өткізу қажеттілігімен байланысты шарттарды алдына қояды. Бұл циклдың тапсырмасы дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асырудың бұрыннан белгілі тәсілдеріне қарай, сондай-ақ жаңа мәселелерді шешу кезінде бірінші цикл сабақтарында алынған білімдерді, сонымен бірге әр түрлі вариациялар мен тәсілдерді пайдалана отырып, студенттердің шеберліктері мен дағдыларын жасауға бағытталуы тиіс. Студенттерде ең бастысы техникалық шешімдерді бөліп алу, өткізілген эксперимент бойынша нәтижелерді графикалық
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
бейнелеу, ғылыми-педагогикалық ақпараттарды іздестіру аппараттарын қолдана білу, эксперимент нәтижелері бойынша есептер құрастыру, есептік-графикалық тапсырмаларды орындау, алынған мәліметтер негізінде қорытындылар жасау шеберліктері шыңдалады. Студенттер реконструктивті-вариативтік тапсырмаларды орындауы үшін тек қана белгілі бір білімдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге жаңа жағдайларға бейімделе отырып, қиюластыра, қайта жасай білулері де керек.
Үшінші цикл - жарым-жартылай-іздестіру жұмыстары (жарым-жартылай-іздестіру әдісі) . Бұл цикл тапсырмаларын орындау үдерісінде студенттер бастысын бөліп ала білу шеберлігіне, орындалатын жұмыс бойынша талдап қорытынды жасай білуге жаттығады. Сонымен бірге оқытушыны студент алдына мәселе қоюға алып барады. Оқытушының тікелей қатысуымен студенттер арасында ашық пікірталастар тудыру мүмкіндіктері туады. Оқытушы сонымен бірге не мәселені шешудің жоспар-бағдарламасын береді, не оларды шешуде студенттер қозғалысына жеңілдіктер жасайды. Немесе мәселені жеке-жеке бөліп, оның жиынтығы негізгі мәселені шешуге ықпал етеді, және осылайша, студенттер мәселені жарым-жартылай шешеді. Аталмыш цикл студенттерге іздестіру қызметінің дағдыларын алуға, зерттеу қызметінің жекелеген элементтерін игеруге көмектеседі, бірақ тұтас зерттеу өткізу тәжірибесін алуға мүмкіндік жасамайды.
Төртінші цикл - дербес жұмыс (зерттеу әдісі), оның мақсаты - тапсырмаларды орындау негізінде дербес ақпараттық ізденісі тәжірибесін одан әрі дамыту.
Бұл жағдайда оқытушылар міндеті болашақ педагог-мамандарды баяндамаларда және жазбаша хабарламаларда дербес ақпараттық ізденісі нәтижелері туралы ақпараттармен алмасуға үйретумен қорытындыланады; олардың бойында өз көзқарастарын дәлелдей білуді, өз топшылауларын қорғай білуді қалыптастыруы тиіс. Сонымен бірге оқытушы іздестіру үдерісіне бағыттайды.
Бұл циклдің тапсырмасы педагог-мамандардың оқу-кәсіптік мәселелерді алдына қоюға және шешуге қарым-қатынастық қызығушылығын, ойлау, объективтілік дербестігін қалыптастырады. Студенттердің мәселені қоюдағы және нақты пікірталастар үдерісіндегі оларды шешу нәтижелері мен пікірлесу барысындағы мінез-құлығын түзету дағдыларын жасауға, талқыланып отырған сұрақтар бойынша көзқарастарын, идеяларын, білімдері мен тәжірибелерін еркін алмасуға мүмкіндік береді. Педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастырудың табысы мен тиімділігі, сондай-ақ, оқытушылардың оны ұйымдастырудың вариативті формаларын шебер пайдалануына да байланысты.
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Қасымбеков А. С. Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде ұсынылған «оқытудың ұйымдастырылған формалары» ұғымының әр түрлі түсіндірмелерін дербес ақпараттық ізденіс үдерісінде қолданамыз. «Оқытуды ұйымдастыру формасы - бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеті ерекшеліктері, басқару мен өзін-өзі басқару ара қатысы, оқыту орны мен уақыты ерекшеліктері, оқушылар саны, мақсаты, құралдары, оқыту әдістері мен нәтижелері мазмұны тұрғысындағы оқыту үдерісінің тұтас жүйелік сипаттамасы [4] .
Дербес ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыруда Т. Давыденко, Т. Шамова, Г. Шибанов ұсынған оқытудың ұйымдастырылған формасын қабылдап [5], оларды төмендегі ортақ мақсаттарға біріктірдік:
Жаңа білімді меңгеру - лекция, практикум, зертханалық жұмыс. Алған білімді баянды ету, дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру - практикум, зертханалық жұмыс, семинар, кеңес беру. Жаңа жағдайлар кешенінде мақсатқа лайық шеберлікті шыңдау, білімді өз бетінше алу - семинарлар, диспуттар, пікірталастар. Жеке білімді талдап қорыту және оларды жүйелендіру - конференциялар, талдап қорытатын материалдар бойынша сабақтар, семинарлар. Білімді, шеберлікті, дағдыны меңгеру деңгейін анықтау - білімді бақылау және түзету жөніндегі сабақтар, коллоквиум, семинар-сынақ, білімді қоғамдық қарау.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін тұтас ұғыну үшін олардың кестеде көрсетілген сипаттамаларын қарастырамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz