Жеті жарғы заңы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жеті жарғы заңы

Қазақ тарихында әлі зерттелмеген тақырыптар көп солардың бірі қазақтардың заңдар жинағы. Кеңес үкіметі билік құрған және егемендігіміз бен тәуілсіздігімізге қол жеткізген соңғы 80 жыл ішінде бұрынғы ата-бабаларымыз қолданған әдет-ғұрыптық заңдар ережесінен ұзап барамыз. Басқа өркениетті елдер сияқты тарихымызды ұқыптап, түптеп жинай алмағандықтан не бәрі осыдан 300 жылдай бұрын дүниеге келген «Жеті Жарғымыздың» түп нұсқасы жоқ деп шарасыздық танытып отырмыз. Бұл саламен айналысып, ғылыми еңбектер жазып жүрген ағаларымыздың ескі дағды бойынша, тек Ресей жылнамаларына ғана сүйенетіні өкінішті. Алыстан арбалап жүріп, дәл жанымызда дорбалап таситын қазына бар екенін білмейміз.

Қазақ халқы қазақ деп аталғалы бері қаншама ықылым заман, сан ғасыр өтті. Әсіресе түркі тектес туыстас халық тардан еншісін алып, өз алдына жеке ту тіккелі бері қазақтар өз ата-баба дәстүріне шын беріліп, оны қажыратпай, әрін кетірмей, әдет-ғұрыпын, дәстүрін және тілін сүттің қаймағындай қадірлеп, өте таза сақтап келе жатты.

Ғибраты мол әдет-ғұрыпмызды ұрпақтар сүйегіне сіңіріп, бойына дарыту үшін, сол халқымыздың асыл қазынасын түбегейлі жинап, зерттеп, мүмкіншілігінше молынан, тереңірек, түбегейлі насихаттауымыз қажет. Асыл қазына дегеннен шығады, «Халқымыздың артына қалдырған тек материалдық ескерткіштері ғана емес сонымен бірге олардың салт санасы, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, қонақ жайлылығы, дархан пейілі, жаман-жақсыға көз қарасы қайрымдылығы, сезімталдығы сияқты қасиетті біз үшін баға жетпес байлық».

Әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, өзіне ғана жарасатын әдет-ғұрыпы болады. Тек қана сол халықтың ұрпақтары ата-баба дәстүрлері кәусәрін бойларына сіңіріп өссе, ондай ұрпақ сол қалыпқа тек абырой әкеледі, тапқырлықпен көрегенділік көрсетеді. Тек соңғы жылдары ғана Қазақ ССР ғылым академиясының академигі С. З. Зимановтың тікелей басшылығымен біраз жұмыс істеліп, зерттеулер жүргізіле бастады. Осы еңбектің авторларының бірі Н. Өсеров «Құқықтық ескерткіш - Жеті Жарғы жайлы зерттеу» және Н. С. Ахметова «Қазақ әдет-ғұрыптарындағы құн институты және совет үкіметі тұсында жойылуы» атты тақырыптарда кондидат десертацияларын қорғаған.

Қазақ әдет-ғұрыпына тиісті материалдар, пікірлер жеткіліксіз. Осы кезге дейін көптеген әдет-ғұрыптар еліміздің түпкір түпкірінде шаңға көміліп, архивте жатқандары кездеседі. Қазақтың өткендегі тарихын, тұрмыс күиін, әдет-ғұрыпын жақсылап зерттейміз десек, -дейді А. М. Горький, - оны дұрыстап түбегейлі түсінеміз десек, ауыз әдебиетін білуіміз тиіс. Біздің қазақ халқы басқа туысқан түркі халықтарынан гөрі ата-бабаларының тілін, әдет-ғұрыпын көп өзгерістерге ұшыратпай, тазарақ жеткізіп отырғанын ғалымдар мойындайды. Оның ең басты себебін томағаға - тұйық федалдық - патриархаттық тұрмыс кешкен ата-бабамыз басқа халықтарға араласып, олардың мәдениетін, заңын қабылдамай, өз әдет-ғұрыпын, заңын сақтағаннан байқаймыз.

Ұлы қазан ревалюциясына дейінгі Қазақстанның әдет-ғұрып зерттеушілерінің дені, көбісі орыстар болды. Оныңда себебі бар Қазақстан Ресей отары саналып, патшалық Ресей Қазақ халқын неғұрлым бұғауда ұстай беру үшін қазақтардың әдет-ғұрыпын, салт -саналарын, үйренуге мәжбүр болды. Сондықтан да топ тобмен орыс экспидициялары шығып, қазақтардың әдет-ғұрып салт санасына байланысты материалдар жинала бастады. Өкінішке орай, зерттеушілердің бәрі дерлік қазақ әдет-ғұрыпының өсіп жетілуіне, өзгерістеріне назар салмай, тек бір жақты жалпылама суреттеп, түсінік беруді ғана парыз санаған. Н. И. Гродеков «Сырдария облыссындағы қырғыздар мен қара қырғыздар» деген еңбегінде негізінен қазақтардың әдет-ғұрыпын, оның қоғамдағы - қарым-қатынастарын, өзгерістерін сөз етеді. Қазақтың бетке тұтар ғалымдары ақын жазушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т. б. қазақ әдет-ғұрыпына байланысты көптеген пікірлермен ойлар қалдырып кеткенін біз жақсы білеміз.

Қияс (өлшеу) - үйлестігіне орай шешуге арналған шариғат заңдарының қайнар көздерінің бірі. Бұл исламның алғашқы кезінде дәстүршілермен логикалық, роционалдық пікірдегі топтар арасында айтыста пайда болған былайша айтқанда Құран, Сунна бойынша мұсылман заңдарының қорытынды шешімдері.

Шариғат заңдарында заңдардың мынадай түрлері бар: әдет-ғұрып, зекет, қылмыс және жаза туралы, шариғат соты, қарыз беру соты, жалмен жалдау, мал сою, мүліктік және құқық жөніндегі заңдар, қылмыстық құқықтық заң нормалары, жекеменшік, қол сұқандарды жазалау, дәстүрлер және шариғат заңдары Жылап сықтау жайлы дәстүрлер, сауда саттық, ораза кезінте тиым салынған дәстүрлер, нек және отбасы мәселелеріндегі тиымдар дәстүтлері мен заңдары көптеп кездеседі.

ХVІІ ғасырдың аяғы шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп толықтырылды. Қазақ хандығында «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» - деп аталатын заңдар жүйесі болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бір сыпыра елдері федалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің шариғат заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік - экономикалық және саяси жағының туындысы еді. Қазақ хандарының заңдары жарғы деп аталды. Негізгі орта ғасырларда қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған «Ярғы» заңынан алынған.

1977 жылы Оңтүстік Қазақстан жерінен кездей соқ жағдайда көне архивтік қол жазбалар табылған оларды талдап зерттей келе бұл қол жаз балардың әлде бір заңдық ережелерге сүйеп, билік айтқан үкімдер екені анықталған. Бір айта кететін нәрсе, бұл үкімдер шариғат ережелеріне сүйеніп шешілген сияқты Жеті Жарғының ауызша жеткен қазіргі нұсқасында шариғат үкімдерінің лебі анық байқалады. Мүмкін жоғалтып жүрген «Жеті Жарғымыз» осы болар. Солай болған күннің өзінде, қазіргі кезде 32 баптан аспай отырған Жеті Жарғының баптарына 100-200 бапқа ұлғайту септігі тисе, мұның өзі де үлкен жетістік емеспе ағайын Жеті Жарғының жуық түрдегі жүйесін осы жолдардың авторы көне сөз қариялардың аузынан және түрлі баспа сөз, ақпарат құралдарынан ұзақ жылдар бойы жинаған. Жиналған деректердің негізінде Жеті Жарғыны жеті бөлімге бөліп қарастырудың сәті түсіп отыр.

Қазіргі уақытта Моғолстан мемлекеті тарих бетінен өшіп кеткен мен олардың Жеті Жарғының жүйесіне ерекше әсер еткені анық байқалады. «Жеті» сөзі - Моғолыстан мемлекеті мағынасында қолданған «Чете» Моңғол тіркесіндегі «Чете-жете» сөзіне тікелей қатысты деп ұғынамыз «Чете» сөзі уақыт өте келе тіліміздің ерекшелігіне байланысты мәні түсінікті. Егер Жеті Жарғыны қазақ тіліне аударатын болсақ, оны мемлекет заңы немесе жарғысы деп түсінуге болады. Жеті Жарғы баптарында шариғат үкімдерінің сәл өзгеріске ұшыраған ережелерінің кездесуіне таң қалудың қажетті жоқ. Себебі қазақ ордасының қамқоршысы кейінен көршісі болған Моғолстан мемлекетті 1360 жылдар шамасында -ақ ислам мемлекеті болғаны бұл бізге тарихтан белгілі табиғат заңдылығы бойынша көрші мемлекеттер бір біріне сіңіріп отырғаны осыдан-ақ белгілі.

Қазақша жарғы әділдік деген ұғым білдіреді. Оның түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл әділ айырудан шыққан, дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап, қастерлер, құрметтеп, қарақылды қақ жарған деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыру тура шешу әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының, негізгі мәні міне осыда.

Қасымханның қасқа жолы деп атап кеткен ережелер жинағын шығарып оны халқына дәріптеп бойына сіңіре білген.

Еңселі бойлы ер Есім деп халқы атап кеткен әрі батыр, әрі би Есім хан болды. Бұл кісі 47 жыл бойы хандық құрған адам. Осы хандық құрған уақытына ғана қарап бұл бабамыздың да тегін адам болмағанын топшылау қиын емес. Есім ханның еліне, жұртына оның келешегіне жасаған жақсылығы Қасымханның Қасқа жолымен жаңартып толықтыруында Қазақтардың күрсініп еске алып аңсап жүрген заманы сонау Тәуке ханның патшалық құрған алтын дәуірі болатын. Расында да аңыздарға сүйенсек Әз Тәуке данышпан болған екен.

Қазақ жылнамасында оның алатын орны Салон, Ликургтар мен теңдес қатар тыруы тиіс. Ол «Жеті Жарғы» заңын құрастыру үшін және пікір алысу үшін үш жүздің биін шақырып олармен ақылдасып, Жеті Жарғының жүйесін құрастырды. Басқа билердің келісуі арқылы Тәуке хан Түркістан қаласына жақын қазіргі Сырдария облысы Күлтөбе деген жерде жеті биді шақырып, Олардың басын қосып сөйтіп олар «Қасым мен Есімнің ескі әдет-ғұрыптарын » Жеті Жарғығы біріктірген деседі. Тегінде Жеті Жарғының негізгі көзі деп, бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі бұйырғы құқығын, сондай-ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн.

Негізінен Тәуке ханның ережесі Жеті бөлімнен тұрған себебі, бұрынғы «Қасқа жолдың » 5-тарауына тағы 2 тарау: жер дауы, заңмен құн дауы туралы заң енді. Жеті Жарғы заңындағыбір еркектің төрт әйел алуына болады, әйелдің жарым басы кем, екі әйелдің куәлігі бір еркеке тең, еркеке толық құн, делінетін Тәуке хан тұсында ислам шариғатына қазақ заңына енген ережелер. Жеті Жарғының негізгі заңдарына тоқталып өтетін болсақ. Жеті Жарғыға әкімшілік қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары сондай-ақ салықтар, діни көз қарастар туралы ережелер енгізілген яғни онда қазақ қоғам өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Жеті Жарғымен билердің пайдасына түрлі салықтар жинауды заңдастырды. Төрт жағдайда өлім жасына кесу анықталды.

1. Егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмейтін болса.

2. Егер әйел көлденеңнен тапқан баласын ұяттан қысылып өлтіретін болса.

3. Күйеуінің көзіне өз әйелініңшөп салғанына көзі жеткен болса.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеті жарғы туралы деректер
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
Тәуке ханның өмірі
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Қасым ханның қасқа жолы
Жеті жарғы туралы ақпарат
Қазақ хандығының заңдары
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
«Жеті жарғы» атауының мәні мен мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz