Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ (1917.1925 жж.) ... ... ... ... ... ..7
1.1 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Ескі интеллигенциянын тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2 тарау ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (1926.1932 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.1 Шығармашылық интеллигенция мен өкіметтің карым.қатынасы ... ... ... ... ... .36
2.2. Көркемөнер интеллигенциясының өсуіндегі кайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... .52
2.3. Шығармашылық интеллигенцияның республика оку орындарында дайындала бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
Тақырыптың өзектілігі. Шығармашылық интеллигенцияның қазақ қоғамындағы атқарған рөлі, көтерген жүгі әрдайым үлкен болып келді. Ұлт тағдыры көп жағдайда олардың іс-әрекетімен байланысты болды. Ұлттық мәдениетті жасаушы — ең алдымен шығармашылық интеллигенция. Рухани мәдениетті өз бойында сақтаушы да, оның насихаттаушысы да, кейінгі ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізушілер де шығармашылық интеллигенция өкілдері.
Мәдениет — адам мен табиғат арасындағы қыл көпір, екеуінің арасыңдағы нәзік үндестікті-гармонияны жетілдіруші, табиғаттың да, адамның өзінің де қорғаушысы. Адамзаттың барлық рухани қазынасы - адамның шығармашылығының нәтижесі. Өркениет - адамның ой-санасының жемісі. Ендеше, мәдениет туралы зерттеулердің басты объектісі - шығармашылықпен айналысатын адамдар болуға тиіс.
Шығармашылық интеллигенция - мәдени құндылықтарды жасаушы. Ол жасаған мәдени туындылар халық үшін рухани азық.
Бұқара халық өзінің оқығандарына үлкен үміт артып, рухани жетекшісі санап, киын-қыстауда арқа сүйеді. Ақын-жыраулар қазақты "ақын халық" атандырды. Әнші-күйшілер қазақтың өнерсүйгіш ел екендігін әлемге паш етті. "Сырт көз - сыншыл" дегендей, Қазақстанмен алғаш танысқан еуропалықтар қазақгың білім-ғылымға, өнерге деген айрықша қабілетін атап көрсетті. Ресей империясының әкімшілігі қазақтың зайырлы білім алуына тежеу қойса, КСРО билеушілері қазақтың ұлттық санасын өшіруге тырысты. Қиянатшыл дүниеде өмір сүрген зиялылар халық үшін, оның жарқын болашағы үшін көрмеген азабы қалмады.
Төл тарихымыздың қай кезеңін алып қарасақ та, зиялы атанған адамдар, халқына қызмет істеген оқығандар, интеллигенцияның таңдаулы өкілдері ұлттық элита қатарында болып келді. Оның себебі — халқымыз рухани бай адамды материалдық жағынан дәулетті адамнан жоғары санап, сыйлап кедді. Қазақта өте зор ауқатты, "шіріген" байлар аз болмаған, алайда олардың бірен-саранының ғана есімдері тарихымызда сақталған. Ал сөз өнерінің майталман өкілдерінің есімдері мен туындылары ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Марксизм-ленинизм классиктерінің ой еңбегінің адамдары әрдайым үстем таптың жаршысы ("сарай ақындары") болып келді деген тезисі қазақ тарихында расталмайды. Мысалы, бұрынғы ақын-жыршыларымыздың мұраларында қазақ-қалмақ, қазақ-орыс шапқыншылық соғыстары, ел ішіндегі руға бөлінушілік, хан мен қараның арасындағы қатынастар көрініс тапса, XX ғасыр ұлы Абай салған дәстүр — жаман менен жақсының білім-ғылым мен надандықтық таласы, ұлт тағдырына пайдалы мен зиян құбылыстардың қайшылықтары ашып көрсетілген, елдің санасын оятып, өркениет биігіне шақырған шығармалармен басталды.
1. Қозыбаев М.Қ Тарих зердесі. Арыстар түғыры. (Екінші кітап). Алматы: Ғылым, 1998. 14-6. (280).
2. Сейдімбеков А. Сонар. Деректі әңгімелер. Алматы: Жалын, 1989. 4-6. (352).
3 Сейдімбеков А. Сонар. Деректі әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1989. 4-6. (352 6).
4 Затаевич А.В. Исследования, воспоминания, письма и документы. - Алма-Ата: Каз. госиздат худож. Лит-р, 1958. 245-273 (304).
5 Пернедегі термелер. Алматы: Жазушы. 1965. 46-49-б. (396)
6 Ақын-жыраулар. - Алматы: Ғылым, 1979. 146-177 б. (184).
7 Мухтар Ауэзов в воспоминаниях современников. - Алма-Ата: Жазушы, 1972.301-315 6.(360).
8 Ураз Джандосов. Документы и публицистика (1918-1937 гт.). В двух томах. Том 2. - Алматы: Қазақстан, 1999. 88 б. (304).
9 Дастан ата. Жамбыл Жабаев туралы естеліктер. Алматы: Жазушы, 1989. 43-47, 129-156,276-279 б. (416).
10 Қаныш аға. Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер. - Алматы: Жазушы, 1989. (400); Би аға. Бейімбет Майлин туралы естеліктер. - Алматы: Жазушы, 1991. (304); Азамат ақын. Ілияс Жансүгіров туралы естеліктер. -Алматы: Жазушы, 1994. (192).
11 Молдағалиев Ж. Жомарт жүрек. - Алматы: Өнер, 1990. (208).
12 Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. Естеліктер мен толғаныстар. - Алматы: Жазушы, 1976.263-276 б. (472); Соныкі. Есімдегілер. Естеліктер, эсселер. - Алматы: Жазушы, 1993. 140-152, 325-339 б. (400).
13 Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы. Ежелп дәуірден 1917 жылға дейін. - Алматы: Санат, 1999. 143 б. (192).
14 Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Қазақстан, 1996. 264-6.
15 Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том Алматы: Ғылым, 1993.160-6.(200).
16 Байтүрсынов А. Акжол. - Алматы, 1991. 252-6. (464).
17 Кәкішев Т. Қазак әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994. 279-6.
(448).
18 Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. - Алматы: Ғылым, 1988, 32-6. (368).
19 Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі; 1991. 19-6. (240).
20 Дәрбісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. - Алматы: Рауан, 1995. (238).
21 Қазақстан. Үлттық энциклопедиясы. 1-том. - Алматы, 1998. 505-6. (720).
22 Абай. Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, Атамұра, 1995. 152-6. (720).
23 Әбжанов X., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. -Алматы: Республикалық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992. 29-6. (128).
24 Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 1-том. - Алматы, 1998. 666-6. (720).
25 Егемен Қазақстан, 2002, 17 сәуір.
26 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. I том. - Алматы: Қазақ КСР Ғылым акад. баспасы, 1959, 264-6. (338)
27 Сүлейменов Р. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане. Алма-Ата: Наука, 1972.195-6. (494)
28 Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. Бесінші том. - Алматы: Жазушы, 1988. 117-118 6. (304)
29 Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. - Алматы: Ғылым, 1988. 32-6. (368)
30 М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. - Алматы: Ғылым, 1997. 30,32-6. (768)
31 Мұқанов С. Өмір мектебі. Азатты жолда. Екінші кітап. - Алматы: Жазушы, 1970. 264-6. (520)
32 Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. - Алматы: Санат, 1996. 70-80-6. (240)
33 Сейдеханов К. Әдебиет жанашыры (Е.С.Ысмайыловтың ғылыми творчествосына шолу). - Алматы: Ғылым, 1972. 57-6. (75)
34 Мұсаұлы Ә. Жікшілдік түбі жолбикелік // Жаңа әдебиет. 1930. №7. 56-6.
35 Жансүгірұлы І.Қателесуге қарсы большевиктік сынды күшейтеміз. // Социалды Қазақстан. 1932, 12 ақпан.
36 Жүбанов А. Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы. А., Қазақтың біріккен мемл. баспасы, 1942. 104-107,115-6. (236).
37 Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы. 2001. 238-б. (369)
38 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. — Алматы: Санат, 1997. 386-6.(464).
39 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. 411-6.
40 Сиранов К. Киноискусство Советского Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1966. 325-326 б. (400); Соныкі. Кино. Жылдар. Ойлар. Мақалалар жинағы. Қүрастырған Б.Дәрімбетов. - Алматы: Өнер, 1983. 121-6. (160).
41 Сиранов К. Казахское киноискусство. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1958;
Соныкі. Шакен Айманов - актер и режйсер кино. - Алма-Ата: Казахстан, 1970; 42 Соныкі. Кино туралы әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1973, т.б.
42 Кекілбайүлы Ә. ТәуеЛсіздік толғауы// Егемен Қазақстан, 2001, 28 ақпан.
43 Кекілбайүлы Ә. Тәуелсіздік толғауы // Егемен Қазақстан. 2001. 28 ақпан.
44 Сәдуақасүлы С. Әдебиет әңгімелері // Еңбекші қазак. 1927. 15, 16 ақпан.
45 Қошке. Көркем әдебиет туралы // Еңбекші қазак. 1926. 1 желтоқсан.
46 Мұстамбайүлы Ы. Көркем әдебиет туралы // Қызыл Қазақстан, 1927, №2, 43-6.
47 Сейфуллин Сәкен. Шығармалары. 4-том. - Алматы, 324-6.
48 Бес арыс Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. - Алматы: Жалын, 1992.294-295-6(544).
49 Қазақстан Кеңес Жазушыларынын туңғыш съезі. КИХЛ, 1934. 71-6.
50 Сәрсеке М. Ғасыр перзентті // Егемен Қазақстан. 1999. 29 қаңтар.
51 Чокин Ш. Четыре времени жизни. 273 б.
52 Сәрсекеев М. Сәтбаев. - Алматы: Жалын, 1988. 22-6 (528).


53 Мағжан. Бернияз Күлеев // Ақжол. 1923 жыл. 22 қаңтар.

54 Мұканұлы С. XX ғасырдағы қазак әдебиеті. І-бөлім. Қызылорда: Қазақстан, 1932. 371, 375, 378-6. (460).
55 Кемеңгерұлы Қ. Шығармалар. - Алматы: Тұлға, 1995. 102-6. (184).
56 Сонда. 98, 104, 110-6.
57 Жұбанов А. Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы. 164-6.
58 Ахметова Л. Қарлығаш қаламдастар. - Алматы: Қазақ университеті, 1993. 64-6.(112).
59 Ахметова Л. Қарлығаш қаламдастар. 69-б.
60 Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. - Алматы: Санат, 1995. 81-89 б. (168); Қозыбаев М. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. 2-ші кітап. -Алматы: Ғылым, 1997 67-6. (280).
61 Хабарлар // Айқап, 1913, №16. 359 б.
62Алаш-Орда. Сб. Документов. Составитель Н.Мартыненко. - Алма-Ата, Айқап, 1992. 27 б. (192).
63Заки Валиди Тоган. Воспоминания. Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранение культуры. Книга I. Уфа, Китап, 1994,182-266 б. (400).
64 Сонда. 253-254 6.
65 Қараңыз: «Айқап». Библиографиялық көрсеткіш. - Алматы, 1995. 325-6.; «Қазақ». Библиографиялық көрсеткіш. - Алматы, 1998. 508-6.
66 Мұқанов С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім. Қызылорда, 1932, 345-346 6.(460).
67 Тәукин Н. Өрмелеп шығып күн болған. // Сарыарқа, 1992, №5,12-156.
68 Серікқалиев 3. Тағдыр және біз. - Алматы: Ана тілі. 1996. 245-246 б. (320).
69 Алғашқы қарлығаштар. Жинақ. - Алматы: Қазақстан, 1993, 3-17 б. (208).
70 Бегалин С. Сахара сандуғаштары. Алматы: Қазақстан, 1976. 144 –б. (168)
71 КәкішевТ. Қызыл сұңқар. - Алматы: Қазақстан, 1968. 196 б. (285); Сонікі. Сәкен Сейфуллин. Ғұмырлық хикая. (Өнегелі өмір) Алматы: Жалын, 1976. 219-220 6.(320).
72 Дөнентаев С. Жазушыларға. Кіт.: Үрпағыма айтарым. - Алматы: Жазушы, 1989. 253 б. (304).
73 Қожакеев Т. «Жас алаштан» «Лениншіл жасқа» дейін // Лениншіл жас. 1991. 5 мамыр.
74 Бегалин С. Сахара сандуғаштары. - Алматы: Қазақстан, 1976.144-6. (168).
75 Елеукенов Ш. Мағжан. Өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Санат.1995. 81-б. (384)
76 Төреқұлов Н.Шығармалар. Дипломат. Алматы: Қазақстан, 1997.19 б. (336)
77 Бекенов Е.Дала қоңырауы. Алматы: Жазушы, 1977. 17 б. (240)

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 тарау КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ (1917-1925 жж.) ... ... ... ... ... ..7

1.1 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Ескі интеллигенциянын
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 16

1.3 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

2 тарау ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (1926-1932
жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

2.1 Шығармашылық интеллигенция мен өкіметтің карым-
қатынасы ... ... ... ... ... .36

2.2. Көркемөнер интеллигенциясының өсуіндегі
кайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... .52

2.3. Шығармашылық интеллигенцияның республика оку орындарында дайындала
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 69

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Шығармашылық интеллигенцияның қазақ
қоғамындағы атқарған рөлі, көтерген жүгі әрдайым үлкен болып келді. Ұлт
тағдыры көп жағдайда олардың іс-әрекетімен байланысты болды. Ұлттық
мәдениетті жасаушы — ең алдымен шығармашылық интеллигенция. Рухани
мәдениетті өз бойында сақтаушы да, оның насихаттаушысы да, кейінгі ұрпаққа
асыл мұра етіп жеткізушілер де шығармашылық интеллигенция өкілдері.
Мәдениет — адам мен табиғат арасындағы қыл көпір, екеуінің арасыңдағы
нәзік үндестікті-гармонияны жетілдіруші, табиғаттың да, адамның өзінің де
қорғаушысы. Адамзаттың барлық рухани қазынасы - адамның шығармашылығының
нәтижесі. Өркениет - адамның ой-санасының жемісі. Ендеше, мәдениет туралы
зерттеулердің басты объектісі - шығармашылықпен айналысатын адамдар болуға
тиіс.
Шығармашылық интеллигенция - мәдени құндылықтарды жасаушы. Ол жасаған
мәдени туындылар халық үшін рухани азық.
Бұқара халық өзінің оқығандарына үлкен үміт артып, рухани жетекшісі
санап, киын-қыстауда арқа сүйеді. Ақын-жыраулар қазақты "ақын халық"
атандырды. Әнші-күйшілер қазақтың өнерсүйгіш ел екендігін әлемге паш етті.
"Сырт көз - сыншыл" дегендей, Қазақстанмен алғаш танысқан еуропалықтар
қазақгың білім-ғылымға, өнерге деген айрықша қабілетін атап көрсетті. Ресей
империясының әкімшілігі қазақтың зайырлы білім алуына тежеу қойса, КСРО
билеушілері қазақтың ұлттық санасын өшіруге тырысты. Қиянатшыл дүниеде өмір
сүрген зиялылар халық үшін, оның жарқын болашағы үшін көрмеген азабы
қалмады.
Төл тарихымыздың қай кезеңін алып қарасақ та, зиялы атанған адамдар,
халқына қызмет істеген оқығандар, интеллигенцияның таңдаулы өкілдері ұлттық
элита қатарында болып келді. Оның себебі — халқымыз рухани бай адамды
материалдық жағынан дәулетті адамнан жоғары санап, сыйлап кедді. Қазақта
өте зор ауқатты, "шіріген" байлар аз болмаған, алайда олардың бірен-
саранының ғана есімдері тарихымызда сақталған. Ал сөз өнерінің майталман
өкілдерінің есімдері мен туындылары ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп отырған.
Марксизм-ленинизм классиктерінің ой еңбегінің адамдары әрдайым үстем
таптың жаршысы ("сарай ақындары") болып келді деген тезисі қазақ тарихында
расталмайды. Мысалы, бұрынғы ақын-жыршыларымыздың мұраларында қазақ-қалмақ,
қазақ-орыс шапқыншылық соғыстары, ел ішіндегі руға бөлінушілік, хан мен
қараның арасындағы қатынастар көрініс тапса, XX ғасыр ұлы Абай
салған дәстүр — жаман менен жақсының білім-ғылым мен надандықтық таласы,
ұлт тағдырына пайдалы мен зиян құбылыстардың қайшылықтары ашып
көрсетілген, елдің санасын оятып, өркениет биігіне шақырған
шығармалармен басталды.
"Біз қазақ зияльшарының жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық, - деп
жазды академик М.Қ.Қозыбаев. - Онда зиялы қауым кім, ол кай заманда жеке
тап болып, топ болып калыптасты, қандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ
зиялыларының өркениетке қосқан үлесі қандай? - деген сияқты келелі
сауалдарға жауап беруіміз керек. Бұл үшін зиялы қауым тарихымен айналысар
жас албырт буын тарихшылар тәрбиелеуіміз керек" [1].
Осы себепті әлі де болса ғылыми түсінігіміз толық қалыптасып үлгермеген,
шынайы бағасын алмаған өзекті мәселелердің бірі - осы ұлттық
интеллигенцияның тарихы. Мәселенің кейбір қырлары әртүрлі ғылыми әдебиетте
кездескенімен, мақсатты түрде жеке зерттеу объектісі ретінде осы күнге
дейін қолға алынбай келген еді. Өзімізге дейінгі интеллигенция тақырыбына
қалам тартқан бірталай ғалымдардың еңбектеріне құрметпен қарағанның өзінде,
өз шешімін күткен көптеген маңызды да күрделі ғылыми проблемалардың бар
екендігіне көзіміз жетеді.
Зерттеулерде интеллигенцияның құрылымының ерекшелігі және күрделілігі
әрдайым ескеріле бермейді. Осы уақытқа дейін интеллигенцияның құрамына
кімдерді кіргізу керектігі женіндегі пікірталас тоқтаған жоқ. Көпшілік
мойындаған көпке ортақ концепция орнықпағаңдықтан, интеллигенция тақырыбы
ғылыми пікірталас аясында қалуда.
Біздің жұмысымызға өзек болған шығармашьшық интеллигенция - зиялылардың
алдыңғы тобы, "интеллектуалдық элита" аталатыңдар. Бұл топтағылар, нақты
алғанда - ғалымдар (ғылыми интеллигенция), ақын-жазушьшар, журналист-
қаламгерлер, өнер қайраткерлері - интеллигенцияның тандаулы өкілдері, бүкіл
ұлттың, жалпы Қазақстанның рухани көшбасшылары болғаңдар. Соңдықтан біз өз
жұмысымызда интеллигенцияны әлеуметтік топ ретінде тұтас алмай, оның бір
бөлігі — қоғамның тыныс-тіршілігіне үлкен ықпал жасаған шығармашьшық
еңбектің өкілдері — көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қызметін арқау
етпекпіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңестік кезенде шығармашьшық
интеллигенцияның қоғамдық рөлі бір қалыпты болмады. Оның қалыптасу, өсу
үрдісі коммунистік тарихшьшар жазғанындай, үнемі өрлеу үстіңде, "табыстан-
табыска" жетумен сипатталмайды, керісінше тоталитаризм жүйесінде
зиялылардың тағдыры драмалық, трагедиялық сипатқа толы болды. Мұны деректер
кешені айқын аңғартады.
Қазақстан тарихнамасында қазақтың шығармашылық интеллигенциясының
қалыптасу жолы жүйелі әрі жаңа тұрғыдан сараланып зерттелмей келгеңдіктен
оның орны әлі толық анықталған жоқ. Оның басты өзіндік ерекшеліктері - ұлт
санасын қозғаушы рөлін атқаруы, тоталитаризмге карсылық көрсеткендердің
алдыңғы қатары болуы, т.б. көптеген аса маңызды, өнегелі-тағылымды іс-
әрекеттері ашылмай келді.
Оның үстіне, бұл тақырыпта ертеректе жазылған дүниелер де өзін
жаңғыртуды қажет етеді. Зиялылардың жеке өкілдерінің (А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин т.б.) шығармашылығы мен қоғамдық-саяси
қызметі жөніндегі кандидаттық диссертациялар деңгейінде жүргізілген
зерттеулер проблемалар мен сұрақтарды азайтудың орнына көбейте түсуде.
Әдебиетші-ғалымдардың еңбектерінің көбінде олардың шығармашылығына ден
қойылып, қайраткерлік, күрескерлік қызметі, қоғамдық ойға тигізген әсерлері
туралы жазғанда дәлсіздіктерге, кайшылықтарға жол береді. Бұл зерттеулер
байыпты қорытуды қажет етеді.
Аталған тақырып қазақ топырағында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық
дәстүрлер жалғастығы тұрғысынан өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Ұлттық
шығармашылық интеллигенцияның алғашқы ұрпағының аса күрделі өмір жолын
тиянакты зерттеудің үлкен ғылыми мәнімен қатар тәрбиелік маңызы да зор.
Шығармашылық интеллигенция өкілдерінің көпшілігі өз замаңдастарына рухани
ұстаз болуымен бірге, кейінгі ұрпақтар үшін де жарқын өнеге болып табылады.
Олардың өмірі де, туынды-шығармалары да жастарымызға халықшылдық,
патриоттық, адамгершілік сезімдерін баулуға септігін тигізіп, ұлттық сананы
жетілдіруге қызмет етеді.
ХХІ-ші ғасыр басындағы қазақ елінің алдыңдағы абыройлы мақсаттың үлкені
— рухани жөне материалдық мәдениетімізді дамыту арқылы қоғамымызды,
Қазақстан мемлекетін іргелі жылжыту болып табылады. Осы биік мақсаттан
мәдениеттің субъекті - авторы, жасаушысы ұлттық шығармашылық
интеллигенцияға айрықша көңіл бөлу қажеттігі келіп туындайды. Өркениетті
елдерде өздерінің көрнекті оқығандарын, ғалымдарын, қалам және қылқалам
шеберлерін, бір сөзбен айтқанда мәдениет қайраткерлерін қадірлеп, оларды
материалдық және моралдық жағынан қолдаудың бірталай дәстүрлері
қалыптасқан. Соңдай игілікті де ізгілікті дәстүрлер Қазақстанда да
қалыптасып, берік орнығуына бағытталған шаралар кабылдануы қажет. Соңғы
уақытқа дейін қазақтың талай майталман ақындары, өнер иелері, ғалымдары
мысалға өмірінде ауыртпашылықтардан басқа өкімет тарапынан ешқандай қолдау
кормей дүниеден өткендігі белгілі, мысалы Қ. Аманжолов, М.Макатаев, А.
Машанов, Ш. Қалдаяқовтарды уақыт өткізіп барып, мерейтойларын атап, сый-
сиапат, қолпаштау әдеті парасаттылыққа жатпаса керек. Алаш зиялыларынан,
С.Сейфуллин бастаған шығармашылық интеллигенцияның жаңа ұрпағының 1937-1938
жылдары атылып кетуіне, М.Әуезов, Қ.Сатбаев, Е.Бекмаханов, Қ. Мұхаметханов
т.б. ғалымдарының қуғыңдалуына жол берілмесе керекті. Шығармашылық
интеллигенцияның тарихын жан-жақты әрі терең зерттеу ғалымдардың қадірін
жете түсініп, олардың еңбегін бағалай білуге көмектеседі.
Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның тағдырын зерттеу рухани тегімізді
тануға септігін тигізеді, тарихымыздың тұңғиық тереңінен бастау алатын
рухани әлемімізге бойлауға мүмкіндік береді. Белгілі ғалым А.Сейдімбек бұл
туралы: "Халықтың рухани әлеміне ден қойғанда, өткенін, бүгінін және
болашағын біртұтас тарихи-мәдени процесс ретіңде қарағанда ғана ғылыми
шындықтың шоқтығына қол тигізуге болады" [2] дей келіп, жеке бір саладағы
рухани өрісті бажайлаумен ақиқатты тануға болмайтындығын атап көрсетеді.
Шығармашьшық интеллигенциясының қазақ қоғамындағы атқарған рөліне
байланысты осы күні күрделі проблемалар кешені жинакталып, өз шешімін
күтуде. Бұл күрделі тақырыпты ғылыми-объективті тұрғыдан арнайы
зерттемейінше ұлтымыздың тарихы толымды түрде жазылмайтыны айқын болса
керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тарихтың әрқилы бұрьшысында,
әсіресе үлкен сілкіністер, күрделі қоғамдық құбылыстар тұсында шығармашьшық
интеллигенция ұлттық мүддені толымды түрде білдіретін зор күшке айналып
отырды. Осындай тарихи кезең - XX ғасырдың алғашқы жартысында, нақты
айтқанда 1917-1941 жылдары қазақ қоғамында шығармашылық интеллигенцияның
атқарған рухани жетекшілік қызметінің тарихын байыпты зерттеу – жұмыстың
басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізіңде төмеңдегідей міндеттер туындайдьг.
- Шығармашьшық интеллигенция ұғымын нақтылап, оның ауқымын анықтау;
- Зиялылар ұғымына ғылыми түсінік беру;
- Мәселенің теориялық-методологиялық негіздерін айқыңдау;
- Тақырыптың тарихнамасын жүйелі баяндау арқылы позитивтік және келеңсіз
аспектілерді бөліп көрсету;
- Зиялы қауымды жаңа қырларынан танып-білуге септігін тигізетін тың
деректер кешенін ғылыми айналымға енгізу, және бұрын белгілі деректерге
деректанулық талдау жасау арқылы шығармашылық интеллигенцияның қоғамдық
мәні бар қызметін объективті көрсету.
- Кеңестік дәуірде калыптасып үлгерген касаң көзқарастарға, еуроцентристік
түсініктерге сыни талдау жасау негізінде тақырыпты идеологиядан арылтып,
мүмкіндігінше ғылыми негізде зерттеу;
- Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның қалыптасып, тарихи даму жолын
объективті ашып көрсету негізінде жаңа концепциялар ұсыну;
- Шығармашылық интеллигенцияның пайда болып, өсіп-жетілу барысындағы ішкі
зандылықтары мен қайшылықтарын ашып көрсету;
- Шығармашыльгқ интеллигенцияның Кеңес екіметі мен Компартиямен қарым-
қатынасын талдау;
- Бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың
ең түйіңді, өзекті мәселелеріне жалпыадамзаттьгқ
тұрғыдан өз пікірімізді білдіру.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Алаш интеллигенциясының шығармашылық
қызметпен айналысқан өкілдері мен кеңестік шығармашылық интеллигенцияның
кеңестік бөлігі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін пайда болып , қалыптаса
бастады. Бұл интеллигенция өз дамуының бастапқы жылдарында, яғни Ұлы Отан
соғысына (1941-1945) дейінгі кезенде бірнеше сатылы белестерден өтті.
Қазақтың кеңестік шығармашылық интеллигенцияның алғашқы ұрпағының саяси
қуғынға ұшыратылып жойылуымен аяқталады. Қоғам тарихында, оның ішінде
интеллигенцияның шежіресінде, соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдар
дербес кезеңдерді құрғандықтан жаппай саяси қуғын-сүргін науқынанан соғысқа
дейінгі аралық қоса қарастырылған.

1 ТАРАУ
КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
(1917-1925 жж.)

1.1. Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының
алғышарттары

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың кеңестік интеллигенциясының пайда
болып, өсуінің басты алғышарты - саяси биліктің Ленин бастаған коммунистік
партияның колына көшуі болды. Бүкіл Ресейде - метрополия мен отарларда
біркелкі әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі, әскери күшке сүйенген
казармалык тәртіп орнатыла бастады. Билік басына келгеннен соң большевиктер
бастапқыда қазақтың ұлттык шығармашылық интеллигенциясын қажет етпеді,
тіпті оның өкіддеріне тиісті көңіл де белмеді. Азамат соғысы жылдары
актардан босатылған жерлерде казақтарды өз жағына тарту үшін олардың
сауаттыларын, беделді адамдарын кеңестік-партиялық қызметке шақырды. 1919
жылы Алашорда кайраткерлеріне кешірім жасалып, Ахмет Байтұрсынов бастаған
ұлт зиялылары Коммунистік партия мүшелігіне кіріп, оқу-ағарту, мәдениет,
баспасөз істерімен қызу айналыса бастады.
Лениннің декреті бойынша құрылып 1919 жылдары Қазақстанды басқарған
Революциялық Комитет (Казревком) өзінің қызметін Солтүстік Қазақстанда
Қызыл әскерлердің үстемдігін орнату шараларынан бастаған еді. Казревкомды
Мәскеу жіберген С.С.Пестковский, В.А.Радус-Зенькович сияқты қазақ хабары
жоқ лениншіл-коммунистер баскарды. Ахмет Байтұрсынов, Әліби Жангелдин,
Сейітқали Мендешев, Бакытжан Қаратаев сынды қазақ кайраткерлері Казревком
құрамына алынғанымен, билік тізгіні еуропалықтарда болды. Казревком ескі
интеллигенцияны коммунистерге қызмет еткізуге бағытталған бірталай
шараларды қабылдады.
1920 жылдың 22 қаңтарында қазақ ревкомы өлкедегі бүкіл интеллигенттік
күштерді кеңес жұмысына жұмылдыру (мобилизациялау) туралы қаулы шығарды.
Окыған азаматтарды уақытша болса да өз жағына тартпайынша көздеген
мақсаттарына жетудің мүмкін еместігіне көздері жеткен жаңа билеушілер ауыл
мектептерін, бастауыш казақ-орыс мектептерін бітірген сауатты адамдарға
іздеу салды. Кеңес жұмысынан бас тартқан оқыған адамдар революция жауы
ретінде соғыс жағдайындағы заңдар негізінде жауапқа тартылды. 1920 жылдың
24 маусымында Казревком Орал облысындағы қазақ интеллигенциясын жаппай
мобилизациялау туралы Шешім кабылдады. Бұл жұмысты іске асыру П.И.Струппе
төрағалық еткен (комиссия құрамында белгілі зиялылар Мұхаметжан Қаратаев,
Есенғали Қасаболатов болды) арнаулы комиссияға жүктелді [3].
Өлкедегі сауатсыздықты жою желеуімен Қазревком 1920 жылдың 28
қыркүйегіңде тағы да ұлттық интеллигенцияға жаппай мобилизация жариялады.
Бұл жолы интеллигенциямен қатар "мектепте сабақ беруге жарамды" барлық
адамдар, атап айтқанда он (10) дәрежелі білімі барлардың бәрі есепке
алынды: 1) жоғары білімділер; 2) орта білімділер; 3) арнаулы педагогикалық
оқу орындарын бітіргендер; 4) жоғарғы бастауыш училищелерді бітіргендер; 5)
медресе тамамдағандар; 6) екі сыныпты училище бітіргендер; 7) бір сыныпты
бастауыш училище түлектері; 8) "земское одноклассное училище" аталған оқу
орнын бітіргендер; 9) мектептер (бұл жерде жиырмасыншы ғасырдың басынан
бастап пайда бола бастаған болыстық, ауыларалық жәдид мектептері айтылған
болу керек) және 10) өз бетімен хат таныған (самоучки и лица с домашним
образованием" делінеді ), бастауыш арифметика амалдарын жақсы білетін және
сауатты жаза алатын адамдар [4].
Қазақ автономиялық республикасы құрылған соң көп үзамай, 1920 жылғы 30
қарашада ҚазОАК Қазақ АКСР-дегі оқыған қазақтардың тізімін алу" жөнінде
қаулы қабылдады. Қазақ интеллигенциясын жинау бүкіл республикалық ауқымда
жүргізілді.
Қазақ қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысы Алаш
қозғалысынан айқын көрінді. 1917-1920 жылдардың аралығында қазақ оқығандары
мемлекеттік тәуелсіздік алу үшін күресті. Империя құрамында Алашорда
аталған автономия құруға көп күш салды. Деректерге қарағанда, Алаш
қозғалысында ұлттық шығармашылық интеллигенциясының өкілдері жетекші рөл
атқарды.
Қазан төңкерісі қарсаңында және революцияның алғашқы кезеңінде ұлттық
шығармашылық интеллигенция казақтың өзге интеллигенциясынан, яғни
окытушылар кауымынан, дәрігерлер, заңгерлер, әкімшілік кызметкерлерінен
рухани жағынан жетілген, оқыған атаулыларға шамшырақ болған үлкен топ
болды.
Алашорданың көсемі Әлихан Бөкейхан, Батыс Алашорданың жетекшісі Халел
Досмұхамедов, Алаш идеологтары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, және т.б. қайраткерлер ұлттық
шығармашылық интеллигенцияның аса көрнекті өкілдері болып сол кездің өзінде-
ақ танылған еді. Есімдері аталған азаматтардың іс-әрекеттері Алаш
қозғалысының тағдырында да, бүкіл қазақтың ендігі уақыттағы тағдырында
ерекше рөл атқарды. Халқының болашағын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бірінші
болып қызылдармен сөз табысып, коммунистермен одақтасты. Алайда оның
Казревкомдағы қызметі бұрыңғы алаш мұраттарына берілгендігін ұлттық
идеяларды берік ұстағандығы айқын көрсетті.
Большевиктер Алаш қайраткерлерін саяси билікке жолатпау саясатын
ұстанды. Әлихан Бөкейхан бастаған бір топ зиялылар еріксіз Қазақстаннан
қуылды. Бұрыңғы алашордашылар Ахмет Байтұрсынов, Аспандияр Кенжин,
Ғ.Әлібеков халық комиссарлары болып тағайындалып, өкімет мүшелері
болғанымен, оларға саяси сенімсіздікпен қарау жалғаса берді. Олар әр түрлі
денгейдегі кеңес жұмысына тартылғанымен, барлык билік шоғырланған партия
комитеттеріне жолатылмады. Коммунист басшылар оларға жоғарыдан төмен қарап,
техникалық қызметшілер ретінде қолданды. Өздерінің басыбайлы кұлдар етпекші
ауыл қазақтарын басқаруға көмектесетін оқу-білімі аз, мәдениеті таяздар
өздерінен әлдеқайда білімді әрі саналы интеллигенция өкілдеріне билігін
жүргізген ахуал орнады. Қазақтың саналы азаматтарына жергілікті жерлерде,
облыстық, уездік мекемелерде көп қысымшылдық көрсетілді.
Жаңа интеллигенцияның пайда болуына қажетті алғышарттар бүкіл халық
ағарту ісіндегі өзгерістерге тікелей байланысты болды. 1917-1925 жылдары
қазақ қоғамындағы бұрыңғы оқу жүйесі қиратылып, білім беру ісі кеңестік
негізде кайта құрылды. Ежелден бергі ауылдық және ауыларалық мектептер
жабылды. Молдалар ескіліктін сарқыншақтары ретінде қуғынға салынды.
Төңкеріске дейінгі жылдары мұғалімдік еткен молдалардың ішінде терең
білімді, білікті әрі тәжірибелі ұстаздар аз емес еді. Молдаларды жаппай
көзсіз қуғындау ұлттық білім беру жүйесіне орны толмас үлкен зақым
келтірді.
Қазан төңкерісіне дейін, жиырмасыншы ғасыр басында қазақ
ағартушыларының рухани жетекшісі болған Ахмет Байтұрсынов революциядан
кейін де осы игілікті істің басы-қасында болды. Ахмет Байтұрсыновтың
үлгісі, іс-әрекеті мен жалынды сөздері ескі ағартушы-ұстаздарды оқыту
жұмысын жаңа жағдайда жалғастыруларына үлкен ықпал етті. Қазақ
интеллигенциясының алдына елдегі жаппай сауатсыздықты жою міндеті қойылды.
Сауатсыздық дегенде мұсылманша оқығандар сауаттылар қатарында саналмады.
Еуропалық үлгідегі оқу орындарын, мектептер мен училищелерде оқығандар,
орысша білетіндер ғана сауатты адамдар саналды. Ахмет Байтұрсыновтың
басшылығымен жер-жерлерде облыстық, уездік халык ағарту мекемелері құрылып,
бұл істің мамандары жұмысқа келді. 1921 жылы 18-25 қаңтарда Орынборда болып
өткен халық ағарту қызметкерлерінін бүкіл Қазақстандық бірінші
конференциясы Ахмет Байтұрсыновтын баяндамасы бойынша Азамат соғысында тоз-
тозы шығып қираған оқу орындарын қалпына келтіру, мүмкіндігінше көбірек
мектептер мен курстар ұйымдастырып, балалар мен ересектердің сауатын ашу,
жан-жаққа тентіреп кеткен мұғалімдерді оқу-ағарту жұмысына қайтадан
жұмылдыру сияқты бірінші кезекте атқарылатын шараларды белгіледі.
Сол жылғы 21 ақпанда Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің төралқасы
Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасын тыңдап, Халық ағарту халық комиссариатын
екпінді комиссариат деп жариялап, республикадағы барлық мекемелер оқу
орындарына жан-жақты көмек көрсетуге міндеттелді. Қазақ мәдениетіне қатысты
барлық мәселелерді шешу Қазақ АКСР-нің Халық ағарту халық комиссариатына
(кейде Оқу халкоматы деп аталды) тапсырылды. 1921 жылғы 9 тамызда
республика Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту халкоматының қызметі
жөніндегі Ережені бекітті. Осы Ережеде Оқу халкоматына "Өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, басқару, халық ағарту және денсаулык қорғау салалары бойынша
Қырғыз (Қазақ) республикасына қажетті мамандарды даярлау ісіне жалпы
басшылық жасау" тапсырылды. Бұл дегеніңіз казактың ұлттык шығармашылық
интеллигенциясын даярлау ісін республиканың Халык ағарту халкоматының
құзырына берілуін заңдастыру болып табылады. Шын мәнінде, 1920-1930 жылдары
Қазақтың шығармашылық интеллигенциясын қалыптастыру мәселесінін барлык
ұйымдастырушылық, қаржылық жұмыстарымен айналысқан бірден-бір халкомат
(бүгінгі сөзбен айтқанда - министрлік) болды.
Республиканың халық ағарту халкоматының ұсынуымен 1921 жылы 26 шілдеде
Қазақ АКСР-і ОАК казактардьщ сауатын ашу жұмысына он алты мен елу жас
аралығындағы барлық сауатты қазақтарды мобилизациялау туралы қаулы шығарды.
Осы қаулы бойынша төңкеріске дейін және төңкеріс жылдары медресе, бірінші-
екінші сыныптың бастауыш мектеп, тіпті өз бетімен сауатын ашқан адамдардан
бастап жоғарғы оқу орындарын бітіргендердің бәрі міндетті түрде оқу
жұмысына жұмылдырылатын болды.
Қазақ зиялылары халқының көзін ашу, сауатсыздықты жою ісіне бар күштерін
жұмылдырды. Олар Оқу халық комиссариатының төңірегінде топтасып, күш
біріктіре кимылдады. Халық ағарту саласында жиырмасыншы жылдардың басында
әрекет еткен оқу комиссариаты мен БК(б)П Киробкомы тарапынан атқарылған
жұмысты салыстырғанда, соңғылар ұраншылдық пен науқаншылыққа ұрынып,
кебінесе көзбояушылықпен айналысқандығы байқалады. Партия орындарының
нұсқауымен жер-жерде құрылған ГрамЧК деген ұйымның (Сауатсыздықты жою
жөніндегі төтенше комиссия) жұмысы сауатты адамдарды күштеп мобилизациялап
сауатсыздықты жою (ликбез) жөніндегі қысқа мерзімді курстарды ашумен
шектелді.
Алаш оқығандарының ауыл еңбекшілерінің көзін ашып, оқу-білімге тартып,
ел ішіндегі дарын иелерін қолдап-көмектесу ісінде атқарған еңбектері елеулі
болды. Қазақтың оқығандары, алғашқы жоғары білімді мамандары, тұңғыш
ғалымдары бір-біріне көмектесіп, қолдау жасауды парыз санағандығы жөнінде
деректер жеткілікті. Осындай өзара ынтымақтың арқасында көптеген жастар
өздерінің табиғи дарындарын ұштап шығармашылық интеллигенция катарынан орын
алды. Өлеңге ебі бар талапты жас Сапарғали Бегалин Семейге келіп Нұрғали,
Нәзипа Құлжановтарға атшы бала болып сауатын ашты.
1922 жылғы 1 маусымда Сейітқали Меңдешев Қазақ АКСР Орталық Атқару
Комитетінің қазақ тіліндегі баспа ісін жақсарту туралы қаулысына кол койды.
Бұл каулыда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесіне барлық халкоматтары
өз салалары бойынша қазақ тілінде кітаптар, плакаттар, оқулықтар шығаруын
қадағалау тапсырылды. Бұл міндетті орындау үшін қажетті қаржы көздерін
тауып, қазақ интеллигенттерін осы игілікті іске жұмылдыруды тапсырды. Өзге
халкоматтарға қарағанда жұмыстың көп бөлігі Оқу Халық комиссариатына
жүктелді. Оған әр түрлі дәрежедегі оқу құралдарын шығарумен бірге, әдеби,
ғылыми, саяси-үгіт мазмұнды кітаптарды даярлаумен қатар орыс тілінен көп
санды басылымдарды қазақшаға аудару ісін ұйымдастыру тапсырылды. Бұл кең
аукымды мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға тиісті жоғары білікті мамандар
жетіспеді. Сондықтан болар, кітапханалардың сирек кездесетін кітаптар
корларында сақталған жиырмасыншы жылдар басылымдарының сауаттылығы төмен
болып келеді. Бұл олқылықты қазақ зиялыларының өздері де терең түсініп, өз
еңбектерінің нәтижесіне деген талапкершілікті күшейтумен болды. Мәдениет
саласында жетістіктерге жету үшін оқу-білім беру жүйесінің жұмысын
орнықтыру қажет болды.
1917 жылдан бастап ескі оқығандар жер-жерде мәдени - ағарту ұйымдарын
құрды, қазақтын бүкіл әдеби интеллигенциясын ұйымдастыруға талпынды (1922
жылғы желтоксанда Ташкентте құрылған "Талап" қауымы). Ал революцияны
жақтағандар әлі әлсіз болғандықтан күш біріктіруге деген талпынысы да әлсіз
болды. Шынында олар әлі әдебиетші ретінде қалыптасып үлгермеді, пролетариат
ақын-жазушылары атану үшін бірталай уақыт керек еді.
Аға ұрпақ өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Сейітқали Мендешев, жас
қызметкерлер Сәкен Сейфуллин, Смағүл Сәдуақасов бастаған қазақ зиялылары
ана тілін жанын сала қорғады. Аса өзекті мәселе ретінде баспасөз бетінде
көтерді. Ең маңызды істер қатарында республика өкіметінің күн тәртібіне
қойды. Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитеті жанындағы іс қағаздарын қазақ
тіліне көшіру жөніндегі Орталық Комиссиясы 1923 жылы 6 желтоқсанда құрылып,
оны ОАК-нің хатшысы Жанайдар Сәдуақасов басқарды. 1924 жылдын сәуірінен
бастап Комиссияның төрағасы қызметін Аспандияр Кенжин, 1925 жылы - Ораз
Исаев атқарды.
Қазақтың ғылыми интеллигенциясының алғашқы өкілдері ұлт тағдырына
байланысты барлық мәселелерді шешуге белсене қатысты. Заман тудырған ең
өзекті міндеттердің іске асуы, мәдени өркендеудің барлық күрделі
мәселелерін оңтайлы шешілуі қазақ ғалымдарының аз ғана шоғырының мойнында
болды. Мысалы, қазақ тіліндегі мектеп оқулықтарын баспадан көптеп шығару,
олардын сапалық деңгейін арттыру жөніндегі жанашырлық ғылыми-әдістемелік
Кеңестің төрағасы Молдағали Жолдыбаев пен осы Кеңестің мүшесі Телжан
Шонановтын Халык ағарту халкомы Смағүл Сәдуақасовқа жазған хатында (1925 ж.
13 ақпан) айқын көрініс тапкан [5]. 14 ақпан күні Молдағали Жолдыбаев пен
Біләл Сүлеев Халық ағарту халкоматы алқасының құрамына енгізілді [6]. Бұл
кайраткерлердің әрқайсысы бір мезгілде қоғамдык-басшылык, оқытушылық,
ғылыми-зерттеу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды.
Қоғамдық-саяси басшылық қызметтерден гөрі шығармашылық жұмыспен
айналысуға ұмтылған Сәкен Сейфуллиннің өтінішін қарап, БК(б)П Қазөлкеком
бюросы 1925 жылы 7 сәуірде: "Идя навстречу необходимости предоставления
широкой возможности заняться литературно-творческой работой, направить тов.
Сакен Сейфуллина в распоряжение Наркомпроса, рекомендовав для работы в
качестве председателя научной комиссии НКПроса" [7] деп қаулы шығарып,
Сәкенді әдеби шығармашылық жұмысын ғылыми-ұйымдастырушылық қызметпен қоса
атқаруды міндеттеді.
Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның қалыптасу жолында үлкен белес болып
табылатын "Талап" және "Алқа" ұйымдарының тарихын зерттеудің маңызы зор.
Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазАПП-тан бұрын құрылған қауымдар қазақ
зиялыларының алғашкы шығармашылық ұйымдары болды.
Бүгінгі күнде "Талапқа" мүшелігі құжаттармен дәлелденген жиырма төрт
адамның тізімі төмендегідей: Жүсіпбек Аймауытов, Ишеналы Арабаев (қырғыз
ағартушысы), Мұхтар Әуезов, Абдолла Байтасов, Ахмет Байтұрсынов, Қажым
Басымов, Жүбаныш Бәрібаев, Әбубәкір Диваев, Халел Досмүхамедов, Міржақып
Дулатов, Мырзағазы Есболов, Кәрім Жәленов, Мағжан Жұмабаев, Қошке
Кеменгеров, Шамғали Сарыбаев, Қабылбек Сарымолдаев, Біләл Сүлеев, Иса
Токтыбаев, Мұхаметжан Тынышбаев, Қасым Тыныстанов (кырғыз қайраткері),
Даниял Ысқақов, еуропалықтар НАрхангельский мен А.Э.Шмидт, ұйғыр қайраткері
Абдолла Розыбакиев.
Бұл тізім "Талапқа" әр түрлі мамандық иелері, басшы кайраткерлердің
мүше болғандығын айғақтайды. "Талаптың" алдына қойған максаттары да өте
ауқымды, жалпы ұлт мәдениетіне қатысты үлкен мәселелер болды. Сондықтан да
қалам иелері қазақ әдебиетінің мезгілі жеткен өзекті мәселелерін қауым
болып шешу үшін өзінің шығармашылық ұйымын құруға ұмтылды.
"Алка" атты әдеби ұйым туралы алғашкы деректер 1924 жылдың аяғында пайда
болды. Егер "Талаптың" бастамашысы қоғам қайраткері, дәрігер, ғалым Халел
Досмұхамедов болса, "Алқа" ұйымын құруды алғаш қолға алған -сарабдал акын
Мағжан Жұмабаев болды. "Алқаны" құру жолындағы барлық ұйымдастырушылық
қызметті де ақын-жазушылар өздері атқарды. "Талап" қауымының біршама
белсенді жұмыс атқарып, аяғынан қаз түрып кетуінің бір себебі - оны
Түркістан автономиясының үкіметі, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Санжар
Аспандияров сынды ірі басшылардың қолдап, көмек көрсетуі еді, ал "Алқада"
мұндай қолдау болмады.
"Алқаның" "Талаптан" айырмашылығы - бұл ұйым әдебиетшілердің, "таза"
ақын-жазушылардың, газет-журнал қызметшілерінің қоғамы болмақшы еді.
Сонымен бірге "Алқа" қаламгер-әріптестердің сынаулы тобын біріктіретін
жабык клуб емес, атақты, тәжірибелі ақын-жазушылармен бірге әдебиет
жанашырлары, жаңа қалам тербеткен жастардың басын қосатын ашық ұйым болуға
тиісті еді. Тура және жанама деректерді саралай келіп, "Алқаны"
ұйымдастыруға ат салысқан азаматтардың есімдерін атайтын болсақ, олар:
Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Еркеғали Алдоңғаров, Сұлтанбек
Сәдуақасұлы, Е. Омаров, Жәкен Сәрсембин, Абдолла Байтасов, Жұмағали
Тілеулин, Сәбит Дөнентайұлы. Талантты зерттеуші Дүйсембек Қамзабекұлы
"Алқаның" бағдарламасын жазған Мағжан Жұмабайұлы деген бұрыннан келе жатқан
пікірді терістемейді, сонымен бірге бұл тарихи құжаттың бір адамның жазғаны
емес, ұжымдық еңбектің нәтижесі деген көңілге конымды пайымдау жасайды [8].
Жоғарыда аталған каламгерлердің қайсы (өзге адамдар да болуы мүмкін)
бағдарлама мәтінімен жұмыс істеді - бұл жаңа деректер табылғанда
айқындалады.
Қазақ интеллигенциясының "Талап" пен "Алқа" ұйымдары отандык тарихнамада
зерттелуі жаңа қолға алынған тың тақырыптар. Олар ұлттық мәдениетке, ғылым
мен танымымызға берері көп тарихи мәселе. Бүгінгі таңда деректердің,
әсіресе мұрағаттық құжат-дәйектемелердің жетіспеуі олардың тарихын толымды
ашып, жүйелі жазуға қолбайлау болуда. Сондықтан да, біздіңше, "Алқа" қауымы
құрылмай жатып талқандалды дегенге саятын қорытынды жасау әлі ерте. 1929-
1930 жылдары аяқ-қолы кісенделген азаматтардың ОГПУ-дің жаналғыштарына
берілген жауаптар бір басқа екендігі бұл жолы да расталуға тиіс.
Ақын-жазушылар қатары жаңа есімдермен үнемі өсіп, толығып отырды.
Олардың өсіп-жетілуіне орталық (бүкілқазақстандық) және жергілікті баспасөз
айтарлыктай қолдау көрсетті, ықпал етті. Сонымен бірге баспасөз шығармашыл
интеллигенцияның тарихы жөніндегі аса құнды деректер көзі болып табылады.
Жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы газет-журналдар беттері қаламгерлер-
авторлардың көптігімен (көбінің есімдері мен шығармалары бүгінде белгісіз)
ерекшеленеді. Бұл ерекшелік бір жағынан қазақ халқының сөз өнеріне
бейімділігін айқындай түсетін дерек болып табылады. Екіншіден, қазақ
ақындары газет-журнал пайда болғанға дейінгі кезенде көп болды ма, әлде
баспасөз кеңінен тараған соңғы уақытта көбейді ме деген сауал тумай
қоймайды. Жоғарыда біз шығармашылық интеллигенцияны сан жағынан есептеудің
қиындығына тоқталып өткен болатынбыз. Дегенмен, егер әңгіме жазушы-
прозаиктер, әдебиеттің жазба түрімен дамитын жанрларында еңбек ететін өзге
де қаламгерлер жөнінде болып, олардың сан жағынан дамуының шартты түрде
диаграммасын бейнелейтін болсақ, онда олардың пайда болғанынан бастап, яғни
жиырмасыншы ғасырдын басынан 1941 жылға дейінгі кезенде үнемі сатылап
жоғарылап, сан жағынан жыл өткен сайын ұлғая түскен динамикасын көретін
боламыз.
Ал поэзия саласында мәселе күрделірек, ақынжанды казақ халқының сөз
галанттары әр кезде де - заман тыныштықта да, аласапыран қиыншылыкта да
туып отырды, жетіліп, сан-сапасы өсіп отырды. Газет-журналдарға қол
жетпеген кезде, поэзиялық шығармалар ауызша және қолжазбалар түрінде
тараған уақытта өмір сүрген ақындарда есеп жоқ. Ана тіліміздегі тұңғыш
мерзімді басылым "Түркістан уалаятының газетіне" (1870) дейінгі ақын-
жырауларымыздың оннан бірінін есімі мен шығармашылығының жұрнақтары
зерттеуші-ғалымдардың өздеріне ғана белгілі деуге келеді. Ал 1917-1925
жылдардағы мерзімді және мерзімсіз (кітап бастыру) баспасөз ақындарымызды
түгендеуге үлкен мүмкіндік туғызды. Алайда, мұрағаттық,
қолжазбалар қорлары мен басқа да дерек көздерімен бірге газет-журналдарда
есімдері аталып, шығармалары жарияланған авторлар қауымы байсалды зерттеу
объектісіне айналған жоқ. Бұл - өз байлығымыздың қадірін білмейтініміз,
өткен заманның рухани мұрасын толымды түрде пайдалана алмай жүргенімізді
көрсетеді.
Қазақстанның Түркістан АКСР-ндегі өкілетті өкілі Темірбек Жүргеновтың
1925 жылғы 12 ақпанда ҚазОАК-не жіберген есеп хатында Түркістан
республикасында түратын қазақтардың мүддесін қорғау жөніндегі істерінің
ішінде 1924 жылы өкілдік Қазақстаннан жіберілген жастарды Ташкенттің жоғары
оқу орындарына орналастыру, қалада оқитын казак студенттерінің тұрмысын
жақсартуға бағытталған әрекеттерін атап өтеді [9]. Темірбек Жүргенов сынды
зиялылардың ізгілікті қызметінің арқасында Ташкент қаласында көптеген қазақ
жастары жоғары білім алып, ұлттық шығармашылық интеллигенцияның қатарын
толықтырды.
Коммунистік партия тарихшылары Кеңес дәуірін казақ мәдениетінің
Ренессансы ретінде бағалауға бейім болды. Шығармашылық интеллигенцияның
барлық топтарының сан және сапа жағынан күрт өскендігі дәріптелді. Қазан
төңкерісінен кейін ұлттық шығармашылық интеллигенцияның жаңа топтарының
пайда болғандығы ескіден келе жатқан ақын-жыраулар сынды шығармашыл
интеллигенцияның құрамы мен қызметі де үлкен өзгерістерге ұшырады - тарихи
шындық болғанымен, тарихи деректерді саяси-идеологиялық тұрғыда сараптап-
түсіндіру шығармашылық интеллигенцияның өткен жолын объективті сипаттаудан
аулақ болды. Алдымен, сан-алуан деректер 1917 жылды уақыт кеңістігінде
айрықша белес ретінде қаралып, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңге де
қарағанда, Кеңес дәуірінде қазақтың ақын-жыраулары сан жағынан күрт өсті
деген түсініктің негізсіз екендігін көрсетеді. Коммунистік партия
тарихшылары сол кездегі ғылыми зерттеулердің төмен дәрежесін өз мүддесіне
пайдаланды. Осы және басқа да қасаң түсініктерді орнықтыруға 1)
шығармашылық интеллигенция туралы тарихи деректердін белгісіз болып келуі
және жиналмауы; 2) билеуші Коммунистік партия тарапынан төңкеріске дейінгі
қазақ мәдениетін, оның ішінде шығармашылық интеллигенция тарихынан
объективті зерттелуіне қарсы болды, тосқауыл жасады; 3) Мақсатты түрде
жүргізілген қатан саясаттың нәтижесінде қоғамда төңкеріске дейінгі қазақ
мәдениеті артта қалған мешеу болды, яғни "ол дәуірде зерттейтін ештеңе жок"
- деген идеология үстем орын алды. Бір жағынан сұраныс болмаған соң, екінші
жағынан билеушілердің саяси қысымы қоғамтанушы ғалымдарды Кеңес дәуірінің
тарихын жазуды мәжбүр етті. Ал төңкеріске дейінгі ақын-жыраулардың санын
анықтауға, шығармашылығының мазмұнын айқындауға қажетті деректер қозғаусыз
қалғандығын пайдаланған Компартия тарихшылары төңкеріске дейінгілерді
жамандап, төңкерістен кейінгілерді мадактауға кірісті. Оның ішінде
революцияға дейінгі ақын-жыраулар сан жағынан аз, шығармашылықтары
-негізінен байшыл-феодалшыл, ұлтшыл, ескішіл, діншіл делініп, ресми
көзқарасқа айналдырылып, оны қайта қарап, бұзуға қатаң тиым салынды.
Сонымен бұл мәселеде де ғылыми емес, саяси мүдде үстем болып келді.
Жаңа интеллигенцияның пайда болуына әсер еткен алғашқы шаралар туралы
айтқанда, ескі және жас интеллигенция әрдайым айырып көрсетілмеуін атап
көрсетуге тиіспіз. Мысалға "Қазақ" газеті төңкерістен кейін 1918 жылға
дейін шығып тұрсадағы оны төңкеріске дейінгі баспасөзге жатқызу орын алған.
Зиялылар төңкеріс кезеңін қазақтың ұлттық санасын оятуға қолайлы уақыт деп
танып, осы бағытта белсенді әрекетке көшті. "Екеу" деген псевдониммен
жазған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов қазақ халқының санасын оятқан
алдымен оята бастаған Абай деп, ұлы ағартушының ісін жалғастыруға тырысты.
Ұлттық оянуға екінші себепкер - "Қазақ" газеті, жұртымыздың "бетін түзеп"
жолға салып, ілгерілеуіне камшы болған - "Қазақ" газеті. Бұл газет халықтың
саяси көзі ашылуына, "Жұрттық" деген ойдың кіруіне қандай себеп болса,
әдебиеттің гүлденіп өркендеуіне де сондай себеп болды. Егер келешекте қазақ
әдебиеті буынын бекітіп қатарға кіретін болса, "Қазақ" газетіне борышы
үлкен" [10] деп жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы ғылыми
әдебиетте негізінен жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақтың демократияшыл-
ағартушылар қатарында зерттеліп келді. Дегенмен, ақынның 1937 жылы жарық
көрген екі томдық академиялық шығармалары жинағын саралап қарағанда
Сұлтанмахмұт туындыларының үштен бірі өмірінің соңғы екі-үш жылында
жазылғандығы көрінеді. Бұл, әрине, Сұлтанмахмұт Торайғыровты кеңестік ақын-
жазушы болды деуге негіз бермесе де оның 1918-1920 жылдардағы еңбектері
1917 жылғы Қазан төңкерісінің тигізген әсерін жаңа тұрғыда зерттеу
қажеттілігі айқын байқалады.
Сәбит Мұқанов Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде "Драматургия
және проза төңкеріспен бірге туды" деген еді [11]. Бұл 1917 жылға дейін
қазақта драматургтер мен жазушы-прозаиктер болмады дегенмен бірдей. Көпке
дейін үстем болып келген бұл көзқарас Көлбай Төгісов, Ишанғали Мендіханов,
Міржақып Дулатовтардың ұлттық драматургиядағы бастамашылык кызметін жоққа
шығарып келді. Сол сияқты прозада Міржақып Дулатов, Спандияр Көбеев,
Тұрғанбай Жомартбаевтардың еңбегін дұрыс бағаламау болып
табылады. Олардың атқарған еңбегін әдебиетке төңкерістен кейін келгендерге
әкеп телу тарихи әділетсіздік еді. Бұл - қазақ мәдениетін таптық мүдде
тұрғысынан ұлтсыздандырып-интернационалдандыру ының бір көрінісі еді.
Бүкіл қазақтың мүддесін ту етіп көтерген зиялылар коммунистердің мұндай
саясатына қарсы шықты. Бұрыңғы алашшыл шығармашылық интеллигенция ұлт
мәдениетінің қорғаушысы болды. Алайда қазақ интеллигенциясы арасында
ауызбірліктін болмауы салдарынан әсіре қызылдардың шабуылына тиісті
тойтарыс берілмеді. Мәдениет пен идеология қазақтың ескі интеллигенциясы
мен большевиктердің шиеленіскен күрес майданына айналдырылды. 1917-1925
жылдар аралығында күштердің ара салмағы бірталай өзгергенімен,
коммунистердің ықпалы біртіндеп күшейе түскенімен, басымдылық Ахмет
Байтұрсынов бастаған ескі зиялылар жағында болды.
Қазан төңкерісінен кейін Коммунистік партия қазақтың бұрыңғы ұлттық
интеллигенциясын жоққа шығарып, жаңа социалистік сипаттағы ұлттық
интеллигенция құруды міндет етіп қойып, осы мақсат жолындағы іс-әрекетке
көшті.
Қазақтың ақын-жазушыларынан бірен-сараны ғана Қазан революциясын қүп
көрді. Революция қарсаңында қазақ шығармашылық интеллигенциясынан басым
көпшілігі ұлттық-демократиялық көзқарасты үстанған еді. Олар бірден өз
көзқарастарын өзгерте алмады. Сондықтан да 1917, 1918 жылдар ғана емес,
1925 жылы да "кеңестік" деп атауға толык лайық қазақтың қаламгерлері әлі
қалыптасып үлгермеген еді. Бұл кезеңде қазақтың кеңестік шығармашылық
интеллигенциясының құрылуына қоғамдық негіз жасалды.

1.2. Ескі интеллигенциянын тағдыры

Қазан революциясының нәтижесінде билік басына келген большевиктер
коммунистік тұрғыдағы жаңа интеллигенцияны бірден тәрбиелеп, өсіре
алмайтындығына, бұған бірталай уақыт керектігіне көздері жеткен соң,
амалсыздан ескі интеллигенцияны кеңестік қызметке тартуға мәжбүр болды.
Бірден айта кету керек, "ескі интеллигенция" терминін пайдаланғанда біз
ғасыр басында, Қазан төңкерісіне дейін білім алған, шығармашылық қызметі
революцияға дейін басталған қазақ оқығандарын айтамыз, "бұрынғы
интеллигенция", "Алаш зиялылары" ұғымдарының баламасы ретінде қолдандық.
Туған халқына қандай жағдайда болмасын қызмет етуді адамгершілік парызы
санаған қазақ зиялылары кеңестік заманда да ел-жұртына пайдалы істермен
айналысуды дұрыс деп санады. Өздерін шығармашыл интеллигенция өкілдері
болып қалыптасқандығын төнкеріске дейінгі жылдары танытқан қалам
қайраткерлері, өнер иелері, халық-ағарту қызметкерлері кеңестік жұмыстарға
жегілді, кейбірі коммунистік партияға мүше болып та кірді.
Ескі интеллигенцияның тәжірибелі өкілдері қазақ мәдениетінің барлық
саласында қызмет етті. Шығармашылық интеллигенцияның жас ұрпағын
тәрбиелеуге көп күш салды. Олардын көпшілігі ұлтшыл атанып, саяси қуғынға
ұшыратылды. Қазақстан республикасынан сырт кетуге мәжбүр етілген ұлттық
шығармашылық интеллигенцияның үлкен бөлігі Ташкент қаласында шоғырлана
бастады. Дегенмен, Ахмет Байтұрсыновтың шақыруымен зиялылардың басым
көпшілігі халық ағарту саласында қызмет етті.
1917 жылдын Қазан төңкерісі карсаңында қазақ зиялыларының үлкен шоғыры
Семей қаласында жиналды. Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Көлбай Төгісов, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Имам
Әлімбеков, Мәннан Тұрғанбаев, Нұрғали Құлжанов т.б. зиялылар Семейді ірі
мәдени орталыққа айналдырды. 1916 жылдың қараша айынан бастап 1917 жылдың
мамырына дейін Семейде Көлбай Төгісовтың "Алаш" газеті шығып тұрды. 1917
жылдың маусымында Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген
Райымжан Мәрсеков (1879 - ө.ж.б.) пен Мәскеу университетінің физика-
математика факультетінің түлегі (1915) Халел Ғаббасовтың (1988-1931)
редакторлығымен Шығыс Алашорданың ресми үні болған "Сарыарқа" газеті шықты.
1918 жылы Семейде Жүсіпбек Аймауытовтың редакторлық етуімен "Абай" әдеби
журналы жарық көрді. 1919-1928 жылдары Семей қаласында Сәбит Дөнентаев,
Шәймерден Тоқжігітов, Ілияс Молдажанов, Сәду Машақов т.б. қаламгерлер
редактор болған "Қазақ тілі" газеті шығып тұрды. Бұл газет көптеген қазақ
журналистері мен әдебиетшілерін тәрбиелеп шығарды. Осының бәрі Семейді
қазақ баспасөзінің астанасы етті.
Ұлттық шығармашылық интеллигенция қазақ мектептеріне ауадай кажет
болған оқулыктарға деген сұранысты өтеуге кірісті. Әуелде орыс тіліндегі
оқулықтарды қазақ ұғымына лайықтап "Арифметиканы" - "Есеп-кисап",
"Геометрияны" - "Кескіндеме" деп аударумен айналысқан Елдос Омаров
(1892-1938) кейін төл оқулықтар жазуға кірісті. Ғалым-лингвист ретінде ол
ана тілінің тазалығы үшін аянбай күресті. Бұл іске А.Байтұрсынов бастаушы
болып М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, М.Жолдыбаев, М.Әуезов,
С.Сейфуллин, А.Әлібаев, Ж.Күдерин белсене араласты.
Алаш козғалысының ірі қайраткері, Ташкенттегі Қазақтың халық ағарту
институтының оқытушысы Мырзағазы Есболов (1896-1936) Талап қоғамын
құрушылардың бірі, Түркістанда келімсектер орнаған аудандардағы жер
мәселесі (Ташкент, 1923) атты өте құнды зерттеу кітабының авторы болды.
Аталған кітапты жазуда ол өзін білікті экономист әрі тарихшы ретінде
танытты. Осы кітапты жазу үстінде ол патша өкіметінің ресми құжаттарын,
статистикалык материалдарын, Гаврилов, Кауфман, Васильевтердің зерттеулерін
пайдаланып, қорытты.
Бастапкы кезеңде Қазақстандағы ғылым істеріне басшылық жасап,
үйлестірумен Халық ағарту халық комиссариаты және оның Ғылыми-әдістемелік
кеңесі, Академиялық орталық, КСРО ҒА-ның Қазақ базасы, кейіннен филиалы
(КазФАН) тікелей айналысты. Академиялық орталықтың 1922-1923 жылдары
атқарған жұмысы туралы есепті жазбасында баспадан шығарылған және шығаруға
дайындалып жатқан әдебиеттердің ішінде Ахмет Байтұрсыновтың "Тіл құралы",
"Мәдениет тарихы", М.Дулатовтың "Қазақ тарихы", Мағжан Жұмабаевтың
"Педагогика", Жүсіпбек Аймауытовтың "Дидактика", Т.Шонановтың "Әдебиет
хрестоматиясы", "Саяси экономия", "Қазақстандағы жер мәселесі тарихының
очерктері", Е.Омаровтың "Физика", Қаныш Сәтбаевтың "Алгебра", Б.Айбасовтың
"Табиғаттану", Н.Құлжанованың "Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі",
Ж.Тілеулиннің "Мектеп гигиенасы" [12] кітаптары мен оқулықтары аталады.
Көріп отырғанымыздай, кейбір кітаптар (немесе кітапқа айналмаған
колжазбалар) біздің заманымызға жетпеді (мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың
"Мәдениет тарихы", Міржақып Дулатовтың "Қазақ тарихы" т.б.). 1923 жылы 29
қарашада Халық ағарту халкоматы еуропалықтарға арналған қазақ тілінің
курстарына әліппе ретінде Ахмет Байтұрсыновтың "Оқу құралын", грамматика
оқулығы ретінде "Тіл құралы" кітабын және Т.Шонановтың "Қазақ әдебиетінің
хрестоматиясын" ұсынған [13].
Қазақстан Республикасынын Орталық мемлекеттік мұрағатында Халық ағарту
халкоматы жанындағы Академиялық Орталықтың "Қазақ тарихы" және "Түркілер
тарихы" атты орта мектепке арналған оқулықтарды жазуға Міржақып
Дулатовпен, қазақ әдебиетінің хрестоматиясын құрастыруды мойнына
алған Т.Шонановпен, қазақ тілінде "Физика" оқулығын жазуға Елдес Омаровпен
екі жақты жасалған келісімдердін мәтіндері сақталған [14]. Міржақып
Дулатовпен 1923 жылы 12 ақпанда жасалған келісімнен автор құқынан
мемлекеттік мүдде басым тұрғандығы айқын аңғарылады. Міржақып Дулатов автор
ретінде өзінің қолжазбасын алдымен Ғылыми-әдеби кеңестін талкылауынан
өткізіп, Академиялық Орталықтың алқасынын саралауына салады. Тарихи және
саяси терминдер Академиялык Орталық бекіткен күйінде ғана қолданылды.
Қазақтың ірі ғалымдарының ғылымға келген жолдарын арнайы зерттесе жас
ұрпаққа тағлым боларлық өте қызықты кітаптар болып шығар еді. Қаныш Сәтбаев
Принстон университетінің (АҚШ) анкетасындағы сұрақтарға жауап бере отырып:
Білім жолына жүйелі түрде түскенім үшін туысым, ескі зиялы Әбікей Зейінұлы
Сәтбаевка қарыздармын [15] деп жазған еді. Әбікей Сәтбаевты кім болған
дегенде бұл кісіні ғалымдардың, әдебиетшілердің, ұлттық интеллигенцияның
ұлағатты ұстазы деп атауға болады. 1920 жылдан бастап Семей губерниялық оқу
бөлімінің меңгерушісі, мұғалімдер семинариясының оқытушысы, Семей
педтехникумының директоры, Омбы рабфагының, Бішкек (Қырғызстан)
пединститутынын оқытушысы болған, сталиндік зүлматта қаза тапқан зиялы
адам. 1937 жылы Қаныштың туған ағалары Ғазиз Сәтбаев (1894-1937) пен Кәрім
Сәтбаев (1897-1937) та қуғын-сүргінде қаза тапты. Академик Ш.Шокиннің
дерегіне қарағанда, Қаныш Ғазиз ағасының ақыл-зердесін өзінікінен жоғары
санаған [16]. Жазушы Медеу Сәрсекеев Қаныштың әкесі Имантай би туралы: өз
заманының озық ойлы, алды-артына толғана қарайтын зерек те зиялы адамы
болған [17] деп жазған еді.
Қазан университетінің түлегі, аса дарынды дәрігер Мәжит Шомбалов өзінін
жерлесі Қазан университетін бітірген дәрігер Махмұт Шолтыровпен (1884-1965)
бірге ол төңкеріске дейін-ақ Бөкей губерниясында чума сиякты мыңдаған
адамдардың өмірін қиып кететін індетке карсы шаралар ұйымдастырып, аурудың
алдын алуға белсене әрекет жүргізді. 1923-1929 жылдары Мәжит Шомбалов Қазақ
АКСР Денсаулық сақтау халкомынын орынбасары кызметін атқарып, талай ізгі
істердің басы-қасында болды. 1924 жылы 24 сәуірде болып өткен РК(б)П
Киробкомы алқасынын хаттамасына карағанда, ол республикадағы медицинаны
ғылыми жолға коюға әрекеттеніп, басшы органдардан бұл жұмысқа айрықша назар
аударуды табанды түрде талап еткен кайсар әрі білгір кайраткер болған.
Лирик-ақын Бернияз Күлеев қазақ әдебиеті тарихында Қазан төңкерісі
тудырған ақын ретінде жазылып келді. 1990 жылдарға дейін Бернияздың мұрасы
туралы жазғандар оның өлеңдерінен таптық негіз іздеп, байларды сынаған
тұстарын дабырайтып, Б.Күлеевтің өзін де, шығармашылығын да
"большевиктендіруге" тырысып бақты. Бұл мәселе туралы алғаш рет ғылыми
анықтама берген басқа емес, ақын Мағжан Жұмабаев болды. "Бернияз төңкеріс
заманында туған ақын, - деп жазды Мағжан Жұмабаев, - бірақ төңкеріспен
дүниеге шыққан шағы бір келгені болмаса, төңкеріс туғызған ақын емес еді"
[18]. Ол Берниязды "әдебиетіміздің берік бір бағанасы болуға тиісті" деп
есептеді. Мағжанның пікірінше, Бернияздың екпіні "тым күшті еді. Біраз
өлеңдері басылған соң-ақ оқушы оған жалт беріп қарап калған еді".
Мағжан Берниязды "Жас ұлан", "асау жан" деп атаса, Сәбит Мұқанов Бернияз
- "саяси адам", оның қазасына махаббат емес, саяси себептер болған, ол
"пролетариаттың темір тегеурініне шыдай алмады" дейді. Сәбит Мұқановка
Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеевтің рухани туыстығы үнамайды, ол Мағжанға
деген теріс көзқарасын Берниязға да қаратып: "Шынында Бернияз бай табының
ақыны...", "Бернияз ... Мағжаннын копиясы", "Мағжанның әйелжандылығы ...
Берниязда да болды" [19] деп жазды. Бұл жолдар Бернияз Күлеевтің
замандастары арасында оның шығармашылығына қайшылықты көзқарастардың орын
алғандығын айғақтайды. Бернияз Күлеевтің ақындык тұлғасы мен мол мұрасы
жөніндегі идеологиялық сарында, таптық тұрғыда жазғандарға қарағанда (Сәбит
Мұқанов т.б.) Мағжан Жұмабаевтын тұжырымдары шындыққа жақын, сондықтан да
оның ғылыми мәні құндырак көрінеді.
Төңкеріске дейін 3-4 өлеңдер жинағы мен 2 оқулық шығарып, өзін кітаби
ақын, ағартушы ретінде көрсеткен Кенжеғали Ғабдуллин Кеңестер дәуірінде
республика жұртшылығына танымал журналистке айналды. Орынбордағы Қазақтын
халық ағарту институтында (КИНО-да) сабақ бере жүріп ол "Еңбекші қазақ"
газетінің редакция алқасының мүшесі болды. Көсемсөзші ретінде белсенді
әрекет етті. Ел-жұртының санасын оятуға бағытталған көп мақала жазды.
Кенжеғали Ғабдуллиннің өз өмірбаяны туралы дерек сирек кездеседі.
Жазушы Ғалым Ахмедов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1908 – 1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі және алаш қозғалысы
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
Пәндер