Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жолдары



І Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері

ІІ Ойлауға арналған сұрақтар

ІІІ Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері

IV Қалай жеке кәсіпкер бола аламыз

V Заңды тұлға құрылған кәсіпкерлік. Коммерциялық ұйымдар

VІ Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау жөнінде

VІІ Салық салу. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері

VІІІ Өз ісіңізді ұйымдастыру жөніндегі кеңестер мен кепілдемелер

Әдебиеттер тізімі
«Кәсіпкер» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі.
Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек. Алайда кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалай дамығаны туралы қысқаша сөз етейік.
Соңғы он төрт жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды басымдылықтарының бірі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатынын атап кету керек.
Неге? Жай жауап беруге болады: нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі - шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми - техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражатының аз жұмсалуымен және т. б. байланысты. АҚШ-та, мысалы, тіркелген 18,1 млн фирманың 97%-ы қызметкерлерінің саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың 90% -да 15-тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ 38%-ы және жұмыс күшінің 47%-ы келеді. АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдапудың мемлекеттік құрылымдары кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы рыноктарға шығу және т.б. бағдарламалардың бір қатарын іске асырды. Жетпіс мыңға жуық (!) шағын кәсіпорындарға мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. доллардан аса инвестиция жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға бөлінген. Тек соңғы он жылдықта ғана шағын кәсіпорындарға (ШК) 31 млрд. доллар несиеге 180 мың мемлекеттік кепілдіктер берілген. Мұнда "Шағын бизнес туралы" заң тағы 1953 жылы қабылданған болатын.
1. Әбдіқадыров Б.К. Гражданское право (Общая часть): Сұлбалары бар оқу құралы. – Алматы: «LEM баспасы» ЖШС, 2003
2. Акимова А. К. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жинақ. Арнайы салық режимі бойынша Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған. Астана, 2001.
3. Басин Ю.Г. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша заңды тұлғалар. Ұғымдар мен жалпы сипаттама. Алматы, 1996.
4. Ваш малый бизнес. Кәсіпкерлерге кейбір кеңестер. Алматы, 1998.
5. Воронов В., "Политес" с налоговым инспектором // Газ. "Караван"
1998. 27-ақпаны, № 9.
6. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). Түсініктеме. Жауапты ред. М.К Сүлейменов., Ю.Г.Басин – Алматы, «Жеті жарғы», 1997
7. Гражданское право. 1-том. ЖОО арналған оқулық (академиялық курс),
жау. ред. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2000.
8. Григорьев В. И., Административная ответственность за нарушения налогового законодательства Республики Казахстан. Алматы, 1997.
9. А.Г. Диденко. Гражданское законодательство Республики Казахстан: мақалалар, түсініктемелер, практика. 1-14 шығарылымы. – Алматы 1997-2002.
10. И.В.Дойников Предпринимательское (хозяйственное) право. Мәскеу, 1997.
11. Ершова И.В., Иванова Т.М. Предпринимательское право. Оқулық. М., Юриспруденция, 2000.
12. Индивидуальное предпринимательство: Жинақ // Құрастырушылар: В.И.Скала, А.И. Белкин, Н.В. Скала. Алматы 1998.
13. Как оформить займ и получить кредит. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі., Алматы. 2004 ж. қыркүйегі № 14(27).
14. Как составить бизнес-план. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, Алматы, маусымы, 2004 ж. № 12(26).
15. Климкин С.И. Выбытие участника из хозяйственного товарищества. Алматы. 1998.
16. Климкин С.И. Товарищество с ограниченной ответственностью. «Предприниматель и право», «Бико» БҮ, 2002, № 13-14
17. Н.Колупаев. Некоторые вопросы функционирования ТОО. «Предприниматель и право», «Бико» БҮ, 2002, № 15
18. Лоскутов И. К вам пришли с проверкой: Нормативная база и методические рекомендации. 1-шығарылымы. Салық тексерудері. Алматы, 2001.
19. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. - Алматы. «Әл-Фараби» 1999.
20. Мерфология. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, Алматы, 2004 ж. маусымы №9
21. Образцы гражданско-правовых договоров, используемых в хозяйственной деятельности: (түсініктемелері бар үлгілер). Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, Алматы, 2005 ж. маусымы, №15(45).
22. О регистрации юридических лиц, их филиалов и представительств в Республике Казахстан, Жинақ. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, Алматы, 2005 ж. ақпаны.
23. Оспанов М. Т. Проблемы совершенствования системы управления налогами в РК. Алматы: "Познание", 1998.
24. Порохов Е.В., Янцен Н.Я., Анисимов В.А., Бабкин С.А. Правовые основы предпринимательской деятельности. Алматы: «Салық мәдениетін қалыптастыру» қоры, 2001.
25. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері (сұлбалар мен кестелерде). Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, 2-б, 2005 ж. маусымы, №11(41).
26. Производственный кооператив. Жинақ. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, Алматы, 2005 ж. маусымы, №16(46).
27. Путеводитель для предпринимателя. Республикалық шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық есептеу орталығы. Астана, 2002
28. Ростовцев А. Индивидуальный предприниматель. Мәскеу. 1997.
29. Смағұлова Г.А. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жинақ. Аграрлық секторға арналған арнайы салық режимдері. Астана, 2001.
30. Шаруашылық серіктестігі: құру, қайта ұйымдастыру, тарату. Нормативтік-құқықтық актілердің жинағы. – Алматы: Юрист, 2004
31. Хоскинг А. Курс предпринимательства. М., Международные отношения, 1993 ж.
32. Худяков А.И., Наурызбаев Н.Е. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы, 1998.
33. Худяков А.И. Налоговая система Казахстана. Подоходный налог. Алматы 1997.
34. Чернях В.З. Оценка бизнеса. Бизнес-план. Мәскеу. 1996.
35. Феномен предпринимательства в переходных обществах: состояние,
проблемы, перспективы. Ғылыми еңбектердің жинағы. Алматы. 1996.
36. В.В. Ямбаев. М.К.Томпиев, Ж.О.Ілиясов. Административные барьеры и полугегальная экономика в Казахстане. – Алматы, 2004.
37. "Босс" 1998 газеті. 27 -наурызы, № 11.
38. «Бюллетень бухгалтера» журналы. Алматы.1998. № 15 (209), №19 (213).
39. Деловой мир Казахстана: Журнал. Предпринимательство, инновация
плюс информация. Алматы, 1997. № 1.
40. «Как вести свое дело в Казахстане» журналы. Қазақстандық меншік иелеріне арналған оқулық. Алматы. 2001.
41. «Малый бизнес Казахстана» журналы. Алматы. 1998. № 1-16.
42. «Малый и средний бизнес Казахстана» журналы. Астана, 2004-2005. № 1-10.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мен Қазақстанды әр жанұясында үш кілті - өз үйінің немесе пәтерінің, өз
ісінің немесе машинасының кілті болатын ел ретінде көріп отырмын.
Н.Ә.Назарбаев

І. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ҮРДІСТЕРІ

Құрметті кәсіпкер!

КӘСІПКЕР ҰҒЫМЫНА АНЫҚТАМА БЕРУДЕН ӘҢГІМЕНІ БАСТАУДЫҢ МӘНІ БАР.
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ӨЗ ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТӘРТІБІН ДЕРБЕС
АНЫҚТАЙТЫН АДАМ КӘСІПКЕР ДЕП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады,
басқалары оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес
саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ
олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек. Алайда
кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалай дамығаны туралы
қысқаша сөз етейік.
Соңғы он төрт жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық
саясатының маңызды басымдылықтарының бірі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамыту болып табылатынын атап кету керек.
Неге? Жай жауап беруге болады: нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы
жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап
етеді. Бұл - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің
экономикасының маңызды ерекшелігі - шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі
құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн
қатумен және ғылыми - техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды
қолданумен, ақша қаражатының аз жұмсалуымен және т. б. байланысты. АҚШ-та,
мысалы, тіркелген 18,1 млн фирманың 97%-ы қызметкерлерінің саны кемінде 500
адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың 90% -да 15-тен аз адам
еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ 38%-ы және жұмыс күшінің 47%-
ы келеді. АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдапудың мемлекеттік құрылымдары
кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы рыноктарға шығу және т.б.
бағдарламалардың бір қатарын іске асырды. Жетпіс мыңға жуық (!) шағын
кәсіпорындарға мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. доллардан аса
инвестиция жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға
бөлінген. Тек соңғы он жылдықта ғана шағын кәсіпорындарға (ШК) 31 млрд.
доллар несиеге 180 мың мемлекеттік кепілдіктер берілген. Мұнда "Шағын
бизнес туралы" заң тағы 1953 жылы қабылданған болатын. Демек, АҚШ-та:
Шағын бизнес – күллі экономиканың жотасы деп тегін айтылмайды.
Қазіргі заманғы экономикаға ШК кемінде екі үлкен тобының бар болуы
маңызды екенін атап кету керек. Олардың бірі өнеркәсіп алыптарының қосымша
жеткізушілерінің рөлі ретінде, ал екіншісі — дербес жұмыс жасауды артық
көреді. Бұл топтардың арақатынасы АҚШ-та -50:50, Ұлыбританияда -20:80,
Жапонияда -70:30, Францияда - 40:60[1].
Бұдан басқа, әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшылары шағын
және орта кәсіпкерліктің жұмыссыздықпен күрестегі мағынасы өте зор деген
қорытындыға келді. Ол дамыған елдерде азаматтардың 70-80%-на жұмыс және
мемлекеттік бюджетке түсімдердің басым үлесін береді. Бүгінгі күні әлемнің
жетекші державаларында осы экономиканың осы әр 10 секторының 9-ы, ал
Жапонияда, Германияда – барлық кәсіпорындардың жартысы жатады, оларда
халықтың еңбекке қабілетті 23-тей бөлігі жұмыс істейді. Үлгі ретінде
Голландияны келтіруге болады. Халқының саны 16 млн. адам бұл елде
(Қазақстанда 15,0 млн.) 4 млн.-ға тарта шаруашылық жүргізетін субъектілер
бар.
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша елімізде 2005
жылдың 1-қазанына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бұдан
әрі – ШКС) 626187, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 481623 немесе жұмыс
істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы санының 90,1%,
олардың ішінде шағын бизнес кәсіпорындарының саны 103291 (19,33%) жеке
кәсіпкерлер – 231440 (43,3%) болған.
ШКС-де істейтіндердің саны – 1343,3 мың адам немесе жұмыс
істейтіндердің жалпы санының 18,88% -ы болған.
Сондықтан экономиканың одан арғы даму кезеңді шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдауға қажетті байланысты (құқықтық, салықтық)
талаптардың жасалуымен.
Мәлімет үшін. 1987 жылдың 1-мамырында Қазақстанда 1986 жылдың 19-
қарашасында Жеке еңбек қызметі туралы КСРО заңы күшіне енгізілгенде
жеке кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. 1990 жылдың 11-желтоқсанында
Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту
туралы заң қабылданды, бұл шын мәнінде кәсіпкерліктің дамуының негізіне
айналды, ал 1992 жылдың 4-шілдесінде Қазақстан Республикасының Жекеше
кәсіпкерлікті қорғау туралы өте маңызды заңы қабылданды. 1992-1994
жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі
мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңде іске
асырылғанын, соған қарамастан республикада жеке кәсіпкерліктің құрылу мен
қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша
мемлекеттік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға
несиелік көмек көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің
меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін,
соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау
енгізілді. Сол кезеңде тауарлық биржалар, бағалы қағаздардың
биржалары,
валюталық биржалар коммерциялық банктер, тұтас-делдалдық кәсіпорындар,
маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық
агенттіктер және басқалары құрыла бастады.
Өткен он жылдықта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бес мемлекеттік
бағдарламасы орындалған болатын.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған кезекті бағдарламасының тиімді түрде іске асырылып жатқанын атап
кету керек.
Оның негізгі міндеті - жоғары технологиялық өндірістерді құруға бағдар
алған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруға
бағытталған институттық жағдайларды жетілдіру.
ҚР Президентінің 2005 жылдың 18-ақпанындағы халыққа Жолдауына сәйкес
- 12-мамырда үкімет 2005 – 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралар
бағдарламасын бекіткенін атап кету керек.
Ұлттық мүддеге орай ескеру және дүниежүзілік жалпыға бірдей әлемдік
үрдіс жағдайында кәсіпкерлік қызметті мәдениетті түрде жүргізуді
ғаламдандыруға жаңа талаптарды ескеру керек.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қарқынын арттыру үшін 1997 жылдың
маусымында-ақ: "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы" заңдар қабылданды; қолданыстағы заңнамалық актілерге
бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар шағын
кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, оларды жабудың, лицензиялау мен
патенттеудің тәртібі оңайлатылды; оңайлатылған есептілік құрылымы жасалды,
оның өсуін көтермелеу мақсатында қолданылмайтын мемлекеттік мүліктің
бөлігі шағын кәсіпкерлікке берілді, мемлекеттік қолдау, соның ішінде
қаражаттық қолдау жүйесі ұйымдастырылды. 1997 жылдың 19-маусымындағы "Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне жеке кәсіпкерлер, өндірістік кооперативтер, шаруашылық
серiктестiктері (акционерлік қоғамдардан басқалары) - қызметкерлерінің
жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің орташа жылдық
жалпы құны алпыс мың есептік көрсеткіштерден аспайтын кәсіпорындар жатады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік алаңдарды, офистік
жайларды мерзімін ұзартуа сату көзделді;, орнында болғанмен елдің алыс
аудандарында жатқан кәсіпорындарға жеңілдіктер айқындалды және т. б. Бұжан
басқа мәселенің өзектілігіне орай орай 1999 жылдың қазанынан бастап барлық
бақылайтын органдардың тексерулері ҚР Үкіметінің қаулысына және ҚР Бас
прокурорының 1999 жылдың 29-қазанындағы бұйрығына сәйкес прокуратура
органдарында заңдылық пен олардың негізділігіне қатысты тіркеуден және
тексеруден өткізіледі.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі патент
бойынша жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерліктің қызмет түрлерінің тізімін
1999 жылы 56 –дан 2000 жылы 131-ге дейін көбейтті. Бірақ атап өту керек
2001 жылы Салық кодексінде бұл тізімнің күші жойылды: тізім кәсіпорындағы
қызметкерлердің табыс мөлшері мен саны бойынша шектеулермен ауыстырылды.
2000 жылдың 11-сәуірінен 31- желтоқсанына дейін және 2003 жылдың 1-
қаңтарынан 1-қазанына дейін министрлік шағын кәсіпкерлік субъектілерін
тексеруді тоқтатқан болатын. 1999 жылдың қазанынан бастап шаруа (фермер)
қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы енгізілді. Бір жолғы талондар
енгізілді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша 50-дей инфражүйе объектісі,
соның ішінде : АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құрылды,
кәсіпкерлікті қолдауы үшін оған 10 млрд.-тан аса теңге. 20 кәсіпкерлік -
инкубатор және 3 техникалық бақ бөлінді. Бұл тәуір нәтижелер берді.
Н. Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген бір сөзінде атап кеткеніндей: Адамдар
рынокты қабылдап және түсініп, одан өз қуысын тауып, оның артықшылықтарын
іске асырып және — аса маңыздысы сол - жетістіктерге жете бастады.
Бірақ, жоғарыда айтылғанның бәріне қарамастан, шағын кәсіпкерлікті
одан ары айтарлықтай дамыту талап етіледі. Ең алдымен салалық құрылымдарды
жетілдіру керек. Статистикалық деректер бойынша бұрынғыша, шағын
кәсіпорындардың шамамен 50%-ы саудада, 20%-ы қызмет көрсету саласында, ал
өнеркәсіпте - тек қана 13%-ы, ауыл шаруашылығында — 8%-ы, құрылыста -9%-ы
істейді. Республика аумағында ШК әркелкі орналасқанын атап кету керек.
Мәселен, Қазақстанның оңтүстік - шығысы мен оңтүстігінде ШК жалпы санының
40%, ал батыста - тек қана 10,5%-ы жұмыс жасайды. Еңбек нарығындағы жағдай
да күрделі болып қалуда.
Кәсіпкерлікті дамытуды белсенді түрде қолдайтын және республика үшін
оның мағынасын өзгелерден жақсы түсінетін мемлекет Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев: шағын кәсіпкерлікте еңбекке жарамды халықтың ең аз
дегенде 50%-ы жұмыс істеуіне қол жеткізу керек деген мақсатты алға
кездейсоқ қойған жоқ.
Ол, 2003 жылдың қазанында өткен Қазақстан Кәсіпкерлерінің ХІ форумында-
ақ кәсіпкерлікті дамытудың негізгі 11 бағытын, сонымен қатар оны қолдау
шараларын да айқындады. Оларды еске түсірейік:
1. Мемлекеттік аппараттың жеке меншікке қатынасы өзгертілсін, яғни
оған "сауылатын" сиыр емес, "қасиетті" сиырдай қарауы керек....
2. Барлық заңдар, қаулылар және барлық нормативтік актілер
тазартылсын және кәсіпкерліктен оларға тән емес шығындар алынып
тасталсын....
3. Мемлекеттік аппараттың саны қысқартылсын... Үкіметке
"тексерушілердің" және бақылаушылардың қорқытып алуы мен былықпен
шұғылдандануға мүмкіншіліктерінің де, уақыттарының болмауы үшін бақылайтын
органдардың саны бойынша үш ай мерзімінде нақтылы ұсыныстар енгізілсін.
4. Лицензиялық-тіркеу процедураларының саны барлық аясынан асып
кетті, РМК көрсететін қызметтеріне бағалар бақылаусыз белгіленуде.
Есептердің алуан түрлерінің саны қарлы кесектей ұлғаюда. Үкіметке қандай
да болмасын лицензиялардың, рұқсаттардың санын жарты жылда 5-10 есе
қысқартуға, ал Президент Әкімшілігіне оның барысын бақылауға
тапсырма берілді.
5.Алты пайызға инфляция кезінде несиелер неге 20 - 22 пайызға
беріледі? Кәсіпкерлер несиелерді оларды жыл сайын қайта ресімдеулуге
мәмжбүр етеді деп шағымданады. Үкіметке және Ұлттық банкке бір айлық
мерзімде осы мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға тапсырма берілді.
6. Шетелдік тауарларға қарсы қорғау шаралары неге осы уақытқа дейін
бізге қарсы әрекет етеді? Импорт бойынша ҚҚС тәртібі қашан жасалды? Шет
елде біздің кәсіпкерлігімізді қорғау керек....
7. Қазақстан ДСҰ-на кіру қарсаңында. Жұмыс істейтін өндірістерді
қайта қаруландырған немесе жаңа технологияларды жабдықтаған... күллі кеден,
қаражат, лизинг, бәсеңдету саясатын жаңа техникамен және технологиямен
қамтамасыз еткен жөн.
8. Жалпы жазалайтын сипаттағы Әкімшілік кодексіне шағымдар-дың түсіп
жатқаны бірінші жыл емес... Табыс салығын алайық. Пайымдап көрсек,
күтілгеннен гөрі көбірек табыс тапса оны жинау процедурасы салық төлеуші
біле тұра ұтылады....
9. Әлеуметтік саладағы заңнаманы, еңбек қатынастарының жүйесін және
кадрларды даярлауды қайта қараған жөн, Еңбек туралы заңда жұмыс берушінің
есебінен оқытумен байланысты арнайы бөлімді қайта қарастырған жөн....
10. Салалық, аймақтық және макроэкономикалық деңгейде еңбек теңдігін
реттеп, кәсіпкерлік инкубаторлардың және кәсіпкерлерді даярлау
орталықтарының кеңейтілген тармағын салып, тұрғындарға шағын несие беру
жүйесін жасау керек....
11. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету жүйесін, шағын және орта
кәсіпкерліктің ұйымдық инфражүйесін құру туралы сөз болып отыр. Шешім
қабылдау кезінде жүйе аймақ, ведомство немесе үкімет басшысы осы мәселе
бойынша кәсіпкерлердің ұстанымын міндетті түрде білетіндей етіліп жасалсын.
Үкімет пен кәсіпкерлік арасында дәнекерлік буынына айналатын қалыпты сауда
- өнеркәсіп палатасын құру қажет....
28–қазанда Астанада Қазақстан Кәсіпкерлерінің конгресінде сөз сөйлеген
Мемлекет басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мүлде жаңа
идеологиясының нобайын анықтады. Сонымен, оның үш құрамдас бөлігі –
экономикалық әріптестік, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстаным.
Бүгінгі таңда, Президенттің пікірінше, негізгі мақсат – әлеуметтік
жағына бағдарланған бизнестің қалыптасуы. Кесіпкерлікті дамытуды әлеуметтік
жауапкершілік пен қоғамдағы өзгерістер арқылы қарастыру қажет.
Мемлекет басшысы сондай-ақ бизнес пен билікті бірлескен күш-жігер
арқылы шешетін 5 өзекті міндет қойды. Олардың арасында мынадай сәттерді
атап кету керек:
- Бизнесті жүргізуге анағұрлым тиімді жағдайлар жасау кезіндегі елдер
мен аймақтардың бәсекелесуі. Қазіргі нақты ахуалда өзара ықпалдасу өрнегі
былай – Мемлекет кесіпкерлік пен халық үшін болуы тиіс.
- Әкімшілік реформасы. Мемлекеттік органдардың көрсететін ведом-стволық
қызметтерінен түбегейлі түрде алшақтап, кесіпкерлер мен тұрғындардың нақты
мұқтаждықтарына ауысу керек. Барлық деңгейдегі мемлекет басқару ресімдерін
жетілдіру керек.
Үкіметке мемлекеттік органдардың жұмысын рейтингілік бағалау жүйесін
жасау тапсырылды. Бұл ретте басымдылықтардың бірі – кесіпкерлікті дамыту
дәрежесі.
Бизнес пен мемлекет арасындағы барлық деңгейлердегі тілдесу тетіктерін
жетілдіру керек. Шағын бизнес проблемаларымен ғана айналысатын салалық
қауымдастықтарды құру керек. Осылайша кесіпкерлікті мемлекеттің қолдауының:
оқыту – консалтинг – құқықтық қолдау – мониторинг сұлбасы бойынша
оралымы аяқталады. Жеке меншікті қорғау жұмысын жалғастыру керек. Мұнда
соттарға ерекше рөл беріледі.
Қазіргі таңда тәуір нәтижелерге қол жеткізілгеніне күмән жоқ. Мысалы,
2004 жылдың 20-қыркүйегінен бастап кәсіпкерлік субъектілерді – заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу куәлікті және филиалдар мен өкілділіктерді
есепке алып тіркеу, статистикалық карточка және салық төлеушінің куәлігі,
яғни бір терезе қағидаты бойынша бір уақытта яғни жүзеге асырылады. 2005
жылдың қаңтарынан құрылыс, туристік қызметті лицензиялау, шетел жұмыс күшін
тартуға рұқсаттарды беру уәкілетті органдарға берілді. Әкімияттарда,
минисірліктерде және ведомстволарда Сарапшылар кеңестері қалыптастырылуда;
Кәсіпкерлердің форумы жанында мемлекеттік органдардың бақылау - қадағалау
функцияларын қысқарту және жүйеге келтіру және олардың санын азайту
мәселесі бойынша тұрақты жұмыс тобы істейді; 2005 жылдың наурызында
Атамекен Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы құрылды,
Жекеше кәсіпкерлік туралы жаңа заң жасалуда.
Саны 10 адамға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілерін енді салық
органдарынан басқа бақылаушы органдардың үш жылда бір рет қана тексере
алатынын ерекше атап кету керек. Ал ШКС қаржы-шаруашылық қызметін
уәкілетті мемлекеттік органдар жылына бір рет қана тексере алады.
Мұның бәрі жақсы әсер тудырады және жақсы нәтижелер әкелуі тиіс. Бірақ
алға басу керек.
Зерттеулер көрсеткеніндей, дәп біліксіздігі, тәжірибесінің теңгерілме-
гендігі көптеген кәсіпкерлерді дербес, шығармашылықпен жұмыс істей білуге
әкелді.
Өйткені бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің
құқықтық негізін 20-дан аса заң, президент жарлықтары, үкіметтің,
министрліктердің және ведомстволардың ондаған актілері құрайды. Және оларды
өз жұмысымызда ептілікпен басшылыққа алуымыз керек.
Бірақ, бұл негізгісі емес. Көптеген ұлы кәсіпкерлердің табысының
негізінде өзінің кәсіпкерлік - ойын керекті уақытта үшін керекті жерінде
дұрыс анықтау жатыр. Олар басқалардан гөрі, адамдарға қазір керектіні не
оларға жақын арадағы келешекте керек болатын нәрсені жылдамырақ көре алды.
Міне сондықтан халықтың тұтыну мұқтаждықтарын анықтаудың кәсіпкерліктің
табысына әсер ететін негізгі факторы болып табылады. Өйткені кәсіпкерлік
ақшаны тек тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырғанда ғана әкеле алады;
дәп осы тұрғыда рынок және оның механизмдері барлық кәсіпкерлік шешімдерді
тексереді. Және Қазақстанда бұл бағытта атқарылар жұмыс толып жатыр ...
Бұдан басқа, рынок жүйесі аяғынан тік тұрған елдерде осы ортада табысқа
жету үшін адамдар тапқырлықты өмір бойы ерте жасынан үйренеді. Рынок
экономикасының ережесі - күнделікті өмір нормасы.
Ұсынылып отырылған оқыту-әдістемелік құралы жоғарыда айтылғанды
ескеріп, бастаушы кәсіпкерге жұмыста қателерден құтылуына көмектесуі тиіс.
Осы кепілдемелер кәсіпкерлік туралы қазіргі заманғы әдебиеттерді
зерттеудің, практикалық тәжірибенің негізінде жасалған. Бұл кепілдемелер
Қазақстан Республикасының азаматтарына өз кезегінде өз тілектері мен
мүмкіншіліктерін адал және объективті түрде бағалаған жағдайда өз
кәсіпкерлігін дұрыс бастауына сөзсіз көмектеседі.

ІІ. ОЙЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

... Жұмысқа оның қанша тұратынын,
оны соңына дейін апаруға күштің
жететінін-жетпейтінін есептемей,
кірісу ақылсыздық.
Д. ДЕФО. РОБИНЗОНА КРУЗОНЫҢ

БАСЫНАН КЕШКЕНДЕРІ

АДАМ ӨЗ ІСІМЕН ШҰҒЫЛДАНБАС БҰРЫН ҚАНДАЙ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУІ КЕРЕК

1. Кәсіпкерлік деген не және кәсіпкер деген кім?
2. Өзіңіздің жеке сапаларыңызды: білім деңгейіңізді, өндірістік
немесе тәжірибеңізді, өмір салтыңызды, комммуникабельдік
дәрежеңізді, байланы-сыңызды бағалаңыз.
3. Өзіңіз ие болып отырған және өз ісіңізге сала алатын
капиталыңызды бағалаңыз.
4. Қызметтің шамаланған саласын маркетингілік зерттеуді өткізіңіз.
5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: өзгелерден нені жақсырақ істей
алаcыз, денсаулығыңыз қандай, кәсіпкерлігіңіз жанұяңызға қалай
әсер етеді?, яғни келешектегі ісіңіздің күшті және әлсіз
жақтарын анықтаңыз.
6. Серіктестермен келешек кәсіпкерліктің дара қожайын болаcыз мен
немесе серіктестеріңізбен жұмыс істейтін-істемейтініңізді
анықтаңыз.
7. Бірақ кәсіпкерлік саласындаға азаматтық, сферада еңбек, әкімшілік
және салық заңнамасының негіздерімен әліппе деңгейінде болса да
танысыңыз.
8. Қандай табысты алғыңыз келеді деген сауалға жауап беріңіз. Және
тек осыдан кейін жұмыс бағдарламасын немесе кәсіпкерлік –
жоспарды құрастыруға кірісе алаcыз.
9. Өз ісіңізбен қандай ұйымдық–құқықтық нысанда: жеке кәсіпкерлік,
заңды тұлға ретінде құрылған, шаруашылық серіктесік нысанында
және т. б. шұғылданаcыз

ӨЗІҢІЗГЕ БЕРЕ АЛАТЫН БАСҚА ДА СҰРАҚТАР

1. Өз кәсіпкерлігіңізді бастауды қалай шештіңіз?
2. Өз ісімді жүргізуге қажеттінің бәрі менде бар ма? Өз кәсіпорныңызда
басты қызметші болғандыңыздан өз оң және бұрыс сапаларыңызға объективті
баға беруіңіз қажет. Өзіңізге қоюға тиісті бірнеше сұрақтар мыналар:
Мен өз ісімді бастаймын ба?
Адамдармен қалайша тіл табыса аламын?
Шешім қабылдауда мен қаншалықты батылмын?
Істі табысты жүргізу үшін дене күші мен эмоционалдық әлеуеттің
жеткілікті қоры менде бар ма?
Таңдалған мақсат жолында ұстанған тілегім жеткілікті түрде күшті бола
ма?
Істі жүргізу жанұяма қалай әсер етеді ?
3. Кәсіпкерлік қандай түрін таңдағаным жөн? Сіз үшін өзіңіз аса
мүдделес болып отырған, сонымен жүргізуге дағдыларыңыз бар кәсіпкерлік
әдетте ең жақсысы болып табылады. Сіз ауданыңыздағы кәсіпкерліктің алуан
түрлерінің әлеуетті мүмкіншіліктері жайында кеңес ала алаcыз.
Мамандығыңыздың сәйкестігі жергілікті нарық мүмкіншіліктеріне сай келуі
табысқа жетуге үмітіңізді үлкейтеді.
4. Шаруашылық жоспары деген не, ол маған неліктен керек? Шаруашылық
жоспарында қызметіңіз айқын суреттеледі, ойларыңыз анықталады. Оның құрама
бөліктері: ағымдағы есепке алу, баланс, пайда және зияндардың шоты, қолдағы
бар ақшаның қозғалысты талдау. Бұл ақша дұрыс бөлуіңізге, күтпеген
қиыншылықтарды жеңуіңізге және дұрыс шешімдер қабылдауыңызға көмектеседі.
Бұдан басқа, ол өзіңізбен ынтымақтасатындарды, жабдықтаушыларыңызды, және
т. б. кәсіпорныңыздың қызметінің мақсаттары туралы қажетті ақпаратен
қамтамасыз етеді.
5. Кәсіпорныңыздың қызметінің мәні не екенін неліктен егжей-тегжейлі
анықтауым қажет? Сөйтсе де мен немен шұғылданып жүрмін?" деген сұрақ онша
елеулі сұрақ болып көрінбейді, бірақ кейбір компаниялардың иелерінің және
бастықтарының істері күйреді, себебі олар осы сұраққа жауап бере алмады.
Автомобиль фирмасының бір иесі дүкенінде автомобильдерді сатудан гөрі
оларды жөндеуге көбірек уақыт кеткенін шынымен мойындады. Нәтижесінде ол
автомобильдерді сатуды тоқтатып, жөндеумен шұғылдануды артық көрді.
Кірістері лезде өсті.
6. Істерді табысты жүргізу үшін маған не қажет? Шағын кәсіпкерлікте
табысқа жету және төрт қағиданы сақтауыңыз керек:
- басқарудың жақсы тәжірибесі;
- өндірісшінің тәжірибесі;
- техникалық қамтамасыз ету;
- жоспарлау қабілеттілігі.
Тәжірибеңіз және біліміңізді шын бағалаңыз, содан соң
серіктестеріңізді табыңыз немесе тәжірибеңіз бен біліміңіздің жетіспейтін
жерін өтеу үшін қызметкерлердің негізгі штатын жұмысқа жалданыз.
7. Серіктесіңіз кәсіпорныңыздың табысқа жетуіне көмектеседі ме? Іскерлі
серіктестің бар болуы - табыс кепілдігі. Бірақ егер сізге басқарудың
практикалық тәжірибесі немесе бастапқы капитал, серіктестің дұрыс таңдауы
керек болса – бұл ең жақсы шешім болады. Біздің көзқарасымызша, серіктер
өте көп болмауы тиіс. Келісу ауыр.
Осы сұрақтарға үлгілі жауаптарды сіздер жинақтың V-тарауынан
табаcыздар.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

Күшті жақтары:
1. Өз ісіңіздің иесісіз және өз шешімдеріңізді бақылайсыз.
2. Шығармашылық бостандық. Заңнамамен тыйым салынбағанның және
кәсіпкерлік - ойыңызға сай келетіннің бәрімен шұғылданасыз.
3. Салықтар төленгеннен кейінгі таза табыс сізге тиесілі болады және
оны өзініңіздің қарауынша иеленесіз.
4. Жұмыспен қамтылу кепілдігі — сізді ешкім жұмыстан шығарып,
қысқартып, зейнетақыға шығара алмайды.
5. Барлығына қол жеткізгеніңізді, басқалар үшін жұмыс орындарын
құрғаныңызды, мемлекет экономикасына лайықты үлес қосып отырғаныңызды
ұғынуды сезіну мақтаныш.
6. Сіз өзініңізге, өз балаларыңыз, немерелеріңіз үшін жұмыс істейсіз,
себебі мұра бойынша заңды тұлғаны құра отырып, ісіңізді тапсыра алаcыз.

Әлсіз жақтары:
1. Инвестизациялау тәуекелі. Істі епсіз ұйымдастырған кезде жиналған
капиталыңызды: пәтер, машина, саяжайыңызды жоғалтып, сынған астауыңыздың
қасында қалып қоя аласыз.
2. Нормаланбаған жұмыс күні. Сізге тәулігіне 12 сағаттан көбірек жұмыс
істеуіңізге тура келеді және тынығу, демалыс күндерін, қандай да бір
жайлылықты ұмытуыңыз мүмкін.
3. Табыстардың тұрақсыздығы, ұлғаюы немесе азаюы психикаға, жалпы
денсаулығыңызға, жоспарланатын нәтижелеріңізге күшті әсер етеді.
4. Өзініз қабылданатын шешімдер, қызметкерлер үшін жауаптылықты тұрақты
сезіну.
5. Айналаңыздағылардың: клиенттердің, қызметшілердің, несие
берушілердің, сонымен қатар өзіңіздің тұрақты қысымы.

Бұдан әрі кәсіпкерліктің белгілері мен принциптері туралы бөлімдерді
сұлбалар мен кестелердегі кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздерін
қараңыздар.

ІІІ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ
МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Кез келген елде адамдардың
көпшілігінде керекті тауарды ең төмен
бағамен сататындардан сатып алуға деген
мүдделілік әрқашан болған және болуы
тиіс.
АДАМ СМИТ. ҰЛТТАРДЫҢ БАЙЛЫҒЫ

АЛДЫМЕН КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АНЫҚТАМА
БЕРЕМІЗ, СЕБЕБІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР СОДАН ТУЫНДАЙДЫ.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т.-на сәйкес
Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не
мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк
кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң
атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылады. Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің
төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
1. Дербестік.
Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп
көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік
кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік
дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына
байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым.
Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай
мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік —
кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі.
Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық
– құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау – мұның бәрі -
ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2. Тәуекел.
Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық
жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған
зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика
кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік
тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер
табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден
алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада,
кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы
ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске
асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік
ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде
алады, басқа дамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына
құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.
5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде
заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық.
Оларға мыналар жатады:
1. Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі.
Бұл негізгі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-б. 1-т.-да: "Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар" деп бекітілген.
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де, заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол
кәсіпкердің мүліктің қолдана (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін
отырып және т. б. кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген
кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.
Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам
мүддесіне орай конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың
адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен
мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада шектелуі
мүмкін.
Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең
тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.
2. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік
пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-
б.-да бекітілген: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке
меншік танылады және бірдей қорғалады". Оған сәйкес
заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық , коммуналдық немесе жеке
меншіктегі мүлік қолданып, жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі
бір түрлеріне қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді
белгілеуге болмайды.
3. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз
бәсекеге бағытталған (Конституцияның 26-б-ы) экономикалық қызметке жол
бермеу принцип. Бұл принцип сақтау – нарықтық экономиканы дамытудың және
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-
қаңтардағы "Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы" заңына
маңызды рөл беріледі.
4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы,
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында - кәсіпкерлердің және
мемлекеттің жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол
жеткізілуі тиіс.
5. Заңдылық принципі[2]. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы
- құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет
заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден,
маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік
және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
6. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды
кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принцип түпкі
мақсатты - тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен
кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз
құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз
мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ
салық салуға мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының, 1992 ж. 4-
шілдесіндегі "Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы"; 1997 ж. 19-
маусымдағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы"; 1997 ж. 19-
маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы"; 1998 ж. 31-наурыздағы "Шаруа (фермер)
қожалығы" және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңдардың нормалары
бағытталған.
Біздің көзқарасымызша мыналар кәсіпкердің үстел үстіне қоятын кітаптары
болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30-тамыздағы Конституциясы;
- ҚР 1999 ж. 1- шілдедегі №409-1 Азаматтық кодексі;
- ҚР 2001 ж. 12-маусымдағы №209-11 Салықтар және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдер туралы кодексі;
- ҚР 2001 ж. 30- қаңтардағы №155-11 Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодексі
- ҚР 1995 ж. 17- сәуірдегі №2200 Лицензиялау туралы заңы;
- ҚР 1999 ж. 10- желтоқсандағы №493-1Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы заңы;
- ҚР 2004 ж. 28- ақпандағы №528-11 Еңбек қауіпсіздігі және қорғау
туралы заңы.
Бұдан басқа 2003 ж. 18.10. ҚР № 487-ІІ ҚР кәсіпкерлік мәселелері
бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы заңының заңдық күшіне енгенін кәсіпкерлердің есіне салғымыз келеді.

Оған сәйкес 1992 ж. 04.07. ҚР Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау
мәселелері туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұрын
Заңда кәсіпкерліктің нысаны – жеке және жекеше нысандары жайлы айтылса,
қазір көрсетілген заңның жаңа редақцияда баяндалған бабы жекеше
кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне - жеке кәсіпкерліктің
субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және
ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.
Жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық
комитеттерінде тіркеледі.
Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа
саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын
кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің
субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке
тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны
60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.жатады. Олар
тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке
тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны
325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250
адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі
активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын
заңды тұлғалар жатады.
Бұдан басқа 1997 ж. 19.06. ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Өзгертулер қабылданғанға дейін шағын кәсіпкерліктің субъектілері ойын-
сауық және шоу-бизнесі саласындағы қызметпен, банк қызметімен және
сақтандыру рыногындағы қызметпен (сақтандыру агенті қызметін қоспағанда):
бағалы қағаздардың рыногындағы қызметпен айналыса алмады.
Бүгінгі таңда ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңның
3-бабының 7-тармағына өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне
байланысты шағын кәсіпкерліктің субъектілері айналыса алмайтын қызметтің
жоғарыда аталған тізбесі айтарлықтай кең.
Қазіргі уақытта заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және есірткі,
психотроптық заттардың және прекурсорларының айналымымен байланысты
қызметті: акцизделетін өнімдерді (алтын, платина мен күмістен жасалған
зергерлік бұйымдарды өндіруді қоспағанда); өндіру және (немесе) өткеру,
ойын-сауық және шоу-бизнесі, стандарттау, метрология, сертификаттау, сапаны
тіркеу мен басқару саласындағы қызметті; сақтандыру рыногындағы қызметті
(сақтандыру агенті қызметін қоспағанда): бағалы қағаздардың рыногындағы
қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері
бола алмайды.
Акцизделетін өнімдердің тізбесі ҚР Салық кодексінің 257-бабында нақты
анықталғанын атап көрсетеміз. Атап айтқанда спирттің барлық түрлерi,
алкоголь өнiмi, темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа бұйымдар,
албырт және бекіре балықтың уылдырығы, бензин (авиациялық бензиндi
қоспағанда), дизель отыны, жеңiл автомобильдер, оқпен ататын және газ
қаруы, шикi мұнай жатады. Ойын бизнесi, лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу
қызметтің акцизделетiн түрлерi болып табылады.
Көрсетілген заңда енгізілген өзгертулермен байланысты ойын бизнесiнің
жаңа ұғымы берілген. Бұрын ойын бизнесi делініп құмар ойындарды (казино,
бильярд), лотереяларды өткiзу түсіндірілсе, қазіргі уақытта ойын бизнесi -
құмар ойындарды ұйымдастырып, өткiзуге және (немесе) табыс табу мақсатымен
бәс тiгуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
Құзырлы мемлекеттік органдардың рұқсатынан кейін ғана ашылатын заңды
тұлғалар туралы ерекше айту керек. Сөз банк қызметінің кейбір түрлерімен
(валюталық-айырбастау операциялары, ломбардтар) айналысатын заңды
тұлғалардың банк, сақтандыру қызметі туралы болып отыр. "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 ж. 31 тамыздағы
Заңға сәйкес Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым -
банк болып табылмайтын заңды тұлға уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық
Банктiң лицензиясы негiзiнде осы Заңға көзделген жекелеген банк
операцияларын жүргiзуге құқылы. Заңды тұлғалардың қызметі сондай-ақ
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 6-наурызындағы № 392-ІІ Шағын
несиелік ұйымдар туралы заңымен; Қазақстан Республикасының 2003 жылдың
28-наурызындағы № 400-ІІ Несиелік серіктіктестер туралы заңымен, Банк
операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру,
лицензиялау, реттеу, қызметін тоқтату ережелерімен, Ломбардтарды ашу,
лицензиялау, реттеу, қызметін тоқтату және олардың басқарушы
жұмыскерлерімен уағдаласу ережелерімен реттеледі.
ҚР Ұлттық банкінің қолдағы бар шет ел ваютасымен айырбастау
операциялары қызметінің жалғыз түрі блып табылатын серіктестерді тіркеуге
рұқсатын алу үшін банкке төмендегідей құжаттарды: (нотариаттық түрде
куәландырылған) 2 жарғыны, уәкілетті ұйымның құрылтайшылары туралы
мәліметтерді, өтінішті ұсыну керек. Рұқсат құрылтай құжаттарында
ескертпелері жоқ болса, 10-20 күн ішінде беріледі. Сақтандыру компанияларды
және басқаларды тіркеу осындай рәсімді талап етеді.
Төменде көрсетілген сұлбалар мен кестелерді зерттеп, қолданыстағы
заңнаманың кейбір ережелері мен нормаларын сіз қарап шыға алаcыз. Мұнда
сіз: өз ісіңізді қандай нысанда ашуға болады, заңды тұлға құрылған жеке
кәсіпкерлік; заңды тұлғаны тіркеудің, қайта тіркеудің, қайта ұйымдастыру
мен таратудың тәртібі қандай деген сұрақтарға жауаптарды табаcыз.

IV. ҚАЛАЙ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР БОЛА АЛАМЫЗ

Заңды тұлға құрылмаған азаматтардың кәсiпкерлiк қызметі Азаматтық
кодекстің нормаларымен (АК 2-тарау), ҚР "Жеке кәсiпкерлiк туралы",
"Лицензиялау туралы" заңдарымен және кейбір басқа нормативтік-құқықтық
актілермен реттеледі. Кейбір жағдайларда жеке кәсiпкерлiкке заңды
тұлғалардың қызметін реттейтін нормалары (лицензиялау, салық салу ж.т.б.)
қолданылады.
ҚР АК СӘЙКЕС АЗАМАТТАРДЫҢ (ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ) ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚҰРМАЙ-АҚ
КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТI ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIСI БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, ОЛ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МЕНШІГІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ӨЗ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҮНЕМІ ТАУАРЛАРҒА (ЖҰМЫСТАРҒА, КӨРСЕТІЛЕТІН
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ) СҰРАНЫСТЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ЖОЛЫМЕН ТАБЫС ТАБУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
АЗАМАТТАРЫ ДА ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIСI БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Халықаралық практикаға сәйкес ҚР Жеке кәсiпкерлiк туралы заңында (1-
бап) жеке кәсiпкерлiктің жіті тұжырымдамасы берілген: Заңды тұлға құрмай,
жекеше кәсiпкерлiк түрi ретiндегi жеке кәсiпкерлiк азаматтардың бастама
жасайтын қызметi, ол табыс табуға бағытталған, азаматтардың өздерiнiң
меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi
арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылады.
Осы заңмен жеке кәсiпкерлiктiң (бұдан әрі – ЖК) екі түрi өзiндiк
кәсiпкерлiк пен бiрлескен кәсiпкерлiк белгіленген. Өз кезегінде бiрлескен
кәсiпкерлiк тағы үш нысанға ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi
негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi; шаруа
(фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үй
бiрлескен ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай
серiктестiк болып бөлінеді..
Сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың тағы екі маңызды жағдайын атап кеткен
жөн.
Біріншіден, жеке кәсiпкерлiктi тіркеу кезінде Заңды тұлға құрылмайды.
Бұл жеке мүліктің іскерлік айналымға қатысатын мүліктен заңдық жағынан
ерекшеленуі орын алмайтынын білдіреді. Демек, несиегерлердің осындай
кәсiпкерге талаптарын қойғанда ықтимал өндіріп алуға іс жүргізу
заңнамасымен көзделген тәртіппен белгіленген мүліктің бәрі түседі.
Сондықтан кәсiпкерлiктiң осындай нысаны үлеен тәуекелмен шиеленіспейтін
бизнестің салаларында ған ұсынылуы мүмкін (6-баптың 1-2 тармақшалары).
Екіншіден, жеке кәсiпкерлерге бизнесті жүргізудің заңды тұлғаларға
көзделген ережелері қолданылады. ҚР 19.06.1997 ж. № 131-1 Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңына сәйкес жеке кәсiпкерлiктiң
субъектілеріне өндірістік кооперативтер де, серіктестіктердің барлық
түрлерi жатады (3-баптың 1-4- т.). Бұл олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге
асырған кезде заңды тұлғалармен бірдей құқықтарды пайдаланып,
міндеттіліктерді көтеретінін, шарттар жасасу кезінде ерікті болатынын,
оларды орындамағаны немесе жөндеп орындамағаны үшін, оның ішінде айыптық
санкцияларды төлеу бөлігінде және т.б. жауапты екенін білдіреді. Оларға
сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемелерін бұзғаны
үшін жауаптылығы туралы жалпы ереже қолданылады: олар жойқын күштің
салдарынан міндеттемелерін дұрыстап орындау мүмкін болмағанын дәлелдей
алмаса, олар мүліктік жауаптылықты көтереді.
Жеке кәсiпкерлiктi өз қызметін өз атымен жүргізеді. Бірлескен
кәсіпкерлікте барлық мәмілелер, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген
жағдайларды қоспағанда бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының
атынан жүзеге асырылады.
Еңбек қатынастарына қатысты алсақ, жалдамалы жұмыскерлер бар кезде жеке
кәсіпкер Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңды басшылыққа алады.
Оған сәйкес ол әр жұмыскермен жеке еңбек шарттарын жасасуға, жұмыскер үшін
зейнетақы қорына ай саыйн аударымдарды жүзеге асыруға, жалақысын дер
кезінде төлеуге, қажетті еңбек жағдайлары мен қорғауды қамтамасыз етуге,
басқа да бір қатар міндеттіліктерді жүзеге асыруға міндетті.
Жеке кәсіпкерлікті жүргізудің қажетті осындай жағдайларына қызметттің
кейбір түрлерін тіркеу мен лицензияларды алу жатады.

Тіркеу туралы

Жеке кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес ЖК субъектілерін тіркеу рәсімі
әбден жеңіл, ал бір жолғы талон бойынша жұмыс істейтін ЖК тіпті ҚР
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік органдардан қандай да болмасын рұқсаттарды
алу талап етілмейді, өзі барып тіркелетін сипатта болады. Мұндай тіркеудің
тәртібі ҚР 2001 ж. 12-маусымдағы № 209-II "Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексімен және 19.06.1997 ж. № 135-1
Жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес реттеледі.
Осы құжаттардың анағұрлым маңызды сәттерін келтіріп отырмыз.
Бастысы, кәсiпкер тіркеуден өтіп, салық төлеушінің куәлігін алып,
тұрғылықты жерi бойынша салық органында (тiркеушi органда) есепке алынуы
керек.
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын және
кәсiпкерлiк қызметтен жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын
жылдық жиынтық табыс мөлшерiнен асып түсетiн мөлшерде салық заңдарына
сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсiпкерлер мiндеттi түрде
мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. (Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 1-2
–баптары).
2005 жылы салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс 11 028 теңгені (919
(айлық есептік көрсеткіш)×12 ай) құрайды. Жалдамалы қызметкерлердiң
пайдаланатын және салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерiнен асып
түсетiн кезде кәсiпкерлік қызметтi тiркеусіз жүргізуге тыйым салынады.
Тіркеуді ҚР салық қызметi органдары тұрғылықты жерi бойынша жүзеге
асырады. Бұл үшін салық комитетіне мыналарды ұсыну керек: белгіленген
нысандағы өтініш;
● өлшемі 3x4 (2) фотосурет;
● тіркегені үшін алымның салынғаны туралы квитанция;
● жеке куәлік;
● жеке тұлғаның СТН.
Кейбір жағдайларда ӘЖК, зейнетақы қорымен шарт, үй-жайды жалдау шарты
ұсынылады.
Бұл ретте, ҚР Үкіметінің РК от 6 декабря 2001 ж. 6-желтоқсандағы № 1555
қаулысына сәйкес ЖК тіркелгені үшін алым 4 айлық есептік көрсеткішті, яғни
2004 ж.1-қаңтарында 3676 теңгені на (4 х 919) құрайды.
Сонымен бірге Салық кодексінің 402- б. 2-т. сәйкес I, II және III
топтағы мүгедектер, Шаруа (фермер) қожалықтары, сондай-ақ азаматтықты
алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын
репатрианттар (оралмандар) алым төлеуден босатылатынын білуіміз керек.
Бірлескен ЖК тіркеу кезінде әр кәсіпкер өтініш береді. Куәлікке
бірлескен ЖК барлық мүшелері аталып жазылып беріледі.
Куәлік құжаттар ұсынлған соң екі жұмыс ішінде өтініште басқа мерзім
көзделмесе, мерзімсіз кезеңге беріледі.
Куәлік иеліктен алынбайтын қатаң есептілік бланкісі болып табылады және
оны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. Куәліктің кез келген көшірмелері
(ксерокөшірмесі және фотокөшірмесі) негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға болатын құжаттар болып табылмайды және кәсіпкерден дереу алынып
қойылады.
Өтініште көрсетілген (кәсіпкерлік қызмет объектісінің орналасқан
жері, СТН ж.т.б.), деректер өзгерген кезде кәсіпкер қайта тіркеліп,
мемлекеттік тіркелу туралы жаңа куәлік алуға міндетті.
Кәсіпкерлік қызмет тоқтатылғанда немесе куәліктің қолданылу (өтініште
көзделген мерзімге сәйкес) өткенде, сондай-ақ басқа мекенге (қалаға,
облысқа) тұрақты тұруға көшкенде куәлік оны берген салық органына
тапсырылуға жатады.
Куәлікті алған соң кәсіпкер салық салу режимін: арнаулы немесе жалпыға
бірдей белгіленген режимді таңдайды.

Лицензиялау туралы
Бұдан басқа, кәсіпкер мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті алуы оған ҚР
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын үнемі бере бермейтінін білуі
тиіс.
Мәселен, Салық кодексінің 374-бабына сәйкес лицензиялауға жататын ЖК
қызметін жүзеге асырған жағдайда патент осындай лицензия ұсынылғаннан кейін
беріледі. Кейбір арнайы түрлері лицензияларды тиісті министрліктер мен
ведомстволар береді.
Бұған қарамастан, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы және
“Лицензиялау туралы заңдарға сәйкес жеке кәсіпкерлер үшін лицензиялаудың
оңайлатылған тәртібі белгіленген. Медициналық, дәрігерлік және
малдәрігерлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектелмей
(тұрақты лицензия) беріледі. Лицензиялануға жататын өзге түрлеріне
лицензия бір жылдан аз мерзімге беріледі.
Лицензияны бергені үшін алымды жинау Қазақстан Республикасы Үкіметінің
24.01.2002 ж. № 100 “Қызметтің кейбір түрлерімен айналысуға құқық үшін
лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүзеге
асырылады. жеке кәсіпкер олар заңнамалық актілермен тыйым салынбаса
қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте ол өндірілген
өнімдер немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауаптылықты көтереді
(Лицензиялау тарауын қараңыз).
Жеке кәсіпкерлікке салық салу туралы VI-тарауды. Шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдерін қараңыз.

*****
Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы қысқаша сөз.
Жеке кәсіпкерліктің төрт маңызды артықшылығы бар:
1. Ол белгілі бір істе жақсы кәсіби сапасы бар адамға өзіне қажетті
жалақымен қамтамасыз етуіне, еңбекке орналасу проблемасын шешуіне
мүмкіндік береді.
2. Ол оңай әрі арзан реттеледі.
3. Ол мемлекеттік реттеу аз ұшырайды.
4. Ол құжаттардың көп мөлшерін, бухгалтерияны талап етпейді.
5. ЖК икемділік, шұғыл және басқа да шешімді қабылдау мүмкіндігі тән.
Жеке кәсіпкерліктің осы түрінің кемшіліктері:
1. шаруашылық жүргізуші субъектінің уақыты оны құрған жеке тұлғаның
өмірімен шектелген (мұрагерлері туралы ойлаңыз.
2. Бизнес ауқымы шектелгендіктен бастапқы капиталды жинау қиын.
3. Берешектерге ұрынсаңыз, онда Өзіңіздің жеке меншігіңізге қауіп-қатер
төнеді.
4. Кәсіпкерліктің барлық функцияларын (демалыс күндерінің, ауруханалық
парақтар ж.т.б.) орындау қиын.
Яғни бір адамның (меншік иесінің) қызметі ретіндегі жеке кәсіпкерлік
бизнестегі алғашқы кезең. Бір адам тауарларды қайта сатумен айналысса да,
қалтқыда ұсталып тұруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
«ҚР – да кәсіпкерлікті дамыту мәселелері»
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Кәсіпкерлік ұғымы
Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Пәндер