Домна пешін пайдалану



І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Домна пеші
2. Теміртаудағы домнаның қысқа тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Домна пеші, домна – темір кентасынан шойын қорытуға арналған шахталық пеш. Ол темір-бетонды іргетасқа орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Домна пешінің сыртқы беті қалыңдығы 30 – 35 мм темірмен тысталған, ішкі беті отқа төзімді материалдармен (жоғары бөлігі шамот кірпішімен, ал төменгі бөлігі, негізінен, көміртекті болат блоктармен қаланған) астарланған. Пештің ішкі бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын (қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна пешінде суы айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен колошниктің құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта (кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш колошнигіне скиптермен (сусымалы материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан шыққан үрлеу пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан қыздырғыштар (мұнда ауа 1000 – 1200ӘС-қа дейін қызады) мен фурмалық приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар пешке фурмалар арқылы қосымша отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту өнімдері горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және шлак тасығыш шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар арқылы әкетіледі. Шойын ағатын науаның осі мен кентас тиегіш үлкен конус жиегінің аралығы домна пешінің пайдалы биіктігі, ал оған сәйкес келетін көлем оның пайдалы көлемі деп аталады.
1. http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title
2. http://www.egemen.kz/10739.html
3. http://www.karaganda-region.kz/kaz/magnitka50-1-67/

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Домна пеші
2. Теміртаудағы домнаның қысқа тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Домна пеші
Домна пеші, домна – темір кентасынан шойын қорытуға арналған шахталық
пеш. Ол темір-бетонды іргетасқа орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік
шахта түрінде жасалады. Домна пешінің сыртқы беті қалыңдығы 30 – 35 мм
темірмен тысталған, ішкі беті отқа төзімді материалдармен (жоғары бөлігі
шамот кірпішімен, ал төменгі бөлігі, негізінен, көміртекті болат блоктармен
қаланған) астарланған. Пештің ішкі бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын
(қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна пешінде суы
айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен
колошниктің құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта
(кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш колошнигіне скиптермен (сусымалы
материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан шыққан үрлеу
пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан
қыздырғыштар (мұнда ауа 1000 – 1200ӘС-қа дейін қызады) мен фурмалық
приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар пешке фурмалар арқылы қосымша
отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту өнімдері
горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және
шлак тасығыш шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш
күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар арқылы әкетіледі. Шойын ағатын
науаның осі мен кентас тиегіш үлкен конус жиегінің аралығы домна пешінің
пайдалы биіктігі, ал оған сәйкес келетін көлем оның пайдалы көлемі деп
аталады. Домна пеші үздіксіз жеті – он жыл бойы жұмыс істей алады. Қазіргі
кездегі домна пештерінің биіктігі жүз метрге дейін жетіп, ал пайдалы көлемі
5000 м3-ден асып, тәулігіне 6000 т шойын қорыта алады. Қосалқы бөліктерін
қоса есептегенде домна пеші күрделі инженерлік құрылыс болып табылады.
Домна пештеріне қажетті шикізат – кентастарды ұсақтау, агломерат жасау,
шихтаны тиеу, ауаны қыздыру және оны үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін
жинау, сақтау, тасымалдау процестері күрделі механизмдермен, автоматты
құралдармен жабдықталған. Қазақстанда Теміртау қаласындағы Испат – Кармет
акционерлік қоғамы құрамында төрт домна пеші бар.
Домна Пеші, домна – темір кентасынан шойын қорытуға арналған. Ол
көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Биікт. 100 м-ге дейін
жетіп, пайдалы көл. 5000 м3-тен асып, тәулігіне 6000 т шойын қорыта алады.

Теміртаудағы домнаның қысқа тарихы
Теміртау шежіресіне көз жүгіртсек, 1960 жылдың 1 шілдесі Қазақстан
Магниткасының ғана емес елдегі елеулі бір белестің бастамасы болғанын
байқаймыз. Өйткені бұл күні Теміртауда аумағы 1513 текше метр бірінші домна
пеші пайдалануға берілді.
Домнаны іске қосар күн жақындаған сайын теміртаулық құрылысшылар да
қарқынды еселей түсті. Теміртаудағы осы кезеңдегі екпінді еңбек
республиканың 40 жылдық мерекесі қарсаңындағы социалистік жарыстың аясында
өрбіді. Мамыр айының соңғы күндерінде құрылысшылар бірінші домна пешінің
бірнеше күрделі кешендерінің құрылысын аяқтады. Сол кезде осы құрылыстың
бел ортасында жүрген еңбек ұжымдарының ішінде Роман Трусковецкий, Алексей
Герасимов, Михаил Стуков, Николай Федоров, Владислав және Михаил
Канашкиндер басқарған және басқа да көптеген бригадалар қажырлы еңбектің
үлгісін көрсете білді. Жалпы құрылысшылар 1-маусымға дейін домна кешенінің
35 құрылыс нысанын пайдалануға беруге құлшына кіріскен еді. Олар сертінде
тұра алды. Домна құрылысының жұмысы маусым туысымен-ақ негізінен аяқталды.
Жалпы барша Қазақстан халқы Теміртаудағы домнаның іске қосылар күнін
асыға күткен еді. Осы жылғы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің кезекті
пленумы өтпек. Құрылыс басшылары құрылыс жұмысы аяқталып қалғанымен,
алыптың іске қосылуын осы мәртебелі жиынмен тұспа-тұс келтіріп, Теміртау
шойынының балқытылуын пленумга салтанатты түрде мәлімдеуді мақсат тұтты.
Сөйтіп ендігі күнде салынып болған объектілер тағы бір мәрте тексеріліп,
сынақтан өткізіліп жатты.
Мамырдың соңғы күндерінде коммунистік еңбек бригадалары мен
екпінділері жарыс озаттарының Бүкілодақтық кеңесі өтті. Онда әлемдік
дамудың барысына жан жақты талдау жасаған баяндамасында СОКП Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы Н.Хрущев өндірілетін өнімнің өсіміне талдау
жасай келіп, 1960 жылдың төрт айында өткен жылдың осындай мерзімімен
салыстырғанда Совет одағында шойын 1 млн. 260 тонна, болат 2 млн. тоннаға
жуық прокат, 1 млн. 570 мың тонна артық өндірілгенін айтады. Елдің қорғаныс
қабілеті қаншалықты металл, болат, шойын тәрізді басқа да стратегиялық
маңызы бар өнімдерді шығарумен бағаланатын. Мақсат капиталистік жүйені
басып озып, үнемі алдыңғы шептен көріну болды. Партия халықтың алдында тек
осындай міндетті қойып, баршаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домна пеші
Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
Домна пешінің құрылысы
Фенолдар туралы ақпарат
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Металлургия өндірісінің негіздері
Мартен пеші
Агломерациялық фабриканың техникалық сипаттамасы
Колошниктегі көтеріңкі қысымның пештің жүрісіне және көрсеткіштеріне әсерін пайдалану мен сараптау арқылы жылдық өнімділігі 3,3 млн тонна қайта өңделетін шойынға тең домна цехының жобасы
Пәндер