ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



1 Ясауидің өз өмірін баяндаған хикметтері
2 Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің ауызша кең тарауы
3 Шешендер сөздерінде өмір жасын бейнелеу
4 Айсерке шешен сөзі
5 Ясауидің ғұмырнамалақ хикметтері
назар аударған. Сондай-ақ ұлы шайықтың айтыс формасында хикмет жазуын осы қатарда атап өткен.
Ясауидің өз өмірін баяндаған хикметтерін Х.Сүйіншәлиев Х.Досмұхамедұлының ізімен «ғұмырнама» деп атаса [1,135], М.Жармұхамедұлы бұл хикметтерді қазақ ақындарының өмірбаяндық өлеңдерімен салыстырады. Қазақ ақындары бұл дәстүрді пайдаланғанымен, олардың тақырыптық жағы адам жасының күш-жігер, қажыр-қайратқа қатыстылығына қарай ойысып, тың сипат тапқандығын дәлелдей отырып, тек Әбубәкір Кедерінің ғана жас ерекшеліктерін ғылым-білім игеру тұрғысында жырлайтындығын айтады. Сол себепті ол басқа ақындардан Ясауиге жақын тұр деп санайды [2,117-119]. Н.Келімбетов те бұл үрдістің қалыптасуындағы Қ.А.Ясауидің сіңірген еңбегін жоғары бағалайды. «Ежелгі түркі поэзиясында көрініс тапқан көркемдік дәстүрдің бірі – адам өмірінің түрлі кезеңдерін суреттеу арқылы тәрбиелік мәні бар, дидактикалық тұжырымдар жасау екенін жоғарыда айттық. Көркем сөз өнеріндегі бұл дәстүрді Ахмет Иассауи де терең меңгерген» [3], – дейді ол. Жас зерттеуші А.Әбдірәсілқызы түрік әдебиетіндегі «Йашнама» немесе «Йаш дестаны» деп аталатын жанрдың Ясауидің осы хикметтері негізінде қалыптасуы мүмкін деп болжам жасайды [4]. Сондай-ақ ол Ясауи «Ғұмырнамасының» көп нышандары бұрыннан бар екенін көрсетіп, оған Күлтегін жазуынан дәлелдер келтіреді. «Бір жасынан алпыс үш жасқа дейінгі әрбір жылын рухани кемелденудің бір сатысы ретінде ерекшелей сипаттаған Йасауи де өзіне дейінгі ғұмырнамалық үрдіске сүйенсе керек. Дәстүрді сіңіруші ғана емес, дамытушы, кей тұста синтездеуші ретінде көрінген сопы ақын «Ғұмырнаманы» жалғау үстінде де осы шығармашылық тұлға ретіндегі ерекшеліктерін сақтаған», – дей отырып, бұл хикметтердің Ясауидің жеке өміріне тән мәліметтер мен оның рухани әлеміндегі шындықтарды қатар қамтығанын айтады
1. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1989, 113-115 б.
2. Жармұхамедов М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы: Ғылым,1999, 111-124-б.
3. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана: Фолиант, 2004, 265 б.
4. Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі (монография). Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007, 96 б.
5. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана: Фолиант, 2004, 265 б.
6. Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Даналық кітабы). Жинақты баспаға әзірлеп, қазақшаға аударғандар: М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи. Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы, 1993, 184 б.
7. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер (құраст. Ш.Ахметұлы, А.Әлібекұлы, Н.Базылхан, С.Қорабай, Қ.Орынғали, Қ.Сартқожаұлы). 1 т. Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007, 170-171 б.
8. Досмұхамедұлы Х. Аламан (құрастырушылыр, алғы сөзін және түсініктемелерін жазағандар – Ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов). Алматы: Ана тілі, 1991, 18 б.
9. Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. Алматы: Рауан, 1995, 307-308 б.
10. Сөз тапқанға қолқа жоқ: Күлдіргі әңгімелер, шешендік сөздер, толғау-термелер (Ел аузынан жинағандар: А.Бейсенғалиева, С.Әбілғазин, С.Қарамендин). Алматы: Жазушы, 1988, 299 б.
11. Шешендік шиырлары: Шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы (құраст. І.Есхожин). Алматы: Қайнар, 1993, 159-160 б.
12. Борев Ю.Б. Эстетика. Теория литературы: Энциклопедический словарь теримнов. Москва: ООО «Издательство Астрель»: «Издательсто АСТ», 2003, с.236.
13. Шешендік сөздер (құраст. алғысөзі мен түсініктерін жазған Б.Адамбаев). Алматы: Отау, 1992, 23 б.
14. Хализев В.Е. Теория литературы. Учебник. 2-е изд. Москва: Высшая школа, 2000, с. 198-199.
15. Лотман Ю.М. Избранные статьи: в 3 томах. Т.1. Таллин: 1993, с. 89.
16. Философский словарь (под ред. И.Т.Фролова). 4-е изд. Москва: Политиздат, 1980, с. 422.
17. Лотман Ю. Мәдениеттер типологиясы // Әлем. Альманах. Алматы: Жазушы, 1991, 246-247 б.
18. Тебегенов Т.С. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі (Әдеби процесс. Авторлық поэзия. Ақындық өнер психологиясы). Докт. дисс. авторефераты. Алматы: 2002, 22-23 б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қожа Ахмет Ясаудің өз хикметтерін әуел баста ауызша айтуға бейімдеп
жазған, сол себепті ауызша айтудың фольклорлық туындыларда бұыннан
қалыптасып қойған дайын көркемдік формаларын кеңінен пайдаланған.
Ясауитанушылардың дені бұл ақиқатты мойындағанымен, оны кең тартып
айтпаған. Дегенмен Ясауидің фольклордан алған көркемдік дәстүрлерін жол-
жөнекей көрсеткен зерттеушілер де болды. Олар, әсіресе, әулиелер сұлтанының
фольклорлық өлең өлшемдерін пайдаланғанына көңіл бөлген. Ал қазақ
зерттеушілері Ясауидің өз өмірбаянын жас-жасқа бөліп баяндап шығуының
фольклорда және көне түркі жазбаларында бар үрдіс екененіне назар аударған.
Сондай-ақ ұлы шайықтың айтыс формасында хикмет жазуын осы қатарда атап
өткен.
Ясауидің өз өмірін баяндаған хикметтерін Х.Сүйіншәлиев
Х.Досмұхамедұлының ізімен ғұмырнама деп атаса [1,135], М.Жармұхамедұлы
бұл хикметтерді қазақ ақындарының өмірбаяндық өлеңдерімен салыстырады.
Қазақ ақындары бұл дәстүрді пайдаланғанымен, олардың тақырыптық жағы адам
жасының күш-жігер, қажыр-қайратқа қатыстылығына қарай ойысып, тың сипат
тапқандығын дәлелдей отырып, тек Әбубәкір Кедерінің ғана жас ерекшеліктерін
ғылым-білім игеру тұрғысында жырлайтындығын айтады. Сол себепті ол басқа
ақындардан Ясауиге жақын тұр деп санайды [2,117-119]. Н.Келімбетов те бұл
үрдістің қалыптасуындағы Қ.А.Ясауидің сіңірген еңбегін жоғары бағалайды.
Ежелгі түркі поэзиясында көрініс тапқан көркемдік дәстүрдің бірі – адам
өмірінің түрлі кезеңдерін суреттеу арқылы тәрбиелік мәні бар, дидактикалық
тұжырымдар жасау екенін жоғарыда айттық. Көркем сөз өнеріндегі бұл дәстүрді
Ахмет Иассауи де терең меңгерген [3], – дейді ол. Жас зерттеуші
А.Әбдірәсілқызы түрік әдебиетіндегі Йашнама немесе Йаш дестаны деп
аталатын жанрдың Ясауидің осы хикметтері негізінде қалыптасуы мүмкін деп
болжам жасайды [4]. Сондай-ақ ол Ясауи Ғұмырнамасының көп нышандары
бұрыннан бар екенін көрсетіп, оған Күлтегін жазуынан дәлелдер келтіреді.
Бір жасынан алпыс үш жасқа дейінгі әрбір жылын рухани кемелденудің бір
сатысы ретінде ерекшелей сипаттаған Йасауи де өзіне дейінгі ғұмырнамалық
үрдіске сүйенсе керек. Дәстүрді сіңіруші ғана емес, дамытушы, кей тұста
синтездеуші ретінде көрінген сопы ақын Ғұмырнаманы жалғау үстінде де осы
шығармашылық тұлға ретіндегі ерекшеліктерін сақтаған, – дей отырып, бұл
хикметтердің Ясауидің жеке өміріне тән мәліметтер мен оның рухани
әлеміндегі шындықтарды қатар қамтығанын айтады [5,101-102].
Қожа Ахмет Ясауидің 2, 3, 4, 5, 6, 7 (Стамбул басылымы) хикметтері
өзінің дүниеге келген сәтінен бастап, қылуетке кірген 63 жасына дейінгі
аралықтағы өмірін қамтыса, 1 хикметі туылмай тұрып-ақ кемелдікке жеткен
рухы жайлы баяндайды. Ал 8 хикметінде қылуетке кірген кездегі халінен хабар
береді. Бұл хикметтерде қылуетке түсу өзінің бүкіл өмірінің мәні ретінде
көрсетіліп, туылмай тұрған кезден бастап, әрбір жас кезеңіндегі рухани халі
осы дәрежеге жетудің себебі және сатысы есебінде баяндалады [6, 129-150].
Шынында да, мұнда әулиелер сұлтанының нақты өміріне қатысты айғақтармен
бірге, рухы кемел тапқан жанның өзі ғана куәсі болған рухани халдер де
қамтылады. Адам жасының әрбір кезеңін санамалай отырып, сол кезеңде қандай
қызметтер атқарғанына көпшілік алдында көркем сөз арқылы есеп беру
дәстүрінің Қожа Ахмет Ясауиге дейін де бар екеніне Күлтегін
ескерткішіндегі бас қаһарманнның жеті жасынан бастап дүниеден өткенге
дейінгі өмірбаяны [7,19-24] нақты дәлел бола алады. Көне жазбаның
Күлтегіннің жасын әлем халықтары, әсіресе, түркілер киелі деп санайтын жеті
санынан бастауы кездейсоқ болмаса керек. Ясауи де туылмай тұрған кездегі
рухы жайлы айтатын 1 хикметте екі ғана жас кезеңін атап өтеді: бірі –
қылуетке кірген 63, екіншісі – Арслан бабадан (Арыстан бап) аманат-құрманы
алатын 7 жас.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің ауызша кең тарауына байланысты, бұл
дәстүр қазақ фольклоры мен әдебиетінде кең өріс алды. Жалпы адам өмірін,
сондай-ақ өз өмірлерін өзек еткен шығармалар Бұқар жыраудан бастап, кешегі
кеңес дәуіріндегі өмір сүрген суырыпсалма ақындар шығармашылығында дейін
үздіксіз жалғасып келді. Сондай-ақ мұндай дәстүр би-шешендердің ділмар
сөздерінен де жиі орын алған. Осыған орай, бұл тақырыптағы шығармалардың
халық ауыз әдебиетінің дербес бір жанры ретінде де қарастырылған кезі
болды. Бұған алғаш рет назар аударып, өзінің Қазақ халық әдебиеті атты
еңбегінде арнайы тоқталған Х.Досмұхамедұлы болатын. Ол мұнда: Халық
әдебиетінің ерекше бір түріне ғ ұ м ы р н а м а л ы қ (биографическая) және
ө м і р б а я н д ы қ (автобиографическая) әдебиетті жатқызуға болады.
Аттарынан-ақ көрініп тұрғандай, алғашқы түрге жататын туындылар, әдетте,
мақтау жырларымен тығыз байланысты болып келсе, ал соңғысы, әдетте, ауыру
үстінде, не өлім алдында айтылады да насихат, өсиет жырларымен сабақтасып
жатады (...) Поэзияның ерекше түрі – өлім алдындағы ө с и е т ө л е ң д
е р (предсмертные, завещательные песни). Бұл өлеңдер негізінен ауыру
үстінде не өлім алдында айтылады, онда өткен өмір жолы суреттеледі,
күнәлардан арылтуды өтініп, діни парыздарды толық өтемегеніне өкініш
білдіріледі, бұ дүниедегі барша өмір мен пенделіктің баянсыздығы, о дүниеде
күнәлары үшін жауап беруден қорқатындығы баяндалады, тәңірі мен
айналадағылардан күнәлары үшін кешірім өтініледі және өмірді мағыналы сүру
туралы ақыл-кеңес айтылады. Бұл жырларда көп жағдайда діннің әсері
аңғарылып тұрады [8, 24], – дейді. Алайда әдебиеттанудың қазіргі жетістігі
тұрғысынан қарағанда мұны түр, яғни жанр дегеннен гөрі көркемдік дәстүр деп
есептеген дұрысырақ. Өйткені тек бір ғана тақырыптық ерекшелік жанрды
айқындаушы элемент бола алмасы белгілі. Дегенмен Х.Досмұхамедұлы пікірі сөз
болып отырған дәстүр аясындағы өлеңдердің мазмұндық топтарын саралап
көрсетуімен аса құнды.
Осы тұста авторлық туындылардың фольклорға не қатысы бар деген сұрақ
тууы әбден заңды. Солайы солай, бірақ фольклордың біршама жанрлары авторлық
сипатымен ерекшеленеді. Соның қатарында жоғарыда біз көп тілге тиек еткен
шешендік сөздер. Шешендік сөздерді қазіргі кезде авторлық шығарма ретінде
қарастырған еңбектер де кездеседі. Мысалы, 2000 жылы Ғылым баспасынан
шыққан Қазақ әдебиеті тарихының 3 томы мен 2001 жылы Қазақ университеті
баспасынан жарық көрген Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы атты ұжымдық
жинақта шешендер әдебиет өкілі ретінде берілген. Бірақ шешендік сөздердің
типологиялық сипатының күштілігі, ондағы формулалықтың молдығы, көп
варианттылығы сияқты фольклорға тән қасиеттері шешендерді әдебиет өкілдері
деп есептегеннің әрдайым дұрыс бола бермейтіндігін көрсетеді. Бұл туралы
Р.Бердібайдың: Шешендік сөздердің белгілі бір тобын Әйтекеге, екінші
шоғырын Төлеге, Тағы бір бөлігін Қазыбекке қылдай бөліп берем деушілік
жасандылыққа, қолдан бұрмалаушылыққа апармақ. Тарихи фактылар мен
шежірелерді, жазба деректерді неғұрлым толық тексерген сайын қайбір
сөздердің төркіні жақынырақ танылуы мүмкін. Соның өзінде мөлдіреп тұрған
куәліктер белгілі бір сөздердің алғашқы иесін тап басып таныта алмайды
[9], – деп айтқаны шындыққа анағұрлым жақын. Сол сияқты ғұмырнамалық және
өмірбаяндық өлеңдердің де автор еркіне бағынбайтын жалпыға ортақ сипаттары
мол. Сондықтан бұл өлеңдерді Х.Досмұхамедұлының халық ауыз әдебиетіне
жатқызуының белгілі бір дәрежеде қисыны бар. Бірақ біз бұл жерде адам
ғұмырын жырлау дәстүрінің ақын-жыраулар шығармашылығындағы үлгілерін емес,
фольклорлық туындыларындағы көрінісін ғана сөз етіп, оның хикметтермен
байланысына ғана тоқтауды жөн көріп отырмыз.
Өмірлік кезеңдерді жас-жасқа бөліп, оны адамның өсіп-жетілу, кемелдену
сатысы ретінде бейнелеу – қазақтың қаһармандық жырларында жақсы сақталған
дәстүр. Бұл бейне көпшілікке танымал классикалық батырлық жырлардың көбінде
бар.
Шешендер сөздерінде өмір жасын бейнелеудің небір көркем үлгілері бар.
Кете бидің Алаша Тоғанас биге айтқан сөзінде өмірбаяндық та, ғұмырнамалық
та сипаттар бар. Шешен мұнда өз-өзін асқақтата көрсетеді. Көпшілік үшін
үлгі тұтарлық тәрбиелік мән үшін шешендер мұндай өз-өзін көтермелеуді
көркемдік тәсіл ретінде қолданған.
Уа, шырағым, Тоғанас,
Отызымда орда бұздым,
Қырықтарда қырқар болдым,
Елуімде елеңдеген жүйрік аттай болдым,
Алпысымда ал пері болдым.
Сексенімде серпер болдым,
Тоқсанымда топтан торай шалдырмадым.
Жүзге жасым келіп қалды,
Мына қасымда отырған
Тоқалымның көңілін қалдырмадым [10, 493], –
дейді шешен. Дәл осындай сөздерді Мамай би, Жетес билер де айтты деп
баяндайды халық аңызы. Мұнда би-шешендер өздерінің кәрілікке бой
алдырмағандарын мақтан тұтса, Шәңкі шешен де өз-өзін көтермелей
көрсеткенмен, кәріліктен жеңілгенін мойындайды:
Он жаста асық ойнадым
Қызығына тоймадым,
Балалардың асығын ұтып қоймадым...
Жиырмаға келдім,
Мәуесі түскен бәйтеректей бойладым,
Онда да балалықты қоймадым.
Жиырма беске келдім,
Жақсы іске сүйіндім,
Жаман іске күйіндім,
Дұшпаным қарсы келгенде,
Ақ сұңқардай шүйілдім.
Отызға келдім, қыран бүркітке алдырмадым,
Құмай тазыға шалдырмадым,
Қатар құрбымның көңілін қалдырмадым.
Қырыққа жеттім – арғымақтай аңқылдадым,
Тау қырандай шаңқылдадым,
Ақ алмастай жарқылдадым,
Дариядай сарқылмадым.
Биік төбенің басына шықтым,
Алды-артымды тегіс көрдім.
Алпысқа жеттім, алты тарау жолға түстім,
Жетпіске келдім, жеңілгенімді білдім,
Жетегіне ердім, дегеніне көндім,
Билікті бала-шағаға бердім,
Сексенге келдім, алдым биік тау екен,
Оң жағым жанған от,
Сол жағым аққан су екен.
Міне, тоқсанға келдім, енді бір аяқ
Асты төкпей-шашпай ішу мұң екен [11,177].
Бұл шешендердің сөздерінде ұқсас жолдар, сөздер, ұйқастар, формулалық
түрлері кездесетінін көру қиын емес. Бұдан ғұмырнамалық және өмірбаяндық
өлеңдердің шешендік сөздерде де дәстүрге айналғанын көруге болады.
Кемелдену кезеңдері ретінде берілетін жас ерекшелігін жырлаудың
хикметтер мен батырлар жырында елеулі айырмашылығы бар. Ол хикметте бірінші
жақтан баяндалып, автор өзін өзі бейнелесе, батырлар жырында үшінші жақтан
баяндалады. Қожа Ахмет Ясауидің өз өмірін бейнелеуі Еуропа әдебиетінде
қалыптасқан автобиографиялық шығармалардан да айырмашылығы көп.
Автобиографиялық шығармаларда автор өз өміріне көбірек көңіл бөлсе,
мемуарларда дәуір шындығына, автордың өз заманындағы белгілі адамдар мен
оқиғаларға баса назар аударылады [12]. Ал сөз болып отырған хикметтерде
бұның екеуі де өте әлсіз сипатта көрінеді. Әсіресе, мұнда заман шындығынан
хабар беретін жолдар жоққа тән. Ал өз өміріне назар аудару жайы да хикметте
мүлде басқа сипатта. Эстетикалық қабылдауға арналған кейінгі жазба
әдебиеттегі автобиографиялық шығармаларда автор өзін идеалдандырып
көрсетуге талпынса, хикметтерде мұндай мақсат жоқ. Мұнда керісінше сөйлеуші
өзін барынша төменшіктетіп көрсетеді.
Отуз иети иашқа кирдим, ойғанмадим,
Инсар қылыб Алла меһри толғанмидим,
Сахар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Пәндер