Көркем бейне және оның жасалу жолдары



1 Көркем бейне
2 Көркем бейненің жасалу жолдары
Бұл — кеңірек ұғым. Біз осыған қарай келе жатырмыз және кейін бұл мәселеге жеке тоқталамыз. Одан бұрын, образ деген терминнің мына бір қырын біліп алу шарт.
Ең қарапайым мағынасында образ — суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені.
(Абай).
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, "күлімсіреп" тұр. Жер жай жатқан жоқ, әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның қылығына елтіп, бір тұрлі "ойланып" жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз.
Аспан күлімсіреп тұр дегенде Абай, әрине, аспанның ашық, нұрлы екенін айтып отыр. Бірақ аспан ашық деген сөздің әсері аспан күлімсіреп тұр дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі айтыла салған сөз ғана да, соңғысы — сөзбен салынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі затты. Бұл — бедерлі бейне, көркем образ. Сөз зергерлері көркем сөз арқылы бұлайша өрнек төгіп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да тумас еді. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-ақ көркем әдебиетгің жалпы "әдебиет" атаулыдан айырмашылығын да, артықшылығын да қоса танытып тұр.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
Бұл — кеңірек ұғым. Біз осыған қарай келе жатырмыз және кейін бұл
мәселеге жеке тоқталамыз. Одан бұрын, образ деген терминнің мына бір қырын
біліп алу шарт.
Ең қарапайым мағынасында образ — суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені.
(Абай).
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес,
әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп
кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, "күлімсіреп" тұр. Жер жай жатқан
жоқ, әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның қылығына елтіп, бір тұрлі
"ойланып" жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен
сезінетін секілдіміз.
Аспан күлімсіреп тұр дегенде Абай, әрине, аспанның ашық, нұрлы екенін
айтып отыр. Бірақ аспан ашық деген сөздің әсері аспан күлімсіреп тұр
дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі айтыла салған
сөз ғана да, соңғысы — сөзбен салынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі затты. Бұл
— бедерлі бейне, көркем образ. Сөз зергерлері көркем сөз арқылы бұлайша
өрнек төгіп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да тумас еді. Бұл ретте образ
тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-
ақ көркем әдебиетгің жалпы "әдебиет" атаулыдан айырмашылығын да,
артықшылығын да қоса танытып тұр.
Әдеби шығарма, оның ішіңце өлең арқылы жасалған көркем бейне болмаса,
мысалы, даланың селеуі, шеңгелі мен шиі дәл мынадай тірлікке, әрекетке ие
бола алмас еді:
Елсіз жер... еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел ояткдн билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тындаган,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.

(І.Жансүгіров).

Жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет! Кең дала күйге толы.
"Еңіреген інгеннің" қасіретін, "зар тындаған қоянның" қайғысын өз алдына
қойғанда, өлі ұйқыдан елгезек "жел оятқан селеудің биін", әрі назға, сазға
елтіп, әрі ойға, мұңға батын, тым-тырыс "түқырып қалған шеңгел мен шидің"
күйінқараңыз.
Лириканы әркім өзінше үғып, оңаша тұшынбаса, оны ежіктеп түсіндіріп
жату ағат. Өлеңге қара сөзбен коммен-тарий беру келіспейді.
Тек мынаны білу керек: көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар,
оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші осынау образдылығында жатады.
Образдылық — суреттілік, сөздегі сурет. "Әр сөз, — дейді. Потебия, —
қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма қалпын бастан кешіреді". Бұған
қарағанда, әр сөздің түп төркіні — зат, сурет, образ. Орысша защита деген
сөз бар. Қазақшасы — қорғау. Осында не тұр? Әншейін бір ұғым ғана. Ал
осының байырғы тегіне қарасақ, Стоять за щитом деген бейнелі сөзден
шыққанын білеміз. Қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес, шынында да, біздің
көз алдымызға образ, сурет болып елестейді. Дәл осы секілді, қазақ
сөздерінің қай-қайсысы да, Потебня айткандай, бір кезде өзінің бейнелі
"қалпын бастан кешіргені" даусыз. Тастау деген сөз тасқа байланысты
қимылдан, тонау — тонға байланысты әрекеттен, қолдау — қолға байланысты
бейнеден, бүйрек — бүйірге байланысты суреттен шыққан. Айталық, тулаудеген
сөз әлгі қорғау деген сияқты әншейін бір ұғым ғана. Ал осының түп төркінін
байқасақ, жылқының әбден торалып, семіріп, тусырауы екен. Ту жылқы жалына
қол апартпайтын мінезеіз, асау болатын көрінеді. Сөйтігі, тулаудеген ұғым
да затты, нақгы бейнеден шывдн.
Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар
түзеп, тіркес құрағанда, бір тұрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып,
оның бетіне акиқат шындықгың езгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі-түсетін
тәрізді.

Образдылық осылай пайда болады.
Гималай — көктің кіндігі,
Гималай — жердің түндігі.
(І.Жансүгіров).
Бұл — метафора тәсілімен жасалған сурет: екі нәрсе қатар қойылып, бір-
біріне (силлогизмдегідей бағындырылмай)- баланады, өзара "сәуле түсіреді",
сол арқылы оқырманның көз алдына үшінші нәрсенің суреті жайылады. Байқап
қарасақ, образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып
беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақты суретке айналдыратын тәрізді.
Бұл — аса қызық процесс және П.В.Палиевский айтқандай, дәлелдеуге
келиейтін, анықтауға көнбейтін аса қиын процессі.
Григорович өзінің жасаң кезінде "Петербург шарманшысы" деген очеркін
Достоевскийге әкеліп, оқып берген екен. Тәжірибелі жазушы оның ''Бес тиын
бақыр жерге түсті де, дөңгелеп кетті" деген сөйлемін үнктпай, "Бұлай емес,
бұлай емес, тіпті де бұлай емес. Түу, тым дымсыз, көбіртек жазасың екен..."
деп ренжіп отырып, өз қолымей былай жөндеп беріпті: "Бес тиын бақыр тақыр
жерге ыршып түсті де, сылдыр қағып, секіре дөңгелеп кетті". Сөз өнерін
зерттеуші ғалымдар ішінде осы жайтты мысалға алмаған адам кемде-кем шығар.
Міне, бұған біз де соғып өтіп отырмыз. Мұндағы мақсат — көркем шығарма
үшін бәрінен бұрын суреттілік керек екенін ескерткен үстіне ескерту.
Шынында да, Достоевскийдің қосқан сөздері Григоровичтің сөйлемін суретке
айналдырып, қимылға көшірген: "сылдыр қағып, секіре дөңгелеген" бақырды
кәдімгідей көзбен көруге болады. Оның үстіне, "Бес тиын бақыр. сылдыр
қағып, секіре дөңгелеу" үшін құмдақ не шептесін жер емес, "тақыр жерге
ыршып түсуі" керек екені де дәл. Демек, образдылық үшін сөзбен салынар
сурет нақты болумен қатар, мейлінше шын және дәл болуы шарт.
Бір ескеретін нәрсе — суреттіліктің жөні осы екен деп, сөйлем ішін
эпитетпен, теңеумен, метафорамен сықай беру — жөнсіз. Чехов бір жолы
Горькийге мынадай кінә тақты: "Сіздің тіліңізде оқырман ұғымына қиын, оны
жалықтыратын анықтауыш сөздер сондай көп. "Көгалда кісі отыр"
деп жазсам, түсінікті, ап-анық, ойды бөгейтін оқшау ештеңе жоқ.; Керісінше,
"Ұзын бойлы, қушық кеуделі, дегенмен дембелшелеу келген жирен сақалды
кісі жаяу жүргендер аяқтарымен таптап, жапырып кеткен көк жасыл шөп
үстінде жан-жағына жаскана және үрейлене қарап, дыбыссыз отырды"
деп жазсам, ыңғайсыз, олпы-солпы, ұғымға ауыр,тіпті, ми
айналдырғандай бірдеңе болып шығар еді".
Бұл талаптың дұрыстығын дәлелдеп жату артық Суреттілікке байланысты
айтқан пікірлерін де сөз зергерлерінін бәрі қаламгер атаулыға дәл осындай
талап қойған. Мәселен, Серафимович "анықтауыш сөз, яки эпитет затты не
құбылысты бұрынғыдан гөрі таза, айқын, бедерлі, әсерлі,ету үшін амалсыз
қолданылғанда ғана жақсы" болатының ескертсе, Алексей Толстой "сөзге құнар,
күш дарыту; орнына әшейін шұбар түс беретін эпитеттерден қорқу; керектігін
айтқан. Алексей Толстой мұнымен де: Қоймайды, суреткерден көркемдегіш
сөздерге (эпитет, теңеу, метафора т;б.), көп үйір болмауды: талап;ғетеді;
әеіреее. эпитеттен сақтандырады, "эпитет — масқара; тұрпайы. нәрсе"
дейді Бұл, әрине субъективті пікір. Бұған бас шұлғи берукдын Бірақ
осы шошынуда себепте жоқ емес.
Пушкин заманынан бұрынырақ болған бір беллетрист бір жолы өзінің бір
кейіпкерінің кескінін суреттеп отырып, оның өңі "бөздей, бозарып кетіпті"
деп тұңғыш рет жазғанда, оқырман қауым мұншалық қонымды әрі соңы теңеуге
таң? тамаша қалыпты. Содан былай қарай бұл сөз тіркесін кез келген адам
сан рет қолданып, әбден "жауыр" еткен екен,
сөздің өзіде "бөздей бозарып кетіпті".
Сондай-ақ біздің көркемдегіш сөздеріміздің көпшілігі баяғы бабалар
дәуірінен бері қарай мың мәрте қолданылып келеді. Олар әсіресе ауыз
әдебиетінде тұнып тұр. Және олар ауыз әдебиетінің шығармаларына жарасып-ақ
қалады. Мысалы, Қыз Жібектің портретін жыр сүйген жұрт жатқа біледі:
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі бетгін, ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы
Ай балтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, құмай көз
Іздеген ерге табылды-ай!.
Ғажап емес пе? Мұндай керемет сұлу, жан тебірентер әсерлі сурет бүкіл
дүние жүзінің фольклорлық туындыларын түгел шарласақта сирек ұшырасады.
Ал еңді осынау көркемдеу тәсілін, қазіргі профессионал
қаламгерлеріміздің бірі айнытпай қайталап, өзінің көркем шығармасындағы
сұлу әйелдің "ақтығы ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет
Көркем образ және оның жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Көркем шығарма
Теңеулердің жасалу жолдары
Көркем образ
Көркем шығарманың пішіні
Пәндер