Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ . . . 6Қазақтың ою-өрнектері . . . 10Зергерлік бұйымдар жасау тәсілдері. Білезіктің жасалу тәсілі . . . 34
- Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
2. 1 Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі . . . 36
2. 2 Қайыстан, былғарыдан дайындалған ат әбзелдері . . . 39
Қортынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43
Қосымша материалдар . . . 45
КІРІСПЕ
Негізінде қолөнер көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан лттық мүлікттер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекелеуден бастап, қазіргі дәірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металлға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекелеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық дергктерге карағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың творчествосы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.
Республикамызыдың әр жерінде қазіргі кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштер мен ғимараттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айырықша сүйсіндіреді.
Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Айталық, халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, баскүр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған. Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихи, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелер бар. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді. Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массагаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.
Жайдың металлдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары, мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Қазақ халқы қаншалықыты тарихи дәуірлерді басынан өткізсе де, өзінің киіз үй жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалған. Негізінен қазақ қолөнершілерінің қатары XIX ғасырда көбейген.
1. ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ.
Халықтық қолөнер өзінің тарихы, мен кейбір ұйымдастыру мәселелерін жеткілікті зерттелмегендігіне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде дамып келе жатыр.
Көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік элементтерінің сан толқынын бойынша сіңіріп, үнемі жақсару, жанғыру үстінде болды.
Осындай толассыз дамудың нәтижесінде 19 ғасырдың басында, екінші жартысында және 20 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріліп келді. Қазақ қолөнер шеберлері, кедейлер әулетінен шыққан. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады.
Зергерлік бұйымдар киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.
Қазақ халқы да өзінің көне заманнан бері келе жатқан тамаша тарихы бір ғана ерекшелігімен көзге түседі. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне халық таланттардың қолынан шықты. Зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты қәзіргі бізге келіп жеткен "Құс тұмсық" жүзігі "Құдағи" жүзігі аталып, сырға, алқалар мен шашбаулар, белдік, ер тоқым кейінгі ұрпақтар үшің аса бағалы мұра болып табылады. Барлық мұндағы өндірісті жай сол халық шеберлерінің көпшілігі тарихта қолданылады. Бұл әрине ертеде өз жазу болған қай халықтың болсада басынан өткен жайлар дегенмен сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп сәндеп жасаған бұйымдарының әдемілігіне шебер жасағандығынан қазірде қарап көз тоймайды. Халық қол өнері, өзінің тарихи теориясымен кейбір ұйымдастыруы мен мәселелерінің жеткілікті бұйымды әсемдеуге дәрежесінің жоғары кетеруге тән дамып келе жатыр. Қол өнерінің қазіргі дәстүріндегі дамуы күрделіде аса бай. Онымен бірге сол күнделікті жұмысымызда жан жақты бейнелеуге халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді. Сол дәуірдегі халық шеберлеуге қамтылған қол өнер гүлдері қол өнер композициясының барлығын сол кездің өзінде ақ өнердің бар шындықты салыстырып қарағанда техникалық және қол өнер көркемдік жағынан өнерлі қол өнершілікке қолы жеткенділігі ою-өрнектермен әшекейленіп бейнелеу қандай уақытта болмасын дәстүрлі негізінде сақталды. Халық қол өнерімен туған бұйымдар тек музейлермен көркем залдарында ғана тұруы керек десек қателеспесек болар еді. Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мындаған жыл әріде жатыр. Ата-бабамыздан қалған қазба байлықтарды зерттеп, қарағанда, Қазақстан жерінде мыс, күміс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын ежелгі замандарда ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазба жұмыстар кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғандығын байқатады.
Қазақ ою-өрнектерінің сан ғасырлық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер, қазақтың ою-сызу өнерінің ерте заманғы мал бағушы тайпалардың мәдениетімен сабақтас екендігін, Алтай Азия халықтарының мәдениетімен өзара байланысып жатқандығын көрсетеді. Біздің жыл санауымызға дейінгі үйсін молаларынан шыққан ою-сызу өрнектер 19 ғас. қазақтың ою-өрнегіне ұқсас. Бұл қазақтың ою-өрнек өнерінің ежелгі үйсін мәдениетінің жалғасы және дамыған түрі екендігін дәлелдейді.
Тұрланның безелілік сағасындағы будда дінінің үңгір (шың үй) ғибатханасының қабырғасына және төбесіне ысызылған ою-өрнектерде қазіргі қазақ сырмақтарында салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі.
Осы ою-өрнек қайдан шықты дей келе, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құралыстардан шықты десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-сыртқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктің әртүрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек десті. Ал енді геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап қиялдануынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса зерттеуді талап етеді.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық іскерлік мөнерінен біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күнгі кейбір қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесін өзгертіп кеткен. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны тазартуды ойласақ алдымен бұрмалаушылықтан артылып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрдің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот, Страбон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қол өнердің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік жасау ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар.
Шамамен 17 ғасырда жасалуы, өрнектелуі де, түзілімі тұрғысынан біріңғай сипаттығы ұлттық зергерлік бұйымдарының шоғыры қалыптасты. Сәндік әшекейлері жиынтығының композициялық ара қатысты бір жүйелі қалыпқа түсті. Әшекейлердің бейнелік тұрғына кейбір жергілікті қолтаңбалар өз әсерін тигізгенмен жалпы алғанда оның құрамы бүкіл Қазақстан үшін негізінен бірдей. Қазақ зергерлері көбіне жеке дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын ұрпаққа үйретіп отырған.
Жазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалардан ежелгі өнердің көркемдік тарапындағы биік деңгейін байқауымызға болады. Қола дәуірі кезеңіндегі зергерлік бұйымдары формасының монументтілігімен, көркемдік тілінің әсерлілік қуаттылығымен ерекшеленсе, ал есік обасынан. Шілікті, Бесшатыр қорғандарынан табылған скифтерге тән бейнелеу стиліндегі алтын әшекейлері, Бурабай көлі төңірегіндегі обадан қазылып алынған гундер кезеңдеріне саятын алтын әлеміштер көркем бұйымдар зергерлік өнердің шын мәніндегі қайталанбас асыл мұралары болып табылады.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен іргелес халықтар мәдениетінің өзара ықпал арқылы қалыптасқан.
Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихына бойласақ, ел іші он саусақтарынан өнер тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болмағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, уақыт озса да өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жеткен. Қолөнерінің дамуы бұл кезеңде кәсіпшілікпен бұрынғыдан да тығыз байланыса түседі. Көркемөнер дәстүрлі қолөнер кәсіпшілігін шеберлерімен ұласып, бірте-бірте ол халықтық өнерге келіп құйыла бастаған. Әсіресе, бұл өнер қарпайым еңбек адамдарының үлесіне айналған. Халық өнерінің түрлері, оның орындалу тәсілдері, өте көп. Кілем тоқу, киім үлгілері, өрімшілік, зергерлік, сүйектен, мүйізден, ағаштан жасалатын бұйымдар, ертұрман, тері илеу, тас қажау, ұршық иіріп, жіп есу, өрмек жігіртіп, кесте тігу, жүн түтіп, ши орау өнерлері әрі қиын, әрі қызық. Бұл өнердің өркен жаюы, біріншіден, тұрмыста пайдалану үшін болса, екіншіден, халықтың өнерді аса жоғары бағалануынан да туған қасиет. Олардың сүйектен жасалған кереуеттері мен сандық, асадал, адалбақан, жүкаяқ, кебеже, мүйізді шақшалары мен ыдыстары, сәндік бұйымдары, сырға, білезік, жүзік, алқа, шолпы тағы басқалары ел арасында әлі де жиі кездеседі. Қазақтың сәндік қолөнері - біздің түркі ұлттық, мазмұны мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау, қолөнері бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болып табылады.
1. 1 ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ.
Қазақ ою-сызу өрнектеріндегі фон суреттердің түсі композициялы болып келеді. Дағдыда ақ түс қара фонға немесе керісінше болып орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс-аспанның символы; қызыл түс-оттың, күн көзінің символы; жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстермен бояп өрнектегенде оған белгілі мән беріледі.
Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан бұл өнер ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректері бойынша Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын секілді асыл және түсті металлға бай кен орындарын игеру ісінің ежелден дамығанын қуаттайды.
Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік ерекшелігін белгілейтіндей ерекше мінездемесі бар. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерінің сырларын өз ұрпағына ғана үйретіп отырған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке керекті түрлі сәндік бұйымдар, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ көннен жасалатын торсық, музыкалық аспаптар және басқалар жатады.
Әшекейлер арқылы тұтынған жақсы ниетпен сәтті тілеу, тілеудің кейбір түрлері бұйымның нұсқасы мен өрнегі арқылы да мегзелген. Өсіп-өну, ұрпақ шашу идеясы түтікше мен үшбұрышты бөлшектен құралатын бойтұмарларда бар. Осы қонғыштық символын білдіретін бұйымдардың қатарына балық бейнеленген сәнді тағалар мен қапсырмалар жатады. Батыс Қазақстан өңірінде жиі ұшырасатын, екі жастың бас қосу ынтымағын білдіретін қос қанатты етіп қомақты жасалатын «құдағи жүзіктерде бойжеткеннің ұзатқан ана қызының жаңа түскен босағасындағы құдағиына келініне сүйеніш болуын, үлкен сыйластықта өмір сүруін ниет етіп сыйлайды.
Ою-өрнек, әшекей, жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлелдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударады. Ал ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектеріңде ойлаған затының, не сюжетінің сыр сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігіне гөрі әшекейлі болу жағына баса назар аударады. Ескі замандағы ел әдетін, шаруашылық ғұрлым, этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің заттық ұғымын және олардың неліктен бұлай аталатындығын пайдау қиын емес. Қазақтың шиге, алашаға, кілемге салынатын "омыртқа" өрнегін алып қарайық, бұл Ғани Иляевтың кілем, түскиіз, терме құралға арнап жасаған өрнегі. Өрнектің аты "омыртқа". Ол кілем "сынық мүйіз" өрнегінің элементтерін құрылған. Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтарының рулық белгісі болған "тарақ таңба" да көрініп тұр. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын алайық. Айбалта 2 мүйіз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Айбалта жүзінің өзі жарты ай бейнесін мезгеп тұр.
Шеберлердің істеген бұйымдарының өзгешілік ою-өрнегінің нақышының көпті әрі күрделілігі сылдырмақ салпыншақтары мен алтын жалатқан бөлшектердің жиі қолданылатындығы әйелдердің мерекелік киімдерінің құрамына кіретін зергерлік бұйымдар бүкіл Қазақстан жері бойынша біркелкі. Бас киім әр түрлі өрнек майда көздер орнатылып екі самайдың тұсынан тамшыдай мөлдіретіп тізілген моншақпен безендірілсе мойынға көздің жауын алатын алқа, мойыншақ тағатын қос бұрымда қатар сылдыраған шолпы, құлақта сырға, әр саусақта әшекейленген сақиналар, екі қолда білезік болатын. Мұнымен қоса комзолдың түймелері мен ілгектері де металлдан жасалады. Сипатына қарай олардың өзі бірнеше түрлі болады. Өзіндік құрлымымен, әшекейлеу әдістерімен ерекше назар аударатын бұйым-іңір жиек. Ол көбіне геометриялық формасы бір келкі бір-бірімен тіркескен жалпақша бөлшектерден жасалады.
Төртқатар етіп жасалған салпыншақтар өзінше бір тұтас жүйе жасап әсем үйлесіп тұрады.
Мойынға тағатын әшекей заттардың бірі тұмар. Олар тек сән үшін ғана емес, пәле жаладан сақтау үшін де қажет деп есептелінген. Олардың ішкі жағы тегіс болады да оған әдетте қағазға жазылған дуа, немесе теңіз ұлуларының үні қауырсыны киесі бар деп есептелінетін, қой мен түйе жүні салынады.
Үшбұрыш тұмаршаға алтын жалатады де шет-шетіне көгілдір тастары тігіледі. Ортасына қарайтылып ою-өрнек салынады. Жалтыраған алтын, аспан түстес көгілдір асыл тастары салынған ою тастары салынған ою-өрнек бұйымға өзгеше көрік береді тұмаршаның сылдырауық салпыншақтары да болады. Жапырақ тәріздес шалпыншақтары бар ұзын шынжырлы бойтұмар да біршама сәнді заттың үстіңгі беті жиегі айнала өрнектелген мәнерлі әшекейлер нәзік етіп жасалған. Бас киімге жасалған әшекейлердің ішінде ерекше көзге түсетіні-үкі аяқ.
Үкі аяқ түсі мен ою-өрнегі әр түрлі екі бөлімнен құралады. Жоғарғы жағы асыл тас орнатылған жалпақ тас, ал төменгі жағы күміс пен күптелген және көрезе тастарынан кәз салынған үкі тұяғы. Сырғалардың да көркемдік әсем түрі бар. Өте шебер нәзік етіп жасалған зер сырғалардың құрылымы өзгеше, майда қоңыраушалардан тұрады. Сырғалардың атына заты сай әсем түрі ай сырғаны қазақтар айды о бастан қасиетті деп санап қатты қастерлеген. Осыған орай сырға да аспан әлеміндегі денелердің әшекейленеді. Тарам тарам салпыншақтардан жасалатын сырға осылардың әр қайсысының өз-өрнегі өз көркімен көз тартады. Қыздарымыздың басына киетін шекелік кең тарған. Шекеліктің құрылысы түсті дөңгелек ромб тәрізді бөлшектері бір-бірімен сыммен қосылып, тік сабаққа мәнерлей оралады.
Қыздар шашына шығыршық сыммен қосқан тастарына көз салынған әшекейлі шашбаумен шолып тағады.
Тастың табиғи әсемдігін күміс теңгелер тізілген шылтелдер нәзік өрнектері бар темір жиек алма түседі. Сонымен қатар, жалпақ, жіңішке, бұрама білезіктерінде бірнеше үлгілері бар, ою-өрнегі құрылымы, бір-бірімен жымдасып жатқан сақиналары жіңішке шынжырлары мен жалғастырылған білезік өзіндік сапалығымен қайран қалдырады. Аппақ күмістің бетіне қарайтылған белгілері бірден көрініп тұрады.
Белгілі геометриялық формалардың қатаң сақтап әшекейленген білезіктер әлдеқайда көріктене түседі.
Үш жерден жапырақты зер салған білезік нағыз үлкен шеберліктің айғағы. Нәзік зері білезіктің жиегіне айнала өрнектеп отырып дәл ортасына келгенде таңғажайып гүл шоғы жанады.
Бүкіл білезіктің беті көркем жасалған түрліше бадар салынып, қарайтылып, қою жүргізіліп, тас орнатылған қапсырмаларды көркем әшекей бұйымдар ортасынан ерекше көзге түседі. Бұйымдардың әр түрлі әшекей өрнектерімен көрсетіледі. Бірде олар күн сәулесінің көрінісін бейнеленген бірде аңғарды, бірде жапырақты, Лотос гүлдерін бейнелейді. Жүзіктің неше түрлісі бар.
Кейбіреуі қолға әзер ілінетіндей нәзік, ал енді біреулері саусақты көміп кететіндей үлкен. Елімізде көп тараған жүзіктің түрі құс мұрын жүзік. Құстың суретін қолөнер туындыларында өте жиі ұшырасады. Құс ертеден ақ пен бақыт, қайырымдылық пен бейбіт өмір белесі іспетті.
Құс мұрын жүзік негізінен қалыпқа салу әдісімен жасалып неше түрлі ою-өрнекпен зерлеу майда салынған өрнектермен әшекейленеді.
Әсіресе қызықтысы ішіндегі қысқа қуысқа құм мен тастар салынып сыңғырлаған әсем үн шығаратын жүзіктер.
Өрнектен әшекейлеудің бас артық шешімдерге жол бермейді. Ою-өрнек ең алдымен бұйым жасалатын шеберлерден табылып қасиеттері мен көркін аша түсуге қызмет етеді.
Бұйымның материалы түрі өрнегі толық тауып, берік-бірлікте болады. Сол арқылы бейнесінің тұтастығы бұлжытпай сақталады. Зергерлік бұйымның әшекейлердің тұтас тұрқы арқылы да, жекелеген бөлшектерде материалы мен ою-өрнегі де белгілі бір мән мағынаны білдіреді. Мысалы, материалық тастың, күмістің, яғни табиғи заттың өзі де күрделі міндет атқарған.
Әшекейлеуге қондырылған асыл тастарды халық әдетте тас немесе көз деп атаған. Бұл әрине, ешбір астарсыз тура мағынасына атала салынбағаны жоқ. Көз қондырылған бұйымның көз тиюден алдын ала сақтайтын киелілік қасиеті бар деп жазылған. Асыл тастардың айырықша қасиеттілігі туралы ұғым қазақ халқының бәріне ақ тараған.
Асыл тастардың емдік және киелілік қасиеттерін сөз ететіні ата-бабаларымыздан біздің заманымызға дейін жеткен. Бұған дәлел келтірілетін болсақ бұдан мың жыл бұрын жазылған дәрі-дәрмек қазынасында "Ақық тас" жүректің толқуын басады. Дұшпанына игі әсерін тигізеді. Заттың иесінің кім екендігін негізінен бұйымның қандай материалдан жасалғандықтан үстіне таққан жеңілдігін көркемдігінің асқақтығы мен алқылығынан байқауға болады. Мысалы, бай бәйбішелердің зергерлік әшекейлердің тумасымен алтыннан, асыл тастарда көз қондырылады. Материалына сай ісі де көркемдік шешімі де жоғары болып келеді.
Егер бай әйел зергерден бір жаулықты толық қанағаттандыратын әшекейлерді тұтасымен бірақ соғып біреуін талап ете алса, бұл бұйымдар қолына кездейсоқ себептермен түскен заттардан ғана тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz