Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі демографиялық жағдайы


Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі демографиялық жағдайы

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында

1. 1. Қазақстан Республикасындағы халық санының соңғы жылдардағы даму динамикасы

1. 2. Жалпы туу коэффициенті, өлім - жітімнің жоғарылауы, неке мен отбасы ара - қатынасы және халықтың жыныстық құрамы, жас ерекшелігі

II ТАРАУ. Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері

2. 1. Еліміздегі демографиялық жағдайға көші - қонның әсері

2. 2. Халықтың әлеуметтік жағдайы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Демография (грек. Demos - және grapha - жазу) - белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық - тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эммиграция), яғни халықтың көшу - қону қозғалысына да байланысты. Сондай - ақ, халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі Демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы, белгілі бір жстағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып - жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай - күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік - экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметтік - экономикалық салдарын зерттей отырып, Демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік - экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше, халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай - ақ, халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде экономикалық Демография деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі - халықтың ұдай өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым - қатынастарға негізделеді. Сондықтан, халықты зерттеуде Демографиялық саясат, экономика, медицина, математика, этнография т. б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен

тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, Демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе, халықтың табиғи қозғалыстары Демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әртүрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму - құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын

зерттеу) ; потенциалды Демографиялық әдісі, т. б. Демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылыми қорытынды жасау қажет. Көбінесе, халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай - ақ, демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де Демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы - ағылшын ғалымы Джон Граунт (1620-1674) . Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У. Петти және Г. Кинг (Ұлыбритания), одан соң А. Депарсье (Франция) зерттеді. 18 ғасырда мұндай зертеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В. Керсеб (Голландия), П. В. Варгентин (Швеция), Л. Эйлер (Ресей) және т. б. жалғастырды. 19 ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А. Кетле (Бельгия), Ж. Бертильсон (Франция), У. Фарр (Ұлыбритания), В. Лексис, Г. Ф. Кнапп (Германия), т. б. көптеген статист - зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде Демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 жылы француз ғалымы А. Гийардың еңбегінің тақырыбында Демография термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы деген анықтама береді. Қазақстандағы Демографиялық процестерді тарихи - әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М. Шоқайдың шетел баспасөзінде, М. Тынышбаевтың 1924 жылы Сана журналының 2-3 сандарында жарияланған деректерін, т. б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңда кәсіби демографтар М. Тәтімов, Ұ. Ысқақов, Ә. Ғали, М. Сембин, Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова, Н. Ермекова, А. Әлжанова, т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді. 1999 жылғы ұлттық санақ мәліметтері бойынша республикада 14, 9 млн. халық тұрады. Оның 53, 5 пайызы қазақтар, 35 пайызы орыстар. Ал, дүние жүзіндегі қазақтардың саны 2000 жылдың басында 12 млн. адамға жетті. Халқымыздың санын көбейту мәселесі қай кезде де барынша өткір қойылып келгені баршаға мәлім. Әртүрлі себептерге байланысты барлық кезеңдерде демографиялық ахуалдың күрделі болып қалыптасқаны еш

жасырын емес. Оның жаңа ғасырда ғана орнықты сипатқа көшкені белгілі. Халық санына қатысты қазақ үлкен пікір білдіруден тартынатыны бар. Соның өзінде де Нұрсұлтан Назарбаев; «Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуды қол жеткіздік» деп биылғы Жолдауында қадап айта алды.

Бізге мықты экономика да, жаңа қатынастар да, тың жобалар да - бәрі де қажет. Бірақ қажеттің де қажеті бар. Ең басты қажеттілік - соның бәріне ие болатын халық. Сондықтан да Қазақстан үшін демографиялық ахуал, халық санын молайту ең өткір мәселелердің бірі. Соған орай Қазақстан Президенті халыққа жолдаған Жолдауында: «Демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды белгілеу қажет», деп атап көрсете отырып, «Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек», деп тапсырғаны баршаға аян.

Халықтың саны, оның өсуі мен қарқыны - тарихи демография ғылымының ең алғашқы және негізгі ғылыми бағыты. Қазіргі кезде 1897 - 1999 жж. арасындағы санақтар нәтижесінде бір ғасырдан аса уақыт ішінде Қазақстан халқының саны оның өсіп - өну жолдары мен қарқыны жан - жақты және жаңа зерттелді, - деп айтуға толық болады. Соның ішінде бірнеше мәселелерді ерекше көрсеткен жөн. Көпке дейін Қазақстан халқының қазіргі мекен - жайында - территориясында қанша және қандай ерекшеліктері (ұлт, жыныс, білім деңгейі және т. б. ) болғаны арнайы зерттелмей келді. Бұл мәселені алғашқы көтерген Б. Сүлейменов еді, ол өз еңбегінде алты облыстың шекарасында 1897 ж. Санақ нәтижесінде Қазақстан халқы 5, 2 млн деп көрсетіп, бірақ бұл мәселені нақтылаған жоқ. Ал, Н. Е. Бекмаханова, Н. В. Алексеенколар Қазақстан халқын жалпылай қарап, қазіргі территорияға сәйкес көрсетуге ұмтылған да жоқ еді. Қазақстан халқының саны (қазіргі территорияға сай - Ақмола облысы - Омбы қаласы мен Омбы уезі; Амудария бөлімінсіз; Жетісу облысы Пішпек және Пржевальск уездерінсіз; Бөкей ордасы мен Маңғыстау уезін қоса есептегенде алғаш рет «История рабочего класса Советского Казахстана в трех томах», т. 1, 1917 - 1937 гг., Алма - Ата, 1987 ж. 4, 147 млн деп көрсетілсе, кейін бұл сан М. Х. Асылбеков пен А. М. Жаркенованың еңбегінде нақтылана түсті. Соның нәтижесінде, Қазақстан халқының құрамын (ұлты, жасы, жынысы, білім деңгейі және т. б. ) кейінгі санақтармен салыстырып, ХХ ғасырдың соңына дейін демографиялық, әлеуметтік талдауға мүмкіндік ашылды. 1897 жылы Қазақстан халқының 81, 7% қазақ, 10, 9% - орыс, 1, 9% - украин, 1, 3% - ұйғыр, 0, 7% өзбек болды деп, кейінгі өзгерістердің бағытын анықтауға жол ашылды. Қазақтардың білім деңгейі (сауаттылары) 2, 7% деп анықталды. 1897 жылғы санақ бойынша патша өкіметі мен христиан діни басшыларының іс - әрекеті нәтижесінде 660 қазақтың шоқынғаны, жалпы 1911 жылға дейін бұлардың саны 2659 - ға жеткені көрсетілді.

Қазақстан халқының 1897 жылғы санақтан кейінгі демографиялық апаттарға ұшырауының зардаптары арнайы зерттеліп, жаңаша қарастырылған бағыт та ерекше орын алды. Әсіресе, 1916 жылғы ұлт -

азаттық көтерілісті басып жаншудың салдары, зардабы қазақтар санын едәуір кеміткені (М. Қ: Қозыбаевтың болжамы бойынша - 446 мың адам) ал, 1931 - 1933 жж ашаршылық нәтижесінде қазақтардың жартысына жуығы (49%) қырылғаны, кейбір тұжырымдар бойынша 1, 1 млн - нан 2, 5 млн - ға дейін құрбан болғаны баяндалады. Біздің ойымызша, бұл жылдары аштықтан қырылған қазақтардың жалпы санын 2, 5 млн - 52, 9% деп көрсеткен С. Айымбетовтың тұжырымы дәлелдеу жағынан шындыққа бір табан жақын деп санаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда 601 мың Қазақстандықтардың қаза болғаны анықталғанымен, олардың ішінде қанша қазақ болғаны әлі нақтыланбай келеді. Дегенмен, бір ғасырдан астам мезгіл ішінде Қазақстан халқының саны жағынан болған өзгерістер едәуір дәрежеде зерттелді деген тұжырым орынды болар деп ойлаймыз.

Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс - әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы атқаратын қызметі, жұмысы, т. б. жақтары негізге алынады, сөйтіп жалпы халықтың әр түрлі қозғалыс, өзгерістерін (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т. б. ) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірек айтқанда оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды. Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп - өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын еске ала отырып, оның сандық заңдылықтарын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, қанша адам белгілі бір мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей - дәрежеде білімі бар, екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі - нақтылы адам. Оның өмір - тіршілігінде физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жғдайы, қызмет түрі, мамандығы жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білуі, тағы басқа біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың кейбір сипаттамаларының өзгеруі жалпы халықтың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың санын кемітеді. Жеке адамдардың мекен - тұрағын ауыстыруы - яғни миграция - халықтың құрамына, санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның

құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылымын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп, бір - бірімен шатастырады. Бірақ, демографиялық ұғымның мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланысты заңдылықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Демография үшін бастысы халықтың қоғам дамуы мен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік - экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсуінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай - ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру әдістері де демографияның өзіндік зерттеу әдісіне жатады.

Қазіргі заманда жер шарын мекендеген халықтардың этностық құрамы бір - бірімен әбден араласып, біте қайнасып кеткен. Олар ірі - ірі ұлттардан, халықтардан, тайпалардан құралған және олар әр түрлі экономикалық - мәдени өсу дәрежесінде, қоғамның әртүрлі экономикалық - мәдени өсу дәрежесінде, қоғамның әр түрлі даму сатыларында өмір сүреді. Сондықтан олардың тарихи туысқандық байланысына, өзара қарым - қатынасына, табиғи - географиялық, тілдік жағдайына, этнографиялық ерекшеліктеріне және тұрмыс - тіршілігінің ұқсастығына қарай отырып, бүкіл дүние жүзінің халықтарын географиялық, тілдік, мәдени, шарушылық деп төрт түрлі топтамаға бөледі.

Өтпелі кезең жағдайында Кеңес Одағының ықпалынан әлеуметтік бағдарлы қоғамға өтудегі этнос мәселесі, өкінішке қарай, жете зерттелген жоқ. Жалпы этнос дегенде мынадай жағдайларды қарастыра кеткеніміз артық болмас.

Этностың ұлттық күш - қуатының болуы өте маңызды, оны ұлттық қауіпсіздік ретінде қарау заңды. Ресейлік этнограф Л. Н. Гумилев былай деп болжаған, ол этнос өрлеу, гүлдену дәрежесіне дейін бірнеше жасырын инкубациялық фазадан өтіп, одан кейін құлдырайды, бұған қоса соңғы фаза басталады. Этнос өзінің даму және күшею процесінде саяси мәдениетті былай қойғанда, бірнеше этносты қосуы мүмкін, содан барып суперэтнос қалыптасады.

Этностың ұзақ және бірқалыпты өмір сүруі - айналадағы ортамен қарым - қатынасына байланысты болмақ. «Этнос жағдайы» деген ұғымға табиғаттық, әлеуметтік және мәдени факторлар кіреді, осындай немесе басқадай дәрежедегі этностың өміршеңдігіне әсер ететін нәрсе мәдени биологиялық жүйе.

Қоршаған орта мен этностың экологиялық тепе - теңдігі екі түрлі себептен бұзылуы мүмкін: егер қоршаған ортаның өзі өз бағытын өзгертсе, этнос өз құрылымын қайта құруға мәжбүр болады немесе мәдени жүйе ретінде құриды. Қоршаған орта мен этностың тепе - теңдігінің бұзылуы негізінде ең қарапайым экономикалық және әлеуметтік процестер жатады. Дегенмен өтпелі кезеңде бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға өту - этностың мәдени бүтін нәрсе ретінде сақталып қалуы үшін үлкен қауіп - қатер туғызады.

Этностық топ туралы анықтама өте күрделі де қарама - қайшылықты. Кейбір авторлар, мысалы, этностың негізгі белгісі ретінде, тіл мен мәдениетті атайды, басқалар бұған қоса аумақ пен этностық сана - сезімді жатқызады, кейбіреулер психиканың қалыптасу ерекшеліетерін көрсетеді, енді біреулер бұған этностың белгісі ретінде, туыстық бірлікті, ортақтықты және мемлекеттің тәуелсіздігін қосады.

Этносқа анықтама беруде С. М. Широкогоров ХХ ғасырдың басында этностық бірлік деген ұғымды енгізіп: «этнос - бір тілде сөйлейтін, бірдей шығу тегін мойындайтын, әдет - ғұрып жиынтығы бір, ортақ өмір сүруге бейімделген, салт - дәстүрін сақтап, жаңғырта білген адамдар тобы, бұлар оны басқа топтан ерекшелейді» - деп түсінік берді. Бұл біздіңше, этнос ұғымы туралы дәл, әрі толық анықтама секілді.

Этнографтар жеке елдердің этностық құрамымен танысып, сол елдің жергілікті (абориген, автохтондық) халқын басқа жақтан кірме болып келушілерден айыра білу керектігін айтады. Кейбір елдердің халқын «жергілікті» және «кірмелер» деп екіге бөлуге болады. Сөзімізді дәлелдеу үшін, мынадай мысал келтірейік. Солтүстік Американың халқы негізінен екі бөліктен құралған. Жергілікті халық - үндістер мен эскимостар болса, еуропалықтар деп аталатын ағылшын нәсілділер мен негрлер кейінгі уақытта келгендер. Қазіргі кезде ауып келген кірмелердің саны жергілікті халықтан анағұрлым басым болып отыр. Мұндай өзгерістерді басқа да елдердің этностық құрамынан кездестіруге болады.

Халықты топтаудың негізгі түрлерінің бірі - тіл. Ол басты этностық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын - алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан - жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым - қатынасынан келіп шыққан.

Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принцптерге негіздеп бөледі. Морфологиялық жолмен жіктегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілі грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Бірақ морфологиялық жағынан тілді топтау әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттеліп біткен жоқ. Себебі, тілдің грамматикалық құрылысының ұқсастығын, олардың өзара қарым - қатынасының қайдан, қалай шыққандығын толық белгілеу мүмкін болмай келеді. Көптеген халықтар туысқандық жағынан бір-бірінен қашық болса да, олардың тілдерінің грамматикалық құрылысы ұқсас келуі мүмкін. Мысалы. Вьетнам тілінің грамматикалық құрылысына өте жақын.

Генеологиялық (қан, туысқандық) жағынан тілді топтау бір тіл мен екінші тілдің туысқандық байланыстарын ғана көрсетіп қоймай, бір халық пен екінші халықтың арасындағы тарихи туысқандық жақындығын ашып көрсететін белгілердің бірі. Мысалы, орыс пен украин тілдері бір - біріне жақын болса, қазақ пен ноғай, қарақалпақ тілдері бір - біріне тіпті ұқсас, бір - бірін еш қиындықсыз түсінісе алады. Ал орыс пен неміс тілдері бір - бірінен өте алшақ жатыр. Олар бір - бірінің сөздерін түсінбейді. Сондықтан да бұл халықтардың арасында генеологиялық байланыстар бар деу қиын.

Тілдердің ұқсастықтарына, бір тектілігіне қарай дүние жүзіндегі 2000-нан астам тілдерді бірнеше тіл семьясына бөледі. Ал бір - біріне тіпті жақын тілдерді кішкене бөліктерге, тармақтарға, тармақшаларға қосып жіктейді. Сөйтіп, дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 10 үлкен тіл семьясына бөлінеді.

Этнос деген терминнің кең мағынасы жалпы этностық құбылстардың әлеуметтік - экономикалық құбылыстармен тығыз байланысты екенін көрсетеді.

Этностың ішкі тарамдалуымен қоса, олар өз тарапынан бірсыпыра жағдайда анағұрлым ірі комплекстерді де құрайды: халықтардың тілдік - мәдени жақындығы негізінде пайда болатын мұндай комплекстердің бірі - этностық - лингвистикалық топтар деп аталады, ал көп ұлтты мемлекеттер ішінде қалыптасатын екінші бір комплекстерді этностық қауымдасу деп атаған жөн тәрізді. Сөйтіп, адамдардың белгілі бір тобының өзі қатарынан әр деңгейдегі бірнеше эностық қауымдасулардың құрамына енуі мүмкін. Мысалы, орыстар аясы анағұрлым кең комплекстердің бірі, бір жағынан шығыс славян комплексінің, екінші жағынан жалпы славян комплексінің бөлігі болып табылады. Егер бұған орыстардың іштей этнографиялық топтарға бөлінетінін ескерсек, біз этностық қауымдасудың аса күрделі иерархиясына кезігеміз.

Иерархиялық тарихи - мәдени құрылым туралы жинақталған деректер этностық екі - ақ туыстық түрге бөлуге әкеліп соғады. Ол - этнографиялық, этностық топтар. Бұл этностық құрылымның негізі туыстық ұғымы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Халық пен демографиялық үрдістер туралы мәліметтер әлеуметтік талдау көзі
Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Демографиялық саясат жайында
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
Қазақстандағы демографиялық процестер
Демографиялық мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz