Ислам Қаржы жүйесі және Ислам банкінің тарихи бастау алуы


Ислам Қаржы жүйесі және Ислам банкінің тарихи бастау алуы. Белгілі ережелер мен негіздер аясында істейтін қаржы мекемесі алғаш рет Абдунасырдың басшылығы кезінде Мысырда дүниеге келіпті. Өсімсіз қаржы мекемелері бірқатар Ислам мемлекеттерінде жеке-жеке көрініс беріп жататын. ХХ ғасырдың басында жаңаша бүршік жара бастаған бұл қаржылық жүйе тек Ислам әлемінде ғана емес жалпы әлемдік экономикада көкжиегі ашық екендігін көрсетті. Пайызсыз негіздері қаржы құрылымдарының заманауи әдіс-тәсілдермен қаржы базарына енуі алғаш рет марқұм Файсалдың кезінде Сауд Арабиясында жоспарланып, жүзеге асқан. Сондай-ақ бұл жүйенің әлемдік деңгейдегі ірі қаржы көздерінің біріне айналуына Ислам әлеміндегі өндіріс саласының күрт дамуы мен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы экономикалық дағдарыстың нәтижесінде мұнай бағасының күрт шарықтап өсуі себеп болды.
Ортақ экономикалық жобаларды қаржыландыру тетігін құру мақсатында бірқатар мұсылман елдері 1975 жылы «Ислам даму банкін» құрды. Банктің басты офисі тұратын жер Жидда қаласы болып белгіленді. Сөз арасында Азия даму банкі мен Африка даму банкі де осы тұста құрылғанын айта кету керек. «Ислам даму банкі» Ислам елдеріндегі көптеген қоғамдық, мемлекеттік сұраныстар мен жобаларға қаржылай көмегін жасады. Оның Ислам экономикасын көтеруге қосқан үлесі аса зор болды. Дегенмен шағын және орта кәсіпкерлікке тиісінше қолдау жасай алмады. Өйткені мүмкіншіліктері шектеулі болды. Қаржы рыногында шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі зор. Осы кемістіктің орнын толтыру үшін Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірлігі сынды Ислам елдеріндегі бай кәсіпкерлер Швейцарияның қолдауымен 1981 жылы Женевада «Дәр әл-Маал әл-Ислами» атты холдинг құрып, қаржы әлеміне қадам басты. Таяу Шығыстың «мұнай байлығынан» құр қалмау үшін Швейцария жинақталған тәжірибе мен қол жеткен жетістіктерді ескере отырып, шамалы уақыттан соң «Даллаһ барака тобын» құрды. Осындай қадамдар нәтижесінде Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінде «өсімсіз қаржы жүйесі» тез арада қанат жайды. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде әсіресе, Малайзияда мемлекетті басқару ісіне ықпалы тиетін ауқатты мұсылмандар тарапынан құрылған исламдық банктер мен қаржы құрылымдары жапон технологиясын пайдалана отырып, экономикалық тұрғыда қарқынды дамуға қол жеткізді.
Қазіргі таңда дүние жүзінде 135 қаржы компаниясы «өсімсіз қаржы мекемесі» ретінде қызмет атқаруда және әрі олардың айналымында 900 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жүр. Әлемдік экономикалық айналымда бұл аз қаржы емес. Жыл сайын жарияланатын статистикалық деректер бойынша, әлемдегі ең ірі 1000 банктің арасынан 89 Ислам банкі айрықша орында. Ислам елдерінде құрылып, өсімсіз жүйеде қызмет істейтін қаржы мекемелері жұмыс тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түседі. Әлемдегі ең үлкен банктер бүгінде бұл жүйені мойындап, қолдайтындықтарын білдіруде. Олар да өсімсіз қаржы нарығынан орын алуға ұмтылатындықтары байқалады. Бұл жүйеге жылы шырай танытылып, көңіл бөлінгені соншалық, осы бағытта жұмыс істейтін жеке банктер құрылып, бөлімшелер ашылып жатыр. Тіпті, осы жүйеде жұмыс атқарып келе жатқан басқа банктермен бірлескен жаңа жобалар өмірге келуде.
Батыстықтардың жиырма жыл бұрын өсімсіз қаржы жүйесін дұрыс көзқараспен «Ислами банк» деп атағандары мұсылмандар үшін орынды атау болды. Өйткені, өсімнің «харам» екендігі тек Ислам дінінде ғана емес, христиандық пен еврейлік діндерде де қабылданып, мойындалған мәселе еді. Сондықтан өз мәдениеттерінің бастауларына оралған сайын ондағы құндылықтарды енді ғана түсіне бастаған барлық елдер «өсімсіз банк» ұғымына ерекше назар аударуда. Жидда қаласындағы Мұхаммед әл-Файсал негізін қалаған «Дүниежүзілік Ислам банктері бірлестігінің» ең басты жұмысы конвенцияға қатысты (тек өсіммен ғана істейтін) банктердің шарттары мен өсімсіз қаржы жүйесін өзара бір-бірімен үйлестіріп, бауырлас екі жүйе арасын жақындатуға белсенді түрде атсалысу.
«Өсімсіз банк қызметі» ұғымы алғашында қаржы мекемелері мен қаржы нарығында іске асуы екіталай қиял ретінде бағаланған.
Ислам қаржы жүйесінің батыс Европа және Әлем елдерінде алар орны, (Әлем елдерінің мойындауы)
Британия Шариғат заңына сәйкес қаржылық қадам жасаушы алғашқы батыстық ел болады. Мұның өзі Британия мұсылмандарының қаржылық қызметтерге қол жеткізулеріне және Лондонның халықаралық Ислам қаржы орталығы деген мәртебесін көтеруге жағдай жасамақшы.
Мұсылмандар үшін өсім пайызын алуға және төлеуге Шариғат заңдары бойынша тиым салынған. Сондықтан Шариғат бойынша әрекет ететін инвесторлар ісінің шек-шамалары бұған дейін Британия үкіметі тарапынан мұқият зерттелген болатын. Енді міне елдің Қазына министрлігі "сукук" деп аталатын ол құнды қағаздарды шығару қажет пе, жоқ па деген шешім жасамақшы. Лондонда орналасқан «Нортон роус» деп аталатын Ислам қаржы тәжірибесін зерттеумен айналысатын орталық құрылыған.
Британия қаржы министрі Элистер Дарлиң үкіметтің жылдық бюджеттік жоспарымен парламентті 2009 жылдың наурызында таныстыратын болады. Ендеше шариғат заңына сәйкес қаржылық бұл жаңалық жоспар жөніндегі шешім де содан кейін белгілі болмақшы. Егер жоспар қабылданған жағдайда Британия Шариғат заңына сәйкес қаржылық қадам жасаушы алғашқы батыстық ел болмақшы.
Дей тұрғанмен Шариғат заңдарына сәйкес қаржылық кейбір шешімдер бұған дейін жекелеген елдерде орын алған еді. Мысалы, Германияның Саксони-анхалт жерінде 2004 жылы сондай қаржылық шешім шығарылған болатын. Ал, өткен жылы Форд компаниясы өзінің астон мартин атты бөлімшесін сатқанда, төлемнің бір бөлігі «сукук» арқылы қаржыландырылған болатын.
Британия экономика минстрі Ед Бэллс өткен сәуір айында жоспарды ұсына келіп, сукуктың айналымда көбейе түскенін атап айтқан болатын. Келесі пайда- әлемдегі жетекші қаржы орталығы ретіндегі Британияның беделі өсе түспекші.
Қазірдің өзінде британиялық мұсылмандар үйлі болу үшін несие алу, баланың оқуына арнап ақша жинау сияқты есеп шоттарды ашуға қол жеткізіп отыр. Ендеше сукуктың қабылдануы логикалық келесі қадам болмақшы. “Британия банк жүйесі ішінде Ислам қаржы жүйесі үлгісінің өмір сүріп, дамуына көмектесу үшін өткен 6 жыл ішінде үкімет едәуір күш жұмсады.
Батыста исламдық қаржы жүйесінің ауқымы барған сайын ұлғая түсуде. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, әлемдік экономика мен қаржы жүйесіндегі дағдарыс әлі ұзаққа созылатын түрі бар. Сондықтан олар әлемдік қауымдастықтың көңілінен шығатын жаңа қаржы механизмдерін іздестіруді ұсынуда. Қазір Еуропадағы беделді басылымдар жаһанды жаулаған экономикалық дағдарысты тудырған дәстүрлі қаржы жүйесін реформалауға шақыра бастады. Олар исламдық экономика мен қаржы жүйесінің тиімділігіне назар аударып отыр.
Жуырда ғана «Challenge» экономикалық журналының алғашқы бетінде оқырмандардың назарын аударып, үлкен пікірталас туғызған «Папа және Құран» деп аталатын көлемді мақала жарияланды.
Онда автор капитализмнің моралдық құндылықтарына және өсімқорлықты енгізіп, оны үнемі жақтап отыратын Католик шікеуі мен жалпы християн жұртының қылығына жауап іздеген.
Бофис Винсенттің тұжырымдауынша, дәл осы өсімқорлыққа құрылған қаржы жүйесі адамзатты тығырыққа тіреп, қаржы дағдарысының тууына себеп болған. Мақалада Католик шіркеуінің ұстанған бағытын мысқылдаған автор, былайша сөз сабақтайды:
«Қаржы дағдарысы асқынып тұрған қазіргі шақта оның себебіне үңіліп, банктердің басындағы жағдайға жауап іздеу үшін Мен, бізге Інжілге қарағанда Құранды көбірек оқу керек деп санаймын. Егер банк басшылары Құранда көрсетілген талаптар мен ұсыныстарды қолданғанда, қазіргі дағдарыс болмайтын еді. Экономикамыз да тығырыққа тірелмес еді» деген.
«Le Journal des Finances» журналының редакторы Ролан Ласкин бұдан да батыл пайымдарға барған. Журналдың бастапқы бетінде ол, «іскерлік қарым-қатынасты өрескел бұзу мен заңсыз алыпсатарлықпен айналысудың кесірінен пайда болған әлемдік дағдарысты тоқтату үшін» шариғаттың ережелеріне жүгінуді ұсынады. . «Уолл-стрит шариғат нормаларын қабылдауға дайын ба?» деп аталатын мақаласында Ласкин, капитализмге төніп тұрған қауіпке оқырмандардың назарын аударған. Жағдайды жақсарту үшін бізге шұғыл арада күшті балама іздеп табу қажет. Осылай деп сөз саптаған автор оқырмандардың талқысына бірнеше қызықты ұсыныстар тастайды. . Олардың ең маңыздысы Еуропа үшін жат ілім болса да экономика салаларына шариғат ережелерін енгізу. Жоғарыдағы мақалаларда жарық көрген ұсыныстармен танысқан Француздың қаржылық бақылау жөніндегі жоғарғы комитеті арнайы жарлық шығарды. Онда өсімқорлыққа негізделген сауда операцияларына тыйым салынған. Комитет сонымен бірге француз нарығында исламдық чек жүйесін пайдаланып қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат беретін қаулы қабылдады. Жалпы Батыстың ғылыми-экономикалық топтары либералдық-капиталистік жүйенің қауіпті жағдайға әкеле жатқанын және бұған лайықты балама іздеу қажеттігін талайдан бері тынбай айтумен келеді.
Италия зерттеушісі Лоритта Наполионидің «Шакалья экономика» деп аталатын кітабында да исламдық қаржы жүйесінің қауқары сөз болған. Онда автор «әлемдік экономика тап болған төтенше жағдайға жүгенсіз кеткен жемқорлық пен нарықтағы спекуляция себеп болды. Исламдық қаржы жүйесін енгізу арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады. Бірақ ол үшін батыс Ислам экономикасын терроризммен байланыстыратын кертартпа түсініктен арылуы қажет» деп ой түйіндейді. Исламдық қаржы жүйесінің дәстүрлі жүйемін салыстырғанда әлдеқайда тұрақты екеніне назар аударған зерттеуші, қазіргі дағдарысты еңсеруге ислам банктері тамаша балама болатынан жеткізген. 1988 жылы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Француз экономисі Морис Алле, «ашкөз либерализмнің» әлемдік экономиканы үлкен дағдарысқа әкелетінін әу баста ескерткен еді. Алле, экономика дегеніміз жарылуға шақ тұрған жанартау сияқты. Егер ол жарылса жаппай жұмыссыздық басталып, бұқара белшесінен қарызға батады деген болатын. Ол, дағдарыстан шығып, экономиканы тұрақты ету үшін, екі ережені сақтау қажет екенін айтқан. Оның бірі пайыздық мөлшерлемені нөлге дейін түсіріп, салықты 2 пайызға дейін төмендету. Алленің бұл тұжырымы шариғаттың өсімқорлыққа салған тыйымы мен зекет төлеу жөніндегі талабымен сәйкес келеді. Сондықтан кез-келген мемлекет оны дамытуға талпынуда. Мәселен, Франция мен Германияда осындай қаржы қызметтерін қажет ететін мұсылмандар өте көп», -дейді сарапшы Дункан Маккензи. Ал 2009 жылдың маусым айынан бастап Францияда да ислам банктері жұмыс істей бастайды. Сарапшылар, шариғат шарттарымен қызмет ететін кем дегенде үш банк ашылатынын айтып отыр. Елдің экономика министрі Кристина Лагард осыған байланысты сөйлеген сөзінде: «Біз Парижді ислам қаржысының орталығына айналдыруды көздеп отырмыз» деді…Ислам банктерінің адамзат үшін пайдалы екенін уақыттың өзі осылайша дәлелдеп отыр. Себебі өсімқорлыққа құрылған қаржы жүйесі түптік-түбінде сыр беріп, өзінің тиімсіз екенін бұқараға білдіруі тиіс болатын.
Бүгінде Ислам банктері АҚШ-тың ең ірі банктерін дағдарыстан құтқарып отыр. Қазақстандық банкирлердің несие дағдарысынан кейінгі бір жылды сараптауға арналған басқосуында әлемдік қаржы кризисі ислам банктерінің өтімділігіне еш әсер етпегені белгілі болды. Мұсылман елдеріндегі қаржы жүйесін зерттеген бірнеше қазақ банктері биылғы жылдың аяғына қарай шариғат жолымен жалпы жұртқа қызмет көрсетуді бастамақ.
Бұдан бөлек БТА (ТұранӘлемБанкі) банкі де Араб елдері банктерімен ынтымақтастығын нығайтуда. Банкирлер мұсылман елдеріндегі банктері бірінші кезекте ислам діні кең таралған өлкеде жұмыс істегенді қалайтынын жасырмады. БТА банкінің басқарма мүшесі Иосифьян Георгий:
«Халықтың көп бөлігі мұсылман болып табылатын елде, ислам жолымен ақша айналдырудың қаншалықты маңызды да қажет екенін жақсы түсінеміз. Қазақстанда тұратын миллионнан аса мұсылмандар өз қаржыларын шариғатқа сай жұмсағысы келетіндіктен, оларға ислам қаржы өнімдерін ұсынғалы отырмын. Қазақстандағы Ислам банкінің болашағы зор», - деп санаймын.
Ислам банкінің Қазақстанға енгізудегі тиімділігі, негізгі басымдылық берілген бағыттар мыналар болуы мүмкін.
- ауыл шаруашылығы тиімділіг
- құрылыс саласында тиімділіг
- ірі жобаларды шағын және орта бизнесті қаржыландыруда тиімділіг.
- тау-кен және мұнай-газ өндірістік тиімділіг
- индустриялды иновациялық жобаларды қаржыландыруда тиімділіг
- 30 корпаративті көшбасшы бағдарламасын қаржыландырудағы тиімділігі
- «нана» технологияларды игеруде.
-кластерлік жүйені дамытуда т. б. эконмиканың басты жобаларын қаржыландыруда өзінің оң нәтижесн берері анық
1. Бұл жүйе әсіресе ауылдағы халыққа тиімді болушы еді. Бұл банк мына ауылдағы кепілге қоятын дүние-мүлкі жоқ кедей-кепшікке пайдалы. Олардың ерекшелігі сол - бастаған жұмыстарындағы қиындықты жобаның иесімен бірге көтереді. Банктік тәуекел дейді ғой. Егер бастаған жоспарларында кінәрат табылып, қиындыққа кездессе, онда банк те, жеке кәсіпкер де оның ауыртпашылығын қатар тартады. Мұндай банк жүйесі Қазақстанға өте керек-ақ. Бұл бизнеске жаны ашып жұмыс істейтін банк. Әрі Ислам банкімен бірлесе жұмыс істеу тек игілікке ізеттелеуі шарт.
2. Құрылыс саласында, Қазақстаның көптеген бағдарламалары қамтылған. Дағдарыс салдарынан тоқтптұрған нысандардың құрылысын жандандыруға, ары қарай дамытуға, мүмкіндіктер тұдырады.
3. Сонымен қоса Ислам банктері ірі жобаларды шағын және орта бизнесті қаржыландыруда тиімділіг. Бұл сала Қазақстанда өте маңызды салалардың бірі болып табылады. Қазақстан бамушы ел болғандықтан ірі жобалармен қоса шағын және орта бизнесті дамыту асм маңызды болып табылады. Қазақстаның казіргі кезде шағын және орта кәсіпорындарда халықтың 20-30% жұығын жұмыспен қамтып отыр.
4. тау-кен және мұнай-газ өндірістік тиімділіг. Бұл салалар Қазақстан басты салалардың бірі. Дағдарыс жағдайында басеңдеуі байқалған мен алдағ ұақытта берер пайдасы мол.
5. индустриялды иновациялық жобаларды қаржыландыруда тиімділіг. Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған бағдарлама жасалған. Инновация - техника мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау болады және ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника және технология болып отыр. Қазіргі таңда инновацияны қолдану арқылы бәсеке қабілеттілікті жоғарлатуға болады. Қазақстан шікзатқа байы ел болғандықтан, инновацияны қолдану арқылы, отандық өндірістің дамуы және бәсекеге қабілеттілікті артырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz