Инновациялық үрдіс пен үдемелі дамуда инженерлік ғылым мен білімнің рөлі


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС - ҮДЕМЕЛІ ДАМУ КЕПІЛІ

6 Март 2012 admin Оқылуы: 175

Орал қаласында «Инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы инженерлік ғылым мен білім берудің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Қаңтар айының соңын ала елде белең алған суық ауа райына қарамастан сәтті өткізілген алқалы жиынды былтырғы желтоқсан айының 6-7-сі күндері осы қалада өткен «облыстағы ақпараттық жүйелер мен жаңа технологиялардың салалық машина құрастыру, энергетика, экология және экономика бағыттарындағы ғылыми-инженерлік мәселелері» атты семинардың жалғасы деуге болады.

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде өткен конференцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ұйымдастырған. Жаңашылдық технологиялардың бүгінгі қоғамдағы мәні мен маңызы жіліктеп талданған жиынға Қазақстан мен Ресейдің мүйізі қарағайдай ғалымдары, өнертапқыштары мен кәсіпкерлері қатысты.

Ғылыми басқосуға келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Сапалы, білікті маман даярлау инновацияны енгізуге, экономиканы дамытуға әсер ететіні сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы қатарлы елге айналып, жаңа технологияларды енгізуге қол жеткізуде креативті, жан-жақты ойлай білетін адамдардың қажеттігін қадап айтты» дей келіп, осы орайда облыста жүзеге асқан ғылыми-өндірістік жобаларға тоқталды. Батыс өңірде атқарылған үлкен істің бірі - 2003 жылы Ақтау қаласында «Алгоритм» технопаркінің ашылуы. «Ғылымның өндірістен 30-40 жыл алда болуы керектігіне» тоқталған аймақ басшысы «бізде ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалған» деп қорытындылады.

ҚР ҰИА бас ғалым-хатшысы Гүлбазар Медиева жиналғандарды еліміздің Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың атынан бүгінгі күн үшін көкейкесті конференцияны ұйымдастырушыларға арнайы жолданған Алғыс хат мазмұнымен таныстырса, ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов өз баяндамасында инженерлік ғылым-білімнің инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды рөліне жете тоқталып, барлық аспектілерін саралап өтті.

Конференция екі пленарлық мәжіліс пен 4 секцияға бөлініп, 70-тен астам баяндама мен ғылыми хабарламалар тыңдалды. Мінберден тыңдалған баяндамалар түрлі тақырыптарды көтеруімен ерекшеленіп, қызу пікірталастар өзегіне айналды. Мәселен, математик-ғалым Нұрлан Темірғалиевтің орта мектептерде көбейту кестесін балаларға 3 сыныптан емес, одан ертерек үйрету, оқулықтарды жазуда психологтардың емес, сала мамандарының айтарына көбірек жүгіну сияқты ойлары бір жағынан құптауға келсе, екінші жағынан, математиканың маңызын тым арттырып жібергендей көрінгені де рас.

Сол сияқты, жел және күн батареяларын пайдалану турасындағы жобалардың қызығушылық тудырғанын айта кетуіміз керек. Адамзаттың қазіргі пайдаланып отырған мұнайы мен газы мәңгілік емес, оның ерте ме, кеш пе, таусылатыны анық. Осы ретте «болашақтың отыны» саналатын күн мен жел энергиясының бұл байлықтардың орнын басатыны анық. Халықтың жыл санап өсе түсуі аталған процесті жылдамдатпаса, бәсеңсітпейтіні белгілі.

Пленарлық мәжілісте «Гидроприбор» АҚ президенті А. Гнеломедов пен «Зенит» АҚ бас құрастырушысы А. Потапов «Қазіргі заманғы Қазақстанның ең шоқтығы биік инженерлік жобалары үшін» марапатталып, жүлделер табысталды. Олардың шекаралық қызметке арналған кемелерді жасау және іске қосу бағытындағы жобасы бұған дейінгі республикалық көлемде өткен байқауда жоғары бағаланған болатын.

Болашақ инженер-жастар, студенттер мен магистранттарға А. Әйтімов, С. Ахметов, П. Харитонов, А. Лепехиннің құрастыруымен шыққан «Ноосфера» жастар студенттік технопаркін құру тұжырымдамасы» жинағы үлкен көмегін тигізбек. Онда 20 инновациялық жоба мен технопарктің техникалық-экономикалық негіздемесі жете түсіндірілген.

Қарыштап дами бастаған еліміздің инновациялық потенциалын қалыптастырып, дамытуда мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара байланысына негізделген, жаңашыл жобаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырған жиын барысында Ресей ғалымдары «Қазақстанда бізбен салыстырғанда ғылымға көп көңіл бөлініп, жағдайлар жасалып жатыр» деп сүйсінгенінің куәсі болдық. Расымен де, 2011 жылы мемлекетіміз инновациялық жобаларды қаржыландыруға 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл өз кезегінде ғалымдардың ынта-жігерін арттырып, инновациялық грант алуға 600-ден астам өтініш берілді. Елімізде 2012 жылы инновациялық білім орталығы құрылмақ. Егер 2010 жылы 65 жаңа технология енгізілсе, 2011 жылы олардың саны 123-ке жетті. Бұлардың 37-сі аймақтарда кеңінен пайдаланылып, қажеттілігін көрсетіп отыр.

Конференцияның екінші күні секциялар жұмысына ұласты. Біз алқалы жиын барысында құрамына «Андас» оқу орталығына, мектеп-лицей, экономика және ақпараттық технологиялар колледжі мен Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университеті кіретін «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенімен танысуға мүмкіндік алдық. Мұнайлы-өнеркәсіпті өлке үшін маңызды инженерлік техникалық мамандар мен кадрлар дайындайтын іргелі оқу орнында жатақханалар мен Мәдениет үйі де қарастырылған екен. Университет ректоры Сайранбек Ахметов Қазақстан бойынша тек осы оқу орнының құрамында ғана бар жоғары техникалық мектеп ерекшеліктерімен түсіндіріп өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инновациялық дамуда білім беру жүйесінің рөлі мен даму ерекшеліктері
Үдемелі индустриялық-инновациялық саясат: Қазақстанның жаңа бағыттары мен сценарийлері
Ғылым және қоғам: ғылыми білімнің табиғаты, тарихи дамуы және өндірістегі рөлі
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы: теориялық негіздер, талдау және сыртқы экономикалық саясат
Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (2010-2019): нәтижелері, проблемалары және даму сценарийлері
Тарихи үрдіс пен тарихи таным теориясының методологиялық негіздері
Жапония: ғылым мен білімнің дамуы және Қазақстанмен ғылыми ынтымақтастық
Мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстанның болашақ дамуының кепілі (Қазақстан-2050, 2025 және үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарлама)
Тарихи үрдіс пен тарихи таным теориялары: ұғымдар, мектептер және методология
Экономикалық дамуда кластерлік принциптің рөлі: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz