Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану



Кіріспе
I.Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың психологиялық.педагогикалық негізі
1.1 Дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой.өрісін дамытудың теориялық негізі
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық шарттары

II. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік негіздері
2.1 Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері, оларды іріктеу белгілері
2.2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Диплом жұмысының көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Кейбір әдіскерлердің пікір-көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне жатқызыла бастады. Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ: Бастауыш сыныпта ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев пен Р.Қ.Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған. А.Ж.Алдажанова мен З.Н.Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты қарастырылған. Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы Т.Қ.Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда С.Кемазанова қарастырған. Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. А.К.Айтпаеваның зерттеу жұмысында қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қарастырылған.
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасы // Қазақстан жоғары мектебі. 2004.- №1
2. Гроос К. Душевная жизни ребенка пер. С немецкого - Киев, 1916 -
242 стр.
3. Спенсер Г. Основания психологии Спб. - 1987-440 стр.
4. Кант И. О педагогике - М,: 1903 Вып. VII - 94а
5. Демин М.В. Природа деятельности, - М,: МГУ, 1984-167 стр.
6. Каган М.С Человеческая деятельность: опыт системного анализа, -
М,: Политиздат, 1974 - 328 стр.
7. Исупов К.Г. В поиках сущности игр. // Философские науки - 1977, -
№6-с. 148-151.
8. Р. ван дер Коэй, Г.П.Мейес. Современное состояние образования
детской игры// Перепективы Вопросы образования 1987 №1 42-60
стр.
9. Кішібаев Д., Нысанбаев Ә., Сыдықов Ұ. Философия жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы - Алматы: Рауан,1991-3206.
10. Тұрғынбаев Ә.Х., Философия. - Алматы,: Білім, 2001-328б.
11. Кішібаев Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. -А,: Атамұра- Қазақстан, 1994 - 344 б.
12. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, - А,: Қаз ССР Ғылым Академ. Баспасы, 1955-415 6.
13. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992 - 448 б.
14. Аль-Фараби. Философские трактаты 446-6.
15. Антология педагогческой мысли Узбекской ССР Ташкент 320 6.
16. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы Анатілі 1992.-155 б.
17. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Ана тілі» 1996 - 208 б.
18. Жазыбаев М., Нағашыбаев Ә. Бастауыш кластар үшін грамматикалық ойындар. Алматы, Мектеп 1981-48 б.
19. Дидактикалық ойындар, (құрастырған К.Оразбекова) Алматы, РОМК 1990-39 б.
20. 3анимательная грамматика (сост. Нуртазина Р.Б) Алматы, Мектеп 1973-232 6.
21. Таубаев Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі техналогиялары // Бастауыш мектеп 1999 №3 3-8 б
22. Молдабеков Қ., Ермекбаев М., Нарқұлова Б., Базарбаева К. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында дамытушы орындарды қолдану әдістемесі. Алматы 2003-146 б.
23. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя. Дис.к.п.н А: 1996-244 6.
24. Хайдаров Ж.С. Теория и практика организации игровой деятельности студентов в учебном процессе А: 1982 - 121 стр.
25. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя Дис. к.п.н А: 1996-244 б.
26. Хайдаров Ж.С. Теория и практика организации игровой деятельности студентов в учебном процессе А: 1982 - 121 стр. 26.
27. Нұрахметова А.Р. Влияния игровых методов обучения на формирования научных знаний студентов по химии.
28. Иманбеков Т. Қазақ балабақшаларындағы оқу тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану А. 1995 - 143 б.
29. Ляпина Г.А. Игра как средство активизация учебно-воспитательного процесса в средных классах общеобразовательной школы А. 1972-172 стр.
30. Төленова Ұ. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Атырау 2002-118 б.
31. Сардарова Ж. Дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктері (6-10 сынып аралығындағы оқыту процесінде) Алматы 1996-178 б.
32. Кенжебекова Р. Сыныптан тыс жұмыстарды математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесі. Шымкент. - 183 б.
33. Жазықбаев Ұ., Тажиева Ж. Жаңа дамуы тек жаңашыл ұстау тәрбиелейді. Шымент 2001-106 б.
34. Иманғалиева З. Іскерлік ойындарды қолдану.//Бастауыш мектеп, 1992 №3
35. Қаржаубаев А. Ойын - тиімді тәсіл.//Бастауыш мектеп 1992 №5-6
36. Ақбаев К. Дидактикалық ойындарды пайдалану жолдары //Бастауыш мектеп 1992 №7,8,9 25-88 б.
37. Хасенова К. Сабақтарда ойын элементтерін пайдалану // Қазақстан мектебі 1968 №6 59-61 б.
38. Титова В.И. Бастауыш класта ойын сабақтарын өткізу туралы //Қазақстан мектебі 1967 №1 45-49 б.
39. Анцимерова А. Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жөнінде Қазақстан мектебі 1967 №10 31-39 б.
40. Сағындықов Е. Ана тілі сабақтарында ойын элементтерін пайдалану.//Қазақстан мектебі 1974 №8 41-42 б.
41. Төтенбаев Ә. Диваев Халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында//Қазақстан мектебі 1974 №5 13-156.
42. Синельникова А. И. Неміс тілін үйреткенде түрлі ойындарды пайдалану. Қазақстан мектебі 1967 №17 47-49 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

“Қорғауға жіберілді”
Бастауыш оқыту теориясы
мен әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.к., доцент м.а.,
--------------- Г.Тоққұлова
---------------------2014ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану

5В010200– Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған ППМ-011
тобының студенті:
Атабекова Құндыз
Ғылыми жетекшісі
магистр-оқытушы:
Нұртазаева Нұргүл

Түркістан 2014

Мазмұны
Кіріспе
I.Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың психологиялық-
педагогикалық негізі
1.1 Дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамытудың теориялық негізі
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық
шарттары

II. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдаланудың әдістемелік негіздері
2.1 Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері,
оларды іріктеу белгілері
2.2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдалану әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері
барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім
беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік
өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі
жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп
оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы
айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі
болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге
ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен
игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі
тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік
беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның
тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән
салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын
алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау
барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну,
қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш
оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа
ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Кейбір әдіскерлердің пікір-көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне
жатқызыла бастады. Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға
арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ:
Бастауыш сыныпта ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев пен
Р.Қ.Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған. А.Ж.Алдажанова мен
З.Н.Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа
қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты
қарастырылған. Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану
арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы Т.Қ.Жаспанованың ғылыми
еңбегінде қарастырылған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда
С.Кемазанова қарастырған. Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде
дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. А.К.Айтпаеваның зерттеу
жұмысында қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу
құралы ретінде қарастырылған.
Бастауыш мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу
әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту
қажет. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады,
сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін
жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Демек, бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды
қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту қажеттілігімен және ондай
қолданудың теориясы негізделіп, әдістемесінің жүйеленбеуінің арасында
қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл қарама-қайшылық Бастауыш
сыныпта қазақ тілі сабағында дидакикалық ойындарды пайдалану атты
тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Осыған орай зерттеудің проблемасы дидактикалық ойындарды қолданып,
бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оның әдістемесін жүйелеу
болып табылады.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі қазақ тілі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық
ойындарды пайдалану.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта қаза тілі сабағында дидактикалық
ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемелік
жүйесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
қазақ тілін оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолданудың
ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытудың ұтымды жолдарын айқындау;
дидактикалық ойындардың түрлерін белгілеу және олардың бастауыш сыныпта
қазақ тілін оқытуда үтымдылығын көрсету;
қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуте қолданылатын негізгі
әдістерді анықтау;
дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық,
іздемпаздық қабілеттерін арттыру;
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті–дедуктивті талдау),
эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау);
дидактикалық ойын түрлерін ұсынып, оның нәтижесін көрсету, білім беру
жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау
әдістері қолданылды.

І Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың психологиялық-
педагогикалық негізі

1.1 Дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамытудың теориялық негізі

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы
білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру
жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім
сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны
әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық ойындарды
барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген
әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен
әдіскерлер, мұндай ойынмен қызықты сипатта берілген тапсырмалар мен
жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды
сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы
айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару
байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал
ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар
жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға
келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үдерісіндегі
ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-
әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи
аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева
ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерінің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс-
әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды
пайдалануға байланысты М.И.Моро, А.М.Пышкало, В.Н.Рудницкая, Л.И.Смагина,
Н.А.Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг Ойнаушы адам ұғымы
Жасаушы адам ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында
іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің
психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын
оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды,
демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен,
шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру
болып табылады. Ойын – баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі.
Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-
әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды
және дамытады, балалардың өмір мектебі және даму тәжірибесі Бала ойнай
отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде
қалыптасады.
Оқушылардың танымдық ойын әрекеттерінің түрлерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА.Данилов,
И.Я.Ленер, Л.В.Занков, М.М.Махмудов, А.Н.Леонтьев,
П.Я.Голперин, М.И.Левиналар дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын
атап өтті.
Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы - деп атақты ұлы
педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына
пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына,
қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім
баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық,
іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай
нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін
дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік
қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге,
төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен
пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін
дамыту үшін Санамақ ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі
баланың ойлау қабілітін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала
сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:
Бір дегеніміз-білеу,
Екі дегеніміз-егеу,
Үш дегеніміз үкі,
Төрт денегіміз төсек, т.б.
Ақсүйек ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып
қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тағылып жатыр. Кім
дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.
Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік
баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін
ойындар; 2) рөлдік ойындар.
Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын
талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-
тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі
дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен
көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған
жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал
көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды
ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және
белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады.
Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген
мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен
құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір
құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете
алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.
Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: дидактикалық
ойындар - бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі.
Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай
қалады, дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын
алады. Мұндай пікірлерді Т.Е.Конникова, Ф.И.Фрадкина және т.б. көптеген
ғалымдар қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге
ойынның өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік
үлгіде дами беретіндігін айқындайды.
Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа
сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту,
білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі
грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды
ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді
меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде
балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап
етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді
ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген
түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме
әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық
тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға
әрекет жасады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын,
шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып
әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып
отыр. Субъектілік ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен
қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп
келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып
отыр. Қазіргі оқушы:
• Шыдамды, тапқыр;
• Дарынды, белсенді;
• Ізденімпаз, талапты;
• өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
Осындай жеке тұлғаны субъект ретінде дамытып, қалыптастыру керек.
Ғалым А.В.Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, Субъект - аса жоғары
белсенділік, біртұтастық, автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект
болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде
дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік барысы болып
табылады.
Субъект психологтясының алғашқы ілімдері С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе,
Б.Г.Ананьев еңбектерінен бастау алады.
Б.Г.Ананьев субъект ұғымын адамның тұлғалық, индивидтік, даралық
негіздері, субъектілік қасиеттер жиынтығынан тұрады деп түсіндіреді.[(
Б.Г.Ананьев пайымдауынша, субъект - тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы,өзін-
өзі реттеу,өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі
және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объективті және
субъективтілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық
процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен
өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке
тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру,-деп 12-жылдық жалпы
орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген.
Бастауыш сынып оқушыларын дамытанын,өсіретін әрі тәрбиелейтін іс-
әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.Халқымыз
ойындарды тек балаларды алдандыру,көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас
ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлын қалыптастыру құралы
деп ерекше бағалаған.Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.Ойын балаларды ұйымшылдыққа
үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын.
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың оқу әрекеттерін жандандыруға, оқуға
деген ынтасын арттыруға, өмірді тани білуіне, табиғатпен, қоршаған ортамен
қарым-қатынасқа түсуін қалыптастыру.
Қазіргі кезде жеке тұлғана өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі
белсендіруге дайын, бәсекеге қабілетті және құзіретті,білімді, жан-жақты
болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек.Адам мәдениетіндегі өте күрделі
көрсеткіштердің бірі дидактикалық ойындар болып табылады. Бала өміріндегі
ойынның маңызы туралы В.А.Сухамлинский былай деп дазған. Ойын дегеніміз-
орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне
қоршаған дүние туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп
құйылады. Ойын дегенімі-бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын.
Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындар мен дидактикалық
ойындарды кеңінен қолданудың маңызы зор.
К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы
шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген
қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын
аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір
қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды
пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде
балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен
ынтызарлықты дамытуды ұсынды.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен
бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы
суреттесек те болады. (1 сурет)

Оқу әрекеті Еңбек әрекеті Ойын
әрекеті

1-сурет - Ойын-оқудың маңызды бір түрі

Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті
мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын - адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар
баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір
ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,
ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы
барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің жүйесін блок-сызба
түрінде көрсетуге болады. (2 сурет)

2-сурет - Ойындарды пайдалану әдістемесінің жүйесі
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға
деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу үдерісінде
ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға
ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше
іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен
қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген
құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың
барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және
шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының
даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады,
осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады.
(К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі
құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу
үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап,
қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика
сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және
т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің
ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын
үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық
пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель,
В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып
табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік
береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова).
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық
ойындардың барынша әралуандығын айқындады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу
тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу
элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды
орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді,
танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай
дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Ізденгіштік дидактикалық ойындар репродуктивті және жартылай ізденгіштік
дидактикалық ойындардан тұрады. Мұндай тапсырмалар жеткіншекті
шығармашылыққа даярлайды.
Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың
атқаратын ролінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері окушылардың
ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне
қазақтың белгілі дидактиктері И.Нұғыманов, Т.Сабыров т.б. өз еңбектерінде
дәлелдеген.

1.2 Бастауыш білім берудегі дидактикалық ойындарды пайдаланудың
педагогикалық шарттары.

Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздың қызметтің
қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол-әдіскер де, білімдар және
өз ісін жетік білетін маман.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды пайдаланудың маңызы ерекше.
Дидактикалық ойынды қолдануда қабілеттің ролі зор. Соңдықтан баланың
бойында өзіндік психологиялық қасиеті, қабілеті болады.
Ұстаздың оқушыларға білім беруі, дидактикалық ойынды ұйымдастыруы
қабілеттің жемісі болып табылады.
Бүгінгі күннің талабына сай үрпақ тәрбиесінің мазмүнын, әдіс-
тәсілдерін, дидактикалық ойындарды ұйымдастыру оны бір жүйеге келтіру
мұғалімнің алдына қойған мақсаттарының бірі.
Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты сауатты, білімді етіп тәрбилеуде
дидактикалық ойындар өз үлесін қоса алады. Мектеп өмірі - балаларға жаңа
әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері-
баланың жеке басының қалыптасуын қамтамасыз ету, оқуға деген ынтасын,
іскерлігін, қабілетін, зейінін қалыптастыру.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың болашаққа деген бағыт-бағдары
отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған
дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге
ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса
дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім
беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың
алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама
бабаларымыз әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати, Ж.Баласағұн тамаша өсиеттер
қалдырған.
Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я.А.Коменский,
И.Т.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинскийлер
оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын
дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үдерісінің ерекшеліктері
мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын МАДанилов, Б.Н.Есипов,
Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев, Т.Сабыровтар өз еңбектеріңде.
окушылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы
жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген.
ҚР-ның тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің
мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы
заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен жауапкершілікпен
қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын,
міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды
пайдаланудың маңызы зор.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта
дидактикалық, ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі
мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз
бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Оның бүтінгі танда ұрпақ тәрбиесінде негізге алынуы - егеменді
еліміздің мүддесі, халқымыздың болашағы.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімінің Дидактикалық
ойын түрлерін жаңа түрғыда дамыту, жетілдіру-педагогика ғылымының кезекті
міндеті болып табылады.
Осыған орай бастауыш білімінің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын,
оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі
әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.
Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың
бойында жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.
Сабақ барысында әр оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы,
қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның
адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін,
іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана
олардың білімге, ынтасы артып, еңбексүйгіштік білімге құштарлық қасиеттері
қалыптасады.
Мұғалім окушыларды дидактикалық ойынды ұйымдастырып, үйрету,
қалыптастыру үшін, ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін білуі
керек.
Балалар психологиясы психикалық дамудың негізгі
компоненттерін зерттейді. Психологияда дамудың мынандай ерекшелігі бар:
1. Кіші мектеп жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер. Олар
мыналар:
зейін
қабылдау
қиялдау
есте қалдыру
ойлау
сөйлеу
сезімдер
Осындай психикалық процестер кіші мектеп жасындағы баланың бойында
болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.
Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде,
дидактикалық ойын барысында шешеді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-психикалық дамуды,
зандылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке басының қалыптасуын зерттейді.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиясын білу, оқыту, тәрбиелеу
практикасында жақсы байқауға болады.
Оқушының психикалық даму ерекшелігі - ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында,
қабылдауында оқу-тәрбие процесі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.
2. Балалар психологиясы бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын
зерттейді.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің негізгі әдістері мыналар:
1. Бақылау. 2.Эксперимент әдістері
Мұғалім оқушының дидактикалық ойын барысында мінез-құлқын табиғи жағдайда
мақсат қоя отырып зерттейді.
Мұғалімнің бақылау процесінде-зерттеуші оқушы мінез-құлқындағы сыртқы
белгілерді ғана қадағалайды.
Мысалы: Оқушының іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылын.
Бұл жағдайда мұғалім бақылаудың екі түрін қолданғаны жөн.
1. жаппай бақылау
2. ішінара бақылау
Зерттеуші жаппай бақылауда - баланың мінез-құлқының көп жағын қамтып
жүреді.
Жаппай бақылау-оқушының психикалық даму заңдылығын анықтау үшін фактілер
негізінде жүргізіледі.
Жаппай бақылау жүргізіп, оның нәтижесін жазған психологтар көптеп
саналады. Мысалы: А.Д.Павлова, Ж.Пиаже, В.Щтерн.
Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы - оқушының мінез-
құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді.
Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т.б. Ч.Дарвин,
А.Н.Гвоздов сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы
қорытынды бойынша бақылаулар жүргізген.
Көп жағдайда балаға эксперименттер мектепте, сабақ үстінде, ойын,
дидактикалық ойын барысында өткізіледі.
Бастауыш сынып окушылары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен айналысады.
Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті қимылдарды
психикалық сапаны игеруге көмектеседі. Аса ірі психологтардың айтуы
бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай
болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындар баланың ойын жаттықтырады,
жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Әрбір ұстаз оқу-тәрбие процесінде шыдамдылықпен қарап, жаңа заман
талабына сай, озық, ұлттық дәстүр рухында білім беріп, сабақты түрлендіріп
дидактикалық ойындарды қолданса, жақсы нәтижеге жетері сөзсіз.
Сабақта дидактикалық ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру
оқушының мүмкіндігін арттырады.
Дидактикалық ойын барысында окушының қажеттіліктері мен құштарлығы
қабілеті, зейіні, ой-өрысы кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып
отырады.
Оқушы ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру барысында
үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі
бойынша ары қарай дамытуға, жалғастыруға, ойын артаға салуға үйренеді.
Бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта іс-
әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.
Сондықтан да оқушының жас ерекшелігіне ескере отырып, қамқорлық жасап
дидактикалық ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы барысында пайда болған және
жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа түрлерін
игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып табылады.
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
пайдалануда оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар.
Олар мыналар:
І. Дидактикалық ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2. Дидактикалық ойында қандай тәсілді қолданудың жоспарын түзу.
3.Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін оқушы өзін-өзі бақылап отыруын қадағалау;
Бастауыш сынып оқушылары математика пәнін игеру барысында өздігінен
есеп шығаруға, ойлануға дағдыланбаса, оның сабақ үлгерімі жақсы болмайды.
Бұл кезде оқушының сабакқа деген қабілеті, зейіні төмендейді. Соның
салдарынан математика пәніне деген қызығуы, сабақ үлгерімі нашарлап,
үлгермеушілер қатарына қосылады. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеттерінің
бірі - оқушылармен дидактикалық ойындарды қолдануда шеберлікпен үйрету,
қолдану керек.
Дидактикалық ойын барысында оқушылардың дербестігін арттыруда олардың
окуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің
маңызы зор.
Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында мынаны
дәлелдеген: бастауыш сынып окушылары сабақ барысында дидактикалық ойынды
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже бергенін дәлелдеді.
Бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар береді мұғалім тапсырманың
дұрыстығын оқушылардың қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтайды.
Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы-оқу
жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Педагог-психолог мамандар оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа
бөлді:
1.Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты
қолданылатын тәсілдер;
а) жоспарлау
ә) уақытты дұрыс пайдалану
б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру
в) оқушы өз жұмысын бақылау
2.Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдері;
а) жаңа білімдерді игеру
ә) өздігінен білімді меңгеру
б) ойыңдарды қолдану білу.
Осы тәсілдердің ішіңде бастауыш сыныпта ерекше орын алатыны сабақта,
сабақтан тыс уақытта оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу және
дидактикалық ойындарды пайдалану болып табылады. Ол үшін мұғалім мына
тәсілдерді меңгеріп, оны оқушы бойында қалыптастыра білуі қажет.
1. Оқулықтағы материалдың мазмұнын талдау;
2. Ең негізгі мәселені айыра білу;
3. Салыстыру.
4. Топтастыру
5. Жүйелеу
6. Схемалар
Бастауыш сыныпта оқушылардың мұңдай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты
дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді.
Қазақ мектебі өз халқының болашағының негізін қалауы тиіс. Сондықтан
бастауыш мектептегі білім мазмұнында қазақтың, халықтық ұлттық
ерекшеліктері орын алуы тиіс.
Бастауыш мектептегі оку процесін демократияландыру,
ізгілендіру принципін окушылардың белсенділігін арттыру оқу-тәрбие
бірілігінде ақыл-ой, еңбек, эстетикалық бірлігін негіздей отырып
дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдарын қарастыру қажет.
Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін,
логикалық ойлаудың дамытуға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Бастауыш сыныпта білім берудің мақсатын айқындау үшін Ж.Аймауытовтың мына
сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің
және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,
білімендірудің көздейтін түпкі мақсаты-ойындарды, соның ішіңде дидактикалық
ойыңдарды қолдану болып табылады". Мектепте осы бағытта баланың келешекте
жетілуіне, ойлауына негіз бола алады.
Білім беру-қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік
маңызды тәрбиесі кейінгі ұрпакқа беріледі. Бастауыш сыныпта математика
пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдануда оқушыларда қызығулар
туады. Оқушылардың білімін жетілдіруде дидактикалық ойындардың өзіндік
ерекшелігі бар. Ол үшін мұғалім мынандай міндеттерді білуі, оны орындауы
қажет.
Оқушылардың дидактикалық ойындардың мазмұнымен толық түсіну.
Дидактикалық ойындарды орындада мақсаты мен міндетін толық түсіну.
3.Дидактикалық ойындарды орындауда ептілік дағдының
қалыптасуын байқау.
Бастауыш сынып оқушылары дидактикалық ойындарды орындап шығуда мына
шарттарды білгені жөн.
1. Дидактикалық ойындардың мақсатын айқын түсінуі,
2.Дидактикалық ойындардың дұрыс орындалуы, оның
нәтижесіне қызығуы,
З.Дидактикалық ойындарды қалауымен, қызығуымен нәтижелі орындауы.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда мынадай талаптар
қойылады;
-жұмыстың көлемін, сапасын арттыруға көңіл бөлу;
-дидактикалық ойындардың түрлерін басқа дидактикалық материалдармен
үштастыра білу;
-оқушының ойлау қабілетін, белсенділігін жүйелі түрде дамыту;
-дидактикалық материал мазмұнын күнделікті өмірден алу;
-дидактикалық ойындар табиғат пен қоғам дамуының зандылықтарын нақты
фактілер мен құбылыстарды өздері талдап, түсінуге үйрену;
-дидактикалық ойындар негізінде алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге дағдыландыру;
-сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану барысында ойлау дағдысын
қалыптастыру;
Енді осы шарттарға сүйене отырып дидактикалық ойындарды сабақта,
мұғалімнің жаңа материалды баяндауын талдауын және сабақта мұғалімнің
оқулықтан берілетін тапсырманы орындалуы кезінде қолдануға болады.
Оқушылар сабақ үстінде де, үйде де дидактикалық ойындарды мұғалімнің
немесе ересектермен бірге, басшылығымен ғана тиянақты, нәтижелі орындай
алады. Сондықтан бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту барысында
дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз.
Ұстаз білімді, тәжірибелі шебер болса ғана шәкірттері нағыз тіршіліктің
тынысын байқай алады.
Ұлы педагог В.А.Сухомминский оқушылардың өз бетінше орындайтын
жұмысты ұйымдастыруға да дидактикалық ойындардың роліне ерекше мән берген.
Ол былай деді "Оқушылар кітапқа, ғылымға қызығып, өз еркімен, өз ықыласымен
журналдар, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқитын болса, дидактикалық
ойындарды орындап шешуде еш қиналмай жақсы орындап шығады." Бастауыш
сыныпта математика пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды
пайдаланудың маңызы зор.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда оның мазмұнына,
ұйымдастыру формасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
1. ұлтық ойындар
2. дидактикалық ойындар
3. қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар
Ойын-баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойында бастауыш сынып
оқушыларының табиғаты қажет етеді. Балалардың оқуы, еңбегі ойыннан
басталады. Ойын оқушылардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын
арттыратын маңызды құрал. Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы былай деп
жазды: "Ойын дегеніміз - орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың
рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың, ширақ
тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз - бұл ынталылық пен құмарлықтың отын
жағатын ұшқын "
Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар мен дидактикалық ойындардың сабақтарда
кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен материалды пысықтау, қайталау
кездерінде ойынды қолдану пайдалы. Мысалы, мұғалімдер грамматикалық,
математикалық логика, домино ойындарын саяхат, почта, санамақ, тоғыз
құмалақ сияқты өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп ролдік сипатын
сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Мұғалім дидактикалық (материалды) ойындарды қолданған да әдістемелік
мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек. Ең алдымен оқушыларды сабақ барысында
дидактикалық ойындарды қолдану түрлерін арттыру керек.
Сабақ барысында мына педагогикалық шарттарды орындап отыру көзделсе,
онда дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары қалыптасады.
Бірінші шарт - сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын
қарастыру.
Екінші шарт - ұжымдық, топтық түрде дидактикалық ойындарды орындау.
Үшінші шарт - жеке оқушының өз бетінше дидактикалық ойындарды орындау
қабілетін қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларымен дидактикалық ойындарды
қолдануда мынандай ережелерді есте сақтау қажет.
1. Дидактикалық ойындарды қолдануда талаппен, ережені орындау қажет.
2. Дидактикалық ойынды пайдалануда дүрыс түсіндіруді қажет етеді.
З.Дидактикалық ойынды пайдаланып оны орындауда жүйемен, накты орындау
қажет.
4. Дидактикалық ойындарды орындау барысында мүғалімнен
кеңес, ақыл сүраудың пайдасы бар.
5. Дидактикалық ойынды пайдалану, орындау кезінде асықпай,
ойланып жұмыс жасау керек.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындар оқушылардың негізгі іс-
әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп
өркендей алмайды.
Оқу үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында
ол түрлі жолмен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән
ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ
үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Оқушылар білімді ойын арқылы да
алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтагы дидактикалық ойындар
баланың білімін шыңдап, ой-өрісін, қиялын дамытады. Ал, ойынның өз мақсаты,
жоспары, тәрбиелік мәні, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы оқушы
көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктері қалыптасады.
Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне сай арнайы ұйымдастырылған
дидактикалық ойындар ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-
жігерін қалыптастырады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса,
өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның
өміртанымының алғашқы қадамы.
Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекте қатынасы психологиялық
ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Оқушы сабақта ойын барысында өзін
еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекеті байқалады.
Сондықтан мүғалім сабақта оқушының талабын шаттандыратындай, ойын
оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек.
Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,
қиындықты жеңуін, төзімділікке баулуды үйрету мүғалімнің негізгі міндеті.
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту барысында дидактикалық ойынды
пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыруда мынадай схемамен жұмыс істеуді
қарастырдық

Дидактикалық ойын қасиеттерінің бірі - адамның еңбек әрекетінің
бейнеленуі. Ойын - бала еңбегінің жемісі деп босқа айтылмаған. Ол балаларды
өмірге дайындайды, ал бала ойынның осы маңызы туралы ойламайды да. Балалар
ойынды өздерінің көңілін көтеру үшін ойнайды. Балалар ойындарында
үлкендердің өмірі мен еңбегін елестетеді, оларға еліктейді.
Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекте қатынасы психологиялық
ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Оқушы сабақта ойын барысында өзін
еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекеті байқалады.
Сондықтан мұғалім сабақта оқушының талабын шаттандыратындай, ойын
оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек.
Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,
қиындықты жеңуін, төзімділікке баулуды үйрету мүғалімнің негізгі міндеті.
Дидактикалық ойынның барысында белгілі бір әрекеттер істейді.
Дидактикалық ойында көп нәрсе қиял арқылы құрылады.
Бастауыш сыныпта оқушылардың дидактикалық ойындары алуан түрлі болады.
Бастауыш сынып мүғалімдері оқушыларды дидактикалық ойын әрекетінен тыс
қалдырмауы тиіс. Педагогтар үзіліс кезінде балалар ойынын бақылайды, кейде
олардың бос уақытын пайдаланып, өздері де ең алдымен, балаларды пайдалы
ойындарға ынталандыру, зияндысын ойнатпау болып табылады. Ойын барысында
баланың бойыңда адамгершілік қасиеттерін, білімге, өнерге қүштарлығын
қалыптастыруға болады. Сабақ барысында ойын ретінде пайдаланудың маңызы
мол.
Бастауыш сыныпта үлгерімі орта оқушылардың өздері ойын элементтері
араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны белгілі.
Сонымен қатар математика пәнін оқыту барысында ұлт ойындарын сабаққа
сәйкестендіріті, ойнатуға болады. Мысалы: Қоржын ойыны кәзіргі тәрбие
сағаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 2 сыныпта қайталау сабақтарында осы
ойынды ойнатуға болады. 10 асық алып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп,
қожынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп, конверт дайындап, өтілген
тақырыптарға байланысты суреттер, сұрақтар салып, ойынды жалғастыруға
болады. Дидактикалық ойындар - оқытудың неғұрлым белсенді түрі.
Дидактикалық ойын деп - шартты жағдайларды, болған іс-әрекетті көрсетуді
айтады. Дидактикалық ойынға, алға қойған мақсатқа қарай, әртүрлі ара
қатынасты бейнелей көрсету үшін оқиғаны рөлдерге бөле көрсетіп орындау
керек.
Дидактикалық ойынға қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады,
сөйлегенде, іс-әрекет жасағанда өзін ұстай білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың талпынысы, өз-өздеріне сенімі, балаларды оқытып, тәрбиелеудің
неғұрлым нәтижелі амалдарын іздестіріп, педагогикалық шеберлігін арттыруға
деген ынтасы артады.
Дидактикалық ойындар - кәсіби, үйретуші, педагогикалық, шығармашылық
ойыны.
Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың артықшылығын мынадан көруге
болады.
1.Оқыту міндеттерін шешуге барлық топ оқушылары қатысады.
2. Ойын оқушылардан тақырып бойынша кең білім деңгейін талап етеді.
3.Оқушылардан бұрын өтілген материалды қайталауға, пысықтауға, тереңірек
оқуға мүмкіндік туады.
4. Оқушыларды білім, іскерлік, дағдыны меңгеру көзделеді.
5.Ойын барысында барлық оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы
қамтамассыз етіледі.
6.Оқушылар ұжымен жұмыс істеуді үйренеді.
7.Дидактикалық ойынның маңызы ерекшелігі оқытушының атқаратын қызметі.
Дидактикалық ойынды жүргізуді жоспарлағанда, оның мынадай элементтерін
бөліп көрсетуге болады:
1 .Педагогикалық міндет;
2.Педагогикалық жағдай;
3.Рөлдерге бөлу;
4.Ойынның өткізілу кезеңдері;
5.Ойынның ережесі.
Енді әрқайсысына жеке тоқталсақ;
Педагогикалық міндет ойынға қатысушыны неге үйрету керектігін анықтайды,
яғни оқушы не істеу керектігін біледі, ал ойын барысында не істеу
керектігін үйренеді. Сондықтан міндетті анықтағанда оқушының әрекетінің
бірізділігіне, жүйелігіне көңіл аудару қажет, яғни ойын нәтижесіне ол
педагогикалық қызметтің бір түрін меңгеріп шығуы керек.
Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болғаны
дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды.
Ойындағы рөлдер - мүғалімнің, тәрбиешінің әлеуметтік рөлі. Дидактикалық
ойын барысында қабылданатын шешімдер нақтылы рөлді нанымды етіп ойнаудан
көрінеді.
Ойын ережесі - ойнаушыларға қойылатын талаптар, нұсқаулар.
Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нүсқаулар қойылатын мақсатты жүзеге
асыратындай болуы керек.
Нұсқау - белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларына ойын қуаныш пен шаттық сезім әкелуі тиіс.
К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысында мазмұнды немесе формасы жөнінен
қызықты етіп ұйымдастыру керектігін дәлелдеп берді.
Бастауыш сыныптарды ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай
жылжытады да, білім жетекшісі қызмет атқара бастайды. Алайда, бұдан ойын
балаларды жетілдіруге әсер етпейді деген ой тумауға тиіс.
Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болғаны
дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды.
Ойындағы рөлдер - мұғалімнің, тәрбиешінің әлеуметтік рөлі. Дидактикалық
ойын барысында қабылданатын шешімдер нақтылы рөлді нанымды етіп ойнаудан
көрінеді.
Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болғаны
дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды.
Ойындағы рөлдер - мұғалімнің, тәрбиешінің әлеуметтік рөлі. Дидактикалық
ойын барысында қабылданатын шешімдер нақтылы рөлді нанымды етіп ойнаудан
көрінеді.
Ойын ережесі - ойнаушыларға қойылатын талаптар, нүсқаулар.
Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нұсқаулар қойылатын мақсатты жүзеге
асыратындай болуы керек.
Нұсқау - белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларына ойын қуаныш пен шаттық сезім әкелуі тиіс.
К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысында мазмұнды немесе формасы жөнінен
қызықты етіп ұйымдастыру керектігін дәлелдеп берді.
Бастауыш сыныптарды ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай
жылжытады да, білім жетекшісі қызмет атқара бастайды. Алайда, бұдан ойын
балаларды жетілдіруге әсер етпейді деген ой тумауға тиіс.
Ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқу процесінде жүмылдырып, оларды
байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білу мен ойлау әрекеттерін дамытуға
баулиды.
Оларды бүрын алынған білімді тексеруге және бекітуге, сондай-ақ оны
кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.
Егеменді елдің келешегі - жастарға жан-жақты білім берудің бір
мүмкіншілігі, сабақты талапқа сай тартымды және нанымды өткізу үшін, басқа
да дидактикалық оқу қүралдарымен қатар, мүғалім сабақ барысында түрлі
ойындарды пайдаланудың әдістемелік негіздерін меңгеруі тиіс. Бүл мүғалімге
сабақтың қызығушылығын арттыруға оқушылардың ерікті білімге деген көңіл-
күйін оятып, сабақтың сапасын артыруға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге
оқушылардың бұрынғыға қарағанда өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жақсартып,
сабақ барысында жаңа білімді шығармашылық белсенділікпен игеруге жүмсалады.
Математика сабағында дидактикалық ойындарды және тағы басқа да
дидактикалық материалдарды сабақ барысында пайдалану мәселесін тек
мүғалімнің өзі шешеді. Оны сабақтың қай кезеңінде, қандай мөлшерде, қандай
формада пайдалануды да мүғалімнің өздері анықтайды. Олай болатыны, ұлт
ойындарын сабақтың барысында іске қосу және онымен оқушылардың басқа да іс-
әрекетін үйымдастыра жүргізу әруақытта танымдық және тәрбиелік қызметтерді
қоса атқаруға мүмкіндік тугызады.
Сондықтан біздің пікірімізше, сабақтың барысында оқу материалдарына
дидактикалық ойын элементтерін енгізу түрлері төмендегіше іске асады:
Ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқу процесінде жүмылдырып, оларды
байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білу мен ойлау әрекеттерін дамытуға
баулиды.
Оларды бүрын алынған білімді тексеруге және бекітуге, сондай-ақ оны
кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.
Егеменді елдің келешегі-жастарға жан-жақты білім берудің бір
мүмкіншілігі, сабақты талапқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Ойындық әдістер оқытудың ерте кезеңіндегі ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін ынталандырудың құралы ретінде
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Пәндер