Интеграциялық өркендеуде Қазақстанда қаржы секторын дамыту ерекшеліктері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Б. М. ДАНДАЕВА

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

А. Ясауи атындағы ХҚТУ

И. ӘЖІХАН

А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ӨРКЕНДЕУДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В статье рассматриваются особенности развития финансового сектора Казахстана в интеграционном прогрессе.

The article deals with some peculiarities of development of a financial sector of Kazakhstan in the integration progress.

Бәрімізге белгілі Қазақстанның халықаралық аренадағы экономикалық бәсекелестігі мен белсінділігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру жаңа көзқарастар мен өзгеше әдістер әкелуді, істелетін іс-шараларды қорытындылайтын критерийлерді өзгертуді талап етеді. Ал Қазақстанның қазіргі интеграциялық даму жолында сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттарын сипаттайтын болсақ, мұндағы басты фактор көпвекторлылық. Өйткені, Қазақстанды қоршап тұрған көптеген көршілер мен әріптестердің географиялық, экономикалық және геосаяси жағдайы осыны әйгілейді. Қазақстан бүгінде бір ғана әріптеспен байланысып отырған жоқ, ол әр түрлі елдермен жан-жақты қарым қатынас жасап отырған мемлекет.

Қазақстан экономикасындағы ең маңызды сала - қаржы саласын жаңа үлгімен дамыту, жаңа көзқарастар, жаңа технологиялар әкелу интеграциялық дамудағы ең басты мақсат екені белгілі. Интеграциялық өркендеу жолында байланыстарымыздың келесі бір маңызды да жаңа, болашағы мол бағыты Еуропалық Одақ, ЕО елдерімен ынтымақтастық. ЕО бүгінде экономикалық әлеуеті орасан зор алып қауымдастыққа айналды. Олардың мүшелерімен қарым-қатынас орнату біздің сыртқы экономикалық саясатымыздың, соның ішінде қаржылық салада үлкен орын алатыны анық. ЕО елдері біздің көміртегі, металл, сонымен бірге өзге де өнеркәсіптік өнімдеріміздің тұтынушылары, біздің экономикамызға қаржы құюға ниет білдіріп отырған елдер. Сонымен қатар, олар басқа еуропалық компаниялардың көмегімен қаржы саласын модернизациялауға, қандай да бір жаңа технологияларды алуға мүмкіндік жасағысы келеді. Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдеріне ауыртпалық салып, орынсыз геосаяси талаптар қойып отырған жоқ. Олар Қазақстанның Еуразиядағы маңызды да қауіпсіз аумақ болуына мүдделі.

Қазақстан үшін ең маңызды бағыттардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас жасау. Бізді олармен экономикалық және мәдени байланыстар жақындастырып отыр. Осы бағытта барынша белсенділік танытуымыз керек, Орталық Азия елдері үшін түрлі интеграциялық жобаларды ұсынуымыз Президент жолдауында және басқа да стратегиялық маңызды құжаттарда айқындалып отыр. Біз бұл елдерге ортақ нарық, ортақ интеграциялық кеңістік жасауға ұсыныс жасаймыз. Бұл біздің экономикалық, оның ішінде қаржылық әлеуетімізді күшейтеді. Қазақстанның 17 млн адамымен өте ауқымды аумағымен мұнда ірі компаниялар мен ірі инвестициялардың келуіне тиімді нарық бола қоймайтыны түсінікті. Сондықтан қазіргі қазақ бизнесі көрші елдердегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатыспақ. Атап айтқанда, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран мен Үндістанның сақтандыру, банктік және басқа да салаларына қаржыларын салатын бірнеше жобалар бар [1] .

Ал енді істелініп жатқан іс-шаралар бойынша 2008-2009 жылдарда экономиканы дамытудың негізгі қорытындыларына тоқталып кететін болсақ, жалпы өнімнің өсу мөлшері 7-7, 5 пайызды құрады. Бірақ теңестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді жүргізудің арасында 2008-2009жылдар кезеңінде ІЖӨ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9, 4% болды. ІЖӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтастай алғанда сол жылдары ІЖӨ 1, 3 есеге өсті.

Макроэкономикалық ахуал жалпы алғанда тұрақты болып, экономиканың қарқынды өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы белгіленген өлшемдер шегінде болды. Ұлттық қорға қаражат жинақтау жөніндегі саясат жалғасты. Сөйтіп, оның активтері үстіміздегі жылдың басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты. Алайда келеңсіз тұстарды да айтпай кетпеуге болмайды. 2008-2009 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалады. Оның бірқатар объективті себептері - шетелдік валюта ағыны, бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайғаны, сондай-ақ халық кірісінің өскені және т. б. Сонымен қатар, Қазақтанның әлеуметтік-экономикалық табыстарын бірқатар халықаралық қаржы және рейтингтік агенттіктердің жоғары бағалағаны. Бұл қол жеткізген табыстардың қомақтылығына қарамастан, әлемнің дамыған экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының басымдылығы бәрібір шикізатта болып қалуын жалғастыруда.

Қаржылық саясат саласында салық, бюджет және ақша-несие жүйелерінің реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр. Қазақстан экономикасының интеграциялық дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Үкімет пен Ұлттық банк фискалдық және ақша-несие саясатының келісілген түрде жүргізілуіне жұмыс істей бастады. Үкіметтің интеграциялық даму жолындағы ұстанған экономикалық саясат елдегі қаржы айналымының өсуін қамтамасыз ететін жолдарды тауып, олардың жүзеге асырылуын қадағалау болып отыр. Мысалы, салық саясат тұтастай алғанда, салықтық әкімшілдендіруді оңайлату, салық санын оңтайландыру және салықтың жиналуын арттыру жолымен бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған. Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделді. Атап айтқанда, өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына, сондай-ақ корпоративтік табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендетілді. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі төлемдерін одан әрі барынша азайтуға ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбірін біріктіру жолымен олардың саны қысқартылды, арнайы салық режимдерін қолдану тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда. Бюджет саясатында мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталуда.

Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғыстыруда.

Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция үдерістерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңімен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру негізгі міндет болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдері ішінде ең жылдам да сапалы дамып келе жатқан жүйе болып табылады. Мысалы, активтердің ІЖӨ қатынасы 2008 ж. 48, 5%-дан 66, 6% дейін өсті. 2008 жылы еліміздегі екінші деңгейлі 34 банк жұмыс істеді, оның ішінде 14 банк шетел қатысуымен. Банктердің несиелік портфелі 2008 жылы 1249, 1 млрд. теңгеден 3062 млрд. теңгеге өсті. Жалпы салым көлемі 2523, 0 млрд. теңгені құрады[2] .

Сондай-ақ, қаржы нарығында 37 сақтандыру ұйымдары жұмыс істеді, оның ішінде 34 жалпы сақтандыру саласы бойынша және 3 ұйым өмірді сақтандыру саласы бойынша. Өткен жылы сақтандыру мекемелерінің біріккен активі 73, 2 млрд. теңгеге немесе 66% өсті. Ал, зейнетақы жинақтау қорлары бойынша 14 зейнетақы жинақтау қорлары жұмыс істеуде. Зейнетақы шотының саны 7613369. Жалпы зейнетақы салымы өткен жылмен салыстырғанда 34% өсіп, 649 млрд. теңгені құрады.

Бағалы қағаздар нарығында 62 брокер-дилер бар, оның ішінде клиенттің шотын номиналды ұстау құқы бар - 51, номиналды ұстау құқы жоқ - 11, тіреушілер - 18, банк-кастодиандар - 11, инвестициялық портфель басқарушылар - 28, өзін-өзі реттейтін ұйымдар - 2.

Сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі ақпараттық база жетілдірілуде. Бұл ретте валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі одан арғы шаралар сыртқы сауда келісім шарттарда белгіленген мерзімге қарай валюталық түсімнің қайтаралуын талап етуді белгілеуді көздеуде. Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс та жалғасуда. Валюталық тәуекелді бақылау мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта бойынша банктердің ашық валюталық ұстанымдарының лимиттері төмендетіледі. Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес шетелдік банктердің тарапынан бәсекелестігі дамыту үшін отандық нарыққа олардың кіруі туралы шешім қабылдау кезінде бағалауы ескерілетін рейтингтік агенттердің тізбесі кеңейтілетін болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көрсеткендей, біз өндіруші салалармен тікелей байланысты жоғары қосымша құны бар салаларды озық дамыту үшін қаржы секторларын тиімді пайдалануға тиіспіз. Осы міндетті шешу үшін Үкімет мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:

Біріншіден, үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықтың монополиялануын болдырмау мәселесіне бұдан әрі де баса назар аударды. Серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қолдау көрсету қажет деп санайды. Бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға арналған нақты қадамдар жасалынды. Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің жанынан сауда миссиялары құрылатын болады, олардың міндеттері шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына тарту ғана емес, сонымен бірге қазақстандық кәсіпорындардың тауарлары мен инвестицияларын сыртқы нарықтарға экспорттауға жәрдемдесу. Қазақстанға инвестициялар тарту үдерісі ескі активтерді қайта салуға емес, жаңа салаларға шоғырлануы тиіс.

Екіншіден, үкімет кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін интеграциялық өркендеудің негізгі маңызды бағыты деп санайды. Мемлекеттік қаржыгерлерді оқытудың сапасын арттыру үшін Қазақстан Рсепубликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебі құрылды.

Үшіншіден, экспорт-импорт секторының артықшылықтарын қолдау және БСҰ-ға кіру бойынша қадамдар. Сауда саясатын дамыту орталығы құрылған болатын және оның төмендегідей бірқатар аса маңызды ақппараттық - талдамалық функцияларды орындайтынын айта кетуіміз керек: 1. Елдің сыртқы сауда режімін БСҰ ережелермен толық сәйкестікке келтіру; 2. Мемлекеттің Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту және оларды сыртқы нарықтарға одан әрі жылжыту жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттердін іске асыру шеңберінде сыртқы сауда саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар секторының артықшылықтарын қолдау. 3. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне, оның ішінде қазіргі өңірлік (Еуразэқ, БЭК; ШЫҰ және т. б. ) бастамаларды іске асыру және әлемдік нарық конъюнктурасын зерделеу, сондай-ақ Қазақстанның сауда серіктестерінің сыртқы және инвестициялық ахуалын талдау негізінде жаңаларын құруға бастамашылық жасау мәселелерін әзірлеу. 4. Қазақстанның БСҰ-ға кіру шеңберінде қабылданатын міндеттемелерге сәйкес қажетті хабарламалар мен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін ұсыну. 5. Мемлекет басшысы салық огандарына өзара байланысты үш міндетті, атап айтқанда: салықтардың жиналуын арттыру және салық тәртібін күшейту; салықтық органдарындағы сыбайластық деңгейін төмендету міндеттерін қойып отыр. Осы аталған мәселелердің жүйелі шешімі салықты әкімшіліктендіру мен салалықтың бақылаудың жаңа технологияларын енгізу ісінде жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ бизнес деген ұғым және оның маңызы
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Қаржы секторы
Қаржының экономикалық мәні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
АҚШ - Қазақстан байланыстары жөнінде
Қазақстанның экономикасы мен халықаралық байланысының дамуы
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz