Жалағаш ауданында болған негізгі оқиғаларды зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5

1. ШЕЖІРЕЛІ ЖАЛАҒАШ ... ... ... ... ... ... . 9

1.1. Ежелгі дәуірдегі Жалағаш ауданында мекен еткен халықтардың әлеуметтік жағдайы ... ... ... .. 9
1.2. XVI.XX ғасыр басындағы Жалағаш өңірі ... .. 27
1.3. Кеңес кезеңіндегі Жалағаш ... ... ... ... ... ... 37

2. ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 59

2.1. Жалағаш ауданындағы ауыл шаруашылығы 59
2.2. Жалағаш ауданына қарасты елді мекендер . 74
2.3. Жалағаш ауданының басшылары туралы бірер сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

3. ЖАЛАҒАШ ЖЕРІ.ЖЫР КЕНІ ... ... ... ... . 85

3.1. Сүлейлердің бір ордасы.Жалағаш ... ... ... 85
3.2. Жалағаш өңірінен шыққан қайраткерлер ... . 89

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... . 97
Жергілікті өлкетанушылар ежелгі Сыр бойы - Жалағаш жерінің төрт құбыласы түгел өркениетті мемлекетті - сақ тайпаларының державасы туралы деректер тауып, аудан жұртшылығы өз тарихын мақтаныш етуде. Тегінде, Абай айтқандай «адам баласының бір мақтаннан аман болмағы қиын іс». Елдің тарихымен, ата-бабасының ерлігімен, ізгі істерімен мақтану... Мұны келешегі кемел елге тән қасиет десем, шындықтан онша алғаш кете қоймайтын шығармын. Үлгі-өнеге тәрбиесі сол бабалардың қалған тағлым. Атадан бала ширек кем туады дегенді бүгінгі ұрпақ мойындамайтын болса, онда тарих біздің қанша алса да ортаймайтын түгесілмес қазынамыз. Адамзаттың ұстазы тарих екені әлмисақтан анықталған ақиқат. Ауданымыздың қиыр теріскендегі Қарақұмнан түстіктегі өзбек жерімен шектесетін Қызылқұмға дейінгі 5-6 жүз шақырымдай ата-бабаларымыздың іздері сайрап жатыр.
Сырдарияның бұрыңғы арналары Жаңадария, Іңкәрдария бойларында мыңдаған жылдар бұрыңғы өркениетті мемлекеттер топырақ астында жатыр. Сол бір кездегі сақ, қаңлы бабаларымыздан қалған құрылыстардың құландылары олардың білім дәрежесінен хабар береді. Бабаларымыздың металлургиядағы, құрылыс архитектурасындағы, тұрмыстағы, қоғамдағы іскерліктері таңырқатады. Көктонды, Қошқарата, Қарасар сияқты қалалардың орналасу жағдайы, олардың тізбектеліп барып Қармақшыдағы Жетіасарға қосылуы осыдан 2 мың жыл бұрыңғы қаңлы мемлекетінің экономикалық- әлеуметтік мәдени суретін көз алдына келтіреді.
Жалағаш ауданы ХХ ғасырдың екінші жартысында «Күріш фабрикасы» атанып, сол шыққан биігімізден бүгінге дейін түспей тұрғанымыз белгілі. Ал сол диқаншылық қабілет пен қасиет бізге ғасырлар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздар дарыған ба деп ойлаймын. Көненің көзін іздеген археолог ғалымдар мыңдаған жылдар бұрынғы егіс танаптарын, суармалы егіс орындарын тауып отыр. Олардың себебін ше ежелгі дәуірден бері қарай 2,5 миллион гектар жер суландырылған көрінеді. Інкәрдария мен Жаңадариядан тартылған су жолдарын, қалаларға тартылған су құбырларын археолог емес, қарапайым адам жай көзбен де көруге болады.
1. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 12-15 бб.
2. А Тілеулиев «Жалағаш - жасыл бағым» // Шартарап. 1999. 12-20 бб.
3. Қазақстан тарихы. 1-2 том. // Алматы. 1996-1998.
4. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 25-29 бб.
5. Т.Деменұлы «Келте тонды Келмембет» // Алматы. 1996. 12-13 бб.
6. Ө.Қожақұлы «Қазақ-қоқан қарым-қатынастары» // Асқаралы. 2005. 180- 181 бб.
7. Хан Кене. Алматы. 1993.
8. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 36-38 бб.
9. А Тілеулиев «Жалағаш - жасыл бағым» // Шартарап. 1999. 35-48 бб.
10. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 100-102 бб.
11. Ұ.Еспанов «Сыр күріші - ел ырысы» // Қайнар. 1974. 8-13 бб.
12. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 102-105 бб.
13. А Тілеулиев «Жалағаш - жасыл бағым» // Шартарап. 1999. 92-98 бб.
14. А.Тілеулиев «Шежірелі Жалағаш» // Орхон. 2009. 60-64 бб.
15. Т.Дайрабай «Жалағаш жері - жыр кені» // Арыс. 2008. 6-8 бб.
16. Қ.Маханбет «Сыр сүлейлері» // Қызылордаполиграфия. 2003.196-197 бб.
17. Т.Дайрабаев «Кете - шөмекей шежіресі» // Алматы. 1995. 8-9 бб.
18. Т.Дайрабай «Жалағаш жері - жыр кені» // Арыс. 2008. 334-340, 349-351 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

1. ШЕЖІРЕЛІ
ЖАЛАҒАШ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9

1.1. Ежелгі дәуірдегі Жалағаш ауданында мекен еткен халықтардың әлеуметтік
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. XVI-XX ғасыр басындағы Жалағаш өңірі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
1.3. Кеңес кезеңіндегі Жалағаш
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
37

2. ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59

2.1. Жалағаш ауданындағы ауыл шаруашылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.2. Жалағаш ауданына қарасты елді мекендер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
2.3. Жалағаш ауданының басшылары туралы бірер сөз
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 81

3. ЖАЛАҒАШ ЖЕРІ-ЖЫР
КЕНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
85

3.1. Сүлейлердің бір ордасы-Жалағаш
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 85
3.2. Жалағаш өңірінен шыққан қайраткерлер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 89

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 97

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Жергілікті өлкетанушылар ежелгі Сыр бойы
- Жалағаш жерінің төрт құбыласы түгел өркениетті мемлекетті - сақ
тайпаларының державасы туралы деректер тауып, аудан жұртшылығы өз тарихын
мақтаныш етуде. Тегінде, Абай айтқандай адам баласының бір мақтаннан аман
болмағы қиын іс. Елдің тарихымен, ата-бабасының ерлігімен, ізгі істерімен
мақтану... Мұны келешегі кемел елге тән қасиет десем, шындықтан онша алғаш
кете қоймайтын шығармын. Үлгі-өнеге тәрбиесі сол бабалардың қалған тағлым.
Атадан бала ширек кем туады дегенді бүгінгі ұрпақ мойындамайтын болса, онда
тарих біздің қанша алса да ортаймайтын түгесілмес қазынамыз. Адамзаттың
ұстазы тарих екені әлмисақтан анықталған ақиқат. Ауданымыздың қиыр
теріскендегі Қарақұмнан түстіктегі өзбек жерімен шектесетін Қызылқұмға
дейінгі 5-6 жүз шақырымдай ата-бабаларымыздың іздері сайрап жатыр.
Сырдарияның бұрыңғы арналары Жаңадария, Іңкәрдария бойларында
мыңдаған жылдар бұрыңғы өркениетті мемлекеттер топырақ астында жатыр. Сол
бір кездегі сақ, қаңлы бабаларымыздан қалған құрылыстардың құландылары
олардың білім дәрежесінен хабар береді. Бабаларымыздың металлургиядағы,
құрылыс архитектурасындағы, тұрмыстағы, қоғамдағы іскерліктері таңырқатады.
Көктонды, Қошқарата, Қарасар сияқты қалалардың орналасу жағдайы, олардың
тізбектеліп барып Қармақшыдағы Жетіасарға қосылуы осыдан 2 мың жыл бұрыңғы
қаңлы мемлекетінің экономикалық- әлеуметтік мәдени суретін көз алдына
келтіреді.
Жалағаш ауданы ХХ ғасырдың екінші жартысында Күріш фабрикасы
атанып, сол шыққан биігімізден бүгінге дейін түспей тұрғанымыз белгілі. Ал
сол диқаншылық қабілет пен қасиет бізге ғасырлар бұрын өмір сүрген ата-
бабаларымыздар дарыған ба деп ойлаймын. Көненің көзін іздеген археолог
ғалымдар мыңдаған жылдар бұрынғы егіс танаптарын, суармалы егіс орындарын
тауып отыр. Олардың себебін ше ежелгі дәуірден бері қарай 2,5 миллион
гектар жер суландырылған көрінеді. Інкәрдария мен Жаңадариядан тартылған су
жолдарын, қалаларға тартылған су құбырларын археолог емес, қарапайым адам
жай көзбен де көруге болады.
Сол бір замандардан Диқан-баба дарытқан қасиет болар, 2008 жылы аудан
диқандары 16000 гектар күріштің әр гектарынан 45,3 центнерден дән жинап,
облыс бойынша І-орын алды.
Адамзат мәдениетінің алғашқы алтын бесігі дегенде ойымызға ежелгі
Мысыр, Шумер, Грекия, Рим оралады. Олармен үзеңгі қағысқан ежелгі мәдениет
Тұран ойпатында болғаны кейінгі кезде анықталып келеді. Таяуда Шірік-Рабат
қаласын қазғанда құмырадағы жазу нұсқасы баяғы түрікіден де әрідегі сақ
тайпаларының жазуы ма деген ойға жетелейді. Міне, біздің тарихымыз бен
мәдениетміздің тамыры тым тереңде жатқанын білдіретін бір дәлел осы емес
пе! Туған жеріміздің әлемдік тарихқа, әлемдің мәдениетке қосатын бұдан да
мол үлесі бар екенін бүгінгі, ертеңгі жас ұрпақ білуі тиіс.
Тарих көшінің буындарында сонау алыс ықылымнан бұлдыраған Томиристен
бері қарай тізбектелген тарихи тұлғалардың кешегі, бүгінгі ізбасарлары
текті ұрпақтың сабақтастығы іспетті. Орта ғасырларда уақыт шаңының астында
қалған бабаларымыздың өтеуіндей ХVIII-XIX ғасырларда тұлғаланып көтерілген
батыр, би, шешен, ақындардың есімін бүгінгі ұрпақтың қолына тапсырып,
бабаларының атына сай өмір сүруге тәрбиелеуіміз қажет. Елім деп еніреген
елдердің есімдерін иеленген туған жердің әр бір пұшпағы келер буын ұрпақ
үшін оқулық болса игі. Келте тонды Келменбет, Серке, Бұқарбай батырлардың,
қара қылды қақ жарып, екі ауыз сөзбен ердің құнын бітірген Құба би,
Өмірбай, Бостай шешендердің, Алданазар, Шортанбай, Тынымбай билердің сол
бір замандардағы болмыс-тірлігі, ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін жасалғанын
түсіндіре білсек абзал.
Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылғы сәуір айындағы
жолддауында Мәдени мұра бағдарламасын іске асыруды Үкіметке тапсыруы
тарихи маңызы аса зор оқиға болды. Бұл ретте елімізде ұлан-ғайыр жұмыстар
атқарылды, біздің ауданда да бірсыпыра іс тындырылды. Тарихи-мәдени
ескерткіштерімізді елге біршама таныта білдік. Ішінара қалпына келтіру,
қорғау тақталарын орнату сияқты жұмыстар жасалды.
2008 жылдың 4 қарашасында өткен Үкімет отырысында Мәдени мұра
бағдарламасын жүзеге асыруды одан әрі жалғастыру мәселесі арнайы қаралды.
Онда Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи орындарда туризмді дамыту, барлық
тарихи орындарды мұражайландыру деп көрсетілген бағыттар біздің ауданды
айналып өте алмаса керек. Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер жастарды
патриоттық рухта, халқына, туған жерге деген сүйіспеншілік ухында
тәрбиелеумен бірге, табыс көзі де бола алады. Осы жерде дана қазақтың
жақсы әке соңында қалған балаға қырық жыл азық деген сөзі еске түседі.
Тарихты адамдар жасайды. Солардың мыңдаған жылдарғы тіршілік үшін
күресінен біз ерлік пен елдікті, адамгершілік пен имандылықты, туған жерге
деген сүйіспеншілікті үлгі етіп алып отырмыз. Алдыңғы буын бабалардың
тарихи сабақтастық дегеніміз осы. Кейінгі буынның ата-бабалар алдында тіпті
өзіне-өзі есеп беретін бір шақтар болады. Өткен - кеткенді шолып болашаққа
көз тігетін бір сәттер болады. Сондай бір кезенде біз Жалағаш ауданның
биылғы 70 жылдық торқалы тойын атасақ болар еді.
Әрине ауданның 70-жылдығы шартты ұғым. Өйткені бұл жерде бұдан 7 мың
жыл бұрын тіршілік болған. Бұдан кейін де өқмір кеші жалғаса бермек.
Айтылмыс 70 жыл осы өңірдік пешенесіне жазылған тағдыр десек лазым. Әркім
өз заманына өзі өмір сүрген уақыттағы әрекетіне жауапты. Бұл ретте аудан
халқының енсесі көтеріңкі, жүзі жарқын. Заманы алдында тосқан қандай бір
сын болса да үлкен де, кіші де ат басын тартып қалған жоқ. Қандай қиыншылық
болса да ерлікпен төтеп береді. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, ар-
намысы үшін күресті. Ел басына күн туып, ер етігімен жер кешкен жуаның
жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген тарихтың тар жол тайғақ жол кешулеріне аман
еткен. Аталарымызға құрметпен қараймыз. Шаруаларды тәркілеу, күшпен
коллективтендіру ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, күйзелген халық шаруашылығыны
қалпына келтіру мұның бәрі бүгінде тарихтың еншісінде. Сол қиыншылықтарды
жеңген алдыңғы буын аға-аталардың ерлік-еңбегінің даңқы ғана бізге тиесілі.
Біз сол ерліктерді үлгі етіп, рухани дүниеміз байи түседі. Тарих адамзатты
одан қала берді әр халықтың өткеннің тәжірибесін жинақтап, соның жақсысынан
үлгі жаманның сабақ алатын ұлы мектеп, - дейді Қазақстан Республикасының
президенті Н. Назарбаев. Міне, қазір ХХІ ғасырдың алғашқы 10 жылдығы
аяқалуға жақындап қалыпты. Тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға бет-
бұрыс жасаған аудан халқы бұл ретте бір қатар қиыншылықтарды артқа салды.
Ғасырдың басталуына экономикамыз бен мәдениетіміздің дамығанын көрдік.
Елбасымыздың ішкі, сыртқы оң саясатының нәтижесінде халықтың тұрмысы
жақсарып, өмір өзінің қалыпты арнасына түсті. Жұмыссыздық азайып келеді.
Елбасының 2006 жылғы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында және 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан
халқына жолдаулары сондай-ақ басқа да құжаттардың негізінде жалағаш
ауданының ауылдық аумақтарын дамытудың 2007-2040 жылдарға арналған (ауыл
бағдарламасы жасалды). Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде сала
экономикасының динамикалық өсуіне қол жеткіземіз. Ауыл тұрғындарының өмір
сүру деңгейі мен сапасын көтеруге жағдай жасалды. Бүгінгі таңда аудан
халқының 64,7 пайызы ауылдық жерде тұрады. Ауданда 17 елді мекен бар.
Кешегі жекешелендіру, оңтайландыру, өтпелі кезең аталған науқандардың
барлық ауыртпалығы ауыл шаруашылығының мойынына түскен баршаға аян.
Ауыспалы егіс жүйесіне негіздеген үлкен құрылымдар пышақ үстінен бөліске
түсіп жекешелендірілді. Сөйтіп жарты ғасырға жуық қалыптасқан ғылыми жүйе
бұзылды. Агротехника талаптары орындалмады. Ал мал шаруашылығына келетін
болсақ төрт түлік сыймай жататын Қарақұм мен Қызылқұм мүлде бос қалды.
Мал шаруашылығы саласын өркендету қолға алынды. Сәрке батыр ЖШС 2006
жылы 700 бас асыл тұқымды қаракөл тұсақ, 25 қошқарды лизинг жолмен алды.
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсірудің нысанаға алынған. Ата-бабаларымыздың
мыңғырған малын қалпына келтіріп, өрісті толтыруды армандаймыз. Бірақ бұл
түліктер өнімділігі жоғары, асыл тұқымды мал болмақ. Ауданның 7 елді
мекенінде малды қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. Мамандырылған
мал бордақылайтын және тауарлы сүт фермалары ұйымдастыруымыз қажет.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны - Жалағаш ауданында болған негізгі
оқиғаларды зерттеу болып табылады.
Зерттеу пәніне Жалағаш ауданының құрылған уақыты мен қазіргі кезенге
дейін жатады.
Диплом жұмысының мақсаты Жалағаш ауданының тарихымен таныстыру.
Диплом жұмысы мақсатынан туындайтын негізгі міндеттері:
1. Жалағаш ауданының Кеңестік кезеңге дейінгі тарихына тоқталу;
2. Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі;
3. Ауыл шаруашылығы;
4. Жалағаш ауданына қарасты елді мекендер;
5. Жалағаш ауданының мақтанышы-қайраткер, қаламгерлері және сүлейлері;
Диплом жұмысының деректік негізін Жалағаш ауданының 70 жылдығына
байланысты, ауданның өткені мен бүгінгі, келешегі туралы тарихи танымдық
басылымдар. Бұл берілген диплом жұмысын жазудағы аса маңызды материалдар
ауданның 70 жыл толуына орай жинақталып, шыққан басылым.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шежірелі Жалағаш.
Ежелгі дәуірдегі Жалағаш ауданында мекен еткен халыктардын әлеуметтік
жагдайы

Жеті атасын білмеген - жетесіз дейтін қазақтың өткенді білуге деген
ынтасы таным көкжиегін кеңейтеді. Жеті атасын білген азамат жеті ықылымнан
да хабардар. Жаратқанның жақсылығының арқасында ол өзі тіршілік ететін жер
планетасын - Жер-Ананы көңіл көзі жеткенінше зерттеп-ақ келеді. Ғалымдар
жазып қалдырған, жазылып жатқан түрлі болжам-пікірлер, тұжырымдар білім,
таным аясын кеңейте түсуде.
Жұмыр жер миллиардтаған жылдар бойы тынымсыз айналып келе жатқанымен
ондағы тіршілік нышанының анық білінгеніне бес-алты жүз миллион жыл. Содан
бергі, яғни, кембрий дәуірінен бері қарайғы өзгерістердің өзі талай
ғалымдардың сусынын қандырып, үдесінен шыға алар емес.
Жердің геологиялық тарихына қарап отырсақ, бүгінгі алты құрлық, төрт
мұхиттың неше қосылып, неше ажырағанын көреміз. Тектоникалық тербелмелі
қозғалыстар нәтижесінде құрлықтар мен су алаптары өзгеріп отырған.
Осыдан жүздеген миллион жыл бұрын Пангея деген жалғыз құрлық тұтасып,
оны айналдыра Тетис мұхиты шалқып жатқан. Жалағаш ауданының оңтустік
жартысы осы мұхиттың астында болғаны картадан аңғарылады. Тетис мұхиты
батысқа қарай шегініп, тартыла-тартыла соңында Каспий, Қара теңіздерді
алдырып, Жерорта теңізіне айналды.
Қайтқан теңіздің ащы суының орнында, шамамен кайнозой эрасының бор
дәуірінде тұщы су алаптары пайда болған. Оны Арал маңынан табылған тұщы
суда тіршілік ететін жәндіктердің, өсімдіктердің таста таңбаланған
бейнелері дәлелдейді.
Ауданның геологиялық тарихына қолдан келгенше қысқаша шолу жасаған
артық емес. 1982 жылы тамыз айында Мәскеу мен Ленинград, Алматы
қалаларындағы ғылыми орындарының жан-жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер
дүниесін, жер қыртысын зерттейтін ғалымдарының біріккен экспедициясы
Қармақшы, Жалағаш аудандарында зерттеулер жүргізді.
Бөріойнақ шыңынан динозаврлардың әбден жұмырланған, шашылып жатқан
сүйектері табылды. Ал Аққорған - Бөлтік пен Шақшақ шыңдарындағы зерттеу
жұмыстары бұл өңірде бор дәуірінде жайылма - көл сулары жатқанын, онда
көптеген су жәндіктері, балықтар болғанын анықтады. Тетис мұхиты қайтқанда
ойпаң жерлерде қалған теңіз суы бірте-бірте тұщып, кермек жайылма суға
айналған сияқты. Бұл судың жіңішке мойнақтар, сай-салалар арқылы
Қазақстанның, Орта Азияның өзге суларымен байланысып жатқанына ғалымдар
күмәнданбайды.
Бор дәуірінің соңына қарай бүкіл осы аймақты теңіздің ащы суы қайта
келіп басқан. Мұны жәндіктердің, жан-жануарлардың тасқа түскен, көмілген
белгі - бедерлері кітапқа жазылғандай айқындады. Теңіз суы бұл жерден тек
кайнозой эрасының олигоцен дәуірінің аяғында, яғни, шамамен отыз миллион
жыл бұрын біржола кетсе керек.
Қазіргі Мұрынқұдық, Айбала шыңдары айдын көл, шалқар теңіздің жағалауы
болған. Ондаған миллион жыл бұрын бұл арада шынары әуелеген, қарағайы
тербелген, динозавры ыңыранған ертегідей әлем болғанын Айбаланың батысынан
табылған тасқа айналған ағаштардың діңгектері дәлелдейді.
Кайнозой эрасы төрттік дәуірінің плейстоцен кезеңінде, осыдан миллион
жылға жуық уақыт бұрын Еренқабырғадан құлай сарқыраған Сырдария тау
жыныстарын шайып, қазіргі Қызылқұмның бетінде тасып жатты. Ағынмен келген,
ұнталған жыныстың құмға айналып көтерілуіне байланысты өзен бірте-бірте
жинақталып голоцен кезеңінде арналы дарияға айналды.
Осыдан алпыс миллиондай жыл бұрын динозаврлардың қырылып, құрып
біткені, содан осы күнгі жан-жануарлардың пайда бола бастауы, ең ақырында
кайнозой эрасының неоген кезеңінің соңында жасампаз табиғат ана Аллатағала
өмір сахнасына адам баласын шығарғаны мектеп оқулығынан белгілі. Ғылымда
қалыптасқан тұжырым бойынша адамзаттың пайда болғанына 1,8 миллион жыл
деген ұғымға қазір өзгерістер жасалып жатыр. Бірқатар ғалымдар адамның
пайда болғанына 4 5 миллион жыл дегенді батыл айтып жүр.
Археологиялық деректер бойынша әлемге адамзат пайда болған үш кіндік -
ошақ белгілі. Олардың бірі Африканың шығысында, екіншісі Үнді Қытай
түбегінде, ал үшіншісі Қазақстанда. Қазақстан болғанда да әлмисақтағы Тұран
теңізінің жағасы, қазіргі Сыр бойы осыдан 1-2 миллион жыл бұрын адамзат
баласының өсіп-өнген алтын бесігі болған. Қазақстан ғалымдарының оны
дәлелдейтін жеткілікті деректері де бар.
Адамзаттың өсіп жетілуіне қолайлы табиғи жағдайлар Тұран өлкесінде
қалыптасты. Жер қойнауындағы геологиялық процестер және энергетикалық
жағдайлар Тұран ойпатында өзгеше табиғатты қалыптастырды. Үнді мұхитынан
ескен жылы ауа ағынына жердің астыңғы қабаттарынан шығатын қызу қосылып,
қазақ даласы - Тұран ойпатында мәңгі жаз ауа райы қалыптасты. Ал бұл жасыл
желек, көкорай шалғын, сан турлі жан-жануарлар молшылығы деген сөз.
Ауа райы адамдарға үнемі қолайлы болған жоқ. Жер қойнауындағы қуатты
қозғалыстар жер бедеріне өзгерістер әкеліп, ауа райын өзгертіп тұрды.
Палеолит адамдары табиғатқа бейімделе бастады. Олардың негізгі кәсібі
аңшылық болды, сонымен бірге жеміс-жидек теру күн көріс көзі еді. Сырдария
бойын мекендеген қауымдар балық аулады.
Сыр бойын тұрақтаған адамдар табиғат қиындығымен табанды күресіп,
жергілікті тайпаларға айналды. Біздің дәуірімізден он мың жыл бұрын жер
бетіне метеорлар мен кометалар ағып түсіп, орман мен далада өрт шықты, ауа
ысыды. Космос денелерінің жарылысы нәтижесінде жер бетінде кратерлер пайда
болды, топан су басты. Ал бұл адамдар санасында қалыптаса бастаған діни
сенімдерді күшейтті.
Бүгінгі ғылымға сол кезде жерге құлаған кометалардан пайда болған бес
кратер белгілі. Солардың біреуі Қарақұмдағы Жаманшың кратері. Кометалардың
екеуі Африкаға, біреуі Сауд Арабиясына, енді біреуі Тасмания аралына
түскен.
Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы Көк Тәңірісіне, отқа табынуын осы
Жаманшыңға құлаған кометаны көрген ежелгі бабаларымыздан қалған наным -
сенімнен болса керек деген болжамды бірқатар ғалымдар айтып жүр.
Бірте-бірте адамдар табиғатқа тікелей тәуелді болудан арыла бастады.
Өздеріне қажетті баспана мен киім дайындауды үйренді, малды қолға үйретті.
Біздің дәуірден жеті мың жыл бұрын еңбек құралдарын өндіру барған сайын
жетіле түсті. Тасбалта, кетпен, дәнүккіш (зернотерка), келі-келсап
қолданылды. Тіпті түрлі-түсті тастардан әшекей бұйымдар жасала бастады.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі - мал шаруашылығы мен егіншілік өмірге
араласты. Адамзат қоғамының дамуы үшін мұның зор маңызы болды.
Қазақстан көлемінен алты жүзден астам неолиттік, энеолиттік тұрақтар
табылып отыр. Олар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік,
үңгірлік деген сияқты түрлерге бөлінді. Тұрақтардан көп табылатын негізгі
құрал-саймандар - пышақ тәрізді қалақтар. Қазақстанның шөл даласындағы
неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көбі ашық үлгідегі
тұрақтар.
Қызылқұм қойнауынан тас ғасырының әр кезеңдегі ескерткіштері некен-
саяқ болса да табылып тұрады. Бірақ олар негізінен құмнан түстік жағында,
Жаңадарияның құярлығында жатыр.
А.В.Виноградов өзінің Древние охотники и рыболовы Среднеазиатского
междуречья деген кітабында 1928 жылы Т.Миргиязовтың Қызылорда аймағынан
бірнеше неолит тұрағын тапқанын, бірақ ол туралы материалдар, бәлкім
жоғалып кетті ме, қолға тимей отырғанын келтіре кетеді. Осыған орай,
Жалағаш ауданының тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде Мақпалкөл
ауылынан 15 километрдей жерде неолит тұрағы бар делінгеніне де назар аудару
қажет. Құбылмалы табиғат адамзат пайда болған үш ошақтың бірі қазақ
даласының перзенттерін жиі қоныс аударуға мәжбүр етті. Біздің дәуірден
бұрынғы мыңдаған жылдар аралықтарында Қиыр Шығысқа, Таяу Шығысқа, Еуропаға
қоныс аударып, сол жерлердің тұрғылықты халқына айналған, араға замандар
салып баяғы атамекендеріне кері қарай көшіп отырған біздің бабаларымыздың
бабалары, ежелгі сақтардан да әрідегі Тұран өлкесінің перзенттері еді.
Археологиялық, антропологиялық, тағы да басқа ғылыми зерттеулер Тұран
даласының адамзаттың алтын бесігі екенін далелдейді [1].
Тұран даласында екі миллион жыл бұрын қалыптаса бастаған адамзат
баласының перзенттері біздің дәуірден бұрынғы екінші мыңжылдықта сақ
тайпаларына бірікті. Бұл кезде өмірге металлургия келіп, өндіргіш күштердің
өсуіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Егін шаруашылығы мен
мал шаруашылығы дамыды. Уақытша тұрақтардың орнына жайлы қоныстар, тас
құралдардың орнына металл қоспаларынан жасалған сапалы бұйымдар келді.
Халықтың саны өсіп, мәдени қауымдар қалыптасты. Әрине, өндіріс құрал-
жабдықтарының, өндіргіш күштерінің дамуы мүлік теңсіздігіне әкелетіні
анықталған ақиқат. Қолда бар материалдар көсемдер мен қара халықтың жіктеле
бастағанын айқындайды.
Сақ тайпалары туралы жазбаша мәліметтер бізге тарихтың атасы Геродот
пен тағы да басқа антик ежелгі жазушыларының жазбалары арқылы, сосын
Бехистун жартасындағы парсы патшасы Дарий қашатқан парсының сына жазбалары
арқылы жетті. Дала пайғамбары Заратуштрадан қалған Авеста дастанының
негізгі бөлімі Сыр бойы сақтарының ортасында дүниеге келді деген тұжырым
бар.
Ежелгі әдебиетте Арал маңы тұрғындары тиграхауда - массагет сақтары
деп аталған. Ал ол өз ішінде қазақтың руға белінетіні сиякты, аталықтарға
бөлінетіні түсінікті.
Тарих әлемінің сонау алыстағы көкжиегінен бұлдыраған ата-
бабаларымыздың бейнесін, жат жерліктер бұзып жазған есімдерін айқындау үшін
бірқатар ұлтжанды азаматтарымыз тер төгіп жүр.
Жазбаша және археологиялық деректер сақ тайпалары ежелгі дүние
өркениеттерімен - Ассириямен, Мидиямен, Персиямен байланыста болып, тарихи
оқиғаларға араласқанын дәлелдейді. Ержүрек сақ тайпаларының туған жерін жат
жерлік басқыншылардан қалай қорғағаны бүгінгі ұрпақтарға терең тағлымды
үлгі-өнеге. Тарих атасы Геродот сақтарды ...еліне шапқан жаудың ешқайсысын
құтқармайды, өздерін қуса жеткізбейді ... деп тамсанған. Бізге аңыз болып
жеткен, Геродоттан бастап бүгінгі ғалымдарға дейін жазып болжам айтып,
талдап жүрген оқиға сақ елінің парсыларымен соғысы. Есте жоқ ескі заманда
өткен оқиғаның талып естілген жаңғырығын бүгінгі ұрпақ әр қиырға алып
қашып, әңгіменің шындығына өздерінше жеткісі келеді. Сондықтан да оқиғаның
болған жері мен кісі аттарында алшақтықтар бар.
Сонымен үш жүз мыңдық самсаған сары қол ерткен Кир патша сақ елінің
шекарасына - дария бойына келіп ат басын тіреді. Сонда бұл қай тұс, қай
жер? Біреулердің айтуы, жазуы, болжамы бойынша Каспийге құйып жатқан
Әмударияның үстірт жағы дейді. Ал екіншілерінің айтуынша Сырдарияның
қазіргі Түркістан тұсы, үшіншілерінің болжамы бойынша Әмударияның Аралға
құятын саласы.
Туысқан қарақалпақ елінде Қырық қыз деген дастан бар. Ғасырлардан
келе жатқан бұл шығарма жалпы түркі жұртына ортақ. Өйткені сақ тайпаларының
қыздары атқа мініп, жауынгер болуы, бойжеткен қыз жауды жеңбесе жар сүюге
хақысы жоқтығы, сондықтан сақ жұртының барлық қыз-келіншектері соғыс ісіне,
жауынгерлікке үйретілетіні сол бір заман шындығы. Бұл дәстүрдің кейбір
нышандары арада мыңдаған жылдар өтсе де қазіргі заманда да шаң беріп
қалады. Өткен мен бүгінгінің сабақтастығын көрсетеді. Мысалы, XIX ғасырдағы
Сарман батырға күресіп жықсаң, саған тиемін деп талап қойған Қарақыз
әжеміздің. XIX ғасырда Бұқарбай батырмен бірге жау қайтарған Шынар
әжеміздің, партизан Тұрғаш Жұмабаеваның бойында қырық қыздың басшысы
Гүләйім Баһадүрдің, Сақтар падишасы Томирис ханымның қаны жүгіріп тұрды
демеске бола ма!...
Аққыр ауылының түстік батысында Жаңадария бойында біздің дәуірге
дейінгі екінші-үшінші ғасырдың ескерткіші Бұландының қасында Қырық қыз
қамалы тұр, мұны да сонау сақтар заманынан қалған ескерткіш деп айтуға
болады. Ғалым Л.С.Толстов дастандағы Гүләйім бейнесінің прототипі Томирис
падиша деген пікірін Исторические предания Южного Приаралья деген
кітабында келтіріпті. Қаһарман табиғатына бойлап, ел этнографиясын, дәстүр
- салтын екшеп, терең зерттеп барып айтылған бұл пікір қолдауға тұрады.
Егер Томирис падишаны қырық қыздың басшысы Гүләйімнің прототипі десек,
онда парсы патшасы Кирдің армиясы Сырдың ескі арнасы Жаңадарияға келіп ат
басын тірегенін мойындамасқа амал жоқ.
Сонымен жер қайысқан қалың қолмен сол кездегі Яксарт, бүгінгі
Жаңадария атты ұлы дарияға келген парсы патшасы Кир сақ елінің әйел патшасы
Томириске сөз салып, өзіне күйеуге шығуын талап етеді. Әрине, Томирис ханым
Кирдің ит өлген жерден үш жүз мың әскер бастап келгендегі мақсаты әйел
емес, дүние екендігін, сақ елін құл етуге келгенін бірден біледі. Сондықтан
кең даланың еркін қызы парсы патшасының бетін қайтарып тастайды. Арада
жүрген елшілер арқылы екі патша тұрысатын жерін ұрыс өтетін алқапты дария
жағалауынан үш күндік жерден белгілейді. Ол сақтар иелігіндегі жер. Бұл
жөнінде Кирдің де, Томиристің де ішкі есептері болғаны түсінікті.
Ал енді сол орасан зор майдан өткен жерді өзімізше шамалайтын болсақ,
үш күнде Кирдің жаяу әскері мен керуені мықтағанда жүз елу шақырымнан
артыққа бара алмайды. Парсы әскерінің әуелгі тоқтаған нүктесі Қырық
қызалының түбі демесек те, әйтеуір Яксарт -Жаңадарияның жағасы екені анық.
Сонда Жаңадариядан теріскейге қарай үш күндік жол қазіргі теміржол бойына
жетіп жығылуы әбден мүмкін. Тіпті шырқап кеткенде Нұраға қарай шығып,
Дариялықтың тақырына түсіп соғысуы да ықтимал.
Жаудың үш жуз мың әскері қанат жайып қаптағанда қазіргі Жалағаш ауданы
ғана емес, көршілес Тереңөзек, Қармақшы аудандарын да басып өткен болуы
керек. Оған қарсы шыққан жергілікті сақ тайпаларының әскері қосылғанда жер
беті құмырсқаның илеуіндей құжынаған адамға толып кеткені анық.
Біздің дәуірге дейінгі 530 жылы парсы және сақ тайпалары арасында
болып өткен осы бір зор майдан туралы талай тарихшы, талай қаламгерлер сөз
қозғап, қисынды ойдың жетегімен өз болжамдарын білдірді. Қалай болғанда да
Кирдің басын кескен Томирис апамыз, Томирис әжеміз. Кесілген басты қан
толтырылған меске салып: Аңсағаның қан еді, енді шөлің қанғанша іш деген
нұсқалы сөзді айтқан Томирис. Басқыншылардың аман қалғандары жөңкіле қашты.
Осыдан он екі жыл өткеннен кейін, біздің дәуірге дейінгі
518 жылы парсылардың жаңа патшасы I Дарий Кирдің кезіндегіден де артық
орасан зор күшпен, баяғы ізбен сақ даласын жаулап алуға аттанды. Бұл кезде
Томиристің аты аталмайды, бірақ Шырақ деген бабамыздың ерлігі аңыз болып
бізге жетті. Туған жері, елі үшін жанын қиып, жау әскерін шөлге алдап
апарып, адастырып, қырған Шырақтың ерлігі парсыларды жеңіліске ұшыратты.
Дүние жүзін жаулап алуға ұмтылған Александр Македонский Орта Азияға
баса-көктеп кірді. Ол да ат басын Сырдарияға - Яксартқа тіреді. Бірақ
дарияның теріскей - шығыс бетіне өте алмады. Талай елдердің әскерін
ойсырата жеңіп келе жатқан Ескендір Зұлқарнайынның жүрегін сақтар
шайлықтырды. Дариядан өтпек болған Александрға сақ жебесі тиіп жараланды.
Біздің дәуірге дейінгі ғасырдың отызыншы жылдарында Сыр бойына келген ұлы
қолбасшының өкімі сақтарға жүрмеді.
Осы ретте Александр Македонский туралы зерттеп жүрген ғалымдардың кей
пікірлерін айта кеткен жөн. Олардың жорамалдауынша шығысқа аттанған
Александр Еуропаға скиф-сақ даласы арқылы оралу мүмкіндігіне сенген сияқты.
Өйткені патша да, оның әскер басылары да Яксартты Танаис Дон өзенінің
жоғарғы сағасы деп санаған көрінеді. Соған байланысты Қара теңіз жағындағы
әкімі Зопирионға сол жақтағы скифтерге жорық жасап өзінің алдынан шығуды
тапсырған сыңайлы. Өйткені Дунай өзенінің құярлығында скифтер отырғанда
қауып бәсеңдемейді. Бірақ Зопирион б.д.д. 331 жылы скифтер қолынан қаза
табады.
Македондықтардың ол дәуірде географиядан қателескені кешірімді.
Дегенмен де соның салдарынан Сырдария біршама уақыт Танаис аталғанын біліп
қойғанның артықтығы жоқ. Сонымен бірге Азиядағы Сырдарияны Еуропадағы
Донмен шатыстырған патша Сырдың шығыс бетіне шыға алмаса да дария бойымен
төмен құлдап барлау жасауын да жоққа шығара алмаймыз. Сосын сақтар дарияның
тек шығыс бетінде ғана отырған жоқ, судың екі жағалауында да тіршілік етіп
отырған халық бар еді. Әсіресе, қазіргі Жалағаш, Қармақшы, Тереңөзек
аудандарына қарасты көлемде сақтардың өркениетті мемлекеті болды.
Зұлқарнайын әскерімен олардың да қақтығысып қалуы мүмкін. Туған жер тарихын
шолғанда осындай ықтимал жағдайларды да ескеріп отырғанымыз жөн.
Аудан көлеміндегі сақ тайпаларының тарихын қола дәуірінің соңғы
кезеңінен, темір дәуірінің алғашқы кезеңінен қарастырамыз. Өйткені
археологиялық деректер бізге дәл осы кезеңнен-біздің дәуірге дейінгі IX
ғасырдан бастап мәліметтер береді. Аққыр ауылының түстігіндегі екі-үш көш
жердегі Солтүстік Түгіскен соңғы қола дәуірінің аса көрнекті ескерткіші
болып табылады. Солтүстік Түгіскеннен біз сақ бабаларымыздың діни
құрылыстар архитектурасы мен құрылыс техникасын өз уақытына сай барынша
жетік меңгергенін көреміз.
Сырдарияның ежелгі арналары жойқын күшпен Тұран даласын тілім-тілім
етіп Арал теңізіне қарай сарқырай ақты. Су екпінінің тегеурінділігі сонша
бұрынғы ағып жатқан арнасын көлденеңінен кесіп өтіп Аралға қарай қуалай
жарысқан Сыр атырабының бойы сансыз арал, ит тұмсығы батпайтын ну тоғай мен
қамыс болған. Жазба деректерден жеткен ең ежелгі атауы Яксарт-Танаис,
Силис. Халық жадында қалған Қызылдария, Інжудария да осы Сырдария. Орта
ғасырларда арабтар алып келген атау Сейхун жұмақтағы өзеннің аты екен.
Сырдария атауы ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардан бастап айтыла бастаған сияқты.
Ал Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария бірте-бірте теріскейге қарай бағыт
алған Сырдария арналарының атаулары. Олардың ең кәрісі, өте ертеден келе
жатқаны Іңкәрдария. Сусыз тіршілік жоқ. Сақ бабаларымыздың қола дәуірінде,
одан да әрідегі энеолит, неолит дәуірінде өмір сүрген өтендері осы
Іңкәрдарияның құярлығында. Ал Жаңадария бойындағы тіршілік біздің дәуірге
дейінгі мыңжылдықтан басталса, Қуандариядағы өмір антикалық кезеңге сәйкес
келеді. Солардың бәрі де өзен тармақтарымен бірге өсіп-өнген біздің
ежелдегі бабаларымыз.
Түгіскен - Іңкәрдария мен Жаңадарияның бөлінген ашасы. Түгіскен өте
ертеден келе жатқан атау. Қазақ тілінің фонетикасындағы Г дыбысының Й
дыбысына айналу процесін ескеретін болсақ, Түгіскеннің қазіргі мағынасы
Түйіскен, яғни, дария арнасының түйіскен тұсы.
Міне, осы Түгіскен сақ бабаларымыздың апасиак, сакаравак тайпаларына
мың жылға жуық мекен болды. Апасиактар абы сақтары, яғни су сақтары орта
ғасырларда тарих сахнасына печене деген атпен шыққан бүгінгі
қарақалпақтардың арғы бабалары болса, қазақ руларының бірталай түркі
халықтарының құрамында араласып жүргенін ескерсек, бізге де ешқандай
жаттығы жоқ.
Тарих көкжиегінде мұнарланған сакаравак тайпасы туралы да түрлі болжам
жасауға болады. Мысалы, Білім және еңбек журналының 1982 жылғы үшінші
санында Атлант мұхитында суға батқан құрлық Атлантидадан ауған аравак
дейтін жұрттың Орта Азияға қоныс аударғаны жайында жорамал жарияланыпты.
Іңкәрдария Жаңадария бойындағы сакаравактардың Атлант мұхитынан келген
аравактарға қатысы болар, бәлкім болмас, бірақ бізге баба екендігіне, түркі
жұртының, қазақ халқының ірге тасын қалаған тайпалардың бірі екендігіне дау
жоқ.
Біз Сыр бойындағы тарихи ескерткіштерді зерттеген Хорезм археологиялық
экспедициясының қорытындыларына сүйенеміз және басқа қосымша, жанама
әдебиеттерді пайдаланамыз. Солтүстік Түгіскендегі қазба жұмыстары
тарихымыздың біздің дәуірге дейінгі IX ғасырдағы жағдайын анықтады.
Біріншіден, Түгіскенде Жалағаш ауданы, Қызылорда облысы ғана емес, бүкіл
Қазақстанда құрылысқа алғаш рет шикі қам кірпіш пайдаланылғаны анықталды.
Құрылыс техникасы мен архитектурасының жоғары деңгейі де таңырқатады.
Диаметрі он төрт метрдей мазар 54x28x10 көлеміндегі кірпішпен екі қатар
колонна түрінде дөңгелектене қаланған. Кірпіштен өрген бағаналар шеңберінің
іші тік бұрышты жерлеу орны. Орталық бөлікте және ішкі дәлізде марқұмның о
дүниеге алып кететін мүліктері: керамика, еңбек құралдары, қола және алтын
әшекейлер, сондай-ақ, о дүниелік азық- түлігі, ет қойылады.
Осынау кесенеге орналастырылған мәйітті өртеп жіберген. Онымен бірге
бүкіл ғимарат өртеніп кеткен.
Археологтар осынау архитектурасы да, ғұрпы да бөлек кесенелерді
көсемдер кесенесі (патшалар мавзолейі) деп атаған.
Солтүстік Түгіскенде жетпіс-сексендей оба қазылып, түрлі үлгідегі
кесенелер ашылды. Шикі кірпіштен қаланған, ішінде төрт бұрышты бөлігі бар,
диаметрі он бес метрдей цилиндр тәрізді кесенелер де бар. Патшалар
мавзолейлерімен қатар қарапайым адамдардың да ақырғы мекендері табылды.
Қабірлерден қола пышақтар, қола инелер, алтыннан істелген бұйымдар шықты.
Түгіскен кесенелерінің бірінен көптеген ыдыстар - құмыралар
табылған. Табылған заттардың керамикалық жиынтығы және басқа заттар, мысалы
жебенің жалпақ қола ұштары Солтүстік Түгіскен кесенелерінің салынған
уақытын біздің дәуірге дейінгі ІХ-VІІІ ғасырлар деп анықтауға мүмкіндік
береді.
Түгіскен ескерткіштерінде андронов мәдениетінің дәстүрлері
айқын аңғарылады. Мұны біз барлық кесенелердің есіктері шығысқа
қаратылуынан, мәйіттің басын батысқа қаратып қоюдан аңғарамыз. Сондай- ақ
ыдыстардың үлгілері, оларды өрнектеу әдістері түгіскендіктердің андронов
мәдениетін ұстанған тайпалар екенін дәлелдейді.
Көлемді қабырғалары, айналма дәліздері бар Түгіскен кесенелері Орталық
Қазақстандағы осы тектес құрылыстарға ұқсас, бірақ ондағы құрылыстар ірі
тастардан жасалса, Түгіскенде шикі кірпіштен қаланған. Бұл үлкен ерекшелік.
Демек, бұл жердегі тайпалар өзге өңірлермен байланыста болған.
Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Солтүстік
Түгіскен біздің дәуірге дейінгі ІХ-VІІІ ғасырлардан қалса, осыдан бір жарым
шақырым жердегі Оңтүстік Түгіскен VІІ-V ғасырлардың ескерткіші. Бұл кезең
тарихта темір дәуірі деп аталады. Мұнда біздің дәуірге дейінгі V ғасырдағы
бай қабірлер айқын аңғарылады. Қабір өте терең қазылып, марқұмның басы
шығысқа, солтүстік шығысқа қаратылып жатқызылады. Мұндағы бұрынғы қола
дәуіріне тән нәрселер - оттың жерлеу салтында елеулі рөл атқаруы.
Осы Түгіскеннің шығысында жиырма шақырымдай, Аққыр ауылының
түстігінде жетпіс-сексен шақырымдай жерде Ойғарақ ескерткіштері жатыр. Бұл
ғылыми әдебиетте Уйғарақ-Ұйғарақ деген атау арқылы белгілі. Жалпы қарақ
деген сөз қарайып көрінген белгі дегенді білдірсе керек. Мысалы. Сыр
бойында Қарақ тауы, Қырқарақ тәрізді жер атаулары бар.
Ойғарақ пен Оңтүстік Түгіскен екеуі дәуірлес - темір дәуіріндегі
массагет-сақтар құрамына кіретін этникалық топтар - апасиак және сакаравак
тайпаларынан қалған ескерткіштер. Ойғарақтағы сексен обаның жетпісіндейі
қазылған, олар батыс, орталық, шығыс болып үш топқа шоғырланған.
Ойғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған топ өкілдері әскери билік
пен абыздық қызметті қатар атқарған көсемдер болған сияқты. Билік белгісі
күрзі мен айбалта – қанжарлардың табылуы соның дәлелі.
Ойғарақ обаларының жартысынан астамынан ат әбзелдері, ер-тұрмандар
табылды. Мұндағы әбзелдердің Қазақстанның өзге өңірлерінен табылған ер -
тұрмандармен ұқсастығы болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де бар еді.
Мысалы, ауыздық пен сулықтың бірге құйып шығару - Ойғарақ үлгісі.
Ойғарақ пен Түгіскеннен бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де
табылды. Бұлар - ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, шеттіктердегі
хайуандардың бейнелері. Мұнда бұғы, киік, жылқы, қабан, таутеке, арыстан,
барыс, қабылан, бүркіт, түйе сияқты хайуандар бейнелері бар. Ойғарақ,
Түгіскеннен табылған бұйымдардағы хайуандар бейнелері өте табиғи, реалистік
тұрғыда жасалған деуге болады. Ойғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған
алқа мен Түгіскендегі киік мүсіні түріндегі алтын қаптырмада жергілікті
тіршілік көріністері бейнеленгеніне күмән жоқ.
Ойғарақ, Түгіскеннен табылған аң стиліндегі ескерткіштер ежелгі
Жалағаш жерін скифтік-сібірлік аң стилі ареалына қосады.
Адам баласы ақыл-ой иесіне айналып, саналы тіршілік ете бастаған кезде
қалыптасуға бет алған үрдіс - ғұрыптар сабақтастық салтымен ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып келесі бір кезеңде өзінің дамыған бейнесін табатыны
анықталған ақиқат. Сақ тайпаларының тарихы қола дәуірінен, одан да әрідегі
неолит дәуірінен бастау алатыны белгілі. Ойғарақ пен Түгіскендегі жерлеу
салтындағы отқа табынушылық ғұрпы Солтүстік Түгіскеннен басталатыны
сондықтан. Дегенменде сабақтастық белгілері өзге өңірлермен байланыс, қарым-
қатынасты да жоққа шығармайды. Ойғарақ, Түгіскен тұрғындары Орталық, Батыс
Қазақстан, Жетісу сақтарымен, Орта Азия елдерімен жан-жақты байланыста
болған. Мұны обалардан табылған сырттан әкелінген дүниелер дәлелдейді.
Біздің дәуірге дейінгі I мыңжылдықтың екінші жартысында Сырдария
сақтарының мәдениеті гүлденіп жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Іңкәрдарияның суы Жаңадарияға ауып, ескі арнамен жарыса ағып жатты. Шет
аймактармен экономикалық және мәдени байланыстар ерекше маңызға ие болды.
Сақ тайпаларының жерінде қалалар пайда бола бастады.
Аққыр ауылының түстік - батысында жүз шақырымдай жердегі кешендер
жиынтығы Бұланды қаласы осы дәуірдің ескерткіші. Тарихи әдебиеттерде
Баланды деп жазылып жүрген Бұланды жазығында атынан көрініп тұрғандай бір
замандарда бұлан (лось) жайылып жүрген сияқты.
Іңкәрдарияның оң жағасындағы жусанды, шырпылы жазықтың әр тұсынан
жұмбаздалған мортықтар, ескі құрылыстың сілемдері көрінеді. Біздің дәуірге
дейінгі ІV-ІІ ғасырлардан қалған кешенді қаланың орнынан түрлі сипаттағы
құрылыстар кездеседі.
Бұланды ескерткіші дегенде ең алдымен көзге ілінетіні де, зерттеу
объектісіне көбірек айналғаны да осындағы күмбезді құрылыс.
Іргетасына соқпан құйылған, шикі кірпіштен өрілген киіз үй пішінді
құрылыстың салынуы да, қызметі де кісіні таңырқатады. Диаметрі он алты метр
дөңгелек ғимараттың ортасында цилиндр сияқты орталық бөлме бар. Осы
бөлменің сыртымен жеті бөлікке бөлінген айналма дәліз (галерея) жүреді.
Ғимарат күмбезделіп жабылған.
Салынғанына екі мың үш жүз жыл болған тарихи ескерткіш содан бері ашық
аспан астында ешқандай жөндеусіз, архитектуралық мазмұнымен бізге жетіп
отыр. Әрине, сонша уақыт жел-құз, жауын-шашынға сыр бермеу мүмкін
болмағандықтан жартылай құлаған, дегенмен қалған бөлігінің өзі құрылыстың
салынған кездегі сипатын көзге айқын елестеді. Әсіресе, төбедегі күмбездің
бір-жола опырылып кетпей шағын бөлігі әлі күнге дейін тұрғаны таңырқатады.
Археолог ғалым С.П.Толстовтың пікірінше Бұланды күмбезі Еуропадағы
Ветрувий күмбезінен бес ғасыр үлкен. Егер ондағылар Ветрувий күмбезін
алғашқы күмбез деп есептейтін болса, онда әлемде тұңғыш күмбез көтерген сақ
тайпаларынан шыққан құрылысшылар дегенге қуана қол қоямыз.
Бұланды күмбезді кесенесі діни жоралғылар, ғұрыптар атқаратын орын деп
болжам жасалуда. Діни жетекшілер - абыздар тұратын мекен болуы да мүмкін.
Шеңбер түріндегі коридор-дәліздің геометриялық өлшеммен жетіге бөлінуі
ғимараттың мазмұны мен сырын одан әрі молайта түсетін сияқты. Бәлкім, бұл
белгілі бір дәрежеде обсерватория қызметін де атқарған болуы керек.
Бұланды күмбезінің батысында жарты шақырымдай жерде бізге Қырық қыз
атауымен жеткен қамалдың құландысы бар. Қамалдың шығыс, түстік, теріскей
жақтары құлап, жоталанып жатыр да, ал батысы жартылай құлаған. Бір жарым
метр сайын сыртқа садақпен жебе жаудыратын саңылаурына дейін сақталыпты.
Қырық қыз қамалын әйелдің қоғамдағы орнын жоғары қоятын сақ
бабаларымыздың сол үрдісінен қалған ескерткіш десек артық емес.
Археологиялық материалдар Түгіскен, Ойғарақ, Бұланды өңірлерінде мал
шаруашылығы мен суармалы егін шаруашылығы, қолөнері дамыған қоғам
болғандығын дәлелдейді. Өзіндік ерекшелігі бар, мейлінше жетілген су
құрылыстары бар егіншілік мәдениеті өркениетке қол артқан кемел елді
білдіреді. Темір семсер, темір сауыт мөңіреп ұшатын үш қырлы жебе, соғысқа
мінетін әскери атты темір жабумен жауып, көк темірге бөлеп тастау әскери
шеберліктің сол кездегі шыңына шыққан дамуды көрсетсе керек. Алып
бекіністер мен зәулім ғимараттарды, көсемдерді жерлеу құрылыстарын бастары
бірікпей жүрген бытыраңқы топ сала алмайды. Демек, сақ тайпаларын
біріктіріп, әскери одақ құрған көсемдер, абыздар бар жерде мүлік
теңсіздігі, тіпті құлдар еңбегі пайдаланылды деп айтуға болады.
Сақтар арасында ата-баба әруақтарына, әсіресе, патшаларға табыну үлкен
роль атқарған. Адамжаны мәңгі, өлгендер тірі күнгі салт, үйреншікті
ғұрыптарын о дүниеде де жалғастыра береді деген сенім болды. Марқұмдардың
тіршіліктегі әл-ауқатына қарай о дүниелік керек-жарағын бірге көміп отырды.
Қола мен темір дәуірлерінің бір-бірінен өзгешеліктерін аңғарамыз. Жерлеу
әдістері өзгере бастады: өлікті өртеудің немесе аяқ-қолын бүгіп қырынан
жатқызудың орнына шалқасынан аяқ-қолын созып жатқызу үрдіске енді. Ата-
бабаларымыз күнге, отқа, үйдегі ошаққа сиынған. Көлтеген қабірлерден от пен
күннің символы қызыл бояу жиі ұшырасады.
Отқа табыну себептері де жоқ емес. Осыдан он мың жыл бұрын көк
аспаннан лапылдап келіп Қарақұмдағы Жаманшыңға түскен үлкен метеориттің
қоршаған ортаны кенет жылытып, жазға айналдырып жібергенін көрген
бабаларымыз жақсылықты да, жамандықты да көк аспаннан күткен. Діни
сенімдері пайда болған. Тайпалардағы абыздар-діни жетекшілер аспан
денелерін мындаған жылдар бойы бақылап, танымдық аялары кеңи түсті.
Аудан тарихын айтқанда әлемдік мәдениетке өздерінің зор үлестерін
қосқан бабаларымызды еске алып отыру парызымыз. Сондықтан мыңдаған жылдар
бойғы наным-сенімдерді, абыздардың, халықтың тәжірибесін жинақтап қорытып,
жаңа ілімнің негізін қалаған Заратуштра пайғамбар солардың алғашқысы. Ол
жазған Авеста кітабы дала өркениетінің әлемдік дамуға қосқан үлесі болып
табылады.
Заратуштра пайғамбар өмір сүрген кезең мен Авестаның қай жерде қашан
жазылғандығы жайында ғалымдар арасындағы пікір талас жан-жаққа тартады.
Авеста қоғамының әлеуметтік құрылысы, идеологиясы мен тіл және
суреттелген оқиғалардың географиялық жағдайы жөніндегі қазіргі зерттеулер
Авестаның ежелгі бөлімдері Орта Азияның және оның теріскейінде жапсарлас
жатқан Қазақстан аймақтарының бақташы - егінші тайпалары ортасында
қалыптасқан деген қорытындыға келуде. Әлемнің пікірі салмақты небір
ғалымдары Авеста Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі жағында
дүниеге келді дейді. Ал бұл дегеніміз отқа табыну ғұрпы тайға таңба
басқандай айқын Түгіскен, Ойғарақ, Бұланды ескерткіштерін жасағандар
зороастра дінінің ауқымында өмір сүргенін білдірсе керек. Авеста
шығармасы - көне түркілердің арғы атасы сақтар мұрасы.
Дала пайғамбары Заратуштраның қай жерде туып, өмір сүргенін айту қиын.
Дегенмен де жорамалдауға болады. Ол баршамызға ортақ бабамыз. Ал Авеста
көне түркілерге де ортақ рухани қазына.
Заратуштра бабамыз сол бір ықылым заманда жазу-сызуды білетін,
сауатты, кемеңгер тұлға. Оның өмір сүрген кезі туралы пікірлер сан алуан.
Бірқатар ғалымдар Заратуштраның өмір сүрген уақытын біздің дәуірге дейінгі
VI ғасырдың арғы жағына сілтейді. Ал енді бірқатар оқымыстылар Заратуштра
шамамен біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта өмір сүрген дейді.
Зороастризм ілімі өмірге әкелген көркемдігімен, даналығымен адам
санасына әсер ететін жиырма бір кітаптан тұратын Авеста дастаны көптеген
мыңжылдықтар бойына заман ағымдарына қарай сан рет көшіріліп, жазылып,
көшірілген сайын жаңа өзгертулер еңгізілуіне қарамастан тегіне тартып,
бастапқы көркемдігі мен мазмұны, бәрінен де бұрын тарихымыздың алғашқы
балаң шағынан деректер беруімен құнды [2].
Біздің дәуірге дейінгі екінші ғасырларда баяғыда суббореаль кезеңінде
шығысқа қоныс аударған сақ тайпаларының кейін қарай лықсуы, яғни, баяғы
атамекенге қоныс аударуы басталды. Қатар жатқан тайпалар арасында
қақтығыстар болатыны белгілі құбылыс. Шығыстан толқын-толқын болып қоныс
аударудың тарихи себептері осы қақтығыстар. Соның нәтижесінде Сыр бойында
Кангюй мемлекеті қалыптасты. Кангюй Қытай жылнамасы бойынша жазылған
әдебиеттегі атау, қазақшасы Қаңлы мемлекеті.
Қаңлы атауы Оғыз қаған жасатқан арбаның дөңгелегінің сықырынан шықты
деген түсінікті халық этимологиясы дейміз. Бұл пікірге келіспеген Әділхан
Байбатша Қаңлы атауы Хансақ деген сөзден шыққанын, яғни қаңлылардың сақ
тайпасынан шыққан қазақ халқының бір тармағы екендігіне назар аударады. Ал
С.П.Толстов болса бұл сөздің төркінін үнді-европа тілдерінен іздестіріп.
Кан-гюй Кангха деген терминнен шыққан, ал оның мағынасы Су тораптары
елі, (Страна каналов, страна протоков) дегенді айтады. Оған дәлел ретінде
Қаңлы мемлекеті кезеңінде төменгі Сыр бойында екі миллион гектардан астам
жер су тораптары арқылы арықтар қазылып суландырылғанын, егін
шаруашылығының дамығанын келтіреді.
Қаңлы мемлекетінің аумағы мен шекарасы туралы түрлі пікірлер
болғанымен қазіргі Жалағаш ауданы жерінің осы мемлекеттің дәл ортасында
орналасқанына ешқандай дау жоқ. Бірқатар ғалымдардың пікірінше Қаңлы
мемлекетінің орталығы Жетіасар мәдениеті тараған аймақта. Қайсы бір қоғам,
қандай бір мемлекет болмасын, бәрініңде асыраушы анасы қасиетті Сырдария.
Асау Сырдың арнасы голоцен кезеңінде, осыдан он мың жыл бұрын қалыптаса
бастады дегенде неолит дәуіріндегі Іңкәрдариядан бастап Жаңадария, қазіргі
Сырдарияны айтамыз. Мол судың зор екпінімен, үлкен қысыммен жөнкілген
тегеуріні Тұран даласын қым-қиғаш сай - салаға толтырды. Сыр бойының бос
топырағын еркін иемденген Сыр суы кез келген жерден арна жасап, Аралға
қарай жарыса ақты. Сол арналардың ең жасы қазіргі Сырдария мен Қараөзек.
Сыр арнасының тұрақсыздығынан болар Тереңөзек, Жалағаш, Қаракеткен
тұстарындағы дария XIX ғасырда, тіпті кешеге дейін Жамансыр аталып келді.
Кешегі Тереңөзек ауданының аты сол жердегі терең өзектен алынса, оның
батыстағы жалғасы алтыншы разъез-Тобыр тұсындағы Айбас, Жалағаш
поселкесінің іргесіндегі Дәуімбай Сырдарияның өте ертедегі бір еркелігіндей
сезіледі. Сырдың суы бұл арналармен қай кезде жүгіргендігі туралы дөп басып
айту қиын. Өйткені дәл осы арнаның бойына зерттеу, барлау жүргізілмеген.
Осы сала бойындағы Жалаңаш төбе, Көктоңдылардың жасы да белгісіз. Дегенмен
бүл төбелерді біздің дәуірдің I ғасырынан бері емес, содан әрідегі
ескерткіштер деуге болады.
Қаңлылар ол кезде Жетісу, Іледен бастап, Арал теңізіне дейін,
солтүстікке Көнек, Қара-құрымға дейін қоныстап отыратын. Қаңлылардың
хандарының аты ол кезде Көк тоңды деп аталатын деп жазады ғұлама ғалым
Әлкей Марғұлан. Ал әдебиетші ғалым Мырзатай Жолдасбеков Көктондыны Орхон
жазбаларымен байланыстырады.
Демек, Шәменұлы ауылы мен Жалағаш кенті ортасында айдау жолдың бойында
тұрған Көктонды обасын ерте орта ғасырларда Қаңлы мемлекетінен қалған белгі
деп есептейміз.
Жоғарыда айтылған Қаңлы мемлекетінің орталығы туралы әңгімеге оралатын
болсақ, Қытай жазбалары бойынша қаңлылардың билеушісі Битянь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Қызылорда облысындағы туризм
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
XX ғасырдағы жат мекен немесе жаңа өлке
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Кәсіптік оқыту әдістемесін талдау
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Пәндер