Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі


Мазмұны
Кіріспе . . .
Бірінші тарау.
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі.
I. 1. Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің зерттеуінің күйі . . .
I. 2. Оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің мүмкіншіліктері . . .
Бірінші тараудың қорытындысы . . .
Екінші тарау. Тәжірибелік -эксперименталдық
жұмыстың материалдары . . .
II. 1. Бақылау және қалыптастыру эксперименттеріне материал даиындау . . .
II. 2. Тәжірибе - эксперименталды жұмыстың материалдарын
өткізу және талдау. . . . … . . .
Екінші тарау бойынша қорытынды . . .
Қорытынды . . . Қосымша . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе.
Көкейкесті .
Қазіргі заманда біздің қоғамда адам факторының белсенділігі қоғамның әрі қарай дамуының шарттарының бірі.
Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептің алдында жауапкершілігі бар азамат дайындау мақсаты қойылады, олар өздері болып жатқандарды бағалай білуі және өз іс-әрекетін айналасындағы адамдардың іс-әрекетіиен сәйкес келетіндей қылу. Бұл мақсатқа жету бір қалыпты өнегелі қасиеті бар жеке оқушыны қалыптастырумен байланысты.
Бастауш мектептің мәні мен қызметі білім беру жүйесінде басқа білім беру сатыларымен тек қана ұштасып жатқан жоқ, оның бұл сатыда баланың қалыптасуы мен дамуына өте зор ықпал етеді.
Осыған байланысты, негізгі міндет болып оқушылардың зиялы, әсерлі, іскер, коммуникативті дайындығы қоршаған ортамен байланысуы (табиғатпен, басқа адамдармен, өз өзімен және т. б. ) болады.
Бұл көрсетілген нәтижеге жету үшін психикалық жане жеке даму бастауыш сыныптарда, ең бірінші, бастауышта білім беруде мақсатын түбегейлі өзгерту қажет: ең бірінші жоспарда мақсат қылып білім, білікті үйрету емес әр пән бойынша, осы уақытқа дейін болып келгендей, жеке тұлғаны тәрбиелеу керек білім беру негізінде.
Сондықтан білім беруде басты мақсатты орындау үшін мыналар қажет: қоршаған ортаға өзіндік көзқарс қалыптастыру, этикалық, эстетикалық және адами өлшемдерді меңгерту.
Білім беруде бастуыш сатыда ғылыми негізде мазмұнын жаңащалау үшін дамыта оқыту идеясы қойылып отыр, ол белгілі білік, дағды алуға білім беру қызметінде, өзіндік қоршағанортаға көзқарас қалыптастыруда, әр түрлі мәдени бөліктері мен түсінісуде, және жай баланың өзінің шама-шарқына қапай жетіліп - дамуында қажет болып табылады.
Бастауыш саты - білім беру ісін жеделдетуді қалыптастыру үшін өте қолайлы кезең, оқушының зиялы болып дамуының негізі болады. Оқу ісінің мазмұны мақсатты түрде қойылады, мақасатты түрде меңгеру оқушылардың ойын жүйеге келтіруі, сол бағытта ой қозғауы, жүйелеуі келеді. Осылай жеке тұлғаның негізгі психологиялық қасиеттері қалыптасады, мысалы еркін отыру, ой толғау, өзін-өзі бақылау, оқушылар жалпы әдістер меңгереді - өз бетінше қойылған оқу мақсаттарына жету, өз - өзін бақылау және өз - өзін бағалау.
Расында да қоғамның назарында бастысы адамгершілік тәрбие беру болып тұр. Қоғамдық өмірдің жан - жақты жедел дамуңына байланысты бұл мәселе көкейкесті мәселе болып тұр.
Қазіргі мектептің мұғалімдерінің максаты балаларды өз бетінше шешім қабылдай алатындай қылып тәрбиелеу болып тұр, іс-әректтерінің дұрыс болуын, өз-өздерін тәрбиелей алатындай қабілеттерін дамыту, өз қадамдарын бақылай алатындай қылу.
Қазіргі жағдайда, жедел немесе ойда жоқ әлеуметтік - саяси жағдайлар болып тұратын кезде тәрбие ісі бір талай қиындап тұр, келер ұрпақ бойыны қоғамдағы өзгеріс кезіндегі кемшіліктерді сіңіріп алып, күннен күнге қиындық туғызуда тәрбие жөнінде, адамгершілікті тәрбиелеу мәселесі, өнегелі мәдениет, өнегелі тәрбие бірінші орында тұр, өйткені ол адами тәрбиесін қалыптастыруда жастардың негізі болып тұр, қазіргі нарықтық заманда, тек қана дербесті, икемділікті, іскерлікті қажет етпейді, сондай-ақ жаңа тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді, бойында адамгершілік қасиеті бар, нарықтық экономикада адамға бейімделетіндей, адамның қажетін өтейтіндей.
Алға жылжу үшін соған сәйкес қоғамның адамгершілікті дамуы жүзеге асып отыруы керек екені, әсіресе келер ұрпақтың адамгершілік тәрбие алуы керек екені айдан анық.
Педогогикалық мәселелерді шешуде біз зерттеп жатқан мәселелер А. М. Архангельскийдің, М. Жұмабаевтың, Н. К. Крупскаяның, А. С. Макаренконың, Ы. Алтынсариннің еңбектерінде көрініс берді, онда адамгершілік тәрбиенің мағнасын ашатын негізгі ұғымдардың теориясы берілген, адамгершілік тәрбиенің принціпі, мазмұны түрі, әдістерінің әрі қарай даму жолдары көрсетілген.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі мәселесін шешуде жазушылардың, педагокикалық мұрасы талданған, көрнекті ғалым-педагоктардың еңбектер бар(М. М. Гей, А. А. Бронидзе, А. А. Калюжный, Т. Ф. Лысенько т. б. ) .
Бастауыш сыныптардың оқушыларының адамгершілік тәрбиесі-мұғалімнің күрделі мақсатының бірі. Бұл мәселені шешу үшін мұғалімге тек қана бастауыш сыныптың пәндерін ғана, оны беру әдістерін ғана біліп қоймай, өз іс-әрекетін адамгершілікті тәрбие беруге оқыту барысында бағыттауы керек. Оқыту барысында адамгершілік тәрбиесін беру мәселесін зерттеудугі көкейкесті мәселе осыған келіп тіреледі.
Ғалымдар Н. И. Болдырев, Ш. Уалиханов, И. С. Макоренко, Л. А. Матвеева, М. Жұмабаев т. б. адамгершілік тәрбие беруді әр -түрлі аспектіде зерттеген. Тек қана оқыту барысында адамгершілік тәрбие беру мәселесі зерттелмеген. Осыған байланысты, біздің зерттеудің мақсаты оқу процессінде адамгершілік тәрбиесін беруде теорианы тианақтау, және оқыту барысында адамгершілік тәрбие берудің ғылыми-тиянақты методикасын дайындау.
Бұл мақсатты шешуде біз осы істің теориясна сүйенеміз. Ал қандай болмасын іс - әрекет мақсатқа жетудегі іс - әрекет. (Г. И. Вергелес)
Зерттеу объектісі - бастуыштың оқушыларының іс - әрекеті.
Зерттейтін пәні - бастауыш оқушыларына оқу барысында адамгершілік тәрбиесін беру.
Болжау :
Оқу барысында адамгершілік тәрбиесі мынандай жағдайларда беріледі, егер:
а) оқушылар оқу тапсырмасын орындағанда берілген мақсат бойынша істейді;
ә) олар тапсырманы түсініп отырып орындайды;
б) алған тәжірибелерін оқу мақсаттарын шешуге қолданады.
Нақты мақсаттар:
а) осы мәселе туралы керекті әдебиетпен танысу;
ә) тәжірибе - дайындау;
б) тәжірибе - эксперименталды жұмыстарын жүргізу және оның нәтижесін талдау;
в) педогокикалық эксперименттер нәтижесі негізінде методикалық нұсқаулар дайындау. .
Жұмыста төмендегідей педогогокалық зерттеудің әдіс, тәсілдері қолданды :
а) ғылыми, психологиялық- педогогикалық әдебиеттер оқылды;
ә) бақылау;
б) педогогикалық экксперимент;
в) әңгіме.
Жұмыстың бірінші бөлімі оқу барысында адамгершілік тәрбиесін берудің теориялық талдауына арналған.
Екінші бөлімінде эксперименталды - тәжірибе жұмысы ашылады.
Соан кеиін қорту және методикалық нұсқаулар.
Жәнеде жұмысқа сабақтардың үзінділері бар материалдары бар қосымша енді.
I Тарау. Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық - педогогикалық негізі.
I. 1. Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің зерттеуінің күйі.
Мектеп келешек ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде негізгі бөлік болып тұр. Мектеп алдында келешек ұрпақта еңбекке дайындауға байланысты жауапты міндеттер тұр, ол еңбектің мәні ғылыми - техникалық революцияға байланысты өзгереді. Қазіргі оқу процессі оқушылардың тек қана білім алуына бағытталмайды, сондай-ақ өздігінен жылдам ағыспен келіп жаткан ғылыми және саяси жаңалықтар арасында жөн таба білуді қажет етеді. Бұл оқыту әдістерін өмір талабына сай қылуды талап етеді. Мектепте адамгершілік тәрбиесі еңбекпен тығыз байланыста іске асады. Баланың жас ерекшелігіне байланысты даму сатысында өзіндік ерекшелігі болады (ол ешқашан бір жақты болмайды) . Бастауыш оқушыларының тәрбиесінде бұндай ерекшелік адамгершілік тәрбиесі болады: балалар қарапайым адамгершіліктің өлшемін меңгереді, әр-түрлі жағдайда оны қолданудыүйренеді. Оқу процессы, өндіріс практикасы адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Қазіргі мектепте, білім мазмұнының көлемі үлкейген және құрылымы ішкі жағынан қиындаған уақытта, адамгершілік тәрбиесін беруде оқу процессінің рөлі күшейді. Адамгершілік түсінік мазмұн жағынан ғылыми білімге негізделген, оны оқушылар пәндерді оқу арқылы алады. Адамгершілік білімдерінің өзі жалпы оқушының дамуы үшін нақты пәндерді оқуда алған білімдерінен кем болмайды. Өзіміздің және шетелдің ғылыми әдебиеттерін зерттеу адамгершілік мұрат туралы, және жеке тұлғаның адамгершілік белсенділігі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Оқу процесінде адамгершілік білімге жүйелі түрде тарту жүріп жатады. Оны жинақтаудың маңызды көзі оқушылардың қоршаған ортамен танысуы болып табылады: туризм, қалаға экскурсия, өндіріске.
Оқушылардың сабақта алған адамгершілік өлшемдері туралы білімі, өз өмірлерінде байқағандары кеиде әр - түрлі және толық емес болады. Сондықтан бұл білімдерін қорытындылайтын нақты жұмыс жасалуы керек. Ол жұмыс әр - түрлі болуы мүмкін: бастауышта мұғалімнің әңгімесі, этикалық сұхбат.
Оқушылардың адамгершілік білімін қалыптастыру үшін сабақ барысының тек мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру да маңызды. Н. К. Крупская айтқан адам оқығанда да, еңбек еткенде де, ұжымда жұмыс істеп үйренуі керек. Ол үшін білім алудағы жұмысты ұжымдық қылу керек. Сабақ барысында ұжымдық, топтық жұмысты кез келген пәннен ұйымдастыруға болады, әсіресе еңбек сабағында, сарамандық, практикалық, факультатифтік жұмыстарда.
Бірақ, айта кету керек, мектеп практикасында бұндай жұмыстар аз жүргізіледі.
Оқу барысын, бағалауды, оқушылардың білім алудағы, жолдастары туралы ойларын дұрыс тұжырымдау жұмыстарын жақсы мұғалім балалардың өзінде, жолдастарының ол бала туралы ойы да оның жақсы жағын мойындайтындай ұйымдастырады. Бұл баланың ұжымдағы көңіл - күйін жақсартады, ал ол адамгершілік дамуының жақсы бір шарты.
Оқушылардың адамгершілік тәжірибесі тек қана сабақ барысында қалыптаспайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына оның қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы белсенді ықпал болады. Балалардың шамасы келген еңбек еліміздің пайдасына кетеді: оқушылар табиғат қорғайды, егін алуға көмекткседі, т. б. Отаны үшін еткен еңбек арқылы еңбектің өмірдегі маңызын түсінеді, еңбек адамдарын қадірлеуді үйренеді, халық байлығына қамқорлықпен қарауды үйренеді. Оқушылар қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыса отырып, өздеріне адамгершілік және саналы ұжым өмірінің әсерін байқайды.
Қазіргі уақытта мектепте адамгершілік тәрбиесін жүргізу ғылыми түрде дайындалған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Адамгершілікті қалыптастыру оқу барысында барлық сатысында жүргізіледі.
Тәрбие жұмысы оқушылар өздері шешім қабылдайтындай әр-түрлі жағдай туғызу арқылы іске асырылады. Оқушылар үшін адамгершілік жағдайлары қандай жаста болса да ешқашан үйрету түрінде, немесе бақылау түрінде болмауы керек, өйткен жағдайда тәрбиелік мәні кетеді.
Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі оқушылардың өз міндеттеріне дұрыс қарауы, іс-әрекеттің өзіне, басқа адамдармен ара қатынасынан байқалады.
Адамгершілік тәрбиесі үзілмейтін процесс, ол адам туғанынан басталып, өмір бойы жүргізіледі, адамның мінез - құлқының ережелері мен өлшемдерін меңгеруге бағыталады.
Бір қарағанда осы үзілмейтін процестің кезеңдерге бөлімбейтін сияқты. Соған қарамастан, бөлуге болады. Педогогика дәлелдеді, әртүрлі өмір кезеңдерінде, әртүрлі адамгершілік тәрбие жүргізу үшін мүмкіншіліктер болады. Сәби, жасөспірім және бозбала, мысалы, әртүрлі тәрбие қадамына әртүрлі қарайды.
Осы немесе басқа өмір сатысына адамның алған білімі мен жеткен жетістігі әрі қарай тәрбиесінің жетілуіне тікелей әсер етеді. Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесі басты орын алады, ойының дамуына, ой - өрісіне үлкен әсер етеді, еңбекке дайындығына, дене тәрбиесінің дамуына және эстетикалық талғамы мен қызығушылығына.
Адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігі сонда, оны өз бетінше жеке тәрбие процесі қыла алмаущылықта. Адамгершілік келбетті қалыптастыру әртүрлі іс - әрекет барысында жүргізіледі ( ойын, оқу ), жолдастарымен, өзінен кіші балалармен, үлкендермен ара - қатынаста қалыптасады. Соған қарамай, адамгершілік тәрбиесі мақсатты бағдары бар процесс, оның іс - әрекетінің нақты мазмұн жүйесі, формасы, педогогикалық әдіс, тәсілдері бар.
Адамгершілік тәрбиесінің жүйесіне қарап отырып, бірнеше аспектіге бөлуге болады. Біріншіден, мұғалім мен оқу ұжымының нақты педогогикалық міндеттерді шешуде. Тәрбие әсерінің сәйкестігі, сынып ішінде - барлық оқушылардың іс- әрекетінің бірлігі. Екіешіден, адамгершілік тәрбиесі арқылы оқу іс - әрекетін қалыптастыру тәсілдерін қолдану. Үшіншіден, адамгершілік тәрбие деп дәл қазір тәрбиеленіп жатқан адамгершілік қасиеттерінің өзара байланысы мен өзара әсерін түсіну. Төртіншіден, адамгершілік тәрбиесінің жүйесі деп баланың өсуі мен ой - өрісінің дамуының осы немесе басқа тұлғаның қасиетің дамуы деп қарау.
Сабақта үнемі мұғаліммен және достарымен араласқанда балада адамгершілік қалыптасады, өмірлік тәжірибесі молаяды. Бастауыштың оқушыларының уайымы, қунышы, ең бірінші оқуға байланысты болады. Сабақта тәрбие жұмысының негізгі элементтерінің бәрі бір ілесіп әрекет жасайды: мақсаты, мазмұны, құралы, әдісі, ұйымдастыруы. Сабақта барлық оқу процессі тәрбиелейді, тәрбиелік сәттер ғана емес.
Сабақта адамгершілік тәрбиесінің тиімділігі не нәрсе қамтамасыз етеді?
Сабақтың мазмұнының ғылымділігі мен саналығы, мұғалімнің жұмысының әдіс, тәсілдерінің көңіл - күйге қонымдылығы, мұғалімнің жеке басының адамгершілігі, оның оқытып жатқан материалға көзқарасы және т. б.
Мақалаларды оқып, талдау, әңгімелерді, өлеңдерді, ертегілерді оқулықтағы, балаларға адамгершілік тәртібі адамдарды түсініп, бағалауға көмектеседі. Балалар мақалаларды оқып, өз әлдерінше әділдік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық міндетке адалдық, адамгершілік және отан сүйгіштік туралы ой бөліседі.
Сабақта оқушылар арасында үнемі іскерлік, адамгершілік арақатынастар пайда болып тұрады. Білімді меңгеруде сынып алдында тұрған жалпы мақсаттарға жетуде, оқушылар бірімен - бірі араласады, әсерін тигізеді. Сабақтағы оқушылардың іс - әрекетіне байланысты мұғалім көптеген талаптар қояды: басқаларға кедергі жасамау, бір-бірін ұқыпты тыңдау назар салып, ортақ жұмысқа қатысу - сол тұрғыдан оқушылардың біліктілігін бағалайды.
Сабақта ортақ жұмыспен айналысқанда оқушыларда ұжымда қалыптасатындай арақатынастар қалыптасады. Бұл ең біріншіден, әр оқушыдан өз ісіне ортақ істей қарауға, басқалармен бірге ортақ мақсатқа жетуге тырысуға, бір-біріне көмектесуге және талап қоя білуге, өзіне сын көзбен қарауға, өзінің жетістіктері мен кемшіліктеріне оқулық мәліметтері тұрғысынан қарай білуге үйретеді.
Бұл мүмкіндіктер іске асуы үшін сабақ барысында мұғалім, балалар бір- бірімен араласытындай жағдай жасауы керек, балалардың тәртібі туралы сабақ үстіндегі айта беруді азайту керек сияқты.
Балалар бар сабақта да бір - бірімен байланыста бола алады. Балалар мысалдар, есептер жаттығулар, тапсырмалар ойлап табады белгілі бір ережеге, оны бір- бірінен сұрайды.
Әркім өзі таңдайды кімге сұрақ қойғысы келсе, не тапсырма бергісі келсе.
Бір партада отырған жұптар бір - бірінен есептер мен жаттығулардың шешімін сұрайды. Балаларға тапсырма ойлауды, одан кейін оны карточкаға жазуды, оны орындау жолдарын ойластыруды, сатылап жазуды тапсырады. Карточкаларды ортаға салады, тапсырмалар жинағы болып шыға келеді.
Мұғалім балаларға жолдасына міндетті түрде жүгінетіндей де тапсырмалар береді. Сабақта балалар нәтижелі жұмыс жасап, одан қанағат, қуаныш туындаса өзіндік ой-өрісінің дамуына әсер етсе, оқушылар бірігіп, тұйықтан шығып жатса, ол адамгершілік тәрбиеге себін тигізеді.
Тәжірибе көрсеткендей, егер үй тапсырмасының кейбір жерлерін бір топ балаға берсе, тәрбие мақсатына жетудің тиімді жолы болады екен. Үй жұмысын топта орындау жеке орындауға қарағанда өзгешелеу. Қайталауға арналған жаттығулар дидактикалық ойын немесе практикалық тапсырма ретінде болуы мүмкін.
Бастауыштың оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда тәртіптің негізгі болатын адамгершілік қасиеттерін дамыту ерекше орын алатын мәселе.
Бұл уақытта бала тек қана адамгершілік санатын меңгеріп ғана қоймайды, ол білімін басқалардың тәртібімен, іс- әрекетімен салыстырады, өз тәртібімен салыстырады.
Оқу барысында және адамгершілік тәрбиесінде бастауыш балаларының жоспарлаудың рөлін анықтауға В. В. Хромов, М. Жұмабаев, Л. А. Матвеева, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, И. И. Лобанова, сияқты ғалымдардың еңбегі арналған екен.
Өз зерттеулерінде олар тәртіпте адамгершілік жемісінің дамуына, бағалауға, адамгершілік тәртіпте өзін-өзі бағалауға назар аударған екен.
Мектепте тәрбие процесі сана мен іс- әрекеттің бірегей принцип дейді, өйткені тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуы оның іс-әрекет жасауына байланысты.
Қандай болсын іс - әрекетте адамгершілік нышаны болады, дейді Дробницкий О. Г. оның ішінде, оқу іс - әрекеті, психологтар айтқандай ол үлкен тәрбиелік мүмкіншіліктер береді.
Оқу іс - әрекеті бастауыш оқушылары үшін ең бірінші орында, сондықтан да бұл іс маңызды, олардың адамгершілік тәрбиесінде.
Осы кезде оқу ісі оқушының дамуына көп әсерін тигізеді, көп жаңа мәліметтер алуына себепті болады (Божович Л. И., Конникова Т. Е. ) . Бұл істе тек қана жаңа білім алынбайды, Тұлғаның адамгершілік қасиеті де дамиды.
Өлшемді процесстің нәтижесінде, оқу тапсырмасын жүйелі міндетті орындағанда бастауыш оқушыларында адамгершілік білімі қалыптасады, оқу ісіне тән, адамгершілік қатынас қалыптасады.
Оқу іс - әрекеті, бастауыш оқушыларының жасына қарай басты болып келеді, білім меңгеруді қамтамасыз етеді, нақты жүйеде, оқушылардың әртүрлі ой, адамгершілік қажет ететін жағдайларды шешу үшін жолдар, тәсілдер меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту, оларды өмірге, қоғамдық еңбекке дайындауда шешуші рөл мұғалімге берілген. Мұғалім оқушы үшін адамгершілік, адал еңбек етудің үлгісі. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде әсіресе орын алып тұрған оқушылардың адамгершілік мәселесі.
Адамгершілік - адамның қоғамдағы іс - әрекетінің өлшемінің негізгі бір жолы болып есептеледі.
Қоғамдық құбылыстарды сипаттау - ол әлеуметтік басқа жағдайлармен байланысын анықтау. Қоғамның дамуымен және тарихи өзгерістерге байланысты адамның өмірі де өзгереді, кебір тарихи кезеңдерде тәрбие мазмұны түбегейлі өзгереді.
Адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік аспектісі, ең бірінші, қазіргі кезеңнің дамуымен, біздің қоғамдағы өзгеріспен анықталады.
Адамдық туралы тек қана адамгершілік мұраттар хақында ойламау керек, шынын айтқанда, қалыптасқан адамгершілікті іс - әрекет бойынша да айтуға болады.
Тұлғаның адамгершілік тәрбиесі - ең қиын, көп қырлы процесс, педагогикалық және әлеуметтік құбылыстары бар. Бірақ адамгершілік тәрбиесінің процессі жекеше. Бұл ерекшелігі туралы кезінде А. С. Макаренкода айтқан.
Педогогикалық теория бойынша адамгершілік тәрбиесінің процессі бағытталған, сатыланған оқушылар мен педогогикалық ұжымның іс - әрекетінің бірегейлігінен тұрады. «Педагогикалық іс - әрекет» деген ұғымда оқушымен ұжымның оқу - тәрбие ісінен алған әсер жатады.
Осы әсерлерде, оның нәтижесі де, көзқарас пен тәртіпте байқалады, олар байланысты және жанама түрде де, тікелей де оқушының жеке басына әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесінің құрылымының маңызды компоненті болып, А. Н. Леонтьев айтқандай, процестер болып есептеледі, бір - біріне қарама қарсы келгендей. «Олардың бірі, - дейді ол, -заттың тірі жүйеге әсер ету процесі, екіншісі - сол жүйенің сол әсер ететін нысанамен белсенді арақатынас жасауы. »
Педагогикалық іс - әрекеттің сапалы жағы адамгершілік тәрбие процесінде оның күші мен табандылығында көрінеді, ал тұлғаның келбеті мен мінезінің өзгеруінің сапалық жағы оның сенімімен байқалады, әртүрлі іс - әрекетте, мінезде, тәртіпті байқалады.
Адамгершілік тәрбиеси процессінің ерекшелігі сол, ол ұзақ және үзіліссіз болады, ол нәтижесін көру біраз уақытты қажет етеді.
Адамгершілік тәрбиесі процессінің белгісі болып жинақтау құрылымы табылады: тәрбиелік мақсатқа жету аз деңгейден басталып, жоғарырақ деңгеймен бітеді. Мақсатқа жету үшін, бірте -бірте қиындайтын іс - әрекет түрлері қолданылады.
Бұл қағида оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іске асады.
Адамгершілік тәрбиесі процессі тез дамитын және шығармашылық болатын нәрсе: мұғалімдер ыңғай оған бір нәрсе қосып отырады, тәрбие процессін ұтымдырақ қолдану үшін, Н. К. Крупская айтқандай, «әр ұстаздың сол жанды материалды білуіне өзі жұмыс жасап жатқанға байланысты, ол оқушыны жақсы біліп, зерттеп алуы керек».
Адамгершілік қалыптастыруды қамтамасыз ететін, оқушының тұлғасын дамытатын барлық факторларды үш топқа бөлуге болады: табиғи және биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық. Қоршаған ортамен байланыста, бағытты әсер ету арқылы оқушы адамгершілікті тәртіптен тәжірибе жинайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz