Көне қытай тілі және қазіргі қытай тілінің қытай әдебиетіне ықпалы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ(Жұмыстың жалпы сипаттамасы) . . . 4

1 ҚЫТАЙ ӘДЕБИЕТІНДЕ ҚОЛДАНҒАН ТІЛДЕР

1. 1 Көне қытай әдеби тілі-Вэньянь . . . 6

1. 2 Жаңа заман қытай әдеби тілі - Байхуа . . . 14

2 XIX ҒАСЫР МЕН XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚЫТАЙ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘДЕБИ ТІЛ РЕФОРМАСЫ

2. 1. 5-май жастар көтерілісінің жаңа заман қытай әдебиетіне ықпалы . . . 22

2. 2. Таяу заман осы заман әдебиеті және таяу заман, осы заман әдеби тілдері . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қытай тілі - көне тіл және бай өркениетті тілдердің бірі. Қытай тілі - сино -тибет (қытай - тибет) тілі отбасының маңызды окілі. Қытай тілінде елдің 90% сөйлейді, сонымен қатар тіл Индонезияда, Лаоста, Въетнамда, Камбоджада, Мьянмада, Малайзияда, Тайландта, Сингапурда және де 1989 жылы көрсеткіш бойынша қытай тілінде сөйлесушілер саны «үлкен» қытайды қоспағанда Тайвань, Макао (Аомын) және Ганконг (бүгінде Сянгах ҚХР құрамында) елдерінде 500 млн-ға жетті [3. 115]

Қытай жазба тілінде көптеген ғасырлар бойы көршілес Корей және Жапония секілді туыстас емес тілдер қолданып келді.

Қытай тілі - қытай ұлтының қалыптасуымен дамыған тілі, әрі қытай халқының қалыптасуына қытай мәдениетінің таралуына үлкен үлес қосқан.

Қытай халқының тұрғындары көп болып қытай тіліні қолданғандықтан, қытай тілі мемлекеттік әрбір ұлт арасындағы ортақ қарым - қатынас тіліне айналды.

Сондай - ақ әлемдегі тұрғындардың кәсіби қолданатын тілі. Қазіргі қытай тілі таяу заман қытай тілінің мұрагері.

Ол Пекин тілі бейнелейтін сол диалектінің негізінде қалыптасып дамыған. Қытай әдебиеті әлемде ерекше орында турады. Өйткені, қытай әдебиеті өте ұзақ және біз қытай әдебиетінен көптеген философиялық ағымдар, дүниеге көзқарастарды таба аламыз. Қытай әдебиетінің ақындарын бүкіл дүние таниды. Біз Конфуций, Сыма Цянь, Ли Бай, Ду Фу, Ван Вэй, Лу Шун сияқты жазушыларды естігенбіз. Өйткені олар «Ши Цзин», «Батысқа сапар», «Үш патшалық қиссасы», деген сияқты шығармалардың авторлары. Әдебиеті ұзақ болғандықтан қытай әдебиеті дәуірлерге бөлінеді. Қытай әдебиеті 3 үлкен дәуірге бөлінеді: Көне дәуір әдебиеті, Жаңа дәуір әдебиеті, Осы заман дәуірі әдебиеті. Біздің диплом жұмысымыздың негізгі тақырыбының өзектілігі халықтық тілдің жаңа заман қытай әдебиетіне болған әсерін түсіндіру.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Көне қытай тілі және қазіргі қытай тілінің қытай әдебиетіне ықпалын зерттеді.

Диплом жұмысының мақсаты. Қытай әдебиетінің тарихында қаламгерлердің шеберлік қырларын ашу, шығармашылық әдіс-тәсілдерін айқындау - әдебиеттану үшін зәру мәселелердің бірі. Диплом негізінен жаңа заман қытай әдебиетінің шығармашылық даралығын, көркемдік тәсәлдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды, жазушылық ізденістерін, мазмұндық бірлгі мен түрлік ерекшеліктер ұйлесіп, кытай прозасында тілдің қолданыстың ерекшелгін айқындауды мақсат тұтып отыр.

Диплом жұмысының міндеттері

Сонымен бірге жаңа заман қытай әдебиетін қарастырып, ғылыми талдау жүргізу барысында төмендегідей міндеттерді орындау көзделді.

Қытай әдебиетіні 3 кезеңге бөліп оқытылу тарихын бағамдау;

Халықтық тілдің қызметін нақтылау;

Жаңа заман қытай әдебиетінде халықтық тілдің қолданылу сипатын нақтылау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыс қытай әдебиетіндегі халықтық тілдің функциясын қарастыратын ғылыми еңбек болғандықтан, мұнда мүмкіндігінше қытай әдеби тілінің тарихы, байхуаның әдебиетте қолданылуы, маңызы мен ерекшеліктері нақтыланып, түсіндіріледі.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы. Жұмыста берілген негізгі материалдарды жоғарғы оқу орындарында, қытай әдеби тілдерін толық меңгеруде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Бітіру жұмысын жазу кезеңінде қазіргі әдебиет білімінде қалыптасқан негізгі принциптер мен ғылыми әдіс-тәсілдер қолданылды. Яғни, баяндау және талдау, салыстыру, сараптау, семантикалық талдау әдістеріне және аудару тәсілдеріне иек арттық. Сондай-ақ, жалпы тіл білімінде қолданылатын лингво-стилистикалық әдістер басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын қытай әдебиеттерінен және интернет тағы сол сияқты құжаттардан (дереккөздерден) толықтай зерттеліп өз дәрежесіне жетті.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қытай әдебиетінде қолданған тілдер

1. 1 Көне қытай әдеби тілі-Вэньянь

Тіл- қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.

Адам баласы қоғамы пайда болғаннан бepi тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет eтіп, оның дамуымен бipгe дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің дамуына әсер етпей тұра алмайды. Бipaқ әр түрлі қоғамдық құрылыстың тілдің дамуына әcepi бірдей емес.

Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бipaқ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының iшкі заңдары бойынша icкe асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы қате көзқарастар болды.

Сонымен, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі негізге алынады. Тіл - тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бipгe ойлаудың, ойдың, жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тілі арқылы, тілдегі сездер мен сейлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады.

Тіл - белгілі қоғамға немесе ұлтқа тәуелді бір ұлттың ұлттық тілі болады. Қытай ұлтының тілі қытай тілі, ол қытай ұлтының қалыптасуымен дамыған тілі, әpi қытай мәдениетінің таралуына үлкен үлес қосқан. HAN ұлтының тарихы өте ұзақ. Бұл - қытай тілі тарихының ұзақтығын білдіреді. Мейлі көне дәуірдегі хан ұлтының тілі болсын немесе қaзіpгі заман қытай ұлтының тілі болсын барлығы қытай тілі.

Қытай - көп ұлтты мемелекет. Han zu-дан басқа 55 аз санды ұлттар бар. Әpбip ұлттың көпшілігінің өз тілі бар. Тұрғындардың көп бөлігі - қытай тілін қолданады. Қытай тілі мемелекеттегі әpбip ұлттың арасындағы ортақ қарым-қатынас тіліне айналды, сондай-ақ әлемдгі тұрғындардың көбісі қолданатын тіл.

Қaзіpгi қытай тілі таяу заман қытай тілінің мұpaгepi, ол Пекин тілін бейнелейтін солтүстік диалект негізінде қалыптасып дамыған. Таяу заман қытай тілінің тарихи дамуынан Song династиясынан кейін, солтүстік тілдердің негізінде екі түрлі бағыттың бар екенін көруге болады:

1. Әдеби тілде көрінеді, яғни Bai hua әдеби тілінің пайда болуы және дамуы;

2. Ауызекі тілде, яғни Guan hua-ның әрбір диалектінің аудандарға eнyi.

Қытай жазуы-әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бipi. Ол өpici қытай қоғамының дамуында, өpici қытай тілінің өркендеуінде көрнекі рөль атқарып келген тарихтан белгілі.

Қытай жазуы-иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамыған түрі болып есептеледі. Қазіргі қытай жазуында бір иероглиф белгілі мағынасы бар, бір сөзді немесе сол сөздің маңызды бөлшегін таңбалау үшін қолданылады. Фонетикалық заңдылықтар бойынша бір иероглиф бір буынға тең, ал буын қытай тілінің морфологиялық мағынасына ие, демек әрбір буын бір сөздің немесе бір морфеманың дыбыстық қанқасы болып табылады. Сондай-ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан, тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасауға тура келген[ 1. 15]

Қытайда XX ғасырдың басына дейін қолданылған қытайдың жазба тілі. Иероглифтік жазу сөздің айтылуын емес мағынасын көрсеткендіктен, Вэньянь ескі қытай тілінің синтаксис және морфологиялық нормаларын сақтап қалды, нәтижесінде XX ғасырда ауызекі қытай тілі байхуадан қатты ерекшеленді. Вэньянь- өзінің ресми мәртебесін 1919 жылдың 4 майында студенттер қозғалысынан кейін жоғалтып алды, қатысушылар онда Вэньянді қолдамай, байхуа тіліне өтуді талап етті. Сонда да қазіргі қытай тілінде Вэньяннің көптеген элементтері сақталып қалған.

Кітаби тіл . Испан тілі француз тілінен айтылуы бойынша ерекшеленсе, қытай диалектілері өз ішінде бір сөздің бір дәрежеде өзгеше айтылуымен ерекшеленеді, алайда олар ешқашан түрлі тілдер болып есептелмеді - бастысы ортақ бір кітаби тіл бар, ол Вэньянь деп аталады және осы уақытқа дейін жалғыз жазба тілдің жан-жақты қолданылған түрі болды. Алдында айтылғандай диалектілер бірінші кезекте айтылуы бойынша ерекшеленеді азырақ лексика, ал ең кіші көлемде грамматикасы бойынша өзгешеленеді. Вэньяннің өзгеше айтылу ережесі жоқ, алайда лексикамен грамматика барлық жерде ортақ, бірдей сол үшін Вэньянда мәтін авторы қайдан екенін анықтау мүмкін емес, егерде оны дауыстап оқымаса. Бұл ерте ортағасырдағы кезеңде Еуропада ұлттық тілдер пайда бола бастап, алайда ғалымдар латын тілінде жазуды жалғастырып, әр адам латынша айтылуымен оқып өзінің тіліне сай сөйлеген жағдайды еске түсіреді. Бірақ Вэньянді тек ғалымдар ғана қолданбады, ол басқару органдарында және бизнесте, көбіне газеттер мен кітаптарда, жеке жазбаларда қолданылды. XX ғасырдың бірінші жартысында жазба қатынаста «ортақ түсінікті тілі» путунхуа (оның негізінде байхуа бар-солтүстік диалектілердің ауызекі сөйлеу тілінің көрсетуші жазба тіл) пайда болды, дегенмен Вэньяннің маңыздылығы тек ортақ бір ұлттық жазу жүйесінде қолдануы емес сонымен бірге жалпы әдебиеттің жиынтық өнімі, лексикасы стиліне бағынса да, автордың болуынан аз өзгереді. Сондықтан оны иероглифсіз жазса да, ол бүкіл ел үшін ортақ тіл болып қалар еді (әр түрлі айтылуы бойынша), дегенмен иероглифтің жазба сөзсіз оның бірлігінің сақталуына себеп болды. Вэньяннің бұл аспекісі сауатсыз немесе соқыр болжаушылар мен әңгіме айтушылар ешқашан иероглиф оқымаса да, epкін түрде классика мен мақал-мәтелдерді Вэньянда жаза және оқи алатын адам сияқты айта береді. Мектеп оқушылары мен студенттер Вэньянда шығармалар жазғанда, ритмді табу үшін сөздерін, сөз тіркестерін алдын ала бірнеше рет айтып алатын, өйткені Вэньян тілінде айтылу әдістері ритмге байланысты. Вэньянда ешкім әңгіме жүргізбейді (қысылған телеграфты стиль ретінде түсінікті болуы, омоним сөздер айтылуға болатын иероглифпен жазылуы (ауызекі) сөйлеу тілінің біркелкі, етпейді) бipaқ оны практикалық мақсаттарда кеңінен қолданады. Вэньяннан түбip сөздерді қaзіргi өмірдің түрлі сферасы үшін терминологияны жасау үшін алады және дәл солай көптеген жаңа терминдер пайда болды. Қазір де қытай тілінің сөздері болып табылады, олар сөйлеу немесе Вэньян тілінде вэньянизмдерді белсенді қолдануға алынған[2. 450] .

Қытай жазбасы. Көне қытай жазулары. Қабырғалар және сүйектерден табылған және б. э. д. XIVғ. жатады. Keйбip белгілер бұл жазуларда заттарды және түсініктерді бейнелеп, пиктограмма немесе идеограмма болғанымен, көп белгілер көне заманда нақты сөздерді жазуда қолданылды. Мысалы, eкі сызықтан құралған белгіде ег cөзі жазылады, бірақ liâng емес, дегенмен eкeyi де «eкіні» білдіреді; иттің бейнесі келтірілген белгі qüan cөзін жазуда қолданылады, бipaқ göu сөзіне синоним емес.

Иероглиф құратын сызықтарды жазу стилі бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен (жазу туралы да нәтижесінде өзгерді), көптеген иероглиф құрылымы Цинь дәуірінен (б. э. д 221-206) негізінде өзгерістерге ұшырамады, б. э. д. ІІІ ғасырдан бастап иероглифтер қaзіргі кездегі жазуға ұқсай бастады. Қазірде 3 топқа жатқызылатын иероглифтің алты категориясы пайда болды:

1) пиктограммалар және идеограммалар (1500 иероглиф шамасында) . Оларға көне қарапайым белгілер жатады (мысалы, mü "ағаш"; sân "үш") сонымен қатар құрама белгілер. Олар абстракті мағына береді (мысалы, nа́́n "ер адам", tiân "дала, өріс" және li "күш"деген сөздерден құралған, мағынасы әр адам далада өз күшін пайдалана алады. ) ;

2) фоноидеограммалар (фонограммалар) Қазіргі иероглифтердің көп бөлігін құрайды. Бұлар кілттерден тұратын сөз мағынасы немесе морфема туралы тусінік беретін қиын белгілер. Фонетиктердің айтуынша, белгінің айтуына жақын мысалы, "бас" екі кілттен құралады, уё "бас" және dо̀̀u "боб" фонетикасы. Қытай тілі сөздіктерінде иероглифтер әдетте кілттері бойынша орналастырылады, олардың саны 214;

3) "Кірме" иероглифтер - түрлі құрылым белгілері, басында анық бip сөзді кұруға арналған, кейін басқа сөздерді жазуда қолданылған.

Мысалы, wà̀n баста сарышаян бейнесінде болып, бірақ кейін дәл солай айтылатын wà̀n "1" мағынасындағы сөзге қолданған.

Жоғарыда келтірілген типтердің 1 және 2 категориясы қытай жазуының сипатын европалық тұрғыдан қарастырылған. 3 категория жазу тарихы бойынша маңызды, оның айтылуы және фонетикасының қолданылуы негізгі мағынасынан тәуелсіз - бұл алфавитке жету жолының бірінші қадамы. Келесі логикалық қадам, шынында ешқашан жасалмаған, әр буынның бір иероглифпен жазылуы буын бойынша жазуға алып келеді. Бірақ фонетикалық жазба тілдің дамуындағы бағыт кең тараған фонограмма арқылы тоқталынды, қазірде оған бүкіл иероглифтің көп бөлігі жатады.

Сонымен бірге 2 категорияны да атап өткен жөн, олар дәстүрлі классификация бойынша жіктелмейді. Олардың бірі - "кеңейтілген" иероглифтер категориясы. Мысалы, са́і "материал" фоноидеограмма, негізгі mù элементі "ағаш" және са́і "талант" фонетикасынан құралған. Бірақ "талант" және "материал" арасында мағынасы байланыс бар және "кеңейтілген" иероглиф "материал, табиғи жабдықтар" деген кең мағынаға ие[8] .

Иероглифтер саны түбір сөздердің санын көбейту нәтижесінде иероглифтер формасының нұсқалары көбейді, оның ішінде сызықтар мен басқа графикалық нұсқаларын айтпағанда, иероглифтің саны бойынша ең үлкен сөздікте 50 мыңға жуық иероглиф бар. Телеграфты код анықтағышта әр иероглифте 4 арабша цифр үйлесімі (- ден - -га дейін) бар, әрине 10 мың иероглифпен шектеледі бірақ оған кеңінен қолданылатын иероглифтер еңгізілген кейбір жеке емес жалқы есімдер атауынан басқа көптеген жалқы есімдер атауы қарапайым иероглифтен құралған. Қазіргі газеттерде 6-7 мың иероглиф қолданылады.

Ауызекі тілінде әдебиеттің қозғалысына тілді қолдану мақсаты қойылған, бұл тілдің күнделікті өмірде қолданады және оны Вэньяннің орнына байхуа деп атайды. Әуел баста Вэньянді Ху Ши 1917 жылғы қозғалыста байхуаны қолдануды ұсынбағанға дейін мәтіндерді жазуда қолданылған жалғыз тіл ретінде қабылданған. Таң әулетінің дәуірінде буддалық өсиеттер (618-907) және кейбір Сун әулетінің (960-1269) кезеңінде философиялық мәтіндерді есепке алмағанда, барлық жазулар ауызекі тілінде жергілікті халықтың әйгілі әңгімелерімен шектелді. Енді байхуа тілінде кітаптар мен кезеңдік басылымдар жарық көріп, Вэньянді ығыстырып тастауда.

Үшінші процесс - жазу реформасы. Жазудың қытайша жүйесі б. э. д. ІІ ғасырдан радикалды құрылымдық өзгерістерге ұшырамады. Бәрі бір негізді болған сөздер Вэньянь жазуы үшін қолайлы иероглифтерде болды. Байхуаның таралуы мен сөздердің фонетикалық өзгерістерінен көптеген екі фонетикалық ерекшеліктер жоғалды және Вэньянь тілінде ешқашан қытай диалектісін қолданушылар сөйлемейді. Алайда байхуа тілінде иероглифтерде молшылық пайда болды. Мысалы, zhōng «адал, өте берік» иероглифі zhōng жэне хīn «жүрек» сөзінен құрылған, графикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мұндай сөз естігенде түсінуі біркелкі емес, сондықтан байхуада «адал» сөзі zhōng хīn (жүрегімен адал) болады, оны естігенде түсінікті[9, 196] .

Осылайша байхуаны көптеп қолдану жазбада қосымша себеп тудырады-иероглифтерді оқу қиындығынан бөлек, жазбаны фонетикалық жүйесін жасау. 1910 жылдан осы күнге дейін сауаттылық үшін түрлі науқандық күрестер жүргізілуде, әдетте путунхуаны оқыту мен біріңғайлы стандартты айтылу оқуға үйрету бар. Осы мақсатта иероглиф оқуды, жазуды 37 ұлттық фонетикалық белгілер жүйесін қолданды, ол қытай иероглифтері ерекшеліктері негізінде жасалған. Осы күнге дейін қытайда ешбір үкімет басындағылар тұсында ешбір ресми акция иероглиф орнына фонетикалық жүйені шұғыл түрде қабылдауды мақсат етіп қоймады, сонда да жеке адамдар мен билік басындағылар реформаға дайындық қадамдарын жасады. Дәл осы уақытта иероглифтердің жазылуын бекіту шаралары қабылданып жатты, олар графикалық құрылымын реттеуге үнемі мүмкіндік берді.

1960 жылы және 1970 жылдары көп негізді сөздер оқыту тенденциясы шет елдің терминдердің енуімен Вэньянь көптеген саяси ұрандардың пайда болуына негізгі бұлақ көзі болып жұмыс істей берді. Иероглифтердің жазылуын нығайту біраз қиындықтармен жүзеге асты. Оның орнына путунхуа сәтті қолданыла бастады, дегенмен ешқашан өз алдына күнделікті ауызекі тілде жергілікті диалектілерді ауыстыру мақсатын жүзеге асырмады. Адамдар путунхуада сөйлегенде, жергілікті халықтың сөздерді түрлі айтылуы байқалады. Путунхуа мемлекеттік тілге айналғаннан кейінгі процестерге түрлі мемлекет басшыларының тілге әсерін тигізгеннен кейін, бұл тіл Пекин диалектілерімен тығыз байланысты жоғалтады.

Пиньинь жүйесіндегі жоғарғы назар ҚХР-да 1979 жылғы оны шетелде жойылуына арналған публикацияларда қолдану шешімі қызықтырды. Ұзақ мерзімді ҚХР-ның перспективасында иероглиф пиньинмен ауыстыру мақсаты қойылған, ол жалпы қабылданған қытай жазуының жүйесі болуы тиіс.

Конфуций уақыты кезінде Вэньянь қалыптасқан еді. Бәріне тіл қолайлы еді. Қысқа, тыныс белгілері жоқ, қарапайым болғаны соншалық қазірде қытайлықтар Вэньяннің кейбір белгілері бойынша бастарын қатыруда, бірақ өкінішке орай бұл тіл ауызекі қарым-қатынасқа жақсы сәйкес келмейді. Қытайлықтардың өзі Вэньянь тілінде сөйлемеді, тек таныс ортақ классикалық мәтіндерін қолданды. Қарым-қатынас жасауда бір негізділік кедергі болды. Бұл мағынада орта ғасырларда еуропалықтарға оңай болды. Олар тек латынша жазып қоймай, сонымен біргe кездесулерде ғалымдардың сөздерімен алмасты. Латынша бip сөзбен алмасып бірден оқыған адам екенін түсінуге болатын. Вэньянда фразалармен алмасу мүмкін еді, тек ғалымдар тілінде емес. Сонда қытайлықтардың eкі тілі болғаны-бірі ауызша сөйлеуге арналған, ал Вэньянь - жазуға өлеңдер шығаруға классикалық канондарды айтуға арналды. Чжоу уақытында ауызекі және жазба тілді бөліп қарастырып, салты және ұлттық тілді, қарым-қатынас тілін император немесе жергілікті халықтық тілі деп есептеу салты болды[3. 255] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Классикалық араб әдебиеті
Қытай ақын-жазушыларының ішкі соғыс кездеріндегі еңбектері
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Исламияттың Түркістанда таралуы және Иран мәдениеті
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Қазақстан жерін мекен еткен көне түркі тайпаларының мәдени дамуы
Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz