Іскерлік ойындардың түрлері
1. Лекцияның тақырыбы: Іскерлік ойын
2. Лекцияның тақырыбы: Іскерлік ойындардың түрлері
3. Лекция тақырыбы: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдану
4. Лекция тақырыбы: Ұлттық ойындар және оның әдістемесі
5. Лекцияның тақырыбы: Ойынды ұйымдастыру әдістемесі және оған педагогикалық басшылық.
6. Лекцияның тақырыбы: Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
7. Лекцияның тақырыбы: Сюжетті . рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі.
8. Лекцияның тақырыбы: Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану тиімділігі
9. Лекцияның тақырыбы: Қимыл.қозғалыс ойындары

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті. С. Торайғыров «балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын пәнді тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысу керек. Оған бейімделген оқушы сабақтың қызықты түрде өтетінінің нәтижесінд тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады. Әрине, бұл талапты күнделікті жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп еңбектенуііне, ізденуіне тура келеді. Өтетін тақырыпқа байланысты көрнекілікті дайындау, ойын түрлерін ойластыру, ол ойында қолданылатын материалдарды дайындау оңай жұмыс емес екені мәлім. Сондықтан мұғалім өз жұмысына барынша беріліп, бар уақытын, күш жігерін жұмсауға тиіс.
Қазіргі кездегі қолданып жүрген жаңа технологиялардың ішіндегі М. М. Жанпейісованың ұстанымдары басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның элементтерін сабақта қолданған тиімді, жақсы нәтиже байқатады.Ойын технологияларында қолданған дұрыс. Осы аталған теънологиялар бірін бірі жоққа шығармайды, өзара ұқсастықтары бар. Бұл инновациялық интерактивті оқыту технологиялары жеке тұлғаның белсенділігін, талабын және өз бетінше дербестігін оқу процесінде мейлінше жүзеге асыруға, қолдануға бағытталады.
Сабақта диалогтік бөлімнің оқу модуліндегі қазіргі кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері «Қарлы кесек», «Брейн ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт» т. б. ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Мысалы: «Табиғат», «Еңбек», т. б. тақырыптарына «Даналық ағашы» ойынын жиі қолданса, «Тазалық», «Денсаулық» тақырыптарына «Аквариум техникасы» деген ойынды өткізу тиімді. Себебі үш топқа бөлінген сыныптың «делегаттары» өз көзқарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы «Өзім» деген седімін, қабілетін қалыптастырады.
Жеке топтық жұмыс түрлерін сабақта қолдану тиімді. Себебі олар деңгейлік тапсырмаларды орындауға негізделген.
Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда «Қатесін тап» ойыны қолданады. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер тақырыпқа байланысты әр түрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой пікірін ортаға салып, өз көзқарасын қорғайды.
Мәтінмен жұмыс «КВН» ойыны, «Сиқырлы сандық», Шеңбер бойынша мәтіннің мазмұнын айт», «Сурет арқылы мәтін құрастыр», «Мені дұрыс түсін», «Сөз тіркесінен ситуатция құра», «Даналық ағашы» ойындары арқылы өтеді.
Бұл ойындардың барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады.
Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары. Топтардың нөмірлері, жетондар,т.б. ойынға керекті заттар түрлі түсті қағаздан дайындалады.
Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойынға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ол оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Бұл жағдайда мектеп басшылығынан мұғалімдерге көмек қажет, компъютер, техникалық құралдар, үлестірмелі материалдар болуы тиіс.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму барысында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан,жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып,тұлғаны қалыптастыруға болады.

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Лекцияның тақырыбы: Іскерлік ойын
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті. С. Торайғыров
балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қай
сабақ, қай тақырыпқа болмасын пәнді тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып,
алдын ала дайындалуға тырысу керек. Оған бейімделген оқушы сабақтың қызықты
түрде өтетінінің нәтижесінд тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды,
оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады. Әрине, бұл
талапты күнделікті жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп еңбектенуііне,
ізденуіне тура келеді. Өтетін тақырыпқа байланысты көрнекілікті дайындау,
ойын түрлерін ойластыру, ол ойында қолданылатын материалдарды дайындау оңай
жұмыс емес екені мәлім. Сондықтан мұғалім өз жұмысына барынша беріліп, бар
уақытын, күш жігерін жұмсауға тиіс.
Қазіргі кездегі қолданып жүрген жаңа технологиялардың ішіндегі М. М.
Жанпейісованың ұстанымдары басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның
элементтерін сабақта қолданған тиімді, жақсы нәтиже байқатады.Ойын
технологияларында қолданған дұрыс. Осы аталған теънологиялар бірін бірі
жоққа шығармайды, өзара ұқсастықтары бар. Бұл инновациялық интерактивті
оқыту технологиялары жеке тұлғаның белсенділігін, талабын және өз бетінше
дербестігін оқу процесінде мейлінше жүзеге асыруға, қолдануға бағытталады.
Сабақта диалогтік бөлімнің оқу модуліндегі қазіргі кеңінен қолданыла
бастаған ойын түрлері Қарлы кесек, Брейн ринг, Даналық ағашы,
Бақытты сәт т. б. ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Мысалы: Табиғат, Еңбек, т. б. тақырыптарына Даналық ағашы
ойынын жиі қолданса, Тазалық, Денсаулық тақырыптарына Аквариум
техникасы деген ойынды өткізу тиімді. Себебі үш топқа бөлінген сыныптың
делегаттары өз көзқарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің
берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы Өзім деген
седімін, қабілетін қалыптастырады.
Жеке топтық жұмыс түрлерін сабақта қолдану тиімді. Себебі олар
деңгейлік тапсырмаларды орындауға негізделген.
Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда Қатесін тап
ойыны қолданады. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер
тақырыпқа байланысты әр түрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық
танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой пікірін ортаға салып, өз
көзқарасын қорғайды.
Мәтінмен жұмыс КВН ойыны, Сиқырлы сандық, Шеңбер бойынша мәтіннің
мазмұнын айт, Сурет арқылы мәтін құрастыр, Мені дұрыс түсін, Сөз
тіркесінен ситуатция құра, Даналық ағашы ойындары арқылы өтеді.
Бұл ойындардың барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы
бағаланады.
Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды
көрнекі, түрлі түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары. Топтардың
нөмірлері, жетондар,т.б. ойынға керекті заттар түрлі түсті қағаздан
дайындалады.
Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны
осындай ойынға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ол оқытушыдан
білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол
дайындықты қажет етеді. Бұл жағдайда мектеп басшылығынан мұғалімдерге көмек
қажет, компъютер, техникалық құралдар, үлестірмелі материалдар болуы тиіс.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму барысында жан - жақты дамыған
сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың
баянды болуы оқу ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
бастауыштан басталғандықтан,жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып,тұлғаны қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл - ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта- ықылас қоюына
баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамытады. Өмір
тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін дамыттырады. Міне
сондықтанда ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе
оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып
көрсетіледі,қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық оңай жолмен, қажеттілер
қызық жолмен беріледі.
2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін - заттар мен әрекет,
сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені
болжауға негізделеді.
3. Ойын - болжамдар.Бұл ойындар Не болар еді?, Мен не істер едім,
егер... деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны
балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуатцияны қоюда
ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс
есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын -жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.Жұмбақтар салыстыру,
теңеу және сипаттау арқылы ұжымның қызыметтері ажыратуға тәрбиелейді,
оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым қатынасына негізделеді. Бұл қарым қатынас
ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы олар
эмоционалъдық түрде белсендіреді, өзара әрекет жасауға, бірлесіп
ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс- әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс- әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс- әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс- әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
5. Ізденіс іс- әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік- рөлдік ойындар .
2. Жаттығу ойындар.
3. Драммалық ойындар.
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби - музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес
мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,мүмкіндігі және қызығуы анық
байқалады.Ойын мазмұны мен түріне қарай:мазмұнды -бейнелі,қимыл
-қозғалыс,дидактикалық,құрылыс,кейі птендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге
тырысады,оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау
үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс- әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс- әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым -қатынасын
реттеп,олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп,қимылын,дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады,көркемдік сабақтардан алған білімдерін пайдаланады,
қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдейлейді,қағаздан жасалған
заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды -бейнелі ойынның
ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын
өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Құрылыс ойынында - бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларын бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриясы орналастырып оларды көлемі, биіктігі
бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн
ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған
құрылыстарының сапасына баға береді.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты
үрдістер дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне,
түсіне, көлеміне қарай іріктеугеіәр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек - бөлек суреттерді
пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен
тапқырлық көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ептілігі, қимылдық әдемілігі дамып
қалыптасады, кеңістікті,уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық,
қайраттылық, достық, жолдастық көмек, ойын ережесіне бағына білу сияқты
адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға,
жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын
ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың
адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ойынның бала өміріндегі рөлі
2. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлерін ата?
1. Танымдық іс- әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
4. Құрылымы бойынша ойындарды қандай түрлерге жіктейді:
5. Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жіктемелерді
ата?
Лекцияның тақырыбы: Іскерлік ойындардың түрлері
Лекцияның мақсаты: Іскерлік ойындардың түрлерімен танысу. Оларды
ұйымдастыра білуге және жүргізу әдістемесін меңгеру.
Жоспары:
1. Бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойындар.
2. Ойынның теориясы мен маңыздылығы
3. Тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы зерттеулер
4. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның түрлері
5. Дамытушы ойындарға қойылатын талаптар
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Білім бастауыш мектептен басталады. Тәрбиелікке оқыту үшін осы
мектепке арналған бағдарламаны басшылыққа алу керек.
Бағдарламаға сүйене отырып, баланың психикалық дамуы, өмірге
көзқарасы, оқушылардың бір бірімен қарым қатынасы, оқуға ынтасы, өз өзіне
қызмет ету дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Ойын - балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен
байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл өмір заңдылығы. Еңбек үстінде
адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі
жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін
еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын
үстінде көрсетеді.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала
алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақта ойын арқылы білімін
шыңдап, ой- өрісін кеңейтеді. Ал, ойынның мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні,
қажетті заттарға ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала көптеген
мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Баланың жас ерекшеліктеріне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар
баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, ерік- жігерін
қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Белгілі
психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек
үстінде сондай болады дейді. Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы
қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбек қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында еркін
сезінеді, ойын түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастыруды
қажет етеді.
1. Ойын үстінде қуанып, еркін сезініп ойнайтын бала
2. Ренжіп, ынтасыз өзіне өзі сенімсіз ойнайтын бала
3. Шаттанып, ерекше түсініп тапқырлық көрсететін бала
Сондықтан ойын баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай,
іскерлігін дамытатындай болуы керек. Оқушылардың беленділігін саналы ойлана
біліуін, ой өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету
мұғалімнің міндеті. Ойын арқылы оқушылардың салт дәстүрі, әдет ғұрыпқа
деген сүйіспеншілігін арттырады.
1. Қимылдық әрекет ойындар:
Айналамен танысу сабағында осы ойынды пайдаланып әр пәндерге түрлі ойындар
арқылы өткізу керек “Ұшты- ұшты” ойыны.Есік алдында құс балапандары жүр
еді.Жанынан бір мысық шыға келді.Енді балапандарды құтқару керек.Құстың
пайдасы қай кезде келіп кететінін оқушылар әңгімелесіп айтып береді.
2. Қыз қуу ойыны:
Алдымен сұрақтар беріледі.Содан кейін есеп оқылады,ойын шарты
түсіндіріледі.Атам қазақ “қыздың жолы жіңішке” демекші алдымен қыз бала
тапсырманың бір мысалын орындайды,содан кейін карточкамен ер бала
орындайды.Қыз бірінші болса ер балаға жеткізбей жеңіске жеткені.
3. Ханталапай ойыны:
Асықта ойнайтын ойын.Асық нөмірленген.Нөмірге байланысты карточка
алынады.Асық жерге шашылып,балалар талапайлап асық алып нөмірлері бойынша
сойлем құрап сұрақ қояды.
“ Бәйге”, “Теңге алу”, “Айға ұшу”, “Кім болам?”
Міне осы ойындардан оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге қызығушылығы
артады, дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы
күшейеді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір- біріне деген сыйластық қажеттіліктермен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойының басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір -біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық. рольдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екендігін байқап көреді. Ал, ақыл -ой ойындарында
белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерінде
дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын
ойын- сабақ, ойын- жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б.
Бұндай ойындар оқушыны жан- жақты дамытып, білімді толық игеруіне
көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы
ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта -ықыласын есепке
ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру.
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз
ету.
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне
жету.
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік,
дағдылармен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін
дамытуда әсіресе кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып
ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа
білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың
түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалык, ұйымдастырушылық т. б.
қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына
аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
-еркін дамытушы іс әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың
қанағаттануына байланысты
-әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы
-ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының
білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына
сұрақтарға жауап іздедік: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін
ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін
арттыру үщін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып
оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану
қажет? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әр
түрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.
Ұлы Абайдың ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген
пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып
оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы
туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен.Ж.Аймауытұлы,
М.Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы
балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы
мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және
Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны сүйгіш келеді.Сондықтан
мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың
сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана отырса,
оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана
білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп
отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге
көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
байланысты олар ойынға өте ынталы келеді.Ойын барысында балалар тез
серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін
түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық
“деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті
негізге ала отырып,бірте бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ
жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік
меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана
отырып,оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге,ой белсенділігі мен тіл
байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру
болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты
өткенде, өтілген материалды қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру
кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде
пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрлерін
пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,
екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығының белсенділігін арттырып,
білім сапасын көтеру болып табылады.
Лекция тақырыбы: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдану
Ойын- балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала
өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің
заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерешеліктері дамиды, өмір сүру
барсында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән
үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын- балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы
білімін шыңдап, ой көрісін кеңейте алады. Ал осының өз мақсаты, жоспары,
тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерлешеліктері болады. Сол ойын арқылы бала
өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиалық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерешеліктеріне, зейініне сай, әдейлеп
ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқы
ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын
арттырады.
Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-
ғұрыпына дегн сүіспеншілігі артады.
Сондықтан мен мына ұлттық ойындарды ойнатамын.
1. Бәйге алу- ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақ беріледі.
а) Қандай ұлттық ойындар бар?
б) Атпен ойналатын ойындар?
в)Біздің еліміз қалай аталады?
г)Ел рәміздерін ата?
Осындай сұрақтардан кейін есептер оқылып, карточка беріледі. Қатты
қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады межеде еліміздің туы бар.
Дұрыс әрі тез шығарған оқушы туды алып жеңіске жетеді.
2. Қыз қуу ойын. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін есеп оқылады.
Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы-жеңішке демекші
алдымен қыз бала тапсырманы бірінші мысалын мысалын орындайды содан
кейін екінші карточкамен ер бала дұрыс шығарып бұрын болса, онда
ұстап алған балып есептеледі. Қыз бірінші болса онда ер балаға
жеткізбей жеңіске жеткен болады.
3. Хан талапай. Асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөміріленген
асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге
шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Номерлі бойынша
карточкадағы есепті шығарады. Кім тез әрі дұрыс шығарса, сол жеңіске
жетеді.
4. Теңге алу. Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігн табу,айырмашылығын
Табуға байланысты есептерде ойнатамын. Алдымен сұрақ беріледі.
Есептің бірнешеуі оқып тандалады. Ұлттық теңгеміздің суретті ілулі
тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл
теңгемізді алады.
5. Арқан тартыс ойнында алдымен ойынға байланысты сұрақ беріледі .
Тарқант суреті ілінеді. Көбейту кестесі бойынша берілген
тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігін
айтылады.
Міне, осы ойындарды ойнатқанда оқушылада әрекет пайда болады , әрі
пәге деген қызығушылығы артады, дүние танымын кеңейтеді, сөздік қоры
дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.
Сөйтіп оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.
Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-
қозғалыста болуы керек. Ол үшін әрбір тұлға бос уақытында дене шынықтырумен
айналысу қажет екнін өмір көрсетіп отыр. Дене тәрбиесі арқылы қажетті қимыл-
қозғалыс жасу тәсілдерін үйреніп, оларды сабақтан тыс уақытта өз
беттеріменжасайтын дәрежеге жету үшін үнемі спорт жаттығулармен таныс
болуы, соның ішіндегі бастауыш сыныптағы балалар дене шықтыру сабақтарында
қажетті қимыл-қозғалыс түрлерін, гимнастика, акробатика, көркем гимнастика
жаттығуларының түрлері мен әдіс-тәсілдерін үйренеді. Дене шықтыру сабағынан
басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық оынындарын пайдалану арқылы да
өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкіндік жасауға болады. Мектеп
қабырғасында жүріп дене шықтыру сабағына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Себебі
дене шынықтыру жаттығуларын жай ғана үйреніп қою жеткіліксіз. Олардың
пайдалы екенін түсініп, бос уақытта өздері қалған спорт түрімен айналысуға
бағыт-бағдар беріліп отыратын пән мұғалімі және ата-ана болып табылады.
Сондықтан мектеп қабырғасында жүрген оқушылар спорт түрлерінің жүйелі түрде
айналысу қажет екенін түсіндіре отырып педагогтың алдына қойған ең басты
мақсаты. Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл,икемді де төзімді,
сымбатты да сұлу болып өседі. Болашақта елдің намысын қорғайтын әлемге атын
шығаратын спортшыда мектеп балаларының арасынан шығады. Дене тәрбиесі
оқушыларды жан-жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінің
сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға
дайындайды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене шынықтыру тәрбиесі
сабағының алдына қоятын мынандай міндеттері бар:
- денаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
- жатығулармен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті
гигеналық талаптарды білу;
- негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың
жалпы икемділігін арттыру;
- қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрлысын дұрыс қалыптастыру;
- өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға
үйрету;
- сабақтан тыс уақытта жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне
қызығушылығын арттыру.
Бұл мақсаттарға жетуде жеке дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері
қолданылады. Олардың ең негізгі дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс
уақытта ойындарды қолдану болып табылады. Дене шықтыру сабақтарында
оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып,
ұйымдасып шығынуға машықтанады. Бұл сабақта оқушылар әр түрлі қимылдар
жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шепшаң, төзімді болуға
жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да
ұлттық ойындар ойнату барсында іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта
ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін
арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық
педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол-санадағы ғасырлар бойыұрпақтын
керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық
ойындары тек денесі ғана емес, ойды жатықтырушы да болып табылады. Халық
өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжетегжейлі білуді баланың
санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол
сабақтын сапасын көтеріп, тиімділігін артырады, сабақтан тыс уақытта
жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыратүседі. Дене шынықтыру сабағында
ұлттық ойындарын пайдалану мұғалімнің күнбе-күнгі сабағына әзірленуі
кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Мектептің табалдырығын
жаңа ғана атап отырған балалар үшін денешықтыру сабағын бірден бастап кету
муғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық көрсетеді.
Лекция тақырыбы: Ұлттық ойындар және оның әдістемесі
Жұмыстың мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүрлерін жалғастырып, үйреніп
құрметтеуге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Ұлттық ойындар туралы зерттеулер
2. Ұлттық ойындардың элементтерін сабақта қолдана білу
3. Ұлттық ойындардың түрлері
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Ұлттық ойындардың түрлері:
1. Бәйге
2. Теңге ілу
3. Аударыспақ
4. Көкпар
5. Жорға
6. Қыз қуу
Ана тілі сабағында Өткен өмір сабағынан көптеген батырлар туралы
оқыдық. Олардың аттары болған. Сол аттар біздің сабағымыз ән жарысуға келіп
отыр. Сабағымыздың мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу.
Сабақты ойын, жарыс түрінде өткіземіз. Үш топқа бөлінеміз.
1 – топ. Тарлан
Топтың аты Тарлан бұл,
Келдік біздер жарысқа,
Сөз тобының сырларын
Баяндаймыз сайыста.
2 – топ. Байшұбар ат
Шубар атты тобымыз
Көп нәрседен хабармыз
Тарлан, Құлагер тобымен
Сайысуға даярмыз.
3 – топ. Құлагер
Топтың аты Құлагер
Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын,
Есімізге сақтаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Бәйге жарысы (ұпай). Жеке жұмыс. 158 – жаттығу. Сюжетті сурет
салынған. Сурет бойынша, құрап жазған сөйлемдерін 3 топқа оқыту. Бастауышты
жазған сөйлемдерінен табу.
Айгүл әжесіне көмектесті. Жіп кірді. Алаша әдемі болды.
2. Теңге ілу ойыны. Парақшамен жұмыс (ұпай).
1 – парақша. Сөйлемнің қандай түрлерін білесің?
2 – парақша. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
3 – парақша. Бастауыш туралы айт, мысал келтір.
4 – парақша. Сөз таптары туралы айт.
Парақша астында Қош келдіңіздер
III. Жаңа сабақты жабарлау.
3. Аударыспақ ойыны (ұпай). Аударыспақ ойынында сөзжұмбақ арқылы жаңа
тақырыпты шешу.
Б О Р
Қ А Р
А Я З
К Ү Н
Б И Д А Й
С А Б Ы Н
Қ Ы Р А У
С А Ғ Ы З
Е Ш К І
Жазу жазып жалықпаған,
Ертемен күнде сен
Жаза – жаза арықтаған (Бор)
Жерді жапты ақ мамық (Қар)
Аумаған қар,
Қолы жоқ сурет салады,
Жаумаған қар,
Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)
Күміс табақ дөңгелек,
Аспанда жүрер дөңгелеп (Күн)
Ұзын мұртты сары бар,
Қойнында наны бар (Бидай)
Қолына сүйнесең,
Кетіп кір – ласың,
Тап – таза боласың (Сабын)
Сәскеде жоқ,
Таңертең бар (Қырау)
Шайнап – шайнап күнімен,
Тауыса алмадым мұны мен (Сағыз)
Басында екі талғы бар,
Төрт алғы бар,
Адам деуге болмайды
Бірақ та тағы саналы бар (Ешкі)
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Баяндауыш
Үй жануарларына не жатады?
Олар қалай дыбыстайды?
Түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі.
Үш топтан бір оқушы шығарып, сахналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату.
Не істейді?
Түйе боздайды. Сиыр моңірейді. Жылқы кісінейді.
Мысалдарды талдай отырып, кестедегі ережені шығардық. Ережені
бекіту.
Бастауыштың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш
дейміз.
Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? Сұрақтары қойылады.
IV. Оқулықпен жұмыс. Дәптерге жазу.
V. Көкпар ойыны (ұпай). Сурет бойынша сөйлем құрап жаздыру.
160 – жаттығу жазған сөйлемдеріңдегі бастауыштың астын бір,
баяндауыштыңастын екі сыз.
1 – топ. Үйрек жүзеді. Марат шомылады.
2 – топ. Апам жіп иірді. Ақгүл көмектеседі.
3 – топ. Құстар ұшады, от жанады.
(Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тақтаға, дәптерге жаздыру)
VI. Жорға жарысы (ұпай).
1. Балалар, жылдың неше мезгілі болады?
2. Қазір қандай мезгіл?
3. Күз айларын ата?
Табиғат календарын көрсете отырып, 159 – жаттығуды орындату, олеңді
мәнерлеп оқу, дәптерге көшіріп жазу.
Маусымдар.
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап тереді.
Қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Оларға сұрақ қою, бастауышқа
қатысып анықтау.
VII. Сергіту сәті.
VIII. Қыз қуу ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. 162 – жаттығу.
Маңырайды
Мияулайды
Үреді
Жануарларды қатыстырып сөйлем құрау Бастауыш пен баяндауышты табу.
Не?
Не істейді?
1 – топ. Ешкі
Маңырайды
2 – топ. Мысық
Миялайды
3 – топ. Ит
Үреді.
Лекцияның тақырыбы: Ойынды ұйымдастыру әдістемесі және оған педагогикалық
басшылық.
Жұмыстың мақсаты: Іскерлік ойындардың түрлерімен танысу. Оларды ұйымдастыра
білуге және жүргізу әдістемесін меңгеру.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Өмір талабының әсерімен өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу мен
оқытудың жаңа мақсаттары, тәсілдері анықталады. Біздің республикамызда
әлеуметтік, экономикалық, білімділік өсу адамдардың санасының өзгеруін
қажет етеді. Олар білім мазмұнын қайта құрылуын және оны білім жүйесі
арқылы жүзеге асыруын талап етеді. Білім стандартының негізгі қағидалары:
Білім туралы заңы, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР-ның білімді дамыту
мемлекеттік бағдарламасы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын және оқыту
процесінің гуманизациялық бағыттарын анықтап көрсетеді.
Осының барлығы оқушының шығармашылық қабілеттерін ашуын және
тәрбиеленушінің жеке басына тән психологиялық ерекшелігін қадағалауын талап
етеді. Біздің, яғни ұстаздардың алдында азаматтарды тәрбиелеу және
отанымыздың интеллектуалды потенциялын сақтап қалу ғана емес, оны
мүмкіндігінше одан әрі өркендету міндеті тұр. Сонымен қатар педагог үнемі
ізденіп, өз шеберлігін жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін
іздестіріп отыру қажет. Сабақта оқушылар тек жаңа материалды оқып, есте
сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы тәжірибесінен үйреніп, әлемдік
зерттеу ақпараттарымен танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге
үйренсеұстаз еңбегінің зая кетпегені деп білеміз. Әр ұстаз өз сабағының
қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пәнін жақсы білу
жеткіліксіз, ұстаз жақсы әңгімешіл болуы қажет.
Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабілдауын қызықты да,
тартымды ететін, олардың шығармашылық ізденісін шыңдай түсетін, оқу
үрдісінің бірден-бір тиімді тәсілі – ойын технологиясы болып табылады.
Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоциональды және тиімді жаңа
жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала
өзінің нақты өмір тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының оқиғаға
деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады.
Ойын – шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін
қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің айтқанын
еске алсақ: Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді.
Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар
беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама
жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйретеді.
Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: өткізілу орнын,
уақытын, қатысушыларды айқындаудан басталады. Бұл үшін тақырыптық күнтізбе
жоспар құру кезінде әр түрлі сабақтарда ойындарды қолданудың
перспективалары айқындалады.
Сабақ жоспарларын қарастыру кезіндегі ойынның ережелері
құрылады, атрибуттары дайындалады.
Ойынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді,
өйткені қызығушылық - шарттылық жағдаят туғызу арқасында әрекет ойын
өзгешелігіне айналады. Сондықтанда керекті шарттарды ескере отырып,
ойындарды топтарға бөлуге болады.
Мысалы Терушілер ойыны фонетиканы өтіп біткен кезде
қолданылады.
Басқа жағдайларда ойындарды олардың мәнді ойын негізіне қарай
сұрыптауға болады.
Ойындарды пәнаралық байланысқа да сұрыптауға болады.
Қазіргі кезең әр мұғалімнің алдына оқушының қабілеті мен мүмкіндігін
ескере отырып, осы заманғы алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдануды
талап етеді.
Ойын технологиясы арқылы оқытудың әр деңгейіне және оқу үрдісінің
негізгі міндеті жаңа материалды оқып үйренудің барынша тиімді нәтижесіне
қол жеткізуге болады.
Лекцияның тақырыбы: Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде
пайдаланудың өзектілігі

1. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
2. Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.
3. Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.
4. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.
5. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.
6. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың
өзектілігі
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі
тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен
жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан)
тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің
озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен
байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік,
т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа
тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп
таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,
өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу
құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің
арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім,
білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден
келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен
еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың
іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет
түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар,
Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ т.б. балалардың
еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, -
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта
түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов:
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ
халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай
және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде
ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
2. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық
арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және
құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының
ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)
аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін
талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде
тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс
ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала
бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап,
құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ
атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.

правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы
баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын
мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен
дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті
жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау

элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,
алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу
жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып,
өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек,
қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер
жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның
ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс
ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және
Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері
уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын
түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев,
Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz