Бір клеткалылар патшалық тармағы жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

Бір клеткалылар патшалық тармағы.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Полиплоидиялану - клеткалық деңгейдегі озық эволюцияның бір жолы қарапайымдылар
  2. Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бір клеткалылар патшалық тармағы.

Бірклеткалылар (Ргоіоzоа) - денесі морфологиялық құрылысы жағынан бір клеткадан тұратын және тіршілік қызметтері бойынша дербес, жеке организмге сай жануарлар. Олар жеке организмге тән зат алмасу, тітіркену, қозғалу, еніп-өсу, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу және т. б. қызметтерді атқарады.

Қарапайымдылар-клеткалы деңгейдегі организмдер. Мөлшері 3-4 микроннан (ц) 2 мм-ге дейін. Мысалы, инфузория-стентордың ұзындығы 1, 5 мм, спиростомум-ның үзындығы 3 мм шамасында. Қазбалы тамыраяқты нуммулиттердің қабыршағының диаметрі 2, 5-3 см, ал ноляр теңізіндегі фораминифераның қабыршағы 2-3 см.

Қарапайымдылар микроскоп жасалынғаннан кейін XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қана ғылымға белгілі бола бастады. Ал қарапайымдылардың бір клеткалы организмдер екендігі туралы түсінікті Келликер мен Зибольд XIX ғасырдың ортасында анықтады.

Қарапайымдылардың құрылысы әртүрлі. бірақ, клеткаға тән белгілер мен қызметтерді сақтайды. Денесі екі негізгі компоненттен итоплазма мен ядродан құралған. Цитоплазманың сыртқы жарғағының қалыңдығы 7, 5 нм (1нанометр=10 й мм) . Бұл негізгі жарғақ белоктар мен липоидтардан тұрады да, клеткаға түсетін заттарды реттейді, ал көпшілігінде қосымша құрылымдар жасалынып, цитоплазманың сыртқы қабатын қалындатып, беріктік қасиет береді. Сөйтіп, пелликула типтес тығыз берік қабық пайда болады. Қарапайымдылардың цитоплазмасы екі қабаттан тұрады: сыртқы-ақшыл және тығыз энтоплазма және ішкі-қоймалжың, түйіршікті эндоплазма. Цитоплазмада жалпы клеткалық органоидтар шоғырланған: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты және т. б. Сол сияқты көпшілік қарапайымдылардың цитоплазмасында әр түрлі арнайы органеллалар да болады. Олар фибрилды өсінділер - тірек және жиырылғыш талшықтар, зер шығару, ас қорыту вакуольдері және т. б. Сонымен, органоид немесе органслла деп белгілі бір қызмет атқаратын клетканың бір бөлігін айтады.

"Қарапайымдылардың жарықты анықтай білетін қабілеті жарық сезгіш органелла-көзше арқылы іске асады. Көзшенің ультранәзік құрылысын зерттегенде, оның құрамында итоплазмаға батып тұрған түрі өзігерген талшық бары анықталды.

Полиплоидиялану - клеткалық деңгейдегі озық эволюцияның бір жолы қарапайымдылар

Қарапайымдылардың ас қорыту органеллалары екі түрлі: қарапайым ас қорығу вакуолясынан немесе көпіріктерден клеткалы ауыз, ауыз оймышы, жұтқыншақ, қылаулатқышқа дейін күрделенеді.

Зәр шығару органеллалары-жиырылғыш вакуольдер ңитоплазмада жиналып қалған метаболизм (зат алмасу) сұйық өнімдерін сыртқа шығарудан басқа қарапайымның денесіне қоршаған ортадан келген артық судан босату қызметін де атқарады. Бұл арада зер шыгару мен осмореттеу, ягни организмнің ортасының тұрақтылығын сақтау қызметтері бірігіп қатар жүреді. Теңіз қарапайымдылары мен паразит формаларында жиырылғыш вакуольдер болмайды, себебі оларды қоршаған сұйықтың осмос қысымы тұщы суға қарағаңда өте жоғары, сондықтан сұйық зат алмасу өнімдері д. и. 4) с1) узды түрде бүкіл денесі арқылы шығарылады.

Қарапайымдылардың бір немесе бірнеше клетка ядросы болады. Ядроның қос қабатты ядро қабықшасында өте көп тесіктері бар. Ядро ядро шырынынан (карио-плазмадап), оның ішінде жатқан хроматин материалынан және ядро шықтардан құралған. Хроматин дегеніміз ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы) мен гистон типтес белоктан тұратын ширатылған хромосомдар. Ядрошықтар бір немесе бірнеше болуы мүмкін ол РНК (рибонуклеии қышқылы) мен белоктардан тұратын ультрамикроскопты түйіршіктердің рибосом типтес шоғырынан тұрады.

Ядродағы хромосомдардың саны жалқы, яғни гаплоидты (көпшілік талшықтылар мен споралылар), немесе қосарлы, яғни диплоидты (инфузориялар, опалиналар және саркодалылар) . ' Әртүрлі қарапайымдылардың хромосом сандары 2-4-тен ОО-125-ке дейін болуы мүмкін. Сол сияқты, хромосом жиынтығының саны бірнеше есе көбейген ядролар да болады, оларды полиплондты деп атайды. Инфузориялардың үлкен ядролары немесе макронуклеустері мен кейбір радиоляриялардың ядролары полиплоидты, өйткені хромосом саны 500. Полиплоидиялану - клеткалық деңгейдегі озық эволюцияның бір жолы. Қарапайымдылардың ядросының тағы бір өзгеру жолына генерактивті және вегетативті болып екіге бөлінуі жатады. (инфузорияларда, кейбір фораминифералар мен миксостпоралыларда) .

Қарапайымдылардың ядросының негізгі бөліну типі кепклеткалылардагы сияқты митоз немссе кариокинез.

Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.

Көпклеткалылардың сома (дене) клеткаларынан қарапайымдылардың айырмашылығы - тіршілік циклының болуы. Ол бірінен кейін бірі жүретін кезеңдерден тұрады да әр түрдің тіршілігінде белгілі бір зандылықтармен қайталанып отырады. Осы құбылыс циклдану деп аталады да, екі біркелкі кезеңдердің арасыңдағы түрдің тіршілік кесіндісі оның тіршілік циклы болады. Цикл көп клеткалардағы ұрықтан жұмыртқаға тең зигота кезеңінен басталады. Бұл кезеңнен кейін бір немесе көп есе қайталанатын жыныссыз. Көбею жүреді де, ол клетканың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Онан кейін жыныс клеткалары (гаметалар) пайда болып, екіден қосылып қайтадан зигота береді. Зигота вегетативті кезеңге ауысады және бір немесе бірнеше рет бөлінеді})

Көпшілік қарапайымдылардың маңызды биологиялық ерекшелігі цисталану, яғни ортаның қолайсыз жағдайларынан гіршілігін сақтап қалу (кеуіп қалу, суықтың түсуі және т. б. ) . Бұл жағдайда жануар қозғалыс органеллаларын жоғалтады немесе тартып алады, домалақтанады, денесінен көп мөлшерде су шығарып, цитоплазма тығыздалады, зат алмасуы төмендейді, сыртында тығыз қабық пайда болып, активті өмірден тыныштық күйге көшеді. Цистаға айналудың алдында цитоплазмада қоректік заттардың қоры жиналады. Қолайлы тіршілік жағдайлары қайтадан қалпына келгенде цисталар жарылып, қарапайымдылар активті қозғалмалы особьтар түріңде сыртқа шығады.

Қарапайымдылар цистаның ішінде өзінің тіршілігін өте ұзақ сақтай алады, (5-тен 16 жылға дейін) мысалы, Регіdinium cinctum - мен тәжірибе жасағанда цистасы 16 жылға дейін тіршілігін сақтаған. Циста күйінде карапайымдылар желмен үлкен қашықтықтарға ұшып түсе алады, осыған байланысты бүкіл жер шарындағы қарапайымдылар фаунасының біркелкілігін түсіндіруге болады. Сонымен, цисталар тек қорғаныш қызметін ғана емес, сол сияқты қарапайымдылардың таралуын да қамтамасыз етеді.

Қарапайымдылар Жер бетінде өте кең таралған. Көпшілігі теңізде тіршілік етеді. Кейбіреулері әртүрлі терендіктегі бентостың құрамына кіреді - литоралъдан абиссальға дейін (фораминифералар, талшықтылар, инфузориялар) . Радиолярия, талшықтылар мен инфузориялардың көп түрлері теңіз планктоны болып саналады. Көп қарапайымдылар (талшықтылар, инфузориялар, тамыраяқтылар) тұщы су бентосы мен планктонның құрамына енеді. Кейбір түрлері ылғал топырақта кездеседі. Қарапайымдылардың барлық. кластарында паразитизм кең таралған. Паразит қарапайымдылардың көптеген түрлері-адамның, үй және кәсіптік жануарлардың қауіпті ауруларын туғызады, кейбіреулері өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Сонымен, қарапайымдылардың медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында практикалық маңызы зор.

Қарапайымдылардың таралуы, олардың коптеген топтарының биологиялық прогресс жағдайын және әртүрлі тіршілік орталарына жақсы бейімделгендіктерін көрсетеді.

Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте) келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.

/ -кесте

Геохронологиялық кесте *

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл)
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл)
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: Қанша млн. ж бұрын пайда болған
Орган измдердің дамуы: Орган измдердің дамуы
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): 1
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): 2
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 3
Орган измдердің дамуы: 4
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Кайнозой (жаңа тіршілік)
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Антропоген (1 - 1, 5)
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Адамның пайда болуы және дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): 60 - 70
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Неоген

25 - 30

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Сүтқоректілер мен құстардың басым болуы. Мамонт, қанжар тісті жолбарыстардың жойылуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Палеоген

42

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Сүтқоректілердің барлық отрядтарының пайда болуы. Насекомдардың өркендеуі. Басаяқты моллюскалардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Мезозой (ортаңғы тіршілік) 163 - 173
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Бор

40 -70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 120
Орган измдердің дамуы: Нағыз құстардың, сүтқоректілердің пайда болуы. Ірі бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің жойылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болып, таралуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Юра

40 - 58

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 155
Орган измдердің дамуы: Алғашқы құстардың (археоптерикстың) пайда болуы. Бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Триас

35 -45

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 190
Орган измдердің дамуы: Бауырымен жорғалаушылардың өркендеуі. Алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті балықтардың, белемниттердің пайда болуы. Наутилидтер, стегоцефалдардың құрып бітуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Палеозой (ежелгі тіршілік) 310-340
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Пермь

40- 55

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 215
Орган измдердің дамуы: Бауырымен жорғалаушылардың тез дамуы, аң тісті жорғалаушылардың, аммониттердің пайда болуы. Трилобиттердің құрып бітуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Тас көмір

50- 75

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 300
Орган измдердің дамуы: Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың, насекомдардың, өкпелі ұлулардың, өрмекшілердің, құршаяндардың пайда болуы, сауытты және шеміршекті балықтардың, қосмекенділердің гүлденуі. Трилобиттердің азаюы, папоротник тәрізділердің өр-кендеуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Девон 50 - 70
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 350
Орган измдердің дамуы: Қос тынысты, сауытты балықтардың, стегоцефалдардың, ізбесті губкалардың пайда болуы. Моллюскалардың, иінаяқтылардың таралуы. Цистоидтердің кұрып бітуі. Споралы өсімдіктердің құрлықта таралуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Силур 30-40
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 420
Орган измдердің дамуы: Жақсүйексіз омыртқалылардың, шеміршекті балықтардың, мшанкалардың пайда болуы. Псилофиттердің құрлыққа шығуы. Цистоидтердің (ті-кентерілілер) гүлденіп өсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Ордовик 60
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 480
Орган измдердің дамуы: Теңіз омыртқасыздарының өркендей түсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Кембрий

70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 570
Орган измдердің дамуы: Төменгі сатыдағы шаяндардың, моллюскалардың, теңіз лалагүлдерінің пайда болуы. Фораминифералардың, маржан полиптердің, трилобиттердің, наутилидтердің, иінаяқтылардың кең таралуы. Балдырлардың гүлденіп өсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Протерозой

2000-астам

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминифералар, губкалар, моллюскалар, буынаяқтылар, т. б. омыртқасыз жануарлардың дамуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Архей
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Көне замандағы мұхиттарда бір клеткалы қарапайым организмдердің пайда болуы (жорамал) .

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А. Н. Северцевтің айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік қабілетін арттырады.

Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде ірі өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде болған белгілі бір ірі ароморфоздардың салдарынан - бір клеткалы эукариотты қарапайым жәндіктер, көп клеткалы, екі қабатты, сәулелі симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған. Типтер, кластар сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз жолымен шыққан.

Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы өзгерістер организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын арттырмайды. Мұндай өзгерістер "жеке бейімделушіліктер - идиоадаптация" деп аталады. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты су түбінде тіршілік ететін скат тұқымдастарының денесі жалпайған, арқасы құрсағына қабысқан, құйрық қанаттары жойылған және реңі су түбіндегі топырақ түстес болып келеді. Осы өзгерістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес "жеке бейімделушіліктер" болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында ешқандай күрделілену болған жок. Түрлер, туыстар, тұқымдастар сияқты ұсақ систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шыққан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Протозоа дүние тармағы
Өсімдіктер мен балдырлар
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Бактериялардың құрылымы
Зоология пәні мен оның міндеттері
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz