Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы



1. Ертедегі шығыс Славяндар.
2. Шығыс Славяндар мемлекетінің пайда болуы.
ІХ ғ. ХІІ ғасырдың басындағы Киев Русьы.
3. ХІІ . ХІІІ ғ.ғ. орыс княздықтары.
4. Монғол татар шапқыншылығы және оның орыс жерлері үшін салдары.
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы тарихшылар арасында үлкен дау туғызады. Оған себеп, әрине, бізге дейн жеткен жазба деректердің аздығы. Славяндардың ата бабаларының өмір сүрген территориясы жайлы басты мәселеге, әр түрлі жауаптар беріледі. Бірқатар ғалымдар, археологиялық деректерге сйене отырып, славяндардың ата – бабаларын б.ғ.д. ІІІ – ІІ мың жылдықтарға жатқызады.Славяндардың ата – бабаларын олар Днепр мен Одр өзендерінің аралығында өмір сүрген тайпаларды жатқызады. Тарихшылардың екінші бір тобы славяндар ата – бабалары б.ғ.д. І мың жылдықтан – б.ғ. І мыңыншы жылдығының орта тұсына дейінгі аралықта пайда болған деп болжайды. Бұл уақыт аралығында ежелгі словяндар черняховтық, днепр бойы, лужалық мәдениет үлгілерін жасаған деген болжамдарды археологиялық деректер дәлелдейді.
Б.ғ. алғашқы ғасырларында антикалық авторлар Тацит, Плинидың үлкен еңбектерінде словян тайпалары венедтер деген атпен кездеседі. Бір қатар авторлар бұл мәселеге де күмәнмен қарап, славяндар мен венедтерді бір деуге болмайды дейді.
Славяндардың көршілерімен қатынасы да ауыр болды. IV – VII ғ.ғ. Европаға көшпенді тайпалардың шабуылы үдеп кеткен еді. Сол тұста, VI ғ. Көшпелі тайпалардың Аварлық одағы пайда болды. Славяндардың тағыда бір көршісі оңтүстік далаларында VII ғ. Құрылған бұлғарлар мемлекеті болды. Өзара қырқысу соғыстары нәтижесінде тез ыдырап кеткен бұл мемлекет, басқа мемлекеттердің тууына септігін тигізді. Бұлғарлардың Асперух басқарған бір тобы батысқа жылжып, ондағы славян тайпаларын өздеріне бағындырып Дунай өзені бойында өз мемлекетін құрды. Екінші бір бөлігі Еділ және Кама өзендері ауданында Еділдік Бұлғар мемлекетін құрды.
Славяндардың ең бір құдіретті көршілерінің бірі, территориясы Солтүстік Кавказдан төменгі Еділ бойына дейін созылып жатқан, Хазар қағандығы еді. Қағандықтың үстемдігі Қырым территориясына дейін жетті, ал славяндардың бір қатар тайпалары хазарларға ІХ ғ. Соңына дейін алтын төлеп отырған.
Славяндардың көршілерінің ішіндегі ең дамығаны Византия мемлекеті болды. Византиялық деректердешығуы жағынан өздеріне ұқсас ант және склевин тайпалары туралы мәліметтер кездеседі. Тарихшылар арасында анттардың этникалық шығу тегі жайлы дау бар: біреулері оларды славяндар десе, енді біреулері славяндар анттардың бір бөлігі болған деседі. Византиялық авторлар Славяндар жайлы айтқанда олардың «бостандыққа деген махаббатын», «құлдықтың болмағандығын», «шет жерліктерге мейірімді қатынасы» («Стратегикон», Меврикий Стратег) туралы баяндайды. Сондай-ақ Византиялық деректерде VI ғасырда Славяндар ру – тайпалық құрылыста, «бір – бірімен жауласып» өмір сүргендігін білеміз. Арей жазба деректерінде де қызықты мәліметтер беріледі. Араб саяхатшылары Славян тайпаларының «жабайылығын» ерекше атап өте отырып, олардың киім кешектері, қару – жарақтары, сауда қарым – қатынастары туралы мәліметтер береді.
Славяндардағы алғашы қауымдық құрылыс VIІ – VIІІ ғ.ғ. басталады. Бұл кезеңде Шығыс Европа территориясында - Ильмен көлінен бастап Қара теңіз далаларына дейін, Шығыс Карпаттан бастап Еділ өзеніне дейінгі алқапта, бірнеше ірі тайпалық одақтар қалыптасты. Әрбір одақ сол кездегі еуропалық территориялық өлшем бойынша, үлкен аймақты алып жатты. Мұндай одақтардың ұзын саны (оларды көбіне тайпалар депте атайды) он бес болды. Поляк деп аталатын ең ірі тайпасы Днепр өзенінің орта ағысында, Киев ауданында өмір сүрді. Ильмен көлінің жағасында славяндар тұрды. Кирвичтер мен полочандар Батыс Двина, Еділ және Днепр өзендерінің жоғарғы ағысын жайлады. Поляндардың көршілері древляндар, солтүстігінде – северяндар (Суле жне Десне өзендері бойында) болды. Припяты және Березин қос өзендері аралығында дреговичтер, Соже және Деснада – радимичтер өмір сүрді. Ока және Москва өзендері бойында ветичтер тұрды. Бужан, волынян және дулей тайпалары Буге және Волын жағалауларында, Қаратеңіз маңында тиверліктер мен уличтер орналасты.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы

1. Ертедегі шығыс Славяндар.
2. Шығыс Славяндар мемлекетінің пайда болуы.
ІХ ғ. ХІІ ғасырдың басындағы Киев Русьы.
3. ХІІ – ХІІІ ғ.ғ. орыс княздықтары.
4. Монғол татар шапқыншылығы және оның орыс жерлері үшін салдары.

Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы тарихшылар арасында үлкен дау туғызады.
Оған себеп, әрине, бізге дейн жеткен жазба деректердің аздығы. Славяндардың
ата бабаларының өмір сүрген территориясы жайлы басты мәселеге, әр түрлі
жауаптар беріледі. Бірқатар ғалымдар, археологиялық деректерге сйене
отырып, славяндардың ата – бабаларын б.ғ.д. ІІІ – ІІ мың жылдықтарға
жатқызады.Славяндардың ата – бабаларын олар Днепр мен Одр өзендерінің
аралығында өмір сүрген тайпаларды жатқызады. Тарихшылардың екінші бір тобы
славяндар ата – бабалары б.ғ.д. І мың жылдықтан – б.ғ. І мыңыншы жылдығының
орта тұсына дейінгі аралықта пайда болған деп болжайды. Бұл уақыт
аралығында ежелгі словяндар черняховтық, днепр бойы, лужалық мәдениет
үлгілерін жасаған деген болжамдарды археологиялық деректер дәлелдейді.
Б.ғ. алғашқы ғасырларында антикалық авторлар Тацит, Плинидың үлкен
еңбектерінде словян тайпалары венедтер деген атпен кездеседі. Бір қатар
авторлар бұл мәселеге де күмәнмен қарап, славяндар мен венедтерді бір деуге
болмайды дейді.
Славяндардың көршілерімен қатынасы да ауыр болды. IV – VII ғ.ғ.
Европаға көшпенді тайпалардың шабуылы үдеп кеткен еді. Сол тұста, VI ғ.
Көшпелі тайпалардың Аварлық одағы пайда болды. Славяндардың тағыда бір
көршісі оңтүстік далаларында VII ғ. Құрылған бұлғарлар мемлекеті болды.
Өзара қырқысу соғыстары нәтижесінде тез ыдырап кеткен бұл мемлекет, басқа
мемлекеттердің тууына септігін тигізді. Бұлғарлардың Асперух басқарған бір
тобы батысқа жылжып, ондағы славян тайпаларын өздеріне бағындырып Дунай
өзені бойында өз мемлекетін құрды. Екінші бір бөлігі Еділ және Кама
өзендері ауданында Еділдік Бұлғар мемлекетін құрды.
Славяндардың ең бір құдіретті көршілерінің бірі, территориясы
Солтүстік Кавказдан төменгі Еділ бойына дейін созылып жатқан, Хазар
қағандығы еді. Қағандықтың үстемдігі Қырым территориясына дейін жетті, ал
славяндардың бір қатар тайпалары хазарларға ІХ ғ. Соңына дейін алтын төлеп
отырған.
Славяндардың көршілерінің ішіндегі ең дамығаны Византия мемлекеті
болды. Византиялық деректердешығуы жағынан өздеріне ұқсас ант және склевин
тайпалары туралы мәліметтер кездеседі. Тарихшылар арасында анттардың
этникалық шығу тегі жайлы дау бар: біреулері оларды славяндар десе, енді
біреулері славяндар анттардың бір бөлігі болған деседі. Византиялық
авторлар Славяндар жайлы айтқанда олардың бостандыққа деген махаббатын,
құлдықтың болмағандығын, шет жерліктерге мейірімді қатынасы
(Стратегикон, Меврикий Стратег) туралы баяндайды. Сондай-ақ Византиялық
деректерде VI ғасырда Славяндар ру – тайпалық құрылыста, бір – бірімен
жауласып өмір сүргендігін білеміз. Арей жазба деректерінде де қызықты
мәліметтер беріледі. Араб саяхатшылары Славян тайпаларының жабайылығын
ерекше атап өте отырып, олардың киім кешектері, қару – жарақтары, сауда
қарым – қатынастары туралы мәліметтер береді.
Славяндардағы алғашы қауымдық құрылыс VIІ – VIІІ ғ.ғ. басталады. Бұл
кезеңде Шығыс Европа территориясында - Ильмен көлінен бастап Қара теңіз
далаларына дейін, Шығыс Карпаттан бастап Еділ өзеніне дейінгі алқапта,
бірнеше ірі тайпалық одақтар қалыптасты. Әрбір одақ сол кездегі еуропалық
территориялық өлшем бойынша, үлкен аймақты алып жатты. Мұндай одақтардың
ұзын саны (оларды көбіне тайпалар депте атайды) он бес болды. Поляк деп
аталатын ең ірі тайпасы Днепр өзенінің орта ағысында, Киев ауданында өмір
сүрді. Ильмен көлінің жағасында славяндар тұрды. Кирвичтер мен полочандар
Батыс Двина, Еділ және Днепр өзендерінің жоғарғы ағысын жайлады.
Поляндардың көршілері древляндар, солтүстігінде – северяндар (Суле жне
Десне өзендері бойында) болды. Припяты және Березин қос өзендері аралығында
дреговичтер, Соже және Деснада – радимичтер өмір сүрді. Ока және Москва
өзендері бойында ветичтер тұрды. Бужан, волынян және дулей тайпалары Буге
және Волын жағалауларында, Қаратеңіз маңында тиверліктер мен уличтер
орналасты.
Бүгінгі таңға дейін Русь сөзінің шығу тегі және мағанасы тарихшылар
үшін белгісіз болып отыр. Бір қатар тарихшылар, бұл шығыс славян
тайпаларының бірінің атауы десе, біреулері ежелгі германдықтардың әскер
деген мағана беретін дротс сөзінен шыққан деп шамалайды. Тағы бір топ
тарихшылар Балтық теңізіндегі Ругленд аралында орталығы болған ругтер
тайпасының атауымен байланыстырады.
Ал енді славяндардың тұрмысына келетін болсақ, олардың шаруашылығының
негізін егіншілік құрады. Славян елді мекендері өзендер мен көлдердің
жағалауларында орналасты. Бұл территориялар егін шаруашылығына ыңғайлы
болды. Славяндар егіншіліктің жүйесін қолданды. Ормандар кесіліп, ағаштар
келесі жылға дейін кептірілді де, кейін өртелетін болды. Ағаштардың
күлімен тыңайтылған жер жақсы өнім береді. Сондай – ақ, залежная жүйесіде
қолданылды, онда шөптері өртелгеннен кейін пайда болған егістік
алқаптарында толық изтощения дейін егін салынатын болды. Екі жүйеде
шаруашылықты жүргізудің экстренный (жылдамдатылған) түрінің болғандығының,
және бұлай егін егу үнемі территорияларын кеңейтіп отыруын талап еткендігін
дәлелдейді. Жерді өңдеу барысында ішін ара соқада пайдаланылды.
Славяндарға белгілі ауыл шаруашылық мәдениеті: бидай, рожь, ячень,
тары, гречка – үлкен емес ауылдарда ғана қамтамасыз ете алды. Басқа
өнімдерден – редька, капуста өсірілді. Мал шаруашылығыныңда маңызы ерекше
болды. (Мал сөзі ақша эквивалентін білдірді). Ірі қара мал, сондай – ақ
жылқы және шошқа өсірілді.
Славяндар үлкен емес елді мекендерде тұрды. Олардың өмір сүрген
үйлері жер төлелер сияқты болғандығы белгілі.
Елді мекендердің экономикалық өмірінде ақшалық, балық аулау,
бортпичество да маңызды роль атқарған. Кол өнерде белгілі дәрежеде дамыды –
гопчерное, кузнечное. Экономикадағы табыс көздерінің бірі - әскери олжада
болды. Қарулы қақтығыстарда жасақтар маңызды рол атқарады. Оған ересек ер
адамдардың барлығыда кірді. Биліктің бас органы тайпалардың жалпы жиыны
болды. Оның басында тайпа көсемі тұрды. Оны княз деп атады. Тарихшылар осы
кезеңде дружина – көсем төңірегіндегі әскери замандастары, бөлініп шыға
бастады деп есептейді. Ал ру қоғамында ақсақалдар маңызды рольде бола
берді. Ұйымның мықты формасы қауым – вервь болды. Тіпті экономикалық дамуы,
еңбек өнімділігінің артуымен байланысты мүлік теңсіздігінің шығуы да,
қауымдық институттардың ыдырауына айтарлықтай әсер ете алмады. Мүлік
теңсіздігін вервтер бақылауға алып отырды. Қауымның қолында мал болды, оның
мүшелері жайылымдарды орман – суларды ортақтаса отырып иеленді.
Осы кезеңде алғашқы қалаларда пайда болды алайда олар сырт көрінісі
қамал поселкелерге ұқсағанымен сауда және қол өнер орталығына айнала
баотады. Шығыс славяндардың ежелгі қалалары қатарында Киев, Новгород,
Чернигов, Пересловль, Смоленск қалалары болды.
Славяндардың ежелгі діні пұтқа табыну еді. Олар табиғатқа табынды.
Тайпалардың әр қайысысының ерекшеліктеріне байланысты бас құдайлары да әр
түрлі болған дейді тарихшылар. Славяндардың басты құдайларына Сворог –
аспан құдайы, Мокоть – жер құдайы, бұл бір деректерде, ал басқа мәліметке
қарағанда – су және жаңбыр құдайы жатқызылды.
Күн құдайын Джадобог деп атады. Перун - славяндардың найзағай құдайы
деп есептелді. Бір қатар тайпалардың басты құдайы Перун болды. Славяндарда
княздар мен әскери дружиналардың пайда болуымен Перунды әскерлер қамқоршысы
деп санай бастады. Сондай – ақ славяндар күн құдайын Хорсты да қасиет
тұтты, кейін оны Ярило деп те атаған, ал жел құдайы Стрибог болды. Сауда
мен қалалардың қамқоршысы Велес құдайы деп есептеді.
Славяндардың бұл кезеңдегі мейрамдарында табиғатпен байланысты болды.
Олардың ішіндегі әйгілісі бүгінгі күнге дейін келіп жеткен Иван Кунала
мерекесі жазғы күннің (солнцеворот) 24 маусым болған.

Тарихнамалардың басым бөлігі Киев Русьі тарихының мынадай
хропологиялық шеңберін ұсынады:
І. Алғашқы орыс княздары кезеңі – ІХ – Х ғ. орта тұсы;
ІІ. Киев Русьінің гүлдену дәуірі. Владимер І және Ярослав мудрыйдың билік
еткен уақыты. Х ғасырдың екінші жартысы – ХІ ғ. басы.
ІІІ. Саяси бытыраңқылықтың басталуы. ХІ ғ. екінші жартысы – ХІІ ғ. басы.
Ежелгі орыс мемлекетінің құрылуы алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауының заңды процесі болып табылады.
Мемлекеттің құрылу процесі көбіне классикалық формацияда көрініс
табады: еңбек құралдарының жетілдірілуі – еңбек өнімділігінің артуы – артық
өнімнің пайда болуы – мүлік және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы –
мемлекеттің тууы.
Славяндардың ұзақ уақыттағы тарихы бойында мемлекеттің құрылуының
алғы шарттары қолөнер. Барлағанан бұрын экономикалық негіздері қаланды,
егіншілікте еңбек өнімділігі артты, себебі подсечный егіншілігінің орнына
пашенное (шамамен VIІІ ғ.) келді, онда жетілдірілген еңбек құрал –
саймандары қолданылды ( темір соқа). Бұл жағдай ру – тайпалық қауымның
бұзылып, көршілік қауымның пайда болуына мүмкіндік берді. Сауда
қатынастарының кеңеюіне алып келген қолөнердің дамуы да маңызды роль
ойнады. Русьте қолөнер құралды да олардың бірқатары экономикалық
орталықтарға айналды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы да өзгере бастады, ол біртіндеп
күрделене түсті, өз үстемдігін бекітуге ұмтылған жеке меншік иелері бөлініп
шықты. Барлығымызға белгілі, белгілі бір әлеуметтік жүйенің бекітілуін
қамтитын институт – мемлекет болып табылады. Мұнымен бірге мемлекеттің
қалануына сыртқы факторларда елеулі түрде ықпал етті. Көшпенді тайпалар мен
Хазар қағандығы және Еділ бұлғариясы сияқты мықты мемлекеттердің көрші
болуы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге итермеледі. Ол үшін
маманданған әскер, сыртқы саяси мәселелерді реттеуге қабілетті белгілі бір
басқару аппараты қажет болды.
Мұнымен бірге Славяндарда мемлекеттің құрылу мәселесі бүгінгі күнге
дейін тарих ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оған
себеп XVIII ғ. пайда болған нормандық теория еді. Көптеген даулардың тууына
себеп болған жай ХІІ ғ. басында Печер шіркеуінің монахы Нестордың Русь
тарихы жайында жазған Бағзы замандар повестінде (Повесь временных лет)
мемтекеттің құрылу тарихын баяндаған болатын. Онда автор мынадай үш сұрақ
қояды: Русь жері қайдан шықты? Киевте алғаш рет кім княздық құрды? Және
қай уақыттан Русь өмір сүре бастады? (откуда есть пошла Руская земля? Кто
в Киеве наче первее княжить? И с коких пор Русская земля стале есть?).
Аталған сұрақтарға берілген жауаптар тарих ғылымында ұзаққа созылған даудың
тууына алып келді. Ежелгі жылнамамыз жинақтарда (Повестің Лаврентилік
және Инатьевтік тізімдері және Новгородтық жылнама) Новгородқа княздық ету
үшін варягтардың шақырылғандығы жайлы аңыздар айтылады. Сырттан келген
ағалы – інілі үшеуі – Рюрик, Синаус және Трувор Новгордте, Белоозерода,
Изборскіде княздық құра бастады да Орыс мемлекектінің негізін қалаушылар
болды.
Осы жылнамалық әңгімені негізге ала отырып VIІІ ғ. Ресейге жұмыс
істеуге шақырылған неміс ғалымдары Ф.Миллер, З.Байер, А.Л.Шлецерлер
мемлекеттің варягтардан, Русь деп аталатын тайпадан шыққандығы жайлы
теорияны шығарады. Олар Новгородтықтардың княздық ету үшін келуін (прийти
княжить) қалағандығы жайлы мәліметті және жылнамадағы теорияны теріске
шығаратын бірқатар жағдайларды ескермеді. Новгородтық деп аталатын бұл
теориямен ғалым М.В.Ломоносов келіспеді, алайда ол және оның жақтастары да
өз көзқарастарын жақтай алмады. Кейіннен де, тарихшылар оның ішінде
Н.М.Карамзин және С.М.Соловьевтар, орыс тарихын зерттеуде норман теориясын
қалдады.
Кеңестік тарихшылар аталған теорияны дұрыс емес деп дәлелдеді.
Рюриктің екі інісінің – Синеус пен Трувордың болғандығында теріске шығарды.
Олар ежелгі швет тілінен аударғанда Сине хус Тру варинг сөздері Өз руым
және адал дружина деген мағана береді дейді. Рюриктің княздық құруы
мәселесі бұл мемлекеттің құрылуын емес, билік етуші әулеттің шығу тегі
мәселесін анықтайды. Себебі мемлекет қоғамның табиғи дамуы нәтижесінде
пайда болатын процесс екені белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары сол
кезде Новгородта варягтардың болғандығын дәлелдейді. Тарихшылардың
бірқатары бұл жағдайды Новгородтың жалдамалы әскеріндегі варягтардың
болуымен, кейіннен Киевтің княздар дружиналары құрамына да варягтардың
алынғандығымен байланыстырады. Дружиналық қорғандардың зерттелінуі кезінде
скандинавиялық жерлеу рәсімдері, скандинавиялық мәдениет элементтері Х
ғғасырдағы Русьте болғандығымен дәлелдейді.
Нормандардың варягтармен бірлігі мәселесі де дау туғызады. Варягтар,
русьтер дегеніміз Балтық жағалауы мен Еуропаның солтүстік ойпатарында өмір
сүрген иллириялық тайпалар тобына жататын ругтар деген атпен белгілі
тайпалар тобы болуы мүмкін. Варягтар, бірқатар тарихшылардың пікіріне
қарағанда, ругтердің көршілері поморякдар болған, олар Балтық жағалауында
өмір сүріп славяндармен ассимиляцияға ұшырағандар еді. Бұдан мемлекеттің
шетелдіктердің құрған деген пікірдің теріс екендігіне көз жеткізуге
болады.
Алғашқы орыс княздерінің билік құруы Олег Вищин (882 - 912). Бұл
княздың атымен славян тайпаларының бірігуін, орталығы Киев болған ежелгі
орыс мемлекетінің құрылуы байланыстырады.
Киев және Новгородты біріктірумен бірге поляктар мен ильмен
славяндарын Олег 883 ж. деревняларды, 884 ж. – славяндарды, ал 885 ж. –
радимичтерді бағындырды. (Мұнда, ІХ – Х ғ.ғ. орыс тарихын бейнелейтін
жылнама кейіннен жазылғандықтан, онда бірқатар оқиғалардың хронологиясы
нақты болмады, сондақтанда Киев Русьының ежелгі тарихының кезкелген датасы
шартты түрде алынғандығын ескертеміз) Киевте Олег 882 ж. әскери жорық
нәтижесінде келді. Жылнама да, сол кезде онда Аскаль мен Дир билік құрып
отырды делінеді. Осы Киевке шығыс славяндар мекендеген территорияларды
қосып алу саясатын жүргізді. Мұндай біріктіру формасы сол уақытқа тән
дәстүр еді – кейін алым жинау мақсатымен өзіне бағындыру.
Бағзы замандар повесті Славяндарды, радмичтерді бағындырғандығы,
Тиверліктер мен болған соғысты баяндайды. Княздың қызметіндегі басты
мәселелердің бірі Византиямен қатынас орнату болды. Византияға жасалынған
жорық ұтымды келісім – шарттардың жасалуына алып келді. Византия императоры
Лев VI және оның інісі Александрдың туысында орыс армиясына үлкен көлемде
алым төлеуіне орыс елшілерінің Византия қазынасы есебінен қамтамасыз
етілуіне қол жеткізілді.
Олегтің ӨЗ атынан өлуі аңызға айналды.
Игорь (912 – 944 ж.) Игорьдың билік құруы туралы мәлімет өте аз,
сондықтан да бірқатар тарихнамалар оны жылнамада көрсетілген уақыттан және
қайда аз уақыт княздық еткен дейді. Кей біреулер Игорь Рюриктің ұлы
болатын, жас болғандықтан Олегтің қысымынан шыға алмаған деп те болжайды.
944 ж. Игорь Канстантинопольге сәтсіз жорық жасайды да, Русь сол уақытқа
дейінгі көптеген артықшылықтарымен қалады. Сондай – ақ, оның Древляндар
деп қайта алым жинамақ болып жасаған жорығы нәтижесінде өзінің және
әскерінің өлгендігі жайлы оқиға тарихта белгілі.
Ольга (945-957) Ольганың шығу тегі жайлы мәлімет көп емес.
Жылнаманың жас псковтық қыздың ақындылығымен Игорьдың жүрегін жаулап алуын
баяндауы, княздық ақсүйек емес отбасынан екендігін білдіреді
Ольга жұбайы Игорь өлгеннен кейін 945ж. Киев Русінің билеушісі
болды.
Княгиняның алғашқы реформасы. Салық жинаған кездегі бүлікті
болдырмауға бағытталды. Бұл әрине ақылды қадам болды, мемлекеттің нығаюына
үлесін қосты.
Погостор – алым жинау орны және урок – алым көлемі белгіленді.
Сыртқы саясатта Ольга әскери жорықтарман емес дипломатиялық саясаттардың
негізінде Рустің абыройын көтерді. Ольга өзінің ақылының арқасында билікті
ұлы Святословқа бергеннен кейін де елді басқаруын жалғастыра берген дейді
жылнама.
Святослов (957-972) Святослов ежелгі орыс княздары арасындағы іс -
әрекеттері, мінез – құлқына үлкен дау туғызатын тұлға. Ол бір жағынан аса
батыр, ер жүрек , үлкен жеңістерге қол жеткізген рыцарь болса, екінші
жағынан елдің ішкі жағдайына ешқандай көңіл бөлмегендіктен өз қас
астындағылардың жек көретін патшасы еді. Оның жасаған жорықтарының көптігі
елдің ішкі жағдайына үлкен нұқсан келтіріп те отырған.
Святслов Словяндар алым төлеп отырған Хазар қағандығына шабуыл
жасап, елді тәуелділіктен құтқарды.
Святслов Византилмен белсенді қарым – қатынас орнатып отырды. 971 ж.
Болгарияға сәтсіз жорық жасап қайта оралып жолда реченегтердің қолынан
қаза тапады.
Владимир (980-1015) Святсловтың өлімінен кейін Киевте оның үлкен
ұлы Яронолы билік етеді. Өз інілерімен болған күрес нәтижесінде билік
басына сол кезге дейін Новгордта билік құрып отырған Владиьир келді. Князь
тарихта екі атымен қалды. Пұтқа табыну дәстүрі бойынша Владимирді орыс
батырларының қамқорлысы, Русьтің қорғаушысы ретінде Қызыл күн (Красно
Солнышко) деп атаса, Християн діні рәсімі бойынша Князьды Қасиетті немесе
Шоқындырушы деп атады.
Жылнамада Владимирдің билігі өмірі аңызға ұқсайды. Ол барлық жағынан
өте жақсы суреттеліп идеалдағы князь бейнесінде берілген. Ол талантты
қолбасшы, парасатты мемлекеттік қайраткер, мемлекетті нығайту жолында
жасалынған бірқатар реформалар оның есімімен байланыстырылып баяандалады.
Әскери жорықтарда Владимир поляктармен печенектермен соғысады.Печенегтерден
мемлекетті қорғау үшін Стугка, Суда, Десн өзендері бойындақорғаныс
бекіністерін салғызады. Владимир болайын деп жатқан қауіпті ескерту үшін
белгі беру байланысын (жиналып тұрған шөпті өртеп) ойлап тапқан.
Владимирдің ең басты реформасы христиан дінін қабылдауы еді. Жаңа
дінді қабылдау Русьтің шоқындырылуы анық саяси синатта болды. Көк құдайға
табынудың орнына бір құдайға табыну орталықтанған мемлекеттің нығаюына
бағытталды. Сондай – ақ христиан дінін қабылдауға сыртқы факторларда ықпал
етті. Әрине, бұлай ету Византиямен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік
берді. Христиан дінін қабылдауы және Владимирдің Византия императоры
Василий II қарындасы Аннаға үйленді. Русьтің беделін көтеріп, Европаның
жетінші держовалары Катерина қайталауына мүмкіндік берді. Жаңа діннің
мәдениеттің, рухани өмірдің, саяси істердің дамуына ықпал етіп үлкен тарихи
маңызға ие болғаны анық.
Әрине, халық жаңа дінді бірден қабылдай қоймады. Сондықтан да,
князь қарулы күш қолдануына да тура келді.
Ярослев Мудрый (1019-1054) Ярослев Мудрый (Данышпан) ежелгі орыс
князьдарының ішіндегі ең атақтыларының бірі болды.
Ярослевтың билігі тұсы – Киев Русьінің гүлденуі және Еуропаның мықты
мемлекеттері қатарына кіруі кезеңі еді.
Киев тағына келедің алдын Ярослев әкесінің бұйрығы мен Новгородты билеп
отырған болатын. Владимир өлгеннен соң билікке таласу барысында ағалары
Борис пен Глебті өлтіріп, Киев тағына отырған Святополпен Ярослев ұзақ
соғысты, ақыр соңында Новгордтықтардың көмегімен 1019 ж. Киев тағына
отырады.
Ярослев ең маңызды сыртқы саяси міндетті шешті – оның тұсында 1036ж.
печенегтер толық талқандалды. Осы жеңістің ескерткіші ретінде Киевте атақты
Қасиетті София соборы салынады. Ярослев оңтүстіктегі шекараларды
көшпенділерден қорғауға ұмтылды. Ол үшін қорғаныстар салынып шеткері
аймақтарға адамдар орналастырылды. Солтүстік – батыстағы шекараны қорғау
үшін 1030 ж. Балтық жағалауында Юрьев қаласы тұрғызылды.
Яросев тұсында Киев Русьінің Еуропадағы беделі күрт өсе түсті.
Ярослев диностиялық неке мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білді. Оның
қыздары француз, швед, венгр, норвег корольдарының әйелдері болды. Ярослев
отбасымен поляк, герман, византиялық патшалар сарайлары қыз берісіп, қыз
алысты.
Князьдың аты тарихта құрылысшы ретінде де қалған. Еуропадағы ірі
қалалар қатарына қосу мақсатында Киевте тіркеулер, монесторлар салынып қала
көшелерім ен терреториясы күшеитілді.
Сонымен бірге Ярослытың кезінде Русьтегі ағарту ісі аса ірі
жетістіктерге жетті. Қасиетті – қызметшілерге арналған алғашқы учелище
Киевте алғашқы рет Владимир I тұсында Киев – Печер монесторын негіздеу
барысында салынған еді.Святослов сондай сқу орнын Новгордте салғызды,
Ярослев мектептер салуды әрі қарай жалғастырды. Сол тұста грек тілінен
аударған көптеген тарихи, философиялық кітаптар пайда болды.
Ярослев Мудрыйдың есімімен Русьтің заңдық ескерткіші Орыс
Ақиқатының қысқа редакциясы екі тізіммен Новгордтық жылнамаға енгізілген.
Ярослев оның алғашқы 17 бабын жасауға қатысқан, ал қалғанын оның ұлдары
Изяслов, Всеволд, Святословтар Ярославичтер Ақиқаты деген атпен
жалғастырған.
Аталған алғашқы жазба заңдар жинағы рулық құрылысқа тән қанды кекті
шектерді, дауларды қарастырды, мүлікті қорғады (бірінші кезекте князьдың).
Заңдық жинақ К иевтегі әлеуметтік теңсіздікті бейнелейді.
Жалпы алғанда Ярословтың билігі ежелгі орыс мемлекетінің гүлденуі ретінде
тарихқа енген.
Киев Русьінің әлеуметтік – эканомикалық дамуы.
Русьтің әлеуметтік – эканомикалық дамуына баға беруде негізгі дерек
көзі археологиялық мәліметтер мен бірге сақталынған жазба құжаттары: Орыс
Ақиқаты көптеген тәуелді адамдарды тізіп баяандайды, алайда бүгінгі күнге
дейін кімқоғамда қандай роль ойнағандығы толық анықталмаған. Мысалы; Люди
( адамдар) қауым мүшесі болған деп шамалауға болады. Смердтер – дегенімізді
князьға тәуелді шаруаларға жатқызамыз. Ғалымдардың көпшілігі құлдар
холонтарды жатқызады, ал закуптерді хлоптарға жақын тәуелділер дейді.
Құлдық дәрежеге челядтардың жағдайлары да бір табан жақын тұрады. Ал
рядовичтер - өз міндетімен құқтарын келіссіммен белгілегендер болса керек.
Мәліметтерге қарағанда изгоий – қауымнан құтылғандар екендігі белгілі.
Қауым (община) немесе верво, мир ежелгі словияндар өмірінің
негізін құрады. Ол коллективті меншіктің – белгілі бір территориясының,
егістіктің, орманның және т.б иесі, қонысы деп есептелді. Оның ішкі өмірі
де коллективизм принцппімен құрылды: ақсақалдар сайысы қойылды, маңызды
шешімдерді бірлесіп шешті. Қауым тығырықтан шығуға көмектесті, қорғады.
XI – XII ғ.ғ. феодалдық жеке меншіктің бөліну процессі басталады. Оның
негізі вотчина болды. Ол атадан балаға мұра болып қалатын, тәуелді
шаруалары бар шаруашылық комплекс болды. Алғашқы ботчениктер – феодалдар –
маменданған әскер дружиниктер болды. Соған сәйкес князьға қызмет еткені
үшін вотчина берілетін еді. Вотчениктер үлкен құқтарға ие болды: мұраға
қалдыру, айырбастау, сату. Шаруашылық өмірдің негізі натуралды шаруашылық
болғандықтан сауда әлсіз дамыды.
Тарихшылар Русь эканомикасы сол кезде көп үкілетті сенатты болды
дейді. Бір қатары патриотхалдық құлдық пен алғашқы қауымды қатнаспен бірге
дамып келе жатқан феодалдық үкімет негізгі деп есептейді. Бұл жағдай Киев
Русьін ерте феодалдық мемлекет болды деп атауына мүмкіндік береді.
Киев Русьінің саяси құрылысы.
Русь мемлекетінің басында ұлының Киев князьы отырды. Князьдық
биліктің мұралыққа берілу мәселесі нақты болмады – ұлы князьдық билік
барлық кезде үлкен ұлына берілмеді, кейде князьдық жұбайы тіптен үшінші
бір адам (Олег) отырды. Киев князьына басқа князьдар бағынды. Жылнамада
көптеген есімдер айтылмаған, алайда Византиямен жасалынған келісім
шарттардан олардың бірқатарының аса ірі күшке, еркіндікке ие, өзіндік
әрекет еткен басшылар болғандығын білеміз. Князь заң шығарушы, жоғарғы
судья, алым алушы функцияларын атқарды. Ең басты оның міндеті - әскери
басшылық болып қала берді. Жиі болатын соғыстарда дружениктерге ерекше роль
берілді. Олар тәуелділер ретінде ғана емес, кеңесшілер ретінде де қызмет
етті. Әскери олжадан олжа алу құқына ие болды. Князьбен дружина арасындағы
қатнасты өзара тәуелділі деп сипаттауға болады. Дружинаның ішінде князьға
жақын адамдар кеңесшілер – дума бөлініп шықты. Бұл беделді дружиниктерді
боярлар деп атады. Боярлар вотчниканы алғашқы болып иеленді.
Біртұтас мемлекеттің нығаюында маңызды идеалогиялық роль христиан діні
ойнады.
Ярослев Мудрый өлер алдында өз мемлекетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдік пен ерлік киесі
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Түрк мемлекетінің мәдениеті
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V -VІІ ғ.ғ.)
ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Осман империясының құрылуы
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
С.М.Соловьевтің тарихшы ретінде қалыптасуы
Пәндер